Ағылшын тілі сабақтарында АКТ қолдану жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы бойынша:Бастауыш білім беру 0105000
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабақтарында АКТ қолдану бойынша білімді өзін-өзі бақылау және өздік жұмысты орындау сапасын арттыру
Орындаған:Жандәулет Айша
Жетекші:Смагул А.Т
Баға:

Павлодар 2022 ж
Мазмұны:

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-30
1.1. Қазіргі мектептің оқу-тәрбие процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың теориялық негіздері
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологиялық әдістемелерді қолдану ерекшеліктері.
1.3. Мектептің бастауыш сатысында қолданылып жүрген қазіргі технологиялары.
2.Ағылшын тілі сабақтарында АКТ қолдану бойынша білімді өзін-өзі бақылау және өздік жұмысты орындау сапасын арттыру
2.1. Ағылшын тілі сабақтарында АКТ қолдану жолдары
2.2 Білімді өзін-өзі бақылау және өздік жұмысты орындау сапасын арттыруды қолдану
III. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31-34
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35-37
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...38
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39-42

Кіріспе:
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда мектептегі білім беруді жаңғырту бағыттарының бірі компьютерлік технологиялар мен мультимедиялық құралдарды енгізу болып табылады. Бұл оқушылардың талдау әрекетін белсендіруге, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, оқушылардың психикалық процестерін, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.Техологияның бала тәрбиесіне, оның қоршаған әлемді қабылдауына әсері орасан. Әрбір баланы қысқа мерзімде практикалық іс-әрекетте үлкен ақпарат ағынын меңгеруге, түрлендіруге және пайдалануға үйрету қажет. Оқыту процесін баланың сабаққа қызығып, ынтасымен белсенді жұмыс жасайтындай, өз нәтижесін көріп, бағалай алатындай етіп ұйымдастыру өте маңызды. Компьютерді пайдалану оқу үдерісін мобильді, сараланған және жеке етуге мүмкіндік береді. Оқушылардың өз бетінше әрекет ету дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім берудің кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі болып табылады, ал оқушыларға оқу материалы бойынша өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын сіңіру табысты оқудың алғы шарттарының бірі болып табылады. Оқу үрдісіне өзіндік жұмыстың тиімді әдістерін енгізу мәселесі ерекше маңызға ие.
Мақсаты: Ағылшын тілі сабағында АКТ-ны қолданудың тиімділігін және олардың оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға әсерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- АҚТ технологияларын дұрыс қолдана алуға үйрету
-АҚТ арқылы оқушылардың қызығушылығын күшейту
-Оқу үдерісінде АКТ технологиясы туралы теориялық материалды меңгеру
-Ағылшын тілі сабағында АКТ қолдану ерекшеліктерін қарастыру

1.1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың сан алуан құралдары және оларды оқу үрдісінде қолдану мүмкіндіктері
Қазіргі мектептің оқу-тәрбие процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың теориялық негіздері

Бүгінгі таңда білім берудің тиімділігін арттыру үшін оқу үрдісін адамды қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып, ұйымдастыру қажет екендігі баршамызға мәлім. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. Білім туралы заңда оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген.
Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бүгінгі күні біздің қоғамға кеңінен енді.Компьютерлік технология мен мультимедиялық құралдардың жылдам дамуы мұғалімдердің осы мүмкіндіктерді сабақтарында қолдануы талап етілуде. Ақпараттық технологиялар әртүрлі ақпарат көздеріне жол ашып, оқушылардың өздік жұмыстарының тиімділігін арттырады, оқушылар мен педагогтардың шығармашылығына жол ашады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу үрдісін ұйымдастыруда ақпараттық технологиялар оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіртіп, оларды жоғары білімділік нәтижеге жеткізетін құралға айналады. Сонымен қатар осы мезетте оқушылардың шамадан тыс жүктелуін жою мақсаты қойылады. Осы мәселелердің барлығын іске асыру қазіргі заманғы білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияны белсенді түрде енгізгенде ғана мүмкін болады.
Ақпараттық технологиялар терминін электрондық құралдар арқылы ақпаратты жинақтап, өңдеп, көрсету және қолдану деп түсіну керек.
Ақпараттық технологиялар құрамындағы компоненттермен және олар іске асырылатын ортамен сипатталады:
- техникалық орта (негізгі мәселені шешу үшін қолданылатын техника түрі);
- бағдарламалық орта (бағдарламалық құралдар жиынтығы);
- пәндік орта (ғылымның, техниканың, білімнің тиянақты пәндік аймағының мазмұны);
- әдістемелік орта (нұсқаулар, қолдану реті, тиімділік бағасы және т.б.)
Оқытудың ақпараттық технологиялары - ол компьютердің көмегімен білім алушыға ақпаратты дайындау және білім беру үдерістері.
Сабақ АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу керек?
Біріншіден, құрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды түрде автоматтандырылған жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті тақта.
Екішіден, компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.
Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. Электрондық оқыту машинасын математика сабақтарында қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін (мотивациясын) және оқу-танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Оқу үрдісінде жана ақпараттық технологияларды енгізу ісі математика сабағында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады, өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды. Қазіргі уақытта сабақ барысында интерактивті құралдарды кеңінен қолданады.
Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, компьютерлік бағдарламалардың қолданылуының үш негізгі формасын бөліп алуға болады:
1) компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар;
2) оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы;
3) қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы өзара іс-әрекеті).
АКТ-ны қолдану сабақтарында басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:
- дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);
- әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
- ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
- оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
Осы көрсетілген мәселелерден компьютерлік бағдарламаны қолдану сабақтарын дайындау әдістемесі мынадай кезеңдерден тұратынын айтуға болады:
- мұғалімнің міндеттерді қоюы (конкретті сынып бойынша берілгендерді талдау, тұтас сыныппен және жеке оқушылармен жұмыс формалары мен әдістерін айқындау);
- компьютерлік бағдарламаның әзірлемесін дайындау бойынша немесе дайын білімдік цифрлық ресурсты пайдалануы бойынша мұғалімнің өздік жұмысы;
- дайындалған бағдарламаны сабақтың әр түрлі кезеңдерінде пайдалану;
- тестілеу құралы көмегімен тесттік бақылау жүргізу (тақырыптық, аралық, сабақ қорытындысы бойынша);
- оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы өздік жұмыстары үшін бағдарлама енгізу;
- осы сыныптағы келесі сабақтың мазмұнына түзету енгізу мақсатында сабақты талдау, мысалы, не игерілмегенін, оған кейін қайта оралу қажеттігін анықтау.
Флипчарт - бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартта оқушылар активті қаламның көмегімен жұмыс жасай алады. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1. Интерактивті тақтада кескінді түрлі - түсті айқын, ұқыпты оңай көрсету;
2. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзету;
3. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдану;
4. Сабақтың өнімділігі артады;
5. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
- пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- алған білімді жүйелеу ;
- өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
- оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс жасағанда әдістемелік көмек беру.
Осы технологиямен жұмыс жасау арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы мен білім сапасының артуы байқалды.
Қорытындылай келе, ақпараттық технологияны қолдану:
- Бiлiмнiң сапасын көтереді;
- Бiлiм беру мазмұны жаңарады;
- Бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену байқалады;
- Мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау бағдарламаларын жасақтап, қамтамасыз етеді;
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерделей келе, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау - үлкен нәтижелерге жеткізеді және білім сапасын да арттырады.
Ақпараттық технология - ізденімпаздыққа үйретеді. Бұл технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты:
1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:
- сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
- білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;
- оқыту процесінің сапасын арттыру;
- пәнаралық байланысты тереңдету;
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау.
- коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
- өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;
- компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;
- пәнаралық байланыс орнату;
- ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.
Ақпараттық - коммуникативтік технологиямен жұмыс істеу - компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің мұғалім үшін тиімділігі неде? деген сұраққа тоқталатын болсақ:
- Жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;
- Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;
- Аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
- Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
- Шығармашылық жұмыстар жасайды;
- Қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;
- Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы болады;
- Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасайды, сайттарға өз сабақтарын енгізе отырып, өз біліктілігін көтереді;
- Интернетте жұмыс жасау арқылы мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіреді;
- Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;
- Оқушылардың тынымдық қабілеттерін қалыптастырады;
- Сабақта этнопедагогикалық тәрбие беруге мүмкіндік туады;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді.
Ақпараттық технологияларды пайдалану барысында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігі қалыптасады, қазіргі заман талабына сай интернет ресурстарды пайдаланады және білім беру үрдісінде оқушының шығармашылық қабілетінің дамытуына мүмкіндік береді. Сондықтан оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруды қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрi ретінде қарауға болады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы. Бүгінгі таңдағы білім беру ісінің басты шарттарының бірі оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына мүмкіндік беру, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуін есепке алу. Педагогтар өз сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мынадай артықшылықтарды көре алады:
1. Тақырып шеңберіндегі айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады, яғни уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік алады;
2. Оқушылардың интернет арқылы өз бетінше ізденіп жұмыс жасауларына мүмкіндік жасалады;
3. Оқушы өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызылады;
4. Сабақта өтілетін тақырыпқа байланысты киноларды, слайдттарды, суреттерді, кестелерді пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады т.б.
5. Электронды оқулықтарды пайдалану арқылы сабаққа жаңашылдық енгізеді.
Біздің мектепте мультимедиа кабинетте электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, проектор арқылы білім алуға мүмкіндік бар. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және оқушыларды пәнге қызықтыра алу, мен ең маңызды мақсатқа қойдым.

Ағылшын тілі сабақтарымда өзім қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсам:
Лексиканы меңгерту.
Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, түстер, мезгілдер, бөлмелер, т.б.
Сөйлеу жұмыстары :
Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады.

Сабағымда АКТ қолдану арқылы төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздім:
1. Оқушылар компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік алды. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды екенін түсінді.
2. Оқушылар компьютер арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады екенін білді. Мысалы: мәтіндерді оқыған
3. Білім алуда дұрыс шешім жасай білді, өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырды.
4. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігін алды.
5. Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйренді

Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашты. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетеді.
Жаңа технологияларды, АКТны пайдалану тек ғана нәтиженің құндылығын көрсету емес, білім беру урдісін көтеруге де мүмкіндік береді. Сол үшін ақпараттық технологияларды сабақтарымда көбірек қолданамын.

Осы ақпараттық құрал арқылы біршама нәтижелі істерге қол жеткіздім.
Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы - білім болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады.

Оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану оқу-тәрбие процесін жетілдіру мен оңтайландырудың, жұмыс формаларын әртараптандыруға және сабақты оқушылар үшін қызықты және есте қаларлық етуге мүмкіндік беретін әдістемелік құралдар мен әдістердің арсеналын байытудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) - жаңа сапалы ақпарат алу үшін ақпараттық деректерді түрлендіру құралдары мен әдістерінің жиынтығы.
Заманауи көздерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дегеніміз ақпаратты құру, беру және тарату және қызметтерді көрсету (компьютерлік техника, бағдарламалық қамтамасыз ету, телефон желілері, ұялы байланыс, электрондық пошта, ұялы және спутниктік технологиялар, сымсыз және кабельдік) үшін қолданылатын сандық технологиялардың кең ауқымы. желілер) байланыс, мультимедиа және интернет
Компьютерлік оқыту құралдарына негізделген қазіргі білім беру парадигмасы мектеп оқушыларына дайын білім мен дағдыларды беруді емес, оқушының бойында өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыруды негізге алады. Сонымен қатар, оқушылардың сабақтағы жұмысы интерактивті компьютерлік бағдарламалар мен аудиовизуалды құралдардың көмегімен делдалдық мұғаліммен қарым-қатынас жасау сипатында болады.
Оқыту процесінде ең көп қолданылатын АКТ құралдарына мыналар жатады:
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Сабақты өткізудің дәстүрлі әдістерімен студенттер үшін ақпараттың негізгі тасымалдаушысы мұғалім болып табылады, ол оқушының зейінін шоғырландыруын, зейінін шоғырландыруды, есте сақтаудың шиеленісін талап етеді. Бұл режимде жұмыс істеу әр оқушының қолынан келе бермейді. Мінездің психологиялық ерекшеліктері, баланың қабылдау түрі сәтсіздікке себеп болады. Сонымен қатар білім деңгейіне қойылатын заманауи талаптар оқушының сабақ тақырыбын меңгеруіне қажетті ақпарат көлемін азайтуға мүмкіндік бермейді. Дегенмен, компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, сабақты ұйымдастырғанда оқушыларға мәтін, диаграмма, графика, сызба түрінде анимациялық эффектілерді қолданып, түрлі-түсті түрде ақпарат беріледі. Осының бәрі, қазіргі дидактиктердің пікірінше, оқу материалын ауызша емес, түсінікті және қолжетімді түрде түсіндіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұндай сабақтарда оқушының жаңа материалды түсінуде өз қарқынымен ілгерілету, қажет болған жағдайда түсініксізге қайта оралуы немесе алға қарай ұмтылуы да өте маңызды. Компьютер студенттердің әр алуан жауаптарына адал: ол студенттердің жұмысын мақтайтын немесе мақұлдамайтын пікірлермен бірге жүрмейді, бұл олардың дербестігін дамытады және сыныпта қолайлы әлеуметтік-психологиялық атмосфераны қалыптастырады, олардың өзіне деген сенімділігін арттырады. олардың даралығын дамытудың маңызды факторы.

Сонымен, студенттердің компьютермен жұмыс істеудің артықшылықтары туралы айта отырып, оның даусыз артықшылықтарын атап өткен жөн: оқушылардың жалпы мәдени дамуы;

компьютерлік дағдыларды жетілдіру;

тіл деңгейін көтеру;

қолайлы психологиялық климат құру;

оқушылардың ынтасын және пәнге деген қызығушылығын арттыру;

оқушының өзін-өзі бекітуі;

оқытуды дараландыруды жүзеге асыру мүмкіндігі;

кері байланыс принципін жүзеге асыру;

материалды көрнекі түрде көрсетудің үлкен мүмкіндіктері;

материалды тақтаға жазуға уақытты алып тастау;

оқытушының материалдарды пайдаланудағы үнемділігі;

студент жұмысын тексеру процесін жетілдіру;

мұғалімнің беделін арттыру; бухгалтерлік есепті бақылау және өзін-өзі бақылау; оқушылардың іс-әрекетін объективті және дер кезінде бағалау;

өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын белсендіру.

Заманауи педагогикалық технологияларды қолдану мыналарға мүмкіндік береді:

есте сақтау функциясы ретінде оқытудан психикалық даму процесі ретінде оқытуға;

білімнің статикалық үлгісінен психикалық әрекеттердің динамикалық жүйесіне;

орташа оқушыға назар аударудан сараланған және жеке оқыту бағдарламаларына дейін;

сыртқы мотивацияны үйретуден ішкі моральдық және ерікті реттеуге дейін.

Бүгінгі таңда АКТ құралдарын пайдаланатын жаңа әдістер шет тілдерін дәстүрлі оқытуға қарсы. Сабақты ұйымдастырудың бұл түрі мұғалімнің жұмысы және оны сабақтарда қолдану үшін ең қолжетімді болып табылады.

Шетел тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тиімді оқыту құралы ретінде компьютердің орасан зор мүмкіндіктерін ашады. Компьютерлік оқыту бағдарламалары сөйлеу әрекетінің әртүрлі түрлерін жаттықтыруға және оларды әртүрлі комбинацияда біріктіруге, тілдік құбылыстарды түсінуге, тілдік қабілеттердің қалыптасуына ықпал етуге, коммуникативті жағдайларды жасауға, тілдік және сөйлеу әрекеттерін автоматтандыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар жеке тұлғаның іске асырылуын қамтамасыз етеді. студенттердің өздік жұмыстарына көзқарас пен қарқындау.

2-тарау. Шетел тілі сабақтарында АКТ қолдану ортасында
Шетел тілі сабағында компьютерді қолдану

Kahoot! мектептерде және басқа оқу орындарында сыныпта қолданылатын ойын оқыту платформасы. Сайт ойындар каталогын ұсынады - Kahoots - олардың әрқайсысы бірнеше таңдау сұрақтарын қамтитын викторина.
Мен бұл бағдарламаны оқыту тәжірибесі кезінде естіп,үйрендім..Кеннінен өзімнің мектептегі тәжірибелерімде қолдана бастадым.Бұл бағдарламаны таңдаған себебім,ол өте оңай жасауға да,оқушыларға қабылдауға да.Ішіндегі функциялары кең әрі жан-жақты. Викториналар, тест құру және білім беру ойындары үшін танымал оқу платформасы.
Flashcards режимінде біз жауап нұсқалары жоқ, басымыздан тыс сұраққа жауап береміз. Жауабыңызды тексеру үшін жай ғана картаны аударыңыз. Бұл режимнің сұлулығы мынада: сіз ұсынатындардың ішінен таңдамай, зерттелетін кахут тақырыбына сүйене отырып, өзіңіз жауап беруіңіз керек.

Осылайша, оқушының таңдау емес, ойлау миы қазірдің өзінде іске қосылған. Мен бұл режимді студенттерге өз бетімен оқуға ұсынамын, сонымен қатар оны жаңа тақырыпқа кіріспе ретінде немесе өткен сабақтың материалын жылдам тексеру ретінде қолданамын.
Режим бірнеше таңдауға ұқсас - мұнда сұрақ екіден төрт ықтимал жауапқа дейін беріледі. Өздігінен оқуға арналған тамаша режим. Дұрыс жауапты таңдау режимінде таймер жоқ, сондықтан аз стресс, ойлауға көбірек уақыт.
Менің сүйікті форматым - уақыт мәселесі. Оның Тәжірибе режимінен тек дұрыс жауапты таңдау уақытының шегімен ерекшеленеді.

Студенттерді осы режимді кез келген кахуттың соңғы қадамы ретінде пайдалануға шақырыңыз. Егер сіз оны тым ерте бастасаңыз, бұл білімнен гөрі интуиция мен реакцияның сынағы болады.
Kahoot! бәсекелес топтық ойындарға жарамды. Ол үшін платформада екі режим бар - Challenge және Host live.
Challenge режимінде ойнау үшін студенттерге сілтеме жіберу керек - олар оны қолданбаға бақылап, шақыруды қабылдайды.

Негізгі экранда сіз қатысатын тапсырмалар пайда болады. Бұл менің сүйікті үй тапсырмасы режимі - сіз кім ойнайтынын, олардың қалай ойнайтынын көре аласыз, сонымен қатар өту мерзімін белгілей аласыз. Басты мүмкіндік - қатысушылар қарсыластарының нәтижелерін көретін топтық жарыс.
Бұл режим нақты уақытта топ ретінде ойнауға мүмкіндік береді - бұл кіру үшін тамаша нұсқа және сынақтарға жақсы балама.

Сұрақтар хост экранында көрсетіледі, ал студенттер телефондарына қосылып, әрқайсысына жауап береді. Мен 15 сұрақтан артық емес қабылдауды қалаймын - сіз миыңызды шамадан тыс жұмыс істей аласыз. Ойынның соңында оқушылар отшашу мен шапалақпен подиумға (1-3 орын) бөлінеді :) Көңілді ету үшін күлкілі лақап аттарды таңдаңыз.
Өзіңіздің kahootыңызды қалай жасауға болады?
1-қадам. Сілтемені пайдаланып тіркелгіңізді жасаңыз.

2-қадам. Тіркелгіңізде Жаңасын жасау түймесін басыңыз.

3-қадам. Тапсырмалар түрін таңдап, kahoot құруды бастаңыз -- kahoot атауын, сипаттамасын толтырыңыз және құпиялылық параметрлерін орнатыңыз. Осыдан кейін сіз викторина сұрақтарын қосуды жалғастыра аласыз.

4-қадам. Kahoot бағдарламасын іске қосу үшін Ойнату түймесін басыңыз. Топтық онлайн викторина жасаған болсаңыз, бастау үшін сілтемені студенттермен бөлісіңіз.
Келесі бағдарлама Quizlet.Kahoot-ты жиі қолданғанымен,бұл бағдарламамен оқушылармен аса көп жұмыс жасамадым,алайда өзім қолданып жүргеннен соң таныстырып өтейін.
Quizlet - бұл оқу карталары түрінде ұсынылуы мүмкін кез келген ақпаратты есте сақтауды жеңілдететін тегін қызмет. Бар болғаны дерекқордан табу немесе интерактивті материалды жасау - өзіңіздің карталарыңызды, оларға суреттер мен аудио файлдарды қосу, содан кейін осы материалды есте сақтау үшін жаттығулар жасау және ойындар ойнау.
Оқу материалын жаттау үшін құру жаңа оқу модулін құрастырудан басталады.

Модульдің атын енгізу керек, содан кейін терминдер мен анықтамаларды енгізу керек. Сондай-ақ көріну мүмкіндігін (барлық Quizlet пайдаланушыларынабелгілі бір курстарғамүшелерге құпия сөзмодуль жасаушы ғана көре алады) және өңдеуді (тек модуль жасаушықұпия сөзбен белгілі бір курстармүшелер өңдей алады) өзгертуге болады. Ыңғайлы, деректерді Word, Excel, Google Docs және т.б.-дан жай көшіріп, қою арқылы импорттай аласыз. Сондай-ақ әрбір термин үшін анықтама мен сәйкес сурет автоматты түрде ұсынылады (BTW тегін нұсқасында өз суреттеріңізді жүктеп салу мүмкін емес).
Әртүрлі пәндерге папкалар жасау арқылы оқу материалдарды реттеуге болады.
Курстар жасау және оларды басқа пайдаланушылармен бөлісу арқылы модульдерді ұйымдастыруға тиімді.
Quizlet жұмысының жеті түрлі әдісі бар: бес оқу режимі және екі ойын.
Флэшкарта режимінде студенттер барлық карточкаларды көреді, оларды қайталау үшін терминдер мен анықтамаларды аударады.

Оқыту режимінде модульдік материалды меңгеру негізінде жеке оқу жоспары құрылады. Кезеңді аяқтау үшін әр сұраққа екі рет дұрыс жауап беру керек. Әр кезеңнің соңында барлық терминдер меңгеру деңгейіне қарай топтастырылады: таныс дегеніміз оқушының бір рет дұрыс жауап бергенін, ал үйренгенін екі рет дұрыс жауап бергенін білдіреді.
Бұл режимде сіз барлық карталарды есте сақтаудың соңғы мерзімін орнатуға, орындалу барысын бақылауға және қолданбадан еске салғыштарды алуға болады.

Жазу режимінде терминнің анықтамасы немесе суреті беріліп, оқушының материалды қаншалықты меңгергені және емледен қате жібергені бағаланады. Студент бірінші кезеңді аяқтаған кезде, бірінші кезеңде қате жауап берген сұрақтарды қолданатын екінші кезеңді жазу режимі басталады. Жазу режимі кезеңін аяқтау және нәтижелерді көру үшін әр сұраққа екі рет дұрыс жауап беру керек. Емле режимінде естігеніңізді жазуыңыз керек.

Тестілеу режимінде әртүрлі сынақ опциялары автоматты түрде жасалады
Matching,multiple choice,truefalse,fill the gap.
Сәйкестік ойынында оқушылар дұрыс терминдерді анықтамаларға тез сәйкестендіреді және уақыт бойынша бір-бірімен жарысады.
Мұғалімдерге арналған Quizlet мүмкіндіктері
Мұғалімдер басқа пайдаланушылар жасаған дайын оқу материалдарын таба алады жоғарғы сол жақ бұрыштағы іздеу түймесін пайдаланыңыз немесе өз карталарын жасай алады жоғарғы панельдегі жасау түймесін пайдаланыңыз.
Quizlet-ті сабақта қалай қолдануға болады?
1. Ең алдымен, сөздік қорын қайталау және студенттерге сабақтан тыс тәжірибеге жіберу үшін карточкалар жасауға болады.
2. Оқушылардың өздері сабақтан лексика жазылған карточкалар жасайды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар шет тілін оқуға деген оқу мотивациясын нығайтуға және студенттердің білімін арттыруға ықпал етеді. АКТ оқыту процесінің формалары мен әдістерін жетілдіруге бағытталған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі ақпараттық технологиялар
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқытудың компьютерлік технологиялары
Ағылшын тілі сабақтарында грамматиканы оқыту
Шет тілін оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
Бастауыш шет тілі
Ағылшын тілін оқыту технологиялары
Ағылышын тілі сабақтарында Интернет желісін пайдаланудың теориялық негіздері
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы
Пәндер