Минералды қоспалардың пештің өнімділігіне әсері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР УНИВЕРСИТЕТІ

Бисенов Т. К.

«БҚҚМК» АҚ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӘК ӨНДІРУДІҢ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

6В11221 «ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ» білім беру бағдарламасы бойынша

Орал, 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра -экология және тіршілік қауіпсіздігі

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Саурамбаев Б. Н.

«»

күні қолы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «БҚҚМК» АҚ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӘК ӨНДІРУДІҢ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ

6В11221 «ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ» білім беру бағдарламасы бойынша

Орындаған Бисенов Т. К.

Ғылыми жетекші Диханов Е. Т.

х. ғ. к., доцент

Орал, 2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
КІРІСПЕ: 1
4: ӘДЕБИ ШОЛУ
7
КІРІСПЕ: 1. 1
4: Әк өндірісі үшін бастапқы материалдардың сипаттамасы
7
КІРІСПЕ: 1. 2
4: Құрылыстық әктің түрлері мен сипаттамасы
10
КІРІСПЕ: 1. 3
4: Әк өндірісінің технологиялық процессінің сипаттамасы
12
КІРІСПЕ: 1. 4
4: Борды күйдіру алдындағы қыздыру процессі
25
КІРІСПЕ: 2
4: ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
28
КІРІСПЕ: 2. 1
4: Пеш сыртындағы жылуалмастырғыштың жылу балансы
29
КІРІСПЕ: 2. 2
4: Әктің айналмалы пеш өндірісі мәліметтері
30
КІРІСПЕ: 3
4: БАҚЫЛАУ - ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ҮРДІСТІҢ АВТОМАТИЗАЦИЯСЫ
38
КІРІСПЕ: 3. 1
4: Өндірісті автоматизациялау
40
КІРІСПЕ: 4
4: ЕҢБЕК КҮЗЕТІ, ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ МЕН ӨРТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР.
44
КІРІСПЕ: 4. 1
4: Еңбек күзеті және әк өндірісіндегі қауіпсіздік ережесі
44
КІРІСПЕ: 4. 2
4: Өртке қарсы шаралар
48
КІРІСПЕ: 4. 3
4: Қоршаған орта күзеті
50
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 52
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 53

кіріспе

Қазақстан Республикасының экономикасының негізі индустриясы болып табылатын көп салалы халық шаруашылық кешені болып табылады. Индустрияның тез қарқынмен дамуы ғылым, техника және озық технологиялардың жетістіктерінің кең қолданылумен байланысты. Өнеркәсіптік өндірістің техникалық деңгейі жоғарлайды, шығарылатын машиналар, қондырғылардың, өндірістік желілердің, материалдардың номенклатурасы кеңейеді, өнеркәсіптік өнімдердің сапасы жақсарады, еңбек жағдайлары жеңілдетіледі және оның өнімділігі артта түседі.

Қазіргі жағдайда отандық өндірістің ең маңызды бағыттарының бірі құрылыс материалдарының өндірісі. Бұл жыл сайынғы жоғары сапалы материалдардың жетіспеуінен және құрылыстың тез қарқынмен өсуімен түсідіріледі.

Мәдениет пен техниканың дамуының ең үлкен рөлі құрылыстық материалдар. Оларсыз тұрғын, өндірістік және қоғамдық ғимараттар, жолдар, көпірлер, туннельдер, бөгеттер және басқада құрылымдар жасау мүмкін емес.

Құрылыс материалдарының арасынан ең маңыздысы тұтқыр заттар, ең бастысы әк болып табылады. Қазақстанның әк өнеркәсібін техникалық дамытудың негізгі үрдісі - құрғақ тәсілді енгізу және ылғал үлесін азайту есебінен өндірісті жаңғырту. Бұл үрдісті жаңа кеңейтілетін және қайта жаңғыртылатын зауыттар жарақтандырылатын түрлі типті декарбонизатор-реакторлармен пеш жүйелерін енгізу бойынша әк өндіру жөніндегі әлемдік өнеркәсіптің тәжірибесі де растайды. Отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану және жан-жақты үнемдеу қажеттілігі энергия үнемдейтін технологияларды қолдана отырып, өндірістік қорлар негізінде отандық әк өнеркәсібін түбегейлі қайта құрудың және моральдық және физикалық тұрғыдан тозған жабдықты пайдаланудан шығарудың объективті қажеттілігі туындағанын көрсетеді.

Энергия үнемдеу технологияларын енгізуді мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру болжанып отыр:

- жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, әдетте, құрғақ өндіріс тәсілінің жаңа технологиялық желілерін салу есебінен қайта жаңарту;

- дымқыл тәсілдің қуатты пештерін тікелей қайта құру, оларды экономикалық орындылық жағдайында өнеркәсіпті жаңартудың келесі кезеңдеріне ауыстыру;

-ерекше жағдайларда құрғақ процесінің үшін жарамды шикізат қатысуымен тұрмысы төмен аймақтарда жаңаларын салу, (жаңа зауыт және ылғалды шикізат қатысуымен мүлдем қажет болған жағдайда) өндірісінің ылғалды әдісін пайдалану

-отын-энергетикалық ресурстардың, бірінші кезекте ұзындығы 100 м дейінгі шахталы және айналмалы пештердің жоғары шығынымен ескірген тозған өндірістерді бір мезгілде пайдаланудан шығара отырып, өнім шығаруды ұлғайта отырып және энергия үнемдеу іс-шараларын енгізе отырып, дымқыл тәсілдің қолданыстағы технологиялық желілерін реконструкциялау;

- санитарлық нормаларға қол жеткізу мақсатында шаңсыздандыру және суағар құрылғыларын қайта жаңарту, жаңғырту және ауыстыру ; ;

- кәсіпорындардың шикізат базаларын уақтылы дамыту;

- өнеркәсіптің басқа салаларының қалдықтарын кеңінен пайдалану.

Құрылыстық тұтқыр заттарға ұнтақ тәрізді материалдар жатады, сумен араластырғанда өңдеуге оңай жұмсақ масса түзіледі, ол уақыт өте келе қатып берік тас тәрізді затқа айналады.

Барлық дерлік минералды тұтқыр заттарды бастапқы материалдар мен жартылай өнімдерді қатты және ұсақ ұнтақтау арқылы алынады, содан кейін термиялық өңделеді.

Минералды тұтқыр құрылыс заттары көп жағдайда сумен және агрегаттар деп аталатын қоспада қолданылады, олар түйіршіктіктерден, кесектерден, әртүрлі мөлшердегі талшықтардан тұратын минералды (және кейде органикалық) материалдар болып табылады.

Құрылыстық әк негізінде автоклавты материалдарды - силикатты кірпіш, газ силикатты блоктарды өндіруде қажетті.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі : Әк өндірісінің тиімділігі технологиялық құрылғылардың қауіпсіздігін жетілдіруге тәуелді. Жаңартудың негізгі нұсқасы болып әктасты күйдіруге арналған айналмалы пешті, пештің өнімділігі есебінен жұмыстың техника - экономикалық көрсеткіштерін жоғарлататын, пешсырты жылуалмасуының қауіпсіздігін жетілдіру болып табылады.

Зерттеудің мақсаты: Орал қаласында орналасқан әк өндірісі бойынша зауыттың қауіпсіздік техникасын жаңарту болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеудің келесі міндеттері шешілді:

- Әк өндіру технологиясының бар мәселелерінің талдауы;

- Борды қыздыру процессін енгізу жолымен әкті күйдіру процессінің жаңартуын жүзеге асыру;

- Еңбек күзеті және әк өндірісіндегі қауіпсіздік ережесін жетілдіру.

Зерттеу нысаны: «БҚҚМК» АҚ құрылыстық жағдайында әк өндірудің қауіпсіздік технологиясы.

Зерттеу пәні: Құрылыстық жағдайда алынған әк өндірудің қауіпсіздік технологиясын талдау.

Жұмыс құрылымы . Дипломдық жұмыс 55 беттен, 7 кестеден тұрады. Осы дипломдық жұмыс кезінде 40 әдебиет көздері қолданылған.

Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, пәні, зерттеу әдісі, ғылыми жаңалығы және құрылымы ашылады.

Бірінші тарауда әк өндірісінің технологиялық процессінің сипаттамасы, құрылыстық әктің түрлері мен сипаттамасы қарастырылады.

Екінші тарауда пеш сыртындағы жылуалмастырғыштың жылу балансы, әктің айналмалы пеште өндірісінің қауіпсіздік техникасы қарастырылған.

Үшінші тарау еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы шаралары көрсетілген.

Зерттеу нәтижелері қорытындыда жинақталған.

1 ӘДЕБИ ШОЛУ

  1. Әк өндірісі үшін бастапқы материалдардың сипаттамасы

Әкті өңдіру үшін бастапқы материал ретінде бірнеше түрлі әкті - магнезиальді карбонатты түрлері (әк, бор, доломиттелген әк, доломиттер және т. б. ) жатады. Олардың барлығы шөгінді жыныстарға жатады және біздің еліміздің территориясында кеңінен қолданылады. Әктің құрамына кальций карбонаты СаСО 3 және әртүрлі қоспалар кіреді.

Теориялық түрде кальций карбонаты 56% СаО мен 44% СО 2 тұрады. Ол екі түрлі минералдар - кальцит пен арагонит түрінде кездеседі.

Кальцит немесе әк шпаты алтыбұрышты жүйеде кристалданады. Кальциттің тығыздығы 2, 6 - 2, 8 г/см3; он баллдық шкала бойынша қаттылығы (Моос шкаласы) - 3. Кальцит қалыпты температурада әлсіз тұз қышқылында көмірқышқыл газының бөлінуімен жақсы ериді. Оның кристалдары ромбоэдр түрінде болады. Мұндай жағдайда доломит ыдырамайды (бұл тау жыныстарының түрін анықтауда қолданылады) .

Арагонит-ромбтық жүйеде кристалданатын аз кездесетін минерал. Оның тығыздығы 2, 9-3 г/см3, қаттылығы 3, 5-4. 300-400°C температураға дейін қызған кезде арагонит кальцитке айналады, ұнтаққа айналады.

Доломиттелген әк қоспа ретінде құрамында доломит СаСО 3 + MgCO 3 болады. Теориялық доломит 54, 27 % СаСО 3 және 45, 73 % MgCO 3 немесе 30, 41 % СаО, 21, 87 % MgO мен 47, 72 % СО 2 тұрады. Доломит тығыздығы 2, 85 - 2, 95 г/см 3 . Доломит жыныстары толығымен дерлік құрамында балшықты, құмды, темірлі және сол сияқты басқада қоспалары бар минералды доломиттерден тұрады [1] .

Таза әк - магнезиялы жыныстар - ақ түсті, алайда көбіне олар темір тотықтары қоспаларының сарғыш, қызғылт, күрең мен соған байланысты түстерімен, көмірттекті қоспалар - сұр мен қара түстерге боялған.

Карбонатты жыныстар үшін қоспалардың мөлшері мен түрі, қоспалардың бөлшектерінің мөлшері, олардың негізгі массада біркелкі бөлінуі, күйдіру үшін пештерді таңдау, күйдірудің оңтайла температурасы мен ұзақтығы, сонымен қатар алынатын өнімнің қасиеті әк өндіру технологиясына үлкен дәрежеде әсер етеді.

Қарапайым таза және тығыз әктас 1100-1250°С температураға дейін күйдіріледі. Карбонатты жыныстар құрамында доломит, саз, құм және т. б. қоспалар көп болса, аз күйдірілген әкті алу үшін, күйдірудің оңтайлы температурасы (900-1150° С) төмен болады. Мұндай әк сумен жақсы сөндіріледі және жоғары иілімді қасиеті бар қамырды береді. [2] .

Бұрын жоғары сапалы әкті тек аз қоспасы (2-3% дейін) бар таза әктастан алуға болады деп есептеген. Жаңа зерттеулер көрсеткіштері бойынша саз қоспасы мен майдадисперсиялық кварцты құмының (5-7% дейін) айтарлықтай мөлшері бар әктастан, күйдіруді дұрыс жүргізу арқылы сөндіру кезінде жоғары иілімді қамырды беретін әкті алуға болады. Сонымен қоса сапасы бойынша ең жақсы әкті, қоспалардың біркелі бөлінуі 1мкм дейінгі мөлшердегі бөлшек түрінде болса алуға болады.

Гипс қоспалары қажетсіз. Әктің құрамында 0, 5-1% шамасындағы гипс әкті қамырдың иілімділігін төмендетеді. Әктің құрамындағы темірлі қоспалар (әсіресе пирит) 1200°С температурада күйдіру процессі кезінде тез балқығыш эвтектиктің пайда болуын тудырып, кальций оксидінің ірі кристалдарының қарқынды өсуіне, әктің сумен өшіру кезінде жәй әсер ету мен «күю» түсінігімен байланысты құбылыс оның қасиетіне айтарлықтай әсер етеді. .

Әкті тұтқыр заттардың өндіріс үшін қолданылатын шикізат классификациясы кесте 1 көрсетілген.

Кесте 1 - Әкті тұтқыр заттардың өндірісі үшін шикізат классификациясының үлгісі

Шикізат: Шикізат
Құрамы, %: Құрамы, %
Алынатын әк: Алынатын әк
Шикізат: CaCO 3
Құрамы, %: MgCO 3
Алынатын әк: Сазды қоспалар
Шикізат: Әктас:
Шикізат: Таза
Құрамы, %: 95-100
Алынатын әк: 0-3
0-2, 5

Азмагнезиялы

Майлы

Шикізат: Қалыпты
Құрамы, %: 87-95
Алынатын әк: 0-5
3-8

Азмагнезиялы

Құнарсыз

Шикізат: Әкті
Құрамы, %: 75-90
Алынатын әк: 0-5
8-25
Гидравликалық
Шикізат: Доломиттелген
Құрамы, %: 75-90
Алынатын әк: 5-20
0-8
Магнезиялы
Шикізат: Доломит
Құрамы, %: 55-75
Алынатын әк: 25-45
0-8
Доломитті
Шикізат: Доломиттелеген әкті әктас
Құрамы, %: 50-70
Алынатын әк: 5-25
8-30
Магнезиялы гидравликалық

Жыныстардың физика - механикалық қасиеттері әк технологиясына әсер етеді. Биік шахта пештерінде күйдіру үшін айтарлықтай механикалық төзімділікпен (сығу төзімділігі 20-30 МПа кем емес) сипатталатын жыныстар ғана жарамды; жыныс бөлшектері біртекті, қабатты емес; олар қыздыру, күйдіру және салқындату кезінде ұсақ бөлшектерге шашырап және ыдырап кетпеуі қажет. Күйдіру кезінде шашырауға 1 - 3 мм мөлшеріндегі кальцит кристаллдарынан тұратын үлкен кристаллды әктастар бейім. Жұмсақ әр түрлі әкті - магнезиальді жыныстарын (бор т. б. ) материалдардың қатты ұсақталмайтын пештерде күйдіру қажет.

Әкті - магнийлі жыныстар химиялық құрамына байланысты өндірісте тек ауалы емес, гидравикалық әкте сонымен қатар портландцементте шикізат болып табылады.

ОСТ 21-27-76 [3] бойынша карбонатты жыныстардың химиялық құрамына байланысты 7 класқа бөледі. А, Б, В, Г, Д, Е, Ж.

Кесте 2 - Әкті тұтқыр заттардың өндірісі үшін әктастың химиялық құрамына талаптар көрсетілген.

Компоненттер: Компоненттер
Құрамы, %: Құрамы, %
Компоненттер: А
Құрамы, %: Б
В
Г
Д
Е
Ж
Компоненттер: СаСО 3 , кем емес
Құрамы, %: 92
86
77
72
52
47
72
Компоненттер: MgCO 3 , артық емес
Құрамы, %: 5
6
20
20
45
45
8
Компоненттер: Сазды қоспалар (SiO 2 + Al 2 O 3 + R 2 О 3 ), артық емес
Құрамы, %: 3
8
3
8
3
8
20

Ауалы әкті өндіру үшін келесі карбонатты жыныстардың әкті - магнийлі түрін қолданады: түйіршіктелген - кристаллды мәрмәр түрлі әктас; тығыз кристаллдық әктас; топырақты - борпылдақ әктастар ( немесе бор) ; әкті туф; ұлутасты - әктас; доломиттелген әктас. Мәрмәр химиялық құрамы бойынша (СаСО 3 немесе СаСО 3 + МgСО 3 ) неғұрлым таза шикізат, алайда сәндік қасиеті жоғары болғандықтан ол өңдеу материалы ретінде қолданылады.

Тығыз әктастар ұсақ түйіршікті кристаллдық құрылымды болады, құрамында көбіне аз мөлшерде қоспалар мен жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Әкті алу үшін тығыз әктастардың неғұрлым көп мөлшері кеңінен қолданылады.

Бор - жұмсақ борпылдақ тау жыныстары, ұсақ бөлікке оғай шашылады. Оны айналмалы пеште ғана күйдіреді ол тез үгіліп күйдіру процессін бұзады. Әктасты туф қуысты құрылысымен және кеуектілімімен ерекшеленеді; кейде оны айналмалы және шахта пештерінде (төзімділігіне байланысты) әкті өндіру үшін қолданады.

Ұлутасты - әктас кальций көмірқышқылдарымен цементтелген қабыршақтардан тұрады. Ол беріктігі аз тау жыныстарын қамтиды, сондықтан әкті дайындауда көп қолдана бермейді.

Оолит әктасы - кальций карбонатының бөлек түйіршіктерінен тұратын тау жыныстары, осы заттармен цементеледі.

Доломиттелген әктас пен доломиттер өзінің физика - механикалық қасиеті бойынша тығыз әктастармен ұқсас. Кейде доломиттер табиғатта борпылдақ күйінде жиналып тереңдікте кездеседі.

Тығыз әктастардың көлемді салмағы 2400 - 2800, бор - 1400 - 2400 кг/м 2 құрайды. Әктастардың ылғалдылығы 3 -10 аралығында ауытқиды, ал бор - 15 - 25 %.

Карбонатты жыныстардың кеңінен шоғырлануы еліміздің экономикалық аймақтарында әк өндірісінің дамуына үлес қосады.

Ауалы әк өндірісі үшін шикізат ретінде тек арнайы осы мақсат үшін өндірілген карбонатты жыныстар ғана емес, сонымен қатар меллургиялық, химиялық, құрылыстық және де басқа сала қажеттілгі үшін әктастарды өндіру кезіндегі қалдықтарда қолданылады. Осы мақсатттар үшін бір қатар жағдайларда дисперсті карбонатты кальций мен кальций гидрооксиді (қантты және содалы өндірістін карбонатты қалдықтары, ацителен және т. б. өндірістің гидратты әкгі) түріндегі жанама өнімдер қолданылады[4] .

Автокөлік транспортымен жеткізу кезінде - кәсіпорында әкелінетін шикізаттың қоры 7 жұмыс күнінен кем емес жұмысқа жететіндей болуы қажет. Қатты және сұйық отындардың қоры - кәсіпорынның 15 жұмыс күнінен кем емес жұмысқа, қоймадағы дайын өнімнің қалдықтары - 7 - 10 жұмыс күнінен кем емес болуы керек. Бункерлер мен сүрлемдерді толып кетпеуін алдын алу үшін автоматтандырылған құрылғылармен жабықтайды.

  1. Құрылыстық әктің түрлері мен сипаттамасы

Әкті және әкті - магнийлі карбонатты жыныстарды көмірқышқыл мен кальций оксидін мүмкіндігінше толығымен жойылғанша оларды күйдірумен алынатын өнім құрылыстық ауалы әк деп аталады.

Құрылыстық әк кальцийлі мен магнийлі карбонатты жыныстарды күйдіру арқылы алынады, ерітінділер мен бетондарды, тұтқыр материалдарды және құрылыстық бұйымдарды дайындау үшін қолданылады. Қатту жағдайының тәуелділігіне байланысты, олар ауалы, құрылыстық ерітінділер мен бетондардың ауалы - құрғак жағдайында қаттуы мен беріктілгін сақтауды қамтамасыз ететін, және де гидравликалық, ерітінділер мен бетондардың қаттуын, онымен қоса су мен ауада беріктігін сақтайтын болып бөлінеді.

Қалыптасқан отандық сарамандардағы әк құрылыс тауарларның сұрыптамаларының ең бастасы ауалы кесекті әк (90% шамасында), әктің басқада түрлері гидравликалықты қоса жалпы шығарылуының 10% ғана құрайды. Магнийлі және доломитті шығарылу 6-7% аспайды.

Гидратты (сөндірілген) әк ақтығымен ерекшеленеді. Қоспалар мен күйдіру оған сарғылт түс беруі мүмкін. Оның микроскопиялық құрылымы бар, кристаллдары гексиональді тілім немесе призма түрінде болып келеді. Үйілген тығыздық салмағы 0, 4-0, 65 т/м 3 . Меншікті жылусыйымдылығы 0°С - да 1, 1 кДж, 400° С - да 1, 5 кДж дейін. Сөндірілген кальцийлі әктің жылулығы 1160 кДж/кг құрайды.

Әктің әр түрлі дисперстілімі болады. Сөндірілмеген әк тілімдерін кесек деп атайды. Ұсақталған ұнтақ тәрізді әкті кесек әктерді үгіту немесе сөндіру арқылы алады. Әкті үгіту кезінде оған минералды қоспалар(вулкандық жыныстар, квмин дейін), орташа сөнетін (арцтық құм) қосуға болады. Әкті сөндіру уақытына байланысты тез сөнетін (25 мин дейін), жәй сөнетін (25 артық емес) . Ұсақталған ұнтақ тәрізді ауалы және гидравликалық әктің дисперстілімі ұсақталу дәрежесі бойынша мөлшерленеді, № 02 және 008 сәйкес 98, 5 және 85% кем емес еленетін сынама салмағы елеуіштен өтуімен сипатталады[5] .

Әктің барлық түрлерінің кристаллдық құрылымы бар, бірақ кристаллдардың мөлшері мен олардың арасындағы қашықтық кең көлемде өзгереді. Кальций мен магнийдің таза оксидтері кубтық жүйеде кристаллданады. Әк түрлеріне қойылатын техникалық талаптар 3. 4 кестеде көрсетілген. Кесекті ауалы әктің кеуектілімі 18-48% аралығында өзгереді. Тілім тығыздығы (ішкі кеуектілікпен) 1, 6-2, 5 т/м 3 , үйінді массаның тығыздығы 0, 8-1 т/м 3 , Моос шкаласы бойынша қаттылығы 2-3.

Кесте 3 -Гидравликалық әкке қойылатын техникалық талаптар

Компоненттер, көрсеткіштер
Әлсіз гидравликалық
Күшті гидравликалық
Компоненттер, көрсеткіштер:

Белсенді СаО+MgO, %

Артық емес

Кем емес

Әлсіз гидравликалық:

65

40

Күшті гидравликалық:

40

5

Компоненттер, көрсеткіштер:

БелсендіMgO, %

Артық емес

Әлсіз гидравликалық: 6
Күшті гидравликалық: 6
Компоненттер, көрсеткіштер:

СО 2 , %,

Артық емес

Әлсіз гидравликалық: 6
Күшті гидравликалық: 5
Компоненттер, көрсеткіштер:

Гидратты ылғалдылық, %,

Артық емес

Әлсіз гидравликалық: 2
Күшті гидравликалық: 2

Кесте 4 - Әкке қойылатын техникалық талаптар

Компонент
Сөнбеген, % масса бойынша

Сөнген,

% масса бойынша,

Сұрыптама

Кальцийлі,

Сұрыптама

Магнезиялы және доломитті, сұрыптама
Бірінші
Екінші
Үшінші
Бірінші
Екінші
Үшінші
Бірінші
Екінші
Компонент:

Белсенді

CaO+MgO, кем емес:

Сөнбеген, % масса бойынша: 90
Сөнген,% масса бойынша,Сұрыптама: 80
70
85
75
65
67
60
Компонент: Қоспасыз
Сөнбеген, % масса бойынша: 65
Сөнген,% масса бойынша,Сұрыптама: 55
-
60
50
-
50
40
Компонент: Қоспамен
Сөнбеген, % масса бойынша: 5
Сөнген,% масса бойынша,Сұрыптама: 5
5
-
-
-
-
-
Компонент:

Белсенді

CaO+MgO, кем емес:

Сөнбеген, % масса бойынша: -
Сөнген,% масса бойынша,Сұрыптама: -
-
20(40)
20(40)
20(40)
-
-
Компонент:

Белсенді MgO,

Артық емес:

Сөнбеген, % масса бойынша: 3
Сөнген,% масса бойынша,Сұрыптама: 5
7
-
-
-
-
-
Компонент: Қоспасыз
Сөнбеген, % масса бойынша: 4
Сөнген,% масса бойынша,Сұрыптама: 6
7
-
-
-
3
5
Компонент: Қоспамен
Сөнбеген, % масса бойынша: 7
Сөнген,% масса бойынша,Сұрыптама: 11
-
5
8
11
2
4
Компонент: Сөнебеген түйіршік, артық емес
Сөнбеген, % масса бойынша: 5
Сөнген,% масса бойынша,Сұрыптама: -
14
8
9
-
-
-

Құрылыстық әктер (кесекті және ұнтақ тәрізді) сұрыптарға бөлініп және ГОСТ 9179-77 талаптарын қанағаттандыру қажет[6] .

Бірінші сұрыпты кальцийлі әк жиынтық құрамында СаО мен MgO 90% кем болмауы қажет сөндірілмеген түйіршіктер 5% артық емес, магнийлі және доломитті әк 8 % артық емес болуы қажет. Сөндірілген әкте сәйкесінше құрамында CaO-MgO 67 % кем емес, бос ылғалдылық 4 % артық емес.

Ұсақталған ұнтақ тәрізді ауалы және гидравликалық әктің дисперстілімі ұсақталу дәрежесі бойынша мөлшерленеді, № 02 және 008 сәйкес 98, 5% және 85% кем емес еленетін сынама салмағы елеуіштен өтуімен сипатталады [7] .

Ауалы әкті, әкті - пуццоланды тұтқыр өндірісінде құрылыстық ерітінділерді дайындауда, жасанды тас материалдарын - силикатты бұйымды, силикатты және пеносиликатты бұйымдар, қожбетон блогы, сонымен қатар бояу құрамы ретінде кеңінен қолданылады.

  1. Әк өндірісінің технологиялық процесінің сипаттамасы

Химия - технологиялық сызба үш сатыдан тұрады:

  1. - шикізатты химиялық түрлендіруге дайындау;
  2. - химиялық түрлендіру;
  3. - арнаулы өнімдерді алу мен жетілдіру[8] .

Құрылыстық әкті өндірудің технологиялық процессі келесідей негізгі сатылардын тұрады: шикізатты дайындау - ұсақтау, сұрыптау.

Әк өндірісінің негізгі процессі күйдіру болып табылады, сондағы әктас декарбонатталып реакция бойынша әкке айналады:

СаСО 3 = СаО + СО 2

Карбонатты жыныстар диссоциациясы жылу жұтумен жүргізіледі (1г/моль СаСО 3 ыдырау үшін шамамен 190кДж керек) . Кальций көмірқышқылдың ыдырау реакциясы қайтымды және көмірқышқыл газы температурасы мен парциальді қысымына тәуелді. Кальций көмірқышқылының диссоциациясы 600°С жоғары температурада айқын шамаға жетеді. Диссоциацианың теориялық қалыпты температурасы 900°С болып есептеледі. Зауыттық жағдайда әкті күйдіру температурасы әктің тығыздығына, қоспалардың болуына, пеш түрлері мен басқа да бірқатар ықпалдарға тәуелді болады және 1100-1200°С құрайды [9] .

Әкті күйдіру барысында оның салмағының 44% дейін құрайтын көмірқышқыл газы жойылады, өнім көлемі шамамен 10% азаяды, сондықтан әктің кесек тілімдері кеуекті құрылымға ие. Әктасты күйдіру әр түрлі пештерде жүргізіледі: шахталық, айналмалы, « қайнау қабатында», қалыпты жағдайда және т. б. Көбінесе таралғаны шығымы бойынша үнемді әкті күйдіретін пештердің шахталық отыны, бірақ та әк онда отын күлімен ластанады.

Еріген және бетондық қоспалардың қаттуын тездету үшін ұнтақталған сөндірілген әктің құрамына кальций хлоридін қосады, ал бастапқы кезеңінде қаттуын бәсеңдету үшін гипс, күкірт қышқылын қосады. Гипс пен кальций хлоридін қосу онымен қоса ерітінділер мен бетондардың беріктігін жоғарлатады, ал қатаюды бәсеңдететін қоспалар қаттудың белгілі бір жағдай болмау мүмкіндігінен жарықтың пайда болуын ескертеді[10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығар газдардың температура
Күкіртті колчеданнан Жезқазған қаласы шарттарында өнімділігі жылына 2000 т болатын күкірт қышқыл өндірісінің цехын жобалау
КЕРАМЗИТТІ ҚИЫРШЫҚ ТАСТЫ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛІСІН ЖАСАУ
Төртбұрышты еденді керамикалық плитка
Клинкер минералдарының гидротациялық жылу мөлшері
Ізбесті алу және оны металлургиялық зауыттың ақаба суларын нейтралдау үшін қолдану
Галургияға кіріспе
Аммиак суы аммоний сульфаты
Мұнай өңдеудің біріншілік процестері
Бидай ұнының нан пісіру қасиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz