Ауыз әдебиетін үйрену мәселесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Павлодар педагогикалық университеті

Камелбай Дингул

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Халық ауыз әдебиетін мектепте оқыту мәселелері

Білім беру бағдарламасы:

Павлодар 2022 жыл.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Павлодар педагогикалық университеті

жоғарғы мектебі

«Қорғауға рұқсат берілді»

ББ жетекшісі (Т. А. Ж. )

(қолы)

білім беру бағдарламасы бойынша

(ББ атауы және коды)

тақырыбы бойынша

(дипломдық жұмыс тақырыбының атауы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орындады:

(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

Ғылыми жетекші:

(ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы)

(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

Павлодар 2022 жыл.

Халық ауыз әдебиетін мектепте оқыту мәселелері

Мазмұны

Кіріспе . . .

I-ТАРАУ. Халық ауыз әдебиетінің теориялық негіздері.

1. 1 Халық ауыз әдебиетінің тарихы мен жетістіктері.

1. 2 Халық ауыз әдебиетінің түрлері мен жіктелуі.

II-ТАРАУ. Қазақ әдебиетінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту

2. 1 Халық ауыз әдебиеті шығармаларымен жұмыс істеу жүйесі

2. 2 Мектеп оқулықтарындағы ауыз әдебиетінің көркемдік әлемі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Халық ауыз шығармашылығы арқылы -оқушы ана тілін меңгеріп қана қоймай, оның сұлулығын, нақтылығын игеріп, өз халқының мәдениеті мен әдебиетін таниды, ол туралы алғашқы ойы қалыптасып, мағұлмат алады. Фольклор- бұл оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің құнарлы және алмастырылмайтын көзі. Өйткені, ол барлық шынайы өмірді зұлымдық пен жақсылықпен, бақыт пен қайғымен бейнелейді. Ол оқушыға қоғам мен табиғат өмірін, адамның сезімдері мен қарым-қатынастар әлемін ашады және түсіндіреді. Оқушының ойлау және қиялын дамытуға ықпал етеді, оның эмоцияларын байытады, әдеби тілдің керемет үлгілерін береді.

Ғасырлар тереңінен туған халық ауыз әдебиеті шығармашылығы халықтың мұңы мен қуанышын, арман-мақсатын, зұлымдық пен жақсылықты, алдағы өмірге деген сенімімізді нығайтып, ерекше ой қалыптастыратын өнер десек артық етпейді. Ауыз әдебиеті шығармашылығын зерттей отырып мұғалім, фольклор туындыларын оқушыға адамгершілік, эстетикалық және патриоттық тәрбие үшін таусылмайтын білім беру көзі ретінде пайдалануға ерекше мүмкіндігі бар. Баланы сөзбен тәрбиелеу фольклордан, халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ауызша сөйлеп үйреніп, оның идиомасына назар аудара отырса, мәдени адамның қалыптасуы басталады. Оның әрі қарай өсуі, дамуы әр адамның қолында десек болады. Себебі, ол ғасырдан-ғасырға жеткен ауыз әдебиеті үлгілерін, фольклорды, дәстүрлі мәдениетке деген қызығушылықты дамыту, сақтап қалу немесе керісінше жою адамға тікелей байланысты. Сол себептен де мектеп бағдарламасына көбірек халық ауыз шығармашылығын зерттеп, енгізіп, оны қарастырып, дамытса нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, қазір таңдағы тіліміздің күрмеленуі, сөздің қорымыздың аз болуын, қолданыстағы сөздердің мағынасының толықтырылуы, тілдің бұрыннан келе жатқан нақты ішкі көркемдік формасын жоғалтпау, сөйлеу мәнерімізді арттыру- осының бәрін фольклорда жатыр. Фольклорды оқу- өз халқымыздың рухын, оның дүниетанымын, мәдениетін, тарихын терең түсінуге және сезінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, фольклорды зерттеу- әдебиетті қабылдауды кеңейтеді және байытады. Халық ауыз шығармашылығы- халықтың дәстүрлі ауызша шығармашылығы. Ауыз шығармашылығының басты ерекшелігі- бұл сөз өнері ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріледі.

Диплом жұмысымның өзектілігі: Тақырыптың өзектілігі- қазіргі білім беру мектептеріндегі білім беруде адами құндылық қасиеттеріне ерекше назар аударылатындығына байланысты, осы мақсатта мектеп оқушылары арасынан жоғары білімді және адами қасиеті мол тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Соған байланысты сабақтарда халық ауыз шығармашылығын қолдану қоғам алдында тұрған міндеттерді шешуге ықпал етеді. Соңғы жылдары жаңартылған білім беру бағдарламасында - фольклор орта мектептегі әдеби сабақтар практикасына онша ене қоймаған. Кей мұғалімдер ауызша халықтық өнерді сыныптан тыс жұмыстарда қолданады десем болады. Тиісінше, мұның бәрі мұғалімдер, психологтар арасында қызу пікірталас тудырылуы керек деп санаймын. Қазіргі таңда күнделікті қағидаттар өзгеріп, білім беру жағдайы жаңартылған уақытта ауызша халық шығармашылығын қалдырмай, керісінше дамытуға бет бұрған дұрыс деп есептеймін.

Көптеген білім беру мекемелерінде оқушыларға фольклорды оқытуда: « ана жазушы жоқ, ана оқулықта мына ауыз әдебиетінен ғана үзінді берілген, анау оқулықта жоқ, енді мына бағдарламада енгізілу міндетті емес»-, деген сияқты алуан пікір тудырмайтындай нақты өлшем жасай білу керек. Сондықтан да қазіргі таңда әр мектепте эстетикалық, тәрбиелік, жүйелік білім қажет.

Зерттеу нысаны: Халық ауыз әдебиет үлгілерін зерттей отырып, мектепте оқыту мәселесін қарастыру.

Зерттеудің мақсаты: Адами қасиеттерге бағытталған ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстыра отырып, халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы оқушылардың білімін, шығармашылық қабілетін дамыту .

Зерттеу міндеттері:

  • түрлі әдебиеттер пайдалана отырып халық ауыз әдебиетіне мағұлмат беру;
  • халық ауыз әдебиетінің жеткен жетістіктерін саралау;
  • халық ауыз әдебиеті шығармаларымен жұмыс істеу жүйесін анықтау;
  • халық ауыз әдебиеті үлгілеріне талдау жасау арқылы оқушылардың дамудағы негізгі бағыттарын анықтау;
  • халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісіне, тілін дамытуға әсер- ықпалын айқындау;
  • мектеп оқулықтарында ауыз әдебиетінің қолданылу аясын анықтап, сауалнама жүргізу, қорытындылау.

Зерттеу әдістері:

- тарихи әдіс;

- салыстырмалы талдау әдісі;

- библиографиялық әдіс;

- педагогикалық эксперимент;

- жүйелеу;

- ой қорыту әдістерін пайдаландым.

Зерттеу пәні: Қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы, өзін-өзі тану.

Диплом жұмысымның маңыздылығы . Дипломдық жұмысымда жасалған тұжырымдау мен сараптамаларды, қорытындылар мен нәтижелерді арнаулы және жоғарғы оқу орындарында оқытылатын - әдебиет теориясы, халық ауыз әдебиеті, жалпы тіл білімі пәндеріне қосымша материалдар ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар ауыз әдебиеті туралы қосымша мәлімет ретінде қарауға болады.

Диплом жұмысымның құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1 Халық ауыз әдебиетінің тарихы мен жетістіктері

Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі - халықтың ауыз әдебиеті. Жазу - сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы тағы басқалар жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік- идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол - көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Халық ауыз әдебиеті - кез келген халықтың мәдени-тұрмыстық өмірінен хабар беретін, әрі сонау ерте замандардан бері жалғасып келе жатқан күрделі синкреттік ғылым саласы. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы XVIII-ғасырдан бастау алады. Бұл қазақ хандығының Ресей империясының қол аc- тына кіруіне байланысты орын алған жағдай еді. Қазақ фольклорын жинақ- тау және оны ғылыми тұрғыда зерттеу ісі XIX ғасырдың II жартысын- да бүтіндей жолға қойыла бастады. Дәл осы кезеңдегі қазақ фольклорының жай-күйі белгілі еңбекте: «Қазақ фольклорын, тілін, этнографиясын таза ғылыми мақсатта, академиялық түрде зерттегендер де болды. Бұл топтағы адамдар фольклорлық және әдеби шығармаларды барынша дұрыс жазып алуға, сұрыптап, жүйеге келтіруге және соларды жарыққа шығаруға, ғылыми түрде талдап, зерттеуге күш салды. Сөйтіп, 80-жылдардан бастап, әсіресе 1890-1900 жылдар аралығында қазақ ауыз әдебиеті жөнінде ғылыми еңбектер мен бибилографиялық көрсеткіштер жиірек шыға бастады» [11, 92 б. ], - деп сипатталған.

М. Әуезовтің ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырып, бастыру ісі 1922 жылдан басталады. Мәселен оның «Абайдың кейбір өсиет сөздері», «Бұхар жыраудың Керейге айтқан сөзі Көкбай ақсақалдан», «Бұхар жырау сөздері. Көкбай ақсақал айтуынша», «Сыбан Сабырбай ақынның төреге айтқан сөзі», «Айтаңсықтың қоштасқаны», және т. б. көптеген фольклорлық шығармаларды баспаға ұсыну ісімен өмірінің соңына дейін айналысады. Сондай-ақ ол «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының кітап болып шығуына (1936), «Үміт қыздың өлімі», «Байжұман» секілді поэмаларды халық аузынан жазып қалдырады.

Қазақ фольклорын жинақтап, зерттеу ісін шарты түрде Қазан төңкерісіне дейін және Қазан төңкерісінен кейін деп бөлушілік бар. М. Әуезовтің фольклорға қатысты зерттеу еңбектері Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде баспа бетін көре бастады. Оның «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» атты көлемді мақаласы 1922 жылы Ташкентте шығып тұрған «Шолпан» журналының 3-4 сандарында жарияланған. Бұл мақаласында ғалым кез келген халықтың әдебиетінде ауыз әдебиеті болғандығын және оның мәдениетке ықпалының зор екендігін ескерте келе, ол фольклорда сақталған типтік образдар мен шынайы психологизмдердің тұнығы жатқандығын баса ескерген. Көне жырлардың ішінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Едіге», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» секілді дастандарды, Абылай хан туралы аңыз-әңгімелерді, айтыс өнерінің халық өміріндегі орнына тоқтала келе халық әдебиетін зерттеусіз жаңа әдебиеттің, яки орыс әдебиеті секілді бірнеше ғасыр алға кеткен жазба әдебиеттің басталуы қисынсыз екендігін ашып айтады [17, 75-86 б. ] М. Әуезов Семейде оқып жүрген жылдары «Таң» журналына «Қобыланды батыр» жырын зерттеп жазған мақаласын жариялайды (1925) . Бұл мақалада автор эпостық жырлардың қазақ тарихын зерттеуде аса қажетті материал екендігін атап көрсеткен: « . . . батырлар әңгімелерін басынан аяғына шейін анықтап тексеріп қарағанда, бізге тіпті анық қылып тарих бетін ашып береді демесек те, сол ескі тарих көлемінде болған ірі мезгілдердің барлығының да ұлы суретін нобаймен, тұспалмен көрсеткендей болады» [17, 88 б. ], - дейді. Ғалымның дәл осы мақаласы көлемді жырлардың жанрлық ерекшелігі мен оларға келтірген классификациялық топтастыруға үлкен септігін тигізеді. Ғалымның жоғарыда аталған мақалалары кейінгі тиянақты зерттеулердің басы ғана еді. Ол фольклорды зерттеуге тыңғылықты түрде 1925 жылдан кейін кіріскен. Осы ретте ғалымның шоқтығы биік ғылыми мұрасы ретінде 1927 жылы жарияланған «Әдебиет тарихы» атты еңбегін атап көрсетуіміз керек. Бұл еңбегінде қазақ фольклорының біраз жүйеленіп, оқулыққа татитын деңгейге «XXI Сәтбаев оқулары»«Студенттер» сериясы көтерілгенін байқау қиын емес. Мәселен, ғалым ауыз әдебиетін 4 түрге бөліп, оларға: 1) сыршылдық салт өлеңдері; 2) әңгімелі өлеңдер; 3) айтыс-тақпақ; 4) ертегі, мақал, мәтел, жұмбақ деп категориялық түсініктер қалыптастырған. Ғалымның бұл еңбегі қазақ халық ауыз әдебиетінде еш ескерусіз қала алмайды. Мәселен, М. Әуезовтің ғылыми мұраларын, оның фольклорды зерттеу тарихын екшелей зерттеген Ә. Молдаханов: «Қазақ эпосы мен фольклорын тұтас түрде зерттеудегі тұңғыш тәжірибе, автордың осы саладағы алғашқы ізденістері ғана емес, болашақтағы қазақ фольклортану ғылымындағы іргелі зерттеулерінің іргетасы деп атауға толық тұрарлық еңбек» [19, 13 б. ], - деп жоғары бағалайды. Ал Б. Әзірбаева бұл еңбек туралы мынадай қорытынды жасайды: «Әдебиет тарихы» - қоғамдық ой-сананы сілкінтіп, қалың ұйқыдан оятатын, ғылымның сан алуан салаларына бағыт-бағдар беретін, мәдениетіміз үшін аса маңызды, қазақ фольклоры мен ақын, жыраулар поэзиясын зерттеуге арналған алғашқы монографиялық еңбек. Бұл зерттеуінде автор қазақ халқының өткен тарихы мен мәдениеті хақында, ұлттық фольклорымыздың жанрлық жүйесі туралы ойларын білдіріп қана қоймай, халық сөз өнерінің кейбір үлгілері мен біршама репрезентативті жанрларына анықтама беріп, терең талдаулар жасайды. Сондай-ақ, ақын-жыраулардың ауызша шығармашылығын қазіргі жазба әдебиеттің бастауы деп білген автор «зар заман» поэзиясын алғаш болып әдебиет тарихына енгізіп зерттейді» [18, 27 б. ] . Қорытындылай келе, М. Әуезов қазақ ғылымында алғаш болып фольклордың табиғатын саралап, тектік параметрлерін анықтады, оның жазба әдебиеттен айырмаларын, өзгешелігін көрсетіп берді, кейінгі барлық дерлік жіктеулерге негіз болған классификациясын ұсынды; фольклордың репрезентативті жанрларын зерттеп, жанрлық ерекшеліктерін анықтады, генезисі мен шығу уақытын мөлшерледі десек қателеспейміз.

Ауыз әдебиетін кейде фольклор деп те атаймыз. Фольклор- халық творчествосы, халықтың ауызша тудырған шығармасы деген ұғымды береді. Фольклор дүние жүзіндегі халықтардың бәрінде бар. Фольклор шығармаларының ерекше әсерлі болатыны- оның образдары тез есте қалғыш әрі тілі де ерекше көркем, тартымды болуында. Фольклор шығармаларынан алынған халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасиеттері мен мұң-зары, келешектен күтетін арман-тілектері ерекше көрініс таба білген десем қателеспеймін.

Фольклордың көне бейкөркем түрлері:

1) магиялық фольклор: арбау; алғыс, бата, қарғыс; бәдік

2) отбасылық ғұрып фольклоры: 1. үйлену ғұрып фольклоры; 2. балалар фольклоры; 3. жерлеу

3) кәсіпке қатысты ғұрыптық фольклоры: аңшылық; бақташылық;

4) маусымдық ғұрып фольклоры: наурыз мейрамы туралы фольклор үлгілері; қымызмұрындық; жарапазан;

Қасқабасов С. А., Айтмұхамбет Ж. Ә. Қазақ фольклоры. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы:CyberSmith, 2018ж. -288бет

Фольклор шығармалары ауыз әдебиетімен сабақтасып, жазба әдебиетке жол салған. « Дария басы- бұлақ» демекші, қандай да болсын көркем сөздің алғашқы үлгісі- фольклор. Фольклор- тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау тәсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы, танымдық, тәрбиелік мәні зор мәдени мұра.

Ә. Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының тарихы». -Алматы, Ана тілі. 1991ж. - 288б, 16б

Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана есіне сақтап және ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Қай халықты алсақ та, оның көркем әдебиеті ауыз әдебиетінен басталады. Демек, ауыз әдебиеті болмаған, бірден жазба әдебиетін жасаған халық бұрын-соңды тарихта кездеспейді.

Халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік көзқарасы, арман-мүддесі т. б ауыз әдебиетінің тууына және қалыптасып дамуына айрықша әсер етіп отырған. Ол мазмұнды халық өмірінен алынған. Сондықтан да ауыз әдебиеті өзінің дамуы жолында талай тарихи дәуірді басынан кешірген, талай таптық, қоғамдық көзқарастар мен тілектердің елегінен өткен. Әрбір қоғамдық құрылыс, таптық тілектер ауыз әдебиетінің идеялық бағытына, мазмұнына ықпал жасаған, әрқайсысы ауыз әдебиеті арқылы да өздерінің таптық мүддесін жыр еткен, таптық көзқарасын білдірген. Солай болғандықтан біз ауыз әдебиетін де тап құралы деп қараймыз.

Ауыз әдебиеті қоғам өмірінде кездесетін әр алуан таптық жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді халықтық тұрғыдан бағалап отырады. Еңбек адамдарын және олардың халық игілігі үшін атқарып отырған ісін ардақтап әңгімелейді. Еңбек адамының сарқылмас күшін, батырлық тұлғасын көрсетеді, оның ақыл-ойы, адамгершілігі аса жоғары екендігін бейнелейді. Халықты қуанышы мол, бақытты да шат тұрмысқа жеткізуші негізгі күш- еңбек адамы екендігі ауыз әдебиетінде асқан шабытпен жырланады.

Өткен заманда халық ауыр өмірді басынан кешірді, қиын тұрмыста болды. Міне, осы халді суреттейтін және ауызша айту негізінде туған шығармаларда сары уайымға салынушылық кездеспейді. Қайта халықты қиыншылық пен ауыртпалыққа, езу мен қанауға қарсы күреске, бірлік пен ұйымшылдыққа шақыру бар. Сондықтан да ауыз әдебиеті «батар күннің атар таңы бар» деп және халықтың бүгінгі арманы алда орындалады, жақсылық пен шат өмірге ертен-ақ жетесің деп болашаққа асқан сеніммен үміттене қараушылық басым келеді.

М. Ғабдуллин, Б. Ысқақов «Халық ауыз әдебиеті» оқулығы, «Мектеп» баспасы, Алматы-1958ж, 3-4бб

Фольклор - синкретті өнер түрі десек қателеспейміз, оған сөз, музыка, хореография және театр өнері де кіреді. «Фольклорға өркениетті елдерде халық музыкасын, халық биін, халық өлеңін, халық театрын, халық әдебиетін, халық қолөнерін, ырымдар мен ғұрыптарды, салттар мен нанымдарды жатқызады. Ал, бұрынғы СССР-ді және социалистік лагерьді құраған елдерде «фольклор» терминімен тек халық әдебиетін, дәлірек айтқанда халықтың ауызша туып, ауызша орындалатын шығармаларын атау орныққан. »- деп түсінік береді ғалым С. Қасқабасов. Орта мектепте оқытылатын пәндердің арасында әдебиеттің алар орны ерекше болса, оның ішінде, халық ауыз әдебиетін балаларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруде пайдаланудың мәні зор.

Қазақ ауыз әдебиетінің тарихын оқулық көлемінде баяндау мәселесін тұңғыш көтерген, оны қолға алған- С. Сейфуллин. Кеңестік дәуірде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің жиналуы, жариялануы жайында бір мысал келтірсек. Ұлы Отан соғысына дейін дастандық жырларымыздың баспа жүзінде шыққаны 10 шақты еді. Қазіргі таңда бір ғана қолжазба қорында 80-нен астам батырлар жыры, 40 шақты тарихи жыр, 50 аса лиро-эпостық дастан сақтаулы. Бұл келтірілген дәлелдер кеңестік дәуірден-ақ қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялау жұмыстарының жемісті түрде жүргізіліп отырғанын көрсетеді. 30-жылдары фольклористика тақырып жағынан алғанда бірнеше күрделі мәселелерді көтерді. Солардың ішіндегі бастылары мыналар еді:

1. Оқулықтар жасау мәселесі

2. Ауыз әдебиетін үйрену мәселесі.

3. Ауыз әдебиетінің халық өміріне байланысты және халық ақындарының шығармашылығы туралы. 33б

Ғ. Мәлік «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», Астана, «Рауан» баспасы.

Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда көрнекті еңбек еткендер- Ресейлік география қоғамының мүшелері- Ш. Уәлиханов, В. Радлов, И. Березин, А. Васильев, Г. Потанин, Н. Ильминский, Ә. Диваев, А. Харузин, П. Мелиоранский, В. Катаринский т. б болды.

Қазақ ауыз әдебиетін зерттеуде елеулі еңбек еткен ғалымның бірі- Қажым Жұмалиев болды. Ол фольклорист ретінде 30-ж соңғы кезінде таныла бастайды. Бұған ауыз әдебиеті үлгілерінен құрастырған «Халық поэмалары» деп аталатын жинағы дәлел. Бұл жинаққа «Исатай, Махамбет», «Бекет батыр», «Айман-Шолпан», «Біржан мен Сараның айтысы» еніп, бұлардың әрқайсысына кіріспе сөз бен түсінік берілген. Ол қазақ ауыз әдебиетінің тарихына, көркемдік қасиеті мен жанрлық ерекшеліктеріне көңіл аударды.

XVIII-XIX ғ-да қазақ фольклоры шешендік сөздермен және шежірелермен толықты, аңыздың ішкі түрлерімен, хикаятпен және әпсаналармен толықты. 28б

Қасқабасов С. А., Айтмұхамбет Ж. Ә «Қазақ фольклоры»

Қазақ ауыз әдебиетінің жиналу тарихы - өз алдына арнайы зерттеуді тосып тұрған мәнді тақырыптардың бірегейі десек болады. Бұл орайда оны жинаушылардың басты өкілдерінің бірі -дархан даланың ұлы ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Мәшһүр атамыздың «тұрмыс-салт жырларын», «қазақ мақал-мәтелдерді», «жұмбақтар мен жаңылтпаштарды», «ертегілерді» жинап, осы уақытқа дейін біздерге жеткізе білген. Мәселен, Мәшһүр-Жүсіп жазбаларында тұрмыс -салт жырларының отыз шақты түрі, аңыз-әңгімелердің екі жүздей үлгісі, ертегінің он шақтысы, жаңылтпаштың екі-үш беттік көлемі, жұмбақтың кара сөзі мен өлең түріндегі елу шақты үлгісі, мақал - мәтелдердің екі жарым мыңдай түрі, ақындар айтысының жиырма бес нұсқасы жарияланған. Мұның өзі Мәшһүр Жүсіп Көпеев есімінің ішінде ақындығымен аңызға айналуы ғана емес, халық ауыз әдебиетінің үлкен жанашыры болғанын көрсетеді. 38-101бб

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов – фольклор зерттеушісі
Қазақ фольклорының тарихы және фольклористика ғылымы
Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі мақсаты
Қазақ фольклортану ғылымының тарихы, даму кезеңдері фольклор табиғаты мен тарихы туралы әр кезеңдердегі пікір-тұжырымдар
Х.Досмұхамедұлының сыншылдық-эстетикалық көзқарасы және әдеби мұрасы
Этнопедагогика және фальклорық зерттеу әдісі
Қазақ баспасөзін дамытудағы қазақ зиялыларының рөлі
Көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі
Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесімен Ахмет еңбегінің сабақтастығы
Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz