Дәстүрлі ғашықтық эпос


Эпос қазақ ұлтының рухы мен санасын тазартып, нәр беретін ғасырлар үні, сарқылмас қазынасы, көне көзі. Халықтық жырлар арқылы біз қазақ ұлтының тарихы мен тілін, мәдениеті мен философиясын, салты мен дәстүрін, әдеті мен ғұрпын яғни ұлттық құндылықтарды көре аламыз. Сол рухани құндылықтардың бірі - ғашықтық, яғни романдық жырлар.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап фольклорлық мұраларымыз, соның ішінде ғашықтық дастандарымыз жиналып, жарияланып, әдебиеттану мен фольклортанудың зерттеу нысанына айналды.
Қазақ эпостарын зерттеп, ұлттық фольклортану ғылымы эпостану саласының қалыптасып дамуына үлес қосқан шетелдік, отандық ғалымдар Ш. Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, В. В. Стасов, Ә. Диваев, И. Н. Березин, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, М. О. Әуезов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Н. С. Смирнова, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Қоңыратбаев, Р. Бердібаев, С. Садырбаев, С. А. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев, Б. У. Әзібаева, З. Сейітжанов, Т. Қоңыратбаев, Б. Рақымов, А. Тұрғанбаев, М. Әбдуов т. б. болды.
Зерттеу нысаны. Жүз томдық «Бабалар сөзі» ғылыми серияның 25-26 томында жарияланған мәтіндер мен М. О. Әуезов институты ұйымдастырған экспедициялар негізінде жиналған ғашықтық жырлар үлгілері.
Зерттеудің мақсаты. Диссертациялық жұмыста түркі халықтарына ортақ жүйелі түрде зерттелмеген ғашықтық жырлардың даму, трансформациялану жолдарын белгілі кезең шындығымен байланыстыра қарап зерттеу мақсат етілді. Осындай өзекті мәселені шешу үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
- «Бабалар сөзі» сериясының 25-26 тт. арқау болған мәтіндер мен М. О. Әуезов институты ұйымдастырған ғылыми экспедициялар кезінде жиналған материалдарды жинақтау, жүйелеу, ғылыми сипаттамасын жазу;
- Түркі халықтарына ортақ ғашықтық жырларының жиналу, жариялану, зерттелу жағдайын қарастырып, тарихнамасын жасау;
- Түркі халықтарына ортақ ғашықтық жырларды жанрлық тұрғыда зерттеген қазақ ғалымдарының еңбектерін талдау;
- Ғашықтық жырлардың жанрлық табиғаты мен сюжеттік
ерекшеліктерін салыстырып, саралау;
- Түркі халықтарының ғашықтық жырларын өз еліміздегі нұсқалармен салыстыра зерттеу; айырма/өзгешеліктерін анықтау, қандай трансформацияға ұшырағанын пайымдау;
Зерттеу жұмысының негізгі дереккөздері. Диссертациялық
жұмысымызда негізінен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген жүз томдық «Бабалар сөзі» ғылыми сериясына енген қазақ эпостарының мәтіндеріне сүйендік. Жүзтомдыққа енген «Батырлық жырлар» (33-34 томдар), «Ғашықтық жырлар» (17, 20, 25-26 томдар) кітаптарындағы мәтіндер зерттеуімізге негіз болды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Ғылыми-зерттеу жұмыстың мақсат- міндеттеріне сәйкес жинақтау, ғылыми жүйелеу, тарихи-салыстырмалы, көркемдік талдау, жүйелі-кешенді, ғылыми сипаттау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі.Жұмысты жазу барысында қазақ фольклортану ғылымында маңызды ғылыми зерттеулер жүргізген отандық ғалымдармен қоса шетелдік зерттеушілердің теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды. Соның ішінде атап айтсақ, Ш. Уәлиханов[3], Н. А. Веселовский [4], М. Әуезов[5], Қ. Жұмалиев[6], Ә. Қоңыратбаев [7], Ы. Дүйсенбаев [8], Р. Бердібаев[9], Ш. Ыбыраев[10], С. Қасқабасов[11], Б. Әзібаева [12], З. Сейітжанов [13], В. М. Жирмунский[14], В. Я. Пропп[15], Б. Н. Путилов[16], Л. А. Астафьева [17], Е. М. Мелетинский[18], К. І. Матыжанов [19], С. М. Боура [20], К. Райхл[21], Н. Д. Джон[22], ХуаңЖоңшияң [23] сынды т. б. ғалымдардың теориялық ой- пікірлері мен негізгі тұжырымдамалары пайдаланылды.
Қазақ ғашықтық жырларының жанрлық ерекшеліктері жайлы өз пікірлерін айтқан М. О. Әуезовтің (Әдебиет тарихы, 1927), В. М. Жирмунскийдің (Тюркский героический эпос, 1974), Ы. Дүйсенбаевтың (Қазақтың лиро-эпосы, 1973), Р. Бердібаевтың (Қазақ эпосы, 1982), С. Қасқабасов (Таңдамалы. 5 томдық шығармалар жинағы, 2014), Ш. Ыбыраевтың (Эпос әлемі, 1993), Б. Әзібаеваның (Казахские народные романические дастаны, 1990, Казахский дастанный эпос, 1998) еңбектеріғылыми-зерттеу жұмысымыздың бағыт-бағдарын айқындауда негізі болып табылады.
М. О. Әуезовтің«Казахский эпос и дореволюционный фольклор», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларына арналған еңбектерінде қазақ ғашықтық жырларын зерттеудегі алғашқы баспалдақ бола білді. Ғашықтық жырларды «Ел поэмалары» деп шартты түрде жіктеген ғалым «Қозы Көрпеш
- Баян сұлу» жырының көлемді нұсқасын Уәйіс Шондыбайұлынан жазып алып, алғысөз, түсінігін жазып, ғылыми паспортын жасаған. «Қозы Көрпеш
- Баян сұлу» мақаласында жырдың сол уақыттағы он алты вариантымен және түркі халықтарындағы біраз жырлармен салыстыру жүргізіп, жыр сюжеті мен мәнісі туралы толғамды пікірлер айтқан. «Қыз Жібек» мақаласында қазақтың төл мұрасы екенін дәлелдеп, оның ХVІІ ғасырда пайда болғанын айтып, жырдың негізгі ерекшеліктерін ашады.
Ал, Б. У. Әзібаева ғашықтық жырларды генезисі мен жанрлық ерекшеліктеріне орай екі топқа бөледі: 1. Дәстүрлі ғашықтық эпос. Бұл топқа сюжеттері ертеде қалыптасып, орта ғасырларда толыққанды жырға айналған, біздің заманымызға классикалық үлгіде жеткен эпостарды жатқызады. 2. Ғашықтық дастандар. Мұнда ғалым ХІХ ғасырдан бастап елімізде кең тараған дастандарды топтайды; оларды шығу тегі мен мазмұнына қарай үш топқа жіктейді.
Мәселенің зерттелу деңгейі.Ұлттық фольклортану ғылымының негізін салған Ш. Ш. Уәлиханов «Көп томдық шығармалар жинағының» 3-томында қазақ эпосының негізгі түрлерін көрсетеді. Дегенмен, қазақ эпосы XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап жүйелі түрде зерттеле бастады. Маңызды эпикалық ескерткіштерді ғылыми тұрғыдан қарастырған ең алғашқы монографиялық зерттеу деп М. О. Әуезовтың «Әдебиет тарихын» (1927) атай аламыз. Бұдан кейін Х. Досмұхамедұлының, С. Сейфуллиннің, Е. Ысмаиловтың, Қ. Жұмалиевтің, А. Марғұланның, Б. Кенжебаевтың, Ы. Дүйсенбаевтың, М. Ғабдулиннің, Н. С. Смирнованың, Ә. Қоңыратбаевтың, Р. Бердібаевтың, С. Қасқабасовтың, Ш. Ыбыраевтың, Б. Әзібаеваның, З. Сейітжанұлының, Т. Қоңыратбаевтың, т. б. монографиялары, сонымен қатар «Қазақ тарихи жырларының мәселелері»,
«Қазақ фольклорының типологиясы», «Фольклор шындығы», «Қазақ фольклорының тарихилығы», «Қазақ фольклорының поэтикасы», «Шетелдегі қазақ фольклоры» және т. б. ұжымдық еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектерде көне батырлық, классикалық қаһармандық пен тарихи эпостармен қатар романдық және дастандық эпостың генезисі, жанрлық спецификасы, тарихи дамуы мен қызметі т. б. мәселелер қарастырылды.
Зерттеу жұмыстың ғылыми жаңалығы.
- Түркі халықтарына ортақ ғашықтық дастандардың бүгінге дейінгі жиналу, жариялану тарихы өзіндік көзқарас тұрғысынан зерттелді.
- Ғашықтық жырлардың жиналу тарихы тарихи факті-деректермен салыстырыла, сабақтастырыла қарастырылуы ғылыми
еңбекте көтерілген мәселенің сонылығын, маңыздылығын, ауқымдылығын байқатады.
- Ғашықтық жырлардың сюжеттік ерекшеліктері анықталып, ондағы қолданылған мотивтер халықаралық сарындармен салыстырылып қарастырылды.
Жұмыс нәтижелерін жоғары оқу орындары студенттеріне арналған фольклортану саласы бойынша арнайы курстар мен семинар сабақтар жүргізгенде кеңінен пайдалануға болады. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелерін фольклортанушыларға, жоғары оқу , студенттері мен магистранттарға қажетті теориялық, практикалық көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.
Зерттеу жұмысының жариялануы мен мақұлдануы. Зерттеу жұмыстың негізгі мазмұны мен нәтижелері: 2 мақала жарияланған.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - 71 бет.
1. ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНА ОРТАҚ ҒАШЫҚТЫҚ ДАСТАНДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1. 1. Ғашықтық дастандар: жиналуы, жариялануы, зерттелуі
Эпос қазақ халқының рухы мен санасын тазартып, нәр беретін ғасырлар үні, сарқылмас қазынасы, көне көзі. Халықтық жырлар арқылы біз ұлтымыздың тарихы мен тілін, мәдениеті мен философиясын, салты мен дәстүрін, әдеті мен ғұрпын яғни бар болмысын, құндылықтарын көре аламыз. Сол рухани құндылықтардың бірі - ғашықтық (махаббат) жырлары.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап фольклорлық мұраларым, соның ішінде эпостық жырларымыз жиналып, жарияланып, әдебиеттану мен фольклортанудың зерттеу нысанына айналды. Қазақ эпостарын зерттеп ұлттық фольклортану ғылымы эпостану саласының қалыптасуына орасан зор үлес қосқан шетелдік, отандық ғалымдар Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, В. В. Стасов, Ә. Диваев, И. Н. Березин, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, М. О. Әуезов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Н. С. Смирнова, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Қоңыратбаев, Р. Бердібаев, С. Садырбаев, С. А. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев, Б. У. Әзібаева, З. Сейітжанов, Т. Қоңыратбаев, Б. Рақымов, А. Тұрғанбаев, М. Әбдуов т. б. болды.
Ғашықтық жырлар Ш. Уәлиханов еңбектерінен бастап әрқашан да ғалымдардың назарында болды. Жеке монографиялармен қатар ұлттық эпосқа арналған зерттеу еңбектердің бәрінде ғашықтық жырлар қарастырылып отырды. Академик М. О. Әуезов ғашықтық эпостың жарқын үлгілері - «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» мен «Қыз Жібек» жырларын жан-жақты, терең зерттеу нәтижесінде ғашықтық эпостың басты үш белгісін атап көрсетті: «Біріншіден, бұл поэмалардың негізгі тақырыбының халық игілігі үшін күресетін ерлердің ерлігі туралы жырланатын батырлық эпостан ерекшелігі: мұнда екі жастың өз бақыты мен бостандығы үшін күресі мен сол жолдағы қиындық-кедергілері суреттеледі. Екіншіден, батырлық эпостарда халықтың ішкі тұрмыс-тіршілігі, рулық қарым-қатынастары шешуші мән иеленбесе бұл эпостарда керсінше. Қайта тұрмыстық өмір сипаттары лирикалық поэманың фабулалық құрылымына енеді. Оларда мәңгілік махаббат тақырыбы - рулық қоғамда жетекшілік ететін көшпелі тұрмысқа тән заңдылықтар мен құқықтар жағдайына тәуелді, сабақтас суреттеледі. Үшіншіден, батырлық поэмалардан тағы бір елеулі өзгешелігі - кейіпкерлер бейнесі шындыққа жуық бейнеленеді. Егер батырлық поэмада батыр туған соң бес жасында-ақ ерен ерлік іс атқаратынын көркемдеу шартты әрі шындықтан алшақ суреттелсе, тұрмыстық поэмалардағы адамдар өзінің барлық қасиет-сапаларымен адам боп қалады» [25, 114-115] .
С. Мұқанов [26], С. Сейфуллин [27], Ә. Қоңыратбаев [28], Ы. Дүйсенбаев
[8] , М. Ғабдуллин [29], М. Бөжеев [30 ], З. Ахметов [31], Р. Бердібаев [9] т. б.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» мен «Қыз Жібек» эпостарынан өзге де ғашықтық жырларды («Бозжігіт», «Сейпілмәлік», «Мақпал - Сегіз», «Назымбек - Күлше», «Талайлы мен Әйім қыз» т. б. ) ғылыми айналымға енгізіп зерттеді. Зерттеушілер бұл туындылардың кейбір ерекшеліктерін көрсетіп талдағанымен оларды аталған әйгілі жырлармен бір қатарда, яғни бір жанрда аясында қарастырды.
Бұл туындылар қазақ фольклорының жеке, дербес жанры екені оларды алғаш кешенді-жүйелі түрде зерттеген Б. Әзібаеваның «Казахские народные романические дастаны» диссертациялық еңбегінде (1984) дәлелденіп, автордың кейінгі монографияларында тереңдетіліп қарастырылды [12], [32] . Еңбектерінде ғалым осы типтес шығармаларды жүйелеп, жанрдың пайда болу, зерттелу тарихын, кейіпкерлер жүйесін саралап, жанрлық ерекшеліктерін ашып көрсетеді, махаббат мәселесінің басқаша түсіндіріліп, жаңаша шешілетінін анықтайды. Көне ғашықтық эпостардан өзгешелігі туралы ол: «Классикалық эпостарда отбасылық қарым-қатынастар мен махаббат мәселесі патриархалды-феодалдық қоғамның идеологиясына негізделген әдет-ғұрыптар мен заң, жоралғылар негізінде шешіледі. Кейіпкер атасқан қалыңдығы үшін күреседі. Болашақ жары басқаға берілмейтін өз еншісіне бұйырылған заңды үлесі болып табылады. Ал, ХІХ ғасырда жырланған шығармаларда ата-анасы құда түсіп, айттырып қойған қызды (жігітті) емес, өзі таңдаған, өзі ұнатып сүйген жарымен қосылуды мұрат еткен екі жастың шынайы сезімі, махаббат жолындағы күресі бірінші планға шығады. Мәңгілік тақырып жаңаша сипатта шешіліп, түсіндіріледі» - дейді [12, 30-74] . Әрі зерттеуші «Еркін ақыл-ой мен сезімге негізделген махаббат, сүйіспеншілік сезімін басты нысана еткен романдық (ғашықтық) дастандарда жастардың өз тағдырын өзі шеше алатындығы туралы ойлар тұжырымдалып, мысалдар арқылы дәлелденді» - деп қорытындылайды [32, 13] . Ғалым бұл типтес туындылардың көне ғашықтық эпостардан күрделі, принципиалды айырма/өзгешеліктерін, генезисі мен туындаған дәуірін, жанрлық спецификасын ескере отырып, оларды «дастан» деп жіктейді. Және еуропалық пен ресейлік ғылымда орныққан терминдер жүйесін назарға алып, ғашықтық тақырыптағы шығармаларды «романдық» деп анықтап, жіктеуді ұсынды. Б. Әзібаева ұсынған терминдер қабылданып, кең қолданысқа ие болды. Сонымен ғалымның жіктеуінше қазақ ғашықтық жырлары ерте заманнан белгілі а) дәстүрлі «романдық эпос» пен беріректе жасалған ә) «романдық дастан» атты екі жанрға бөлінеді [12, 4] . Ғалым романдық (ғашықтық) дастандарды шығу тегі, тақырыптық-сюжеттік ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөледі: 1. шығыстық сюжетке құрылған дастандар, 2. ел аузында жүрген аймақтық фольклорлық сюжеттерге негізделген дастандар, 3. өмірде болған оқиға, шындық ізімен жырланған дастандар [32, 13-24] . Зерттеуші, әр топқа жататын шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін анықтап, дастандар төл эпикалық дәстүр аясында жасалғанын баса көрсетіп, шығыс классикалық әдебиеті мен фольклоры поэтикасының әсері жөнінде тұжырым жасайды.
Дастан - жыр немесе қара өлең түрінде қалыптасып дамыған, қаһармандық я ғашықтық тақырыптағы, фабуласында бірнеше сюжет қамтылатын, көлемді, көптеген шығыс халықтарының фольклоры мен әдебиетінде ХII-ХV ғасырда, қазақ фольклорында XIХ ғасырда кең тараған эпикалық жанр [32, 24-27] .
Ғашықтық тақырыптағы туындылар ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін ғашықтық жыр, тұрмыс-салт, лиро-эпос, әлеуметтік-тұрмыстық поэмалар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, дастан, қисса деп, түрліше аталып келді. Бүгінгі отандық ғылымда, жоғарыда айтып өткеніміздей, негізінен, мына терминдік атаулар - дәстүрлі «ғашықтық (романдық) эпос», «ғашықтық (романдық) дастан», «ғашықтық жыр» терминдері кең қолданылады.
1. 2 Қазақ ғалымдарының түркі әдебиетіне ортақ мұраларды зерттеуге қосқан үлесі
Өткен ғасырда тәуелсіздіктің тұғырына туы тігілмей тұрған мезетте қазақ халқын, сонымен бірге туысқан қырғыз, түркімен, қарақалпақ, өзбек т. б. түркі тектес халықтарды 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін өз тарихында толыққанды мемлекет болмаған, тек малдың соңынан көшіп-қонып жүрген, дәстүрсіз, тамырсыз, қу тақырда жаралған етіп көрсетуге көрсетуге тырысқаны белгілі. Осылайша, «басы барды идіріп, тізесі барды бүктіріп» құдіретті мемлекеттер құрған, қалалық мәдениеті гүлденген, мәдениеті дамыған түркі халықтарының бай тарихы мен төл мәдениеті толық, дұрыс оқытылмай, жас ұрпақтың бойына сіңірілмей келді.
Түркі тілді әлем сөз болғанда кең байтақ алып Еуразия құрлығының көп бөлігін мекендейтін бауырлас халықтар көз алдымызға келеді. Бұл - түркі тілдес алты тәуелсіз мемлекет: Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркіменстан республикалары. Мұның сыртында Ресей Федерациясы, Иран, Қытай сияқты іргелі мемлекеттердің әрқайсында 10 миллионнан 15 миллионға дейін түркі тілдес бауырларымыз мекендейді. Миллиондаған қандастарымыз Ауғанстан, Болғария, Ирак, Югославия, Моңғолия, Кипр сияқты елдерде де тұрып жатыр. Бір сөзбен алғанда, түркі тілдес ұлт пен ұлыстар дүниенің түкпір-түкпіріне тарап кеткен. «Тегін білмеген тексіз» дейді халқымыз түркі халқының тереңге тартқан тарихының көптеген мәселесі болжам, меңзеу төңірегінде қалып қоймағаны абзал. Бүгінгі ұрпақ, болашақ зерттеушілер көне дәуірдегі ата-бабаларымыздың сонау сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, түрік қағанаты дәуірінен бастап хатқа түскен, халық білуге зәру боп отырған ел тарихын тынымсыз түгендеп, бұрын айтылмай, я бұрмаланып келген ақтаңдағын, көмескілене бастаған ақиқатын анықтар деп үміттенеміз.
Түркі халықтарының тарихына қатысты ғылымда қыруар еңбектер жазылды. Кеңес дәуірінің өзінде де түркология ғылымына қызығып, өмірінің барлық күш-қуатын сарқа жұмсаған ғалымдар есімі жұлдыздай жарқырап тұрғаны мәлім. Бұл мәселеде түркі тектес халықтардың асыл қазыналарына қатысты айтарлықтай істер тындырған Е. Э. Бертельс, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, И. В. Стеблева, Ә. Н. Нәжіп есімдері ғылымда өз бағасын алған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz