Оқыту үдерісіндегі бақылау әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Бақылау формасы ұғымына түсінік және оқу үдерісінде білім мен білікті бақылау . . . 5

1. 1 Бақылау ұғымына түсінік және бақылау функциялары . . . 5

1. 2 Білім, білік және дағдыны бақылау формасының түрлері . . . 7

1. 3 Білімді бақылау принциптері . . . 13

1. 4 Оқыту үдерісіндегі бақылау әдістері . . . 17

2. География сабағында бақылау формасын қолдану арқылы білім сапасын көтеру . . . 20

2. 1 География пәні бойынша бақылау формасының жіктелуі . . . 20

2. 2 География сабағында бақылауды ұйымдастыру формалары арқылы білім сапасын көтеру . . . 27

2. 3 География сабағында тест тапсырмаларын бақылау формасы ретінде қолдану . . . 37

3. География сабағында бақылау формасын тәжірибеде ұйымдастыру . . . 47

3. 1 География сабағында бақылау формасын тәжірибеде қолдану . . . 47

3. 2 Тәжірибедегі география сабағы бойынша бақылау нәтижесін талдау . . . 55

Қорытынды . . . 57

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 59

Қосымшалар . . . 61

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Бұл - Мағжан Жұмабаевтың сөзі. Күллі алаш қайраткерлерінің, ұлт зиялыларының - ойы. Ал, біз бүгін өзгемен серттесе аламыз ба, ұрпағымыз өзгеден оқ бойы озық тұра ала ма? Бәрі де мектебіміздің қыры мен сыры, ішкі-сыртқы әлеуетімен байланысты. Оқу-оқыту ісі - Отанның болашағы, һәм ұлттың тұғыры. Бұл тұғырдың беріктігі сіз бен біздің келешегіміз, ұрпақтың үндестігі.

Ал, бұл сабақтастық бүгін өз жалғасын табуда, «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін… біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізудің маңызы зор», - деп атап көрсетті ҚР Президенті Н. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында. [1]

Даму - дау жүрмейтін шындық, дамыған озық тәжірибелер мен оқыту технологияларын қолдану заманның негізгі талабы. Ал, жақсы ұстаз үлгілі әдіс амалдар мен өз ісіне пайдасын тигізер, шәкіртін биікке жетелер озық әрекеттерге белсене баратыны ақиқат.

Ал, оқытудағы бақылау жүйесі мен оқушыларды бағалау жүйесі өте маңызды басқыш. Бұл екі басқыштың жаңаша формасын бірлестіре отырып, ғылым техникасы озық елдердің оқыту тәжірибесінен ала отырып, болашақ мамандарға пайдасы тисін деген ниетпен жұмыста, география сабақтарында бақылау формасын жүргізу және бағалауды қолдану туралы мәселені қозғау көзделді.

Себебі, бұл жүйе оқушыларды шабыттандырып, еңбекке баули отырып, оқушылардың арасындағы әділетті бәсекелестікті қалыптастырып білім сапасының артуына және оқушылардың сан-қырлы дарынын арттыруға көмегі тиеді.

Оқыту - динамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әр кезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.

Жұмыстың мақсаты . Жұмысты зерттеу барысында тақырыптың қазіргі заманауи оқыту үдерісіндегі өзектілігін айқындай отырып, жұмысты зерттемес бұрын басты бір мақсат қойылды. Жұмыстың мақсаты -қазіргі бақылау формасының әдіс-тәсілдерін, түрлерін, білім сапасын арттырудағы маңызын аша отырып, география сабағында бақылау формасын қолдану арқылы білім сапасын көтеру жолдарын ұсыну.

Жұмыстың міндеттері . Жоғарыда көрсетілген басты мақсатқа нәтижелі жету үшін және жұмыстың мазмұнын толық әрі жүйелі түрде ашу үшін жұмысты зерттеудің бірнеше міндеттері алға қойылды:

  • Бақылау формасы ұғымына түсінік беру, бақылау функциялары, білім, білік және дағдыны бақылау формасының түрлерін айқындау;
  • Білімді бақылау принциптері, оқыту үдерісіндегі бақылау әдістеріне сипаттама беру;
  • География пәні бойынша бақылау формасын топтастырып жіктеу;
  • География сабағында бақылауды ұйымдастыру формалары арқылы білім сапасын көтеру жолдарын қарастыру;
  • География сабағында тест тапсырмаларын бақылау формасы ретінде қолдануға сараптама жасау;
  • География сабағында бақылау формасын тәжірибеде ұйымдастыру;
  • Тәжірибеде қолданылған бақылау нәтижесіне салыстырмалы талдау жасау.

Жұмыстың құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, тоғыз бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Жұмыстың теориялық негізі . Зерттеу жұмысының мазмұнын толық ашу үшін және алға қойылған мақсатқа нәтижелі жету үшін бірнеше ғылыми еңбектерді, ғылыми мақалаларды пайдаландық және интернет желісіне жарияланған материалдарға сүйендік. Айталық, Ахметова Э. Б., Баймағанбетова Қ. Т., т. б. «Географияны оқыту әдістемесі» пәнінен дәрістік оқу курсы, Аванесов В. С. Основы научной организации педагогического контроля в высшей школе. Учебное пособие. Аванесов В. С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме, т. б.

Зерттеу әдістері . Жұмысты зерттеу барысында материал жинау және өңдеу, топтау, жүйелеу, көрнекілік-демонстрациялық, талдау, тәжірибелік бақылау әдістері қолданылды.

1. Бақылау формасы ұғымына түсінік және оқу үдерісінде білім мен білікті бақылау

1. 1 Бақылау ұғымына түсінік және бақылау функциялары

Оқытудың өнімділігі оқушылардың санына, оқудың сапасына, сыныптың толықтығына, заманауилығына, тереңдігіне, бақылаудың объективтілігіне тәуелді болуы - дидактикалық үдерістің жалпы заңдылығы. Қазіргі теорияда «баға», «бақылау», «тексеру», «есепке алу» және осылармен байланысатын басқа да ұғымдардың анықтамасына әлі де енгізілген алғышарттары жоқ. Бұл ұғымдар өзара араласып, алмасып кейде бір мағынада, кейде әр түрлі мағынада қолданылады.

Ортақ түсінік ретінде «бақылау» алынады.

Бақылау -білім алушылардың білімін, біліктілігін анықтау, өлшеу және бағалау. [2]

Анықтау мен өлшеуді тексеру деп атайды. Сондықтан тексеру - бақылаудың құрамдас компоненті, мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнататын, педагогтың оқу материалын меңгеру деңгейі туралы объективті ақпарат алу, білімнің жетіспеуін және үзілістерін уақытында анықтау болып табылатын негізгі дидактикалық функция. Тексеру тек оқушылардың білім деңгейі мен сапасын ғана анықтау емес, сонымен қатар оқу еңбегінің көлемін анықтау мақсатына ие. Бақылау құрамына тексеруден басқа бағалау (үдеріс ретінде) және баға (нәтижесі ретінде) кіреді.

Білім, білік және дағдыны бақылау, басқару теориясы тұрғысынан жеке тұлғаны кәсіби дамуын басқарудағы кері байланысты қамтамасыз ететін басқару функциясы ретінде қарастырылады.

Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау - оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.

Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды. Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.

Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.

Тексерудің және бақылаудың жүйелілігі арқылы мұғалім оқушылардың тәртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.

Білім алушылардың білімін, біліктілігін және дағдысын тексеру және бағалау оқыту үдерісінің маңызды құрылымдық компоненті болып табылады және оқытудың жүйелілік, бірізділік және тұрақтылық принциптеріне сәйкес оқытудың барлық кезеңдері бойы жүзеге асырылу қажет.

Білім, білік және дағдыны бақылау - оқу процесінің ең маңызды элементтерінің бірі.

Оқу процесінде білім, білік және дағдыны бақылау бірқатар функцияларды атқарады - бақылау, оқыту, дамытушылық, тәрбиелеушілік және әдістемелік.

Бақылау функциясы : бақылау көрсеткіштері оқу нәтижесін талдау үшін басты себебі болып табылады. Бақылау мәлеметтері білім алушының іс-әрекет бағасын және нәтижесін қарастырып қана қоймай және де барлық білім беру мекемесінің оқу-тәрбиелік жұмысының жағдайын талдайды.

Оқыту функциясы : бақылау тапсырмаларын орындауда алынған білім нақтылау, толықтыру, түсіну арқылы қайталау және шоғырландыру жүзеге асырылады.

Бақылау оқу іс-әрекетін ұтымды ұйымдастыруға үйретеді.

Дамытушы функция : бақылау білім алушының тұлғалық, оның танымдық қабілеттерінің дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Кез келген бақылау формасы адамнан жұмысқа жоғары назарын, жадының, ойлауын, қиялын, бар білімін жүйелеп салыстыра алуын талап етеді.

Тәрбиелеуші функция : оқушыға өздік ұйымдасуға көмектесіп, өз бойындағы күшті және әлсіз жақтарын анықтауға көмектесу. Оқушы білімін бақылауда тәрбиелік функция дұрыс ұйымдастырылса, оның білімге деген сезімдік, бағалаушылық қатынасын арттырады.

Әдістемелік функция : мұнда бақылау тек білім алушыны ғана емес, педагогты да үйретіп, оған өз қателіктерін көруге мүмкіндік бере отыра, оқытудың тиімді түрін таңдауға көмектеседі. [2]

Бақылау - тәртіптің мәні мен мазмұнын анықтау үшін қолданылатын жүйелі және бағытты психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісі.

Педагогика саласындағы зерттеудегі бақылау екі қызмет атқарады:

  1. теориялың зерттеуді эмпириялық ақпаратпен қамтамасыз ету;
  2. теорияның тәжірибедегі тепе-теңділігі мен шыншылдығын тексеру. [2]

Бақылау әдісі - ұзақ мақсатқа бағытталған және жоспарды қабылдауға негізделген педагогикалық үрдіс танымының әдісі.

Бақылаудың негізгі міндеті - тәжірибе мәселесіне жауап беретін ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегідей алдын-ала белгіленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкіндік береді.

Алайда, бақылау алға қойылған сұраққа анық жауап бере алмайды, олар тек эмпириялық таным тудырады. Эмпириялық білім толық түрде анық емес, дәлелсізі көбінесе қате болады. Педагогикалық ғылымнын міндеттері осы кемшіліктерді жеңу, педагогикалық білімді тереңдету, нақтылау, дәлелдемелі қылу, себебі осыларға сүйене отырып педагогикалық үрдіске одан да тиімді түрде басқару жүргізу.

1. 2 Білім, білік және дағдыны бақылау формасының түрлері

Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең таралған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделікті, аралық, қорытынды деген түрлерін көрсетеді. Ал Г. И. Щукина - күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан көзқарастарын білдіреді. Е. А. Дмитриев - күнделікті, тақырыптық және қорытынды деп бөледі.

Педагогика саласының профессорлары Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев «Педагогика» оқулықтарында тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлген. [3]

Күнделікті бақылау - оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.

Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.

Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламарларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерінің өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелердің оқушылардың есіне салады.

Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бақылаудың үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сонда оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды. Баға балл есебінде көрсетіледі. [3]

Оқу процесіндегі қадағалау əртүрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы əдістермен атқарылады. Педагогикалық тəжірбиеде қадағалаудың бірнеше түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды жəне өтілген материал ізімен . [4]

Бастапқы (диагностикалық) бақылау білім беру процесін табысты басқару үшін қажет. Білім алушының бастапқы даярлық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, соның негізінде оқу материалының рұқсат етілген күрделілігін бағыттайды. Бастапқы бақылаудың талданған деректері оқытушыға оқыту әдістемесіне, дидактикалық материалдарға және т. б. өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Алдын-ала қадағалау - əдетте, диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Ондағы мақсат - оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дəрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-ала қадағалау нəтижесінің негізінде мұғалім оқу жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады. Алдын ала тексеру тақырыпты, бөлімді немесе курсты түсіну бұрынғы оқу материалдарын білуге байланысты. Егер мұғалімде ол туралы ақпарат жоқ болса, онда ол одан әрі оқыта алмайды, қажетті ақпаратты мұғалім бастапқы білімдерді тестілеу арқылы алып, қол жеткен деңгейді анықтайды. Бұрынғы нәтиже мен қазіргіні салыстырып, білім, іскерліктің қандай деңгейде екенін біліп, процестің тиімділігін талдап, өз оқушыларының жетістігіне қосқан үлесі туралы қорытынды жасайды.

Білімдену процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика - бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау. [4]

“Диагностика” түсінігінің мəні “білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс - тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар - бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.

Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды.

Диагностикалаудың маңызды бөлігі - бұл қадағалау . Қадағалау - білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру - бұл білім, ептілік жəне дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет - қимылдар жүйесі. [4]

Мəн - мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу əрекеттерінің нəтижесі жөніндегі мəліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шəкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын байқастырады. Қадағалау нəтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қаншама дəрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процес мүмкіндіктерін оқыту - оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.

Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пəн бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тəртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.

Тексеруден диагностикаға көшу. Оқытудың әр бөлігін оқып-үйренуді аяқтаған соң оның нәтижелерін білу үшін диагностика қолданылады.
Диагностика - оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі.

Мектептегі диагностиканық міндеттері :

  • оқушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының жұмысы, дамуы) ;
  • оқыту процесінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білуі, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу) ;
  • тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін, адамгершілігін) . [4]

Неге тексеруден гәрі диагностика туралы көп айтылуда? Дәстүрлі тексеру әдістері неге қайта қаралуда? Бұл оқу-тәрбие процесін ізгілендіруге байланысты.

Егер өткен тәрбиеде талдау, тексеру және бағалаудың объектісі оқушының еңбегі болса, енді жаңа жағдайда мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі, оның нәтижелері талданады. "Енді жоспарланған көрсеткішке неге толықтай жете алмадық?" - деген сұраққа жауап беру керек. "Оқыту процесі тиімді болу үшін не істеу керек?" - деген сұраққа диагностика жауап береді.

Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді. Оқушының еңбегі мұғалімнің еңбегімен бірге талданып, оқушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі. Мұғалімнің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру оқушының "оқығым келмейді" деген пікірімен санаспайды. Ал диагностика онымен санасады, оқушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады. Мысалы, тексеру арқылы 6-сыныптың оқушысы барлық тапсырманы дұрыс орындағаны анықталады. Мұғалім оған "өте жақсы" деген баға қойды және мадақтады. Процесс те, нәтиже де жақсы сияқты. Тек қана диагностика оқушының "өте жақсы" баға алғаны есте сақтау қабілетінің жақсылығынан екендігін, бірақ оның ақыл-ой жұмысына қабілеті нашарлығын анықтайды. Мұғалім кемшілікті жою мақсатымен оқушыға түрлі тапсырмалар береді.

Дәстүрлі тексеру нәтижелерді бағалап, олардың себептерін түсіндірмейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерліктері тексеріліп бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады. Диагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, оқушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл-ойды, т. б. зерттеу, жеке оқушылармен жұмысты жобалау әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте қолданылатын диагностика педагогикалық қатынастар жүйесіндегі оқушыны (сыныпты) жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы.
Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет етіп, мектепте жақсы қарым-қатынас орнатады. Диагностика оқушыларды "орташа", "үздік" деп бөлмей, олардың мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл, толық болу керек. Барлық мұғалімдер гуманистік идеяларды мойындағанда ғана диагностика арқылы әрбір оқушы туралы ақпараттар жиналып, оның қабілетін, дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалады.

Оқушылардың білімдерін тексеру, бағалаумен байланысты әлі шешілмеген мәселелер көп. Гуманистік педагогикада бірінші орында оқу тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпараттар алудың тәсілі, мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижелерін көтеру жолдарын табу үшін талдайтын диагностика тұрады. Диагностика керекті ақпаратты алудың қосымша тәсілі ретінде тексеру және бақылауды қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Білімді бақылау формасы
Оқытудың белсенді оқыту әдістері
БЕЙІНДІК МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Білім берудегі электронды басылым мен ресурстардың әдістемелік талаптары Мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктерін көтеру
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
Педагогтардың кәсіби құзіреттілігі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты тақырыбындағы қалалық педагогикалық оқу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz