Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының шығысқа шығарылуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

экономика, бизнес және құқық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: “Бухгалтерлік есеп ”

Тақырыбы: “Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражат есебі және құжаттауы”

Мамандығы: 1305000 «Ақпараттық жүйелер»

Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің ИС-41к топ студенті

Жантураев Диас Есманұлы

Қарағанды 2021

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1. 0 Ақша қаражаты4

1. 1 Ақша қаражатының түсінігі4

1. 2 Кәсіпорындағы касса және кассадағы ақша қаражаты түсінігі6

2. 0 Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы8

2. 1 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі8

2. 2 Кассадағы ақша қаражаты қозғалысын құжаттық рәсімдеу 15

2. 3 Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша есеп беруді

тапсыру әдісі19

2. 4 Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының кіріске алынуы 22

2. 5 Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының шығысқа шығарылуы25

2. 6 Кассадағы ақша қаражатының синтетикалық және талдау есебі25

Қорытынды 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі31

Қосымшалар32

Кіріспе

Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.

Шаруашылық субъектінің кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ ақша құжаттарын (бағалы қағаздар, қатаң есеп берілетін бланкілер) сақтау, қабылдау және беруге арналған.

Кассада қол ақшаны сақтау, қабылдау және беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекітетін кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Әрбір шаруашылық субъектісі қол ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін кассасы болуы керек. Касса - бұл қол ақша қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субъекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау кезінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасалмаған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді.

Кәсіпорын кассасы қажет болған жағдайда оны сақтандыру ұйымдары сақтандыруы мүмкін.

Ақша қаражаты - кәсіпорын кассасындағы қолма-қол және ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары.

Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) - бұл ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салынатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.

Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алынған мағлұматтың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржылық жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражат қозғалысының есебі №7 ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 7 бөліміне сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.

Ақшалай қаражат қозғалысының ішкі бақылау жүйесі - активтерді қорғау, субъектілердің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар. Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ақшалар - шаруашылық қызметі өлшемі мен есебінің ағымдағы қаржылық ақпараттың негізгі бірлігі.

Курстық жұмыстың мақсаты - ақша қаражатының кәсіпорын үшін маңызын талдау, оның кәсіпорында жүргізу тәртібі мен қозғалысын құжаттық рәсімдеу, кассаның құрылымын талдау, кассалық кітапты жүргізу, касса бойынша есеп беру тәртібі, синтетикалық есебін талдау.

  1. Ақша қаражатының түсінігі

№2 ҰҚЕС №7 бөліміне сәйкес ақша қаражаты -ақша қаражаты, оның баламалары және ағымы болып жіктеледі.

Аталған стандартқа сәйкес ақша қаражаттарына келесі анықтама беріледі:

Ақша қаражатттары бұл - қолма қол ақшалар мен талап етілгенге дейінгі жинақтар.

Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) - бұл, қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар, тез арада ақша қаражатына айналуына мүмкіндігі бар, бірақ осының салдарынан құндылығы шамалап өзгерістерге тәуекелденеді, ол - қазыналық вексель, коммерциялық құнды қағаз, депозиттік сертификаттар.

Қазыналық вексель - 1жыл мерзімді үкіметтік пайызсыз міндеттеме. Ол жеңілдікпен сатылады, белгіленген мерзімде өтеледі.

Нарықтағы құнды қағаз - қысқа мерзімді ақша қаражатының қажеттілігін өтеуге корпорациялардың шығарылған қаражаттары.

Депозиттік сертификаттар - қысқа мерзімді инвестициялар. Қосымша ақша қаражатты қолдану үшін кәсіпорындар банктік қарыз ретінде пайдалана алады, оны - овердрафт деп атайды.

Ақша қаражатының ағымы аталған стандарт бойынша операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметтер нәтижесіндегі ақша қаражаты мен оның баламаларының кірісі мен шығысы.

Ақша қаражатының қозғалысы кәсіпорында операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерден туындайды.

Операциялық қызмет - кәсіпорынның негізгі кіріс келтіретін қызметі.

Кәсіпорын операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының ағымын екі әдіс арқылы көрсетеді.

1. Тура әдіс - бұл әдістежалпы ақша түсімі мен жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлері анықталады.

2. Жанама әдіс арқылы таза табыс пен шығыс ақшалай емес операциялардың нәтижесін есепке алумен сипатталады.

Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалы, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, көлік-дайындау шығыстарының төлемін, несие үшін пайыз төлемдері, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

Операциялық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен түсімдер, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және басқа да табыстардан, жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төленген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және басқа шығыстарынан тұрады.

Жанама әдістер - бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығындарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс міндеттемелері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізеді.

Инвестициялық қызмет - ақша қаражатының баламаларына жатпайтын активтер мен тағы басқа инвестициялары немесе кәсіпорын өзінің инвестициялық және қаржылық қызметінен түсетін жалпы ақша түсімі мен ақша төлемдерінің түрлері туралы жеке ақпарат беріп отыруы керек. Инвестициялық қызметке мыналар жатады:

  • Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;
  • Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражттарының шығысы;
  • Қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорынға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер;

Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияларға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады. Онда ол акцияларды сатудан алынған табыс және шығыс ретінде көрінеді, сондықтан негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.

Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады. Оларға мыналар жатады:

-шығарылған акциялардан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер;

-алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаты, өз акционерлерінің акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар;

Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтер, негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу, кредиторлық қарызды кредиторларға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу; басқа кәсіпорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т. б. жатады.

  1. Кәсіпорындағы касса және кассадағы ақша қаражаты түсінігі

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы мәлім. Сол кездегі операциялардың барлығы толықтай ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңдарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіптерге сүйеніп жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

  • Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
  • Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгенділігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;
  • Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығысқа шығарылуын дұрыс есептеу;

Қазірге кезде ақша қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы кезеңдерде дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.

Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада қабілетті активтер есептелінеді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.

Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.

Ақша баламалары - бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді.

Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іссапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқа дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатпайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.

Овердрафт - дегеніміз кәсіпорынның иелігінде, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш болып есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық соиадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек көрсетілуі тиіс.

Ақшалай қаражатқа міндеттемені жедел төлеу үшін қолдануға болатын қаржы ғана кіреді. Оларға қаржылық мекемелердегі ағымдағы шоттағы қалдықтар, қолма-қол ақша қаражаты, монеталар, валюта мен субъект кассасына нақты берілетін ақшалай құжаттар (жай чектер, кассалық ордерлер, клиенттердің чектері, ақшалай аударымдар және басқа да есеп айрысу құралдары) жатады.

Мысалы, «Азияавто» жеке шаруашылық серіктестігінің өз қолма-қол кассасы бар. Себебі, біздің серіктестік автокөлік сатумен айналысқандықтан, бізде қол астымызда қолма-қол ақшаның болуы үлкен рөл атқарады. Касса - арнайы жабдықталып, дабылдатқыш орнатылған. Сонымен қатар сақтандыру ұйымдарымен сақтандырылуда. Кассада бүкіл шаруашылық операциялар тіркеліп отырғандықтан, онда арнайы ақша қаражатын сақтауға арналған сейф орнатылған. Бүкіл операцияларды тіркеп отыру үшін және ақша қаражатын қабылдап, оны шаруашылық қажеттіліктер үшін босатуға кассаға жауапты тұлға қажет. Кассаға жауапты тұлға - кассир болып саналады. Кассирді жұмысқа алмас бұрын, шаруашылық серіктестігі мен жеке тұлғаның арасында келісімшарт жасалынады. Яғни, сол келісімшарт бойынша жеке тұлға кассир ретінде жұмысқа алынады және кассаға жауапты тұлға болып саналады. Яғни, ЖШС «Азияавто» кассирі Муканова К. М. Кассада жүргізілетін барлық шаруашылық операцияларды тіркеу соның мойнында.

2. 1. Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі

Ақша қаражатын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.

Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.

Кассадағы операциялар есебі - «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

1010 - «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша»

1020 - «Кассадағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары» шоттарында жүргізіледі.

«Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының» есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС) .

«Ануар» ЖШС кассасында наурыздың бірі күні төмендегідей шаруашылық операциялар жүргізілді.

Сальдо (қалдық) 01. 03. 06. - 600 000тг.

Күні
Операция мазмұны
Дебет
Кредит
Сома
№: 1
Күні: 01. 03. 06
Операция мазмұны:

ККО-1. Дүкеннен түскен түсім жазылады.

ҚҚС.

Дебет:

1010

1010

Кредит:

6010

3130

Сома:

51200

8192

№: 2
Күні:
Операция мазмұны:

ККО-2. Чек №378510 бойынша

Бухгалтерлік есеп шоттарынан іс-сапар шығындары үшін ақша алынды.

Дебет: 1010
Кредит: 1040
Сома: 98200
№: 3
Күні:
Операция мазмұны: ШКО-3. Алимжановқа есебі берілетін материалдық құндылықтар алуға ақша берілді.
Дебет: 1250/2150
Кредит: 1010
Сома: 57250
№: 4
Күні:
Операция мазмұны: ШКО-4 Ахметовқа демалыс ақшасы берілді.
Дебет: 3350
Кредит: 1010
Сома: 14000
№: 5
Күні:
Операция мазмұны: ШКО-5. №6 төлем ведомосі бойынша жалақы берілді.
Дебет: 3350
Кредит: 1010
Сома: 4
№: 6
Күні:
Операция мазмұны: ККО-3. Пайдаланылмаған есепті соманы Алимжановқа кассаға өткізді.
Дебет: 1010
Кредит: 1250/2150
Сома: 500
№: 7
Күні:
Операция мазмұны: ШКО-6. Рахимбековқа іс-сапар шығындары үшін ақша берілді.
Дебет: 1250/2150
Кредит: 1010
Сома: 16700
№: 8
Күні:
Операция мазмұны: ШКО-7. Әкімшілік шығындарына ақша берілді.
Дебет: 7210
Кредит: 1010
Сома: 110500
№: 9
Күні:
Операция мазмұны: ШКО-8. Материалдың бағасы төленді.
Дебет: 1310
Кредит: 1010
Сома: 7300
№: 10
Күні:
Операция мазмұны: ККО-4. Акционерлер өз үлестерін ақшалай төледі.
Дебет: 1010
Кредит: 5020
Сома: 1
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы
Бухгалтерлік есеп қағидаларынан экономикалық терминдерге қысқаша сөздік
«Қарғалы» акционерлік қоғамының ақша қаржаттарының аудиті
Кәсіпорнында ақша қаражаттарының қозғалысы мен есебінің тәртібін зерттеу
Ақша қаражаттарының есебі және аудиті
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы
Кәсіпорын нысанындағы кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды ұйымдастыру қызметтері
Кассадағы ақша қаражаттары
Ақша қаражаты қозғалысының есебі және аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz