Аюсай туристер орталығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

НАО «УНИВЕРСИТЕТ НАРХОЗ»

ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ МЕКТЕП

НОД ТУРИЗМ

ОТЧЕТ

Оқу тәжірибесінен өту туралы

«6В11103 - Туризм және қонақжайлылық» мамандығы бойынша

III курс студенті

Ташкараева Алтынай Улугбекқызы
Байланыстар: altynay. tashkarayeva@narxoz. kz

НОД практика жетекшісі: Сайдуллаев Сабыржан аға оқытушы «Туризм и сервис»

Алматы, 2022 г.

МАЗМҰНЫ

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1 «Іле Алатауы» МҰТП аумағындағы оқу-әдістемелік саяхат

2. 2 Мың көз жолымен экскурсия. «Аюсай» туристер орталығы

2. 3 Алматы қаласының музейлері

3. Қорытынды

4. Пайдала

нылған әдебиеттер тізімі

5. Қосымша

КІРІСПЕ

Бакалавриат тәжірибесі, кәсіби дайындықтың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Себебі ол оқу процесінде алған теориялық білімді игеруге, мамандықтың қажетті кәсіби қасиеттерін анықтауға және, әрине, болашақ мамандықты таңдаудың дұрыстығын сезінуге көмектеседі. Осылайша, диплом алдындағы практиканың мақсаты тікелей ұйымдарда (практика базаларында) жұмыс істей отырып, алынған білімді практикада қолдану тәсілдерін тереңдетіп зерделеу негізінде таңдалған мамандық бойынша білімді одан әрі тереңдету және бекіту болып табылады. Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді қою және шешу қажет болды:

1. Туризм саласымен танысу (туризмнің қыр-сырын зерттеу) ;

2. Алматы қаласының құрылымымен, мәдени және жергілікті көрікті жерлерімен танысу;

3. Шығу туризмін терең түсіну.

Бұл жағдайда зерттеу объектісі негізінен шығу туризмі болып табылады. Бізге үш зерттеу нысаны ұсынылды:

1. "Іле Алатауы" МҮТП аумағындағы оқу-әдістемелік саяхат;

2. Мың көз жолымен экскурсия. "Аюсай" турист орталығы;

3. Алматы қаласының мұражайлары.

Оқу практикасының мақсаты студенттердің туризм мамандығын тереңірек түсінуі болды. Гидтер мен экскуросоводттардың жұмыстарының ерекшеліктерін білу және түсіну. Маршрут құру барысында, қалай дұрыс құру керек және олардан адасып кетпеу үшін не істеу керек. Әр туристтің міндетті түрде қандай құрал-жабдықтары болуы қажет және олар қандай төтенше жағдайларға дайын болуы керек. Барлық осы нюанстарға біз тиісті назар аударып, олардың қаншалықты маңызды екенін түініп үйренеміз.

1 «ІЛЕ АЛАТАУЫ» МҰТП АУМАҒЫНДАҒЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК САЯХАТ

Іле Алатауы-ірі Алматы қаласының оңтүстігінде орналасқан биік тау жотасы. Күнгей Алатауымен және олардың арасында орналасқан Шілік-кемін бөгетімен бірге Солтүстік Тянь-Шань тауларын құрайды. Іле Алатауы 280 км-ге созылып жатыр. Жота Шу өзенінің батысынан басталып, шығысқа қарай Шелек өзеніне дейін созылып жатыр, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай жерлерінен өтеді.

Алматының жанында Іле Алатауының солтүстік сілемдерінде бірегей мұз айдыны орналасқан. Ол Медеу шатқалында 1691 м биіктікте салынған және оның есімімен аталады. Альпілік кешен қысқы спорт түрлері үшін пайдаланылады және ауданы 10 500 м2 жететін әлемдегі ең үлкен жасанды мұз алаңына ие. 2200-2500 м биіктікте, Медеуден жоғары танымал Шымбұлақ тау шаңғысы курорты орналасқан. Мұнда Іле Алатауының солтүстік сілемдерінде 8 жол төселген, олардың биіктігінің жалпы айырмашылығы 900-1000 м құрайды.

Іле Алатауы өзендерінің қоректену сипаты мен бастауларының орналасуы бойынша олар үш түрге бөлінеді: биік таулы-мұздықты, орта таулы және төмен таулы. Ең ірілеріне бірінші типтегі өзендер жатада, олар- Шамалған, Қаскелең, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы, Талғар, Есік, Түрген. Өзендердің қанығуының негізгі бөлігі мұздықтар және де олардың өте терең болу себебі, оларға көптеген ұсақ тау өзендері құяды. Орта тау өзендері теңіз деңгейінен 3000 метрден кем биіктікте орналасқан. Орта тау өзендері атмосфералық жауын-шашынмен және жер асты суларымен қоректенеді. Олардың ұзындығы 15-20 км-ді құрайды. Іле Алатауындағы ең ірі және танымал көлдер ол үлкен Алматы көлі мен Есік көлі.

2 МЫҢ КӨЗ ЖОЛЫМЕН ЭКСКУРСИЯ. «АЮСАЙ» ТУРИСТЕР ОРТАЛЫҒЫ

Практиканың екінші бөлімі Аюсай визит центрніне бару болды. Аюсай қазақ тілінен аударылғанда Тянь-Шань қоңыр аюларының негізінде "аю шатқалы" немесе "аю жырасы" деп аударылады. Барлық үш сарқырама да аттас шатқалда орналасқан, олар үлкен Алматының сол саласы - Аюсай өзенінен құралады. Аюсай сарқырамаларына апаратын жол, ашық аспан астындағы әуесқойлардың көпшілігіне қол жетімді және әр туристке қызықты маршрут ұсынады - алдымен күн шуағы, содан кейін өзен бойындағы тыныш тоғайлар мен қылқан жапырақты ағаштар арқылы серуендеу, соңында жартастары бар жартылай биік тар каньон.

Біздің сапарымыз 02. 05. 2022 жылы, таңертең сағат 10. 00-де басталды. Ең алдымен біз Аюсай сапар орталығына жолға шықтық. Аюсай сапар орталығы қалаға жақын орналасқан, себебі біз сағат 10. 35-те эко постты өтіп, 10. 50-де Аюсай сапар орталығына жеттік. Аюсай сапар орталығында біріншп бізге дәріс оқумен басталды. Мысалы маршрут жоспарын қалай құру керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді. Яғни біз жылдың әр уақытында, уақытты қалай есептеуіміз керек, таудан қандай белгілі бір уақытқа дейін түсу қажет. Сондай-ақ құтқарушылардың, жедел жәрдемнің қандай телефон номерлері бар. Тауға жорыққа шыққанда, қандай киім, құрал-саймандар кажет екенін, бәрін айтып түсіндірді. Аюсай визит центрінің жан жағында неше түрлі жануарар өмір сүреді, мысалы: аю, қар барысы, қабан және тағы басқа жануарлар.

"Аюсайда" үш тұрақты маршрут бар, олар:

Мың көз жолы-бұл жаңадан келген туристер үшін ең оңай бағыт, балалар мен физикалық дайындығы жоқ адамдар үшін өте қолайлы. Бірақ жеңіл-скучно дегенді білдірмейді, соқпақта туристерді жұмбақ артефактілер күтеді, олардың авторы белгілі қазақстандық суретші Санжар Жұбанов болып табылады;

Жапон жолы - бай және жұмбақ тарихы бар және өте қызықты флорасы бар орташа күрделі маршрут;

Аюсай сарқырамалары-орташа күрделі маршрут. "Аюсай" шатқалында үш сарқырама бар, туристер бірінен екіншісіне көтеріледі.

Біздің топ мың көз жолынан жүріп өткен болатын. Ол соқпақ "Іле Алатауы" ұлттық саябағының қақпасы ретінде қызмет ететін "Аюсай"визит-орталығынан басталады. Бұл жолдың мың көз деп аталған себебі жол жүру барысында тастарда көптеген жануардардың бейнеленген бейнесі бар. (2, 3-сурет) . Мың көз жолымен жүріп, туристтердің маршруты қандай болатынын білдік. Мың көз жолына 11. 55-те жолға щығып, сағат 12. 55-те арта қарай сапар орталығына қайттық. Сапар орталығымен танысу барысында біз «Тамыр» еріктілер ұйымының Алишер атты басшысымен таныстық. Танысу брысында Алишер осы жолға қалай түскені туралы, қандай қиындыөтардан өткені туралы қызықты етіп айтып берді. Содан соң біздің топ мүшелерінің арасында кішігірім палатка жинаудан жарыс ұйымдастырды. Саяхатымыздың келесі нүктесі «Медвежий водопад» болды. Аюсай шатқалында бір-бірінен қысқа қашықтықта орналасқан үшсарқырама бар. Төменгі сарқырамаға дейінгі жол небары 700 метрді құрайды. Оның биіктігі шамамен 5-6 метр, дегенмен ол өзінің бірегейлігімен таң қалдырады. Көркем маршрут тіпті тауларды сүйетіндерді өсімдіктер әлемінің, шыршалар мен гүлдермен көмкерілген өрістердің көптігімен таң қалдырады. Әр маршрут өзінің сұлулығымен таң қалдырады. Аюсай сарқырамаларына апаратын жолдың басты ерекшелігі-ол қалаға жақын орналасқан, сондықтан туристер мен демалушылар үшін қол жетімді. Тіпті ең ыстық күнде сарқырамалар салқын температура мен ылғалдылыққа ие. Аюсай шатқалы туристерге өзінің барлық көркем табиғатын көрсетеді.

Жапон жолы- жапон жолының тарихы ерекше және ХХ ғасырдың ортасынан басталады. Тарихқа сәйкес, 1945 жылы тамызда Жапон армиясын «Маньчжурия»-да КСРО әскерлері талқандады. Содан кейін тұтқыға жарты миллионнан астам жапондықтар алынды. Сонда Қазақстан Коммунистік партиясының ОК жапон әскерлерін түрлі қалаларға, 50 мың адамнан бөліп, жіберді. Тұтқындар инфрақұрылым нысандарын, соның ішінде Үлкен Алматы шатқалындағы ГЭС каскадын салуға тартылды. Қазір бұл құбырлар 1959 жылы іске қосылған және шағын су электр станциялары каскадының құрамына кіретін Алматыдағы №2 ГЭС-ке жатады. Сондықтан да осы жол Жапон долы деп бұрыннан аталып кеткен.

Туристтер орталығына келетін болсақ, бұл бірінші туристік орталық бол ашылған. Визит-орталық модульдері экологиялық материалдардан - отандық өндірістің ағаш құрылымдарынан жиналған. Олардың негізі металл байланысы бар бұрандаларда бетонды қолданбай жасалған. Жобаны белгілі Сингапур сәулетшісі дайындады. Мұнда Wi-Fi мен де қолдануға болады. Бүгінгі таңда сапар орталығында кәсіби гидтер мен альпинистер жұмыс істейді.

Экскурсиядан басқа, визит-орталықта үнемі шеберлік сыныптары, квесттер, дәрістер өткізіледі, биыл олар мұнда кино түндерін өткізе бастады, шегіністер мен ойын-сауық пен қарым-қатынастың басқа да қызықты форматтарын өткізуді жоспарлап отыр. Мысалы, соңғы уақытта компаниялар табиғатта тимбилдингтер, басқа да команда құру іс-шараларын өткізе бастады. Сонымен қатар, кез-келген іс-шараның тұжырымдамасы міндетті түрде экотуризм саласындағы адамдарды тартуды қамтиды.

3 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МУЗЕЙЛЕРІ

Алматы қаласының мұражайлары. Біз барған бірінші мұражай Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар мұрадайына бардық. Жалпы Ықылас Дүкенұлы қазақтың атақты күйші, қобызшы, компазиторы. Бұл 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында орналасқан халық музыкалық аспаптар мұражайы. Мұражайда Абай, Біржан, Құрманғазы, Махамбет, Шашу-бай, Дина, Қазанғап, Нартай, Кенен, Сейтек, Мұрын-жырау, Қызыл-жырау, Жамбыл, Бөлтірік-жырау, А. Жұбанов, Ә. Қашаубаев, А. Хасенов, Д. Мықтыбаев сынды атақты әншілер мен композиторлардың музыкалық аспаптары қойылған. Мұражайда домбыра, қобыз, сырнай және басқа елдердің мәдениетін көрсететін әр-түрлі аспаптар сақталуда. Музыкалық аспаптар мұражайы бірнеше залдан тұрады:

Халық музыкасының қайнар көзі-түркі халықтарының музыкалық аспаптарының тарихы;

Аспаптар - шеберлер залы-"Аңыз домбыра"аспаптарды дайындау бойынша бірінші республикалық Шеберлер байқауының жүлдегерлері;

Қобыз залы(5-сурет) ;

Түркі халықтарының музыкалық аспаптар залы-14 түркітілдес елдің 27 музыкалық аспаптары;

Әлем халықтарының музыкалық аспаптар залы-әлемнің 27 елінен 81 музыкалық аспап.

Бірінші зал - "кіріспе" - қазақ аспаптарымен танысуға арналған зал. Бұл залда ең көне аспаптар - қобыз, керней - әскери мақсатта, әскерді шабуыл туралы құлақтандыру үшін пайдаланылған үрмелі аспап, саздан жасалған үрмелі аспап - ұлдек, шамандық таяқ, салттық билердің басты атрибуттарының бірі - асатаяқ және үлкен барабан - дабыл сақталған. Мұнда аспаптардан басқа 1983 жылы Жезқазған облысынан табылған бишілер мен "Таңбалы тас" домбырасы бейнеленген тастағы петроглифті көруге болады.

Келесі зал ол «Қобыз залы» (6-сурет) . Қобызбен байланысты көптеген аңыздар бар: біреулер аспап тірі әлемді өлгендер мен рухтар әлемімен байланыстыруы мүмкін деп айтса, біреулер эмоцияны, атап айтқанда, қайғы мен ауыруды жеткізу үшін құралды пайдаланған. Мұражай экспозициясында қыл қобыз бен нарқобыздың да мысалдары бар. 16 ғасырдағы бақсы Жарастың ең көне қобызы - нарқобызы музейде ерекше күйде ұсынылған. Сондай-ақ мұражайда Мекенбай Қойбағарұлы, Зерегүл және күйші қобызшы Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев, Әукен Байбосынов және т. б. бақсы қобыздарын көруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қора өзенінің бастауындағы мұздықтардың туристік-рекреациялық маңызы
Су туризмі
Туризм – мүмкіндігі мол сала әрі қаржы көзі
Тау туризмі
Экскурсиызық іс-әрекеттің теориялық астары мен жүргізу әдістеріне талдау
Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турлар ұйымдастыру жолдары
Емдеу - сауықтыру туризмінің құрылымындағы медициналық туризмнің орны
Шілде айының орташа температурасы
Баянжүрек тауының археологиялық ескерткіштері
Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz