Құрылыс тасқындарын құрастыру ережелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
1-БӨЛІМ ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Мерзімдегі жоспарлау негізгі мәліметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2-БӨЛІМ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ БАС ЖОСПАР ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .7
2.1 Құрылыс бас жоспарын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
3-БӨЛІМ ТАСҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
3.1 Тасқынды құрылыстың негізгі түсініктері мен мағлұматтары ... ... 10
3.2 Құрылыс тасқындарын құрастыру ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ..14
4-БӨЛІМ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАР ... ... ... .. 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 24

КІРІСПЕ
Құрылыс жұмыстарының өндірісін жобалаудың басты сметалық жүйелерімне танысу шараларын қарастыру.
ХХІ ғасырдың басында Қазақстан 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық дамуды іске асыруда. Осы дамудың құрамдас бөлігі, тұрғын үй құрылысының мемелекеттік бағдарламасы болып табылады. Тұрғын үй бағдарламасы - Қазақстанның 2030 жылдарға дейінгі даму стратегиясын іске асыруға, жақын арада Қазақстанды нағыз құрылыс алаңына айналдыру, құрылыс индустриясын қарқынды өсіруге мүмкіндік береді, еліміздің жалпы экономикалық өсуін қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда республикамызда құрылыс саласы қарқынды дамып келу үстінде. Тек Астанада ғана емес тіптен Республикамыздың барлық өңірінде құрылыс жүргізілуде. Қай қала болмасын барлығы да құрылыс жүргізіп бұрынғы ғимараттарын жаңарту үстінде.
Қазіргі заманғы құрылыс дегеніміз, бір-бірімен үйлесіп жатқан әртүрлі күрделі жұмыстар кешені. Уақытты үнемдеу талаптарын орындау үшін жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру деңгейін көтеру - қазіргі күн талабында тұрған мәселе. Ғылыми түрде ұйымдастырудың негізгі ережелері мен нормаларының бірыңғай жүйесі - жұмысты ұйымдастыру, жобалау, құрылысты жоспарлау және басқару болып табылады. Жұмыс көлемдерінің ұлғаюы, нысандардың күрделенуі, жұмыстың тасқындық әдістемелік орындалуы үнемі жетілдіруді талап етеді.
Күрделі құрылыс - халық шаруашылығының материалдық шығыны көп салаларының бірі. Қазақстанның өтпелі нарық кезеңіндегі халық шаруашылығында күрделі құрылыс саласының алатын орны ерекше. Бұл саланың тау-кен қазба байлықтарына, мұнай көздерін игеруге, сонымен қатар еліміздің алуан шаруашылық өнімдеріне сұранысы жылдан-жылға артуда.
Ғылыми техникалық прогрестің үдеуі халық шаруашылығының барлық салаларының дамуы, халықтың күнделікті өмір сүру деңгейінің жақсара түсуі күрделі құрылыстың техникалық деңгейінің жоғарылауына тікелей байланысты. Осыған сәйкес соғылатын немесе жаңартылатын үйлер мен ғимараттардың жобаларын дайындағанда ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын негізге алу керек, ал іске қосар алдында осы өндірістік, тұрғын және қоғамдық үйлер мен ғимараттар бүгінгі күн талаптарына сәйкес болуы және құрылыс - жинақтау жұмыстарының қысқа мерзімде жүзеге асырылыуы қамтамасыз етілуі керек.
Технологиялық карта жұмыс өндірісін жобалау құжатының құрамына кіреді.Ол құрылыс құрастыру жұмыстарының қайталанатын түрлерінің ұтымды және тұрақты өндіру жобасына орнына немесе оған қосымша болып пайдаланылады.
Технологиялық картада құрылыс-құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру үлгісі, жұмыс өндірісінің тәсілі, жүйесі және еңбекті ұйымдастыру туралы негізгі ережелер, жұмыстарды орындау графигі, негізгі материалдық-техникалық қаржы және құрал-саймандарының қажет кестесі, еңбек шығынының калькуляциясы, қабылданған жобалық шешімдердің және техника экономикалық көрсеткіштердің дәлелдері бар түсінітеме кіреді.
Жұмысты жүргізу әдістеріне ғимараттардың бірқатар құрылымдық ерекшеліктері әсер етеді: бір қабатты, аз және көп қабатты, биіктіктік, кірпішті ірі панельді, ұсақ және ірі блокты және т.б.
Құрылыс өнімі өнеркәсіптік өніммен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктерге ие:
- салынып жатқан ғимарат қозғалыссыз бір орында тұрады, ал жұмысшылар объекттер, қабаттар,қабат ішіндегі бөлімшелерде орын ауыстыра алады;
- ғимарат құрылысының ұзақтығы айларды құрайды, кейде жылдарға созылады;
- ғимарат көлемі, өлшемдері, күрделілігі және жұмысты ұйымдастыру дәлдігі бойынша әртүрлі болады;
- құрылыс өнімін жасау процесінде құрылыс ұйымдарынан басқа көптеген ұйымдар мен кәсіпорындар қатысады (жобалау, тасымалдау ұйымдары, құрылыс материалдарын және бөлшектерін дайындайтын зауыттар және т.б.).
Құрылыс өндірісі құрылыс процестерінен тұрады. Құрылыс процестері негізгі, қосымша және тасымалдауыш болып бөлінеді.
Негізгі процесті орындау нәтижесінде құрылыс өнімінің элементі пайда болады. Қосымша және тасымалдауыш процестер негізгі процестің дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді.
Кез келген құрылыс процесіне қатысады: жұмысшылар, еңбек заты (материалдар, конструкциялар) және еңбек құралы (құрылыс машиналары, құралдары).
Өндірістің күрделілігіне байланысты құрылыс процестері жұмысшы (қарапайым) және кешендік (күрделі) болып бөлінеді.

1-БӨЛІМ ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Мерзімдік жоспарлау негізгі мәліметтері

Өндіріс жұмыстарының мерзімдік жоспары - жалпы құрылыстық арнаулы және құрастыру жұмыстарының реттілігі мен ұзақтығын үйлестіру және жұмыс процестерін мүмкіндігінше қатар жүргізу, олардың орындалу мерзімін реттеу, құрылыс машиналарының нормативті уақытын, еңбек ресурстары мен механикаландыру құралдарына деген қажеттілігін анықтау үшін жасалады. Ол негізгі құжат есебінде құрылысты ұйымдастыру мен жұмыс өндірісі жобаларының құрамына енгізіледі, сондықтан да оның негізгі көрсеткіштерінің құрылымы, құрамы және нақтылану деңгейі жобалық құжаттардың қандай мақсаттарға арналғанына байланысты болады.
Жұмыс өндірісі жобасының құрамындағы мерзімдік жоспарды жасау үшін қажет бастапқы мәліметтер қатарына мыналар жатады:
- құрылыстың мөлшерлі ұзақтығы немесе нұсқаулы тапсырма;
- жұмыс сызбалары мен сметалар;
- негізгі мамандықтар мен кәсіптік шеберліктері бойынша кадрлармен, өндірістік-техникалық жинақтар мен құрылыс жүктерін тасымалдау, қолда бар механизмдердің мәліметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі шарттар.
Мерзімдік жоспарлау негізінде жұмыс барысына бақылау жасалады және орындаушылардың жұмыстары үйлестіріп отырылады.
Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары екі бөлімнен тұрады: сол жақтық - есептік және оң жақтық - графикалық. Графикалық бөлімі сызбалы немесе тор көзді болуы мүмкін.
Жұмыс көлемі - жұмысшы орындары мен сметалар анықталып, бірыңғай мөлшерлер мен БМБ-де қабылданған бірлікпен бейнеледі. Егер еңбек сыйымдылығы өнімділік бойынша есептелетін болса арнаулы жұмыстар көлемі күн түрінде (смета бойынша) анықталады, ірілендірілген көрсеткіштерді пайдаланғанда - оларға сәйкес келетін өлшемдермен есептеледі.
Кез келген құрылыс процесіне қатысады: жұмысшылар, еңбек заты (материалдар, конструкциялар) және еңбек құралы (құрылыс машиналары, құралдары).
Өндірістің күрделілігіне байланысты құрылыс процестері жұмысшы (қарапайым) және кешендік (күрделі) болып бөлінеді.
Жұмыс процесі деп орындаушының бір құрамымен орындалатын технологиялық байланысқан жұмыс операцияларының қосылысын айтады, мысалы қабырға панельдерінің монтажы, жабын плиталарын салу және т.б.
Кешендік процесс деп өзара ұйымдастырушылық тәуелділікте болатын және соңғы өнімнің бірлігімен байланысқан бірмезгілде орындалатын процестер қосылысын айтады.
Мерзімдік жоспар тас және құрастыру жұмыстарын қатарлап өндіруге жасалады.Жұмыстар номенклатурасына негізгі, қосымша және қосалқы жұмыстардың барлық процестері кіргізіледі.
Мерзімдік жоспар жасағанда жұмыста еңбек сыйымдылығы есептеледі.Жұмыс өндірісінің ұзақтылығы жұмыстардың негізгі түрлері қосымша және қосалқы түрлеріменқосарландырып және үйлестірілгеннен соң айқындалады.
Алымдар және пайдаланатын крандар санына байланысты жұмыстар өндірісін екі немесе үш алмасуға жоспарлауға болады.Бір кран және екі алым болса негізгі жұмыстарды бірінші және екінші шаналарда орындауға болады(бірінші алмасуда-тасшылар,екіншіде-құрастыр ушылар),ал қосымша және қосалқыларды-үшінші және бірінші алмасуларда үш алымдық жүйеде-жұмыстарды тек екі сменада өндіруге болады.
Үймәретті екі кранмен тұрғызғанда олардың біреуі тасшылармен, ал екіншісі құрастырушылармен істейді.Сонда негізгі тас және құрастыру жұмыстарын екі алмасуда, ал қосымша және қосалқыларын - үшінші алмасуда орындауға болады.

2. ҚҰРЫЛЫСТЫҚ БАС ЖОСПАР
2.1. Құрылыстық бас жоспарын құру, түрлері
Құрылыс бас жоспары дегеніміз - құрылыс объектілері, бұрыннан бар үйлер мен ғимараттар, жылжымалы объектілер, тұрақты және уақытша жолдар, қоймалар, сумен жабдықтау, су әкету желілері, энергиямен жабдықтау желілері, монтаждау крандарының тұрақтары мен жүретін жолдары, құрылғлар мен технологиялық құрал-жабдықтарды ірілендіріп жинмқтайтын орындар, тұрақты және жылжымалы механикалық қондырғылар және т.б. көрсетілген құрылыс алаңының жоспары.
Құрылыс бас жоспарында материалдар мен құрылғыларды қабылдау және қоймалау үшін қажетті жағдайлар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің қауіпсіз жұмысы, объектілердің сумен және босқа қорлармен үздіксіз қамтамасыз етілуі, жұмысшылар үшін қалыпты тұрмыстық жағдай жүзеге асырылуы қажет.
Құрылыс бас жоспарын жобалағанда мынадай негізгі қағидаларды сақтау қажет:
құрылыс бас жоспарының шешімдері жобаның басқа бөлімдеріне, соның ішінде қаюылданған жұмыс технологиясына және құрылс мерзімдеріне сәйкес болуы тиіс;
құрылыс бас жоспарының шешімдері ҚНжЕ 1.03-06-2011 және ҚНжЕ 1.03-05-2001 талаптарына сай болу керек;
уақытша үйлер мен ғимараттар, коммуникациялар келесі құрылыс объектілерін салудан бос жерлерге орналастырылуы қажет;
құрылыс бас жоспарының шешімдері жүк тиеу-түсіру мөлшерін азайту, жүк тасымалдау қашықтығын қысқарту арқылы алаңдағы жүк ағымының ұтымдылығын қамтамасыз етуі тиіс;
уақытша үйлер мен ғимараттар, коммуникацияларды жасауға кететін шығындарды азайту үшін тұрақты объектілерді пайдалануға тырысу қажет;
құрылыс бас жоспарының шешімдері-жұмыстарды жүргізудің қауіпсіз жағдайлары мен өрт қауіпсіздігі ережелеріне, ал уақытша ғимараттарды орналастырғанда, оларды пайдаланудың ыңғайлылығына жауап беру керек;
уақытша инженерлік жүйенің ұзындығ ең қысқа, алайда құрылысты үзіліссіз қамтамассыз ететіндей орналастыруы керек.

Құрылыс бас жоспары жалпы алаңдық және объектілік болып екіге бөлінеді.
Жалпы алаңдық құрылыс бас жоспары кешен құрылысына немесе жекелеген бірегей де күрделі үйлер мен ғимараттар үшін жасалынады.
Бір сатылы жобалау кезінде жалпы алаңдық құрылыс бас жоспары жасалмайды.
Құрылыс бас жоспарын жасау үщін мынадай бастапқы мәліметтер қажет:
құрылыстың күнтізбе жомпары;
еңбек қорларына, құрылыс машиналарына, құрылыс құрылымдарына, өнімдеріне, материалдарына және жабдықтықтарына қажеттіліктер;
энергетикалық қорларға, уақытша үйлер мен ,һғимараттарына қажеттіліктер;
уақытша инженерлік жүйелерді орналастыру шешімдері, техникалық қауіпсіздік, табиғат қорғау және өртке қарсы шаралар бойынша шешімдері жатады.
Құрылыстық бас жоспарды жасау .шін пайдаланылатын бастапқы құжаттар:
құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамындағы құрылыстық бас жоспар шешімі;
кешенді торкөзді график немесе жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары;
технологиялық карталар, үймәреттің немесе ғимараттың жұмыс сызбасы.
Объектілік құрылыстық бас жоспарды мердігер немесе оның тапсырмасымен бірлестіктің немесе ведомстваның жобалау-технологиялық ұйымы жасайды.
Ол құрылыс шаруашылығы объектілерінің құрамын анықтау және оларды орналастыру үшін пайдаланылады.Бас жоспарда құрылыс мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз етудің жолдары да мұқият қарастырылады.Ол техникалық құжаттардың өте маңызды құрамды бөлігі және алаңды ұйымдастыру мен уақытша құрылыс көлемін реттейтін негізгі құжат болып есептеледі.
Дұрыс ойластырылған құрылыс бас жоспары едәуір деңгейде еңбек өнімділігін арттыруға, құрылыс мерзімін азайтып, құрылыс құнын қыстқартуға мүмкіндік береді.

Құрылыс бас жоспарын жобалау келесі тәртіпте жүргізіледі;
1.Құрылыстың күнтізбелік жоспары негізінде құрылыс кезеңдері бойынша еңбек, энергетика және т.б. материалдық-техникалық қорлардың қажеттілігі анықталады.
2.Қорлардың қажеттілігін есептеу негізінде уақытша үйлердің, қондырғылар мен ғимараттардың түрлері мен көлемі анықталады.
3.Уақытша құрылыс шаруашылығы элементтері орналастырылады.
4.Құрылыс алаңының шекарасы көрсетіледі.

3. ТАСҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС
3.1 Тасқынды құрылыстың негізгі түсініктері мен мағлұматтары
Тасқынды әдіс жүйелі мен жарыспалы әдістердің бірігуінен құралған, ақаулары аз болатын әдістің бірі. Тасқынды әдісте технологиялық процестер әр объектіге бөлінеді, сол объектілерде олардың жүйелі жүруін қадағалайды. Жүйелі әдісте біркелкілік, ал жарыспалыда біркелкілік емес болады. Жұмысшылар бригадасы немесе ұжымы алдымен бір үйдің жерасты конструкцияларын салу жұмысын жасайды. Осы жұмысты бітіргеннен соң, олар бірдей жерүсті конструкциясын салуға кіріспейді, екінші үйдегі жерасты жұмыстарын жасайды. Дәл осылай басқа да объектілердегі жұмысшылар бір объектідегі жұмысты бітірген соң, келесісіне көшеді. Бірінен соң бірі жүретін жүйелі әдіске қарағанда, тасқынды құрылыстың ұзықтығы аз болады (ТпотТцm). Ал ресурстардың қажеттілігі жағынан паралельді (жарыспалы) әдіске қарағанда аз, mn.
Тасқынды құру үшін: құрылыстың өндірістік жұмыстарды бірнеше процестерге бөлу; оларды орындаушыларға үлестіру; өндірістік ырғақты қамтамасыз ету; процестерді максималды түрде уақыт пен орындауды теңестіріп, бірдей бітіру.
Жүйелі әдісте барлық технологиялық циклдер бірінен соң бірі орындалады, алдымен бірінші, сосын екіншіде, үшіншіде және т.б. Цикл ұзақтылығы мұнда ұзарады.
Тасқынды әдісте әрбір технологиялық цикл алдымен бірінші алымда, сосын екінші және т.б. алымдарда орындалады. Өндірісті мұндай тәртіппен ұйымдастыру біркелкі циклдерді жүйелі және әртектілерді жарыспалы әдіспен орындауға мүмкіндік береді. Бұл қаржыны ұтымды тұтынуды қамтамасыз етеді және технологиялық циклдерді орындаудың жалпы ұзындығын қысқартуға мүмкіндік береді
Әрбір тасқынды орындалатын құрастыру процесі жеке тасқын деп аталады. Жүйелі кірістірілетін және жарыспалы орындалатын жеке тасқындар қатарларының үйлесуін құрылыс тасқыны деп атайды.
Құрылыс тасқынын жасау үшін жалпы өндірістік процесті құрастыру, циклдерге бөлшектеу, оларды орындаушылар арасында бөлу, өндірістік ырғақ жасау және құрастыру процестерін орындауын уақытпен қабыстыру керек.
Жеке тасқынның ұзақтылығы t мына байланыспен білдіріледі
t=mtа
Мұндағы m - адымдар саны;
tа - тасқын адымы (ырғағы) (осы алымдағы жеке тасқынның ұзақтылығы) немесе циклділік модулі.
Құрылыс тасқынның негізгі формуласы
Т=tа(n+m-l)
Мұндағы n - құрылыс тасқынына кіретін жеке тасқындардың саны.
Құрылыс тасқынының мерзімдік, технологиялық және кеңістік сипаттамаларын білдіретін және олардың өзара байланысын айыратын есепті параметрлері болады.
Тасқынның мерзімдік параметрлеріне мыналар жатады:
Т0 - тұтастай тасқын бойынша жалпы жұмыс ұзақтығы;
Тl -тасқын бригадаларының бір алымдағы барлық жұмыстардың орындалуының жалпы ұзақтығы;
Тбр - барлық алымдардағы әрбір жеке бригаданың жалпы ұзақтылығы;
-алымдағы бригаданың жұмыс ырғағы, бригада жұмысының ұзақтылығы;
- бір алымдағы шектем бригадалардың жұмыстары аралығындағы ұйымдық үзілістер;
-бір алымдағы шектес бригадалардың жұмыстары аралығындағы технологиялық үзілістер;
tа - тасқын адымы (ырғағы) (осы алымдағы жеке тасқынның ұзақтылығы) немесе циклділік модулі.
Технологиялық параметрлерге жататындар: жеке тасқынның саны, тұрғызылатын объект бөлінетін жеке циклдердің саны, жұмыс көлемі, еңбек сыйымдылығы.
Кеңістік параметрлерге жұмыс майданы, алым, кесінді, ярустер жатады.
Құрылыс тасқынының құрылымы мынадай технологиялық параметрлерлермен анықталады: жеке тасқындардың құрастыру сипаттамасымен және санымен. Процесті толық және жарым - жартылай бөлшектелген тасқындарды айырып таниды. Бірінші жағдайда жеке тасқынның маңызы қарапайым құрылыс процесі болады.
Нақтылы объект, оның алымы немесе учаскесі үшін жұмыс көлемі тұрақты шама болады.
Өзінің құрылымы бойынша құрылыс тасқындары мамандандырылған, объектілік және кешенділерге; ырғақтық сипаттамасы бойынша - ырғақты және әр түрлі ырғақтыға; процесс бөлшектеу тереңдігі бойынша - жарым - жартылай және толық бөлшектелгенге; даму дәрежесі бойынша - тұрақталған және тұрақталмағанға бөлінеді.
Мамандандырылған деп өнімі бір немес бірнеше үймереттердің біркелкі құралымдық элементтері әлде жұмыстың жеке түрі (жер жұмыстары, шатыр жасау, т.с.) тасқындарды атайды.
Объектілік тасқындар мамандандырылған тасқындардың топтарымен жасалады. Мұндай тасқынның өнімі - аяқталған құрылыс объектісі.
Кешенді тасқындар - жалпы кешенге біріктірілген әр типті үймереттер мен ғимараттарды құру үшін арналған объектілік тасқындардың үйлесуі. Ырғақты құрылыс тасқындары жеке тасқындардың тепе - теңдігімен немесе еселімен, әр түрлі ырғақты - әр түрлі жеке тасқындарда және олардың қайсында болса да ырғақтың жоқтығымен сипатталады.
Ырғақты тасқындарда барлық бригадалардың жұмыс ырғағы бірдей және тасқынның ырғағына тең.tа
Құрылыс тасқынының дамуында үш кезең белгілеуге болады:
тасқынның ырғағына тең уақыт аралығында бригадалар мен қажетті машиналарды тасқын жұмысына қосуға кететін уақытты тасқынның
тасқынның тұрақты жұмыс істей бастаған кезеңінде тасқын жұмысшылармен қажетінше қамтамасыз етіледі және олар тұрақты түрде жұмыс істейді;
Тасқын параметріне қарай 3 түрге бөлінеді: кеңістік, технологиялық, уақытша. Технологиялық параметрлер: жеке құрамалар саны - n; жұмыс көлемі - P, p; еңбек сыйымдылығы - Q, q; қуаттылығы - W, w.
Кеңістік параметрлеріне жұмыс алаңы, қабат, учаске монтажы, технологиялық түйін, алым,бөлгіштік (делянка) жатады.Уақытша параметрлеріне цикл модулін, циклдің монтажды модулін, құрама қабаты мен екпінін жатқызады. Құрамалардың түрлері. Құрылыста құрамаларды құрылымына байланысты - кешенді, объектті, арнайыланған, жеке; ырғақты сипаттамасына қарай - ырғақты, қысқа ырғақты, түрлі ырғақты; бөлшектеу процесінің тереңдігіне қарай - толық және жекеленген бөлшектеу; даму дәрежесіне қарай - орналастырылған және орналастырылмаған болып бөлінеді.
Жұмыс көлеміне және өндірістің қабылданған әдістеріне сүйене отырып процестерді орындаудың мерзімдік жоспарын жасайды. Мұнда олардың орындау кезектігін және мезгілін дәлелдейді, уақыт бойынша еңбек қаржысының қажеттілігін анықтайды. Мерзімдік жоспар график ретінде жасалады, онда жұмыс тізімі және көлемдері, еңбек сыйымдылығы және оны орындауға қажетті машина - смена, алмасу және күнмен ұзақтылығы, жұмысшылар саны,бригада әлде звено құрамы анықталады.

3.2 Құрылыс тасқындарын құрастыру ережелері
Құрылыс өнімдері - үймәреттер немесе олардың бөліктерін бірқалыпты шығару үшін жұмыстың үздіксіз және ырғақты жүргізілуін қамтамасыз ету, қаржы, материалдық және ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістік базаларды, құрылыс машиналарын және жабдықтарды толық іске қосу тасқынды құрылыстың міндеті болып есептеледі.
Осыған орай қажетті қазіргі заманға және кешенді материалдық-техникалық ресурстармен жабдықталған еңбек ұжымдарының (бригадалар, тасқындар) тұрақты құрамдарының ұздіксіз және бірқалыпты жұмыстарының нәтижесінде дайын құрылыс өнімдерін (салынып біткен үймәреттер, ғимараттар, аяқталған жұмыс түрлері және т.б.) жоспарлы түрде, ырғақты шығарып отыруын қамтамасыз ететін құрылыс жұмыстарын және тұтастай құрылысты ұйымдастыру мен жүргізуді тасқынды әдіс деп атайды.Жүйелі әдіс бойынша үймәрет оның алдындағы құрылыс аяқталғаннан кейін салынады.Бұл жағдайда құрылыс мерзімі ұзарады.
Жарыспалы әдіс бойынша барлық үймәреттер бір мезгілде салынады, бұл қаржылардың көп шоғырландырылуын талап етеді, ал құрылыстың жалпы ұзақтығы едәуір қысқарады.
Тасқынды әдісті қолдану кезінде үймәреттер мен ғимараттарды салудың технологиялық процесі құрама процестерге жіктеледі(жер жұмыстарының өндірісі, іргетасты орналастыру, қабырғалар мен жабындарды салу, шатырларды салу, әрлеу жұмыстары және басқалар), олардың әрқайсысын салу үшін бірдей уақыт бөлінеді және әртүрлі үймәреттерде олардың ырғақты орындалуы қадағаланады.
Тұтас құйма құралымдар жасау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
МАШИНА ЖИЫНТЫҒЫ РЕТІНДЕ ТОПЫРАҚТЫ ТАСМАЛДАУ ҮШІН АВТОСАМОСВАЛ ТАҢДАУ
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы
Ақша қаражаттарын басқару саясаты
БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТЕР ЕСЕБІ
Әлемдік тәжірибе нәтижелерін ескере отырып, қауіпті гидрологиялық құбылыстардан қорғану шараларын талдау. Сел тасқындары
Гидрологиялық есептеулер мен гидрологиялық болжаулар пәні бойынша өндірістік практика есебі
Ұйымдастырушылық құрылымды пайдаланудағы қазіргі тенденциялар
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер
Пәндер