Қызанақ жылу сүйгіш өсімдік


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Серікбай А. Б
Шымкент қаласы «КазАгроном»ЖШС-гі жылыжай кешені жағдайында қызанақты өсіру технологиясын жетілдіру
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
мамандығы 5В080100-Агрономия
Нұр-Сұлтан 2022
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Егіншілік және өсімдік шаруашылығы
Кафедрасының меңгерушісі
Б. О. Амантаев
«___»2022ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Шымкент қаласы «КазАгроном»ЖШС-гі жылыжай кешені жағдайында қызанақты өсіру технологиясын жетілдіру
мамандығы 5В080100-Агрономия
Орындаған Серікбай А. Б
Ғылыми жетекшісі Хурметбек О.
а. ш. ғ. д.,
Нұр-Сұлтан 2022
С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті КеАҚ
Агрономия факультеті
Егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасы
5В080100 - Агрономия мамандығы
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
Б. О. Амантаев
«___»2022 ж
Студент Серікбай Айгерім Берікқызы
Дипломдық жобаны орындау бойынша
ТАПСЫРМА
Жобаның тақырыбы:Шымкент қаласы «КазАгроном»ЖШС-гі жылыжай кешені жағдайында қызанақты өсіру технологиясын жетілдіру
« » 2021 ж. № бұйрықпен бекітілді
Студент бітірген жұмыстың тапсыру мерзімі «» сәуір 2022 жыл
Жобаның шығыс мәліметтері: 2021-2022 жылдардағы ҚР АШМ ғылыми бағдарламасы аясында жүргізілген Шымкент қаласы «КазАгроном» ЖШС-гі жылыжай кешені жағдайында қызанақты өсіру технологиясын жетілдіру атты дипломдық жобаның мәлімметтері. Осы жоба аясында жазылған жылдық есептер және жарияланған мақалалар мен ұсыныстар, оқулықтар, монографиялар.
Кіріспе, әдебиетке шолу, негізгі бөлім, экономикалық бөлім, қоршаған ортаны қорғау, әдебиеттер тізімі, қорытынды.
Графикалық материалдар тізімі кесте, сурет, техникалық карта
Ұсынылған әдебиеттер
Тапсырманың берілу күні 22. 10. 2021ж.
Жоба жетекшісі:аға оқытушы, Phd докторы
Хурметбек О.
Тапсырманы орындауға алған студентСерікбай Айгерім Берікқызы
МАЗМҰНЫ
Бұл дипломдық жобада мынадай белгілер мен қысқартулар қолданылды:
г - грамм
мм - миллиметр.
кг/га - килограмм гектарына.
га - гектар
т - тонна
м -метр
тг - тенге
млн - миллион
кг/ - куб метр килограмына.
ст - стақан.
а. қ - ас қасық.
мин минут.
л - литр.
см - сантиметр.
- квадрат метр.
-куб метр.
ш. м - шаршы метр.
мл - миллилитр.
а/ш - ауыл шаруашылығы.
Бұл дипломдық жобада мынадай анықтамалар қолданылды:
Дәрумен - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.
Фотосинтез - жасыл жапырақ органоидтері, яғни Күн сәулесі энергиясының хлоропласт арқылы химиялық байланыс энергиясына айналуы.
Сорт дегеніміз - тұқым қуалайтын морфологиялық, биологиялық және шаруашылық белгілері ұқсас бір түрге жататын даралар жиынтығы.
Вегетациялық кезең деп-өсімдіктің өсіп дамуына қолайлы жыл маусымын айтамыз.
Гидропоника - өсімдіктерді топырақсыз жасанды қоректік ортада қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру әдісі.
Субстрат - өсімдіктер мен микроағзаларға арналған қоректік орта.
Климат - белгілі бір жердегі ауа-райында көп жылдық режимі.
Ассимиляция-жұмсалған ткандардың құрылымын қалпына келтіріп және әртүрлі тағамдармен бірге келген химиялық заттардан тірі заттарды синтездеп шығару үрдісі.
Диссимиляция - ассимиляцияға қарама қарсы үдеріс. Ол тірі құрылымдардың ыдырауын қамтамасыз етеді.
Хлорофилл - күн сәулесінің қатысуымен фотосинтез процесін іске асыратын пигмент.
Дезинфекция - адам мен жануарларда өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі.
Фунгицидтер - мәдени дақылдарды саңырауқұлақ қоздыратын аурулардан қорғау үшін қолданылатын химиялық препараттар.
Өнімділік дегеніміз-өнімнің 1га немесе 1 -тан алынған өнім мөлшері.
Рентабельділік деген - өндірістің тиімділігін есептеудегі қорытындылайтын көрсеткіш.
Фенология дегеніміз-табиғаттың маусымдық құбылыстарын, олардың заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
Биометрия-гректің «metreо» өлшеу, есептеу деген сөзінен шыққан, тәжірбиелердің санын анықтау арқылы оларға математикалық әдіспен дұрыс есептеулер жүргізіп, нақты дәл қорытынды беретін ғылым саласы.
Кіріспе
Ауыл шаруашылығының ең негізгі өндірістік салаларын мал шаруашылығы сондай-ақ егін шаруашылығы құрайды. Егіншілік шаруашылығы өз кезегінде жеміс және көкөніс шаруашылығына жіктеледі. Осы екі саланың міндеті халықтың азық-түлігі және өңдеу өнеркәсібінің шикізаты болып саналатын көкөністермен жеміс-жидектерді өндіру болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Соның ең негізгісі- Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар. Осы бағдарламаның басты мақсаты-агроөнеркәсіптік кешеніндегі еңбек өнімділігін, өңделген өнім экспортын ұлғайту.
Өсімдік шаруашылығы-Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің маңызды бағытының бірі болып табылады.
Өсімдік шаруашылығын тиімді дамыту мақсатында өнімді өңдеудің және өткізудің инфрақұрылым ескере отырып өнідірістің аймақтық мамандандырылуы қамтамасыз етіледі. Өнімді сақтау, тасымалдау өңдеу және өткізудің инфақұрылымын ескере отырып өндірістің аймақтық мамандандырылуы қамтамасыз етіледі. Өнімді сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану, сондай-ақ жоғары мөлшерде тұқымдарды алу және пайдалану үшін жоғары өнімді және жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру бойынша бірлескен күш-жігер жұмсалады.
2015-2016 жылдары жабық топырақтағы құрылыстардың алаңы 967, 8 гектарды жылыжай көкөністердің жалпы жиналымы 147, 7 мың тоннаға артық. Халықтың жылыжай көкөністерімен қамтамасыз етілуі 60% -ды құраған.
«Қазақстан 2050» Стратегиясы «Агробизнес 2022» бағдарламасына сәйкес жаңа технологиялары енгізу арқылы жылыжайларда өсірілетін экологиялық таза өнімді өндіру агробизнестің басты міндеті болып табылады.
Қазақстан жылыжайлар қауымдастығының деректері бойынша бүгінгі таңда елімізде 56 гектар жабық топырақ алқабы бар, ал оның жалпы өнімділігі 16 мың тоннаны құрайды, бұл дегеніміз еліміздің көкөніске деген қажеттілігінің -18, 3%-ды құрайды. Бұл көрсеткішке өнеркәсіптік жылыжайлар кешені сияқты шағын жылыжайлар да кіреді.
Сауда желілері мен қоғамдық тамақтандыру орындары көбіне жас және сапалы өнімдері аса қажет етеді. Тұрақты жұмыс істейтін жылыжай шаруашылықтары жыл бойы табыс табуға мүмкіндігі жоғары болады. Ондай жылыжайлар өнімділігі жоғары және өзін тез ақтайды, рентабелділігі жақсы және жылыжай шаруашылығының артықшылығы бұнымен шектелмейді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылы 10 қаңтардағы жолдауында өңделген ауыл шаруашылығы өнімін 5 жыл ішінде 2, 5 есе ұлғайту, еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында еңбек ететін жұмысшыларға 1 адамға 2015 жылы 1, 2 млн теңгеден 2021 жылға қарай 3, 7 млн теңгеге дейін өсіру көзделген.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысындағы қаражат көлемі 2774, 6 млрд теңгені құрайды. Бағдарламада АӨК саласын дамытуда 6 міндет жоспарланған. Соның 1-міндеті өсімдік шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл міндет бойынша 4 бағытта жұмыс атқарылады.
1. ҚР-ның азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
2. ҚР-да азық-түліктің экономикалық қолжетімділігі;
3. ҚР-да азық -түліктің физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету;
4. ҚР-да тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі[2] .
Қазақстан халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жайылымдық, шабындық жерлерді игерумен шектелмеу керек. Осы мақсатта елімізде көптеген жылыжайлар салынуда. Жылыжай дегеніміз -күн сәулесімен, биологиялық-техникалық жолмен, жасанды жарықпен жылытылатын көкөністер мен жеміс- жидектерді жыл он екі ай өсіруге мүмкіндік беретін, жылытылған қорғалған жер[2] .
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Шымкент қаласы «КазАгроном» ЖШС-гі жылыжай кешені жағдайында қызанақ дақылын өсіру жолын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеті:
- «КазАгроном» жылыжай кешені жағдайында температуралық режимді бағалау:
- «КазАгроном»жылыжай кешені жағдайында мерзімі және мөлшерін зерделеу:
- Экономикалық тиімділігі.
1 Әдебиетке шолу
1. 1 Қызанақтың шығу орталығы және тарихы
Қызанақ - көкөніс дақылдарының арасындағы кеңінен таралған дақылдардың бірі. Қызанақтың Отаны - Орталық және Оңтүстік Американың тропикалық ыстық аймақтары. Бақша өсімдігі санатында XVI ғасырда Еуропа елдері - Испания, Португалия, Франция, Италия елдерінде өсірілген. Алғашында улы саналған бұл өсімдік қазіргі таңда Канада, Жапония, Орта Азия, Америка елдерінде экологиялық төзімді, жоғары өнімді, сапалы етіп өсіріледі. Жабайы және жартылай жабайы түрлері Эквадор, Галапагос аралдары, Перу, Солтүстік Чили жерлерінде әлі күнге дейін өседі. Көптеген ғалымдардың пікірінше, Lycopersicon esculentum Mill шыққан жері Перу болып саналады. Ал Гумбольдттың ойынша Мексика болса, Н. И. Вавилов Оңтүстік Американың Перуан-Эквадор-Боливия аудандарын қызанақтың шыққан ошағы ретінде көрсетеді.
Қызанақ Еуропаға 1493 жылы Батыс Индия арқылы Х. Колумб экспедициясы кезінде жеткізілген. Еуропада XVI ғасырдың 50-60 жылдардан өсіре бастады. Алғашқы ботаникалық мәліметерді 1554 жылы итальяндық ботаник Маттиоли берген болатын. XVI ғасырдың соңында Франция, Англия, Бельгия, Германия, Италия, Испания, Португалия елдерінде қызанақты «помидоро», «помо аморис» деп атаған, оның мағынасы «махаббат алмасы», «алтын алма» дегенді білдіреді.
«Томат» термині туземдік оңтүстік америкалық «Tumatle» - томатиль, милтомат сөзінен шыққан. Қазіргі таңда көптеген елдерде ғылыми термин ретінде қолданылады [3] .
К. Кондратовичтің сөздігінде «алма» - арапша - алкакенги деп аталған, ал қазіргі таңда әр елде түрліше аталады: әзірбайжандар, голландтар, армяндар мен молдавандарда - томат, испандар, португалдар, немістерде - томате, ағылшындарда - томато, лове аппле, француздарда - томаат, поми д амур, даттарда - томатер, шведтер - томтес, италяндарда - памидоро, румындарда - патлагела розии, чехтерде - раиска иаблиска, поляктарда - помидор, иаблко злоте, венгрлерде - парадиксом, словендерде - раизко иаболко, сербтерде - раикика [4] .
ТМД елдерінде қызанақ 370 мың гектар жерге отырғызылады. Қазақстанда бұл дақылдың өсірілетін ауданы 18 мың гектарды құрайды. Барлық егістіктің үй маңайында 72, 3% қамтыса, 25, 2% -ы қожалықтарға тиесілі. Орташа өнімі 150-170 ц/га, қорғаулы жерде 8-10 кг/м 2 . Қызанақтың негізгі егістік аудандары - Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында. Ең жоғары өнімділік - Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында көрсетілген [5] .
Қазақстан халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жайылымдық, шабындық жерлерді игерумен шектелмеу керек. Осы мақсатта елімізде көптеген жылыжайлар салынуда. Жылыжайлар Ассоциациясының президенті Қанат Кошманның есебі бойынша қазіргі кезде жылыжайлардың жалпы көлемі 1061 гектарды құрайды, бұл дегеніміз 10 жылда 18 есе өскенін көрсетеді. Жылыжай дегеніміз - күн сәулесімен, биологиялық-техникалық жолмен, жасанды жарықпен жылытылатын көкөністер мен жеміс-жидектерді жыл он екі ай өсіруге мүмкіндік беретін, жылытылған қорғаулы жер. Қазіргі таңда Республика аумағында 31-ден астам жылыжай кешені жұмыс атқаруда [6] .
1. 2 Шаруашылық маңызы және қолданылуы
Қызанақтың отаны Оңтүстік Америка болып табылады. Мексикандықтар оны томател деп атап, содан қазіргі томат атауы пайда болған. Ал италяндықтар оны помидор, яғни алтын алма деп атаған. Қызанақ көкөніс ретінде 1778 жылдан белгілі. Қызанақ дәрумен мөлшері бойынша лимон мен апельсиннен тұрады. Қызанақта 20-23 мг С дәрумені 0, 6% каротин, сонымен қатар В, РР дәрумендері біраз мөлшерде кездеседі.
Қызанақ дәруменге өте бай болып келеді. Құрамында А-дәрумені 1, 2-1, 6 мг, В дәрумені 0, 08-0, 15мг, С дәрумені 20-28мг, РР дәрумені 0, 5-16, 5 мг, К дәрумені 50мг, сонымен бірге біршама құрғақ заттар кездеседі.
Қызанақ дақылының құрамындағы дәрумендер адам ағзасына өте қажетті болып келеді. Дәрумен жетіспеушілігі салдарынан адам әлсіреуі, сырқаттануы, бас ауруы пайда болады. Адам ағзасы С дәруменін қабылдауы тиіс. Қызанақ құрамындағы көмірсу, май ақуыздың сіңірілуі кезінде адам ағзасынан энергия бөліп шығарады, бұл адам тіршілігі үшін өте маңызды [7] .
Қызанақ жылу сүйгіш өсімдік. Оның өсуі үшін оңтайлы температура: күндіз 20-25 С, түнде 12-15 °С. Температура 15°С төмендесе, қызанақ гүлдемейді. 10°С өсуін тоқтатады, ал опат -1, 5°С опат болады. Сонымен бірге ол үшін өте жоғары температура да зиянды. Температура 33°С -қа жеткенде, өсімдік өсуін баяулатады, ал 35°С болғанда фотосинтез тоқтатылады.
Егер осы кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, онда түйіні түсе бастайды. 25-30 °С және топырақтың орташа ылғалдылығы жағдайында өскін 5-6 тәулікте пайда болады. Егер топырақтың температурасы 11°С -тан аспаса, онда тұқымдар дерлік өнбейді [8] .
1. 3 Қызанақтың биологиялық ерекшеліктері
Қызанақ дақылы алқа тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Қызанақтың латынша ғылыми атауы Licopersicon esculentum Mill. Қазақстанда 1 түрі - кәдімгі қызанақ көкөніс дақылы ретінде ашық жерде және қорғаулы жерлерде өсіріледі. Қызанақ сорттары детерминантты және индетерминанты типті болады.
Детерминантты қызанақ дегеніміз - аласа бойлы, жуан сабақты, ерте пісетін қызанақ сорттары. Көшеттің өсу ұзақтығы 40-45 күн, өнім беруі 75-90 күннен кейін, 4-8 өнім беретін жапыраққа дейін өседі де, өсуін тоқтатады. Биіктігі 1 метрге дейін жетеді.
Индетерминанты қызанақ типіне шексіз биіктеп өсе беретін қызанақ сорттарын жатқызамыз. Қолайлы климат жағдайында бір жылдан аса уақыт өседі, гүлдеуі 9-12 жапырақтан кейін басталады, әр үш жапырақ сайын гүлдену бұтасы орналасады. Көшеттің өсу ұзақтығы 60-65 күн, жеміс беру кезеңі 105-130 күнде басталады. Индетерминантты қызанақ сорттары негізінен жылыжай жағдайында өсіруге тиімді [9] .
Қызанақтың тұқымының мың тұқымдық массасы 2, 7-3, 4 г. Пішіні үшбұрышты, жалпақ немесе бүйрек пішіндес болып келеді.
Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған, 1метр тереңдікке дейін бойлап өсе береді. Тамыры алғашында кіндік тамыр болып, бірінші, екінші, үшінші, төртінші қатардағы тамырлары дамиды, оларды қою тамыр шашақтары жабады.
Қызанақ тамыры моноподиальды бұтақтанған, бұтақтануы 55-80 см жер асты тереңдігінде өтеді.
Сабағы тік жұмыр болып өседі де, жеміс бергеннен кейін жан -жағына жайылады. Алғашқы кезеңде нәзік болып, кейіннен қатаяды, дегенмен күрт сынғыш болады. Индетерминантты қызанақтарда сабағының ұзындығы 2 -2, 5 м -ден бастап шектеусіз өсе береді. Детерминантты сорттарының сабағының ұзындығы 35-80 см болады.
Қызанақ жапырақтарының қалыпты, сидамды, картоптікіне ұқсас түрлері бар. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, шеттерінде ылғалды артық буландырудан қорғайтын түктері болады. Түсі - сұрғылт жасыл, ашық және күңгірт жасыл келеді, жапырақ тақтасының беті тегіс және сәл жиырылған болады. Гүл шоғыры - бұйра, қарапайым, шашақ болып келеді, ұзындығы 12см-ден 20 см-ге дейін. Гүлдері қос жынысты, 5-7 жапырақшалы сары күлте, 5-8 аталық және 1 аналықтан тұрады, кішкене, сары түсті. Қызанақ өздігінен тозаңданатын өсімдік, қатты ыстық және құрғақ күндері желдің және насекомдардың көмегімен айқас тозаңдандыру да жүреді.
Қызанақ жемісінің пішіні: жайпақ, эллипс тәрізді, өрік тәрізді, дөңгелекше пішіндес, алмұрт тәріздес, ұзынша, сопақша, шар тәрізді болып келеді, түсі - қызыл, қызғылт, сары, күлгін, қоңыр, қызыл-қоңыр болады. Жемістің беті тегіс, түксіз, орташа, көп қырлы келеді. Ірі 100-120 гр, орташа 80-100 гр, ұсақ 50-70 гр түрлері болады.
Жемісінің пісу мерзіміне байланысты ерте 75-90 күн, ортадан ерте 90-100 күн, ортадан кеш 100-115 күн, кеш 120 күннен жоғары деп бөлінеді. Жемісте тұқым болуы оның камерасының санына байланысты болады: аз камера саны 2-4 тұқым саны 50-ге дейін, орташа 5-9-ға дейін ондағы тұқым саны 50-120, ал көп камералы 9 және одан да жоғары болады, тұқым саны 125-тен көп. Өзінің өсіп-даму кезеңінде екі фазадан өтеді: гүлденгенннен кейін 27-32 күнде, одан кейін 12-15 күнде әрі қарай өсуін жалғастыра отырып піседі. Осы кезде (сүттене пісу) ашық жасыл түстен қызғылт - қызыл түске дейін түсін өзгертеді [10] .
1. 4 Қызанақтың биологиялық ерекшеліктері
Қызанақ - жылу сүйгіш өсімдік. Қызанақтың өсіп-дамуы үшін оңтайлы температура: күндіз 20-20 , ал түнгі уақытта 12-15 . Егер температура 15 - тан төмен болса, онда қызанақ гүлдемейді, ал 10 -тан төмендесе, өсуін тоқтатады, 1, 5 -та опат болады. Алайда өте жоғары температура да қызанақтың өсуіне зиянын тигізеді: 33 -та өсімдіктің өсуі баяулайды, 35 болғанда фотосинтездің жүруі тоқтайды. Температура 25-30 болғанда орташа ылғалды топыраққа 5-6 күнде өскін пайда болады. Топырақ температурасы 11 -тан аспайтын болса, тұқым өнбейді, дегенмен тұқымдар термиялық өңдеуден өткен болса, 8 немесе одан төмен температурада өскін береді.
Тұқымдардың көктеп шығуы үшін оңтайлы температура 10-15 , жемісінің пісуіне: күндіз 22-25 , түнгі уақытта 17-19 , ал 10 - та өсуін тоқтатып, 1, 5 температурада опат болады. 10-12 тәулікте көктеп шыға бастаса, 20-25 болған жағдайда өнеді.
Қызанақтың өсуі үшін ылғалға және жарыққа қойылатын талаптары жоғары болады. Қызанақ дақылы топырақтың ылғалдылығын қажет етеді, оның себебі топырақта ылғал жеткілікті болған сайын, тамыр жүйесі жақсы дамиды. Егер ылғал жетіспесе, жапырақ шеттері жиырылады, одан да аз болса, өсуін тоқтатады. Ауаның оптималды салыстырмалы ылғалдылығы 50-60 болады. Жемістің пісу сатысында ылғалдылық күрт өзгерсе, жемістің сыртқы қабыршағы жарылады. Ылғалдылық жоғарыласа, фитофтора, бактериялық дақ, қызанақтың төбе шірігі ауруларына шалдығады. Сонымен қатар, саңырауқұлақ ауруы да өршігеді. Топырақ ылғалдылығының оңтайлы жағдайы жемістенгенге дейін 60-70 , жемістің пісіп жетілуі үшін 70-80 болуы керек.
Жарыққа қоятын талаптары. Жылыжай жағдайында қысқы уақытта дақылдың гүлдеуі 80-85 тәулікте басталады, көктемде 40-45 тәулікте гүлдеп шығады. Жылыжайда күн сәулесінің жарығын алмастыратын жасанды жарық көзі диодты шамдар орналасқан. Ол арнайы программа арқылы қысқы уақытта 1 тәулікте 18 сағат бойы, жаз мезгілінде тек түнгі уақытта қосылып тұрады. Жылыжай жарықпен жеткілікті қамтылмаса, фотосинтез процесі жүрмейді, бұл өсімдіктің өсіп дамуына, жемісінің толыққанды пісіп жетілуіне кері әсерін тигізеді [11] .
1. 5 Қызанақ дақылының ауруы мен зиянкестері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz