Кылмыстық құқықбұзушылық жасаған кәмелетке толмағандар саны


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Такырып: Кәмелет жасқа толмағандардың жеке басы және кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мәселелері.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ТАРАПЫНАН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Қылмыстық-құқықтық қатынастар аясына тап болған жасөспірімдерге қатысты заңнаманың дамуы

1. 2 Қазақстандағы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың жай-күйі. Жасөспірім құқық бұзушының жеке басы туралы . . .

1. 3 Кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқы: түсінігі, жіктелуі және девианттылықтың факторлары

1. 4 Кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына түрткі болатын себептер (мотив)

2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖАУАПТЫЛЫҚҚА ТАРТУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2. 1 Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жүргізілетін процессуалдық шаралардың ерекшеліктері

2. 2 Кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігі жүйесіндегі ықпал ету шаралары мен жазалар

2. 3 Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу: түсінігі, түрлері . . .

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СОТТАР ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ, ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

3. 1 Кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған соттарды құрудың тарихи кезеңдері мен алғышарттары

3. 2 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған соттың өкілеттігі

3. 3 Қазақстанның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттарының тәжірибесі, проблемалары мен қызметінің нәтижелері

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

К ІРІСПЕ

Кәмелетке толмағандар мемлекеттің ерекше қорғауында. Қоғамдық-әлеуметтік дамуының толыққанды болмауына және жеткіншектің психофизикалық ерекшеліктеріне байланысты, кәмелетке толмағандар өзінің қоғамға қауіпті әрекетінің сипатына жеткілікті деңгейде баға бере алмайды деген тұжырым Қазақстан Республикасының заңнамасында басты назарға алынған. Сондықтан, кәмелетке толмағандардың заңды жауаптылығы, әсіресе қылмыстық жауаптылығы, тұрғысында көптеген ерекшеліктер мен шектеулер заң негізінде бекітілген. Кез келген қылмыстық құқық бұзушылық сияқты, жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық та мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық - қазіргі қоғамның өзекті мәселерінің бірі. Сонымен қатар, балалар - қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі. . Кәмелетке толмағанның құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, олардың құқықтық қорғалуымен тығыз байланысты болып табылады. 1989 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқықтары туралы» Конвенцияға сәйкес, балалардың ерекше қамқорлық пен жәрдем алуға құқықтары мойындалған.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы проблемасы әрқашанда әлем қауымдастығы үшін басты назарда және өте өзекті болған, әлем мұндай қауіпті құбылыспен күресуге, оның алдын алу ықпал ету шараларын іздеумен және жасаумен әлек. Ол негізді, өйткені жас буын, жас ұрпақ әлеуметтік дамудың табиғи резервы болып қала береді, ал жасөспірімдердің қылмыстық заң нормаларын бұзуы тәрбиенің дұрыс және жеткілікті берілмеуінің салдары болып табылады.

Аталған проблема - қаупітілердің қатарында, өйткені кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасауы, қоғамға қауіпті әрекеттердің криминогендік ортаның артуына әкеп соқтыруы тек жасөспірімнің өзіне, оның болашағына ғана төнетін қауіп емес, ол сонымен қатар ұлттың өсіп, өркендеуіне, ұрпақтың болашағына, мемлекеттің қауіпсіздігіне, ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер деп білу керек.

Осыған байланысты кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерге баруын тоқтату, кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен қылмысқа бейімдік санасын және олардың құқықтық мәдениетін көтермелеу жолымен ғана ұлтымыздың қауіпсіздігін нығайтуға болады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтарының өзіне тән белгілері, себептері және жағдайлары бар және олар кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлғасымен, оның мінез-құлқымен байланысты болады. Кәмелетке толмағандарды жазалау шараларының жүйесі осы аталғандар мән-жайларға байланысты қолданылады. Бірақ, осы саладағы бұлтарптау шараларының жүйесінде бірқатар кемшіліктер бар. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын-алу саласындағы жағдай мемлекеттік деңгейде танылған күрделі мәселе, және ол тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды жедел қабылдауды талап етеді.

Осы уақытта аталған тақырып бірқатар зерттеушілердің қызығушылығын тұдырып келеді, бірақ оған қарамастан әлі де зерттеле қоймаған қырлары мен тұстары баршылық, ал осы аядағы бар ғылыми білімдер практикада жеткілікті түрде қолданыла бермейді және ары қарай жүйелендіруді қажет етеді.

Кәмелетке толмағандар арасында жасалынатын құқықбұзушылықтардың қоғамға қауіптілігі және жасөспірімдердің дұрыс қалыптасып дамымауы, зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, кәмелетке толмағандардың ішімдік ішуіне, нашақорлық, жезөкшелік сияқты басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға алып келуде.

Сондықтан, ұсынылып отырған тақырып ұдайы өз өзектілігн жоймайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты - кәмелетке толмағандар арасында жасалынатын қылмыстық құқықбұзушылықтармен күресу шараларының жүйесiн анықтау, кәмелетке толмағандардың жеке басы, олардың қылмыстылық жауаптылығы жөніндегі ұлттық және халықаралық құқықтық актілерді зерттеу, кәмелетке толмағандарға қатысты қолданымдағы Қазақстан Республикасының заңдарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау, ювеналді әділет және ювеналді соттың қалыптасуы мен дамуына талдау жасау.

Зерттеу жұмысының міндеттері.

- кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді саралау, осы аяда халықаралық-құқықтық нормаларды талдау;

- кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтарын анықтау және оларға жаза тағайындаудың негіздерін ашу, кәмелетке толмағандарға қатысты медиацияның қолданылуын негіздеу, тәрбиелеу шаралары жүйесін құқықтық талдау;

- ювеналді әділет және ювенальді соттың қалыптасуы мен дамуын ашу, мамандандырылған ауданаралық соттардың құқықтық мәртебесін анықтау және қызметінің құқықтық негіздерін ашу, кәмелетке толмағандарға қатысты әділсоттың жүзеге асырылуын зерттеу;

- кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық және өзге де заңдарын жетілдіру жөнінде, ювеналді әділетті одан ары дамыту жөнінде ұсыныстар жасау.

Ізденіс жорамалы. Ізденіс жорамалы (болжамы) құқық қорғау және балалардың құқықтарын қорғау органдарының қызметтерін дұрыс, тиімді реттеуге мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқыту, құқықбұзушылықтардың алдын алуға, олардың координациялық іс әрекеттерін жетілдіруге әсер етеді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер:

1. Кәмелетке толмағандар арасында жасалынатын қылмыстық құқықбұзушылықтар - адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін және заңмен қорғалынатын қоғамдық қатынастарға және ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін мәнөжайдың бірі болып табылады.

2. Ювеналды сот, ювеналды полиция, ювеналды прокуратура, әлеуметтік және әлеуметтік-педагогикалық қызметтер бөлімшелерін, кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізушілер, омбудсмен қызметі (кәмелетке толмағандар құқықтары жөніндегі өкілдер) ; жабық тәрбиелеу мекемелері; арнайы жартылай жабық және ашық оқу-тәрбиелік түзетілім мекемелері, арнайы жартылай жабық және жабық медицина-тәрбиелеу мекемелерінің қызметтерін реттейтін арнайы орталық құру.

3. Бұл орталықта арнайы электронды жүйе қалыптастыру.

Ғылыми жаңалығы. Бұл жұмыс кәмелетке толмағандар арасында жасалынатын қылмыстық құқықбұзушылықтарды зерттеу бағытындағы ізденіс болып табылады. Еңбекте кәмелетке толмағандар жасаған құқықбұзушылықтарға ықпал етуші негізгі жағдайлар шоғырландырылып, бұл құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары ұсынылды.

Тақырыптың объектісі. Кәмелетке толмағандар арасында жасалынатын қылмыстық құқықбұзушылықтарға байланысты туындайтын қатынастар болып табылады.

Зерттеу пәнін кәмелетке толмағандар арасында жасалынатын қцылмыстық құқықбұзушылық әрекеттер, отбасы мүшелерінің және балалардың заңмен қорғалынатын құқықтары мен мүдделері құрайды.

Жұмыстың нормативтiк базасын Адам құқығы жөнінде 1948 жылғы «Жалпыға бірдей Декларация», Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы «Халықаралық пактісі», 20. 11. 89 ж. қабылданған «Бала құқықтары жөніндегі» Конвенция, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процесстік Кодексі, «Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі құрайды.

Зерттеудiң теориялық және тәжiрибелiк маңызы. Ізденушi жүргiзiлген зерттеулер іс-тәжірибеде кәмелетке толмағандар арасында жасалынатын қылмыстарға, құқықбұзушылықтарға байланысты фактілер бойынша өзекті мәселелерді шешуге мүмкiндiк береді.

Жұмыс нәтижелерiн кәмелетке толмағандар арасында жасалынатын құқықбұзушылықтармен күрес шараларын әрi қарай жетiлдiруге, балалардың құқықтарын қорғау органдарының қызметтерін және құқық қорғау органдарының аталған саладағы құқықбұзушылықтармен күресу шараларын ұйымдастыру барысында қолдануға болады.

Зерттеудiң әдiстемелерi мен теориялық негiздерi. Жұмыстың методологиялық негiзiн материалистiк диалектиканың қағидалары, құбылыстардың дамуы мен өзара байланыстылығының объективтi заңдылықтарының тарихи негiздiлiгi туралы зерттеулер құрайды. Жалпы диалектикалық зерттеулермен бiрге зерттеудiң тарихи, салыстырмалы-құқықтық, жүйелi-құрылымдық, формальды-логикалық, статистикалық және басқа да жаңа ғылыми және iшiнара ғылыми әдiстерi қолданылды.

Сонымен бiрге, енбекте құқық қорғау органдары қылмыскерлерiнiң арасында сауалнама мен сұхбат жүргiзу сияқты зерттеудiң әлеуметтiк әдiстерi пайдаланылды. Зерттеу нәтижесiнiң объективтiлiгiне қол жеткiзу үшін аталған әдістер жинақталып, кешендi түрде қолданылды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемi. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Жұмыстың құрылымы жүргiзiлген ғылыми зерттеулердiк мақсатымен және белгiлерiмен анықталған. Дипломдық жұмыстың көлемi қойылған талаптарға сай келедi.

1. Кәмелетке толмағандар ТАРАПЫНАН жасалатын ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖАЛПЫ СИпаттама

1. 1 Қылмыстық-құқықтық қатынастар аясына тап болған жасөспірімдерге қатысты заңнаманың дамуы

Қылмыстық-құқықтық қатынастар аясына тап болған кәмелетке толмағандарға қатысты қазақстандық заңнаманың қалыптасуы және даму эволюциясын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші кезең - жеке тұлғаға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты және кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері туралы нормалардың қалыптасуы мен дамуын көздейтін «Кеңестік уақыттағы қылмыстық заңнамалар» кезеңі.

Екінші кезең - осы заманғы қылмыстық құқық арқау болған, кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қарсы жасалған қылмыстар үшін жауаптылықты көрсететін теориялық және құқықтық базаның қалыптасуымен сипатталатын «Посткеңестік қылмыстық заңнама» кезеңі.

Үшінші кезең - кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықа тарту кезінде олардың құқықтарын қорғау аясының кеңеюі көрініс табады. Яғни, отандық қылмыстық заңнама адам құқығы саласындағы халықаралық стандарттарға көбірек сәйкес бола бастаған «Осы кезеңдегі қылмыстық заңнама» кезеңі.

Тәуелсіз Қазақстанның қылмыстық заңнамасының қалыптасуының бастамасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен айқындалды. Бұл құқықтық құжатта Қазақстан - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет екендігі белгіленді. Ол өз аумағында жеке, толық билік жүргізе отырып, дербес ішкі және сыртқы саясатын анықтап, жүзеге асыратыны бекітілді.

Бұл кезеңде Қазақ ССР-нің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексі өз күшін жоймаған тұғын. Ол әлі де әрекет етіп жатқан кезең болатындығын.

Бұл нормативтік-құқықтық актіде кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар жеке адамға қарсы қылмыстардың ішінде қарастырылды және мына түрлері орын алған болатын:

- баланы асыраудан немесе тәрбиелеуден жалтару;

- қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану;

- бөтеннің баласын ауыстыру;

- азаматтық хал жағдай актілеріндегі жазбаларға қатысты заңдарды бұзу;

- асырап алу құпиясын жария ету;

- кәмелетке толмаған адамды мас күйге дейін жеткізу немесе оны маскүнемдікке тарту;

- кәмелетке толмаған адамды дәрі-дәрмектерді немесе басқа да есеңгірететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тарту;

- кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға тарту.

Егеменді еліміздің қылмыстық заңының дамуының екінші кезеңі 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясымен байланысты болды.

Қолданымдағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында неке мен отбасы, ана, әке мен бала мемлекет тарапынан қорғалады деп көрсетілген. Балаларға қамқорлық жасау және тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы және міндеті. Ересектердің еңбекке қабілетті балалары мүгедек ата-аналарға қамқорлық жасауы керек. Бұл негізгі конституциялық ережелер отбасы мен кәмелетке толмағандардың мүдделерін қылмыстық-құқықтық қорғаудың негізін құрады.

Осы кезеңде 1997 жылы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі қабылданды. Бұл құқықтық актіде алғаш рет кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық жауапкершілік нормалары белгіленді. Ерекше бөлімнің 2-тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарға арналды.

Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасау қоғам үшін үлкен қауіп тұдырады. Бұл құқық бұзушылықтардың шеңберінің көбеюіне ғана байланысты емес, ол сонымен қатар жеке тұлғаның конституциялық және құқықтық мәртебесінің негіздерінің бұзылуымен де тығыз байланысты болып отыр.

Жеке тұлғаға қарсы қылмыстық қол сұғушылықтардың ішінде кәмелетке томағандарға қарсы қылмыс ерекше орынды алады. Өйткені бұл қылмыстар ерекше қатыгездікпен сипаттала отырып, мұны жасаған тұлғалардың әрекетінің моральді деградацияға ұшырағандығын айқын көрсетеді.

Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жиынтығын зерттеу бұл қылмыстар тобының дербес қылмыстық проблемаға айналып отырғандығын көрсетіп отыр.

Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар әлеуметтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады және әртүрлі және бір уақытта өзара байланысты құқық бұзушылардың жеке басын анықтауға және қылмыс жасауға итермелейтін әрекеттерді бейтараптандыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, медициналық сипаттағы шаралар кешендерін жүзеге асыруды қамтиды.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасында қылмыстық заңнаманың қалыптасуы мен дамуының тағы бір ерекше тұстарының бірі 2014 жылы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қабылдануы болды. Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің 2-тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға арналған.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең айқын бағыттарының бірі - бұл ересектердің кәмелетке толмағандарға қарсы жасаған көптеген қылмыстары, әрекеттер үшін, қылмыстың ауырлығына қарай айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан айыру, бас бостандығын шектеу, мүлкін тәркілеу жазалары қарастырылған.

Балаларға қатысты анағұрлым ауыр қылмыстар жасалады, мысалы, зорлау, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы басқа әрекеттер, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық, мұнда жаза белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына бас бостандығынан айырумен немесе балаларды тәрбиелеумен байланысты белгілі бір қызметпен айналысудан айыруды көздейді.

1989 жылғы Балалар құқығы туралы Конвенция негізінде Қазақстанда 2002 жылы Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы заңы қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатын іске асыруға бағытталған.

Елімізде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттарында келіп түскен істерді талдау практикасы 2 жастан және одан асқан жас балалардың ересектердің зорлық-зомбылық әрекеттеріне душар болатындығын көрсетеді. Мұндай қылмыс жасаған адамдардың іс-әрекеттері ешқандай моральдық қағидаларға сәйкес келмейді, алайда олар көп жағдайда есі дұрыс болып танылады. Көбіне қиянат жасаушылар - жақын туыстары немесе көрші тұратын адамдар. Қылмыс жасаған кезде олар жәбірленушілердің жасына және қарсылықтарына қарамай, жәбірленушілердің жалғыз қалатын уақыттарын алдын ала күтіп, өздерінің қылмыстық әрекеттерін аяқтайды. Іс жүзінде өгей әкесі немесе өзінің тұған әкесі ұзақ уақыт бойы қылмыстық әрекеттерді жасаған, тіпті кәмелетке толмаған баланың жүктілігі сияқты салдарға соқтырған жағдайлар да болып жатады.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, оларды қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар үшін жауаптылықтарды белгілейтін халықаралық - құқықтық құжаттардың маңызы зор.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаудың жалпы мәселелері мен қағидалары көптеген декларативтік сипаттағы құжаттар мен халықаралық актілерде көрініс тапқан, олардың ішінде мыналарды атап өтуге болады: 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы, 1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пакті, 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакті, 1959 жылғы Бала құқықтары декларациясы, 1989 жылғы Балалар құқығы туралы Конвенция, 2000 жылғы Балалардың өмір сүруі, қорғалуы және дамуы туралы дүниежүзілік Декларация, 1996 жылғы Балалар құқығын іске асыру туралы Еуропалық конвенция, 2007 жылғы Балаларды жыныстық қанаушылықтан және жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясы және т. б.

Шет мемлекеттерде отбасы мен кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғауда құқықтық құралдар жүйесінде қылмыстық заңдар маңызды орынға ие.

Шетел заңнамаларын талдау қазіргі уақытта әлемнің барлық елдерінде кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғаумен байланысты нормалар бар екендігін көрсетеді.

Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар жүйесі бірқатар еуропалық мемлекеттердің заңдарында ХІХ ғасырда қалыптаса бастаған.

Еуропа елдерінің қылмыстық заңнамасында кәмелетке толмағандарға қарсы құқық бұзушылықтар туралы көптеген қылмыстық заңдар бар.

Шет мемлекеттері кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына және қалыпты физикалық және өнегелік дамуына аса назар аударады.

Шетелдердің қылмыстық заңдары отбасы мүшелерінің көптеген жеке құқықтарын қорғайды. Оның ішінде өмір сүру, денсаулық сақтау, жыныстық бостандық, ар-намыс, абырой және т. б.

Мысалы, Швейцарияның Қылмыстық кодексінің 195 бабында кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға итермелеу үшін жауапкершілік қарастырылған. Ал, Голландияның қылмыстық заңында кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар легі көрсетілген, олар: он екі жасқа толмаған адамның денесіне жыныстық жолмен кіру; он екі жасқа толған адаммен некеде тұрмаған, бірақ он алты жасқа толмаған адамның денесіне жыныстық жолмен кіру және ұятсыз әрекеттер жасау; кәмелетке толмаған адамды біле тұра сыйға беру, ақшаны не заттарды беру туралы уаде беру, билікті теріс пайдалану немесе сенімге кіру арқылы ұятсыз әрекеттер жасауға итермелеу және т. б.

Кәмелетке толмағандармен туыстық, құқықтық немесе әлеуметтік байланыста болған тұлғалар ұятсыз әрекеттер жасаған үшін жауаптылыққа тартудың жекелеген нормасы көзделген. Қылмыстық кодекстің 249 бабына сәйкес бұл қылмыстың субъектілері болады: заңды өкілдер, жария қызметкерлер, басшы, дәрігер, мұғалім, бас бостандығынан айыру мекемелерінің, мемлекеттік түзеу мекемелерінің қараушысы немесе қызметкері, балаларға қамқорлықпен және қорғаншылықпен айналысатын, балалар үйінің немесе қайырымдылық қорының басшысы, денсаулық сақтау мекемелерінде немесе әлеуметтік секторда жұмыс істейтін адамдар және т. б.

Голландияның Қылмыстық кодексінің 250 бабында өзінің кәмелетке толмаған баласына, өгей баласына немесе өгей қызына, асырап алынған балаға, тәрбиеленушіге немесе кәмелетке толмаған қызметкерге, оқытылуына немесе қадағалауына сеніп тапсырылған бағынысты қызметкерге қатысты ұятсыз әрекеттер жасауға үшінші тұлғалардың көмектесуі, делдал болғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар, Голландияның Қылмыстық Кодексінде кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға итермелесе немесе кәмелетке толмағанға қатысты кез-келген осы секілді әрекеттер жасаса немесе оны жезөкшелікпен айналысуға әкеп соқтыратын кез келген әрекет негізді болса тұлға кінәлі деп танылады. Бұл үшін жауаптылық кәмелетке толмаған адамның жасына қатысты тағайындалады. Сондай ақ он алты жасқа толмаған адамды сату әрекетін жасаса тұлға кінәлі болып танылады. Дәл осындай мазмұндағы норма Герман Федеративтік Республикасының Қылмыстық Кодексінде де бекітілген.

Германия мемлекетінің заңы Голландия мемлекетінің заңынан жәбірленушінің жасымен ерекшеленеді. Германия Қылмыстық кодексінің 180 бабында жәбірленуші болып жиырма бір жасқа толмаған адам танылады. Германия Қылмыстық кодексі жезөкшелікпен айналысу орнына да мән береді. Егер мектеп жанында немесе он сегіз жасқа толмаған адамдар жүретін жерлерде немесе он сегіз жасқа толмаған адамдар тұратын үйлерде жезөкшелікпен айналысса кінәліні бір жылға дейін бас бостандығынан айырады немесе ақшалай айыппұл салынады, себебі мұндай әрекеттер жастардың мораль мен өнегесіне елеулі зиян әкеледі деп есептелінеді.

Алайда, осы тұрғыдан алып қарағанда қылмыстың объектісі, біздің ойымызша, кәмелетке толмағандардың өнегелік мүдделері болып отыр.

Кәмелетке толмағандардың өнегелігін бұзатын порнографиялық материалдармен және заттармен байланысты заңсыз әрекеттер үшін жауаптылық мәселелесі шет мемлекеттердің басты назарында тұрған проблемалардың бірі болып саналады.

Мысалы, Испания мемлекетінің Қылмыстық кодексінде он алты жасқа толмаған адамға порнографиялық материалдарды таратқан, сатқан немесе көрсеткен тұлға жазаланатыны туралы норма бекітілген. Бұл норма, сонымен қатар, швейцариялық заңнаманың мазмұнында орын алған, онда жәбірленушінің жасы он алты жас болып бекітілген.

Сондай ақ, испандық заңнамада он сегіз жасқа толмаған адамдарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеуге, итермелеуге немесе ықпал етуге жауаптылық көзделген. Бұл ретте қылмысты ауырлататын мән-жай ретінде кінәлінің өзінің қоғамдық немесе лауазымдық жағдайын пайдалануы қарастырылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тарту
Құқық бұзушылық
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың таралуының негізгі себептері, факторлары
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ТҮЗЕТУ ЛАГЕРЬЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының жағдайы және оның соңғы жылдардағы динамикасы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтық қылмыстық себептері
Кәмелетке толмағандармен жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың криминологиялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz