Желдетудің қондырғылары


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ТҰРАҚТЫ ДАМУ БОЙЫНША ЮНЕСКО КАФЕДРАСЫ
Курстық жұмыс
Пәні : "Өнеркәсіптік желдету"
Тақырыбы :Желдету жүйесі"
Қабылдаған: Абдибаттаева М. М.
Орындаған: Дәрмекбай. Д. Б
ӨТҚ және ҚОҚ мамандығы 3-курс студенті
Алматы 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1Желдету және оның түрлері.
1. 2Желдетудің қондырғылары.
1. 3Желдеткіш түрлері мен сипаттамалары.
1. 4Желдету қондырғыларына қойылатын талаптары.
1. 5Желдету жүйелерін орнату кезінде қойылатын талаптар.
1. 6Желдету жүйелерін пайдалану ж/е жөндеу кезінде қойылатын талаптар.
5
7
8
11
11
12
КІРІСПЕ
Атмосфералық ауа бірнеше газ бен су буының қоспасынан құралады. Қоршаған биосферадағы атмосфералық ауа келесі газ қоспасынан құралады: азот -78, 1%, оттегі-20, 9%, көміртегі-0, 03%, ал қалғаны инертті газдар болып саналады. Қазіргі таңдағы қалалардың ауасы өнеркәсіп орындарынан шығатын қалдықтар мен автомобильдерден пайда болатын газдармен ластануда. «Желдету» деген сөзді латын тілінен аударғанда «бөлмедегі ауаны алмастыру» деген ұғымды береді екен. Бөлмені желдету табиғи және жасанды болып бөлінеді. Желдету және ауа баптау жүйелері - бөлмелерде адамдардың өзін жақсы күйде сезінуіне қажетті микроклимат (ауа температурасы, ылғалдылығы және қозғалыс жылдамдығы) және технологиялық процестердің тиімді өтуіне қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғыза алатын, ғимараттар мен құрылымдардың инженерлік жүйелерінің бір түрі.
Желдету және ауа баптау жүйелерінің көмегімен мынадай зиянды заттардың әсерлерін жоюға болады:
1) бөлмелердегі артық жылу;
2) ауаның артық ылғал құрамы;
3) жалпы улы әсер ететін химиялық заттар булары мен газдар;
4) улы және усыз шаң;
5) радиоактивті заттар.
Желдетудің жалпы алмасу жүйелері бөлменің барлық көлемі бойынша бірдей ауа ортасын туғызуға (ауа температурасын, ылғалдылығын, жылдамдығын және тазалығын) арналады. Жергілікті желдету жүйесі бөлменің белгілі бір жерлерінде, атап айтсақ жұмыс орындарында (мысалы, жұмыс орнына бағытталған ауа ағыны - «ауа себезгісі») қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызады. Жекеленген желдету жүйесі - бөлме ауасына зиянды зат тарамауы үшін өндірістік қондырғылардың зиянды зат бөлінетін жеріне орнатылатын, арнайы жабындармен, шатырлармен жабдықталған ауа шығару жүйесі. Желдетудің аралас жүйесі деп - жалпы алмасу жүйесінің жергілікті немесе локализациялық жүйемен бірге қолданылуын айтады. Апатты жағдайдағы желдету - кенеттен зиянды заттар бөлінуі мүмкін ғимараттарда орнатылады. Апатты желдету жүйелерін тек зиянды заттарды тез шығару керек болған жағдайларда іске қосады.
Желдету жүйесінің түрін бөлменің арналуына, ондағы зиянды заттар түріне, ауа ағындары қозғалысының схемасына қарай таңдайды. Мысалы:
- «Ыстық» цехтарда аэрация, жергілікті ауа шығару және ауа себезгілері кеңінен қолданылады;
- «Салқын» цехтарда ауа беру және шығарудың жалпы алмасу схемаларын, ал қақпаларға ауа перделерін қолданады;
- Қоғамдық ғимараттарда (театр, мәжіліс залдары, дүкендер және т. б. ) ауа беру және шығарудың жалпы алмасу жүйелерін таңдайды;
- Текғана ауа алмасуды қажет ететін бөлмелерде ауа шығару жүйелерін ғана қарастырады, ал сыртқы ауа ішке ашық терезелер, фрамугалар және ойықтар арқылы кіреді;
- Тұрғын үйлерде, әдетте, ас бөлмелер мен әжетханалардан ауа шығару жүйелерін ғана қарастырады.
Жұмыстың өзектілігі:
1. Негізгі міндеті ауа ортасының күйін ұстап тұру, яғни бөлмедегі адамдармен технологиялық процестерді орындау үшін қолайлы жағдай жасау.
2. Жұмыс орындарында нормамен талап етілетін жағдайды қамтамасыз ету жолымен кәсіптік аурулармен күресу.
3 . Атмосфералық ауаны желдету шығарындыларында кездесетін зиянды заттармен ластанудан қорғау.
Жұмыстың мақсаты:
Ауа алмасуын ұйымдастыру адам денсаулығына қолайлы жағдай жасау жәнеде технологиялық процестердің талаптарына сай құралжабдықтар орнату.
Жұмыстың міндет:
- Желдету жүйесінің адам денсаулығына әсер етуі мен оның маңызын анықтау.
- Өндіріс орнының желдету жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсіндіру, желдету жүйесіне қатысты сызбанұсқалар мен гидравликалық есептеулер жүргізу.
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Желдету және оның түрлері
Желдету (латынша: ventіlatіo - желдету) - үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т. б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т. б. сақтауға арналған шаралар жүйесі. Қазіргі таңда желдету жүйесі әрбір ғимаратта, әрбір үйде қолайлы микроклиматты қалыптастырып тұруда үлкен рөл атқарады.
1. 1-сурет. Жатақхана желдетілуі
Желдетудің түрлері
Қолданылуына байланысты:
- Желдетудің тұрмыстық жүйесі-пәтерлер, офистер, үйлер және т. б. шағын ғимараттар үшін;
- Желдетудің өнеркәсіптік жұйесі-өнеркәсіп орталықтарында үлкен аудандық құрылымдар үшін.
Ауаның орын ауыстыру тәсілдері мен қысымға байланысты:
- Табиғи;
- Жасанды (механикалық) .
Табиғи желдету дегеніміз - бөлме ауасының көптеген айналмалық жолмен әртүрлі саңылаулар, кәуектер, терезелер мен есіктердің ойықтары және құрылыс материалдарының ұсақ торлары арқылы сүзілу (фильтрация) және ашпалы әйнек (форточка) сияқты табиғи желдетілуді күшейтетін жасандылар арқылы алмасуы. Осы жағдайларда ауаның алмасуы тек бөлменің ішімен сыртындағы оның температурасы мен желдің қысымының айырмашылығы арқылы болады.
Табиғи желдетілу түрлері ұйымдасқан және ұйымдаспаған болып бөлінеді:
Ұйымдасқан - аэрация деп аталады. Аэрация үшін сырттан ауа кіру үшін қабырғадан саңылау жасайды, ал ғимараттың төбесіне арнайы өңделген ауаны жойып отыратын құрылғы(шам әйнек) орнатылады.
Ұйымдаспаған - бөлмеге кіріп шығатын белгісіз ауа көлемі немесе ауа ауыстырғыш кездейсоқ факторларға бағынышты болады. Инфильтрация қосады - терезелер, есiктер, жабындардағы және терезелер желдеткiштердiң ашуында жүзеге асырылады.
Жасанды желдету - желдеткіштер және желдету қондырғыларының көмегімен жасалған жасанды күштің салдарынан болады.
Тағайындалуы бойынша:
- Ағындата желдету- ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады.
- Сора желдету- желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді.
- Ағындата-сора желдету- таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.
Ауа алмасуы бойынша:
- Жалпылай алмастыра желдету- бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген.
- Жергілікті желдету- зиянды заттар (газдар, булар, шаң- тозаңдар, т. б. ) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады [1] .
Жобалау ерекшеліктері бойынша:
- Каналды
- Каналсыз
Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалы әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.
Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар - абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады.
1. 2-cурет. Абсорбер құрылысы
- Желдету қондырғылары
Желдету қондырғылары - желдету жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Олар ауа жолдары мен каналдарға қосылмаған. Жылу қондырғылары: ауа жинайтын қондырғыдан, клапаннан, ауаны шаңнан тазартатын қондырғыдан, ауа қыздырғыштан және желдеткіш пен электр қозғалтқыш желдеткіш агрегаттан тұрады .
Желдету оқпаны - жер асты кен қазбалары мен шахталарды таза ауамен қамтамасыз етуге арналып салынған құрылыс. Қауіпсіздік ережесі бойынша шахта оқпандарының саны екеуден кем болмауы шарт. Желдету оқпаны ауа ағысының бағытына қарай екіге бөлінеді: ауа беретін оқпан арқылы жоғарыдан таза ауа жер асты кен қазбаларына беріледі; ауа шығаратын оқпан арқылы лас ауа жоғарыға шығады. Желдету оқпаны кейде адамдарды, тау жыныстарын, бекіту материалдарын көтеріп-түсіруге де пайдаланылады. Арнайы көтеріп түсіруге жабдықталмаған желдету оқпанындағы ауа жылдамдығы 15 м/с-ке дейін жетеді, ал адам тасымалдайтын желдету оқпанындағы ауа жылдамдығы 8 м/с-тан аспауы керек. Желдету оқпаны, негізінен, дөңгелек пішінді, бекітпесіз диаметрі 4-7м. Бекітпесі бетоннан жасалады. Кей жағдайда қимасы - тік бұрыш пішінді. Тік бұрыштарының қабырғасы ағаш бекітпемен бекітіледі. Желдету оқпанының аузында желдетпе арнасымен жалғасатын ойық салынады. Көмекші желдету оқпанында сығылған ауа және су құбырлары, кабель жүргізіледі [2] .
- Желдеткіш түрлері мен сипаттамалары
Желдеткіш түрлері мен сипаттамалары- өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауда, т. б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0, 15 Мпа-ға дейін) тудыратын қондырғы. Олар ғимараттарды және шахталарды желдетуге, қазан және пеш агрегаттарына ауа жіберуге не олардан түтін мен зиянды газдарды сорып тысқа шығаруға, материалдарды кептіруге, машина бөлшектері мен механизмдерін салқындатуға, сусымалы және талшықты материалдарды пневматикалық жолмен тасымалдауға, бірқатар технологиялық процестерді атқаруға, машина радиаторлары мен конденсаторын салқындатуға, т. б. қолданылады.
Өнеркәсіптік желдеткіштердің стол үстіне қойылатын және аспалы желдеткіш түрлері кеңінен тараған. Өшетін аппараттарда желдеткіштер тарту күшін тудыратын құрал ретінде (көтергіш желдеткіштер, турбореактивтік екі контурлы қозғалтқыш желдеткіштері, желдеткіш- фенестрон) пайдаланылады. Желдеткіштер қуаттылығына қарай Вольттың үлестерінен (тұрмыстық желдеткіштер) мыңдаған кВт-қа (өнеркәсіптік желдеткіштер) дейінгі желдеткіштер, ал құрылымына байланысты - центрден тепкіш желдеткіш, осьтік желдеткіш, диаметралды желдеткіш және қалақшасыз желдеткіш болып ажыратылады.
Осьтік желдеткіш түрі ауаны желдеткіш осі айналасында жылжытатын қалақшалары тұрады.
Ортадан тепкіш желдеткіш түрі спираль тәрізді қалақтары бар айналмалы ротордан тұрады. Өндірісте көп қолданылады.
Қалақшасыз желдеткіште ауа ағынын негіз ішінде жасырылған кішкентай көлемді, улкен рамаға тар саңылаулар арқылы жоғары жылдамдық арқылы түсетін ауа жасайды. Эжектор принципі бойынша салынған құрал.
1. 3-сурет. Ортадан тепкіш желдеткіш
1. 4-сурет. Диаметралды желдеткіш
1. 5-сурет. Қалақшасыз желдеткіш
Табиғи желдету кезіндегі ауаны алмастыру бөлменің ішкі және сыртқы ауа қысымы мен температураның айырмашылығының есебінен пайда болатын, жылудың және желдің күшінің салдарын болады, ал жасанды желдету, желдеткіштің көмегімен жасалған жасанды күштің салдарынан болады. Сондықтан олардың біріншісін бөлмеде жылу көп болған жағдайда және сыртқы желмен бірге қолданады, ал екіншісі - цехтағы жылу бөліну өте жоғары, бөлінетін зиянды заттардың санымен және улылығы(токсиндігі), сыртқы метеорологиялық жағдайларға қарамастан, бөлмедегі ауаның тұрақты алмасуын қажет ететін кезде, табиғи желдету микроклиматты қамтамасыз ете алмайды.
Әрекет ету орны бойынша желдету жалпы алмасатын, жергілікті және үйлестірілген(комбинирленген) болып бөлінеді. Олардың біріншісі зиянды заттар, бөлме бойымен біркелкі бөліне бастағанда іске асырылады, демек(сондықтан), өндірістік бөлмелерде жұмыс зонасы ауасына көп мөлшерде зиянды немесе жарылысқа қауіпті заттардың кенеттен түсуі мүмкін кезде авариялық, механикалық желдетуді қолданады.
Ол бөлме өте үлкен болып, ондағы адамдар саны аз және оларды қай жерде екендігі тіркелмеген кезде қолданылады. Сондықтан желдетудің бұл түрі, комбинирленген деп аталатын, жалпы алмасатын табиғи немесе жасанды желдетумен міндетті түрде толықтырылуы қажет.
Табиғи желдету барлық бөлмелерде қарастырылуы керек. Ол ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған болып екіге бөлінеді.
Бірінші жағдайда ауаны тазарту әртүрлі саңылаулар және терезелер мен есіктердің тығыз жабылмауынан болады, ол ауа алмасуының бірден азырақ бөлінуі кезінде қолданылады.
Аэрациялау (тазарту) кезінде бөлмені желдету арнайы құрылғы арқылы іске асырылады. Оны жылу көп бөлінетін цехтарда және зиянды заттардың шоғырлануы ағынды ауадағы ШШК 30% аспаған кезде қолданады. Аэрацияланған бөлмеден ауаны шығарып тастау үшін, үрленбейтін аэрациялық және жарықты аэрациялық шамдар, әртүрлі конструкциядағы шахталар, шатырдың үстіне орналастырылған сорып алатын құбырлары қондырылады. Желдің күшін пайдалану үшін, сонымен қатар ауаның шамалы көлемін алып тастау үшін, дефлекторлар қолданылады [3] .
Механикалық желдету ауаның өте таза жерден түсуін қамтамасыз етеді; ауаның тазаруына мүмкіндік жасайды - оны қыздыру, ылғалдандыру және кептіруді; ауаны кез келген жұмыс орнына немесе қондырғыларға жеткізуге мүмкіндік жасайды, сонымен қатар оны тазартып шығарып тастайды.
Механикалық желдету ағынды, сорып алатын және ағынды-сорып алатын болып орындалуы мүмкін.
Ағынды желдету зияндылық концентрациясы(шоғырлануы) аз және неғұрлым жақсы(айтарлықтай) жылу бөлінетін, өндірістік бөлмелерде қолданылады. Сорып алатын желдету, зиянды заттар болмайтын және ауа алмасудың ең аз бөлінуі, еселігі қажет өндірістік бөлмелерде, қосымша және тұрмыстық бөлмелерде, қоймаларда қолданылады. Ағынды-сорып алатын(тартатын) желдетулер, ерекше сенімді және жоғары ауа алмасуды талап ететін, барлық өндірістік бөлмелерде қолданылады. Бұл жүйеде ауа бөлмеге ағынды желдетумен беріледі де, бір уақытта жұмыс жасайтын сорып алатын желдетумен шығарылып тасталады.
Аралас желдетуді, ауаны ағызып және шығарып тастау үшін табиғи желдетуді ішінара (анда-санда, жарым-жартылай) механикалыққа қосымша қолдануға болады.
Апаттық (авариялық) желдету ауаға кенеттен көп мөлшерде зиянды немесе жарылуға қауіпті газдардың түсуі мүмкін өндірістік бөлмелерде қолданылады. Ол сорып алынады және өртке жарылысқа қауіпті А, Б, В категорияларын басқа, барлық кәсіпорындарға арналған желдетудің жұмыс жүйесімен бірігіп, ауа алмасуын 8-ден кем жасалмауын қамтамасыз етуі қажет.
Жергілікті желдету, бөлінетін зияндылықтарды тура пайда болған жерінде жойып(алып тастау үшін) және олардың таралуын, барлық өндірістік бөлмелердің ауасында, болдырмауға арналған. Ол жергілікті сораптар сияқты, сорып алатын желдету түрінде, сонымен қатар ағынды түрінде-жеңіл бүркемелер (перделер), душ және оазис түрінде орындалады [4] .
- Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар
Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар:
1. Ауыстыру ортаның құрамына байланысты желдеткiштер: әдеттегi орындауда; жегiдеге қарсы орындауда; жарылыс қауiпсiз және шаңдық орындауда дайындалады.
2. Жарылыс қауiпсiз орындаудағы желдеткiштер дөңгелектермен, конустармен және аллюминий немесе дюраллюминийден кiреберiс келте құбырлармен дайындалады; желдеткiш арқылы өтетiн жарылыс қауiптi қосындысының ағымында болатын бiлiк учаскесi аллюминийлiк қалпақшалармен және төлкемен жабылады.
3. Жегiдеге қарсы орындаудағы желдеткiштер агрессивтi қоспалары бар ауа әсерiне берiк материалдардан дайындалады.
4. Желдеткiштер дiрiл айырғыштармен жалпы iргетас рамасында электрлiк қозғағыштармен жиынтықта және тапсырыс берушiнiң талабы бойынша реттеу құрылғысымен жеткiзiледi [5] .
- Желдету жүйелерiн орнату (монтаждау) кезiнде қойылатын талаптар
1. Желдеткiш тұғырын қатты негiзге орнатқанда дыбысты оқшаулайтын төсенiшке тығыз орналастырады. Серiппелi және резеңкелi тозушылықпен дiрiлдi оқшаулайтын негiздер үлгiлi тетiктер сызбаларына сәйкес жасалынады.
2. Желдеткiштердiң бiлiктерi көлденең орналастырылады, ортаға тарту күшi бар желдеткiштер қаптамаларының тiк қабырғаларында еңiстер мен қисаюлар болмайды.
3. Желдеткiштердiң iргетастарын орнатқан кезде iшiнде анкерлi болттар үшiн ұялар қалдырылады, желдеткiштер орнатылғаннан кейiн ұялар цемент ерiтiндiсiмен толтырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz