Танымдық процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік
Жоспар.
1. Тарау. Танымдық процестердің бірі . қиял жөнінде түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2.4 бет
2. Тарау. Қиялдың психикалық үрдістермен байланысы мен шығармашылық әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.9 бет
3. Тарау. Қиялдың жеке адам өмірінде кездесетін түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.19бет
4. Тарау. Адамның жас ерекшелігіне қарай қиялдың дамуы мен жасалу жолдары және кездесетін айырмашылықтарын қалыптастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.23бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24.26бет
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27 бет.

Танымдық процестердің бірі —қиял жөнінде түсінік
Қиял—қабылдау,ойлау және есте сақтау аралығындағы жағдайлардағы адам психикасының ерекше формасы. Бұл психикалық процесс формасының ерекшелігі адам ағзасына қызметіне де байланысты. Қиялды түсінуге және түсіндіруге ерте заманның өзінде психикалық көңіл аударған деп пайымдасақ оны қазіргі күнде де қолданылуда және жалғастырылуда. Бұл феноменнің жұмбақ жақтарына келетін болсақ қиялдың механизмі оның ішінде анатомды-физиологиялық негізі туралы бүгінгі күнге дейін ештеңе белгісіз болып отыр. Адам өз қиялының арқасында өз қызметін жоспарлай және басқара алады. Барлық адамға тән материалдық және рухани мәденит шығармашылық қиялының және шығармашылықтың өнімі болып табылады.
Қиял—адамның өткенін еске түсіріп, болашағына жол ашады. Керемет бай қиялдың арқасында адам әр кезеңде өмір сүруі мүмкін. Адамның ойлау қабілетінің негізінде адамдар әр түрлі жағдайдан жол тауып шыға алады.Қиялдың ерекшелігі ол үнемі нақты өмірмен сәйкес келе бермейді,өйткені онда фантазия ойдан шығару элементтері бар. Адам санасындағы бейнелер мен бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұны ешқашан тікелей қабылданбаған. Бейнелер арасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады.
Күнделікті тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін,практикалық маңыз-мағынаға ие болмайтынның барлығын қиял немесе фантазия деп атай саламыз.Ал,шындығында қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекетінің негізі ретінде көркем -өнер,ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Алайда қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы немесе ұжымдық қиял) өзіндік ерекшелігін жоймайды әрі тек қана өзіне тән ерекше мазмұнға ие болады.
Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып–ақ,болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжай алады. Қиялдың жәрдемімен болашақ нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжауға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына,мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады.
Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс,орынсыз қимыл-әрекетке келтіреді.
Қиялдың зияны халықта «Қорыққанға қос көрінеді»деген мәтелінде дәл айтылған. Айтылуының бірден-бір себебі,кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп қабат үйлердің жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны.
Қиялдың бүгінгі өмірден арқан бойы алда болып,болашақта күтілген кей оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен ойлаудың арасында тығыз байланыстың барын көрсетеді. Ойлау сияқты қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсінуінен, қоғамдық сананың даму деңгейіне сай туындайды.
Мысалы, егер ежелгі дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса, бүгінгі күнде бұл үшін космостық келгенділерден фантастикалық көріністері қолданылады.
Бірақ, қиял дүниені жалпылай және жанама танытатын,ұғымдық мазмұны негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын елестер түрінде көрініп, нақты бейнелі формада жасалады.Қиялда түзелетін нақты, дәл бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады.Әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз ойын басқаларға дерексізденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен түсіндіруге тырысады.
Қиялға тән және ерекше белгі—оның бастау деректері толық әрі дәл талдауға келмейтін, мазмұны өте көмескі жағдайларды болжастыруда қолдануы. Мұндайда белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін ойлауды қолдану керек. Бұл тұрғыдан,қиял ойлаудың қандай да бір «орынбасар» ретінде көмек атқарады.
Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып, К.Д.Ушинский: «Мықты, кемелденген қиял—ақылдылықтың нышаны»,-деген.
Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбылыстарды өрнектеуге шебер. Дегенмен,сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердің бейнесі өзіміз күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементтерінің қосындысынан жасалады. Сондықтан адамның білімі неғұрлым мол,өмір тәжірибесі ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып әрі қызық бейнелер жасауға бейім келеді. Қиял маңызы өте зор. Ол тек жазушыларға кейіпкерлер бейнесін жасауға не суретшіге болашақ картинасының сюжетін іздестіруге қажеттігімен ғана шектелмейді. Фантазиясы болмаған ғалым құбылыс себептері жөнінде болжам жасай алмайды, мұғалім дәріс барысын, шәкірттердің оқуға деген ынтасын күні бұрын қиялмен талдамай, ертеңгі сабаққа дайындығын әзірлей алмайды. Жалпы оқу процестеріндегі барлық пәндер қиял қанатында жүреді.

Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Қ. Жарықбаев «Жантану негіздері». Алматы, 2002
2.Қ. Жарықбаев «Психология»Алматы, «Мектеп» 1980
3. Сәбет Бап-Баба «Жалпы психология» Алматы 2004
4.Л. С.Выготский «Психология» Москва, 2000
5.Р. С. Немов І-том «Психология»Москва, 2003
6. Т. Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 19937.
7. С. Л. Рубинштейн «Основы общей психология»
8. А. Темрбеков, С. Балаубаев «Психология» Алматы, 1996
9. Ә. Алдамұратов «Қызықты психология» Алматы 1992
10. Л. Д. Столерянко «Основые психология»

1. Тарау. Танымдық процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .2-4 бет
2. Тарау. Қиялдың психикалық үрдістермен байланысы мен шығармашылық
әдістері

... ... ... ... ... ... ..5-9 бет
3. Тарау. Қиялдың жеке адам өмірінде кездесетін түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .10-19бет
4. Тарау. Адамның жас ерекшелігіне қарай қиялдың дамуы мен жасалу жолдары
және кездесетін айырмашылықтарын қалыптастыру

... ... ... ... ... ... ... .20-23б ет
Қорытынды

..24-26бет
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27 бет.
Танымдық процестердің бірі —қиял жөнінде түсінік
Қиял—қабылдау,ойлау және есте сақтау аралығындағы жағдайлардағы
адам психикасының ерекше формасы. Бұл психикалық процесс формасының
ерекшелігі адам ағзасына қызметіне де байланысты. Қиялды түсінуге және
түсіндіруге ерте заманның өзінде психикалық көңіл аударған деп пайымдасақ
оны қазіргі күнде де қолданылуда және жалғастырылуда. Бұл феноменнің жұмбақ
жақтарына келетін болсақ қиялдың механизмі оның ішінде анатомды-
физиологиялық негізі туралы бүгінгі күнге дейін ештеңе белгісіз болып отыр.
Адам өз қиялының арқасында өз қызметін жоспарлай және басқара алады.
Барлық адамға тән материалдық және рухани мәденит шығармашылық қиялының
және шығармашылықтың өнімі болып табылады.
Қиял—адамның өткенін еске түсіріп, болашағына жол ашады. Керемет бай
қиялдың арқасында адам әр кезеңде өмір сүруі мүмкін. Адамның ойлау
қабілетінің негізінде адамдар әр түрлі жағдайдан жол тауып шыға
алады.Қиялдың ерекшелігі ол үнемі нақты өмірмен сәйкес келе
бермейді,өйткені онда фантазия ойдан шығару элементтері бар. Адам
санасындағы бейнелер мен бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана
қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұны ешқашан тікелей қабылданбаған. Бейнелер
арасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік
әлеміне есік ашады.
Күнделікті тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін,практикалық маңыз-
мағынаға ие болмайтынның барлығын қиял немесе фантазия деп атай
саламыз.Ал,шындығында қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекетінің негізі
ретінде көркем -өнер,ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен
мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Алайда қиял қандай түрде көрініс
бермесін, (жеке адам қиялы немесе ұжымдық қиял) өзіндік ерекшелігін
жоймайды әрі тек қана өзіне тән ерекше мазмұнға ие болады.
Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып–ақ,болашақ
еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжай алады. Қиялдың жәрдемімен болашақ
нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан түпкілікті
өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжауға мүмкіндік
ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына,мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне
қосымша қуат қосады.
Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз
жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске
тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс,орынсыз қимыл-
әрекетке келтіреді.
Қиялдың зияны халықта Қорыққанға қос көрінедідеген мәтелінде дәл
айтылған. Айтылуының бірден-бір себебі,кенеттен болған өрт кезінде кей
адамдар көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп қабат үйлердің
жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны.
Қиялдың бүгінгі өмірден арқан бойы алда болып,болашақта күтілген кей
оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен ойлаудың арасында тығыз байланыстың
барын көрсетеді. Ойлау сияқты қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам
қажетсінуінен, қоғамдық сананың даму деңгейіне сай туындайды.
Мысалы, егер ежелгі дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда болуын
түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса, бүгінгі күнде бұл үшін
космостық келгенділерден фантастикалық көріністері қолданылады.
Бірақ, қиял дүниені жалпылай және жанама танытатын,ұғымдық мазмұны
негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын елестер түрінде
көрініп, нақты бейнелі формада жасалады.Қиялда түзелетін нақты, дәл
бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып
отырады.Әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз ойын басқаларға
дерексізденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен түсіндіруге тырысады.
Қиялға тән және ерекше белгі—оның бастау деректері толық әрі дәл
талдауға келмейтін, мазмұны өте көмескі жағдайларды болжастыруда қолдануы.
Мұндайда белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін ойлауды
қолдану керек. Бұл тұрғыдан,қиял ойлаудың қандай да бір орынбасар ретінде
көмек атқарады.
Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып, К.Д.Ушинский:
Мықты, кемелденген қиял—ақылдылықтың нышаны,-деген.
Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбылыстарды өрнектеуге
шебер. Дегенмен,сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердің бейнесі өзіміз
күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементтерінің
қосындысынан жасалады. Сондықтан адамның білімі неғұрлым мол,өмір
тәжірибесі ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып әрі
қызық бейнелер жасауға бейім келеді. Қиял маңызы өте зор. Ол тек
жазушыларға кейіпкерлер бейнесін жасауға не суретшіге болашақ картинасының
сюжетін іздестіруге қажеттігімен ғана шектелмейді. Фантазиясы болмаған
ғалым құбылыс себептері жөнінде болжам жасай алмайды, мұғалім дәріс
барысын, шәкірттердің оқуға деген ынтасын күні бұрын қиялмен талдамай,
ертеңгі сабаққа дайындығын әзірлей алмайды. Жалпы оқу процестеріндегі
барлық пәндер қиял қанатында жүреді.
Қиялдың психикалық үрдістермен байланысы
мен шығармашылық әдістері
Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына
елестетіп, олардан бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған,жиналған
бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны, жаңа елестер мен идеялар
тудырады. Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз.
Қиял—тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық үрдіс. Жануарлар
дүниесінде мұндай функция болмайды.Өйткені қиял адамның еңбек әрекетімен
дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық үрдістердің түрлері
сияқты шындықты бейнелеп болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып
отырады. Қиял арқылы пайда болып отырған жаңа бейнелер адамның ілім қорына,
нақты бейнелерге,тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әр қилы психикалық
әрекеттерінде бір ғана үрдістің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес.
Ондай үрдістер бір бағытпен,арнамен өзара ұштасып араласып жатады.
Солардың ішінен адам әрекетінде бір – екеуі жетекшілік қызмет атқарады.
Сонымен қиял дегеніміз–бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен
құбылыстардың бейнесін жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеумен тұратын тек
адамдарға ғана тән психикалық үрдіс.
Адам қиялына меншікті кейбір ерекшеліктерді мынадай етіп топтастырып
көрсетуге болады:
1. Әрбір адамның қиялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіне,
алдына қойған мақсат–мүддесіне байланысты болып отырады. Мысалы,
жаңадан машина жасауды ойластырып жүрген инженердің белгілі тетіктерді
жетілдіру үшін оларды жасап шығарудың әдсі–тәсілдерін қарастыруын,
емтихан тапсырайын деп жүрген студентің іс-әрекетін салыстыра
отырып,олардың әрқайсысының мүдде – мақсатын айқындауға болады.
2. Қиялдың мазмұн – мәнісі, түр сипаты адамның жас ерекшелігіне,білім
дәрежесімен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне
байланысты. Мысалы, өмір – тіршілігінде көріп білгені мен көкейге
түйгені көп білімді адамның қиялы мен жеткіншектік жастың қиялын бір
мөлшермен салыстырып қарауға болмайды.
3 Қиял адамның барлық психикалық құбылыстармен тығыз ұштасып жатады.
Мысалы, мақсат еткен мүдделі ісін жүзеге асыру үшін адам оның әртүрлі
жолдарын іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік–жігері,
қайраты оның жоспарланған мүдделі ісін жүзеге асыруынан көрінеді.Қиялда
ойлау процесі ерекше орын алады деп айтылып кетті.Осы ретте,кеңес
психологі А.В. Брушлинский қиялды ойлаудың ерекше бір түрі деп
санайды.Бұл пікірді қостаушылар қазіргі уақытта да кездесіп
жүр.Өйткені,ойлау белсенділігі адамды шығармашылық істер мен әрқилы
әрекеттерге жетелейді.
Физиолог И. М. Сеченовтың қиялға байланысты пікіріне
сүйенсек,адамның басына оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған
бірден – бір ойдың келуі мүмкін емес. Ол тіпті ғылыми табыстарға негіз
болатын жаңа ойлардың өзін бұл жерден шығарып тастауға болмайды деген
пікір айтқан еді.
3. Адамның қиялы еңбек үрдісінде дамып отырады Мұндағы шарттар: саналы
мақсат болашақты болжай білу, оны өңдеп елестете алу. Адам қиялына
тән мұндай қасиеттер оның психикасын жануарлар психикасынан өзгешелеп
тұрады.
Көп уақыттар ғылымда шығармашылық процесті заңдастырып,оны үйретіп
болмайды деген тұжырым сақталып келді. Осыны қуаттаушы француз психологы
Г. Рибо кезінде: Мына сан пікір айтылып жүрген ойлап табу әдістеріңіз
бос әңгіме, ал бола қалған күнде де жаңалық табушыларды қарапайым
мехениктер мен сағат жөндеушілер дайындағандай, топтап, қолдан жасап алар
едік - деп кесіп айтқан. Алайда, мұндай көзқарас уақыт өте шайқала
бастады. Шығармашылық іс кездейсоқ жаңалықтар ашудан саналы ойлап табу
жолына түсті,жаңа міндеттерді шешу жоспарлы қалыпқа келді. Ағылшын
ғалымы
Г. Уоллес шығармашыл еңбектің 4 кезеңін бөліп, ұсынды.
1. Дайындық — идеяның пайда болуы;
2. Ой жетілуі — қойылған проблемаға орай білімдердің жинақталуы,
жетіспеген деректерді іздеу, топтау;
3. Аян болу- діттелген нәтижені сезіммен қауып түсу;
4. Тексеру.
5. С.Альтшулер шығармашылық еңбектің біртұтас теориясын нақтылап, бұл
процестің 5 деңгейін айырды.
1. Нақты нысанаға байланысты бір сұрақ төңірегіндегі мәселені шешу;
2. Сұрақ бір мәселе төңірегіндегі, бірақ нысан өзгертілген,шешімі көп
вариантты;
3. Нысан күрделі өзгеріске түседі,осыған байланысты дұрыс шешім жүздеген
қателіктердің арасынан табылуы қажет, қосымша білімдерді қажет
етеді.
4. Нысан түгелдей өзгереді. Проблема шешімі терең ғылымдық дайындықты
талап етеді, әрі сирек кездесетін құбылыстар арасынан іздестіріледі;
5. Нысанды қамтыған бүкіл жүйе өзгеріске түседі: шешім іздеу барысындағы
тәуекел мен қателіктер маны шексіз.
Мәселені шешу жолдары бүгінгі ғылым аймағынан тыс болуы мүмкін.
Сондықтан, бүгінгі қол жеткен білімдер негізінде жаңалықтар аша отырып,
қойылған мәселеге әсте ақырын жақындай түсу қажет.
Шығармашылық мәселелердің шешемін табудың ең маңызды тәсілдерінің бірі—
мәселе қандай күрделі қиындықта болмасын, оны қарапайым түрге келтіру,
яғни 4,5 деңгейдегі проблемаларды арнайы әдістермен 1,2деңгейге түсіру
керек. Ең бастысы, іздену аймағын мүмкін болғанша тарылта отырып,
қиынмәселенің оңайжолын таба білу.
Сонымен, бейнелердің үстірт көзге оңай, еркін, тосаттан пайда болатындай
көрінгенмен, болмысты қияли өзгеріске келтіру өз заңдарына бағынып, белгілі
әдістер мен тәсілдерге орай жүзеге асады. Жаңа елестер талдау және
біріктіру әрекеттерінің арқасында пайда болады. Қиял процестері,ақырында,
бастапқы клкстердің ойда бөлшектеніп, кейін олардың жаңа тізбектерге
бірігуінен құралады, яғни аналитик–синтетикалық сипат алады.
Қиялдың аналитик – синтетикалық сипаты агглютинатив (грек тілінен -
жабыстыру) тәсілінде анық көрінеді. Агглютинация дегеніміз —бірнеше
заттардың жеке элементтері мен бөліктерінің бір бейнеде қосылуы.
Мысалы,қазақ ертегілеріндегі су пері, жалғыз көзді дәу, жезтырнақ –адам
денесі мен аң, құс мүшелерінің қиялдық бірігуінен жасалған бейнелер.
Агглютинация техникалық жаңалықтар табуда кеңінен қолданылады.
Бейне жасау талдау процесінде қолданылатын және бір әді –бұл
акценттеу,яғни түзіліп жатқан бейнедегі қандай да бір элементтің қалыптан
тыс кейпімен көзге түсуі. Осы әдіспен нақты бейненің мәнді де маңызды қыры
баса көрсетіліп, ол басқа бөліктерінен ажыралып тұрады.Көбіне акценттеу
әдісін әзіл-сықақ суреткерлер жиі қолданады: нұсқаның бір белгілерін
шындыққа лайық сақтай отырып,баса белгілерін қиялды идеяға ұштастырып,
өзгеріске ендіреді, мысалы, бөспе адамның бейнесі шұбалаған сөз
тілімен көзге түссе, ашқарақ – мес қарынмен танылады.
Егер акценттеу айырым элементтерге емес, бүкіл нысанға тұтастай
қолданылатын болса,онда ол екі әдісте жалғасын табады: болмыстағы нақ
объектіге қарағанда керемет ұлғайтылып (гипербола) не кішірейтіліп
(литота)беріледі. Бұл тәсілдер көбіне халық ертегілерінде, дастан,
жырларда көрінген жауды жеңетін алып денелі тасқын күшті, бойы мен
бұлтты тіреген ғажайып бейнелерді жасау үшін қолданылады.
Қиял елестерін жасау біріктіру жолымен де іске асады. Фантастикалық
бейнеге негіз болған елестер бірігіп,айырмашылықтары көмескіленіп,ұқсас
тараптары алға тартылатын болса, онда схематизация әдісінің қолданылғаны.
Бұның мысалы ретінде қоршаған орта белерлеріне ұқсас жасалған ұлттық оюлар
мен өрнектерді келтіруге болады. Осы ою -өрнектерді саралай отырып,заты
қазақ қолындағы бұйымның қайсысы адайдікі,ұлы жүздікі не кіші жүздікі
екенін айыра бере алады. Ал енді, осы заттардың айырмашылығы неде екенін
сұрасаңыз, жауабын таба алмай қиналады, себебі ою -өрнек бейнелері әр
қазақтың қиял санасында жалпыланған схема күйінде орын тепкен.
Қиялдың жеке адам өмірінде кездесетін түрлері
Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің
иегері ретінде әрбір адам-жеке адам болып табылады. Қиял өзінің дараланған
күйінде әр жеке адамның өте мәнді ерекше қасиеттерін айқындайды. Қиял
әрбір жеке тұлғада бірнеше белгілермен дараланады. Қиял қызметі әрқилы
деңгейде көрінуі мүмкін.Оның көп түрлі болуынан басты себебі ең алдымен әр
адамның өз қиялын басқаруға деген саналы бағытынан. Әрекет дәрежесіне
қарай қиял енжар,белсенді,продуктивті және репродуктивті болып төртке
бөлінеді. Белсенді қиялды адам өз еркімен өз қалауымен сәйкес бейнелерді
жасай біледі. Продуктивті қиял адамның жаттанды көшірме түрінде емес,қиялы
саналы түрде болатындығымен ерекшеленді.Солай бола тұрса да, ол бейне де
шығармашылықпен құралады.
Репродуктивті қиялда мәселені шынайылықты қалай болса да солай
елестету және бұл жерде қиялдың элементтері де кездеседі мұндай қиял
шығармашылықтан гөрі қабылдау немесе есте сақтауда көбірек еске түсіреді.
Мұндай қиялда адамның іс–қимылында көбіне әдеби шығармашылық процесімен
байланысты. Репродуктивті қиялда реализм бөлшегі де натурализм деп
аталатын, сондай–ақ өнерге де бағытталуы мүмкін. Шығарашылық процесс
белсенді қиялмен байланысты. Енжар қиялды бейнелері адамның қалауынсыз
еріксіз ішкі–сезімдер арқылы пайда болады. Енжар қиялдан тұрмысқа аспайтын,
қажетсіз не болуы мүмкін емес бейнелер қалыптасады. Қиял мұндайда адамды
толық баурап,шын әрекет қажеттігінен ажыратады.
Енжар қиялды ниеттелген немесе ниетсіз болуы мүмкін. Ниеттелген енжар
қиял ерік күшімен байланыспаған бейнелер пайда етеді. Мұндай бейнелер әлі
болары не болмасы белгісіз армандаудан келіп шығады.Ол жеке адамның
қажетсінуіне байланысты. Мысалы, жарысқа түсетін спортшы, емтиханға бара
жатқан студент не армандайтын айтпса да белгілі.Әлбетте, бірі жеңіс
тұғырына көтерілгенін, екіншісі 5 алғанын елестетеді.
Енжар қиялдауда адам, әдетте, тек өзіне жағымды ұнамды арманға түседі. Ал
егер мұндай арманшылдық өнімді іс-әрекетпен ұштаспай, адамның психикалық
өмірінде басымдау келсе,онда тұлға дамуының қандай да кесапатқа ұшырағаны.
Ниетсіз енжар қиял сана қызметінің босаңсып, не зақымдануын,мүлгіген
хәлде,ұйқыда және т.б. жағдайларда белгі береді. Ниетсіз қиялдың аса жарқын
көрінісі галлюцинациялық кейіпте, адамның жоқ затты бар етіп,одан
шошынып,не қорқып, күйзеліске түскенінен байқауға болады.
Енжар қиялға қарағанда белсенді қиял жасампаз және шығармашыл келеді.
Жасампаз қиял негізінде алдын ала берілген көрсетпелерді басшылыққа
ұстаумен қандай да бейнелерді түзу жатады. Бұл қиял түрі қалаған оқу
жұмысының тірегі ретінде көркем әдебиет оқығанда, географиялық не тарихи
карталармен танысқанда, сызылымдар мен іс жобаларын оқығанда өте қажет.
Жасампаз қиял бейнелерін жазба не заттық құжаттар күйінде берілген басқа
адамдар сөзінен тұрғызуға болады. Қайта жасау барысында адам таңбалық
жүйедегі (сөз,сан,сызылма,нота және т.б.) іздерді өңінде бұрыннан
қорытылған білімдермен жасауда автордың көркемдік шеберлігі,образ
құрастырудағы әдістер мен тәсіл байлығы үлкен рөл ойнайды.
Сондай–ақ жасампаздық қиял бейнелерін тұрғызуда адамның көңіл күй
жағдайын да ескермеске болмайды. Күшті эмоциональдық кейіп жасампаздыққа
кедергі ықпалын тигізеді. Мұндайда адам ойы шашыраңқылыққа түсіп, өзінің не
оқып отырғанын түсінбей,мәнін,мазмұнын қабылдамайтын қалыпқа
енеді.Сырқаттан, наша не ішімдік әсерінен болған психикалық ауытқулар да
бастапқы мазмұнға сай келмейтін бейнелердің тууына себепші болады.
Өзіндік ерекшеліктері мен олардан туындайтын себептерге орай, қиял
ырықсыз,ырықты болып та бөлінеді.Психологиялық әдебиеттерде ырықсыз қиялды
пассив қиял, ырықты қиялды актив қиял деп те атай береді.
Ырықсыз қиял адамның алдына мақсат қоймай – ақ басындағы елестерідің
ағытылып,бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады.Қиялдың бұл түрі
төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы ояу кезде де ырықсыз
қиялдар өздігінен туындап жатады. Әлсіз қиялдың айқын түрі түс көруден
байқалады. Көрген түстің қисынсыз шым –шытырық болатыны да осы
ырықсыздықтан. Мұндай адамдардың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін
босатып жіберуіне да байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап,оны әр
нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда оның басынан
кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағылып өтіп жатуы.Осы екі мысалдың
бірінші жағдайында — қарапайым қиялдау затты қабылдаса,ал екінші жағдайда
сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес — қиялдың пассив түрі.
Қиялдың саналы әрі жемісті түрі — ырықты қиял. Бұл—адамның алдына
саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі бейнелер жасау мен қажетті бейнелер
тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық
байқалады.Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырудың жолдары бар.Олар — қайта
жасау қиялы мен жасапаздық қиял.
Қайта жаңғырту қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын
болған бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркендіргіш
қызметін әр түрлі суреттер сызбалар, кестелер атқарады. Ал бұл қиялдың
психологиялық құрылысын іздестіріп көретін болсақ ол екінші сигналдық
тітіркендргіштерді бірінші сигналдық бейнелерге айналдыру. Мысалы, мұхитты
көрмеген адам басқа біреудің сол мұхитты суреттеп жазғанмен таныса отырып,
оның ұшы –қиырсыз бейнесін қиялдайды. Қайта жаңғырту қиялындағы мақсат
жаңа, соны бейнелер жасау емес, табиғаттағы заттарды адамның өзі тікелей
қабылдамаса да, сол қалпында қайта елестету болып табылады.
Қайта жасау қиялы—адамның ой-өрісін дамытып отыратын психикалық
үрдіс.Қиялдың бұл түрінің тәлім –тәрбие ісінде ерекше маңызы бар.Мектепте
оқытылатын жеке пәндердің де қайта жасау қиялын дамытуда мәні зор.
Геометрия, сызу сабақтарында сызба суреттердің мәнісі әрбір машина
тетіктері, олардың қызметі,жұмыс принципі арқылы түсіндіріледі. Қайта жасау
қиялы адамның барлық қызметі мен іс-әрекетіне байланысты. Өйткені, әрбір
адам өзі істеген жұмысының нәтижесі мен пайдасын көз алдына келтіріп, қиялы
арқыл оларға шолу жасайды. Қайта жасау қиялы адамның білімі мен бұрынғы
тәжірибелеріне сүйенеді. Сөйтіп, қиялдың бұл түрі арқылы пайда болатын
елестер алға қойған мақсат пен тілекке сай ерекшеленеді, бұрынғы
қабылданған үрдістерді болмыстағы шындықпен жақындатады.
Балалардың қайта жасау қиялын дамытып, нәтижелі іс-әрекеттеріне күшті
әсер ететін жайт – олардың алдында белгілі практикалық міндеттерді қоюы.
Мәселен, заттың суретін салу немесе түрлі материалдардан сол заттардың
бейнесін жасау т.б. Мұндай істер балаларды сөзбен айтылған объектілерді,
нақты нәрселерді ұсақ түйгенмен қоса түгел елестетуге баулиды.
Қиялдың ең жоғарғы түрі — жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы
жаңа бейнелер жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял қайта жасау қиялы
сияқты нақты суреттер мен шартты бейнелерге сүйенеді.Адамның шығармашылығы,
ол жасаған туындылар– қоғамман бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп
отыратын күш. Жасампаздық қиял—қоғамдық мәні бар жаңа,соны өнімдер жасап
шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық үрдіс.
Шығармашыл қиял жаңа, қайталанбас бейнелер мен идеялардың қайнар көзі.
Мұндағы жаңа түсінігі екі – талай мәнге ие: объективті жаңалық және
субъективі жаңалық. Объективті жаңа бейне – бұл заттық не идея күйінде
дниеде бұрын соңды болмаған бейне; ал субъектив жаңа бейне-әрбір жеке
адамның оқу,тәрбие,күнделікті тұрмыс жағдайында өз басы үшін ашатын
жаңалығы. Қажеттіліктерді қанағаттандыру жолында көрнекі елес туындыларын
белсенді, мақсат бағдарлы пайдалану—шығармашыл қиялдың негізгі қасиеті.
Шығармашыл қиялдың ерекше сипаты:түзіліп жатқан бейне нақты болмыс
дүниеде әлі жоқ,ол енді ғана ғайыптан пайда болған сияқты. Осындай жаңа
бейненің жасалуы тек жеке адамға керектілігінен ғана емес, сонымен бірге
қоғам мүддесіне, сол қоғамның даму деңгейіне тәуелді келеді. Шығармашыл
қиялсыз өнер салаларындағы, ғылым мен техникадағы жаңалықтардың болуы
мүмкін емес.Шығармашыл қиял өнімі бірдейіне заттасқан күйде бола
бермейді,бірақ сол зат бейнесі оның сол уақыт не дәуірде практикалық іске
аспауынан саналық қалыпта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz