Зергерлік өнердің зерттелу жайы


Зергерлік өнерге байланысты атаулардың ұлттық мәдени ерекшеліктері мен этнолингвистикалық танымы
Жоспар
КІРІСПЕ . . .
НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .
І ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІМІЗДЕГІ ОРНЫ . . .
1. 1 Зергерлік өнердің зерттелу жайы . . .
- Зергерлік өнер атауларының ұлттық сипаты мен ерекшеліктері . . .
ІІ ЭТНОЛИНГВИСТИКАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМЫ . . .
2. 1 Зергерлік өнерге байланысты атаулардың этномәдени танымдық сипаты . . .
2. 2 Зергерлік өнерге байланысты этнолексиканың көркем шығармада берілуі
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
Диплом жобасының паспорты
КІРІСПЕ
Зерттеуге алғышарттардың сипаттамасы:
Жобаның өзектілігінің негіздемесі:
Мақсаты мен міндеттері:
Зерттеу объектісі :
Зерттеу мәселелерінің қысқаша сипаттамасы:
Зерттеудің нақты әдістері:
Дипломдық жобада топ мүшелері төмендегідей бөлімдер бойынша жұмыс жүргізді:
«Этномәдени құзыреттіліктердің қоғам орнында және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы» тақырыбы бойынша Тураханова Зухра баяндайды. «Ұлттық этномәдениетті айқындаудағы 5-6 сынып оқулықтарының рөлі» тақырыбы бойынша Ганиева Гулхае өз зерттеу жұмысын ұсынады. «Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізу және оның нәтижелері» тақырыбы бойынша өз жобасын Абдразакова Умида қорғайды. Ал«Этномәдениеттің қалыптасуына әсер ететін факторларды саралап, атаулы сынып өкілдерінің этномәдени білімге қызығушылығын білу» тақырыбы бойынша жоба ұсынатын Раимбердиева Дилобар.
І ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІМІЗДЕГІ ОРНЫ
1. 1 Зергерлік өнердің зерттелу жайы
Қолөнер - ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан қастерлі өнер, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі. Қандай халықтың қолөнері болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, салт-санасымен астасып қатар өркендейді. Қолөнер адам баласының көркемдікке, нәзіктікке, сұлулыққа деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады.
Сан қилы кезеңдерден өтсе де, көркемдік бейнелердің өзіндік ерекшеліктерін бұлжытпай сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жалғасын тауып келе жатқан қолөнеріміздің ішіндегі киелі әрі күрделілерінің бірі - зергерлік өнер.
Зергерлік өнерінің ұлттық мәдениетімізде тарихи орны ерекше болумен қатар, бір жағынан халқымыздың материалдық мәдениетінің дәрежесін көрсетсе, екінші жағынан - рухани жан дүниесін, философиялық, эстетикалық көзқарастарын білдіреді.
Қазақ халқындағы зергерлік бұйымдарының бастау кезін алғашқы тайпалық бірлестіктер дәуірлерінен іздеген жөн. Неолит немесе мыс (б. д. д 3-2 мың жылдықтар), қола (б. з. б 2 ші мың жылдық -VIII ғғ) замандары мен алғашқы темір кезеңіне (б. д. д VII-IV ғғ) байланысты қазбалардан шеберлердің зергерлік өнермен айналысқанын айғақтайтын жекелеген заттар мен заттардың фрагменттері табылған. Сондай-ақ6 Биғазы, Дәндібай, Отырар төбе, Маңғыстау, Бесшатыр, Шілікті және басқа да обалар мен қорғандарды қазу барысында табылған зергерлік бұйымдары қазақ халқында бұл өнердің ертеден-ақ қанат жайып, өркендегенін дәлелдейді. Бұл адамның өмір сүрген кезінен бері қарай 2000 жыл өтті деп есептеген күннің өзінде зергерлік өнердің қандай деңгейде дамығанын айқын аңғаруға болады [1, 9б] .
Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта Солтүстік Қытайдан Алтай және Жетісу өңіріне дейінгі аумақты Хунну (Ғұн) ірі тайпалар одағы мекендеген. Олардың бай тарихи мұрасы алтын және күміс әшекейлерінде бейнеленген.
Үйсіндер - Орталық Азия аумағындағы ең ірі алғашқы тайпалық бірлестіктердің бірі (б. з дейінгі II ғасыр) . Мыс, темір, асыл метал өндіру, балқыту және өңдеу үйсіндердің шаруашылығында маңызды орында болып, алтын және қола кең көлемде қолданылды. Олардан білезіктер, сырғалар, сақиналар, киім әшекейлері жасалынды. Зергерлік бұйымдар арасында алтын, мыс, қола сымдарынан оратылып жасалынған сырғалар, тастан жасалынған салпыншақтар, бір жағы құстың мүсіндік бейнесімен әшекейленген қола түйреуіштер кездеседі. Алматыға жақын жердегі Қарғалы шатқалында табылған алтын бұйымдар ежелгі үйсіндердің зергерлік өнерін жарқын сипаттайды.
Диадема ежелгі үйсіндердің зергерлік өнерінде өз орнын тапты. Диадемадағы суреттерде үйсіндердің діни-нанымдары және мифологиясы бейнеленген болуы керек. Үйсін қоғамындағы ру-шонжарларының атрибуттары да өте қызықты: тастан және алтыннан жасалған мөрлер.
III - II ғасырларға жатқызылатын Қапшағай, Өтеген, Қызыл еспе, Қызыл ауыз, Қызыл қайнар қорымдары, Орта дәуірге (б. з I дейінгі ғасыр) жататын қорымдар: Өтеген 1-2, Тайғақ 1, Қарлаақ 1, Алтын Емел, Қаратума, Талған, Ақтас; Соңғы дәуірге жататын қорымдар: (I-III ғасырлар) Қапшағай 2, Шолақ жиде, 1, 2, Көр Қора 2, Қалқан 4 қорымдары зерттелді [2, 85] .
Әлемді елең еткізген өлмес мұраның бірі Есік Қорғанынан табылған «Алтын адам» кейпі. Жерленген мәйіттің басынан аяғына дейін алтынмен апталған, киім киісіне қарағанда оның патша сарайына қатысы бар, немесе бір тайпа елдің көсемі екеніне шүбә келтірмейміз. Бұл тек құнды археологиялық олжа ғана емес, ата-бабамыздың жоғарғы мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын тұғыры. Төрт мыңнан астам алтын пластинкалардан құралған қапсағай сауыт, қанатты тұлпар мен арқар бейнесі қондырылып, алтын жебелермен көмкерілген шошақ бөрік және басқа да әшекейлер. Дулығаны көмкерген алтын бастырмалар өте бір нәзіктікпен бедерленіп сызылған. Бастырмалардың ішіндегі көңілді ерекше аударатыны «Тау басындағы барыс» бейнесі. Барыстың шиыршық атқан айбарлы кейпі, сан құбылған қимыл-қозғалысы, бедерлеме мәнерлі сызықтарының толқынды тарамдары - адамды арбап сүйсіндіреді. Екінші бір ерекшелігімен көзге түсетін зат белдеме-белдіктің айшықтары. Белдіктің қапсырмасындағы бұғының бейнесі бедерлеме өнер тарихындағы айшықтау тәсілінің озық үлгісі [3, 106] .
Адамдар өте ерте кезден-ақ бір-бірімен сауда жасасқан. Бірінде жоқ құнды заттарды алғашында айырбас жасау түрінде жүргізді. Кейін келе оларды ақшаға сату немесе керектіні сатып алу жүзеге аса бастады. Осылайша жәрмеңке, базар, қала мен қаланы, ел мен елді бір-біріне жалғаған сауда жолдары пайда бола бастады. Сауда жолдары бір-біріне қосылып, батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке қарай созыла берді, осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ұлы Жібек жолы деген ежелден келе жатқан ат емес, бұл атау тек 1877 жылы пайда болды. Оны неміс географы Фернинанд фон Рихтгофен қалыптастырды. Сол кездегі сауданың басты тауары Қытайда өндірілетін жібек болған, сондықтан жол «Жібек жолы деп аталған». Ұлы Жібек жолы үш тармақтан тұрды, олар: «лазурит жолы», «нефрит жолы», «бұлғын жолы». Яғни, Египет пен Вавилонда, Иранда өте әдемі бағаланатын әдемі көк тас лазурит тасымалданған. Екінші тармағында - Қытайдағы императорлар мен ақсүектердің сүйікті заты болған әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдады. Үшінші тармақта «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасымалданды [4, 38] . Жібекпен бірге Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа Римде, Францияда, Византияда, Русьте, Иран мен Араб халифатында, Ерте түркі қағанаттарында, Қытай, Корей, Жапониияда өндірілген көптеген тауарлар ағылды. Экзотикалақ тауарлар: хош иісті заттар, амбра иіс майлары, кардамон ас татымы, мускат жаңғақтары, морж сүйегі мен азу тістері, алмаз, яшма, кәріптас, теңіз маржандары, алтын, күміс, қымбат терілер мен теңгелер, садақ-жебе, найза-қылыш сонымен қатар арыстан, гепард, тотықұс, бөкен, Ферғананың атақты сәйгүліктері де саудаға салынды. Орталық Қазақстан даласында жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Құлан, Аспара, Отырар, Алматы, Сауран, Түркістан, Сығанақ, Сарайшық қалалары бой көтерді. Алматыға жақын орналасқан Талхир (қазіргі Талғар) қаласында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде әсіресе құйма ақшалар, күмістен соғылған табақтар, әшекейленген мыс табақтар, таңбаланған қытай айнасы, салт атты және айдахар бейнеленген қола тұмаршалар, металл ақшалар, зергерлік бұйымдар асыл тас шеберлерінің бұл ғасырда да өз орнын тапқанын көрсетеді.
VI-IX ғасырдың бірінші жартысы арасындағы уақытта (орта ғасырларға дейінгі дәуір) Қазақстанның кең байтақ аумағында ежелден кәсіптік мәдениет дамуының ірі тарихи-мәдени орталықтар болған. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі солардың бірі болып табылады. Бұл аймақтың ішіне Орта Азия және Орталық Қазақстан, Орал, Сібір аумағы кірген.
VII-XIV ғасырларда қазақ жерінде шеберлік сәулет өнерлері кең өріс алды. Мұны дәлелдейтін бірсыпыра ғаламат ескерткіштер бізге жетіп отыр. Олардың ішінен Айша бибі, Қожа Ахмет Яссауи мазар кесенесі өзінің архитектуралық шешімімен, әсем ою-өрнектерімен тамсандырып, таңдандырады.
Жазба деректемелер мен жер астынан табылған өнер бұйымдары сол кездердің өзінде-ақ кәсіби шеберлердің, ұсталардың (теміршілердің), зергерлердің, тас қашаушылардың, қолашылардың, тас оюшылардың (бәдізшілердің) болғандығын көрсетеді [5, 5] .
Енді ұста сөзіне тоқталайық. Қазақ арасында жалпы темір соғатын ұсталарды да, зергерлерді де «ұста» деп атаған. Ұста сөзі өнегелі, ісмер деген ұғымда тізбектеліп, айтыла береді: ағаш ұстасы, сөз ұстасы, темір ұстасы, ақыл айтуға ұста т. б. Ал ұсталарды «қара ұста», «ақ ұста» деп екі топқа бөлген. «Қара ұста» деп - темір, мыс, жез т. б металдарды өңдейтін он саусағынан өнер тамған, темірден түйін түйген адамдарды атаған. XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ ұсталары негізінен шаруашылық саймандары: жер ағаш тісі, орақ, тырма тістері, кетпен, күрек, қырықтық, арбаның темір бөлшектері, қақпан, балта, шот; ер-тұрман әбзелдеріне арналған әшекейлер мен ауыздық, айылбас, үзеңгі, таға, кісен; әр түрлі үй бұйымдары - темір адалбақан, ошақ, мосы; қару-жарақ түрлерін (пышақ, семсер, қылыш, найза ұшы, айбалта мен білтелі мылтық сияқты заттарды) жасай білді.
«Ақ ұста» - «қара ұстаның» істейтін жұмыстарын түгел меңгерген, әр түрлі қымбат бағалы алтын, күміс т. б металдар мен асыл тастардан сан-алуан нәзік, көркем бұйымдар жасайтын қолы қарықты, шебер адам. Кезінде «ақ ұста» кейін «зергер» деп аталып кеткен ұсталар тобы көбінесе алтын, күміс сияқты қымбат бағалы металдар мен тастарды қолданып, өте нәзік зергерлік бұйымдарды әзірлеген [6, 91б] .
Зергерлердің соғатын заттарының түрлері көп болған. Оған күмістен соғылатын көптеген бұйымдар, әйелдердің әшекейлері, сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тана, тісшұқығыш, сондай-ақ, киім-кешекке тағатын сәндік бұйымдары, ас-су жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндегі ою-өрнек, жиһаздық заттар, ағаш ыдыс-аяқ, тері, торсық, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат-тұрман әбзелдері, ерлерге арналған - кемер белбеу, кісе, ер-тұрмандардың күмістелген, алтынданған әшекейлердің неше түрлісін, үй жиһаздары мен ыдыс-аяқ бетіне орнатылатын күмістелген әшекейлеумен бірге қару-жарақ беттерін күмістеу сияқты істермен де айналысады.
Енді зер сөзінің этимологиясы назар аударайық: зер сөзі 1. Әшекей, сән бұйымдарын жасауға пайдаланатын әдемі, сары түстес қымбат металл. Зер қадірін зергер біледі. (Мақал) ; 2. Алтын, күміс, мыс талшықтарынан тоқылған қымбат мата, кесте, оқа. 3. Зер талшықтарынан алынған жалтыр жіп. 4. Зермен безендірілген ою, өрнек, әшекей. Зер белбеу, зер шашақ, зер жіп сияқты.
Зергер - сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста. Зергерлік - әшекейлі бұйым жасау өнері [7, 272] .
Зәр сөзі парсы тілінде алтын деген мағынаны білдіреді. Зәргәр, зәркеш жіңішке алтын жіп жасайтын зергер. Зәргун - алтын, алтынданған, алтын сияқты; зәрнешан - алтынмен әшекейленген деген мағынаны береді [8, 231] . С. Қасиманов «зергер» сөзін «Қазақ халқының қолөнері» кітабында қош етер, қош етуші (жұрттың бәрін қуантатын шебер) деп де атап өткен [9, 181] .
Бірақ, алтын, күміс бұйымдарды жасаумен әуестенушілер өздерін темір ұстасынан бөлек санаған. Осыған қарай оларды зергер деп атау Орта Азия халықтарында ерте кезден-ақ қалыптасқан. Бұл туралы П. С. Паллас өзінің 1776 жылғы «Путешествие по разным провинциям Российской империй» деген кітабында: « . . . қазақтарда ұсталар да зергерлер де бар», - деп жазады. Ал, революцияға дейін шығып тұратын санақ басқармасының: «Обзоры Акмолинской области за 1904 год» деген жинағында: « . . . у казахов существует особые художники и золотых дел мастера» деп атап көрсетілген [10, 138б] .
Әсiресе, зергерлік бұйымдардың iшiнде қазақтың қыз-келіншек, әйелдердiң тағынатын әшекейлерiнiң орны ерекше. Ж. Манкеева зергерлік бұйымдарды саралау бағытында, әйелдерге қатысты зергерлік бұйымдарды шартты түрде:
1 Бас киiмге тағылатын зергерлік әшекейлер;
2. Шашқа тағылатын зергерлік әшекейлер;
3. Сырт киiмге тағылатын зергерлік әшекейлер;
4. Бойға тағылатын зергерлiк әшекейлер;
5. Қолға тағылатын зергерлік әшекейлер, - деп беске бөлген [11, 272 б] .
Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеу кезеңiнiң маңызды оқиғасы - 2003 ж елiмiздiң Президентiнiң халыққа жолдауы еді. Мәдени мұра бойынша ҚР-ның Ұлттық Кеңесiнiң 3-шi отырысында Н. Ә. Назарбаев былай деді: «Бүгінде мемлекет мәдениеттi дамыту мәселелерiнiң бұдан бұрынғы «қалдықтық» тәжiрибесiнен бiржолата қол үзбеуге мүмкiндiк алды. Және де бұл мүмкiндiгiмiздi барынша iске асыруымыз қажет» [12, 5 б] .
Қазақтың басынан қаншама қилы кезеңдер өтсе де, зергерлер мен олардың шебер қолдарының табы болған атадан балаға мирас болып қалған киелі өнер өз орнын табуда және таба бермек. Бүгiнгi таңда қазақтың дәстүрлi өнерiн, онын мәдениеттанулық негiзiн керсете бiлуiмiз қажет. Бар әдемi кұндылықтарды сырттан iздемей, оны өзiмiздiң асыл мұралардан iздеу, оны жандандыру, қалпына келтіру, мәдениеттанулық деңгейге көтеру, оған дәнекер болу, қазақтың әрбір зергерлік мұрасын, ұлттық мәдениеттанулық деңгейге көтеру - бүгiнгi күнгi көкейкестi, өзекті мәселелердiн бiрi. Қазiргi таңда жаһандану заманында қазақтың зергерлік бұйымдарын жан-жақты әсiресе мәдениеттану тұрғысынан зерттеудiң, оның мәнiн ашудың ғылым үшiн де, өмiрлiк тәжiрибе үшiн де маңызы өте зор.
Этнолингвистика - этностың болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тiл арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұра ретiнде атадан балаға, әулеттен нәсілге ауысып келе жатқан дәстүрлi мирасты жаңғыртып, танымдық мәнiн ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тiл бiлiмiнiң күрделі де құнарлы саласы. Этнолингвистика - жалпы ғылымға тек дифференция процесiнiң тiл бiлiмiндегi бiр көрiнiсi iспеттi iштей жіктелудiң нәтижесiнде пайда болған. Тiл бiлiмiнiң экстролингвистика, психолингвистика, паралингвистика, т. б. салаларымен қатар тұрады. Этнолингвистикалық көзқарас алғаш 19 ғ-дың 2-жартысында В. Гумбольдт, А. А. Потебня зерттеулерiнде пайда болды. Сондықтан этнолингвистикалық зерттеулердiң бiрде сөздiк қордың қойнауында сақталып кене дәуiрден келе жатқан байырғы лексиканың мазмұнын ашуға бағытталғанын білсек, бірде этнос болмысынан, дүниетанымынан туындаған тiлдiк фактiлердiң сырын ашып, пайда болуын айқындауды мақсат еткенiн көреміз. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, салт-дәстүрiне, сондай-ақ өмiр-тiршiлiгiне қажеттi де ерекше орын алатын заттық мәдениеттiң қыр-сырына ерекше мән беріп келеді. Этнолингвистиканы тiлдегi этнографизмдердiң немесе тiл мен этнография фактiлерiнiң қосындысы деуге болмайды. Этнолингвистиканың қалыптасу процесiн, мазмұны мен мақсатын, зерттеу нысанын сол салада істелген жұмыстың ауқымын бағыт-бағдары мен сипатынан пайымдауға болады. Мәселен, Үндіеуропалықтар мен үндіеуропа тілдеріне бағышталған Т. Гамкралидзе мен В. И. Ивановтың ("Индоевропейцы и индоевропейские языки", 1977) еңбегiнде ундіеуропалықтардың рухани-мәдени ортақтығы олардың тiлi негiзiнде сөз болса, Н. И. Толстойдың ("Этнолингвистический словарь славянских древностей", 1996) сөздiгiнде славян халықтарының жанды тiлiнде сақталған байырғы мәдениетiне қатысты көнерген сездерi қарастырылады. Ал өткен ғасырда жазылған В. А. Серашевскийдін еңбегінде түркі халықтарының бiрi - сахалардың этнологиялық, этнографиялық болмысы сөз болады. Этнолингвистика тарихындағы күрделі еңбектердiң бiрiне мажарларға қатысты 5 томдық этностық лексиконды жатқызуға болады. Осы орайда қазақ Этнолингвистикасы бойынша Ә. Қайдардың «Қазақтар ана тiлi әлемiнде» атты 4 томдық этнолингвистикалық сөздiгiн атауға болады. Қазақ тiл бiлiмiнде Этнолингвистика мәселелерi профессор І. Жұбановтың, сонымен қатар жеке ғылым саласы ретiнде М. Копыленко, Е. Жанпейісов, Ж. Манкеева, т. б. ғалымдар мен зерттеушiлердiң еңбектерiнде айтылып жүр. Этнолингвистиканың бір міндеті - сан алуан қайнарлардан (ауызекі жанды тілден, ауыз әдебиеті үлгілерінен, лексикографиялық еңбектерден т. б) этнос болмысына қатысты фактілерді жинау болса, екіншіден оларды саралап, жүйеге салу, мазмұнын айқындау, түсіндіру, яғни оларды этностың өзі туралы сөйлете білу. Этнолингвистикаға тән ерекшелік - оның тілдік объектілері мен фактілердегі жаппай емес, зерттеудің нақтылы мақсаты мен тақырыптарына қарай сұрыптап алып саралай құрастыру. Сонымен қатар атау сипаттағы жәй тіркестер мен көркемдік астарлы ауыс мәнге ие тұрақты тіркестерді (фразеологизм, теңеу-салыстыру, мақал-мәтел), тіпті мағлұмат беретін көркем жанрлық мәтіндерді де нысана етіп қарастырады.
Этнолингвистика - этнос болмысын тілі арқылы танып-білу. Қазақ тіл біліміндегі жаңа салалардың бірі - этнолингвистика. «Тіл әлемінің» өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген әлеуметтік лингвистика, психилингвистика, статолингвистика іспеттес этнолингвистика да - «этностаным» мен «тілтаным» ғылымдарының ортақ проблемасы шеңберінде тоңысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала. Ол - этностың табиғатын тереңнен танып-білу үшін байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым.
Этнолингвистика - халықтың этногенезін тұрмыс-салты мен әдеп-ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы. Тіл мәселелерін мәдениетпен халық әдеп-ғұрпымен, салт-санамен байланыстыра зерттеу ХХ ғасырдың 2070 жылдарында орын ала бастады. Тіл білімінде қалыптасқан екі түрлі бағыт бар. Олар негізінен Америка мен ФРГ-да дүниеге келген. Алғашқы этнолингвистикалық зерттеулер ретінде мына еңбектерді атауға болады: Эдуар Сепирдің 1921 жылы шыққан «Тіл», 1929 жылы шыққын «Лингвистиканың жайы», Б. Уорфтың «Тіл, ойлау және шындық» (1959) жинақтары. Э. Сепир индеецтердің көптеген тайпаларының тілдерін зерттесе, неміс лингвисі Л. Вайсгербер «Неміс тілінің күші» туралы төрт томдық еңбек жазды. Америка мектебі тім мен мәдениетті негізгі проблема деп алса, Германия мектебі тіл мен халықты бірінші орынға қояды. Яғни, тіл функциясын, оның қоғамдағы даму рөлін асыра сөз етеді. Тіл адам санасы мен объективтік шындық арасындағы біріңғай қатынас тізбегіне ене отыра, өзі сол санадан, объективтік шындықтан туған туынды болып табылады деген көзқарасты ұсынады.
Этнолингвистикалық ізденістер мазмұны жағынан қарағанда, оның бастауы тілдердің туыстық негізін білу идеясынан туған деген түйін жасаған дұрыс, ендеше тіл ғылымының этнолингвистика саласы әуелден-ақ зерттеу нысанына қарай жіктеле бастағанын, кейін тілдердің туыстығын, тарихи негізін айқындаудан тілдің ішкі мазмұнына қарай бет алғанын, тілдік таным мәселелерінің маңызды болғанын көруге болады. Бұл жөнінде алғашқылардың бірі болып пікір айтқан Э. Сепир өзгеше ұлттық феноменді түсіндіруде оның уәжінің тарихын ашуға тырысады, сол арқылы мәдениетті танытудың жолы - тіл, тіл мәдениетсіз өмір сүре алмайды деген түйінге келеді [1, 185] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz