Нұр - Сұлтан қаласының экологиялық жағдайы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі

«С. Сейфуллин атындағы Қазақагротехникалық университеті» КеАҚ

Ж. А. Пшенбай

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаментінің қаладағы өткізетін экологиялық іс-шаралардың саны мен сапасы»

5В060800 - «Экология» мамандығы

Нұр-Сұлтан, 2022

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық Университеті» КеАҚ

«Қорғауға жіберілді»

«Экология» кафедрасының меңгерушісі

Г. К. Сатыбалдиева

«» 2022 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаментінің қаладағы өткізетін экологиялық іс-шаралардың саны мен сапасы»

5В060800 - «Экология» мамандығы

Орындаған: Ж. А. Пшенбай

Ғылыми жетекшісі

б. ғ. к., доцент: К. К. Шупшибаев

Нұp-Cұлтaн, 2022


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық Университеті» КеАҚ

«Бекітемін»

«Экология» кафедрасының меңгерушісі

Г. К. Сатыбалдиева

«»2022 ж.

Тапсырма

Дипломдық жобаны орындау бойынша

Студент : Пшенбай Жанна Амангелдіқызы

Тақырыбы «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаментінің қаладағы өткізетін экологиялық іс-шаралардың саны мен сапасы» «»№

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «» 2022 ж.

Дипломдық жобаның өзектілігі, негізгі міндеттері: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаментінің қаладағы өткізетін экологиялық іс-шаралардың саны мен сапасы анықтау

Дипломдық жобаның мақсатын орындау барысында мынадай міндеттер қойылды:

- экологиялық іс-шаралардың маңызы;

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаментінің қаладағы өткізетін экологиялық іс-шаралардың санының анықтау;

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаментінің қаладағы өткізетін экологиялық іс-шаралардың сапасын анықтау.

Жұмыстың таралуы бойынша кеңесшілер

Тарау
Кеңесші
Бақылау
мерзім
қолы
Тарау: Кіріспе
Кеңесші: Шупшибаев К. К.
Бақылау:
Тарау: Әдебиеттік шолу
Кеңесші: Шупшибаев К. К.
Бақылау:
Тарау: 1 бөлім. Әдебетке шолу
Кеңесші: Шупшибаев К. К.
Бақылау:
Тарау: 2 бөлім. ???
Кеңесші: Шупшибаев К. К.
Бақылау:
Тарау: 3 бөлім. ???
Кеңесші: Шупшибаев К. К.
Бақылау:
Тарау: Қорытынды
Кеңесші: Шупшибаев К. К.
Бақылау:
Тарау: Пайдаланылған әдебиеттер
Кеңесші: Шупшибаев К. К.
Бақылау:
Тарау: Норма бақылау
Кеңесші: Дюсенова Г. Б.
Бақылау:

Тапсырма берілген күн

Жұмыс жетекшісі қауымдастырылған б. ғ. к., доцент Шупшибаев К. К.

Тапсырманы орындауға қабылдаған студент Пшенбай Жанна Амангелдіқызы

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жобада келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалынған.

Ақпарат көздері ретінде аналитикалық жарияланымдар және басқа да ашық ақпарат көздері пайдаланылды. «DAMU RG Зерттеу тобы» ЖШС-ң арнайы сауалы бойынша ведомстволық органдардан Қазақстан Республикасындағы қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының дамуы бойынша негізгі деректер, сонымен қатар осы саланы ары қарай талдау және бағалау үшін қосымша ақпарат алынды.

Ақпарат көздері:

• ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі ;

•ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің ;

• аранайы сауалдар бойынша алынған статистикалық деректер;

• арнайы басылымдарда, БАҚ-да және Интернетте , аналитикалық және сараптамалық материалдар;

• салалық қауымдастықтардың ресми пресс-релиздері және және т. б.

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Қоршаған орта - тіршілік ортаны қоршайтын және олардың тіршілік ортасын жанама немесе тікелей әсер ететіндер.

Шығарындылар - қоршаған ортаға кез келген ластаушы заттардың кысқа мерзімде немесе белгілі бір уақыт аралығында шығуы.

Глобалдық ластану - жалпы биосфераның табиғи физика-химиялық, биологиялық көрсеткіштерін бұзатын ластану планетамыздың бетінің кез келген нүктесінде кездеседі.

Экологиялық мониторинг - қоршаған орта жағдайын бағалау, бақылыу, талдау жүргізу жүйесі.

Қоршаған ортаға әсерін бағалау - шаруашылық және басқада қызыметтердің қоршаған ортаға, адам денсаулығына көңіл бөлінетін, ҚР экологиялық заңнамасының талаптары ескерілетін, қолайсыз зардаптарды болдырмайтын, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі іс-шаралар әзірленетін рәсім.

Қоғамдық экология - адамзат пен биосфераның өзара байланысын зерттейтін, биоқоғамның ұйымдастырылуының, қызымет етуімен дамуының іргелі заңдылықтарын ашатын, ішкі қарама-қайшылықты табиғат қоғам жүйесін зерттейтін биоәлеуметтік ғылым.

Экологиялық проблема - қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтыратын мәселе, мысалы, адам мен табиғаттың өзара әрекетіне байланысты, адамның қоршаған ортаға әсеріне байланысты.

Қоршаған ортаның сапасы - физикалық, химиялық, биологиялық және басқа да көрсеткіштермен және олардың жиынтығмен сипатталатын қоршаған ортаның жай-күйі.

Сұйық тұрмыстық қалдықтар - ластанған су, соның ішінде, орталықтандырылмаған кәріз жүйелерінде адам әрекеті процесінде жинақталған қалдық.

Экологиялық құқық - қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі салдарының қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы болып табылатын арнайы білімді кешен.

Қышқыл жаңбыр - метеорологиялық жаyын-шашынның барлық түрлері - қар, жаңбыр, бұршақ, тұман, қар - ауаның қышқыл оксидтерімен, әдетте күкірт оксидтерімен және азот оксидтерімен ластануынан жауын-шашынның рН мәнінің төмендеyі байқалады.

Қалдықтарды бөлек жинау - қалдықтардың шығу тегі мен қайта өңдеуге немесе қайта пайдалануға жарамдылығын ескере отырып жинау және сұрыптау тәжірибесі.

Қатты тұрмыстық қалдық - тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан заттар немесе тауарлар, тұтыну қалдықтарының үлкен бөлігі. ҚTҚ сонымен қатар (биологиялық) қалдықтар және тиісті тұрмыстық қалдықтар (жасанды немесе табиғи шыққан биологиялық емес қатты қалдықтар) болып бөлінеді.

Атмосфералық аyаның ластануы - атмосфералық ауаның азот диоксиді, көміртегі тотығы, күкірт диоксиді, формальдегид, күкіртсутек, қалқымалы заттар, фенол, аммиак сияқты ластаушы заттармен жоғары және өте жоғары дәрежеде ластануы .

Экологиялық экспертиза субъектілері - экологиялық экспертизаға жататын құжаттамаға тапсырыс берушілер болып табылады.

Қысқартулар және шартты белгілер

ЛЗ - Ластаушы зат

ҚОӘБ - Қоршаған ортаға әсерді бағалау

ҚОҚ - Қоршаған ортаны қорғау

ТР -табиғи ресурстарды

ШРК - шекті рұқсат етілген концентрация

ҚР ЭК - Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

ҚМЖ- Қолайсыз метеожағдайлар

СҚА-санитариялық-қорғаныш аймақтар

ҚТҚ- Қатты тұрмыстық қалдық


Мазмұны

Кіріспе . . . … . . .
10
Кіріспе . . . … . . .: 1. Негізгі бөлім . . .
10: 12
Кіріспе . . . … . . .: 1. 1 Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаментіне сипаттама . . .
10: 12
Кіріспе . . . … . . .: 1. 2 Нұр-Сұлтан қаласының экологиялық жағдайы . . . … . . .
10: 13
Кіріспе . . . … . . .: 2. «НҰР-CҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ» РММ . . .
10: 17
Кіріспе . . . … . . .: 2. 1 Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экологиялық департаменттің бөлімдері туралы . . .
10: 17
Кіріспе . . . … . . .: 3. «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экология департаменті» РММ жүргізген іс шаралар . . .
10: 24
Кіріспе . . . … . . .: 3. 1 Нұр Сұлтан қаласы Президент саябағында ағаш отырғызу іс шарасы . . .
10: 24
Кіріспе . . . … . . .: 3. 2 «Бірге - таза Қазақстан» Дүниежүзілік акциясы . . .
10: 25
Кіріспе . . . … . . .: 3. 3. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату . . .
10: 27
Кіріспе . . . … . . .: 3. 4 "Ағаш отырғыз" экологиялық iс-шарасы . . .
10: 29
Кіріспе . . . … . . .: 4. «Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының өтініші бойынша Экология департаменті» РММ жүргізген мониторингтер мен рейдттер . . .
10: 31
Кіріспе . . . … . . .: 4. 1 Өндіріс және тұтыну қалдықтарын рұқсатсыз тастаған жерлерді анықтау . . .
10: 31
Кіріспе . . . … . . .: 4. 2 Есіл өзенінің саласына ағызылған сарқынды суларға мониториг . . .
10: 32
Кіріспе . . . … . . .: 4. 3 Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері бойынша рейдтер . . .
10: 35
Кіріспе . . . … . . .: 4. 4 Нұр-сұлтан қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары . . .
10: 38
Кіріспе . . . … . . .: 4. 5 «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экология департаменті» РММ су объектілеріне жүргізілген маниторинг . . .
10: 41
Кіріспе . . . … . . .: Қорытынды . . .
10: 49
Кіріспе . . . … . . .: Қолданылған әдебиеттер . . .
10:

Кіріспе

Адам әр кездеде табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызыметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянда салдар тудыруы мүмкін. Мемілекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың жиынтығы экологиялық құқық деп аталады.

Қазірі кезде экология мәселелеріне көбірек көңіл бөліне бастады. Атап айтқанда, жануарларға қатысты зорлық-зомбылық пен ағаштарды заңсыз кесудің соңғы резонанстық оқиғалары көпшіліктің алаңдаушылығына әкелді.

Жануарлар мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті ведомство көптеген шаралар ұйымдастырып жатыр. Солардың бірі:

Жаңа Экокодекс.

Ол жеті негізгі принциптен тұрады, олардың негізгісі "ластаушы төлейді және түзетеді". Заң жобасына енгізілген өзгерістер халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін іс-әрекеттерді дереу болдырмау үшін алдын ала ескертусіз тексерулер жүргізуге, сондай-ақ қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін бақылауға мүмкіндік береді. Экокодекске сәйкес ірі кәсіпорындар ең озық қолжетімді технологияларды енгізетін болады. Заң жобасындағы өзгерістер экологиялық төлемдердің 100 пайызын табиғатты қорғау шараларына бағыттауға мүмкіндік береді. Қалдықтар мәселесі де әлеуметтік маңызды. Сондықтан қоқыс шығаратын көліктерге GPS сенсорларын міндетті түрде орнату жаңа Экокодекстің тағы бір орны болып табылады.

Ағаштарды кесуге қарсы.

Ағаштарды заңсыз кесу де маңызды мәселе болып қала бермек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағаштарды заңсыз кескені үшін жаза қатаңдатылды. Мәселен, жасыл желектердің жойылғаны үшін залал 10 есе мөлшерде, ал Қызыл кітапқа енгізілген ағаштарды заңсыз кескен жағдайда өтемдік отырғызу 30 есе мөлшерде толтырылатын болады. Министрлік сондай-ақ өсімдіктер әлемі туралы заң жобасын әзірледі. Бұл сирек кездесетін және Құрып кету қаупі бар өсімдіктерді сақтау мәселелерін реттеуге мүмкіндік береді.

Жануарларды қорғау.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын қарау шеңберінде қорытынды дайындап, Үкімет отырысының қарауына шығарды. Заң жобасы жұртшылықпен бірлесіп жануарларды қорғау саласында әзірленген жануарларға жауапкершілікпен қараудың негізгі нормаларын қамтиды, заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін болады, Заң жобасының ережелерін жұртшылықтың міндетті түрде қатысуымен қарау жөніндегі бірлескен жұмыс жалғасады.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі аталған заң жобаларын қабылдаған соң қабылданған барлық нормаларды толықтай іс жүзінде іске асуына қоғамдық бақылауды күшейтіп, тұрақты негізде мониторингтер жүргізілетін болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты :

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаментінің қаладағы өткізетін экологиялық іс-шаралардың саны мен сапасы анықтау

Дипломдық жобаның міндеттері:

1. Экологиялық іс-шаралардың маңызы.

2. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаментінің қаладағы өткізетін экологиялық іс-шаралардың санының анықтау.

3. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаментінің қаладағы өткізетін экологиялық іс-шаралардың сапасын анықтау.

1 Негізгі бөлім

1. 1 Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаментіне сипаттама

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаны қорғау, «жасыл экономиканы» дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (коммуналдық, медициналық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында басқару процесін үйлестіру, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласын басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады [1] .

1. 2 Нұр-Сұлтан қаласының экологиялық жағдайы

Сумен жабдықтау және су тарту. Сапалы сумен қамтамасыз ету және ағынды суларды уақтылы тарту мен тазарту мәселесі елорда үшін өзекті болып табылады. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 1332 км, су тарту желілерінің ұзындығы - 814 км. Сумен жабдықтау жүйелерінің тозуының орташа дәрежесі - 44%, су тарту жүйелері-40%. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға халықтың 99, 8%-ы қол жеткізе алады, оның ішінде 5, 3%-ы су тарату колонкалары арқылы ауыз суды пайдаланады. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау (ұңғымалар, құдықтар) халықтың 0, 2% (немесе 1286 адам) пайдаланады. Барлығы 216 колонка, оларды жою жоспары бар, 2020 жылға қарай 110 колонка жойылады. Халықтың 92%-ы орталықтандырылған су тартумен қамтамасыз етілген. Қоршаған ортаның жай-күйі. 2017 жылы стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша Астана қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейі жоғары болып бағаланды. ИЗА 6 (көтеріңкі деңгей) құрайды. СИ = 9 (жоғары деңгей), НП = 27% (жоғары деңгей) . Қалқыма бөлшектердің орташа шоғырлануы (шаң) 2, 0 ШРКс. с. құрады, азот диоксиді-1, 9 ШРКс. с., қалған ластаушы заттардың шоғырлануы ШРК-дан аспады. Қалқыма бөлшектердің (шаң) максималды бір жолғы концентрациясы 8, 8 ШРКм. р., қалқыма бөлшектер РМ2, 5 - 4, 1 ШРКм. р., өалқыма бөлшектер РМ10 - 2, 6 ШРКм. р., күкірт диоксиді - 1, 9 ШРКм. р., көміртегі оксиді - 2, 0 ШРКм. р., азот диоксиді - 8, 7 ШРКм. р, фторлы сутегі - 5, 1 ШРКм. р. құрады, басқа ластаушы заттардың концентрациясы ШРК-дан аспады. Атмосфералық ауаның жоғары ластану және экстремалды жоғары ластану жағдайлары анықталған жоқ. Астана қаласында ауаның ластануына эпизодтық бақылау 8 нүктеде жүргізілді. ЭКСПО ауданында бақылау нүктесінде көміртек оксидінің ең жоғары концентрациясы 1, 1 ШРКм. р. құрады, бақылау деректері бойынша қалған ластаушы заттардың шоғырлануы рұқсат етілген норма шегінде болды. Атмосфералық ауаның ластану деңгейі 2016 жылмен салыстырғанда "жоғары" - дан "көтеріңкіге" төмендеді202 . 2018 жылы стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары деп бағаланды, ол ИЗА = 7 (жоғары деңгей) мәнімен анықталды. Ci = 17 (өте жоғары деңгей <10) . 2018 жылдың 23 қаңтарында № 1 автоматты пост деректері бойынша 1 ВЗ жағдайы тіркелді (фторлы сутегі бойынша 17, 2 ШРК) . 2018 жылғы 23 мамырда № 2 автоматты пост деректері бойынша 1 ВЗ жағдайы тіркелді (қалқыма бөлшектер (шаң) бойынша 12, 6 ШРК) . Қалқыма бөлшектердің (шаң) орташа айлық концентрациясы 2, 7 ШРКс. с. құрады, азот диоксиді - 2, 3 ШРКс. с., қалған ластаушы заттардың шоғырлануы ШРК-дан аспады. Фторлы сутегінің максималды бір жолғы концентрациясы 17, 15 ШРКм. р., қалқыма бөлшектер (шаң) - 12, 6 ШРКм. р., азот диоксиді - 8, 40 ШРКм. р., қалқыма бөлшектер РМ2, 5 - 5, 50 ШРКм. р., қалқыма 202 2017 жылғы Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттық бюллетень. 336 бөлшектер РМ10 - 3, 26 ШРКм. р., көміртегі оксиді - 2, 58 ШРКм. р., күкірт диоксиді - 2, 31 ШРКм. р., азот оксиді - 1, 65 ШРКм. р. құрады203 2013 - 2017 жылдар аралығында Астана қаласы бойынша жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 1, 6 есеге өсті. Осы кезеңде атмосфералық ауаның ластану индексі белгіленген деңгейден аспады, яғни 5 бірлікті және 2017 жылы 4, 95 бірлікті құрады. Ластану көздері бойынша ластаушы заттар шығарындыларының көлемдеріне жыл сайынғы мониторинг тек стационарлық көздер бойынша жүргізіледі. Автокөліктен және жеке тұрғын үйлерден шығарылу көлемі есептелмейді және олар бойынша статистикалық деректер жиналмайды. Атмосфералық ауадағы ингредиенттерді жанама талдау ластанудың жоғары деңгейі автожолдардың қалалық көлікпен жүктелуімен және өнеркәсіп кәсіпорындарынан эмиссиялардың таралуымен байланысты екенін көрсетеді. 2018 жылы елорданың атмосфералық ауасын ластаудың негізгі көздері стационарлық (41, 2%), сондай-ақ ластанудың жылжымалы көздері (54, 2%) болып табылады, олардың жалпы үлесіне ластаушы заттардың жалпы шығарындылары көлемінің 95, 4% келеді. Тұрақты көздерден атмосфераға шығарылған ластаушы заттар көлемінің серпіні атмосфераға шығарындылардың 2013 жылғы 60, 5 мың тоннадан 2017 жылы 59, 2 мың тоннаға дейін азайғанын көрсетеді. Қалада парниктік газдар шығарындыларының ең ірі көзі қолданыстағы ЖЭО-1 және ЖЭО2 болып табылады, олардың үлесіне шығарындылардың 60%-дан астамы келеді. Жеке сектор жағатын отын үлесіне 5 - 6% келеді. Қаланың әуе бассейнінің жай-күйін сауықтыру және халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін 2018 жылы қалада ЖЭО-1, 2 және 3 су жылыту қазандықтарын, қазандықтарды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, коммуналдық инфрақұрылым объектілерін табиғи газға көшіруді көздейтін газдандыру бойынша 5 жылдық бағдарлама қабылданды. ҚР-ның "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру аясында көлік секторында "Нұр-Сұлтан қаласының 2018 - 2020 жылдарға арналған қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары" бекітілді. Коммуналдық кәсіпорындардың 854 автокөлік құралы газға ауыстырылды, Еуро-5 және Еуро-6 класты 738 автобус сатып алынды, жеке такси парктерін газ моторлы отынға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның 161-і газға ауыстырылды, қалған 339-і 2018 жылдың соңына дейін ауыстырылады. Сонымен қатар, тағы да 158 ЭкоТакси жұмыс істейді. Барлық газбаллонды жабдық заңды және жеке тұлғалардың 16 мыңнан астам автокөлік құралдарына орнатылды; Экологиялық таза көлік түрі үшін инфрақұрылымды кеңейту мақсатында "Астана қаласындағы велосипед көлігі мен инфрақұрылымының бірінші кезегі (1-кезең) " (ұзындығы 44 км) объектісі бойынша ЖСҚ әзірленді, "Нұр-сұлтан қаласындағы велосипед көлігі мен инфрақұрылымының екінші кезегі (1-кезең) "объектісі бойынша ЖСҚ әзірлеу басталды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында электромобильдер енгізіле бастады, қазірдің өзінде 50 электр зарядталатын станция орнатылды. 2018 жылы Астананың бір тұрғынына есептегенде жасыл желектер алаңы 2017 жылдың деңгейімен салыстырғанда 5, 3% - ға өсті (2017 жылы 15, 2 м2 /адамнан 2018 жылы 16, 0 м2 /адамға дейін), бұл елордада жыл сайын отырғызылатын ағаштар мен бұталар санының тұрақты өсуіне, сондай-ақ жаңа саябақтар мен гүлзарлар салуға байланысты. Елордаға эстетикалық түр беру, қала тұрғындарының өмір сүруі үшін экологиялық қолайлы жағдай жасау, бұзылған авариялық-тозған үйлердің жанындағы жеке үйлердің жанында отбасылық бос уақытын өткізу мәселелерін шешу үшін келесі нысандардың құрылысы аяқталды: - Республика даңғылы мен Ы. Дүкенұлы көшесінің қиылысындағы сквер - 0, 28 га; - Біржан Сал көшесіндегі №5 үй ауданындағы сквер - 0, 27 га; - Сарыарқа даңғылы, №27 үй ауданындағы сквер - 0, 23 га; - Пушкин көшесіндегі сквер, №15Б үй ауданында - 0, 26 га; 203 2018 жылғы Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттық бюллетень. 337 - "№1 қалалық аурухана" объектісіндегі сквер, Рақымжан Қошқарбаев көшесі, 66 - 3, 17 га; - Кенесары көшесіндегі бульвар, Егемен Қазақстан газеті көшесінен Б. Бейсекбаев көшесіне дейінгі учаскеде - 0, 45 га; - Абай даңғылы бойындағы бульвар, Сембинов көшесінен Егемен Қазақстан газеті көшесіне дейінгі учаскеде - 1, 19 га; Бұл нысандардың жалпы аумағы 5, 85 га құрайды және жобаға сәйкес, толығымен абаттандырылған, көгалдандырылған, жарықтандыру, спорттық және балалар ойын алаңдары, МАФ-тар орнатылды. Судың ластануының кешенді индексі (КИЗВ) 2016 жылғы 2, 86 бірліктен 2018 жылғы ұқсас кезеңде 2, 65 бірлікке дейін төмендеді. . Қарастырылып отырған кезеңде КИЗВ 3 бірліктен аспады, бұл - "Қазгидромет" РМК градациясы бойынша "судың орташа ластану деңгейі" сыныбына сәйкес келеді. [2-7] .

Қатты тұрмыстық қалдықтар. Нұр-Сұлтан қаласындағы қалдықтарды басқару жүйесі полигонда қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды және көмуді қамтиды. Күн сайын қала аумағынан 1000 - 1200 тонна қалдық шығарылады. Қала әкімдігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2018 жылы 307, 6 мың тонна ҚТҚ құрылды, оның 12, 25%-ы қайта өңделді. 2017 жылы құрылған ҚТҚ көлемі 345, 4 мың тоннаны құрады, оның 8, 33%-ы қайта өңделді[12] .

ҚТҚ-тың химиялық құрамы. ҚТҚ өңдеу процесінде алынатын органикалық тыңайтқыштың немесе биоотынның сапасы бастапқы ҚТҚ-тың химиялық құрамына байланысты (1-кесте) .

1-кесте

Көрсеткіш
Климаттық аймақтар үшін өзгеру шегі
Орталық
Оңтүстік
Солтүстік
Көрсеткіш: Органикалық заттар
Климаттық аймақтар үшін өзгеру шегі: 56-72
57-81
55-60
Көрсеткіш: Күл
Климаттық аймақтар үшін өзгеру шегі: 27-44
20-44
40-45
Көрсеткіш: Жалпы азот
Климаттық аймақтар үшін өзгеру шегі: 0. 9-1. 8
1. 2-1. 5
1. 2-1. 4
Көрсеткіш: Кальцый
Климаттық аймақтар үшін өзгеру шегі: 2-3
4-5. 6
2. 3-4. 9
Көрсеткіш: Көміртек
Климаттық аймақтар үшін өзгеру шегі: 30-34
28-40
28-31
Көрсеткіш: Жалпы ылғал массасы
Климаттық аймақтар үшін өзгеру шегі: 40-50
30-70
43-48
Көрсеткіш: Фосфор
Климаттық аймақтар үшін өзгеру шегі: 0. 5-0. 8
0. 5-1. 1
0. 5-0. 7
Көрсеткіш: Калий
Климаттық аймақтар үшін өзгеру шегі: 0. 4-1
0. 8-1
0. 5-0. 6

2 “НҰР-CҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ РММ”

2. 1 Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экологиялық департаменттің бөлімдері туралы

Экологиялық реттеу бөлімі:

Бөлім өз құзыретіндегі қызметтің негізгі бағыттары: мемлекеттік экологиялық сараптаманы іске асыру, қоршаған орта эмиссияларына рұқсаттама беру немесе керісінше рұқсат бермеу, экологиялық рұқсаттамаларды беру мен мемлекеттік экологиялық сараптама сұрақтары бойынша халық пен заңды тұлғалардың сұраныстарын қарастыру, қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралардың жоспарларын орындау бойынша, экологиялық реттеу бөлімі қызметіне қатысты рұқсат берілген және іс жүзіндегі есептер бойынша есеп дайындау[22] .

Экологиялық экспертиза және оның түрлері

Экологиялық экспертиза дегеніміз шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігінің, осы қызметтің қоршаған ортаға жасауы ықтимал теріс әсерлерінің және оларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында экспертиза объектісін іске асыруға қол жеткізілетіндігінің анықтамасы.

Экологиялық экспертизаның атқаратын бірнеше қызметтері бар:

біріншіден, табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау үшін мемлекеттік басқаруда көмегін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Балқаш маңы
1993, 1995 жж. Конституциялар
Қазақстанның ұлттық қайта жандануы, демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуы туралы
Миллионер қалалар
Ақмола облысының табиғи жағдайларының ерекшеліктері
Персоналды басқару бөлімі
Өндірістік экологиялық бақылаудың мақсаты
Инновациялық қызметті қаржыландыру алгоритмі
Урбанизация тарихы және перспективасы
Коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz