Ибн - Сина философиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті

Реферат

Пәні: Философия

Тақырыбы: Ибн-Сина және Ибн-Рушд философиясы

Орындаған: Нұрханқызы Жамал

Қабылдаған: Анламасова Ырсалды Жиентайқызы

Қарағанды 2022жыл

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1 Ибн-Сина философиясы

2. 2 Ибн-Рушд философиясы

3. Қорытынды

Кіріспе

Адамзат мәдениетінде тарихи тұрғыдан алып қарағанда үзілмес байланыс, сабақтастық бар. Мәдениеттің бір бөлігі есептелетін ғылымның даму жолы мұның айқын айғағы болса керек. Ғылымның, білімнің зәулім сарайы салынып салтанат құру ісіне көп халықтың озық ойлы, ұшқыр қиялды ардагер азаматтары ат салысқан: бірі іргетасын қаласа, екiншiсi қабырғасын тұрғызды, үшіншісі: басқа кем - кетігін толтырды. Ол ғалым, өнерпаздардың ерте заманда өткен көпшілігінің тарихта аты қалмады, бірақ олардың еңбегі, ашқан жаңалығы адамзат игілігі үшін қалаған асыл мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа, халықтан халыкка ауысып келеді, барған сайын молайып, кемелденіп жарқырай түсуде, мәңгі солай бола бермек.

Ғылымды дамытуда орасан зор қызмет етіп, мол үлес қосқан ғұламлардың үлкен бір шоғыры орта ғасыр заманында Таяу және Орта Шығысты мекендеген елдерден шыққан.

Орта ғасырларда дамып, гүлденген араб және түркі тілдес философия туралы әдебиеттер баршылық, дегенмен де ол әлі толык зерттелмеген. Бүгінгі таңда Шығыс мәдениеті мен философиясы, өркениетті әлемдік деңгейде рухани мәдениеттің бар саласына белсенді әсер етіп үлкен үміт арттырып отыр.

Осы орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында көрнекті орын алған, еңбектерін араб тiлiнде жазған, негізінен мұсылман елдерінен шыққан ойшылдар тобының ілімін ғылымда " Фалсафа " деп атау дәстүрі бар. Фалсафа философия дегеннің арабшаланған түрі. Демек, араб тілі орта ғасырда философиялық мәдениеттің тіліне айналған. Философияның бір тілдік негiзде өрбігені тарихта белгілі, айталық антикалық философия грек тiлi негiзiнде болса, Шығыс Азия мен Қытайда тибет тiлiнде, Орта Азия мен Еуразиялық кеңістікте түркi тiлiнде, Батыс Еуропада орта ғасырлардан жаңа дәуірге дейiн латын тілінде, қазіргі заманда мұндай міндетті ағылшын тілі игеріп кетуі ықтимал.

Фәлсафаның араб тілінде ербуіне мәдени тарихи, саяси - әлеуметтік жағдайлар болған. Бұл жерде еріксіз мойындайтын мәдени - әлеуметтік жағдай ислам діні оны таратушы басты саяси күш Араб халифаты. Халифат мемлекеттік құрылым ретінде Аравияда VII ғасырдың жиырмасыншы жылдары пайғамбарымыз Мұхаммедтің діни реформасы нәтижесінде өмірге келген. Пайғамбарымыз дүние салғаннан кейін Халифат мүлдем ұлан - асыр империяға айналды. Әдетте, мұндай империялардың ғұмыры ұзақ болмаушы еді, халифат болса жеті ғасырдай уақыт өмір сүрді. Бұл империялар тарихында болмаған мерзiм. Араб халифатының қол өнері, шаруашылығы, атап айтқанда суармалы жерді пайдалану мәдениеті мен техникасы, саудасы мен өндірісі Еуропаға қарағанда анағұрлым жоғары дәрежеде едi. Осы себептердің бәрі жиналып келіп, орта ғасырлық ғылым мен философияның күрт дамып өркен жаюына игі ықпал жасады.

Алайда араб мәдениеті араб халифаты сияқты көп ұлтты болды. Оның көркеюіне, дамуына арабтармен бірге түріктер де, берберлер де ( мавр ), парсылармен египеттіктер де атсалысты. Екінші жағынан араб тілінің негiзiнде ежелгі Шығыс мәдениеті мен антикалық мәдениет ұштастырыла дамытылды, өзіндік жалғасын тапты.

Осыған орай Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани орталыққа айналды. Мұнда Платонның, Аристотельдің, Гиппрокат пен Галеннің, Эвклид, Архимед және Птоломейдің шығармалары араб тіліне аударылып, басылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды. Аристотелизм ағымының ықпалы философия саласында өте күшті болды. Сөйтіп мұсылман перипатизмінің негізі каланды. Ол негiзiнен екі бағытқа бөлінген едi. Бiрiншiсi, Әл - Кинди, Әл Фараби және Ибн Синанын ( Авиценна ) атымен байланысты шығыстық аристотелизм. Екiншiсi Ибн - Туфейль және Ибн Рушдтың ( Аверроэс ) атымен байланысты, испан аристотелизмі. Алғашқы кезде арабтар Аристотель Философиясының неоплатониктер бұрмалаған нұсқасымен танысканды. Кейiнен, Аристотельдiң түпнұсқа еңбектерi араб тiлiне тiкелей аударылып, зерттеу объектісіне айналған кезде ғана ол бұрмалаушылықтардың ықпалы жойылды. Сөйтіп, араб мұсылман әлемі Платон және Аристотель еңбектерімен тiкелей танысуға мүмкіндік алды.

Негізгі бөлім

2. 1 Ибн-Сина философиясы

Әл - Кинди мен Әл - Фарабидің ілімдерін одан әрі дамытушы, әрі жалғастырушы ибн Сина болды.

Ибн Сина ( Авиценна ) дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық улгiлi бiлгiрi ретiнде араб мұсылман әлемінде танымал болуына Әл - Кинди мен Әл - Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі.

Кейбiр толық емес деректерге қарағанда, Әбу Әли ірілі - ұсақты 274 еңбек жазған. Бұлардың басым көпшілігі ( 182 ) философия мен теологияға, 50 еңбек медицинаға, 24 еңбек жаратылыстану, математика ғылымдарына, 4 еңбек поэзияға т. с.

Әбу Әли ибн Синаның өз қолымен жазылған мағлұматтар онын улкен ғылыми тверчестволық жұмысқа жастай дайындалып, кол артқанын көрсетеді, бұл жолда аса зор шыдамдылық, үлкен дарын мен қабiлет, есепсіз еңбексүйгіштік қажет болғаны байқалады. Мәселен, кемеңгер Аристотельдің данышпандық мұраларын игеру орта ғасыр заманында оңайлыкка түспейтін міндет еді, өйткені, біріншіден, Аристотельдің жазу стилі өте киын болса, екіншіден, аудармашылар мен түсіндірушілер кейде әдейі, кейде білмегендіктен Аристотель еңбектерінің мазмұнын бұзып жіберетін, Бiзге тек үзiндiлер күйінде жеткен " Шығыс Философиясы " атты атақты еңбегінде ибн Сина өзiнiң Аристотель философиясына қатысып тұжырымдаған. " Аристотель, - деп жазады ибн Сина, - шым - шытырық қиын мәселерді шешуді, дұрыс пен терiстi ажыратуды қолға бiрiншi болып алып, адам баласы мүмкіндігінен асып түсетін іс тындырды, ал кейiн келгендер оның қатесін түзетулері ләзім еді. Алайда Аристотельдiң жолын қуушылар оның күшті ықпалынан шыға алмай, ұлы ғұламаның дұрысын да, терiсiн де қызғыштай қорғаумен өмiрлерiн сарп етті ".

Шығыста Фараби, ибн Сина бастаған философтар тобы Аристотельдің кағидаларының дұрысын терiсiнен ажыратып, оның iлiмiн кейiннен косылган былыктардан тазартуга коп куш, енбек жұмсайды.

Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен Ибн Сина араб перапатетизмнің негiзiн калаушы болды . Оның болмыс туралы ілімі материяның мәңгі жаратылыстан тыс кұбылыс ретiнде карастырады . Алайда бұл қағиданы діни көзқарастармен қарастыруға мәжбүр болған . Мысалы, ол кұдайдың бар екеніне шүбә келтiрмейдi . Дүние шындықтың мүмкіндігі ғана . Ол уакыттан тыскары кұдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналды . Адамның рухын Ибн Сина дененiн бейзаттық формасы ретінде қарастырды. Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді.

Ибн Сина жалпы ұғымдар ( универсиялар ) мәселесiн өте қызық түрде шешкен . Оның ілімі бойынша жалпы ұғымдар үш ұдайы өмiр сүреді:

1. Заттарға дейiн, құдіреттің ақыл ойында;

2. Заттың өзiнде, себебі ол сол заттын мәнi;

3. Заттан кейін адамдардың санасында.

Таным теориясында ибн Сина Әл - Фарабидің жолын қуып оны одан әрi дамытуға ат салысады . Дегенмен онын кейбiр мистикалык тұжырымдарға бай негізгі тәсілдерінің бірi ретiнде кұдай шапағатын мойындап ұсынады .

Әбу - Әли заманындағы аса көрнектi педагог болғаны белгiлi . Мәселен, оның көз қарасы бойынша мұғалім тәрбие туралы бiр сыпыра ережелерді білуге міндетті . Ол шәкірттердi жаман әдеттен аулақ ұстауы парыз, мұғалім шәкiрттiң жақсы кылықтарын кұптап, мадақтап отыруы керек к . Қажет болған жағдайда қаталдық та көрсетуi тиiс . Алайда тым қаталдық өте зиян . Өйткені шәкірт томаға - тұйыктыққа салынып ұстазбен акылдасып тұрудан тыйылуы мумкiн . Осымен қатар ибн Сина мен Фараби талаптары бiр жерден шығады, мұның түп төркiнi екеуiнiн не ұстанған методикалық принциптерiнде жатса керек .

Әбу Әли аумалы - төкпелi заманда өмір сүрді . Саманидтер династиясы, Қараханидтер үстемдiгi, Махмұд Ғазнауидің жорықтары мен басқыншылығы бұлардың әркайсысы Әбу - Әлидiң өмiрiне әсер етпей калмады . Ол Бұқарды тастап Хорезмге кетуге мәжбүр болды . Мұнда ол атақты " Мамун академиясы " окымыстыларымен байланысады . Бұл академияда ұлы энциклопедист - ғалым Әбурайхан әл - Бируни жұмыс істейтін. Екі ұлы адамның аз уакыт болса да тiзе қосып жұмыс iстеуi екеуiнiң ғылыми өмiрi үшiн де, жалпы ғылыми келешегi үшiнде iз тастағаны даусыз. " Әбурайхан Бируни мен Әбу Әли ибн Синаның ғылыми айтысы " деп аталатын әйгiлi философиялық еңбек осы кезде жазылған болуы керек.

Бұл айтыста сол замандагы философия мен жаратылыстану ғылымдарының көптеген өзекті мәселелерi әңгiме болып, сарыпқа салынады. Айтыс сұрақ және жауап түрiнде журедi. Ғылымның казiргi деңгейiмен салыстырғанда ол ғалымдар айтысында қарапайым анайы керiнетiн жәйттер мол. Алайда тарихи тұрғыдан алып қараганда бұл документтің маңызы үлкен.

Тарихшылардың айтуынша, Әбу Әли өзiнiң гылыми - философиялык трактаттарының басым көпшiлiгiн осы кезенде жазған . Олардың iшiнен ибн Синаның атын әлем мен тарихқа паш еткен, ғылым мен мәдениет тарихы үшiн аса кұнды болған екi енбегiн айрықша атап өткен орынды . Олар араб тілінде жазылған ( тәуіптік ғылымның каноны ) , " Шипа кітабы ". Бiрiншiсi тән саулығына, екіншiсі жан саулығына арналған көлемді трактаттар . Бiрiншiсi Гален мен Гепократтан бастап жиналған медициналық бiлiм қазыналарын жалпы ау негізiнде туса, екiншiсi философия, жаратылыстану, математика ғылымдарының энциклопедиясы iспеттi.

Әбу Әли Синаның аса көлемдi енбегi " Шипа кітабында " онын философиялык жүйесi мен ғылымнын барша салалары жөнінде жетістіктері баяндалады . Бул енбек, өкінішке орай, толык куйiнде әлi де ешбiр европа тiлiне аударылмаған, зерттелмеген тараулары да бар, окушы кауым ол туралы тек әр кезде аударылған үзiндi, фрагменттерi аркылы хабардар болып жүр . Бұл энциклопедиялык еңбек 18 кітаптан тұрады . оның сегiз бөлiгi жаратылыстану мәселелеріне арналған. Бұлар: жаратылыстану ғылымдарының негiздер әлемнiң негiзiнде жатқан денелер туралы, аспан сфералары жөнінде iлiм, өсiмдiктер жайлы iлiм, түрлердiң сақталуы мен құруы жайлы ілiм, төрт элемент және метеорология туралы iлiм, минералдар ( тастар ) туралы iлiм, өсiмдiктер жайлы iлiм, хайуанаттар тарихы және олардың табиғаты жөнiнде iлiм; жан туралы, ягни сезiм және сезiлетiн нәрсе туралы iлiм . Былайша айтқанда, бұл кітаптарда сол кездегi физика, химия . биология, геология және басқа ғылымдар баяндалады . Кітаптын 5 бөлiмi математикалык ғылымдарға арналған . Мұнда арифметика, геометрия, астрономия, музыка және баска да дәл ғылымдар жөнiнде толық мағлұматтар берiледi, басқа кітаптарында логика, философия, этика, саясат т. б. мәселелер сөз болады. Әбу Әли Сина ғылымның барлық тарауларын ой таразысына, парасат - бiлiм сарабына сала келіп, бүкiл ғылымды дербес үш салаға бөледi : бiрiншiсi төменгі ғылым, бұған жаратылыстану ғылымдары жатады, екіншісі орта ғылым, бұған математикалық ғылымдар жатады, үшіншісі - жоғарғы немесе бiрiншi ғылым, бұған метафизика, теология жатады.

Әбу Әлидің философиялық системасының құнды жақтарымен қатар кайшылықтары да баршылық . Ол өзінің ұлы ұстаздары Аристотель мен Фараби сияқты бiрде материалистік, бiрде идеалистік көзқараста болған. Ибн Синадан қалған көптеген рубаяттар бар дедiк. Бұларда ғылымның көзқарасы, оның адамгершілік мұраты, философияның толғаныстары көрініс береді. Mұсылман дінбасылары Әбу Әлиді дiннен тайғандығын салық етiп айыптайды. Ол бiр өлеңiнде " Менiң дiнсiздiгiм жай нәрсе емес және бос нәрсе емес ", - деп өзiнiң ғылыми - философиялық сенiмiнiң тереңдігін аңғартады.

Ғалым өзiнiң идеялық жауларынан еш қорықпаған. Бір рубаятында " Ақымақтығынан өздерiн дүние жүзiндегi ең ақылды санайтындар алдында сен жорта есек бол, өйткенi, есек емес кiсiнi олар дiнсiз деп санайды ", - деп келемеж етеді. Әбу Әли ибн Сина 1037 жылы 57 жасында Хамадан қаласында қайтыс болады. Жиырма жылдан артық созылған кудалану, қауiп - қатер, тұрмыс қиындығы әсіресе бала шағынан бастап күндіз - түнi бiр толастамаған үздіксіз ауыр ой еңбегі ибн Синаның организмiн ерте тоздырып, күш - қайратын кемiтiп ауыр науқасқа шалдықтырады. Ғұлама және өзiнiң әріптестері бiлетiн бүкіл емдеу, дәрiгерлiктiң еш жәрдемi болмайтынын, күнiнiң таусылғанын жұрттан бұрын өзi сезедi . Ол әрi карай ауруга "қарсыласуды" кажетсiз тауып, дәрі - дәрмек ішуден бас тартады, өлiмге шұғыл дайындала бастайды, қызметкерлерін таратып, барлық дүние мүлкін кедей кембағалдарға түгел үлестiрiп береді. Жан тапсырар сәтте ғұлама есiнен танбай арабша:

Бiз өлгенде бар болғаны бiр-ақ нәрсе бiлемiз :

Бұл өмiрде ештеңені бiлмей кетіп барамыз, - деп күбiрлеп көзiн мәнгі жұмған .

Ұлы ғұламаны халық жиналып ақ жуып арулап қояды, моласының үстiне күмбез орнатады. 1954 жылы ибн Синанын сүйегi жаңадан салынған мавзолейге койылады. Иран ғалымы Саид Нефеси ұлы ғалымның бас сүйегінің суретін түсiрiп кейiн советтiң белгiлi скульптор археологы М. М. Герасимов 57 жасар ибн Синаның портретiн жасап тарихқа тартымды тарту тартады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ибн Синаның Аллаһ түсінігі
Мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы
Антика философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі. Ибн-Сина рух туралы. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі. Шәкәрім рух туралы
Мұсылман философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ортағасырлық батысеуропалық философия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz