ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ДОМБЫРА АСПАБЫН ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Мұхтар Ж.Н, Жақыпберды А.Н, Айтмұқанов Б

ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ДОМБЫРА АСПАБЫН ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ

Әдістемелік-нұсқаулық

Алматы, 2022
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Қазақтың музыкалық аспабы домбыраның бүгінгі хал-ахуалы ... ... ... 5

Домбыра аспабын орта сынып оқушыларына үйретудің маңызы ... ... ... ... 7

Орта сынып оқушылары неге домбыра аспабын үйрену керек? ... ... ... ..9

Жалпы білім беретін мектептердегі домбыра үйірмесінің бағыты ... ... ... ...11

Отбасылық тәрбиеге бағытталған домбыра үйрету әдісі ... ... ... ... ... ... 13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра - деп жырлайтын Қадыр Мырза-Әлінің жездесі, күйші Рахметов Қанатқали айтқандай қазақ пен домбыра егіз ұғым. Ықылым заманнан бері қайғыны да, қасіретті де, қуанышты да серігі болған, жұбатар жұбанышы бола білген бірден-бір құдірет ол- домбыра үні. Дүние есігін ашқан сәбилерге тал бесіктен күй құдіретіне баулып, тәрбие үнін домбырамен ұштастырған. Ахмет Жұбановтың қазақ аспабы жайлы Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын, оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады. Сымдай тартылған қос ішектен сан ғасырдың сан алуан сипаты ақыл-ойы, көңіл күйі жатыр. Домбыра-көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі - деп жан жүрек жайын жеткізген еді. Қазақ музыкасын зерттеуші, көрнекті ғалым, әйгілі композитор әрі дирижер Ахмет Жұбановтың жоғарыда айтылғандарынан кейін қазақ аспабының қазақ үшін маңызын ұғып, маңызын түсінуге болады.
Біз Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Өнер, мәдениет және спорт институтының, музыкалық білім және хореография кафедрасының, музыкалық білім мамандығының 4 курс студенттері Мұхтар Жұлдызай, Жақыпберді Анель, Айтмұқанов Бексейіт дипломдық жобамызды да домбыра аясында қарастырғанымыз тегін емес. Соның нәтижесінде бүгінде біз сіздерге отбасылық тәрбиеге бағытталған Орта сынып оқушыларына домбыра аспабын үйрету әдістері атты оқу-әдістемелік құралымызды ұсынамыз. Бұл нұсқаулықта біз домбыра аспабын үйретуде теориялық әрі тәжірибелік әдістерді ұсынатын боламыз. Әдістемелік оқу-құралын жазу барысында біз орта сынып оқушыларына жаңа әдіс-тәсілді практикалық іс-тәжірибеде атқардық. Жүргізілген тәжірибе Алматы қаласы, Алмалы ауданында орналасқан Ш.Смаханұлы № 62 мектеп-гимназияда атқарылды. Іс-тәжірибенің барысы, атқарылу жұмысы, кездескен қиындықтар мен күтпеген оқиғалар жайлы негізгі бөлімде толығырақ айтылатын болады.
Ал теориялық негізіне келетін болсақ, домбыра аспабы жайлы жазылған еңбектермен таныса отыра, өз негізімізді қалыптастырдық. Оның ішінде Ж.А.Тұрдығұлова мен Б.А Атантаеваның Болашақ өнер мамандарына қазақтың ұлттық музыкалық домбыра аспабын үйрету мен жасату үйірмелерін ұйымдастыру арқылы ұлттық тәрбие беруді дамыту атты әдістемелік құралы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері, қауымдастырлыған профессор Е.Ж.Мұстафаевтың Отбасылық тәрбиеге бағытталған домбыра аспабын үйрету әдістері атты жазылған еңбектері негіз болды. Осы орайда теориялық және іс-тәжірибелік тұрғыда жазылған оқу-әдістемелік құралды музыка пәні мұғалімдеріне, домбыра аспабы үйірмесінің жетекшілеріне және қызығушылық танытқан, келешекте мұғалім боламын дейтін студенттерге арналады. Ұлттық дәстүр мен қазіргі таңдағы еліміздің брендіне айналып отырған домбыра аспабының мәртебесі қашан да биік болуы хақ. Бұл жолда ұлттық құндылықтарға, оған негізделетін келекшекке алаңдайтын әрбір қазақстандық домбыра аспабының маңыздылығына ден қоюуы шарт деп білеміз.

Қазақтың музыкалық аспабы-домбыраның бүгінгі хал-ахуалы.

Домбыра аспабының тарихы сонау 5 мыңжылдықтан басталады деседі. Оған дәйек, Хорезм маңынан табылған балбал тастағы суретте бала бейнеленгенін және оның қолында белгісіз аспаптың суреттелгені айтылған. Ғалымдардың зерттеуінше, бұл тек қазақ аспабы домбыраға сәйкес келеді. Иә, ол кездері қазақ деген ұғымның өзі дүниеге келмеген кезең. Бұл дегеніміз, қазақтан бұрын да домбыра аспабының болғандығын көрсетеді. Сонымен қатар домбыра аспабының шығу тарихына байланыста түрлі аңыздар кездеседі.
Домбыра аспабы қазақ халқымыздың кәсіби өнерінің қалыптасуына және өркендеуіне негіз болған. Дәулеткерей, Құрманғазы, Байжігіт, Сейтек, Тәттімбет атты атақты күйшілердің есімі домбыра тарихында үлкен орын алады. Оның ішінде төкпе және шертпе күй өнерлерінің туындауына осы күйшілер себепкер. Олардың дәстүрлік мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Ә.Хасенов, Дина Нұрпейісова, Т.Момбеков, Науша, Л.Хамитов сынды домбырашылар болса, бүгінгі күннің майталмандары біздің ұстазымыз Е.Ж.Мұстафаев, Б.Ысқақов, Б.Тілеуханов, С.Шәкіратов және т.б
Иә, домбыра мұрасы мен тарихы өте үлкен әрі асқақ. Бұл аспаптың өмір сүруіне себепші болғандардың бүгінде аты аңызға айналуда. Демек, домбыраның сондай киелілігін байқауға болады. Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның домбыра аспабы жайлы Домбыра адамның силабикалық сезімін бере алады, ішкі ырғақ пен әсем суретті көріністі тұтастай көз алдыңа әкеледі. Ұлттық код, генетикалық жады деп көп айтып жатамыз.Осы генетикалық жады домбыраның үні мен пернеден төгілген дыбыс иірімдерінде бар-дейді. Одан бөлек домбыраның қазақ үшін алар орны тіптім биік екеніне дәлел болатын бірнеше өлеңдер бар.
Ілияс Жансүгіровтің:
От шалып, жалын жалап, қозғап қанын,
Шыжғырса қуырдақ қып жанның жанын.
Еріксіз қол қағылды екі ішекке,
Назды мұң, сылқылдақ үн жалғап сарын.
Мойындап мұңаясың, бас иесің,
Еріксіз тыңдағандай шердің зарын.
Ызылдап жерден төмен сызып кетіп,
Көресің жан-жағынан ән қанжарын.
Бұл Ілияс Жансүгіровтің өлеңі жоғарыда айтылған Бекболат Тілеуханның сөзіне келтірілген мысал іспеттес. Біз осындай ұлы тұлғалардың еңбектерінен домбыраның құнын байқаймыз. Ал қазіргі таңда қазақ халқымыз үшін домбыра аспабының бүгінгі хал-ахуалы қандай? Жақсы яки жаман деп те айтуға келмейді. Мәселен, домбыра аспабының құнын жоғалтпау мақсатында елімізде бірнеше іс-шаралар, жиындар, мерекелер ұйымдастырылып келеді. Оның ішінде цифрлық технологиялар мен роботтар дәуірі келгенімен, қазақтың ұлттық болмысын айшықтайтын, рухына дем беретін аспаптың қолданыстан қалмауы талқыға түспейтін шарт деп білеміз. Ал оның Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы аясында кең көлемде арнайы ұлықталуы - ұлттық болмысызды арттыра береді. Биыл ұйымдастырылған домбыра күнінде жер-жерде домбыра-party, күй тартыс секілді ауқымды шаралар өткізіліп, қолына қасиет дарыған өнерпаздар бірқатар алғыстарға ие болды. Тағы да айта кету керек, мемлекет Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы ұлттық болмысымызды айшықтайтын құндылықтардың барлығын жаңғыртып, халық санасын, ел рухын асқақтатуды көздейді. Жаһан тәжірибесіне зер салсақ, бұл бастама әлемнің бірқатар елінде нәтиже берген бастама екеніне көз жеткіземіз. Ең үлкен қуантарлық жайт елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шілде айының 1ші жұлдызын Домбыра күні деп бекіткен болатын. Ол жайлы 2018 жылдың 13ші маусымында:
Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін. деп қарастырылды. Сол сәттен бастап әр жылы домбыра күні тойланып келеді.

Сонымен қатар, президентіміз, Қасым Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы шілде айында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ елі алаңына барып, домбыра мерекесіне белсене ат салыса отырып, оның дүниежүзі мойындайтын асыл мұрамыз екенін айшықтап өтіп еді. Сонымен қатар президентіміз өз сөзінде домбыра сабағын мектептерге енгізу қажеттігін, ұлттық аспаптарымызды жастарамыздың санасына енгізе отырып, тәрбиелеу керектігіміздің маңызын айтып еді. Осыған орай Қасым Жомарт Тоқаев әр мектепте домбыра сыныбын ашуға тапсырма берген еді. Соның нәтижесінде алғашқы болып Аққулы ауданы мектебі, Шарбақты ауданы, А. Құнанбаев атындағы мектебінде және Павлодар облысындағы барлық 144 мектептерінде домбыра сыныбы ашылған еді. Міне, бүгінде домбыра аспабының мәртебесі соңғы 5 жылда кемімесе, артып келеді. Қазақтың әр баласы домбырада ойнай алса, бұл біз үшін үлкен жеңіс болар еді. Одан ары әр қазақтың үйінің төрінен домбыра жай ілініп қана тұрмай, сол үйден күмбірлеген күйдің үні төгіліп тұрса - үлкен ғанибет.

Домбыра аспабын орта сынып оқушыларына үйретудің маңызы

Қазіргі таңдағы орта сынып оқушыларының жасы 10-13 жас аралығын құрайды. Осы орайда, орта сынып оқушыларына домбыра аспабын үйретуде жаңа әдіс-тәсілде қарау өте маңызды. Неге? Өйткені, біздің бүгінгі мектеп оқушылары әлеуметтік желінің құлына айналып, көкіректері бітеліп, саналары тұншықталуда. Ғалымдардың айтуынша, ұялы телефонға арналған әр сағат сайын баланың IQ деңгейі 1% ке төмендей береді екен. Сонымен қатар, физикалық дене қабілеті белсенді болмағасын, балада зат алмасу процесі төмендеп, миға ауа бармай баланың денсаулығы одан сайын төмендей беруі мүмкін. Бұл орайда балаларды домбыра аспабын үйретумен қызықтыру оңайға түспейді. Осы себепті жаңа заман балаларына, жаңа әдіс-тәсілмен олардың санасын оята біліп, домбыра аспабы арқылы өмірлеріне үлкен өзгеріс алып келу керек.
Өнерлі ұрпақ тәрбиеге икемді келеді. Өнерсіз ұрпақты тәрбиелеу асау ат секілді түсінбейді. Тіл, тарих пен өнерге қазіргі жас ұрпақ жұтаң. Домбыра рухына иленбей өскен бала жат қылығын байқатады ... құлаққа ілінетін күй сезім күйі... тіршіліктің суреті, әңгімесі аз болса да, ішкі өмірдің сыры көп, адамды өз ішіне үңілтетін мұң мен шердің сарыны бар дейді Мұхтар Әуезов. Яғни мен боламын, ұлтжанды боламын, патриот боламын, елімнің ертеңі боламын деген жастар үшін қазақ өнерін, қазақ құндылықтарын бойларына сіңіру әбден маңызды. Мұхтар Әуезов атамыз айтпақшы, домбыра аспабында ойнау, әрбір қазақ баласының бойында табылу керектігін айта кеткен. Жай ғана біліп қоймай, оның маңызын арттыру керек. Ал бүгінгі дала емес, интернет желілерін қуған оқушы жастарымызға домбыра аспабын бұрыңғы әдіспен үйрету өте қоймас. Біз еш уақытта әлемдік вирусты жеңе алмаймыз. Оған қарсы, дәрумен ойлап тауып, бәсекеге қабілетті болуымыз шарт. Балалардың санасын улап жатқан көгілдір дүниелерді түп-тамырымен жоя алмаймыз. Дегенмен, қарсы тұра аламыз. Ол үшін, дәл сондай бағытта, балалардың қажеттілігін тудыратын деңгейде домбыра аспабын үйретуге ерекше ден қоюымыз керек. Музыкамен айналысу баланың өзінің ішкі дүниесіне үңілуге көмектеседі. Көптеген оқушылар мектепте жаттанды сөздерді жеткізумен болады. Сыныпта еркіндік жок, еркіндікті ашатын ол - музыка. Музыка мектебі, хореография мектебі, қолөнер мектебі мен жалпы білім беру мектебі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Өйткені ол көптеген өнерпаздарды көріп тез есейіп өсуіне әсер етеді. Адамның ішкі әлеміне әсер ететін нәрсе біріншіден ауқаттануы, екінші естіген сөзі мен әуені, үшінші көргені, төртінші үйренгенін істеуі, бесінші жұмыс, оқу, жазу т.б. сияқты ортаның әрекеттері жатады. Қазақтың баласы, домбыра өнерінен тараған жыр, терме, күй мәдениетінен тәлім алмай қайдағы бір тегі жок кірме мәдениетке әуес. Сол себепті баланы өз тілін, жер байлығын қорғауға, өнерін сүйеуге, салт-дәстүрін бағалауға, даналарын мақтан етіп жүруге тәрбиелеу керек. Сондықтан да, орта сынып оқушыларына домбыра аспабын, жай үйретіп қана қоймай, маңыздылығын арттыру ең тиімді жол деп білеміз. Тәрбие-бесік құралы. Бүгінгі заманның жасөспірімдерінің тәлім-тәрбие сипатына назар аударатын болсақ, қынжылтатын жайттар баршылық. Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби айтпақшы: Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген. Яғни, бүгінгі адами құндылықтарымыздың келешек болашақ иелерінің бойынан табылмауы бұл - қауіп. Оған себеп, тәрбиесіз берілген білім. Осы орайда, бұл жобада біз болашақ мектеп мұғалімдері ретінде, заманның зарын қарастыруды жөн көрдік. Атап айтқанда, орта сынып оқушыларына домбыра аспабын үйретуде оны тәрбие берумен ұштастыру - біздің жобаның мақсаты десек болады.
Орта сынып оқушылары неге домбыра аспабын үйрену керек?
Орта сынып оқушылары психологиялық көмек пен қолдауды қажет етеді. Себебі, олар дәл осы жас кезеңдерінде балалықтан, өтпелі кезеңге ауысып жатады. Балада түрлі қызығушылықтар оянып, сандаған сұрақтардың жауабын табуға әрекеттенгісі келіп тұратын уақыт. Суретке назар аударып, орта сынып оқушыларын қорғау керек қоғамдық мәселелерге назар аударсақ:

Әлеуметтік желінің құрбаны болу, өз-өзіне деген сенімсіздік, қоршаған ортадан алыстауы, ата-анасының қолдауы мен махаббатының жетіспеушілігі, темекі сынды және т.б денсаулыққа зиянды дүниелерге құмартуы - баланы құрдымға жібереді. Олар әлі ойын баласы болғандықтан, бір жағдайдан екінші жағдайға еркін ауыса алады, жақсы-жаман рольдерге тез еніп, еркелеу, сынып жетекшіге жабысқақ, невротизмнің белгілері байқалады. Мінез-құлықтарында көптеген өзгерістер байқалып, қоршаған ортадан шеттеліп кететіндей жайттар орын алмас үшін, алдын-алатын шаралар қолдану керек. Әрине, ештеңені ушықтырмай, жай ғана ата-ана мен мұғалімнің назарында жеткілікті деңгейде тәлім-тәрбие алып отырғаны маңызды
Ата-ана үй жағдайында баламен бала ретінде сөйлеспей, үлкендерше назар салып, жеткілікті назар бөліп отырса, ал мектеп мұғалімдеріне мұндай жағдайда көмектесе алатын жалғыз құнды дүние - тәрбиемен берілген білім. Яғни, оқушының қызығушылығы мен бос уақытын тиімді өткізетініне жіті назар аудару керек. Мұндай жағдайда біз оқушыға өзінің ішіндегі мәселелеріне жауап беретін, қызықты сабақтар қарастырмасақ, ол оны даладан немесе әлеуметтік желіден, айналасынан іздейтін болады. Ол қандай сабақтар?
Әрине, баламен дос болатын, оның жеке пікірін тыңдайтын қосымша үйірме сабақтары. Осы орайда жалпы білім беретін мектептердегі қосымша үйірме мұғалімдері біз ұсынатын әдіс-тәсілді қолданатын болса, бір оқушыға болсын көмектесе аламыз деп ойлаймыз. Неге біз психологияға ден қоямыз? Себебі, оқушының тәні мен жаны сау болмайтын болса, сіз қанша жерден білімді маман болсаңыз да, ол пайдаға аспайды. Оның үстіне бүгінгі таңда еліміз ажырасу бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында болуы біздің назарға алынып отырған орта сынып оқушыларының психологиясына өте қатты әсер етеді. Дегенмен, үйірме пәндерінде отбасылық тәрбиеге бағытталған ілім берілетін болса, барлығын да жақсартуға болады деп сенеміз. Осы орайда практикалық іс-тәжірибе кезінде орта сынып оқушыларының отбасылық сипатын анықтау үшін кішігірім ғана психологиялық ахуал қарастырылды. Бұл тәжірибеге 4-ші 5-ші және 6-шы сынып оқушыларынан 20 бала қатыстырылды. Оларға түрлі-түсті қарандаштар мен ақ парақтар беріліп, отбасы мүшелерінің суретін салу тапсырылды. Мысалы:

Осы суреттердің нәтижесінде орта сынып оқушыларның отбасылық психологиялық жағдайы анықталды. Осы мысалдас суреттерге қарап, сіз Ағаш, адам және үй интерпретпациясына сала аласыз.
Мақсаты: тұлғаның эмоциялары мотивациялық сипаттары, кейбір аспектілері, жасырынып жатқан дүниесін ашуға мүмкіндік береді.
Нұсқау: Бір параққа үй, адам, ағаш бейнелерін салуды сұраймыз.
Талдау:
Егер бірінші ағаш салынса адамға өмірлік энергия маңызды.
Егер бірінші үй салынса, қауіпсіздік бірінші орында.
Үй
Ескі үй -- өз-өзіне қарым-қатынасты білдіреді.
Алыс үй - қуылған сезімді (жойылған, ұмытылған)
Жақын салынған үй - ашықтық
Үй жоспары - ұрыс.
Әр түрлі құрылымдар - үй иесіне қарсы агрессия.
Дуалға аппараттық текпешек (есіксіз) - ұрыстық жағдай.
Артық дуал - өзін-өзі бақылауға талпыну.
Артық дуалдың қалың болуы - субъектің шындыққа қарым-қатынасын жоғалтуы.
Дуал оның негізінің жоқтығы - шындық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық аспаптарын музыкалық-дидактикалық ойын барысында қолдану тәсілдері
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру
Көркемөнер үйірмелері – балалардың бос уақытын ұйымдастырудағы рөлі
Үші ішекті домбыра
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі
Музыка өнер сабағы
Сырнай - тілшелі сарнамалы аспап
Мектептегі музыка сабағында ұлттық музыканы игеру мәселелері
Студенттердің бойында музыка–педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау
Пәндер