Ауа райы жəне климат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М.О.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы:Ауа райы және климат. Климаттың ғаламдық өзгерістері.
Орындаған: Ережеп Аружан
Тобы:ПИК-19-18к
Қабылдаған: Ибраимова А.Қ
Шымкент 2019
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Қоңыржай белдеулердегі ауа райының өзгерісі
2.2 Климаттық аудандастыру негіздері
2.3 Климаттың өзгеруі
2.4 Жергілікті ауа райына байқау жасау жолдары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Ауа райы жəне климат. Климаттың ғаламдық өзгерістері.
Ауа райы - дегеніміз атмосфераның төменгі бөлігінің белгілі бір уақыт аралығындағы (тəулік, апта, ай) жағдайын сипаттайтын ұғым болып табылады. Ауа райы нақты мағынасында алғанда адам өміріне əсер ететін аса маңызды метеорологиялық жағдай мен атмосфера құбылыстарының жиынтығынан құралады.
Ауа райының ең басты элементтеріне атмосфералық қысым, температура жəне ауа ылғалдылығы жатады. Ауа райы құбылыстарына жел, бұлттар, атмосфералық жауын-шашын (жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау) түрлері жатады. Кейде бұл құбылыстар апаттық сипат алып, дауыл, нөсер жаңбыр, құрғақшылыққа ұласуы мүмкін. Осы құбылыстардың барлығы дерлік тропосфера қабатында қалыптасып, жүзеге асады.
Ауа райының барлық элементтері мен құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың біреуінің өзгерісі міндетті түрде екіншісінің өзгерісіне, тұтастай алғанда ауа райының өзгерісіне ұласады.
Ауа райына тұрақты бақылау жасау арқылы тəуліктік ауа райының кешенді түрлерін анықтауға мұмкіндік берді. Олар аязды ара райы, 0 градус арқылы өтпелі ауа райы, аязсыз ауа райы деп бөлінеді.
Ауа райы үнемі өзгеріп тұратындықтан, ауа райы өзгерісі мерзімді жəне мерзімсіз сипат алады. Мерзімді өзгерістер күн сəулесінің тəуліктік жəне маусымдық түсу сипатына, ал мерзімсіз өзгерістер ауа массаларының циркуляциясына тəуелді болып келеді.
Ауа райының жылдам өзгерістері экватор маңында айқын байқалады. Таңертең күн сəулесі жер бетін жылдам қыздырады, сол себепті булану көрсеткіші жоғарылайды. Жоғары көтерілген ыстық əрі ылғалды өрлеген ауа ағыны будақ бұлттарды түзіп, олар найзағай ойнаған нөсер жаңбырлар алып келеді. Түстен кейін күн қайтадан ашылып, ашық ыстық ауа райы орнайды.
Қоңыржай белдеулерде ауа райының өзгерісі күн сəулесінің маусым бойынша түсу мөлшеріне, ауа массаларының қозғалысына, атмосфералық фронттардың өту жиілігіне байланысты болады.
Жылы фронт өткен жағдайда қабатты-жауынды бұлттар түзіліп, ақ жауынға айналуы мүмкін. Жылы фронт келуінің ең басты белгісі - шарбы бұлттардың пайда болуы. Олар біртіндеп аспан кеңістігін толық жабатын шарбы-қабатты бұлттарға айналады.
Тропосфераның жоғарғы қабаттары арқылы жылы ауа ағыны жылжиды, қысым төмендейді. Фронт сызығы жақындаған сайын бұлттар қоюланып, төмендей түседі. Жел жылдамдығы артып, бағытын күрт өзгертуі мүмкін. Фронтқа 300-400 км қалғанда бұлттар одан əрі қоюланып, ұсақ жаңбыр немесе қар жауа бастайды.
Фронт өтіп кеткен соң, бұлттар сейіліп, күн ашылады. Жылы ауа массасының келуіне байланысты жылы, ашық ауа райы қалыптасады.
Суық фронт жағдайында жылы ауа тез арада суық ауамен ығыстырылады. Аспанда будақты, будақты-жауынды бұлттардың қалың қабаты түзіледі. Суық фронт кезінде түзілетін бұл бұлттар күн күркіретіп, найзағай ойнататын нөсер жаңбырлар əкеледі.
Жаңбыр кезінде суық, өкпек желдер соғуы мүмкін. Олар 2030 км биіктік аралығын қамтып, бұлттардың жылдам қозғалуына ықпал жасайды. Сондықтан суық фронттың өтуі ұзаққа созылмай, 15-20 минут, əрі кетсе 2 сағатқа созылуы мүмкін. Одан кейін аспан шайдай ашылып, ауа райы бастапқы қалпына келеді.
Жергілікті жер ауа райының циклондық сипатына тəн басты белгілер - ауа райының тұрақсыз сипат алуы. Жиі-жиі аспанда бұлттар жинақталып, олар біртіндеп қоюланып, одан жан-жаққа түрлі тармақтар таралады. Мұндай бұлттар, əсіресе күз айларында найзағайлы нөсер жаңбырлар алып келеді.
Егер күндіз биік будақты бұлттар қоюланып, найзағай ойнаса, одан кейін күн салқындамаса түнде қайтадан найзағай ойнауы мүмкін. Егер түнгі найзағай алдында тұман түспесе, шық та түспейді.
Егер күндіз аспан бұлыңғыр болып, кешкі күн шапағы бұлттар арасынан сыналап қана көрінетін болса, онда түнде жаңбыр жауады. Сонымен қатар түнге қарай жел күшейетін болса, ондай жағдайда ертеңгі ауа райы да тұрақсыз болады.
Циклондық ауа райы кездерінде, ашық күндері суық күзде жəне қар ерігеннен кейінгі ерте көктемде үсік жүрген жағдайда жердің бетін қырау жабады. Қырау түсуі үшін түн тымық, ауа температурасы 00С төмен болуы қажет. Күн шығысымен қырау тез арада еріп кетеді.
Жергілікті жер ауа райының антициклондық сипатына тəн басты белгілер - ауа райының біршама тұрақты сипатының сақталуы. Ең алдымен циклондық ауа райы кезінде сақталған бұлттылық азаяды. Аспан кеңістігі бұлттан босап, күн ашылады. Жел күшейіп, бағытын тез өзгертіп бұлттарды ығыстырады. Күн салқындап, кешкі күн шапағы алқызыл ашық түске боялады. Антициклондық жағдайдағы ауа райы қыста ашық, аязды, ал жаз кезінде ашық, ыстық сипат алады.
Ауа райының өзгерістерін зерттеумен айналысатын ғылым саласы - метеорология деп аталады. Метеорологияның ауа райын алдын ала болжау жұмыстарын жүргізетін саласын - синоптикалық метеорология деп атайды. Ауа райын болжау жергілікті ауа райы құбылыстарына жəне əуе-ғарыштық ақпараттар көмегімен жүзеге асады.
Алғашқы Халықаралық метеорологиялық конгресс 1853 жылы ұйымдастырылды. Қазақстандағы гидрометеорология басқармасы 1933 жылы құрылып, қазіргі кезде өз жұмысын халықаралық талаптар деңгейіне сəйкес дəрежеде жүргізіп келеді.
1950 жылдың 23 наурызында Халықаралық Метеорологиялық ұйым құрылып, конвенция қабылданды, оның шешімімен осы мерзім Халықаралық метеорология күні деп белгіленді.
Қазір осы ұйымға 121 ел мен 10 аумақ мүше болып отыр, Қазақстан да осы ұйымға мүше елдердің бірі. Бұл ұйымның басты міндеттеріне Жер атмосферасындағы барлық өзгерістер мен құбылыстарға бақылау жасау; метеорологиялық ақпараттардың бір орталықтандырылған жүйесін құру; өзара жылдам ақпарат алмасу; метеорологиялық зерттеу жұмыстарын жетілдіру; метерология саласындағы зерттеулерді қолдау жəне мамандар дайындау жұмыстары жатады.
Климаттық аудандастыру негіздері. Белгілі бір аумаққа тəн ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығы климат деп аталады. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына əсер ететін жағдайлар - климат қалыптастырушы факторлар деп аталады.
Аса маңызды климат қалыптастырушы факторларға географиялық ендік немесе Күннің көкжиектен биіктігі, атмосфераның жалпы циркуляциясы, жер бедері жəне оның ірі құрылымдарының орналасу бағыттары, жер бетінің төсеніш сипаты, сонымен қатар теңіздер мен мұхиттар, олардағы жылы жəне суық ағыстардың ықпалы себепші болады.
Бұл факторлардың əсер ету дəрежесі барлық жерде бірдей бола бермейді. Сондықтан да Жер шарының климаттық белдеулері жəне əрбір белдеу ішіндегі айырмашылықтар да түрліше сипат алады.
Жер шарындағы климаттың қалыптасу заңдылықтарын, климат пен оның жіктелуін жəне антропогендік əрекеттің климатқа əсерін зерттейтін географияның аса маңызды саласын климатология деп атайды. Климатты жалпы географиялық заңдылықтар тұрғысында зерттеу ХІХ ғасырдан басталған. Климатология ғылымының қалыптасып, дамуына А. И. Воейков, А. Гумбольдт жəне В. Кеппен зерттеулері негіз болды.
ХХ ғасырда климатты аудандастыруға В. Кеппен мен Л. С. Берг алғашқы қадам жасады. В.Кеппен Жер шары климатын жіктеуде температура мен ылғалдың əркелкілігін негізге алған. Осыған сəйкес, ол Жер шарын (ыстық, құрғақ, қоңыржай жылы, қоңыржай салқын, суық) бес климаттық белдеуге бөлді. Бұл аудандастыру климаттың тек сыртқы белгілеріне негізделгендіктен, климат қалыптасуының заңдылықтарын толық түсіндіре алмайды. Ал Л. С. Берг климаттық аудандастыру барысында географиялық белдеулер мен зоналардың сыртқы белгілеріне (өсімдік пен топырақ сипаты) сүйенді.
Климат қалыптастырушы заңдылықтарды ескеру негізінде Б. П. Алисов жасаған климаттық аудандастыру əлі күнге дейін өзінің ғылыми жəне қолданбалы маңызын жойған жоқ. Б. П. Алисовтың климаттық аудандастыруы атмосфера циркуляциясының заңдылықтарына негізделген.
Ғалым Жер шарын 7 негізгі, 6 өтпелі климаттық белдеуге жіктеген. Негізгі климаттық белдеулердің шекарасы жыл бойы басым болатын ауа массаларының орнымен анықталады. Экваторлық белдеуде жыл бойы экваторлық ауа массасы басым болады. Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулердің арасында орналасады жəне мұнда екі түрлі ауа массасы жыл ішінде бірін-бірі алмастырады.
Субэкваторлық белдеу қыста тропиктік, ал жазда экваторлық ауа массаларының ықпалында болады. Климаттық белдеулердің шекарасы ретінде атмосфералық негізгі (климаттық) фронттардың қыс пен жаздағы ең шеткі орны алынған. Б. П. Алисовтың аудандастыруында климаттың белдеу ішіндегі өзгерістердің барлығы дерлік ескерілген.
Жер шарының климаттық белдеулері
Экваторлық климаттық белдеуде жыл бойы қысым төмен, экваторлық ауа массаларының ықпалында болады. Күн сəулесінің мол түсуіне (радиациялық баланс 3066·102 Джсм2 тең) байланысты бұл белдеуде ауа температурасы бүкіл жыл бойы жоғары əрі тұрақты сақталады.
Орташа айлық температура +240С пен +280С аралығында болады. Температура өте сирек жағдайда +200С төмендеуі мүмкін. Жылдық температура айырмашылығы 10С-ден аспайды, ал тəуліктік амплитуда 100-150С-ге жетеді. Өрлеген ауа қозғалысының басым болуы, пассат желдері арқылы ылғалды мұхиттық ауаның тұрақты енуі нəтижесінде жыл бойы жауын-шашын мол түседі.
Жауын-шашынның жылдық мөлшері буланушылықтан жоғары, белдеудің барлық бөлігінде 2000 мм-ден артық болады. Сондықтан ауа райы ыстық, ылғалды, əрі қапырық болады. Көбінесе найзағайлы нөсер жаңбырлар жиі байқалады. Жауын-шашынның максимумы көктем мен күздегі күн тоқыраулары кезіне сəйкес келеді. Бұл заңдылық барлық жерде бірдей сақтала бермейді.
Субэкваторлық белдеулер экваторға жалғас жатқан екі жарты шардың шамамен 5о жəне 20о ендіктер аралығын алып жатыр. Географиялық орнына байланысты температуралық режимі экваторлық белдеуден аса үлкен айырмашылық жасамайды. Температура жыл ішінде екі рет (көктем, күз) жоғарылап, екі рет (қыс пен жаз) салыстырмалы түрде төмендейді. Қыс пен жаздың температура айырмашылығы 50С-ге дейін жетеді.
Əсіресе, бұл айырмашылық құрлық үстінде айқынырақ байқалады. Ауа массаларының жыл ішінде алмасуына байланысты субэкваторлық белдеудің жазы экваторлық белдеуге, ал қысы тропиктік белдеуге ұқсас. Өйткені жазда экваторлық муссондар аса мол ылғал, ал қыста құрлық үстінен соғатын тропиктік муссон құрғақ ауа əкеледі. Сол себепті жазы ылғалды, қысы салыстырмалы құрғақ болады.
Осы ерекшеліктеріне байланысты субэкваторлық белдеу климатын экваторлық немесе тропиктік муссондық климат деп атайды. Жауын-шашынның жылдық мөлшері көбінесе, 2000 мм-ден аспайды. Бірақ экваторлық муссондардың тау беткейлеріне тірелетін бөліктерінде жауын-шашынның мөлшері күрт көбейеді.
Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейіндегі Черапунджи елді мекеніне Жер шарындағы жылдық жауын-шашынның ең жоғары көрсеткіші тəн, мұнда жылына 12 000 мм-ден астам жауын-шашын түседі. Мұнда экваторлық муссондардың енуіне байланысты жаздың төрт айында жылдық жауын-шашынның 90%-дан астамы түсіп үлгереді. Тек шілде айында ғана 2 464 мм жауын-шашын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz