Апелляциялық сатыдағы сотта істі қараудың екінші бөлімі - апелляциялық шағымды немесе наразылықты қарау


Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі . Мемлекет халықтық өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру ретінде адам үшін құрылады, соның арқасында бүгінде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру тетіктеріне ерекше назар аударылған. Қазақстан халқының жария-құқықтық еркі өзі қабылдаған конституцияда екені бәрімізге мәлім. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылатын құқықтық мемлекет деп жариялайды [1] .
Жеке тұлғаның конституциялық мәртебесінің ең тиімді кепілі - "әділ сот төрелігі және азаматтардың бұзылған құқықтарын тиімді қалпына келтіруді қамтамасыз ететін әртүрлі процедуралық құралдардың жиынтығы арқылы жүзеге асырылатын" соттық қорғалу болып табылады. Осы қағидаттарды іске асырудың нақты тетіктерінің бірі апелляциялық іс жүргізу, сонымен қатар заңды күшіне енген төменгі соттардың актілерін қайта қарау яғни, кассациялық өндіріс болып табылады. Бұл адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүмкіндік беретін кайта қарау істері, сонымен қатар сот билігіне төменгі органдар жіберген қателіктер мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Әрбір қате шешім, сайып келгенде, сот төрелігі заңды түрде жүзеге асырылмағанын немесе мүлдем жүзеге асырылмағанын, азаматтар мен ұйымдардың бұзылған немесе даулы субъективті құқықтары мен заңды мүдделері қорғалмағанын білдіреді. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда соттың өз өзінің қате шешімімен мүдделі тұлғалардың құқықтарын бұзады. Әрине, қателіктер нақты істердің ғана емес, жалпы сот билігінің беделіне теріс әсер етеді.
Отанымызда сот қателіктерінің саны көптеген жылдар бойы тұрақты үрдіске ие. Сонымен бірге, сот санағы барлық нақты қателіктерді көрсетпейді, тек жоғары сот инстанциялары жоятын бейбітшілік судьяларының, аудандық және қалалық соттардың шешімдерінде анықталады. Сондай-ақ біздің зерттеуге алынған тақырып құқықшығармашылық және құқыққолдану саласына өте өзекті тақырыптың бірі.
Қазіргі уақытта шағымдану тәсілдерін жетілдіру мәселелеріне
көп көңіл бөлінеді, өйткені азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауда азаматтық іс жүргізудің жалпы нәтижесі көбінесе қолданылатын шағымдану механизмінің тиімділігіне байланысты.
З ерттеу жұмысының ғылыми жаңалығына азаматтық істер бойынша апелляциялық және кассациялық сот ісін жүргізу барысында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейтін отандық заңнамаға және құқыққолдану, сонымен қатар шетел мемлекеттердің сот ісін жүргізу тәжірибесіне салыстырмалы талдау жүргізіле отырып, нәтижесінде берілген институттарды реттеуге тиімді ұсыныстар беру .
Зерттеу жұмысының мақсаты - сот шешімдері мен ұйғарымдарына шағым жасау және наразылық келтіру процесінің азаматтық-құқықтық мәселелерін шешу, сондай-ақ азаматтық істер бойынша апелляциялық және кассациялық институттарын құқықтық реттеу ерекшелігінен туындатын мәселелерді зерттеу.
Осыған сәйкес келесідей міндеттер қойылады:
- Қазақстандық сот ісін жүргізудегі апелляциялық іс жүргізу
институтының қалыптасу және даму ерекшеліктерін қарастыру;
- Апелляция институтының мәні мен мағынасын талдау;
- Заңды күшіне енбеген сот актілеріне шағымдану тәртібін зерделеу;
- Кассациялық шағымдар мен наразылықтар бойынша істерді қараудың іс
жүргізу тәртібін талдау;
- Кассациялық сатыдағы соттар қабылдайтын шешімдерді зерделеу;
- шетел мемлекеттердің азаматтық істерді қайта қарау институтының
ерекшелігін зерделеу.
- Зерттеу объектісі ретіндесот актілерін қайта қарау институттарын
реттейтін құқықтық нормаларды іске асыру және төменгі сатыдағы соттың актілерін қайта қарау үрдісінде сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын құқықтық қатынастар кешені болып табылады.
Зерттеу пәні - Қазақстан Республика Азаматтық процесінде апелляциялық шағымдану құқығын, тәртібі мен рәсімін, заңды күшiне енген сот актiлерiне өтiнiшхат беруге, ұсыным енгізуге, наразылық келтіруді тәртібін реттейтін іс жүргізу нормалары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік мәні және ғылыми мәселенің қазіргі таңдағы бағасы. Зерттеу жұмысының негізгі ережелері мен тұжырымдары қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, сот тәжірибесінде, тәжірибемен айналысатын заңгерлерге, сот актілерін қайта қарау институттарын одан әрі теориялық зерттеу барысында, сондай-ақ оқу үрдісінде қолданылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың методологиялық негізі. Негізсіз байытуға байланысты міндеттемелер институты революцияға дейінгі дәуірден бастап отандық азаматтық доктринамен танымал. Аталған құқықтық институтты зерттеумен С. А. Акимбекова, З. Х. Баймолдина, А. В. Гагаринов, А. Ф. Клейман, М. К. Треушникова, М. С. Шакарян, М. Х. Хутыз және т. б.
Методогиялық негіз ретінде құқықтық зерттеу әдістері тарихи-құқықтық, ресми құқықтық, салыстырмалы құқықтық және заң құбылыстарын талдау жүйесі әдістері басшылыққа алынып зерттелінді, сондай -ақ дидукциялық пен талдау әдістері ұштастыра отырып дипломдық жұмыс зерттелінді.
Дипломдық жұмыстың теоретикалық негізі. Жұмыстың теоретикалық негізін кеңестік ғалымдардың, отандық және ТМД авторлардың зерттеліп отырған мәселеге қатысты еңбектері және жүйелік басылымдардағы мақалалары құрайды.
Жұмыс құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылғын әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмысты жазуда қолданылған тәжірибелік база. Диплом жазу барысында Қарағанды облыстық соттының апелляициялық инстанция материалдары, сондай-ақ сот кабинеті электронды база жүйесі кеңінен қолданылды.
1 Сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу
1. 1. Апелляциялық өндірістің дамуы және мәні
Қазақстанның сот өндірісі кез-келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлі құқық негізінде дүниеге келген еді. Қоғамның және оның институттарының дамуына байланысты, қазақтандық дәстүрлі құқығы да дамып, жетілдіріліп отырды.
Дәстүрлі құқық туралы сөз қозғау үшін, біріншіден, оның құрамы жағынан біркелкі болмағанын атап өткеніміз жөн. Ол сипаты жағынан әртүрлі нормалармен институттардың басын біріктірді. Әйтсе де, бұлар өмірде тым алшақ емес, қайта іштей өзара астасып, біте қайнасып жатқандай еді. Түп тамыры сонау тереңде жатқан кейбір нормалармен институттардың күні кешегі ХІХ ғасырға дейін сақталып келгеніне тарих куә. Бәлкім, сондықтанда болар, қазақтың дәстүрлі құқығындағы қайсы бір нормалардың қашан пайда болғанын тап басып айтудың өзі қиын [1; 38] .
Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың дәстүрлі құқығында азаматтық пен қылмыстық құқық бұзушылық ұғымдарының арасындағы шектеулер білінер білінбес қана болған. Қазақтардың құқықтық пікірінің дамуы жөнінде ХІХ ғасырдағы әйгілі қазақ ғалымы, Шығыстың ғаламат зерттеушісі Ш. Уәлиханов былай деді: «Қылмыс пен тәртіпсіздік жөнінде жан дүниесі бөлек, тұрмыс салты басқаша дамыған қазақтардан орыстар мен немесе басқа европалықтармен бірдей көзқарасты талап ету дұрыс емес» [2; 513] .
Академик С. Зиманов атап өткендей, қазақтың дәстүрлі құқығы бірнеше жылдар бойына кешеуілдеп қалған, тұйық шаруашылық негізінде дамып келді. Бұл, әрине, құқықтың қайсыбір жекелеген құқықтық нормаларына өзіндік салқынын тигізеді. Мәселен, ХІХ ғасырдың ортасына дейін дәстүрлі құқық жөніндегі жазбалардан тауар-ақша қатынастарын реттейтін нормаларды кездестіре алмайсыз; сот өндірісін жүргізу ешқандай жазбаша дәлелдемелерді талап етпеді. Кінәлі адамнан кек алу, тергеусіз сот жүргізу сияқты көне әдет-ғұрыптар көп уақытқа дейін бұзылған құқықты қалпына келтіру тәсілі ретінде қолданылып келді.
Қазақ құқығының тарихында Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңының орны бөлек. Бұл жөнінде ХІХ ғасырдың басында аса құнды еңбектері үшін көзінің тірісінде мойындалған орыстың шығыстану ғалымы А. Левшин былай деп жазды: «Кіші Орданың зерделі қырғыздары, біздің халық тыныштықта өмір сүрген кезде болған, бізде тәртіп те орнықты болған, бізде заң мен әділ сотта болған дегенді айтады»[3; 80] .
Тәуке ханның заңдар жинағында көптеген азаматтық-құқықтық нормалар және дәстүрлі құқық нормалары да болған.
Заңдық күші бар әдет ғұрыптар негізінен арнайы еш жерде жазылмаған, олар қысқа қайырған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі жолмен жеткізіліп келген. Міне, хан Тәуке осылардың бәрін жиып, бір заңдар жинағының - «Жеті жарғының» аясына жиілеп топтастырған.
Қазақтар Ресей қол астына кіргеннен кейін азаматтық істерді талқылайтын арнайы орган билер соты болды [4; 133] .
Қазақтардың дәстүрлі құқығы билер соты шығарған шешімдерге тараптардың шағымдану мүмкіндігін қарастырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл институттың өзіне тән ерекшеліктері де болды.
Шағымдану құқығына ешқандай шек қойылмады. Билер сотының шешімі жөнінде басқа бір биге немесе хан сотына шағымдануға ерік берілді. Шешім жарияланғаннан кейінгі апелляциялық шағымдану мерзіміне де шек белгіленбеді. Шағымданушы өзінің қалауы бойынша, өзі сенім білдірген кез келген биге өтініш білдіруге құқылы болды. Би талапкердің, сондай-ақ екі жақтың тілегіне сүйеніп, істі өндірісіне қабылдады. Істі қараған хан (би) шығарылған шешімнің әділдігіне көзін жеткізсе, бұл жөнінде арызданушыны хабардар етті. Егер хан (би) алдыңғы шешімді қолдап бекітсе шағымданушы биге жала жабушы ретінде айыпталып, тиісінше жазаланды. Ал, егер шағым орынды деп табылса хан (би) шешіміне шағым түскен биге келіп, екеуі кінәлаушы мен жәбірленушінің көз алдында істі қайтадан қарады. Шешімнің әділетсіздігі дәлелденген жағдайда, хан (би) жаңадан шешу үшін істі әлгі биге кері тапсырды. Сол жерде, егер шешім қабылданған бидің біржақтылығы әшкереленсе, онда хан (би) істі басқа биге өткізеді.
Қазақстанның басқару жүйесіне елеулі өзгерістер ХІХ ғасырдың 20-жылдары енгізілген болатын. 1822 жылғы Жарғы билер соты қабылдаған үкімдерге шағымдану тәртібін де белгіледі. Бұл үкімдер түпкілікті деп саналмағандықтан, оған риза емес тараптарға облыстық бастыққа шағымдануға мүмкіндік берілді. Билердің үкімін бекіту немесе бекітпеу облыстық бастықтың еркіні тиесілі.
Қазақстан Ресейге қосылған соң шешімдерді апелляциялық қайта қарау тәртібі империялық заңнамамен реттеле басталды. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін апелляциялық шағымдану институты барлық кеңестік Республикалардың кеңесінен мүлдем жойылып кетті. Бұл революцияға дейінгі ескі сот толық арылу саясатынан туындаған жаңғыру еді.
Сот туралы №1 декретке сәйкес Қазақстан аумағында азаматтық істердің басым көпшілігі жергілікті халық соттарында қаралды және оларға дәстүрлі құқық нормаларын қолдануға рұқсат етілді. Міне осы декрет арқылы революцияға дейінгі қолданыста болған ескі сот жүйесін негізі қалған еді. Осы кезден бастап Қазақстанда апелляциялық шешімдерді қайта қарау институты дамып, өз орнын тапты десек болады.
2001 жылдың 11 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Сот ісін жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы соттың заңдық күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау үшін апелляциялық инстанция енгізді. Апелляциялық институттың басты мақсаты төменгі инстанциялардағы соттың шығарған үкімдерінің қателіктерін түзеу және оны жоғары тұрған сотқа жіберу болып табылады.
Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық
сатыдағы сот істе бар және осы Кодекстің 413-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларының анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық процестік заң нормаларының сақталуын тексереді [5] .
Жалпы сот жүйесі әр уақытта қоғам қажеттілігіне сай болу керек. Сот реформасы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауды күшейту, шағымдану инстанцияларына жаңа заң актілерін енгізу, осының бәрі сайып келгенде заңымызды кәсіби деңгейге көтеруді талап етеді.
Қазақстан Республикасының сот төрелігін - тек сот қана жүзеге асыра алады [6] . Сот билігінің маңызды, тіпті басты функциясы әділ сотты жүзеге асыру болып табылады. Мемлекеттік маңызды мәселелердің бірі сот актілерін мойындауды толықтай қамтамасыз ету екендігі ақиқат. Конституциялық шешімдердің міндетті түрде орындалуы басты шарт екендігі атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде туындайтын сот билігінің барлық істермен дауларды қамтитындығы Ата заңымызда тура айтылған. Конституциялық нормалардың тек жеке тұлғаларға ғана емес, сондай-ақ заңды тұлғаларға да қатысты тікелей қолданылатыны осыдан көрінеді. Ата Заңымыз - әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғаудың негізгі нысаны - апелляциялық шағымдар бойынша істерді қайта қарау болып табылады. Адамдардың конституциялық құқығы мен бостандығына нұқсан келтіретін заңдарды нормативті құқықтық актілерді қолдануға соттардың құқығы жоқ. Егер сот қолдануға жататын заңның немесе басқалай құқықтық актінің адамдар мен азаматтардың Конституциямен бекітілген құқығымен бостандығына нұқсан келтіретіндігін байқаса, ол іс жүргізуді тоқтатуға және осы актінің Конституциямен сәйкес еместігінің тану жөніндегі ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті.
Сотқа арыз (талап арыз, шағым) беріліп және оны сот қабылдаған кезде ғана сотқа жүгіну құқығы жүзеге асырылады. Сотқа арызбен жүгіну арқылы азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді (жеке-дара немесе алқа құрамы) қарайды және шешеді. Кез келген сот арызды қабылдап, істі қарамайды және шешпейді. Себебі азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес әрбір іс соттылығына байланысты жүргізіледі. Соттылық - соттар арасында белгілі азаматтық істерді қарастыру өкілеттіліктерді бөлуді білдіреді.
Жаңа заңнаманың жағымды жетістігі ретінде істі қайта қараудағы тексеру тәртібінің сақталып қалғандығын айтуға болар еді. Апелляциялық істер бойынша қандай да бір даулы мәселе туындай қалса, соттарға өз бастамасы мен бұл жөнінде баяндама жасауды міндеттейтін көне Римдік тәртіп кезінде Еуропа елдерінің заңнамаларынан орын алса, кейін КСРО мемлекеттерінің кодекстеріне еніп, Қазақстан аумағында да кеңінен қолданылды [7; 2] .
Істерді апелляциялық қайта қараудың көп жылдық тәжірибесі шағым мен наразылық, әдетте, сот шешімінің тек қайсыбір бөлігін қозғайтындығы жөнінде сот өндірісіне қатысушылардың көзін әбден жеткізді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексінің 402 бабына сәйкес (әрі қарай ҚР АПК) Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге, сондай-ақ Кодекстің 27-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы алқаның кемінде үш судьясының алқалы құрамында қарайды. Кодекстің 27-бабы 1-2-бөлігінің қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын Нұр-Сұлтан қаласының соты қарайды.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шығарған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын, ұйғарымға жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын судья жеке-дара қарайды.
Істің нақтылы жағдайына және құқықтық бағалауына байланысты жоғары тұрған соттың пікірі төменгі сатыдағы соттар үшін заңдылық ережеде қолдануда және оларды түсіндіруде үлгі болып саналады. Сондай-ақ оның психологиялық мәні де өте зор; процеске қатысушылар және жалпы қоғам тарапынан ең жетік соттың шешімі ретінде қабылданады.
2001 жылдың 11 шілдесіндегі заңның ережелері сот шешімдерін қайта
қараудың республикада қайта қалыптасқан жүйесіне сәйкес келді. Атап айтқанда заңдық күшіне енбеген шешімдер мен қаулыларды қайта қарау (апелляциялық) ; Апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енген қайта қарау (кассация) ; жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өндірісті қайта қарау.
Бұл сот инстанциялары, сот қаулыларын қайта қараудың тәртібі ретінде заңгерлер де өте жақсы меңгерген. Олардың іс жүргізуі ережелерінде ерекше қиындықтар жоқ, азаматтарға да қолайлы. Апелляциялық шешімдерді бір сатыдан келесі бір сатыға, яғни аудандық соттан облыстық сотқа, облыстық соттан Жоғарғы сотқа өтуін қарастыратын апелляциялық инстанциямен қатар, кассациялық өндірісінің екі деңгейінің ойластырылуы көп жылғы іс-тәжірибені көрсетіп жүреді. Қабылданған шешімнің жариялануы тараптардың іске байланысты дауларын, өзіндік пікірлерін тоқтатып, олардың шығарылған шешімге бағынуын міндеттейді.
Барлық адамдар заң алдында тең және ешқандай айырмасыз заңмен тең қорғалуға құқылы [8] . Халықаралық қағидаларға сәйкес, әрбір азамат өзінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, өз құқықтары мен бостандықтарын толық көлемде орындалуын талап етеді. Бұған заңмен қарастырылған құрал-тәсілдермен қол жеткізе алады. Соның бірі бірінші сот инстанцияда қабылданған шешімдерін даулау жөнінде келесі сатысы апеляция, әрі қарай кассациялық өндіріс түседі.
Жалпы апелляция- ( лат. тілінен аударылғанда, appellatio үндеу) деген
мағынаны білдіреді. Тараптардың арасындағы құқықтық қатынастарды анықтайтын сот шешімі барлық жағдайларда материалдық ақиқатқа сәйкес келе бермейді. Сондықтан заң мүдделі тұлғаға шешімді жоғары инстанция сотына шағымдану мүмкіндігін береді. Шағымдануға құқықтық тиісті дәрежеде жүзеге асырылу заңдылығын және негізділігін тексеру мақсатында бірінші инстанция сотының ұйғарымдары мен шешімдерін қайта қарауға негіз болады. Бұл заң актілерімен бекітілген әдістермен бірінші инстанция сотымен азаматтық істерді қарау және шешу барысында жіберілген қателіктерді түзетуге мүмкіндік береді. Аталған әдістердің біреуіне - апелляциялық өндіріс жатады. Апелляциялық іс жүргізу келесідей қажеттіктерден туындайды:
Біріншіден: іс бұл сатыда мәні бойынша қайта қаралатындықтан сот қорғауына құқық толық көлемде жүзеге асырылады.
Екіншіден: апелляция институты әділдікті жүзеге асыруда толықтылық пен нақтылықты қамтамасыз етеді. Себебі апелляциялық сот істі қайта қарау мен шешудің нәтижесінде бірінші инстанция сотының шешімін өзгертуге немесе жаңа шешім шығаруға құқылы.
Апелляция институты дегеніміз - заңды күшіне енбеген бірінші инстанция соты ұйғарымдары мен шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру және істі мәні бойынша қайта қарау мен шешу бойынша апелляциялық соттың қызметін реттейтін азаматтық іс жүргізу нормаларының жиынтығы [9; 77] .
Процессуалдық сатысы ретінде апелляциялық өндіріс - жеке мақсатқа жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің нақты аясын қамтитын сот өндірісінің бір бөлімі. Апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру институтының мақсатына мыналар жатады :
1. Бірінші инстанция сотының заңды күшіне енбеген шешімдер мен ұйғарымдардың заңдылығы мен негіздерін тексеру.
2. Бірінші инстанция соттарының дұрыс шешім шығаруын қамтамасыз ету.
3. Іске қатысушы тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына кепілдік беру.
4. Бірінші инстанция соттарының қызметін бақылап, басшылық ету.
Апелляциялық инстанция қызметінің негізгі бағыты - заңды күшіне енбеген шешімдер мен ұйғарымдардың заңдылығы мен негізділігін тексеру. Апелляциялық сот істің жаңа мән- жайлар бекітіліп жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы, яғни апелляциялық сатыдағы сот істі мәні бойынша қайта қарап шешеді [10; 187] . Сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін апелляциялық немесе наразылық шегінде тексереді.
Апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру құқығы дегеніміз - заңды күшіне енбеген бірінші инстанция соттарының шешімдері мен ұйғарымдарын тексеру бойынша апелляциялық инстанция сотының қызметін қозғауға құқық. Апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру құқығының туындауы үшін шағым немесе наразылық беруге өкілетті тұлғаның бірінші инстанция соты шешімін дұрыс емес деп тануы жеткілікті. Апелляциялық шағымдардың немесе наразылық келтірудің объектісіне апелляциялық тәртіпте шағымдануға наразылық келтірудің заңды күшіне енбеген шешімдер жатады.
Адам қызметінің кез-келген саласында қателіктер болуы мүмкін. Өкінішке орай, бұл тұрғыда соттар да ерекшелік емес. Сот жұмысындағы қателіктердің қауіптілігі іске қатысатын адамдардың нақты қарым-қатынасын анықтаудағы қиындықтармен де, құқық қолдану күрделілігімен де байланысты.
Әрбір қате шешім, сайып келгенде, сот төрелігі заңды түрде жүзеге асырылмағанын немесе мүлдем жүзеге асырылмағанын, азаматтар мен ұйымдардың бұзылған немесе даулы субъективті құқықтары мен заңды мүдделері қорғалмағанын білдіреді. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда соттың өз өзінің қате шешімімен мүдделі тұлғалардың құқықтарын бұзады. Әрине, қателіктер нақты істердің ғана емес, жалпы сот билігінің беделіне теріс әсер етеді.
Отанымызда сот қателіктерінің саны көптеген жылдар бойы тұрақты үрдіске ие. Сонымен бірге, сот статистикасы барлық нақты қателіктерді көрсетпейді, тек жоғары сот инстанциялары жоятын бейбітшілік судьяларының, аудандық және қалалық соттардың шешімдерінде анықталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz