Факторинг операцияларының түрлері


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
- Банктердегі жаңа банктік өнімдер мен қызметтерінің сипаттамасы . . . 7Коммерциялық банктердегі қызмет түрлерінің ерекшеліктері . . . 7Банктердің жаңа қызметтері мен өнімдері, олардың маңыздылығы . . . 9Банктерде қолма-қолсыз есеп-айырысуды ұйымдастырудағы жаңартпалар . . . 16
- Екінші деңгейлі банктер қызметіндегі жаңа банктік өнімдер мен инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктерін талдау . . . 20Банктерде электрондық ақшаны шығару және айналысқа жіберу үшін техникалық инфрақұрылым құруды сипаттау және талдау . . . 20«Қазақстан Халық банкінде» мобильдік банкингті қолдану ерекшеліктерін бағалау . . . 32«Қазақстан Халық банкінің» төлем карталары бойынша қызметтерін бағалау . . . 39
3 Банк қызметіндегі жаңа технологиялардың даму жетістіктері . . . 44
- Банктерге интернет жүйелерін енгізу мәселелері мен дамуы . . . 44
- Банк қызметінің жаңа технологиялар жүйесін жетілдіру . . . 47
Қорытынды . . . 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60
Қосымшалар . . . 63
Қысқартылған сөздер тізімі
ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ҰЭАЖ - Ұлттық электрондық ақша жүйесі
ҚБЕО - Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
АҚ - Акционерлік қоғам
ЖІӨ - жалпы ішкі өнім
Кіріспе
Зерттеудің таңдалған тақырыбының өзектілігі Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына арналған «Қазақстан 2030» Стратегиясын іске асыру, алдағы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) ену жағдайында тіпті де күшейе түседі. ДСҰ-ға енуге дайындала отырып, банктер Еуроодақтың 2007 жылғы стандарттарына қол жеткізу жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырады. Осымен байланысты үлкен назар банктер қызметін жаңа қызметтер мен инновациялық технологиялар негізінде жақсартуға аударылады.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген өнімнің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Соңғы екі онжылдықта жаңа банктік қызметтер әртүрлі инновациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылуда және қарқынды өсуде. Көптеген жаңа қызметтердің көбісі депозиттік немесе ссудалық қызметтерінің әртүрлілігі болып табылады. Банкирлердің ойынша қарапайым банктік қызметтердің жаңа комбинациясы әр клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады деген сенімде. Бірақ та, көптеген жаңа қызметтер мен өнімдердің дамуы тәуекелділікке әкеп соқтырады, мысалы компанияның бағалы қағаздарын орналастыру кепілдігі бойынша қызметтер (андеррайтинг), өзара қорларға қатысу бойынша қызметтер, бағалы қағаздармен брокерлік операциялар бойынша қызметтер және тағы басқалары.
Қазіргі кезде банктер клиенттерге толық қызметтер жүйесін жүзеге асырады: салықтарды есептеу және төлеу, лизингтік және факторингтік қызметтер, клиенттердің төлемқабілеттілігі туралы мәліметтерді баяндауды, акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды эмиссиялауда қатысады, инвестициялау сұрақтары бойынша клиенттерге кеңес береді және т. б.
Жұмыс тақырыбы: «Қазақстанда банктік инновациялардың да». Қазіргі кезде тауарларды және қызметтерді өткізу - нарық жағдайындағы жұмыс істейтін әрбір кәсіпорын қызметінің негізгі саласы, банк басшылығының саясатымен оның барлық клиенттерінің жұмыстарының мақсаты клиенттерді тарту, қызмет аясын кеңейту, нарықты жаулау және алынған пайданы көбейту болып табылады, сондықтан бұл тақырып банк жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті: Қазақстан Республикасының банк саласындағы жаңа банктік қызметтердің сипаттамасын, түрлерін, қолдану аясында инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер шешімін табады:
- банк қызметі ұғымын, екінші деңгейлі банк қызметіндегі оның рөлі мен мәнін ашып көрсету;
- екінші деңгейлі қазақстандық банктер ұсынатын жаңа инновациялық технологиялардың дамуына сай банк қызметін анықтау және жүйелеу.
Зерттеу нысаны - екінші деңгейлі қазақстандық коммерциялық банктер.
Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негізіне ТМД елдері мен Қазақстан Республикасының, алыс шет елдердің экономист ғалымдарының банк қызметінің теориясы және практикасы жөніндегі еңбектері, ҚР Ұлттық банкі, Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің заңнамалық және нормативтік актілері, статистикалық мәліметтер алынды.
Зерттеудің ақпараттық негізін Қазақстан Республикасының банктік және инновациялық қызмет жөніндегі заңнамалық және нормативтік құжаттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің статистикалық мәліметтері, қазақстандық коммерциялық банктердің жылдық есептері мен ресми сайттары, мерзімді басылымдар материалдары құрады.
Диплом жұмысы кіріспе, 3 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарауда банктердегі жаңа банктік өнімдер мен қызметтерінің сипаттамасы, коммерциялық банктердегі қызмет түрлерінің ерекшеліктері мен банктердің жаңа қызметтері мен өнімдері, олардың маңыздылығы қарастырылған;
Екінші тарауда екінші деңгейлі банктер қызметіндегі жаңа банктік өнімдер мен инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері, соның ішінде банктерде электрондық ақшаны шығару және айналысқа жіберу үшін техникалық инфрақұрылым құру, «Қазақстан Халық банк» АҚ ның жаңа өнімдері мен қызметтеріне, мобильдік банкинг, несиелік карточкалары қарастырылып, талжау жасалған;
Үшінші тарауда банк қыметіндегі жаңа технологиялардың даму жетістіктері, банктерге интернет жүйелерін енгізу мәселелері мен дамуы, сонымен қатар банк қызметінің жаңа технологиялар жүйесін жетілдіру жолдары айқындалған.
- Банктердегі жаңа банктік өнімдер мен қызметтерінің сипаттамасы
1. 1 Коммерциялық банктердегі қызмет түрлерінің ерекшеліктері
Коммерциялық банктер клиенттер үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап «буыны» ретінде қатысады.
Жалпыға бірдей, коммерциялық банктер өздерінің дәстүрлі базалық қызметтері негізінде жұртшылық арқылы қабылданады, олар клиенттерге сан алуан қаржылық қызметтер көрсетеді, трасталық операциялар жасайды, клиенттер үшін бағалы қағаздар сатып алады, қозғалмайтын мүлікпен кепілдік міндеттемелерін басқарады.
Коммерциялық банктердің қызметтерін дәстүрлі және дәстүрлі емеске, базалық және жаңа қызметтерге бөлуге болады. Коммерциялық банктердің қызметін жалпылай топтастырғанда былай болып шығады:
- Бос ақша капиталдарын жұмылдыру мен шоғырландыру, қор жинау мен сақтандырулар (салымдар және депозиттік операциялар) ;
- Экономикаға және тұрғын халыққа (активті операциялар) несиелер беру;
- Төлемдер жасау мен ақша аударымдарын (делдалдық операциялар) ұйымдастыру;
- Инвестициялық қызмет (бағалы қағаздар салымы және жобалар) ;
- Сыртқы сауданы қаржыландыру;
- Сейфтерде құндылықтарды сақтау;
- Клиенттерге өзге қаржылық қызметтер көрсету.
Жинақтарды жұмылдыру мен шоғырландыру қызметі жеке адамдардың ұсақ шашыраңқы ақша қаражаттарын жинақтай отырып, ақша ресурстарының ортақ құрын құру арқылыоларды экономиканың неғұрлым тиімді салаларына бағыттауға болатындығын растайды. Өз ақшаларының жоғары өтімді формада сақталуына және пайыздық үлес алуға деген салымшының қызығушылығы банктер арқылы қамтамасыз етілуітиіс және ол үшін соңғы жауапкершілікті өзіне алады.
Несие берудегі делдалдық, банк үшін ең айқындаушы қызмет болып саналады, өйткені уақытша бос ақша қаражаттарын шаруашылық жүргізілу субъектілеріне саудаға беру жолымен қайыра бөле отырып, одан ол пайда табады. Банктің осы қызметі «несие категориясын» көрстеуге үлкен әсерін тигізеді. Мұндай кезде несие қаржыны тиімді пайдалануға несие беруші мен қарыз алушы бірдей мүделілік танытады. Коммерциялық банк үшін несие төлеуге қабілетті қарыз алушыларға ссудалар беру көп кіріс келтіретін операциялар болып саналады [42] .
Есеп шоттардан төлемдер жасау мен есеп-айырысулар кезіндегі делдалдық қызмет клиенттердің тапсырмасы бойынша банктің ақша аударымдарын жасауы кезінде, елде жүзеге асыруы жағдайында есеп-шоттар арқылы төлемдер жасаған кездерінде көрінеді. Коммерциялық банктер төлем тетіктерін қамтамасыз ете отырып, есеп-айырысу қағидалаын көздейді, есеп-айырысу - төлем операцияларын жүргізу кезінде нарықтық қызметтерді дамыту, ақша айналымы саласындағы тәуекелдерді азайтуға мүделілік танытады.
Халықаралық экономикалық қатынастарды, халықаралық тауарлар нарығын дамыту жағдайында сыртқы сауданы қаржыландыру коммерциялық банктердің қызметі ретінде бөліп қарастырылады. Экспорттаушылармен есеп айырысу үшін қажетті валюталардың еркін айналушылығы, импортталушылардың сыртқы сауда операциялары бойынша аккредитив қоюы, есеп айырысуларды қамтамасыз ету, импорттаушыларға сақтандыру қызметтерін көрсетуші банктердің өзіне міндеттемелер қабылдауын талап етеді.
Банктердің бағалы қағаздармен операциялар жасау кезіндегі делдалдық қызметі қоысмша кірістер алу, өзінің өтімдігін ұстап тұру мақсатындағы бағалы қағаздарды сатып алу кезіндегі операцияларды жүзеге асыру жағдайында көрінеді. Банк бағалы қағаздарды сатып ала отырып, оларды мемлекеттік билік органдары алдындағы салымдар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету түрінде пайдаланады. Банктердің сатып алатын бағалы қағаздарының мынадай түрлері болады:
- Мемлекеттік бағалы қағаздар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) ;
- Корпорациялардың облигациялары;
- әртүрлі компаниялардың акциялары;
- банктік акцептер;
- нарықта айналым жасап жүрген коммерциялық вексельдер;
- тауар-несие корпорацияларының сертификаттары.
Құндылықтарды сейфтерде сақтау коммерциялық банктердің тарихи маңызды қызметі болып саналады. Құндылықтардың сенімді сақтаушысы ретіндегі банктің жоғары беделі ақшалар мен өзге де құндылықтар үшін оның кассалық операцияларының, қорларының, сақтайтын органдарының, кассалық сейфтердің болуымен нығайтыла түседі. Құндылықтарды сақтауды банк екі формада жүзеге асыра алады:
- банк шартқа сәйкес көрсеткен қызметін қарайақы алатын және өз негізінде клиентке кепілдікті қамтамасыз ететін құндылықтарды сақтау үшін сейфтер береді;
- банк құндылықтарды өз жауапкерщілігіне алып, агент ролінде қатысқан кезде клиенттің өтініші бойынша жүргізген кезде болат камерада сақтайды.
Нарықтық экономикалы елдердің барлығын тән болып саналатын коммерциялық банктердің дәстүрлі, сол сияқты дәстүрлі емес бүкіл қызметін мынадай негізгі үлгіде топтастыруға болады (Қосымша А) .
Коммерциялық банктердің тағы бір қызметі - қашықтықтан қызмет көрсету. Коммерциялық банктердің қашықтықтан қызмет көрсетуден түсетін пайдасын есептейтін болсақ, банктер мен кәсіпорындардың 90%-ы интернет және ұялы телефон арқылы жұмыс істейді делік. Банктер, мысал үшін 1, 5 млн. ұялы байланыс абоненттеріне қызмет етеді. Осылайша қашықтықтан қызмет көрсетуді ай сайын 3, 7 млн. клиент қолданады. Бұл клиенттер банкке жыл сайын 439 млн. доллар комиссия төлейтін болады.
Қашықтықтан қызмет көрсету құралына қосылудың жалдық кірісі 20-30 есе төмен болады, себебі клиент банкті 2-3 жылда бір реттен жиі ауыстырмайды [35] .
Қашықтықтан қызмет көрсету құралдарына коммерциялық банктердің ещқандай қатысы болмайды, себебі клиенттер аймақтық банктермен тікелей автоматты түрде жұмыс істейді. Банктердің карточкалық бизнесі мен ұялы байланыс операторларының статистикасы бойынша, клиенттерден түсетін арыздың саны аз, жылына әр клиенттен 2 арыздан түседі. Осылайша, банктердегі барлық комиссиялық кіріс пайда болып табылады. Қашықтықтан қызмет көрсету құралы арқылы төлем құжаттары қосымша қызметтер көрсетеді.
1. 2 Банктердің жаңа қызметтері мен өнімдері, олардың маңыздылығы
Нарықта банк қызметтерінің жаңа сатушыларының пайда болуы (сауда ұйымдары, қаржылық-өнеркәсіптік компаниялар, әртүрлі агентстволар және т. б. ) банктердің пайдалы операцияларын кеңейту мүмкіншіліктерін қысқартуға әкеп соқтырады, сондықтан да банктер жаңа табыс табу көздерін іздестіруге мәжбүр болады. Сондықтан да соңғы кездерде банктік операциялармен қатар банктің дәстүрлі емес қызметтері де дамуда. Соның ішінде факторингтік операцияларға тоқтала кеткен жөн.
Факторинг маңызы және мүмкіндіктері. Факторинг - (ағылшын тілінен аударғанда- агент, делдал дегенді білдіреді) - делдал, келістіруші, термин банк несиесі ұғымын білдіреді. Факторингалық операциялар қарыз алған адамдардың қарызды тез арада өтегенін немесе қарызды жою мүмкіндігі туралы қағазын көрсетуі (инкассациялау), ал қысқа мерзімге несие беру - факторингтің ең көп тараған түрі. Оның артықшылығы - делдалдықты бухгалтерлік есеп арқылы жүргізуге және ұқыпсыз төлеушілердің қарызды мүмкіндігінше тез өндіріп алуға болатындығы. Сонымен қатар оларға өткізу стратегиясымен, рынокқа шығу жолдарына талдау жасау жүктеледі. Факторингалық операциялар капитал айналымын барынша тездетеді [25] .
Нарықты экономика елдерінде факторингтік операциялармен әдетте, банкпен тығыз байланысты арнаулы факторлы компаниялар ие, банктердің еншілес филиалдары айналысады.
Факторингтік операцияларының негізгі-банктердің жабдықтаушының тиелген тауарының шот-фактурасын (төлем-талабы) сатып алып, өнімді сатып алушыдан төлемді талап ету құқын банкке беру. Сондықтан да факторингтік операцияларды жабдықтаушының сатылуын несиелеу не жабдықтаушыға факторингтік несие ұғыну деп аталады.
Бастапқыда факторинг мамандандырылған сауда делдалдарының операциясы болды.
Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмфс жасайды.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
- Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) -өздерінің клиентерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
- Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) - факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы
- Кәсіпорын (қарыз алушы) - тауарды сатып алушы - фирма.
- Факторинг мәмілесін ұйымдастыру 1 суретте көрсетілген.
Өнімді төлеу Құжаттарды төлеу
Төлем құжаттарын Төлем қабілетін
сатып алу (несиелік қаьілетін) талдау
Жадбықтаушы Тауарды жабдықтау Сатып алушы
Сурет 1. Факторингті ұйымдастыру сызбасы
Сатып алушы өзінің қарызын көп өткен соң алуына мүмкіншілігі бар, сонымен қатар қарызды бөлік-бөлікпен өтеуге болады, ол факторлық бөлімдер арқылы тауарларды сатып алуға ынталандырылады.
Коммерциялық банктер факторлық несиені дамыта отырып өз операцияларын кеңейтуге қосымша мүмкіншілік алады, пайданың көлемін көбейтеді және клиенттермен байланысты күшейтеді. Мұндай операцияларның маңызы - жабдықтаушы кәсіпорын өзінің сатып алушысына, факторинг бөлімінің шотына ақша түсу керек екндігін ескертіп төлем құжатын ұсынады. Сатып алушыға құжаттың бір көшірмесі ұсынылады, сол құжат негізінде ол жабдықтаушының өз шотынан ақша аударады, ал соңынан сатып алушыдан төлем уақытында алынуы бақыланып отырады.
Факторингтік операцияның банк клиентіне бірнеше тиімді жақтары бар: айналым шығындарын төмендету, ақша құралдарының айналымын жеделдету, сатып алушы жағынан өтемеу қауіпінің болмауы, жалпы төлем қабілеттіліктің өсуі т. б.
Факторингтің одан басқа артықшылықтары бар. Көбінесе факторингті қолдану - төлемдерді алуды жеделдетеді, қарыздың өтелуіне кепілдік береді, шоттарды жүргізу бойынша шығындарды азайтады, және сатып алушының уақытша қаржылық қиындықтар негізінде жабдықтаушының төлемін қамтамасыз етеді.
Факторинг операцияларының түрлері. Факторингтің екі түрі болады: ауқымды (конвеционды) және шектеулі (конфедиенциалды) . Факторинг операцияларының түрлері Б қосымшасында көрсетілген.
Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болған. Қазіргі жағдайда бұл - бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп-айырысу, несиені сақтандыру және т. б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент-кәсіпорынға өндіріс пен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. Өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.
Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т. б. Шектеулі факторинг клиент-жабдықтаушы үшін жөнелткен тауары үшін берілетін несиені сипаттаса, ал клиент сатып алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операцияларын жасағаны үшін клиенттер банкке келісімшартта көрсетілген төлемді төлейді, ол өзінің экономикалық мазмұны жағынан несие үшін төлейтін пайызды білдіреді.
Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. Ашық факторингте берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдын ала хабардар етіледі. Жабық факторингте факторингтік келісімшарттың болуы туралы айтып жеткізеді.
Банктер олармен тығыз байланысты корпорациялар мен фирмаларға олардың контрагенттерінің несие төлеу қабілеттілігі туралы деректерді береді, есептерді тездетіп төлеуге әсерін тигізеді, берешектерді өтеуге кепілдік береді, «банкпен достықтағы фирмалардың» арасындағы дауларда олардың талаптарын орындау үшін клиенттерге қысым көрсетеді.
Соңғы екі он жылдықта кең даму алған факторинг немесе факторлық несие коммерциялық несиенің қазіргі заман талаптарына бейімделген өзіндік үлгідегі түріне айналды. Тауар сатушысы үшін коммерциялық несиенің факторлық несиеден өзгешелігі, сатқан тауар үшін оның төлемді қолма-қол ақшалай түрде, ал сатушысы несиеге сату кезінде вексель ғана алынатындығынан тұрады.
Коммерциялық банктер факторлық несиенің дамыта отырып, өзінің операцияларын кеңейтуге, пайда көлемін ұлғайтуға және клиенттермен байланысты күшейтуге қосымша мүмкіндіктер алады.
Факторлық операциялар өнімдері экспорттау кезінде кең дамуға ие болды. Экспорттық факторинг жағдайында клиент өзінің есептері шоттары бойынша барлық төлемдерді алуға 100 пайыз кепілдікті пайдаланады. Нарықты экономикалы елдерде факторингтік операциялармен негізінен банктермен тығыз байланысты немесе олардың еншілік филиалдары болып саналатын арнайы факторлық компаниялар айналысады. Батыс еуропа елдерінде жүзеге асырылатын классикалық факторинг, жеткізілген өнімдер үшін төлемдерді (30 дан 90 күнге дейін) кейінгі шегеру түріндегі коммерциялық несиеге немесе ашық есеп ретінде сатушы мен сатып алушы шартта белгіленген мерзімде өзінің берешегін өтейді.
Сатып алушының ашық есеп бойынша жабдықтаушыға несие беруі және ашық есеп формасын да есеп айырысуларды жүргізу, жабдықтаушыға ешқандай борыштық міндеттемелер бермеген кездегі тауар құжаттарын алу кезінде өнімдеоге уақытылы төлем жүргізбеумен немесе төлем жасамау тәуекелімен байланысты болады. Мұндай жағдайларда контрагенттер арасындағы қатынас бір жақ немесе төлем жасамау тәуекелімен байланысты болады. Мұндай жағдайларда контрагенттер арасындағы қатынас бір жақ немесе екі жақ үшін де тәуекелге бару болып саналады. Бұл тәуекелді факторинг компания өзіне алады. Факторингтік қызмет көрсету берешектерге уақытылы инкасса қоюға және төлемдерді кешіктіруден болатын шығындарды азайтуға көмегін тигізеді; күдікті берешектердің пайда болуын жояды, несиені басқаруда кәсіпорындарға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді; кәсіпорынның айналым жасауына және пайда табуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін өндірістік қызметтің табысты болуы үшін қолайлы жағдай туғызады. Факторингтік компания төленбеген талаптардың меншік иесіне айнала отырып, оларды төлемеу тәуекелін өзіне алады. Жабдықтаушы фактор фирмадан төлемді белгіленген мерзімде ала отырып, оғанбелгілі бір мерзімде есепті төлеу кезінде жеңілдік алу арқылы, өзінің кредиторларымен есеп айырысуларды жоспарлауы мүмкін. Есеп бойынша тез арада төлем жасағаны үшін жеңілдік батыс елдерінің көпшілігінде 3% құрайды.
Факторингті қолдану төлемдер жасауды жеделдетеді, берешектерді өтеуге кепілдік береді, шоттарды жүргізу шығындарын төмендетеді және сатып алушыда уақытша қаржылық қиындықтар болған кезінде, төлемдердің жабдықтаушыларға уақытылы түсуін қамтамасыз етеді.
Біздің еліміздегі коммерциялық банктердің факторлық қызмет көрсетуі мынадай: факторинг бөліміне қажетті ресурстар меншікті және қарызға алған қаржылардан құрылуы мүмкін. Олардың арасындағы арақатынасты банк басқармасы белгілейді. Факторинг бөлімі меншікті қаржыны өзінің банкісінен алады және алдағы уақыттағы оның өсімі жүргізілетін операциялардан алынатын пайдалар есебінен болады. Қарыз қаржылар кәсіпорындардың қаржыларын тарту жолымен, басқа банктердің депозиттерінен және өз банксінің несиелерінен қалыптасады.
Клиенттерге факторлық қызмет көрсету шарттық бастаулар негізінде жүзеге асырылады. Факторлық бөлім шарт жасағанға дейін жабдықтаушының несие төлеу қабілеттілігіне талдау жасайды, оның алдында берешектердің қаржылық жағдайы туралы ақпараттар жинап, оны зерттейді. Жабдықтаушы факторлық бөлімнің позициясытұрғысынан факторингтік операциялар бойынша тәуекелдерді азайту мақсатында келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
- Сұраныспен жоғары сапамен пайдаланылатын өнімдер мен қызметтер өндіру;
- өндірістің тұрақты өсу қарқынына ие болу;
- өндірілетін өнімдерді сатудың белгіленген тұрақты жағдайын қолдану;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz