Бірінші тарау дербес компьютердің құрылымы жайлы айтылса, екінші тарау дербес компьютердің қосымша құрылғылары жайлы
Жоспар
Кіріспе
1. Дербес компьютердің құрылымы
1.1. Жүйелік блок (процессор)
1.2. Монитор (дисплей)
1.3. Пернетақта (клавиатура)
1.4. Тышқан (мышь)
2. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
2.1. Принтер
2.2. Сканер
2.3. Модем
Кіріспе
Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті.
Осы заманғы компьютердің барлығы дерлік жалпы принциптік схемадан тұрады.
Енгізу құрылғылары көмегімен ақпарат компьютерге орналастырылады. Содан кейін жедел және сыртқы жадылар мен байланысқан орталық процессор оны өңдеп, шығару құрылғыларының көмегімен өңдеу нәтижесін шығарып береді. Айта кетсек, дербес компьютер құрамында маңызды бөлшек - мәліметтер шинасы бар. Оның көмегімен, дербес компьютер құрылғыларының арасында ақпарат алмасу жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда дәл осы мәліметтер шинасы компьютердің шапшаң жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өйткені, дербес компьютер құрылғыларының арасында ақпарат алмасу үнемі жүріп отырады және де оны тез жүргізілгені өте маңызды.
Зерттеудің мақсаты - компьютердің құрылғыларын бастауыш сынып оқушыларына оқытудың тиімділігі мен кемшілігін зерттеу және тәжірибе жүзінде тексеру.
Гипотеза ретінде коипьютердің қосымша құрылғыларын қолдана отырып, оларды оқытудың тиімділігі мен кемшілік тұстарын зерттей отырып анықтау.
Зерттеу нысаны ретінде құрылғылар қарастырылады.
Онлайн мектеп платформасының тиімділігін эксперименталды түрде тексеру.
Зерттеу әдістері: теориялық (зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттерді талдау, нормативті); эмпирикалық (жинақталған тәжірибені қорыту, бақылау, тестілеу, эксперимент).
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе проблеманың өзектілігін және зерттеу тақырыптарын негіздейді, зерттеудің мақсатын, объектісін, пәнін, оның гипотезасы мен міндеттерін анықтайды, жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығын ашады.
Бірінші тарау дербес компьютердің құрылымы жайлы айтылса, екінші тарау дербес компьютердің қосымша құрылғылары жайлы. Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері жалпылау деңгейінде келтірілген.
1. Дербес компьютердің құрылымы
Дербес компьютер - бұл электрондық аспаппен орындалатын, программамен басқару арқылы информацияны автоматты түрде түрлендіруге арналған құрылғы.
Компьютердің синонимі - есептеуіш машина, ЭЕМ бұйымы.
Дербес компьютерлер тұрмыстық, оқу жүйесiне арналған және кәсiби (әмбебап) деп аталатын үш түрге бөлiнедi.
Тұрмыстық компьютерлер - компьютерлердiң қарапайым түрлерi (БК-0010, Ириша, Apple II т.б.). Олардың жадтарының сыйымдылығы үлкен емес, орындайтын iс-әрекеттерi де шамалы.
80 жылдардан бастап оқу орындарында информатика мен есептеуiш техника негiздерi пәнiн оқып - үйрену үшiн жад көлемi 64,128 Кбайт шамасында болатын Корвет, УКНЦ, Ямаха MSX-1, Ямаха MSX-2 т.б. оқулық компьютерлер пайдаланылып келдi.
Халық шаруашылығының түрлi салаларында пайдалануға болатын, қазiргi кезде оқу орындарының көпшiлiгiнде бар‚ жұмыс iстеу мүмкiндiгi жоғары және әрекет жылдамдығы үлкен дербес компьютерлер әмбебап, не кәсiби дербес компьютерлер деп аталады. Мұндай мәшинелердi және олардың негiзгi құрылғысы - микропроцессорларды шығарумен алғашқы рет дүние жүзiнде Apple, IBM, Intel т.б. фирмалар айналысқан болатын. Бұл жұмыста, әсiресе, IBM, Intel фирмаларының еңбегi көп. Intel фирмасының жасап шығарған түрлi үлгiлi (модельдi) микропроцессорларын пайдаланып, IBM фирмасы компьютердiң түрлi сапалы типтерiн дүниеге келтiрдi. Әсiресе, IBM PC AT типтес компьютерлер дүние жүзiне кең таралған. Оның үстiне, мұндай компьютерлердiң жаңа жетiлдiрiлген варианттары да жарыққа шығуда.
Қазiргi кезде көп елдердiң зауыттары да IBM PC-ге үйлесiмдi компьютерлердi шығаруға бейiмделiп келедi. Мысалы, республикамыздың оқу орындарының көпшiлiгi IBM PS2 не IBM PC-ге үйлесiмдi Пентиум‚ т.б. кәсiби компьютерлермен жабдықталған. Олар күрделi әр алуан математикалық, фи-зикалық есептердi шешiп қана қоймай, логикалық операцияларды да орындай алады (логика- ойлау, қисын, логикалық операция - ақылмен орындалатын әрекеттер).
Дербес компьютер -әмбебап (универсальный) техникалық жүйе. Оның конфигурациясын қажеттілікке қарай икемділікпен өзгертуге болады. Сөйтсе де, типтік деп саналатын базалық конфигурация ұғымы бар. Компьютер әдетте осы толық жинақпен қойылады. ДЭЕМ-нің типтік толық жинағы төрт конструктивтік блоктан тұрады: жүйелік блок (процессор), диплей (монитор), пернетақта және тышқан.
1.1. Жүйелік блок (процессор)
Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды компоненттері орналасқан негізгі торапты (узел) білдіреді. Бұл тораптың ішінде орналасқан маңызды компоненттер:
-компьютердің жұмысын басқаратын электрондық схема (микропроцессор, оперативті есте сақтау, құрылғылардың бақылаушысы және т.б.);
-компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақты токтағы электрмен қоректендіретін желілерді қалыптастыратын қоректендіру блогы;
-икемді магниттік дискіге жазылуда және оқуда пайдаланылатын икемді магниттік дискісінің жинақтаушысы (немесе дискжетек - дисковод);
-алынбайтын (қозғалмайтын) қатқыл магниттік дискіге (винчестер) жазылуға және оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтаушы.
Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғы ішкі құрылғы, ал оған сырттан қосылатын құрылғы сыртқы құрылғы деп аталады. Деректерді енгізетін, шығаратын және ұзақ уақытқа сақтайтын сыртқы қосымша құрылғы, сонымен қатар, шалғай құрылғы деп атайды.
Жүйелік блогы сыртқы түрі бойынша корпусының формасымен айрықшаланады. Дербес компьютердің корпусын деңгейлес (горизонталь) және сатылас (вертикаль) етіп шығарады. Сатылас етіп жасалған корпус габарит бойынша ажыратылып көрсетіледі: көп мөлшерлі, орта мөлшерлі және аз мөлшерлі. Деңгейлес етіп жасалған корпустардың ішінен тегістері және ерекше тегістері бөліп көрсетіледі.
Корпус үшін формалардан басқа факторлар пішіні деп аталатын параметрлердің де маңызы зор. Орналастырушы құрылғыларға қойылатын талаптар параметрлерге байланысты болады. Бүгінгі күні негізінен екі факторлар пішініндегі корпустар пайдаланылады: АТ, АТХ. Корпустың факторлық пішіні аналық тақша (материнская плата) деп аталатын компьютердің негізгі (жүйелік) тақшасындағы факторлар пішінімен міндетті түрде келісімде (үйлесімде) болуы керек.
Процессор логикалық және арифметикалық операцияларды орындайды, операциялардың орындалу тәртібін анықтайды, дерек көздері мен нәтижелеріқабылдаушыларды көрсетіп береді.
Процессор жұмысы программалардың басқаруымен жүзеге асады. Дербес компьютермен алғаш танысқанда процессордың төрт құрылғыдан тұратынын байқаймыз: арифметикалы-логикалыққұрылғы (АЛҚ), басқару құрылғысы (БҚ), жалпы тағайындалуының регистрлері (ЖТР) және бүркеме жад (кэш-память) АЛҚ деректеріндегі арифметикалы-логикалық операцияны орындайды. Аралық нәтижелер ЖТР-да сақталады. Бүркемежад (кэш-
память) жұмыссыз бос тұрып қалудың уақытын қысқарту жолымен процессордың жылдам әрекет етуін арттыруға қызмет етеді. БҚ кезекті команда адресініңқалыптасуына, яғни программадан тұратын команданың орындалу тәртібіне жауап береді.
ожқ
тжқ
сжқ
1-сурет. Дербес компьютердің негізгі элементгерінің арасындағы байланыс
Жүйелік шинаның негізгі қызметі процессорлар арасында және дербес компьютердің қалған басқа да құрылғыларының арасында информацияны жіберу болып табылады. Жүйелік шинасы үш шинадан тұрады: басқару шинасы, дерек шинасы және адрес шинасы. Шиналар бойынша басқару
сигналдарын, деректерді (сан, символдар), жадтьщ ұяшық адресін (адреса ячеек памяти) және енгізу-шығару құрылғысының нөмірін айналдырады.
Есте сақтау (память) өңделген деректер мен команда беруге, жазуға, сақтауға арналған. Жадтың бірнеше әр түрі болады: оперативтік, тұрақты, сыртқы, кэш, CHOS(КМОП), регистрлік.
Есте сақтау түрлерінің тұтас иерархиясының болуын шап-шаңдығы (быстродеиствия), энерготәуелдігі (энергозависимости), тағайындалуы, көлемі мен құны бойынша оның айырма-шылықтарымен түсіндіруге болады. Есте сақтау түрлерінің алуан түрлілігі бір түрдің құны жоғары есте сақтау мен басқа түрдегі шапшаңцығы төмен есте сақтау арасындағы қарама - қайшылықты жоюға көмектеседі.
Регистрлік есте сақтау - жылдам болады (кейде оны аса оперативті (сверхоператшной) деп атайды). Ол процессор ішінде орналасқан жалпы тағайындаудың бірнеше регистрін (ЖТР) білдіреді. Регистрларды процессорлармен қайта жіберу, қосу (сложение), санау (счет) және т.б. қарапайым операцияларды орындау барысында пайдаланады.
Бүркеме - есте сақтау (кэш - память) регистрлік еске сақтаумен салыстырып қарағанда көлемі үлкен болады, бірақ, шапшаңдығы кем. Дербес компыотерде есте сақтаудың осы түріндегі есте сақтаудың құрылғыларының (запоминающих устройств) саны әр қилы болуы ықтимал. Осы заманғы дербес компьютерде осы түрдің екі - үшесте сақтау құрылғысы болады.
Энерготәуелді есте сақтау CHOS (КМОП-есте сақтау) осы компьютердің конфигурациясын есте сақтауда қызмет етеді (ағымдағы уақытты, күндерді, таңдап алынған жүйелілік дискіні (системного диска)
және т.б.). Есте сақтаудың осы түрі дербес компьютердің аншық тақшасында (материнской плате ПК) тоқтаусыз (үзіліссіз) жұмыс істеуі үшін габариті аз аккумулятор немесе қоректендіруші батарея орнатады.
Оперативті есте сақтайтын құрылғы (ОЕСҚ,RAM) өзгермелі (азымдазы) информацияны қысқа мерзімде сақтауда пайдаланылады әрі есептеу операцияларын процессормен орындау барысында өзіндегі өзгерістерді мүмкін (ұйғарынды) етеді. Бұл процессордың өңделген деректерден (санау режимінен -- режим считывания) немесе команданың ОЕСҚ-сынан шыға алатынын білдіреді, содан кейін деректерді арифметикалық немесе логикалық өңдеуден өткізгеннен кейін алынған нәтижені ОЕСҚ-ға (жазба режимі - режим зстиси) орналастырады. ОЕСҚ-ғa жаңа деректерді бастапқы деректер қойылған жерге (ұяшыққа) ғана орналастыру мүмкін болады. Бұрынғы командасының немесе деректердің өшірілетіні өзінен-өзі түсінікті.
ОЕСҚ - арифметикалық - логикалық операцияларды орындау алдында және орындау процесiнде берiлгендер мен программалар уақытша сақталатын iшкi жадтың негiзгi бөлiмi‚ оны жедел жад деп те атайды. ОЕСҚ-ның көлемi адрестiк шинаның разрядтығына байланысты.
Тұрақты есте сақтайтын құрылғы (ТЕҚ) дербес компьютер жұмыс істеген кезде өзгермейтін информация сақталады. Мұндай информацияны мониторлық-тест программасы (ол компьютердің ажыратылған сәтінде оның жұмысқа қабілетініңбар, жоғын тексереді), драйвер (ЭЕМ-нің жекелеген құрылғысының, мысалы, перненің жұмысын басқаратын программа) және т.б. жасайды.
Сыртқы есте сақтайтын құрылығы (СЕК) информацияны ұзақуақытқа сақтауға арналған. СЕҚ-ға магниттік таспаға (магнитная лента) жтиақтаушы (магнитофон, стример), қатқыл дискіге (жесткий диск) жинақтаушы (винчестер), иілгіш дискіге (гибкий диск) жинақтаушы, оптикстың дискіні ойнатқыш (проигрыватели оптических дисков) жатады. ОЕҚ-мен салыстырып қарағанда СЕҚ негізінен еске сақтаудың үлкен көлеміне ие болады, бірақ шапшаңдығы көп төмен.
1.2. Монитор (дисплей)
Монитор (дисплей) - деректердікөрсетіп ұсынатын құрылғы. Ол информацияны шығарудың ең танымал құрылғысы болып табылады.
Оның негізгі тұтыну параметрлері - экран қалқасының (маска) мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы.
Монитордың мөлшері диагональ бойынша кинескоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштардың арасымен өлшенеді. Өлшем бірлігі - дюйм. Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі (23-тен 107 см-ге дейін) экранды мониторлар шығарылады.
Стандартты мөлшерлері 14", 15", 17", 19", 20", 21". Бүгінгі таңда 15 және 17, 19, 21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап мониторлар болып табылады.
Монитор экранындағы кескін вакуумдық колбаға тығындалған, өткір бағытталған электрондар шоғырын люминофорлық жабуды сәулеге түсіру, яғни сәуле арқылы қарап байқау нәтижесінде пайда болады. Түрлі-түсті кескінді алуы үшін люминофорлық жабу қызыл, жасыл және көк түсті болып жанатын үш типті жолаққа немесе нүктелерге ие болады. Барлық үш сәуле экранда бір нүктеге тоғысып, кескін анық көрінуі үшін люминоформның
алдына ұдайы саңылау қалдырылатын қалқа-панелін қояды. Монитордың бір бөлігі вертикальдық сыммен жарақтандырылған, бұл кескіннің анық та, қанық та әрі жарық болуын күшейтеді. Саңылаулар арасындағы (қалқа қадамы - шаг маски) қадам неғұрлым қысқа болса, соғұрлым кескін дәл әрі нақты болады. қолқа қадамы миллиметр үлгісімен өлшенеді. қазіргі уақытта 0,25-0,27 мм. қалқа қадамындағы мониторлар кеңінен таралған.
Кескінді қайта өндіру (жаңарту) жиілігі монитордың бір секунд ішінде кескінді қанша рет толық ауыстыра алатынын көрсетеді (сол себепті де оны кадрлар жиілігі деп атайды).
Кескінді қайта өндіру жиілігі герцпен (Гц) өлшенеді. Ол неғұрлым жоғары болса, кескін соғұрлым дәл әрі тұрақты болып, көз аз талады. Ең аз шамадағы мән 75 Гц, қалыптысы 85 Гц, ал ең қолайлысы (жайлы тиетіні) - 100 Гц және одан көп мәндер.
Монитордың қорғаныс класы қауіпсіздік техника талаптарына монитордың сәйкес келетін стандартымен анықталады. қазіргі уақытта мына халықаралық стандарттар жалпыға бірдей, яғни баршасына ортақ саналады: MPR-II, ТСО-92, ТСО-95, ТСО-99. MPR-II стандарты адамға қауіп төндірмейтін, яғни қатер тудырмайтын шекке дейін электромагниттік сәуленің деңгейін шектейді. ТСО-92 стандартында бұл норма сақталған, ал ТСО-95 және ТСО-99 стандарттарында бұл норма күшейтілген. Эргономикалық және экологиялық нормалар ең алғаш рет ТСО-95 стандартында пайда болды, ал ТСО-99 стандарты кескіннің сапасын (жарықтығын, қанықтығын, жыпылықтауын, жабудың антибликтік өзгешелігін) анықтайтын параметрлер бойынша ең қатқыл нормаларды белгіленеді.
Монитор жүйелiк блоктан келген ақпаратты экран бетiне шығарады. (Монитор құрылғысын дисплей деп,ал оны клавиатурамен бiрге терминал деп атайды (display- көрсеткiш,бейнелеу).
Монитор екi құрылғыдан тұрады : монитор және бейнеадаптер. Соңғысы бейне құраушы символдарды, график және түрлi түстердi түзетiн сигналдарды монитор экранына жiберетiн интегралдық микросхема; мониторкәдiмгi телевизор экраны сияқты құрылғы.
Әдетте Ақпарат не команда клавиатурадан терiледi де, терiлу кезiнде ол монитор экранында көрiнедi. Сондықтан клавиатура мен монитор стандартты ендiрушығару құрылғы-лары.
Бейнеадаптер монитор экранына шығарылатын бейнелердiң кодтарын сақтайтын өз жады (бейнежады) бар құрылғы.
Бейнеадаптердiң бейнелердi тудыру мүмкiндiгiне қарай, монитор жұмысының режимiтекстiк және графикалық болып екiге бөлiнедi.
Монитор текстiк режимде iске қосылған кезде оның сол жақ жоғарғы бұрышында қалың сызықшадан не кiшкене төртбұрыштан тұратын символ жарықтанып көрiнедi. Ол - к у р с о р деп аталатын, клавиатурадан текстi теру кезiнде кезектi символдың экранға шығу орнын көрсетiп тұратын жылжымалы символ (cursor-көрсеткiш,мезгеуiш).
Монитор үлгiлерiн бiр - бiрiнен ажырату ең алдымен оның экранының көлденеңi мен биiктiгiне сыятын символдар мен нүктелер санына байланысты.Текстiк режимде кәсiби компьютер экранына 80 X 25 символ сыяды (экран жолына 80 символдан 25 жол).Графикалық режимде,монитор үлгiсiне қарай,экран бетiне 320 X 200, не одан да көп пиксельдердi орналастыру мүмкiн (пиксель-экранға шығарылатын бейне не түс құрайтын ең кiшi элемент. Ол қалың нүктеден не кiшкене тiк төртбұрыштан тұруы мүмкiн).
Экранда бейненiң көрiну сапасы және нүктелердiң экранда бiр түстi (ақ) не түрлi түске боялып көрсетiлуi бейнеадаптерлдiң үлгiсiне байланысты.
Соңғы кездерi көбiрек пайдаланылатын бейнеадаптер - SVGA (Super-VGA). SVGA-ның басқа адаптерлерге қарағанда бағасы қымбат, ол пайдаланатын түстердiң саны көп және мониторда символдар мен нүктелер экранда анығырақ көрiнедi.
1.3. Пернетақта (клавиатура)
Пернетақта (клавиатура) - компьютерге берiлгендер мен командаларды ендiру құрылғысы.IBM PC AT-ге үйлесiмдi қазiргi кездiң компьютерлерiнде 101-ге дейiн клавиш болуы мүмкiн (clavis-кiлт. Кейде клавиштi түйме не перне деп атап жүр). Қазіргі кезде кеңінен тараған Windows-қа лайықты пернетақта 104 пернеден тұрады, оның екеуі - Windows терезелері бейнеленген пернелер. Әзірге компьютерде адамның даусын таныту міндеті жеткілікті дәрежеде орындалған жоқ, сондықтан пернетақта пайдаланушыдан компьютерге әріптік - сандық ақпаратты енгізудің негізгі тәсілі болып келеді.
Клавиштер фунциональдық, алфавиттi - цифрлық және басқару клавиштерi болып,үш түрге бөлiнедi. Мұндағы F1-F12 клавиштерiнiң әрқайсысы түрлi режимдерде әр түрлi коман-даларды орындайтын функциональдық клавиштер.
Әрiптер,цифрлар, түрлi басқа символдар жазулы кл-виш - тер - алфавиттi-цифрлық. Олар кәдiмгi жазу машинкасының клавиштерi сияқты. Әрiптердi теру клавиштерiнiң төменгi жағында (төменгi регистрлерде) латын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz