Қашықтықтан оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Оспанбаева Н.Ә
Ғылыми жетекші: Сырлыбаева Г.Т
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын қашықтықтан оқытудың әдістемесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

Талдықорған 2022
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. Қашықтықтан білім берудің тиімділігі мен кемшіліктері ... ... ... ..

0.1 Қашықтықтан білім берудің оқу үдерісіндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.2 Қашықтықтан оқытудың тиімді тұстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
0.3 Қашықтықтан оқытудың кемшіліктері мен қиындықтары ... ... ... ... ... .

ІІ тарау. Қашықтықтан оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.1 Қашықтықтан оқытудағы тиімді әдістер мен платформалар ... ... ... ... ...
2.2 Қашықтықтан оқытудағы тапсырма түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Диплом жұмысының өзектілігі.
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері:

Жұмыстың теориялық - әдіснамалық негіздері.
Жұмыстың әдіс-тәсілдері.
Жұмыстың теориялық, практикалық маңызы.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы ретінде:

Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен,екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.


1.1 Қашықтықтан білім берудің оқу үдерісіндегі рөлі
XXI ғасыр - бұл инновациялық технологиялардың қарқынды даму, ғарышты игеру, техниканың әр түрін жасау мен жетілдіру ғасыры. Ешкім де ғылымның осындай теңдессіз нәтижелер беретінін ойлай да алмады. Соңғы онжылдықтарды салыстыра отырып, біз қоғамның өзгеруіне таң қаламыз. Бұл заманауи технологиялар білім жүйесіне де байланысты.
Бірінші тараудың бірінші бөліміне көз жүгірсеңіздер Қашықтықтан білім берудің оқу үдерісіндегі рөлі деп тұр. Енді әр сөзіне тоқталып, ақпараттандырсам.
Білім беру дегеніміз біріншіден, белгілі бір оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беру. Екіншіден, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге деген көзқарасын жетілдіру процесін айтады. Үшіншіден, мәдени дамытудың негізгі шарты. Мәдени деп отырғанымыз, өмір сүріп жүрген қоғамымыздың мүшелерінің, яғни біздің адамгершілік, интелектуалды, мәдени дамуын айтамыз. Физикалық түрде қарастырсақ, дене мүшелерінің дамуы, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие. Төртіншіден, оқытудың үздіксіз процесі мен жүйеге келтірілген білім. Бесіншіден, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгері процесі мен нәтижесі [1]. Оқу үдерісі ше? Орысша-қазақша түсіндірме сөздікте оқу үдерісіне (үрдісіне) төмендегідей анықтама береді. Оқу үрдісі (үдерісі) деп оқытушы мен оқушы арасындағы мақсатты түрде ұйымдастырылған және де білім беру, тәрбие мәселелерді шешуге бағытталған өзара байланыста атайды [2].
Қашықтықтан оқыту - бұл заман талабы. Неліктен? Әрине, бұл әлемдік COVID-19 пандемиясымен тікелей байланысты. Менің жазғаным тек Қазақстан мемлекеті туралы екенін сезгенде шығарсыздар. Себебі, Қазақстанның Ата заңында қашықтықтан оқыту туралы ештеңе жазылмаған. Тек жоғары оқу орындарындағы сырттай оқу туралы қозғалған. Тағы да қоса кететін жайт. Білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында Жолдауды қабылдаған екен [3]. Жоғарыда айтып өткенімдей сырттай оқу туралы. Байқап қарасаңыздар қашықтықтан оқыту мен сырттай оқуды екі бөліп айтып отырмын. Өйткені, екеуі де екі түрлі мағынаны білдіреді. Енді, олардың ара жігін ажыратып алайық.
Қашықтықтан оқыту - бұл интернет-технологиялар арқылы білім алу. Оның форматы бойынша ол күндізгі бөлімге көбірек ұқсайды. Көрдіңіздер ме? Өйткені, білімгерлер оқу орнына жылына бірнеше рет ғана баратын сырттай оқу процесіне қарағанда оның оқу процесі үздіксіз болып есептелінеді. Онлайн оқыту кезінде сіз сабақтарға үнемі қатысасыз, үй тапсырмаларын орындайсыз, мұғаліммен сөйлесесіз, бірақ барлығы қашықтықтан жүреді. Сабақтар болса, бейнеконференция режимінде өткізіледі, ал үй жұмысы электронды түрде қабылданады.
Қашықтықтан оқуды немесе онлайн режиміндегі білім беруді күндізгі білім беру деп есептеуге де болады. Бірақ, көбісі оны сырттай оқыту жүйесімен шатастырып алады. Неге? Себебі, оқу орнына келудің қажеті жоқ. Сырттай білім беруге қарағанда, қашықтықтан оқып сіз көбірек ілім аласыз: қашықтықта оқытушы әр тақырыпты егжей-тегжейлі талдап береді, ал сырттай білім беру жүйесінде білімгерлер өз бетінше оқиды. Айырмашылығы да осында.
Сырттай оқыған кезде сіз мұғалімдермен және білімгерлермен тек сессияда кездесесіз. Ал қашықтықтан оқығанда ондай емес.
Қызық болып тұрғаны, ол қашықтықтан оқыту жалпы әлемде қалай пайда болды және біздің елімізге қалай жетті?
Шындығында, қашықтықтан оқыту ғаламтор арқылы оқудан әлдеқайда ертерек пайда болды, өйткені бұл оқыту әдісі адамдар компьютерлерді қолдана бастағанға дейін болған. Негізінде 1728 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін қашықтықтан білім беру тұжырымдамасы өзгеріссіз қалды: тек байланыс арналары өзгерді.
Шамамен үш жүз жыл бұрын Калеб Филлипс мырза Бостон газетінде қала маңындағы студенттерді жылдам жазу және бухгалтерлік есеп курстарына қабылдау туралы хабарландыру жариялап, қашықтықтан білім беру жүйесінің алғашқы ұйымдастырушысы болды. Тұрақты пошта қызметтерінің артуы қашықтықтан білім берудің пайда болуына қолайлы негіз болды. Егерде бұл байланыс арнасы болмаса, қашықтан байланыс тым ұзақ және тұрақсыз болар еді. Яғни, Еуропада XVIII ғасырда тұрақты және қол жетімді пошта байланысы арқылы пайда болған. Негізінде, былай қарасақ өте қарапайым көрінеді. Студент тапсырмалар мен оқу материалдарын пошта арқылы алады, оқытушылармен хат алмасып, емтиханды уақытында тапсырады. Бізден айырмашылығы сонда технологиялар мен методика ғана болып тұр десем, әсте қателспеспін. Пошта арқылы ғұламалар ілімге үйреткен. Мәселен, ағылшын тілі мұғалімі, стенография жүйесінің өнертапқышы Исаак Питман 1840 жылы пошта жөнелтілімдерін қолдана отырып, Ұлыбританияда студенттерге стенография үйрете бастады. Тек Исаак Питманмен ғана шектелмеді. Америкада 1873 жылы Анна Элиот Тикнор (ағылш. Anna Eliot Ticknor) ағылшын тіліндегі Үйде оқытуды қолдау Қоғамы бағдарламасын негізге алып, Тикнор Қоғамы деп аталатын әйелдерге арналған пошта арқылы оқыту жүйесін құрды. Ал 1874 жылы Иллинойс университеті пошта арқылы тапсырыс беру бағдарламасын ұсынды. Уильям Рейни Харпер Америкада "пошта арқылы білім берудің атасы" болып саналады, Чикаго Университетінің алғашқы қашықтықтан оқыту факультетін құрды. 1939 жылы Францияда Гренобльде мектепке бара алмайтын балаларды оқыту үшін мемлекеттік қашықтықтан оқыту орталығы құрылды. Бүгінде бұл Еуропадағы қашықтықтан білім беретін ең ірі оқу орны болып саналады. Әрі қарай жылдар сөйлесін.
oo 1946 жылы Оңтүстік Африка университеті қашықтықтан оқытуға көшті.
oo Ресейде қашықтықтан білім беру 1917 жылғы төңкерістен кейін дами бастады.
oo 1960 жылға қарай КСРО-да 11 сырттай университеттер, сондай-ақ күндізгі жоғары оқу орындарында сырттай факультеттер құрылды.
oo Орталық және Шығыс Еуропа Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО-дан үлгі алды.
oo 1969 жылы Ұлыбританияның ашық университетінің ашылуы Еуропа мен Азияда Қашықтықтан оқытудың дамуына ықпал етті.
oo 1979 жылы Қытайда радио және теледидар университеттерінің ұлттық желісі құрылды (Орталық радио және теледидар университеті, CRTVU).
oo 1990 жылдардың ортасына қарай қашықтықтан білім беру идеясы интеграцияланған ақпараттық және білім беру ортасына негізделген жүйе ретінде қалыптасты, онда мұғалім тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге танымдық процесті үйлестіреді, ал студент курстың модульдік компоненттерінен жеке білім беру траекториясын жасайды.
oo Беларуссияда 2000 жылдардың басынан бастап ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың кеңеюі қашықтықтан білім беру моделінің техникалық арсеналының пайда болуына және кеңеюіне әкелді.
Әлемдегі алғашқы қашықтықтан білім беру университеті 1969 жылы Ұлыбританияда Ұлыбританияның ашық университетінде ашылды. Бұл атау оқу орнының барлығына қол жетімді екенін және күнделікті қашықтықтан оқыту сабақтарына қатысудың қажеті жоқ екенін түсінуге мүмкіндік берді.
Шетелде үлкен атаққа ие болған қашықтықтан оқыту университеттері де ашыла бастады. Олар:
oo Оңтүстік Африка Университеті;
oo Ұлттық технологиялық университеті (АҚШ, 1984);
oo Хагендегі Ферн Университет;
oo Хаген ашық университеті (Германия);
oo Қашықтықтан оқыту испан ұлттық университеті;
oo INTEC-Кейптаун колледжі (Оңтүстік Африка);
oo Австралиялық аумақтық ақпараттық желі;
oo Британ ашық университетінің ашық бизнес-мектебі.
Әрине, дербес компьютерлердің дамуы және олардың қол жетімділігі 1980 жылдары білім беруді жеңілдетуге және автоматтандыруға үміт беріп, білім төңкерісін жасады. Басында оқу қалай жүргізілді?
Алғашқы компьютерлік оқыту бағдарламалары ойын түрінде болды.
90-шы жылдары спутниктік технологиялар белсенді дами бастады. Бірақ 1997 жыл Ресейде қашықтықтан оқытудың басталған жылы болып саналады. Сол кезде білім министрлігі эксперимент ретінде қашықтықтан оқытуға рұқсат беретін № 1050 бұйрық шығарды.
ХХІ ғасырда ғаламтормен бірінші немесе екінші жоғары білім алу, университеттерде қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру, кез-келген негізгі немесе қосымша білім алу үшін университеттерде қашықтықтан оқытуды кеңінен таратуға ықпал ете бастады.
Ғаламтордың арқасында студенттер қай жерде болмасын, оқытушылардан кері байланыс алуға ерекше мүмкіндіктері болды. Жылдамдық жоғарылағаннан кейін әртүрлі білім беру тренингтері, вебинарлар және онлайн сабақтар басталды.
Қашықтықтан білім берудің даму тарихын бақылай отырып, ол әрдайым ақпараттық қоғамның дамуына өзінің жаңа талаптары мен қажеттіліктеріне сәйкес келеді деп қорытынды жасауға болады. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру әдістері әр жолы жаңа технологиялардың пайда болуымен өзгерді. Оған дәләл:
1906 жылы Висконсин университетінде пошта арқылы сабақ беру енгізілді.
Австралияда 1911 жылы Брисбендегі Квинсленд университетінде университеттік деңгейдегі курстар басталды. Мектептерден алыс тұратын балалар үшін 1914 жылы бастауыш мектеп бағдарламасына сәйкес пошта арқылы оқыту ұйымдастырылды. Көп ұзамай мектеп оқушыларына арналған ұқсас жүйелер Канада мен Жаңа Зеландияда қолданыла бастады. Сонымен қатар, үздіксіз білім беру кез-келген жоғары білікті маманның ажырамас атрибуты болып табылады. Егер адам өз саласындағы соңғы оқиғалардан хабардар болғысы келсе, ол үнемі оқып отыруы керек. Мұны істеудің ең оңай жолы - қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру.
1.2 Қашықтықтан оқытудың тиімді тұстары
Қашықтықтан оқытуда тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін интерактивті компьютерлік бағдарламаларды, ғаламторды, электрондық поштаны, телефонды және т. б. құралдардың тұтас жиынтығы пайдаланылады.
Өздеріңіз білетіндей қашықтықтан білім беру өзінің ыңғайлылығы мен икемділігіне байланысты өте танымал оқыту түріне айналған болатын. Бұл көптеген бос емес адамдарға белгіленген кестеге сәйкес сабаққа қатысу қажеттілігін жоя отырып, білімін жалғастыруға кедергі келтіретін негізгі кедергіні жояды. Қашықтықтан білім ала отырып, сіз өзіңіздің жеке кестеңізге сәйкес сабақ үшін ыңғайлы уақытты таңдай аласыз. Түснікті болу үшін тағы бір тоқталып өтсек, иә? Қашықтықтан оқыту - бұл білім беру процесінің барлық компоненттерін қамтитын және интернет-технологияларды және интерактивтілікті қамтамасыз ететін басқа да құралдарды (электрондық пошта, телефон арқылы сөйлесу, ғаламторды пайдалану арқылы сөйлесу) пайдалана отырып іске асырылатын оқытушы мен студенттің қашықтықтан өзара іс-қимылын білдіретін оқыту нысаны. Оқытудың артықшылықтарын кестеге түсіретін болсам.

Қол жеткізу еркіндігі, ұтқырлық:
Сіз кез-келген жерде және кез-келген уақытта кез-келген қол жетімді құралдарды (гаджеттерді) қолдана аласыз.

Бос емес адам жұмыстан қол үзбей оқи алады.
Оқу шығындарын азайту:

Студент әдістемелік әдебиетке емес, ақпарат тасымалдаушыға шығындарды көтереді. Оқу орнына баруға материалдық шығындар жоқ. Курстың құны аз болады, өйткені мұғалімдердің жалақысы, оқу орындарын ұстау және т.б. ескерілмейді.

Оқытудағы икемділік:

Материалдарды зерттеудің ұзақтығы мен дәйектілігін студенттің өзі таңдап, бүкіл оқу процесін оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне толығымен бейімдейді.

Уақытпен қатар даму мүмкіндігі:

Электрондық курстарды пайдаланушылар өздерінің дағдылары мен білімдерін ең жаңа заманауи технологиялар мен стандарттарға сәйкес дамытады.

Электрондық курстар сізге оқу материалдарын уақтылы және уақтылы жаңартуға мүмкіндік береді.

Оқытудың ықтимал тең мүмкіндіктері

Оқыту нақты оқу орнында оқыту сапасына тәуелсіз болады.
Қашықтықтан оқыту толық уақытты оқуға мүмкіндігі жоқ адамдар үшін қол жетімді етеді (мысалы, ерекше психофизикалық дамуы бар адамдар).
Білімді бағалау критерийлерін анықтау қабілеті

Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың оқу процесінде алған білімдері бағаланатын нақты критерийлерді белгілеуге болады.

Негізінде қашықтықтан оқыту жыл сайын өсіп келеді. Көптеген студенттер мұны ыңғайлылық пен қолжетімділік үшін жасайды. Бұл өте ыңғайлы, жұмыс істейтін студенттер үзіліс кезінде немесе аралық уақытта білім ала алады. Аталған білім ұзақ жолдан өтті. Енді сынып үйренуге болатын жалғыз ғана орын емес. Шын мәнінде, сіз өзіңіздің біліміңізді өмірде сыныпты көрмей-ақ ала аласыз. Ал бұны біз қашықтықтан оқытудың бірегейлігі дейміз.Жалпы қашықтықтан оқытудың көптеген артықшылықтары бар. Жақынырақ танысайық.
Қол жеткізу оңай. Дәл осы себепті көптеген студенттер оны пайдаланады. Ол қолжетімді, қарапайым. Қазіргі өмір өте шиеленісті, кейде сіз бір уақытта екі нәрсені жасауыңыз керек болғандықтан, адамдар заттарға, соның ішінде білімге де оңай қол жеткізуге тырысады.
Уақыт жоғалтпайсыз. Оқумен бір уақытта жұмыс істеу тұжырымдамасы ерекше бұл көп уақытты үнемдейді. Сіз жұмыс істеуден басқа көптеген нәрселер жасаған кезде өзіңізді жақсы сезінесіз. Сондай-ақ, сіздің күнделікті жұмысыңызды орындау арқылы ғылыми дәреже алу мүмкіндігіңіз бар.
Тегіс график. Егер сізде жақсы ғаламтор байланысы болса, онда сіз мұғаліммен бірге болмай-ақ, ғаламтордағы пәндерді оқып, зерттеп, тіпті талқылай аласыз.
Қарқынмен. Білім беру ешқашан оңай болған емес. Әр нәрсенің өз қарқыны болады. Дәл солай сіздің де өз ырғағыңыз, қарқыныңыз бар. Ал қашықтықтан оқыту жоғарыда аталған артықшылығымен сізге білім алуға мүмкіндік береді.
Өз өміріңізгеіс-шараларға көңіл бөлу. Сіз басқа іс-шараларға көбірек уақыт бөле аласыз, мысалы, хобби немесе отбасыңызбен уақыт өткізу.
Ақшаны үнемдейді. Оқушылар аз уайымдайды, өйткені олар жұмыс, тұру, киім, асхана және басқа да оқу ақысын төлеудің қажеті жоқ. Ғаламтордағы бағдарламалар компьютерге жүктеуге болатын модульдерді ұсынады. Осылайша, үлкен кітаптарға деген қажеттілік белгілі бір дәрежеде жойылады. Microsoft Windows ұсынған ноутбуктің тегін мүмкіндігіне байланысты қағаз, қалам және ноутбук сияқты оқу құралдарының құны енді қажет болмайды.
Уақыт пен кеңістік. Бұл қашықтықтан оқытудың ең үлкен артықшылықтарының бірі. Енді оқушыларға сабаққа қатысу, оқытушының қасында болу, кітапханадан оқу, оқу материалдарын жинаудың қажеті жоқ.
Қашықтықтан оқыту оларға жұмысқа қарамастан академиялық қызметпен айналысуға мүмкіндік береді.
Оқу мен ақша. Студенттер оқумен қатар жұмыс істей алады. Егер сізде жұмыс болса, онда сізде табыс бар, ал тұрақты табыс болса, сіз басқаларға қарағанда қарызға түспестен оқуыңызды тәмәмдай аласыз.
Бұл қашықтықтан оқыту жүйелері бере алатын кейбір айқын артықшылықтар. Жүйені жетілдіруге күш салу әлі де жалғасуда және болашақта үлкен мүмкіндіктер күтіледі.
Жоғары оқу орындарындағы қашықтықтан оқытудың негізгі артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:
oo Жеке курс және тапсырмалар шеңберінде модульдерді қалыптастыру кезінде студенттердің өзіндік қолдау жүйесіндегі қалған білімді бақылау үшін студенттердің әртүрлі дайындық деңгейлеріне бейімделу мүмкіндігі бар;
oo Бұл технологиялар сырттай оқу түрінде жақсы дамыған, себебі студенттерге материалды меңгеруге мүмкіндік береді, әрине, ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерде;
oo Электронды қол жетімділікте орналастырылған оқу материалдарының көп мөлшері (әдетте дәстүрлі оқыту формасынан гөрі) студенттерге қажетті ақпаратты тез алуға мүмкіндік береді;
oo Пандемия жағдайында оқытудың бұл түрі іс жүзінде оқушы мен оқытушының байланыс жұмысын нөлге дейін төмендетуге мүмкіндік береді, бұл эпидемиологиялық жағдайға оң әсер етеді;
oo Қашықтық формасы студенттерге айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді
oo Оқуға байланысты қаржылық шығындар: шығыстар алынып тасталады. Арналған жатақхана немесе жалдамалы пәтер, баспана, тамақтану шығындары, көлік және т.б. азаяды.;
oo Бұл технологиялар тыңдаушылардың географиялық ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

ЖОО-дағы білімгерлердің ойы
Ойын білу үшін мен студенттерден Google формы платформасы арқылы сауалнама жүргіздім. Осы сілтеме арқылы көре аласыздар: https:forms.gleu1W6u7Ep3DtiboT9A
Берілген сұрақтарды бірден беске дейін бағалап және соңында өз ойларын білдіру керек болды. Сұрақтар:
oo Қаншалықты сабақ түсінікті болды?
oo Білім деңгейін анықтау үшін үш сауал қойылды. Олар: қашықтықтан оқыту басталғанда, қашықтықтан оқыту аяқталғанда және қашықтықтан оқытудың білім беру құндылығы
oo Оқытушылардың біліктілігі мен жауапкершілігін анықтау үшін де сұрақтар қойылған болатын. Олар: оқытушы сәтті дәрістерпрезентациялар өткізді, презентациялар түсінікті және жақсы ұйымдастырылған, мұғалім оқушыларды қызықтыра алды, оқытушы курс уақытын тиімді пайдаланды, мұғалімнен көмек сұрауға болады, бағалар тез қойылды
oo Қашықтықтан оқытудың мазмұны бойынша мынадай сұрақтар берілді. Оқу мақсаттары айқын болды, курс жақсы ұйымдастырылған және жоспарланған, оқушыларға жүктеме негізделіп берілген, барлық оқушылар сабаққа толықтай қатыса алды, оқу мақсаттары айқын болды
oo Қашықтықтан оқытуды жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз
oo Қашықтықтан оқытуда қандай қиындықтар туындады?
oo Қашықтықтан оқытуда қандай кемшіліктер кетті?

Алынған нәтижелер

Өздеріңіз көріп отырғандай, ең бірінші сұраққа олар 3 деген баға берген. Бұл нені білдіреді? Қашықтықтан оқытуды білімгерлер орташа деңгеймен бағалаған. Не жақсы емес, не жаман емес.
Шешімі:
Менің ойымша осы бөлімшелерді қарастырсақ, аталған мәселені шешудің ықтималдылығы көп болады.
1. Сабақта қол жетімділік принципін негіз болса. Білімгерлерге ең алдымен, "түсінікті" болуы керек. Мәселен, шығармашылық тапсырмаларды орындау, топта жұмыс істеу. Оқытушының міндеті - оқу материалын түсінікті, қол жетімді, ойын-сауық түрінде ойластыру және жеткізу, балаларды талқылауға және белсенділікке барынша тарту.
2. Жұмысты нәтижелі ететін жайлы психологиялық климатты жасау.
3. Проблемалық сұрақтармен жұмыс жасау. Бұл әдіс оқу материалын ойланбастан оқып, есте сақтауға емес, оны сыни тұрғыдан бағалауға, ойлануға мүмкіндік береді. Бұл әдістің артықшылығы - бұл қол жетімді және шығындарды қажет етпейді.
4. Әрекетке итермелейтін әртүрлі белсенді әдістерді қолдану. Менің ойымша, сабақты көп әдістермен ауырлатпау да маңызды.
5. Ынтымақтастыққа шабыт беру. Мен өзім қысыммен жұмыс істей алмайтынымды ескере отырып, тек ынтымақтастықта сабақ беруді жөн көремін. Бұл принципті көп жағдайда және сабақтарда қолданамын.

Сабақтарды үйренуге көмектесетін барлық нәрсені мойындаймын:

oo Пікір-таластың болуы;
oo Мұғаліммен және бір-бірімен диалог құру (бұл міндетті шарт);
oo Өз көзқарасыңызды білдіріңіз және басқаларды құрметтеңіз;
oo Қателіктер жіберіп, қателіктеріңізді түзетіңіз;
oo Шығармашылық;
oo Жұмыс дәптерін ұқыпты сақтаңыз, бірақ қажет болған жағдайда оны белсенді оқыту құралы ретінде пайдаланыңыз (сурет салу, тақырыптың негізгі тұстарын маркермен айқындау, білім беру мақсатында сызып тастау және т. б.)
oo Қажетті ақпаратты табу үшін гаджеттерді пайдаланыңыз.
oo Белгілі бір деңгей үшін үй тапсырмасын таңдаңыз;
oo Сұрақтар қойыңыз.

Білімгерлердің оқу басталғанда деңгейлері де жақсы болған. Ол қазір бізге қашықтықтан оқыту аяқталғанда деңгейлерінің қаншалықты өскенін байқаймыз. Осы сауал үшін қойылған сұрақ болған.
Егер де осы екі статистиканы салыстырар болсақ, шынымен де айырмашылық көреміз. Басталғанда 3 пен 5 бағасы ұтымды болып тұрса, аяқталғанда 3 пен 4 ұпайлары үстемдік көрсетіп тұр. Бұл дегеніміз білімгерлердің өзіндік ерік-жігерлерінің төмен болып тұрған себебі деп ойлаймын.

Барлық нәтиже осындай ұпайлармен бағаланады. Бұл нақтылық үшін айтылып отыр. Яғни, 1 көк, 2 қызыл, 3 сары, 4 жасыл және де 5 күлгін.

Қашықтықтан оқытудың білім беру құндылығы жақсы нәтижені көрсетіп тұр. Негізінде бұл жерде атап өтпесем болмас, пандемия кезінде біз аяқ асты қашықтықтан оқытуға шыққан кезде, басқа жоғары оқу орындарына қарағанда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті технология жағынан дайын болды. Сол себепті де айтарлықтай қиындықтар туындамады. Керісінше, тиімді тұстары көп болды. Мәселен, осы қашықтықтан оқыту мысалында қазіргі қоғам ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құндылықты арттыратынына көз жеткізді. Білім беру - тұлға мен қоғам дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Яки бұдан шығатыны, қашықтықтан оқыту - бұл технология үшін құнды, өйткені ол білім беруде жеке даму мүмкіндіктерін, оның қиын жағдайға бейімделу қабілетін дамытады және қоғам өміріне қатысуға мүмкіндік береді.
Оқытушы сәтті дәрістерпрезентациялар өткізді деген сауалға білімгерлер осылай жауап беріпті. Қашықтықтан оқытуда ол жоғарыда айтып өттім технологиялардың құндылығы артады. Мінекей, презентация әзірлеу де үлкен өнер. Алайда, статистика бойынша сөйлейтін болсақ, орташа деңгейді көрсетіп тұр.
Қойылған сауал: презентациялар түсінікті және жақсы ұйымдастырылған. Нәтижелер сөйлесін. Жалпы, презентация не үшін керек? Мультимедиялық презентация - бұл жаңа нәрсені үйренудің, зерттелгенді бекіту мен тексерудің сапалы жаңа тәсілі. Электрондық презентацияларды оқытудың дидактикалық құралы ретінде қарастыруға болады және электронды оқулықтарға жатқызуға болады, бірақ тек ескертумен: презентация - мұғалім сабақта қолданатын және оның түсіндірмелері мен толықтыруларын қажет ететін көмекші құрал болғандықтан.
Презентация ұйымдастырылған мәтін, гипермәтіндік сілтемелер, компьютерлік анимация, графика, видео, музыка және дыбыстық сериялардың тіркесімі болуы мүмкін (бірақ бәрін бірдей емес). Сонымен қатар, презентацияда ақпаратты оңай қабылдау үшін ұйымдастырылған сюжет, сценарий және құрылым бар. Презентацияның ерекшелігі-оның интерактивтілігі, яғни басқару элементтерін қолдана отырып пайдаланушы үшін жасалған өзара әрекеттесу мүмкіндігі.
Оқытушының функциясында электронды презентация:

oo білім беру ақпаратының көзі;
oo көрнекі құрал;
oo жаттықтырушы;
oo диагностика және бақылау құралы.

Атап айтқанда презентация дизайны үлкен рөл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Орта білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану әдістемесі
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АКТ КУРСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс- әрекетін қалыптастыру
Шет тілі және оны оқытудың әдістері
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ
Қашықтық оқыту технологиялары
Биологияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
«Информатиканың теориялық негіздері» пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану
Пәндер