Жоспарлап оқыту технологиясы


Кіріспе3
1 Қазіргі заманғы мектепте оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялардың негізгі теориялары5
1. 1 Білім беру жүйесінде қолданылатын инновациялық технологиялар түрлері5
1. 2 Иновациялық технология құралдарының оқушы құзіреттілігін арттырудағы маңызы19
1. 3 Қазіргі заманғы мектепте инновациялық технологияны қолдану арқылы оқушыларды жан-жақты дамыту жолдары37
ІІ Қазіргі заманғы мектепте биология сабағын оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар. 48
2. 1 «Жерде тіршіліктің дамуы» сабағында Free Quiz Maker бағдарламасын қолдану жолдары. 48
2. 2 «Адамның шығу тегі» сабағында Movavi Video Editor бағдарламасын қолдану жолдары. 51
ІІІ Зерттеу жұмысы мен нәтиженің талдануы63
Қортынды73
Пайдаланған әдебиеттер74
КіріспеТақырыптың өзектілігі:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына олардың пікірінше, педагогикалық процесті кез-келген модель, соның ішінде авторлық модель бойынша да құрастыруға мүмкіндік беретін оқытудың формаларының, әдістерінің және технологияларының оңтайлы нұсқаларын таңдауға мүмкіндік беретін қосымша қағидасы бекітілген.
Жаңа білім беру парадигмасы алғашқы орынға білімді, икемді және дағдыларды емес, баланың тұлғасын, оны білім арқылы дамытуды шығарады.
Заманауи педагогикалық ғылымның төл сипаты тұлғаны дамытуға бағытталған жаңа білім беру технологияларын жасауға ұмтылу болып табылады.
Сондықтан да оқу-тәрбиелеу процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттің нақты түрлерін табудың, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін құрудың амалдарын қолға алу қажеттілігі туындайды.
Заманауи мектептің негізгі мақсаты әрбір оқушының білімге деген қажеттіліктерін оның икемділіктеріне, қызығушылықтарына және мүмкіндіктеріне сәйкес қамтамасыз ететін оқыту технологиясын табуға негізделеді.
Мұндай қағидаларға инновациялық оқыту технологиясы жауап береді. Инновациялық оқыту концепциясының пайда болуы оқытудың дидактикасы мен психологиясын дамытудағы жаңа кезең болды. Аталған концепция оның алдындағы тәсілдерге қарама-қайшы ретінде танымдық қабілеттер мен ойлауды жандандырудың жекелеген әдістерін ғана емес, білімнің практикасы мен теориясына оқытуға деген шығармашылық көзқарасты қалыптастыру жөніндегі тәсілді ендірді.
Оқытудың белсенді әдістерін кеңінен қолдану арқылы оқушыларға жаттанды емес, тиянақты білім беру керек. Сонымен қатар оқушылардың дербес ойлау, өз бетінше жұмыс істей білу қабілеттерін барынша дамытып, оларды өздігінен білім алуға баулу қажет.
Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Олай болса барлық сабақтарды инновациялық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
Зерттеудің мақсаты
Орта мектепте химия пәнінің ерекшеліктерін анықтап, тиімді жолдарын көрсету. Химия пәнінің сабағында инновациялық технология арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, кәсіптік бағдар беру.
Зерттеудің міндеттері:
- Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жасап, ғылыми тұрғыдан талдау, сараптау жүргізу.
- Педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижесін сапалық және сандық талдау.
Зерттеу нысаны
Жалпы білім беретін орта мектептің химия пәнін оқыту әдістемесі.
Зерттеу пәні
Химия пәнін оқыту арқылы оқушылардың білімі мен білігін, тәрбиесін қалыптастыру.
Ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы
- Жалпы білім беретін орта мектепте химия пәнін оқыту ерекшеліктерін анықтап, тиімді жолдарын көрсету
- Орта мектепте химия пәнін оқытудың әдістемелік жүйесін жасап, оқу үрдісіне енгізу.
- Минералдық тыңайтқыштар тақырыбын оқытудың әдістемесін анықтау.
Оқу процесіне қосылған химиялық тәжірибелер оқушыларға олардағы білімді, икемді және дағдыларды белсенді пайдалануға, білімін тереңдетуге және оның деңгейін арттыруға, химиялық құбылыстардың мәнін түсінуге, шығармашылық міндеттерді шешу кезінде оқушылардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Кез-келген елдің химия бойынша мықты білімі мен икемі бар, біліктілігі жоғары мамандарға қажеттілігі оқушыларды химия бойынша тәжірибелік практикалық даярлаудың деңгейін күшейту мен арттырудың қажеттілігіне алып келеді.
Барлығымызға белгілі, мектеп партасынан бастап оқушылар химия немесе басқа да ғылымдарға өзінің қызығушылығын таныта бастайды. Одан ары қарай оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға олардың белгілі бір мектеп пәніне қызығушылық танытуы ықпал етеді. Сондықтан да мектептегі химиялық тәжірибені қолдану оқушының химия пәніне қызығушылығы ықпал ететіндігі сөзсіз.
Зерттеу болжамы
Егер, химия пәнін инновациялық технология әдістері мен өткізуге көңіл бөлсе, онда оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби бағдар беруге болады.
Зерттеу әдістері . Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық - психологиялық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, талдау жасау; озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен танысу; әңгімелесу; бақылау; ізденушілік және зерттеушілік жұмыстар.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1 Қазіргі заманғы мектепте оқытуда қолданылатын SMART технологиялардың негізгі теориялары 1. 1 Білім беру жүйесінде қолданылатын SMART технологиялар түрлеріБіз өмір сүріп отырған ғасыр жоғарғы технологиялар ғасыры. Қазіргі балалар интернет, компьютерлік ойындар мен әлеуметтік желілер әлемінде өмір сүреді. Осында ақпараттық мәдениет ортасында мұғалімнің ролінің ауысуы пайда болады, қазір ол балаларға түсіп отырған ақпараттың үйлестірушісі болады. Сондықтан балалармен мұғалімнің қарым- қатынасы бір тілде жүру үшін мұғалім жаңа әдістерді меңгеруі қажет.
Бүгінгі танда жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2050" бағдарламасындағы барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетін үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Оқытудың мәңгілік сауалы: "Нені оқыту, қалай оқыту" күрделіленіп барады. Біріншіден, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде көз ілеспес жылдамдыкпен өзгеріп отыратын қоғамда өз күш-жігерін қай салаға бұру керектігін оқушы өзі таңдайды[14] .
Қазіргі кезде оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу, заман талабына сай өз ойын еркін жеткізе білетін дарынды, білімді де салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбек адам баласы қызметінің ең күрделі түріне жатады.
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір оқытушы үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа оқытушы үшін өтілген материал тәрізді. Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады[15] .
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру әрбір оқытушының интеллектуалдық, кәсіби, рухани-адамгершілік, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық -педагогикалық технологиялар шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады[16] .
Инновациялық білім беру - іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек .
Ол әр педагогтан өз қызметінде жеке тұлғаға, оның қызығушылығы мен проблемасына бет бұруда маңызды өзгерісті талап етеді. Біз де әрдайым білім берудің жаңа технологиясын меңгеріп, жұмыстың тиімді жолдарын табу үшін жұмыстану үстіндеміз. Мақсат та айқын. Ол - балалардың мектепке қызығушылығын және оқуға ынтасын көтеруге мүмкіндік беретін қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану, баланың жеке тұлғасын және шығармашылық ынтымақтастық жағдай қалыптастыру.
Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті - белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру.
Білім - әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл болашаққа апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да мектеп және оның ұстаздар ұжымы. А. Байтұрсынұлының «Мектеп керектері» еңбегінде былай делінген:
«…Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».
Ендеше, мектептегі білім мен тәрбие берудегі басты тұлға - ұстаз. .
Жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.
Модификациялық инновация - бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В. Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздейді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Қазақстанда Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүнісбектің, Ш. Т. Таубаеваның, Қ. Қ. Қабдықайыровтың, С. Н. Лактионованың, М. М. Жанпейсованың, Қ. М. Нағымжанованың және т. б. ғалымдардың ұсынған оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісінде белсенді түрде қолданылуда.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқыту - тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізілуі керек.
Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне енгізу осы проблемаларды шешуге маңызды рөль атқарады. Оқу процесінде қолдану үшін ұсынылып жатқан технология түрлері өте көп.
Соңғы мәліметтерге қарағанда бес бағыттан бағдарланған 50 - ге жуық технологиялар ғылыми түрде негізделген. Сондықтан осындай жаңартылған технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу - әр мұғалім үшін жауапкершілікті қажет ететін іс.
6-кесте. Педагогикалық жаңа технологиялар
М. Жанпейісова
"модульдік
оқыту"
В. К. Дьяченко
"Ұжымдық
оқыту"
Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы
Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын оқу процесіне енгізуді пән бойынша күнтізбе жоспарын жаңаша құруды бастайды. Ол үшін дәстүрлі оқытудағы екі бақылау жұмысының арасында өтетін оқу материалын Модуль деп қарастырып (ол тарау болуы мүмкін) оның құрылымы анықталады:
1 - сабақ: §1
2 - сабақ: §2
. . .
. . .
n - сабақ: §n
(n+1) - сабақ: (§1 - § n) бойынша 3 деңгейлік қорытынды өзіндік жұмыс
(n+2) - сабақ: Өзіндік жұмыстан шыққан қателерді түзету сабағы
(n+1) - сабақ: Модуль бойынша Бақылау жұмысы
Модульдің дәстүрлі оқытудағы тараудан негізгі айырмашылығы әр бақылау жұмысының алдында оған дайындық екі сабақ өтіледі. Бірінші (n+1) - сабақта оқушылардың модуль бойынша түсінбей қалған кемшіліктерін анықтап, оларды екінші (n+2) - сабақта жою мақсаты көзделген. Әр тоқсанның да алдында осындай екі дайындық сабақтары өтеді. Бұл жағдайда: модульдік бақылау жұмыстарынан - тоқсандық, төрт тоқсандық бақылау жұмыстарынан жылдық бақылау жұмыстары құрылады. «Қосымша» сағаттарды ұқсас материалдарды блокқа біріктіріп оқыту арқылы үнемдеуге болады. (n+1), (n+2) - сабақтарын біріктіріп бір 45 минутта өзкізсе де болады.
Әр параграфтың мазмұнын (45 минут немесе 90 минутқа арналуы мүмкін) технологияның талабы бойынша меңгертуді ұйымдастыру үшін оның үш кезеңі анықталған.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір - қасиет сезімін дамыту.
Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет деп отырмыз. Ол - оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет. Ол оқулықтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету қажет, себебі компьютерлік техника - оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай, оқытушы орта құруына мүмкіндік береді. Бұл оқу мазмұны мен жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда - оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет.
Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, оқулықтағы теориялық материалдардың берілу жолы осы мақсатты қанағаттандыра алатындай болып, оқушылардың өз бетімен білім ала алуына бейімделіп құрылуы керек. Ол бойынша өнер тапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен. Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л. С. Выготскийдің «оқыту процесінде оқытушының ақыл-ойының дамуы «актуальды дамуы» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу туралы теориясы. Бұл ауысу - тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай төрт іс-әрекет деңгейлердің тапсырмаларын басынан бастап бірінен соң бірін орындау арқылы оқушы оқу материалының әр түрлі деңгейіне көтеріледі.
Ресей ғалымы В. П. Беспалько бұл деңгейлерді:
Бірінші деңгей - «міндетті, оқушылық»,
Екінші - алгоритмдік,
Үшінші - эвристикалық және
Төртінші - шығармашылық деңгейлердегі қабылдау деп атайды.
Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, деңгейлеп оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптернің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші - оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші - оқулық бойынша (сабақтың 1, 2 - кезеңдерінде) : оқушылар а) жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп: анықтама, ережелерін өзі шығарады. Мұндағы тапсырмалар «сұрақ-жауап» диалогы түрінде келтіріледі; б) жаңа меңгерген теориялық білімін үлгі ретінде қарапайым жаттығу-мысалдармен бекітеді. Бұл тапсырмалар оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады.
Жұмыс дәптерлеріндегі (3-кезеңде) : төрт деңгейлік тапсырмалар оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін дамытып, тереңдетуге арналады. Оларды барлық оқушы бірдей бірінші деңгейден бастап орындауға көшеді де, әркім орындап үлгерген тапсырмаларына сәйкес ұпайларына жинайды [17] .
7-кесте. Деңгейлеп оқыту барысында оқушы мен мұғалім іс әрекетінің жүйесі.
3- сызбанұсқа. Деңгейлеп оқыту технологиясы
Деңгейлеп оқыту технологиясы
В. П. Беспалько
Деңгейлік
тапсырмаларға
қойылатын талаптар
Ж. А. Қараев
« Міндетті», «Оқушылық»
Алгоритмдік
Танымдық іздену.
(эвристикалық )
Ойлау қабілетін жетілдіру
Жаңа өтілген тақырыпты
қайталап, пысықтау
Шығармашылық
Эвристикалық
Ұғым, түсінік, қиялын
Тәжірибеде қолдану
Электронды оқыту технологиясы - оқушылардың үздіксіз және өз бетімен білім алуына бағытталған білім беру процесінің жаңа әдістемесі. Бұл талаптардың максималды өзгеріс бере орындалуына білім беру ісінде компьютерлік қорлар мен технологияларды қолдануға негізделген дидактикалық жүйе құру арқылы қол жеткізуге болады. Оларға электронды пошта, телеконференциялар, электронды кітапаханалар, мәліметтер базасы, электронды оқулықтар, видео және аудио материалдар және т. б. жатады.
Мәскеулік әріптестеріміз электронды оқытуды келесідей бағалап отыр: технологияның жұмыс істеу мүмкіндігі - кең, ауқымды енгізілген, күрделілігі мен бағасы - орташа. Басқа технологиялармен, заттармен салыстырғанда бұл әлде қайда жоғары баға.
Авторлар электронды оқытуды келесі компоненттерді қамтитын дидактикалық жүйе ретінде қарастырып отыр:
- Білім беру процесінің субъектілері. Педагог - білім беретін ортаның ұйымдастырушысы, консультант бақылаушы. Білім алушы өз білімінің бағдаршысы.
- Білім беру ақпараттары.
- Білім беру технологиясы.
- Ақпараттық технологиялар.
Электронды оқыту білім беру ақпараттарының және ақпараттық технологияларының маңыздылығын ұсынады, сонымен қатар білім беру технологиясы негізінде білім беру процесінің (педагог, білім алушы) субъектілерінің арасындағы байланысты ұйымдастыру құралы болып табылады.
Бағдарламалап оқыту технологиясы
Дәстүрлі оқытудың кейбір кемшілік жақтарын бағдарламалап (жоспарлап) оқыту технологиясы толтырады. Бағдарламалап (жоспарлап) оқыту - оқыту бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарламада 1) оқу материалының өзі; 2) оны меңгерудегі оқушының іс-әрекеті; 3) меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келтірілген. Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, әр бөлік логикалық тұрғыдан аяқталған. Оқушы бір бөлікті меңгергеннен кейін бірнеше вариантта құрастырылған бақылау сұрақтарына жауап береді. Жауап дұрыс берілсе, тапсырманың келесі бөліміне көшіріледі, дұрыс берілмесе материал қайталанып беріледі. Жоспарлап оқытудың негізін салушы АҚШ ғалымы Скиннер бұл технологияның негізін екі талапқа сай құрған:
- Жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу;
- Педагогикалық жүйені оқушының өз бетімен білім алуына бейімдеу.
Бұл әдіс бір бағытты деп аталады.
Жоспарлап оқыту технологиясы
Жоспарлап оқытудың негізгі принциптері мен жетістік жақтары:
- Оқу материалының мөлшерленіп берілуі
- Студенттердің өздігінен белсенді жұмыстануы
- Студенттердің материалды меңгеру деңгейінің үнемі бақылауда болуы
- Оқыту типінің және оқу материалдары көлемінің жеке бас ерекшеліктеріне сәйкестігі
- Оқытудың автоматтандырылған техникалық жүйелерін қолдану мүмкіндігі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz