ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМДАР БАСТАУЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ

Смағұл Нарима

АҚЫН-ЖЫРАУЛАР МҰРАЛАРЫН ОҚЫТУДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Дипломдық жоба

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Талдықорған, 2022

АҚЫН-ЖЫРАУЛАР МҰРАЛАРЫН ОҚЫТУДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Дипломдық жоба

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМДАР БАСТАУЫ.

1. 1. АСАН ҚАЙҒЫ, ҚАЗТУҒАН, ДОСПАМБЕТ ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ БОЛМЫС ПЕН ТАБИҒАТ.

1. 2. АҚТАМБЕРДІ, БҰҚАР ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК, ИМАНДЫЛЫҚ САРЫНДАРЫ.

2. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ.

2. 1. МЕКТЕПТЕ ЖЫРАУЛЫҚ ПОЭЗИЯНЫ ОҚЫТУ.

2. 2. ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУ.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жобаның жалпы сипаттамасы. Қазақ ақын-жыраулар поэзиясындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды үгіттеу арқылы жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, талғам қалыптастыру. Ақын-жыраулардың толғау, өлең немесе жыр жолдарындағы жастарға арналған үндеу, ақыл-кеңестермен таныстыру. Ақын-жыраулардың поэзиясындағы табиғат сұлулығы. Мектеп оқушыларына қалай және қандай әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып эстетикалық тәрбие беруге болатынын анықтау.

Зерттеудің өзектілігі. Эстетиканың басты құралдарының бірі - әдеби туындылар. Олар адамды жақсыға еліктіріп, кез келген іс пен құбылыстардың тек қана жақсы жақтарын көре білуге, оны байытып, дамытуға жұмылдырады. Қазіргі кезде оқу-тәрбие мекемелеріндегі эстетикалық тәрбие балалар мен жасөспірімдердің рухани әлемін байытудың басты әрі қуатты құралы болуы қажет. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мәселелерін шешудің ұтымды жолдарының бірі - оқу үрдісі мен сабақтан тыс жұмыстарда ақын-жыраулардың поэзиясындағы эстетикалық ой-пікірді қалыптастыру. Осы орайда XVIII-XIX ғасыр ақын-жырауларының шығармаларындағы эстетикалық ой-пікірлерді оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында қолдану жолдарын педагогикалық тұрғыдан зерттеп, жоба ұсынғым келеді.

Зерттеу нысаны. Ақын-жыраулардың поэзиясындағы эстетикалық білім мен тәрбие қазіргі заман оқушыларына қалай есер ететінін және жас ұрпақта сұлулық сезімін дамыта алатынын анықтау, зерттеу.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Этнопедагогикалық зерттеулерге қатысты ғылыми жұмыс жүргізілді. Оқушыларға оқу бағдарламасындағы материалға қосымша ретінде ақын-жыраулардың поэзиясы арқылы эстетикалық тәрбие алып, дамуға болатыны түсіндіру және жаңа әдіс немесе тәсіл ұсыну. Ақын-жыраулар тек қана толғау айтып қана қоймай, туған жерінің, елді мекенінің табиғат қалай сипаттап жеткізгендігін анықтау.

Жобаның мақсаты мен міндеттері: Жобаның басты мақсаты - ақын-жыраулардың поэзиясы арқылы оқушыларды эстетикалық тәрбие жағынан дамыту. Яғни, жас баланың бойында туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілік пен махаббат сезімін ояту. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:

- белгілі бір ақынның немесе жыраудың поэзиясынан үзінді алып, сол шығарманың бөлігінен эстетикалық тәрбие беретін элементтерді анықтау;

- сұлулыққа деген сезім мен махаббатты өткен ғасырлардан қалған әдеби жырлардан табу;

- ақын-жыраулардың поэзиясын оқу үрдісіне де кіріктіріп, оқушылардың эстетикалық талғамы мен сезімін дамыту.

Жобаның ғылыми жаңалығы: күнделікті болып жүрген қазақ әдебиеті пәні сабағында тек қана ақын-жыраулардың өмірбаяны мен жырларының үзінділерімен таныстырып қоймай, бағдарламадан тыс жұмыстар жүргізіледі. Сабақ жоспарына жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу арқасында оқушыға эстетикалық тәрбие беріледі.

Жобаның теориялық және әдіснамалық негіздері: М. Мағауин еңбектері, қазақ әдебиеті пәні кітаптары мен ақын-жыраулардың поэзиясы. Педагогикалық және дидактикалық ғылыми еңбектер.

Зерттеу әдістері: Дипломдық жоба әдебиеттің ғылыми заңдылықтарына сүйене отырып, қазақ халқының көне кезеңдегі әдеби мұраларын тарихи-типологиялық, тарихи-образдылық пен тарихи-әдеби жағын әдебиеттану ғылымы, ауыз әдебиеті және педагогика, дидактика, эстетика ғылымдары материалдарының негізінде қарастырылды.

Жобаның құрылымы. Дипломдық жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМДАР БАСТАУЫ.

Қазақ халқының дүниетанымында ақын-жыраулар поэзиясының, оның идеологиялық мәнінің орны өте маңызды. Жыраулар поэзиясы әрекет еткен кеңістік өзінің барлық тәжірибесін сөз арқылы бейнелеуге тырысатын көшпенділердің эстетикалық ойлауының ерекше типіне негізделеді. Қазақ халқының өзіндік дүниетанымының, өмірлік принциптерінің қалыптасуына жыраулар поэзиясының тигізген әсері өте көп болды.

Өзінің толғауларында эстетикалық талғамның жоғары деңгейін көрсете отырып Бұқар жырау эстетикалық тәрбие туралы құнды ойлар айтады. Бұқар жыраудың шығармаларын талдау арқылы олардағы эстетикалық ойлардың негізгі өзегі - үйлесімге келу, жақсылық пен жамандықтың арақатынасын ажырату, тұрмыс эстетикасы болып табылатыны көрінеді. Сонымен қатар, жыраудың толғауларында трагедиялық сарын басым жатыр. Өз шығармалары арқылы жырау жан сұлулығы мен тән сұлулығын гармониясына жетуді үндейді, әсемдікке ұмтылуға шақырады. Көркем бейнелерді, кейіпкерлерді сипаттау арқылы сөз өнерінің жоғары үлгісін көрсеткен Бұқар жыраудың шығармашылығының эстетикалық-тәрбиелік маңызы осында жатыр.

Ақтамберді жырау шығармашылығы - эстетикалық ойлардың қайнар көзі деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, оның поэзиясы әсемдікті, әдемілікті және сонымен қатар, трагедиялық жағдайларды суреттеуге арналған. Ақтамберді жырау шығармалары арқылы өзі өмір сүріп отырған заманының эстетикалық идеалын көрсетуі және оған ұмтылуы жырау поэзиясының эстетикалық құндылығын толықтырады.

Жастарға эстетикалық тәрбие беруде шығармашылығымен ғана емес, сонымен қатар талғампаз сырт келбетімен, іс-әрекетімен үлгі бола білген, сол себептен «сері» атанған ақын Ақан Қорамсаұлының орны өте үлкен. Өз өлеңдерінде және әндерінде эстетикалық категорияларды әрқашан жырлап өткен Ақан серінің туындыларының тілі бай, осы категорияларды беруде түрлі теңеулерді көркем сөз арқылы жеткізген. Мәселен, «Торыны таң асырып мінген қандай» деген өлеңінде «үкілеп, әсемдеп», «ақша маңдай», «қалқажан», «ақбілек» сияқты сөздерді пайдалану арқылы жырдың нақышын келтіре түседі. Осы өлеңі арқылы біз ақынның эстетикалық талғамының жоғары деңгейде қалыптасқанын көре аламыз. Өзінің осындай жақсы қалыптасқан эстетикалық талғамын көрсетіп қана қоймай, Ақан сері басқалардың қандай болуы керек екендігі туралы да айтады. Мысал ретінде «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы», «Сүйген қалқа», «Көңіл сыры», «Айтамын замандасқа біраз кеңес», «Әйелдер сипаты», «Жігіт сипаты», «Қыз сипаты» және т. б. өлеңдерін келтіре аламыз.

Махаббат тақырыбында жазылған ақын өлеңдерінде берілген қыздың (арудың) бейнесін жеткізуіне тоқталатын болсақ, Ақан сері образды беру кезінде керемет теңеулер мен эпитеттер қорын пайдаланады. Мысалы, жоғарыда аталып өткен «Қыз сыры» өлеңіндегі «перизат, сүмбіл шаш, оймақ ауыз, меруерт тіс, асыл зат, алқызыл гүл, қарақат сөз, жазық маңдай, хор» деген сөздері мен сөз тіркестері соны толығымен айғақтайды.

Адам дүниені әсемдік үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек. Шынайы әсемдік адамның сұлу тұлға мұратына ұмтылуына әсер еткен әрі жан сарайын байытуға да ынталандырған.

Қазақ халқы өз дамуының таңында-ақ толық қалыптасқан, өз заманы үшін жоғары көркем мәдениетке ие болған. Одан арғы өз дамуында ол көркемдік күшке және ұлттық-эстетикалық құндылыққа қол жеткізді. Барлық ғасырларда ол қазақ халқының эстетикалық көзқарастары мен талғамдарының қалыптасуына ықпал етті.

Халықтың көркем шығармашылығы дегеніміз жеке тұлғаны, шамалы адамдар ортасын және қандай да бір тапты ғана қызықтыратын болмыстың сол эстетикалық заңдылықтарының көрінісі емес, ол бүкіл халық бұқарасы үшін өмірлік маңызды болады. Сондықтан көркемдік таным бүкіл халықтың өмірлік қажеттіліктеріне жауап беретін тақырыптарды қамтиды. Көркемдік танымның тақырыбында оның тұтастығының, біріктірілгендігінің, өнерді жалпы халықтық екендігінің негізі қаланып қойған. Халық бұқарасының өнер туындысын қандай да бір бейнелі ойлау формасымен ғана тануға болмайды, оны бір мезгілде бірнеше формалармен (көркем сөз, бейнелі музыка) тануға болатындығы - осының айғағы.

Қазақтың төлтума эстетикалық мәдениеті хандық дәуірінде қалыптасты және ақын-жыраулар шығармашылығында өзінің шарықтау шыңына жетті. Асан қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар сияқты ақын-жыраулардың эстетикалық ізденістері көшпенділердің дүниені қабылдауын білдіреді және оған айрықша кісілік, асқақтық тән:

Бұлұт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кәпірдің

Арасын бұзып өтіп дінді ашқан

Сүйініш ұлы Қазтуған!!!

Ақын-жыраулар эстетикасының құндылығы көркем мазмұнымен ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі қазақ қоғамындағы қуатты әлеуметтік-мәдени орны және қызметімен айқындалады. Сондықтан олардың алдында тек бұқара халық емес, ақсүйектер де ілтипат сақтаған. Ақын-жыраулар толғауларында бүкіл қазақ халқының ой-арманы мен эстетикалық түсініктері шынайы бейнеленген. Олардың шығармашылығында сұлулық пен әсемдікті, ерлік пен елдікті жырлау басым болып келеді.

Қазақ өнері жалпы халық өмірімен, атап айтқанда, оның тұрмыс салтымен тығыз байланысты болған. Сондықтан көптеген ғасырлар бойы ауызша ақындық шығармашылық пен халық музыкасы, қолданбалы өнер қазақ халқы үшін қоғамдық сананың негізгі формаларының көрінісі болды, оларда халықтың ойлары мен сезімдері, оның талпынастары мен әсемдік туралы түсінігі ерекше толық әрі айқын көрінді.

Қазақ халқының эстетикалық мәдениеті аса тереңде, көне заманғы дәуірден басталады. Қазақтар эстетикалық мәдениетін негізінен 3 түрлі салада жасады; біздің заманымызға жеткені де солар:

1. Материалдық мәдениет саласында. Бұлар қолданбалы өнер саласының туындыларында кездеседі. Онда сонау көне дәуірде осы күнгі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың шығармашылығында ортақ әдіс-тәсілдер мен сарындар болғаны байқалады. Сол негіздің өзінде қазақтың киіз үйінің нобайы, өзіне ғана тән сипаттағы үй жиһаздары, киім-кешектер, ерекше бір стиль, жануарлардың, өсімдіктердің бейнесі, геометриялық, зооморфологиялық, рәміздік ою-өрнектер салынған.

2. Көркем сөз шығармашылығының туындылары қазақ халқының эстетикалық негізін құрған ру, тайпалар мен олардың бірлестіктері (тайпалық одақтар) сол заман дәрежесіне сай дамыған рухани мәдениетке ие болған, оны қазақтың XV-XVIII ға- сырлардағы ақын-жыраулар шығармаларынан айқын көруге болады. Олардың шығармашылықтары ұлттық эстетикалық мәдениеттің қалыптасуына зор ықпалын тигізді.

3. Қазақ халқының қоғамдық саяси өміріндегі эстетикалық ой-пікірі. Бұл қазақ елінің көрнекті қоғам, мемлекет қайраткерлерінің, әдебиет пен өнердің айтулы өкілдерінің көзқарастарынан, сөздерінен, қалдырған рухани мұраларынан көрінеді. Асан қайғының, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, т. б. қазақ жырауларының жыр, талғауларында еңбекші бұқараның ой-арманы мен эстетикалық ұғымдары шынайы бейнеленген. Қазақтың халық поэзиясында сұлулық пен әсемдікті, ерлікті, батырлықты жырлау басым болып келеді.

1. 1. АСАН ҚАЙҒЫ, ҚАЗТУҒАН, ДОСПАМБЕТ ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ БОЛМЫС ПЕН ТАБИҒАТ.

Табиғаттың сұлулығы жыраулар поэзиясында белгілі бір деңгейде жырланып, көрініс тапқан. Соның ішінде Асан қайғы Сәбитұлының толғаулары мен халық қамын жеп, желмаясына мініп, Жерұйық іздеуі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз етіп келеді. Асан қайғыны Ш. Уәлиханов ойшыл, дала философы деп бағалауында үлкен мән жатыр. Жалпы қазақ тарихында Асан қайғы жақсы қоныс, құт мекен, жері шүйгін, суы мол, жеміс-жидегі жайқалған, жазы жайлы, қысы жұмсақ, Жиделі-Байсын жерін, Жерұйықты іздеген дана шешен, батагөй абыз, әділдіктің төрешісі - би болған тарихи тұлға. Қазақтың сайын даласын, Сібір мен батысты, оңтүстікті, шығысын, орталығын желмаясына мініп аралап, табиғатына арнайы сипаттама беріп, жеріне баға берген Асан қайғы сынды бірде бір жырау қазақ әдебиетінде ұшыраспайды. Қазақ жерінің табиғатын бағалауда Асан қайғыдан асқан ешкім жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сандардағы танымдар
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Қазақ поэзиясындағы есімдіктер
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуы
Ақын, жыраулар мұрасындағы арнау өлеңдер табиғаты
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz