Топқа біріктіріп оқыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Жаратылыстану-география факультеті

«Биология және экология» кафедрасы

Сайлауова Диана Жасұланқызы

Биология сабақтарында топтық жұмыстардың алар орны мен маңызы

6B01508- ХИМИЯ -БИОЛОГИЯ

Тексерген:Жамалиева Л. С

Орал, 2022 ж

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І. Әдебиетке шолу . . .

1. Топтық жұмыс, оның маңызы және ерекшеліктері . . . 4

1. 1 Топтық оқыту әдісінің түсінігі . . . 5

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары . . . 10

2. 2. Топтық жұмыс ұйымдастырудың жалпы ережелері . . . 17

ІІІ. Қорытынды бөлім . . . 31

ІҮ. Пайдалынылған әдебиеттер . . . 33

Кіріспе

Дамыған елдер қатарындағы, жоғарғы білікті, егеменді еліміздің өскелең ұрпағының белсенділігін арттыру үшін топтық жұмыстардың орны ерекше. Топтық жұмыстың қыр- сырына терең бойлай алатын шығармашыл, жан-жақты, озық ойлы жаңа тәсілді жетік білетін, өз ісін тиянақты орындайтын, жаңа технологияларға сай жұмыс жасай білетін маман болуы қажет. Соған орай бала белсенділігін арттыруда кездейсоқ адамдардың бағыт беруі мүмкін емес. Баланың оқуға деген белсенділігі - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Баланың белсенді болуы, сабаққа деген ынтасын арттыруы, күнделікті дайындықпен келуі, дамуында және білім беруде-отбасы мен мектеп өзара тығыз байланыста болуы маңызды. Топтық жұмыс өмір қажетінен туған балалық шақтың ажырамас шарты. Сондықтан топтық жұмыс туралы жүргізілген зерттеу де, берілетін бағыт-бағдар да, ересек адамдар үшін жұмыс қызмет мәні қандай болса, бала үшін топтық жұмыстың да мәні сондай деген оймен тұжырымдалады. Бір сөзбен айтқанда топтық жұмыс- баланың оқуға деген белсенділігін аттырудағы басты құрал.

Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына, білім алу барысында сабаққа белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды сабақ барысында алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады.

Сондай-ақ, сабақтың тиімділігін жаңа жұмыс әдістерімен толықтырып, топтық жұмыстың тиімділігін арттыруға үлес қосу болып табылады. Осыған орай, биология сабағын оқыту барысын қарастырамыз. Биология пәнінен практикалық жағына назар аудару керек, ол үшін әрбір оқушыға практика қажет. Топтық жұмыс формасы сыныптағы әр оқушының сөйлеу дағдысын арттырады. Топтық жұмыс формасы сабақтың барысына ықпал етеді және ынталандырады.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • практикалық сабақтарда топтық жұмысты қолдану қажеттілігін негіздеу;
  • сабақта топтық жұмыс жасау қажеттілігін түсіну;
  • топтық жұмыстың негізін теориялық тұрғыдан қарастыру ;
  • топтық жұмыстың шарттары мен тиімділігін анықтау;

Курстық жұмыстың мақсаты : Үлкен буын, орта буын, кіші буын сынып оқушыларын-биология сабағында топтық жұмыстардың алар орны мен маңызын түсндіру, педагогикалық үрдісте балалардың белсенділігін арттыру жолдарын анықтау, негізгі идеялармен әдіс-тәсілдермен танысып, жан-жақты зерттеу. Оларды өз тәжірибиемде қолдану.

1. ТОПТЫҚ ЖҰМЫС, ОНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Жаңартылған білім беру жүйесі білімділікті арттыру бойынша қазіргі таңда көптеген жұмыстар жүргізілуде. Сабақ барысы бір қарқында өтпей, оны қызықты әрі жоғары денгейде өткізу-пән мұғалемінің ізденпаздығы мен тынбай еңбектенуінің арқасы деп білемін. Топпен бірлесе отырып жұмыс жасау оқушылардың сүйікті жұмыс түрлерінің бірі болып табылады. Бұл жерде неге? деген сұрақ туындайды. Себебі, оқушылар үшін ең маңыздысы - қателік жіберіп алмау керек деген қорқыныш сезімін жендіру, өзіне деген сенімділіктің пайда болуын қамтамасыз ету. Топтық жұмыстың нәтижесінде оқушылар берілген материалды жақсы меңгереді. Олардың шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізеді, сонымен қатар топтық жұмыс сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі. Топқа біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен сабақ барсында жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде топтық әдіс деп аталатын жүйені ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа (сынып санына қарай) бөлінеді. Әр топты басқаратын топ басшылары белгіленді. Олар оқушылардың жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалары болды. Топ басшылары өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге топтарының атынан жауап берді. Топ басшыларының жауабына қарай, топтағы оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмайды. Ал оқушылардың таным әрекетіне мұғалімнің басшылық рөлі ескерілмейді, ол тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарады. Сабақта оқушылардың оқу- таным әрекетін ұйымдастыруда жеке-дара жұмыс түрінен басқа олардың топтық және ұжым болып жұмыс істеуінің маңызы ерекше. Оқушылардың топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты, т. с. с. оқушылар тобының белгілі бір жұмыс келемін атқаруын көздейді. Жұмыстың бұл түрі негізінен екі бағытта іске асады: біркелкі немесе бірыңғай және бірнеше бөлшекке белу (дифференция) жағдайында ұйымдастыру. Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға беріп өзара әрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады. Ал бөлшекке беліп оқыту - бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады. Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырманың мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен езара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бірлесе жұмыс жасап өз ойларын ашық айту барысында, барлық оқушыны сабаққа қамтып, сабаққа қатысу барысына сай бағалауымен ерекшелінеді. Оқушылардың осындай өзара бірлесіп атқаратын оқу-танымдық жұмыстары олардың жеке-дара жұмыстарына қарағанда әлдеқандай жемісті болып келеді, әрі уақытты аз және тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар бір сыныптағы оқушылардың оқу міндеттерін топ болып шешуде өзара әрекеттесуі немесе жартысы олардың ортақ іске деген жауапкершілік сезімін тудырады. Мұндай жұмыс барысында оқушылардың өз тобының нәтижесіне өзара әсерленуінің маңызы ерекше.

Мұғалімнің топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шартына:

- оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету;

- жолдастарымен ақылдасуға үйрету;

- оқушылардың жекелеген топтарына оқу тапсырмалары жүйесінің нақты болуы;

- тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үлестіру іскерлігінің болуы, т. б.

1. 1 Топтық оқыту әдісінің түсінігі.

Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың тәрбиесіне, атап айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тату-тәтті ұжымдық қарым-қатынасын, жауапкершілігін, әсерленушілдігін (күйінішін, сүйінішін), т. б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады.

Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегеніміз - ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу әрекетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы оқушылардың жеке-дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді. Сондықтан ұжымдық жұмыстың ерекшелігі өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әрбір оқушыға өзінің алдына қойылған міндеттерін жақсы ұғынуға көмектеседі. Топтап (диференциалдық) оқыту дегеніміз жекелеп оқытудан туындайды. Әр оқушының қабілетіне, біліміне, алғырлығына, жас және дербес ерекшілігіне, қабілетіне қарай топтап оқыту. Мәселен, 1936 жылға дейін мектептерде педалогиялық қызмет болған. Ол балаларды 1-сыныптан бастап қабілеттеріне байланысты топқа бөлген. Соның салдарынан көптеген балалар арнайы мектептерге жіберілген. Балалардың қабілетін тест арқылы анықтап отырған. 1936 жылы маусымның 4-інде қаулы қабылданып тест тоқтатылды. Бірақ топтап оқытудың кейбір элементтері әлі бар. Оған дәлел - көптеген арнайы спорттық, музыкалық, математикалық, кемтар балаларға арналған мектептердің өмір сүруі. Қазіргі кезде топтап оқыту терендей түсуде. Ғылыми зерттеу институттарында бағдарламалар жасалып жатыр. Дүниежүзілік ғалымдар М. А. Мельников, Н. М. Шахмаев, С. И. Шварцбург, Д. А. Энштейн, т. б. осы мәселелермен шұғылданған және шұғылдануда.

Дүниежүзілік ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша: Топтап оқыту барлығына бірдей болу керек. Оның ұлтына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамайды.

Сонымен топтық жұмыс тарихы бойынша қорытынды: Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін елімізде оқытудың жаңа түрлері ене бастады. Оған мұрындық болған дүниежүзілік озық тәжірибе. Бүгінде мектеп оқытушылары сол тәжірибені толығымен оқып, үйреніп, пайдалануда. Ұжымның беделі, абыройы тек жеке ұстаз немесе ұстаздардың беделімен, абыройымен шектеліп қалмайды. Ол әрбір шәкірттің, шәкірттер ұжымының беделі мен абыройына да байланысты. Ұстаздар беделдің не екенін, қандай еңбекпен келетінін білсе, шәкірттер оны біле бермеуі мүмкін. Шәкірттерді беделге, абыройға ие ету үшін ұстаздарға көп еңбек ету керек . Шәкірттерді беделді, абыройлы ету үшін олардың ұжымын дұрыс қалыптастыра білуіміз керек. Сондықтан қысқаша айта кетсек :

a) Ұжым белсенділерін дұрыс таба білу, соларды беделді ету;

б) Ұжымның үш кезеңін, мақсаттарын, қос ықпалды айқындап іске асыру;

в) Үжымның өзін-өзі басқаруына мүмкіндік беру;

ғ) Әрбір ұжым мүшесі ұжымда өзін еркін сезініп, бірақ ұжым алдындағы жауапкершілігін ұмытпауы керектігін түсіну.

Оқушылардың топтық оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас топтағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді. Н. К. Крупская жеке тұлғаны қалыптастырудағы, топтың ынтымақтасып дамуындағы топтық жұмыстың маңыздылығына тоқтала келе-топтық жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады деп мәлімдеді. Топтық жұмысты ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар деген. Н. К. Крупская да қызу қолдап, балалардың өзін оқытушылыққа тартудың үлкен тәрбиелік маңызы бар. Бала өзінің білімін тексеріп, толықтырып отыруға мәжбүр болады, оларда ұстамдылық, шыдамдылық, жолдастарының жетістіктеріне деген қызығушылық тәрбиелейді деп жазады. Шағын топтарда дербес жұмысты ұйымдастыру топтық іс-әрекетке мол мүмкіндік ашады, әрбір оқушы жалпы тапсырманың бір бөлігін орындайды, одан кейін топтың барлық мүшелері жұмыстың нәтижесін тыңдап бағалайды, сынып алдында сөйлеуге ұжымдық есеп даярлайды.

Е. Конникова топтық жұмыс жетістігінің үш негізгі шартын атап көрсетті:

a) балаларды қызықтыратын болуы керек;

ә) балалардың қызығушылығын ескеріп, тапсырмалар топтық жұмысқа сай болуы керек;

б) әрбір оқушы оның белсенді мүшесі болып, өзінің үлесін қосуы керек.

И. Первина топтық ұжымның дамуының негізгі төрт көрсеткіштерін белгілейді:

a) ұйымдастырушылық бірлігі;

ә) психологиялық бірлік (еріктік, эмоциялық, интеллектуалдық) ;

б) дайындық бірлігі ( топтық жұмыстағы әркімнің тәжірибесі)

в) жұмыстың бағыттылығы

Ж. Пиаже адамның ақылы өзін таниды, яғни психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста болады деген. Біз бір-бірімізбен қатынасқа түскенде дамимыз, соның нәтижесінде жаңа түсініктер қалыптасады. Ал, қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға (олардың пікіріне, идеяларына, көзқарастарына, мінезіне) бейімдеу деген сөз.

Шағын топтық, жұптық жұмыстар оқушыларда бірлік, бірегейлік сезім қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатынасы бар екендігін сезіндіреді. Ал, бірлесе көтерген жүктің жеңіл екендігі баршамызға аян. Проблемаларды шешу стратегиялары орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс - оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады.

Бұл тәсіл оқушыларға:

  • уақытты ұтымды жоспарлауға;
  • инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;
  • топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға;
  • топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т. б. ) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;
  • тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

1. 2 Топтарды қалыптастыру принциптері және олардың жұмысы

Топтасқан және топтық жұмыс дегеніміз не?

Топтық жұмыс-өзара іс-әрекет жасау философиясы, топтық жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.

Топтық жұмыс сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін, адамдардың жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады.

Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар барлығынан хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды.

Топтың жұмысы тиімді болуы үшін-өзіне жүктелген жауапкершілікті топ мүшелерінің арасында, берілген тапсырмаларды орындау барысында бірлесе орындап, өзара ортақ шешім қабылдау болып табылады.

Топтық жұмыстың негізгі аспектісі топ мүшелерінің белсенділігі арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген. Топтық жұмыстың мәні белсенді оқу. Бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Топтық жұмыс оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады, ашылады, белсенділігі артады.

Педагогикада топтық жұмыс тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та топтық жұмыс үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

5. Оқудың топтық ортасында оқушылар әлеуметтік және змоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар турлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.

Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша топтық жұмыс жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді.

Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.

Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді.

Сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:

  • кезекпен сөйлеу;
  • белсенді тыңдау;
  • сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау;
  • ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;
  • өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;
  • ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;
  • көмектесу және көмек сұрау;
  • түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;
  • идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау;
  • талқылаудың қорытындысын шығару;
  • дәйекті айғақтар келтіру.

Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Топтың құрылуы мұғалімнің әдіс-тәсіл арқылы бөлуінен құрылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады. Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі.

Топта жұмыс істеу ережелері.

Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Кез келген топтың барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет. Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек. Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек. Сыныппен жұмыс істеу барысында неге қол жеткізетіндерін және нені білу жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет. Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек. Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс үдерісі жайлы және оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек.

Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін белгіленген тапсырмалар мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс, олар топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып қамтамасыз етіп, жоғары деңгейдегі оқытуды, ойлауды және түсінуді дамыту үшін қолданылады. Әрбір оқу пәні бойынша бір оқу тоқсаны, жарты жыл аяқталғанша жұмыс істейтін топ құруға болады. Кейде бірнеше сабақтарда ғана топ жұмыс істейді. Оқу пәндерінен кеңес берушілер тағайындалып, олар оқушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды. Мұғалім оқушының жұмысына басшылық етеді. Кеңесші өз тобының мүшелерінің теориялық материалды меңгеруіне, іскерлік, дағдыларын шыңдауына көмектеседі, топ мүшелеріне жұмысты бөліп береді, жұмысты бақылайды, тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексереді, жазба жұмыстарына сын-пікір жазады. Мұғалім кеңесшіге әдістемелік нұсқау береді. Тапсырма бірдей де, әр түрлі де беріледі. Жұмыстың нәтижесін сабақ соңында тексеру керек. Топқа бірігу тәжірибелік жұмыстар, зертханалық жұмыстар істегенде, биология сабақтарында ауызекі сөйлеуге дағдыланғанда, дене тәрбиесінде жаттығу арқылы дағдыланғанда, еңбек сабақтарында жобалау техникалық жұмыс істегенде, мектеп жанындағы алаңдағы жұмыста, мәтінді, тарихи құжаттардың көшірмесін оқығанда пайдалы. Ұйымдастыру формасы дидактиканың негізгі салаларының бірі ретінде оқыту процесінің міндеттерін іске асыруда қолайлы жағдайлар туғызады. Сонымен бірге ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұнымен әдістері бірыңғай жүзеге асады. Форма туралы айтқанда біз ешқашан да оқытудың мазмұнын естен шығармауымыз керек. Себебі форманы мазмұннан бөлу, сөз жоқ формализмді туғызады. Егер оқу мазмұнын белгілеуде оның формасына, ұйымдастыру тәсіліне назар аударылмаса, қандай істе болса да, соның ішінде сабақты ұйымдастыру ісінде де, оң нәтижеге жету мүмкін болмайды.

Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз -мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған, белгілі тәртіппен өтілетін жұмыс. Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу әрбір үстем таптың мақсатына бағындырылып отырды.

Қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуымен оқыту мен тәрбиенің мақсаты және мазмұны, сонымен бірге ұйымдастыру тәсілдері де өзгерді.

Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан:

  • жеке-дара;
  • топтық;
  • сыныптық-сабақтық жүйе.

2. ТОПТЫҚ ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері
Интеграция – арнайы білім беруді ұйымдастырудың жаңа формасы
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Интеграция түсінігі
Мектеп биология курсында дәстүрлі емес сабақтарды қолдану
Шағын комплектілі мектепте оқытудың қазіргі жайы
ҚР инклюзивті білім бeруді ұйымдacтырудың зaмaнaуи тәжірибecі
БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МАМАНДАРЫН ДӘРЕЖЕЛІК ФУНКЦИЯЛАРЫ БАР ТЕҢДЕУЛЕР МЕН ТЕҢСІЗДІКТЕРДІ ШЕШУГЕ ТЕРЕҢДЕТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz