Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен дамуы
Тақырыбы: Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагог тұлғасы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагог тұлғасы 5
1.1 Педагог тұлғасы және оның қоғамдағы орны 5
1.2 Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогтың шеберлігі 11
2 Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагог тұлғасын қалыптастыру 15
2.1 Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі 15
2.2 Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен дамуы 19
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе
Мұғалім - өзінің әлеуметтік қызметі жағынан бірден-бір қоғамдық тұлға. Ол - белгілі бір әлеуметтік қауымның мұраттарын жүзеге асырушы, соны болашақ адамдардың негізгі қасиеттеріне айналдыру жолында еңбек ететін адам. Оқытушы қоғамның тәрбиелік функцияларын орындаумен қатар осы қоғамның әлеуметтік функцияларын орындайды, яғни оның қызметі тек қана белгілі бір білімдер қосындысын жас буынға берумен ғана тынбайды. Ол сонымен қатар өзі қызмет ететін қоғамның әлеуметтік мәнін, оның рухани байлығын өзінің барлық іс-әрекеттері, мінез-құлқы, өнегесі арқылы жастарға жеткізеді.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі сол, заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы болып отыр. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең сынампаз бөлігі болып табылады, - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде? Осындай жағдайлар курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін анықтап берді.
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.
Педагогикалық шеберліктің негізі - балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу - тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы сол, тақырып тура қазіргі педагог тұлғасының қоғамдағы орнын педагогикалық шеберлік арқылы қалыптастыру мәселесіне бағытталып отыр.
Мәселенің зерттелу деңгейіне келер болсақ, педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі мәселелерін зерттеумен Зязюн И.А., Занина Л.В., Меншикова Н.П., Кукушкин В.С., Дуйсембекова Ш.Д., Кан-Калик В.А., Елеусізова С., Грехнев В.С., Әбиев Ж., Бабаев С., Құдияров Н., Тілеуова С.С., Әліпбек А. Қабылдиев Ж., Қоянбаев Ж.Б. сияқты отандық және шетелдік ғалымдар айналысқан.
Курстық жұмыстың мақсаты - педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролін нақтылау болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
- педагог тұлғасы және оның әлеуметтік мәні мен қоғамдағы орнын негіздеу;
- педагогикалық шеберлік - педагогикалық мәдениеттің компоненті ретінде қарастыру;
- педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптарға тоқталу;
- педагогикалық шеберлік компоненттеріне тоқталып, оларға сипаттама беру;
- кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті - педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі ретінде қарастыру;
- педагогикалық шеберліктің негізі ретінде - педагогикалық қарым-қатынас стильдері мен түрлерін қарастыру.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролін нақтылаудың теориялық сұрақтары мен тәжірибелік мәселелеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция мен семинарлардың материалдары алынды.
1 Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагог тұлғасы
1.1 Педагог тұлғасы және оның қоғамдағы орны
Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, нарық жағдайында тірішілік етіп, жұмыс істей алатын барынша білімді адамдар қажет. Бұл жағдай Қазақстанның ақыл-ой және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл тұлға тәрбиелеу керектігін көрсетеді. Экономикалық дамудың нарықтық жолын таңдап, халықаралық аренаға шығуды көздеген Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіне, оның ішінде ерекше маңызы бар болашақ ұстазды даярлау ісіне зор мән береді.
Қазіргі қоғамдағы мұғалім - шығармашылық дамуға, ұшқыр ойлауға қабілетті, мемлекеттің даму бағыттарын терең түсінетін маман, ол кәсіптік қызмет міндеттерін жүйелі түрде көре білуі, мақсат қоя алуы және жемісті еңбек нәтижесіне ұмтылуы тиіс. Ең алдымен, мұғалім - адамгершілігі өте жоғары тұлға, ол адамзаттың биік идеалы әрі оның маңыздылығының критерийі болған, болып қала да бермек. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы мұғалімнің адамгершілік мәдениетінің маңыздылығына ерекше назар аудара отырып белгілі орыс философы Н.Бердяевтің мына бір сөзін еске түсіру орынды тәрізді: "Өмірдің биік мақсаттарына экономикалық немесе әлеуметтік емес, рухани мақсаттар жатады. Халықтың ұлылығы, оның адамзат тарихына қосар үлесі мемлекеттің күш-қуатымен де, экономикасының дамуымен де емес, рухани мәдениетімен анықталады"[1].
Адамгершілік дегеніміз не? П.Кропоткиннің анықтауынша, "... бұл өз бойыңнан адамдық қасиеттерді сезіну, сол қасиеттерді сақтап өмір сүруге ұмтылу, жағымсыз іс-әрекетіңе қиналу - мұның барлығы адам табиғатының ортақ, ажырамас ерекшелігі".
Бүгінгі күнде қаталдық белең алып, рухани салаға көзқарас ауытқуына байланысты, мектеп оқушысын тәрбиелеудегі адамгершілік қағидалар да біртіндеп мансұқ етілуде. Біз әлеуметтік қатынастар мен құндылықтардың үйлесімі бұзылғанына, оқушы жастардың адамгершілік мәдениетінің апатты түрде құлдырауына куә болып жүрміз. Бұл жағдайдағы бірден бір тірек - өмірдің адамгершілік критерийлері.
Қоғамның адамгершілік күштерін қалпына келтіруге түрткі болатын негізді табу және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің сыннан өткен этикалық бағдарларына күш салу бұл жағдайдағы маңызды міндет болып табылады. Оқушылардың, студенттердің білімділік, тәрбиелілік дәрежесі сияқты, олардың адамгершілік мәдениетінің дамуы да көптеген факторлар мен шарттарға, оның ішінде педагогтің адамгершілік мәдениетіне байланысты.
Ал педагогтің адамгершілік мәдениеті (В.Андреевтің айтуы бойынша) - "педагогтің жеке тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің үйлескен күрделі жүйесі, ол педагогтің даму , өзін-өзі дамыту дәрежесін, ізгілік дүниетанымға бейімділігін оның адамгершілік құндылықтарын, көзқарасы мен түсініктерін қоса алғанда сипаттайды, сондай-ақ оның білім, білік, қабілеттілік жүйесін танытады..." [1].
Болашақ мұғалімдерді даярлауда адамгершілік аспект елеулі рөл атқарады. Бұл мұғалімнің адамгершілік көзқарастарының толыққандылығы әрі тұрақтылығы ретінде сипатталады. Мұғалімнің адамгершілік санасының бір бөлшегі оның адамгершілік құндылықтарды ұға білуі және осы құндылықтарды өз шәкірттерінің қалай қабылдайтынына ой жүгіртуі болып табылады. Мораль талаптары мен ұстанымдарын, ережелерін білу және оларды педагогикалық іс-әрекетіне арнайы өзек ету мұғалімнің адамгершілік көзқарастарының қалыптасу негізі болады.
Кәсіби қызметте мұғалімнің адамгершілік сезімдері оның рухани дүниесінің эмоциялық жағы, тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде қарастырылады. Педагогтің өз кәсібіне қарым-қатынасын реттейтін сезімдер тобына кәсіби борышты сезіну, жауапкершілік, өзіне-өзі сын көзімен қарау, ар-намыс, т.б. жатады. Мұғалім оқу-тәрбие үрдісінің негізгі буыны болғандықтан, ол оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, т.с.с. жан-жақты өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Мұның ішінде мұғалімнің оқушылар ұжымымен бірлескен әрекеті өте маңызды, ол әрекет бірін-бірі құрметтеуге, әрбір тәрбиеленушінің өз қадір-қасиетін сезінуіне негізделуі қажет.
Педагог қызметінің адамгершілік аспектісі салыстырмалы дербестікке ие, басқа қызмет түрлерімен тығыз байланысты әрі алуан түрлі үлгіде жүзеге асырылуы мүмкін: адамгершілік ағарту, адамгершілік тәжірибесін ұйымдастыру, адамгершілікке өзін-өзі тәрбиелеу. Соңғысы моралдық бет-бұрыстың ажырамас элементі бола отырып өзіндік ерекшеліктері бар педагогикалық еңбек саласына өзінше ықпал етеді.
Педагогтің кәсіби әдеп кодексі педагогикалық мораль ұстанымдары мен ережелерінен туындайтын адамгершілік талаптарының жиынтығын анықтап, педагогтің педагогикалық қызмет үрдісіндегі іс-әрекеті мен қарым-қатынас жүйесін реттейді. Мұғалімнің өзі-өзіне, педагогтік еңбекке, оқушылар мен педагогтер ұжымына көзқарасын анықтайтын негізгі талаптардың орын алуы кодекстің іргелі бөлігіне жатады.
Болашақ мұғалімді даярлауда адамгершілік мәселесінің маңызы ерекше, өйткені , жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу салмағы осыған түседі. Бүгінгі күнде ғалым педагогтер жалпыадамзаттық құндылықтардың, адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой дамуынан гөрі басымдығын мойындап, орнықтыруға күш салуда. Мұғалім бала бойында қандай адамгершілік түсініктер қалыптасқанын, ол қандай жағжайға жүзеге асқанын білуі қажет. Ал баланың адамгершілік көзқарасының қалыптасуының, адамгершілік психологиялық ұғым-түсініктерінің бекуінің сөзсіз маңызды көзі - отбасы, онда өмірдің мәні мен мақсаты туралы алғашқы түсініктер, құндылық бағдар, адамгершілік және әлеуметтік қажеттілік т.б. қалыптасатыны белгілі. Ең дұрысы, педагог оқушының отбасындағы микро ортасының, ал ата-аналар мектептегі микро ортасының бір бөлшегі болулары тиіс. Отбасы - тұлғаны әлеуметтендірудің, мәдени, ұлттық, адамгершілік құндылықтардың тарихи жалғастығының маңызды институты. Биологиялық және адамгершілік жағынан бірдей дені сау бала өсіру керек қой, жас ұрпақтың саулығы - тұтас ұлттың амандығы.
Мұғалім - өзінің әлеуметтік қызметі жағынан бірден-бір қоғамдық тұлға. Ол - белгілі бір әлеуметтік қауымның мұраттарын жүзеге асырушы, соны болашақ адамдардың негізгі қасиеттеріне айналдыру жолында еңбек ететін адам. Оқытушы қоғамның тәрбиелік функцияларын орындаумен қатар осы қоғамның әлеуметтік функцияларын орындайды, яғни оның қызметі тек қана белгілі бір білімдер қосындысын жас буынға берумен ғана тынбайды. Ол сонымен қатар өзі қызмет ететін қоғамның әлеуметтік мәнін, оның рухани байлығын өзінің барлық іс-әрекеттері, мінез-құлқы, өнегесі арқылы жастарға жеткізеді [2].
Оқытушы - ең алдымен қоғамның рухани байлығын, оның құрамында моральдық сана және этикалық принциптер мен ережелері өзінің бойына сіңіріп, белгілі бір дәрежеде меңгерген адам. Осының салдарынан оқытушының жас өспірімдерге ететін әсері, сайып келгенде, қоғамның, ал дәлірек айтқанда, жеке алынған педагогикалық ұжымның әсері. Бұдан оқытушылық қызметтің қоғамдық мәні айқын көрінеді.
Әрқашан да қоғамдық тұрмыстың күрделілігін, оның қарама-қарсылықтар күресі, қайшылықтардың тартысы арқылы дамитынын көрсету - моральдық тәрбиенің негізгі принципі. Қоғамдық тұрмыстағы қайшылықтарды бүркемелеп, өмірді тек жағымды жағынан ғана көрсетудің пайдасы шамалы. Бала өзінің азды-көпті тәжірибесінде өмірдегі кемшіліктерді, кейбір адамдардың әділетсіздігін, мейірімсіздігін байқап қалады. Оның моральдық тәжірибесіндегі осы сияқты білімдер оқытушының айтқандарымен қайшы келсе, ол өмірге нигилистік тұрғыдан қарауы мүмкін. Сөйтіп, балалар санасында сенбеушілік сияқты ұнамсыз қасиет ұялайды. Осыған байланысты мұғалімнің міндеті өмірде кездесетін қайшылықтарды, олардың арасындағы күресті көрсете білу және осыдан шығатын білімдерді жас буынның рухани байлығына, іс-әрекеттерінің мызғымас берік тірегіне айналдыру. Сонымен қатар балаларды қиыншылықтарды жеңіп шығуға үйрету, олардың ерік күшін қалыптастыру - мұғалімнің ұстаздық парызы. Егер мұғалім өмірдегі қиыншылықтардың мәнін шәкірттеріне дұрыс түсіндіріп, сол қиындықтарды жеңіп шығудың жолын көрсете білсе, бұл жас ұрпақты өзіне-өзі сенімділік рухында тәрбиелей білгені.
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде сабақтың дәстүрлі емес, яғни жаңа түрлері қолданылып келеді. Олар - тренинг сабақтар, дебат сабақтар. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты - оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту. Сондықтан университет жағдайында болашақ педагогтердің таным белсенділігін арттырып, оларды оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияны пайдалануға дайындау қажет. Ол үшін студенттердің үнемі ізденуіне жол беріп, кәсіби шығармашылық әрекетін қалыптастыру керек.
Бүгінгі біздің қозғап отырған мәселеміз, мұғалімнің жан-жақтылығы. Жалпы мұғалім ол тек білім беруші ғана емес, бала жүрегіне жол табатын психолог болуы шарт. Ал мұғалім әлемдік білім беру жүйесінен мол ақпарат алып отырса, оның шәкіртке берген білімі нәрлі болады, кәсіби даярлығы мол мұғалімнің ілімі ғұмырлық сақталады деген тұжырым жасаймыз.
Бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға - ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Мемлекетіміздің жарқын болашағы мен гүлденуі үшін қазіргі жоғары оқу орнында мұғалім қандай болуы керек? деген заңды сұрақтар тууы сөзсіз. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орнына ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған қасаңдық пен жаттандылықтан аулақ, өмірлік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.
Мұғалімнің кәсіби біліктілігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі [2]:
Біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.
Екіншіден, пәнді жетік білуі, ойын оқушыларға толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді бойына сіңіруі, моральдық нормаларды білуі.
Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Педагог көп біліп қана қоймай, сол білгендерін оқушыға бере білуі қажет.
Ұстаз шеберлігінің төртінші құрамды бөлігі педагогикалық әдеп деуге болады.
Сонымен, педагогтік шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушыға жеткізе білуі, олардың толық қабыл алуын, толғанып бойға сіңіруін үйретуі.
Педагогикалық әдеп - мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, жалпы және арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығы іспетті. Шебер педагог болмай тұрып әдепті педагог болу әсте мүмкін емес.
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің маңызды рөлі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.
Мұғалімнің кәсіби деңгейі мен әлеуметтік беделі оқушы жүрегіне жол таба білумен мөлшерленеді. Бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарасақ, оқыту ісі тек сабақ беру ғана емес, оқытудың басты міндеті: мұғалімнің білім беруі және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екендігінде. Өскелең заман әрбір студентті жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді қажет етуде. Сондықтан студент қызметін басымдау етіп, үйренуші тұлға тек шәкірттер екенін ескеріп, білім беру ісін ұйымдастыруды дамыту жоғары оқу орынының бүгінгі басты нысанасы болмақ. Ұстаз шәкірттің білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның ынтасы, пәнге қызығуы қалыптаспайды. Өйткені, мұғалім тақырыпты бастан-аяқ талдап, өзі түсіндіріп, тек аз уақыт оқушының жаттығуды өзі орындауына ғана көңіл бөледі. Ал қазіргі жаңа технологияға байланысты білім беруді студент өзі ізденіп, жаңа тақырыпты оқып, түсініп, пәнге байланысты әдебиеттермен жұмыс жасап, жолдастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз нәтижеге қол жеткізеді.
Кәсіби шебер мұғалімнің бойында мынадай қасиеттері болуы тиіс:
1. сергектік, байқағыштық;
2. сезімталдық;
3. сенім;
4. әділдік;
5. байсалдық;
6. ұстамдылық, төзім, сабыр сақтау;
7. ілтипаттық.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орнындағы студенттерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін оқытушылардың қолынан ғана келеді. Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасуына байланысты. Сондықтан болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілігін жоғары оқу орнында жүйелі қалыптастыруға тиіспіз. Әсіресе, болашақ мұғалімдерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді, озат тәжірибелерді сараптап, шығармашылықпен жұмыс атқарып, олардың жеке шығармашылығын қалыптастыруға көңіл бөлу қажет.
Қоғамның жоғары педагогикалық білімді мамандарға қойылатын талаптары соңғы жылдары күрделенді. Жаңа қоғам мұғалімі - ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі көрсету (ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік), ақпараттың және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман. Сондықтан мұғалім білімнің өзіндік құндылығын анық саналы түсініп, өз пәнін жетік білуі тиіс. Ендеше болашақ кәсіби маман мына сапаларды меңгеруі шартты міндет:
1. Ол өз пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық үрдістегі әр қатысушының орнын көре білуі, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеуі;
оқушылардың негізгі құзырлығын қалыптастыруға дайындығы (құндылық-бағдар, жалпы мәдениет, оқу-танымдық, коммуникативтік, ақпараттық, әлеуметтік-тұлғалық, құзырлық және т.б.)
2.Оқушылардың адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, көп-мәдениетті, экологиялық, денсаулығын сақтау тәрбиесін жүзеге асыра білуі;
3.Білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру (мүмкіндігі шектеулі балалар, дарынды балалар, жетім балалар, ішімдікке, нашақорлыққа тәуелді балалар, т.б.).
Бұндай нәтижеге жету үшін болашақ мұғалімдерді даярлау жоғары оқу орындарында біртіндеп жүргізілуі қажет, тұлға болып сатылап қалыптасуы үшін оған жағдай жасау керек. Ол үшін алынған білім негізінде тұлғаның бағыты айқындалған сала бойынша кәсіби іс-әрекетін қалыптастыру шарт. Болашақ мұғалімдер тәжірибеде жинақталған теориялық білімдерін өмірде қолдану арқылы олардың кәсіби әдісі жинақталады. Сонымен кәсіби іс-әрекеттің технологиясы мен кәсіби өзіндік санасы қалыптасады.
Мамандықты меңгерген әрбір адам оның үш аспектісімен кездеседі: тұлғалық, мазмұндық, процессуалдық (технологиялық). Бұл аспектілер педагогтерге тән (профилге байланысты емес) пәндердің жеке ерекшеліктер іс-әрекетінде бейнеленеді [3].
Болашақ мұғалімдер "адам - адам" жүйесінде әсер ете білуі керек. Әлеуметтік - гуманитарлық пәндерден алған білім жүйесі болашақ мұғалімдерге оқу орнының педагогикалық үрдісінде ізгілікті қарым-қатынасты саналы меңгеруге көмектеседі. Бұл тек қана балалармен үздіксіз қарым-қатынас ұйымдастырған жағдайда ғана жүзеге асады. Мұғалімнің идеялық-адамгершілік позициясы тәрбие жұмысының әдістемесінде көрініс табады.
Сонымен қатар болашақ мұғалімдерді өндірістік іс-әрекет жағдайына бейімдеу қажет.
Психологиялық бейімделу - педагогикалық үрдісте субъектілердің психологиялық жағдайын түсінуге икемделуі десек, технологиялық бейімделу - оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістерін меңгеру. Бұдан басқа жоғары оқу орындарының көлденең және тігінен үйлестірілген педагогикалық әкімшілік іс-әрекеті жүйесіне де болашақ мұғалімдерді бейімдеу қажет.
Болашақ жаңа формация мұғалімін қалыптастырудың басты бағдарына инновациялық, шығармашылық ойлары бар тәрбие идеясы жатады. Соның нәтижесінде әлеуметтік мәнді сипаты, қарым-қатынасы, түрткісі және қалыптасқан құзырлық тірегі бар оқушының жаңа тұлғасы қалыптасады. Сол себепті болашақ мұғалімнен шығармашылық бағыттағы педагогикалық іс-әрекеттер талап етіледі. Олар төмендегілер:
1.болашақ педагог өзінің мүмкіндігін нақты бағалай білуге үйренуі, әлді және әлсіз жағын, мүмкіндіктерін әділ бағалауды білуі (өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, эмоционалды көңіл-күйді көрсете білу, қарым-қатынастық, дидактикалық қабілеттері, ерекшеліктері, т.б.);
2.жалпы мәдени-интеллектуалдық іс-әрекетті меңгеруі (ойлау, есте сақтау, қабылдау, елестету, көңіл бөлу);
3.әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциясында өтіп жатқан интеграциялық үрдісінде қазіргі білім берудегі көпмәдениеттілігі және мұғалімнің көптілділік даярлығына болжам жасауға бағдарлана білуі;
4.жастарды патриоттық рухта тәрбиелей отырып Отан игілігі үшін жемісті еңбек етуге ұмтылдыру және мемлекет пен қоғам үшін өзінің іс-әрекетінің маңыздылығын түсінуі.
Педагогикалық білім берудің мақсаты - педагог біліктілігінің дамуына көмектесу, кәсіби міндеттерді шешу қабілеттілігін жетілдіру, Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі білім беру жүйесінің даму ерекшелігін қамтамасыз ету және жалпы 12 жылдық білім беруді енгізу. Сондықтан еліміздегі педагогикалық білім берудің маңыздылығы педагогикалық кадрлар даярлығының сапасын жетілдіруді, әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденцияларын қоғам дамуының тұрақтылығы контексіне сәйкестендіріп реформалауды қажет етеді. Осыған орай, республикамыздың жоғары оқу орындарында сапа менджменті жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басты мақсат - білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеру, елдің индустриялдық-инновациялық стратегиясын қамтамасыз ету, т.б.жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру.
1.2 Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогтың шеберлігі
Педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.
Қазіргі жеделдету, демокрияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту жане жетілдіру. "Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы ... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын ... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. "( Ы. Алтынсарин ). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын кеңеюі, қазақ мектептері санының кобеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзиндик бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді кутуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.
Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек [4].
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.
Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қортылындай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара силастық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз.
Мұғалімге қойылатын талап - жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан - жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді [4].
Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан - жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па?
Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы. бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан - тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы.
Төртінші қыры - байқағыштық сезімі - көрегендігі.
Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
Алтыншы қыры - жан - жақты дарындылығы.
Жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.
Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп - этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz