Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жұбайлардың мүліктік құқықтары
НАРХОЗ
УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Некоммерческое акционерное общество
УНИВЕРСИТЕТ
НАРХОЗ
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МЕКТЕБІ
ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ
Қорғауға жіберілді
Құқық ҒББД директоры
_________ з.ғ.д., проф. Сулейманов А.Ф.
_____________2020 ж., хаттама №__
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы Жұбайлардың мүліктік құқығын құқықтық реттеу
5В030100-Құқықтану мамандығы бойынша
Орындаған:
5В030100-Құқықтану _____________ Ілияс А. Қ
ІV курс студенті
Ғылыми жетекшісі:
з.ғ.к., қауымдастырылған профессор _______________Амиров Н.К.
Алматы, 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖҰБАЙЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7
1.1 Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жұбайлардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.2 Неке шарты - ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтарының негізі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16
12 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖҰБАЙЛАРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
2.1 Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жұбайлардың мүліктік құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24
2.2 Жұбайлар мүлкінің заңдық режимінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...
37
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
57
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбының өзектілігі. Отбасы құқығы - құқық саласы ретінде отбасы қатынастарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтап және жұбайлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.
ҚР Конституцияның 1 бабында мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп айқын көрсетілген. Сондықтан отбасы, неке және ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастарын реттеу және олардың мүдделерін қорғау мемлекеттіміздің басты міндеті болып табылады.
ҚР Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы кодексінің 2-бабында жұбайлардың құқығының тең болуын айқындайды. Осыған байланысты кодексінің 32- бабында көрсетілгендей жұбайлардың некеге тұрғаннан бастап бірге жинаған мүлікке теңдей құқықтары бар. Жұбайлар ортақ меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдаланады.
Қазіргі уақытта мүлікті бөлісудің мақсаты ажырасу кезінде немесе жұбайлардың жеке пайдасы үшін ортақ мүліктің қалған бөлігін өндіріп алу болып табылады. Сотка некені бұзу туралы өтінішпен бірше ортақ мүлікті бөлісу туралы арыз беріледі. ҚР жұбайлардың ортақ меншікті бөлісу процессіндегі қателіктері:
- ҚР заңнамалық және нормативті-актілерінің білмеуі, құқықтық сауатсыздығы;
Отбасы қиыншылықтарын заңды түрде сотқа жеткізбей реттеу;
- Жұбайлардың бірі біріне деген реніштерінің басым алуы;
- Жұбайлардың бірі біріне қысым көрсетуі;
Үшінші тұлғалардың некеге араласуы.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған неке-отбасы қатынастары нәтижесінде туындайтын мүліктік-құқықтық қатынастарды реттеу мәселесі қазіргі кезеңде аса өзекті сипатқа ие.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Ерлі-зайыптылар арасында мүліктерінің теориялық мәнін ашып, ортақ мүлікті бөлісу және мүліктік құқықтарының реттелуіне талдау жасау. Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттереді шешу керек:
ҚР жұбайлардың мүліктік құқықтарының басым бөлігіне негіздеу;
ҚР жұбайлардың мүліктік құқықтарының қорғалу мәселелерін қарастыру және талдау;
ҚР жұбайлардың мүліктік құқықтарының қорғауды жетулдіру мәселелерін жетілдурі.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының зерттелу дәрежесі. Дипломдық жұмысты дайындау барысында Темірғали Ж., Баққұлов С.Д., Ынтымақов С. А., Карпушина Т. Д., Осеров Н.Н., Алимкулова А.С., Антокольская М. В., Муканова М.Ж., Ихсанов О.К., Тарусина Н.Н. авторардың еңбектері пайдаландым.
Дипломдық жқмыстың зерттеу объектісі. Дипломдық жқмыстың зерттеу объектісі - ҚР жұбайлардың мүліктік құқықтарын реттеу. Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтарын қорғау туралы құқықтық нормалар және басқа нормативтік - заңнамалар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың практикалық базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, ҚР Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы кодексі, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы құрайды.
Бұл жұмыс барысында мен ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік құқықтық қатынастары мен ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелеріне қатысты кейбір құқықтық-теориялық мәселелерді сараламақпын.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде Қазақстан Руспкбликасының заңдары бойынша жұбайлардың құқықтары мен міндеттеріне толық теориялық анықтама және беріледі. Сонымен қатар неке шартының түсіні толық сипатталады.
Екінші бөлімінде Қазақстан Ресупбликасының заңдары бойынша жұбайлардың мүліктік қатынастары мен мүліктік құқықтары туралы толықтай көрсетілген.
ҚР ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖҰБАЙЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1.1 Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жұбайлардың құқықтары мен міндеттерінің
Мемлекеттің ең басты ұясы - отбасы болып табылады. Сондықтан да, қоғам оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Сонымен қатар мемлекет некеге тұрған ерлі-зайыптыларға белгілі бір талаптар қояды. Тек берілген талаптардың орандалуы кезінде ғана мемлекет те ерлі-зайыптылардың құқықтарының қорғалуы туралы міндеттемелер қабылдайды. Мемлекеттен берілетін талаптар азаматтардың кемелдеуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты. Сондықтан, неге тұру барысында мемлекет көрсеткен шарттарды сақтау қажет. Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бүл өз кезегінде бұл саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынастарға коллизиялардың пайда болуына алып келеді.
Экономикалық құрылымның ерікшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге, сонымен қатар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді. Сонымен қатар, отбасындағы бала құқықтары, оларды асырап алу мен қорғаншылық, қамқоршылық институттарыныц халықаралық жеке құқықтың децгейінде ерекшеліктері бар. Отбасы құқығынында жұбайлардың арасында екі қатынас түрі бар:
- жеке мүліктік емес қатынастар
олармен байланысты мүліктік қатынастар.
Қатынастардың басымс бөлігін мүліктік емес қатынастар құрайды. Мүліктік қатынастардыңда екі түрі бар;
алименттік
неке кезінде бірге жинаған мүліктеріне қатысты жұбайлардың арасындағы қатынастар.
Жұбайлардың отбасылық өмірінің басым бөлігін құқықтық емес мораль реттейді. Отбасы қатынастары мемлекет үшін дербес қатынас болып табылады, сондықтан мемлекет ол қатынастардың неғұрлұм ерекше мағынасы барын және қоғамдақ мүддеден туындайтынын, әсіресе, отбасының кәмелетке толмаған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне байланысты қатынастарын жан -жақты реттейді. Жұбайлардың құқығын реттеу механизмі келесіде: ең алдымен ерлі-зайыптылар өздерінің қалауы бойынша еріктілік әдісін қолданады, бірақ егер оны жасамаса ҚР Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы кодексінің императивтік нормалары немесе басқа құқықтық актілер қолданылады. Жоғарыда келтірілген мысалдарға сәйкес:
ерлі-зайыптылардың мүлкіне қатысты жалпы ортақ меншік туралы жағдай әрекет етеді;
отбасы мүшелерін асырау қаражаты, яғни алимент ҚР Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы кодексінің ережесіне сәйкес алынады;
баланың тегін оның тууы туралы актілік жазу енгізгенде азаматтық хал актілерін жазу органдары анықтайды.
Неке туралы алғашқы декреттер 1918 жылғы азаматтық хал актілерін жазу, неке, отбасы және қамқоршылық құқығы туралы заңдар кодексінде көрініс тапты. Осы жылдың 18 желтоқсанда БОАК мен ХКК Азаматтық неке, балалар және азаматтық жағдайлар актілерінің кітабын жүргізу туралы алғашқы Декреті қабылданды. 19 желтоқсанда Некені бұзу туралы тағы да бір декрет қабылданды және келесі жағдайлар қарастырылды:
некені әкімшілік тәртіппен және соттық тәртіппен бұзу;
келісімсіз яғни еркінен тыс некеге тұрған әйелдерді босатуға негізделген неке еркіндігі қағидасы жарияланды.
1918 жылы отбасы құқығының барлық нормалары бір актіге - азаматтық хал актілері, неке, отбасы және қамқорлық құқық туралы заңдар Кодексіне біріктірілді. Қазіргі отбасы құқығының дамуы 1926 жылғы бүкілхалықтық талқылау нәтижесінде қабылданған жаңа отбасы кодексі - неке, отбасы және қамқорлық туралы кодексінен бастау алады. Оның кейбір баптары бүгінгі күні де сақталған:
- ерлер үшін де, әйелдер үшін де ортақ неке жасы 18;
- жұбайлардың жалпы ортақ жеке меншік ортақ мүлкі енгізілді;
- бала асырап алу қалпына келтірілді;
- әкені анықтау тәртібі жеңілдетілді;
- некені бұзу тәртібі өзгертілді:
Бұрынғы некені әкімшілік тәртіппен және соттық тәртіппен бұзу күшін жойып жұбайлар жеңілдетілген тәртіппен АХАЖ органдарында некелерін бұза алды.
Азаматтық құқықтан отбасы құқығының айырмашылығы, оның нормалары ең алдымен жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге бағытталған. Сонымен қатар отбасы құқығындағы қатынастардың өзі жат тұлғалардың арасында емес туыстардың, жұбайлардың, асырап алушылардың арасында, яғни жақын адамдардың арасында туындайды.
Азаматтық-құқықтық реттеудің әдісінің мәні бойынша жақтар заңды тұрғыдан тең болады. Отбасылық қатынастарда ата-ана мен кәмелетке толмаған баланың, қамқоршы мен қорғаншының, асырап алушы мен асырап алынғандардың арасындағы теңдік туралы айту өте қиын. Тек жұбайлардың толық теңдігін байқауға болады. Отбасы қатынасының мүшелеріне алиментті уақытына төлемеуіне байланысты жағдайдан басқа мүліктік сипаттағы санкция қолданылмайды, ал азаматтық құқықта мүліктік санкция ең басты болып табылады. Осылайша, отбасы құқығын азаматтық құқықтан оның пәні әдәсі, субъективтік құрамы, жауапкершілігі және т.б. арқылы бөлуге болады. Осыдан келіп біз отбасы құқығы Қазақстан Республикасының жеке құқық саласы деген қортынды жасай аламыз.
Отбасы құқығы - некеден, туыстықтан, бала асырап алуданнемесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын жеке мүліктік емес және олармен байланысты мүліктік құқықтық қатынастарды императивті - еріктілік әдіс негізінде реттейтін отбасы-құқықтық нормалаларының жиынтығы.
Отбасы құқығының мақсаты - отбасы мүшелерінің арасында пайда болатын отбасы қатынастарын реттеу. ҚР Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы кодексінің 3 бабында еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі, отбасы ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол бермеу, отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу және т.б. айтылған. Біздің мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі отбасы құқығы субъектілерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету және ол құқықтарды соттық қорғау мүмкіндігін жүзеге асыру. Отбасы құқығының қағидалары деп осы құқық саласының мәнін және олардың құқықтық бекітілу күшіндегі жалпыға міндетті мәнін анықтайтын басты жағдайларды айтамыз.
Отбасы құқығының қайнар көзі - бұл отбасы-құқықтық нормаларының сыртық көрінісінің нысаны. Отбасы құқығының негізгі қайнар көзі 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған ҚР Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы кодексі болып табылады. Онда кодекс жобасын талқылау барысында барлық мүдделі тұлғалардың айтқан ұсыныстары ескерілген. ҚР Неке (ерлі - зайптылық) және отбасы туралы кодексі нормалары конституциялық бастауларға негізделген. 27 ҚР Конституциясының бабы келесі жағдайларды бекітеді:
Неке мен отбасы, ата-ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады.
Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы және міндеті болып табылады.
Кәмелетке толған еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті
ҚР Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы кодексінің 4 бабы отбасы құқығының қайнар көздерінің құрамына Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген неке және отбасы туралы заңдар мен отбасы құқығының нормаларынан тұратын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады деп көрсетеді. 1
Отбасы құқығының қайнар көзі болып табылады:
Бала құқығы туралы 2002 ж. 8 тамыздағы ҚР Заңы
Қазақстан Республикасының шет елде алимент өндіру туралы Конвенцияға қосылуы туралы 1999 ж. 30 желтоқсандағы № 33-ІІ ҚР Заңы
1993 ж. 30 наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқықтық көмек туралы Конвенцияны ратификациялау туралы 2004 ж. 10 наурыздағы ҚР Заңы
Қазақ ұлтының тұлғаларының тегі мен әкесінің атын жазумен байланысты сұрақтарды шешу тәртібі туралы 1996 ж. 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және т.б.
Отбасы қатынастарына азаматтық заң екі жағдайда қолданылады:
Біріншіден, ол туралы ҚР Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы кодексінде немесе басқа да азаматтық-құқықтықактілердің сәйкес нормаларын қолдану туралы тікелей сілтеме болдса;
Екіншіден, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынас отбасы-құқықтық нормалармен реттелмесе және осы отбасы қатынастарын реттейтін қажетті азаматтық заң нормалары болса.
ҚР Жоғарғы Сотының қаулылары мен басқа да нормативтік актілері отбасы құқығының қайнар көзі болып табылмайды, бірақ құқықты қолдану тәжірибесінде өзіндік әсер етеді. Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқық, туыстық, бала асырап алу жэне баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып болып табылады. Тіркелген неке жұбайлардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады. ҚР Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы кодексінің 29-бабына сәйкес жұбайлардың жеке құқықтарына мыналар жатады 1 сурет:
1 - сурет - Жұбайлардың жеке құқығы
Ескерту: автормен құрастырылған
Заңға сәйкес жұбайлар құқықтары да міндеттерді де тең атқарады. Жұбайлардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, жұбайлардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.
Қолданылып жүрген заңды текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге жұбайлар өздерінің қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы. Кейбір мемлекеттерді, оның ішінде ТМД құрамына кіретін мемлекеттердің заңдары бойынша жұбайлардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды.
ҚР Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы кодексінің 30-бабында жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.
Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу отбасының бюджетін бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізу, туған-туысқандарымен бірге немесе бөлек тұру міндеттері жұбайлардың бір-бірімен келісімі бойынша шешілетінін белгілейді. Жұбайлардың ешқайсысы да өзінің еркін екіншісіне тануға құқылы емес. Егер жұбайлар кейбір мәселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін Заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, жұбайлар арасында балалар тәрбиесі мен тек таңдауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шеше алады.
Жұбайлар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады:
ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін жұбайлар бірлесіп шешеді.
Жұбайлар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Некеге тұру кезінде жұбайлар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не жұбайлардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Жұбайлардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті меншіктену және және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен туындайды.
Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның Жұбайлардың мүліктік құқықтары мен міндеттері деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екіншісі - Заңның Жұбайлардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері деп аталатын 18-тарауындағы нормалармен реттеледі. Жұбайлардың меншік құқығының регламентациясы немесе басқаша айтқанда олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа Заңда жұбайлардың заңды мүліктік режимі де, жұбайлар мүлкінің неке шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.
Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданылып жүрсе де, көп жағдайда ерлі-зайптылар мүлкінің заңды режимі - олардың ортақ бірлескен меншік режимі қолданылады.
Бұған дейін де айтылғандай, жұбайлардың отбасындағы құқығының тең болу принциптерін айқындайды. Осы ортақ принциптің пайда болуына жұбайлардың некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқылығы ықпал етеді. ҚР Неке (ерлі-зайптылық) және отбасы туралы кодексінің 32-бабына сәйкес жұбайлардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлекскен ортақ меншігі болып табылады. Жұбайлардың мұндай меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдалана алады. Нақты өмірде белгілі бір заттарды әйелі тұрақты пайдаланса, екінші бір затты ері тұтынады, үшінші бір затты олардың екеуі де пайдаланады.
Заңда жұбайлардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған жұбайлардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ жұбайлардың мүлкі) және т.б. жатады.
Жалпы тәртіп бойынша жұбайлардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Жұбайлардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншылықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) жұбайлардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған, немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.
Некелескен күннен бастап жұбайлардың жинаған ортақ мүліктерінен басқа, олардың әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері ғана меншік етеді. Ерлі-зайыптылардың жеке мүліктеріне:
ері мен әйелінің некеге тұрғанға дейінгі немесе жұбайлардың, некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары,
ері мен әйелінің сый ретінде алған, немесе мұрагерлік жолымен иемденген заттары,
жеке пайдаланылатын заттары (сырт киім, аяқ киім, т.б.) жатады.
Ал жұбайлардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттары, ортақ қаржылары ортақ мүлікке жасады. Мысалы, әйелінің алтын зергерлік бұйымдары, ерінің қымбат көлігі жұбайлардың ортақ мүлкі болып саналады. Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде жұбайлардың тапқан мүліктерін сот олардың жеке меншігі деп тануы мүмкін. 2, 34 бап
Жұбайлардың әрқайсысы ортақ меншікке байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Яғни Заңның талап етуі бойынша ерлі - зайыптылар бір-бірінің келісімін алуы қажет. Екінші жұбайдың жазбаша келісімімен ғана ортақ меншікке байланысты нотариалды рәсімделеді. Жұбайлардың, әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқығы бар және ортақ меншікті бөліске салғанда олардың үлестері тең болуы тиіс. Бірақ та отбасының жалпы табысына жұбайлардың әрқайсысының үлесі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Ортақ меншікті бөлу кезңнде жұбайлардың әрқайсысына қандай мүліктің берілетінін сот айқындауы қажет. Егер жұбайлардың біріне берілетін меншік құны жағынан оның үлесінен артық болған жағдайда, онда екіншісіне бұл үшін тиісті өтемақы төлуі қажет. 2, 37 бап
Ерлі-зайыптылардың, бір-бірін асырап бағу жөніндегі міндеттеріне сәйкес олар бір-біріне асырап бағу жөніндегі міндеттеріне сәйкес олар бір-біріне материалдық қолдау көрсетуге (алимент) міндетті. Жұбайлардың бірі мұндай қолдау көрсетуден бас тартқан жағдайда еңбекке жарамсыз жұбайының, сондай-ақ жүкті кезінде және бала туғаннан бастап үш жыл бойы әйелінің алиментті сот арқылы алуға құқы бар, бұл үшін жұбайының қолдау көрсетуге қаражаты болуға тиіс.
Алимент алушы жұбайының еңбекке жарамсыздығы заң жүзінде анықталады. Заң бойынша мүгедектердің барлық үш тобы және зейнет жасындағы азаматтар еңбекке жарамсыз деп танылады. Қарзірге кезде заңда материалдық жағдайы төмен жұбайының мүгедек ортақ баланы бағып күткені үшін жұбайынан алимент алу мүмкіндігі қарастырылған. 2, 133 бап
1.2 Неке шарты - ерлі - зайыптылардың мүліктік құқықтарының негізі ретінде
Неке - еркек пен әйелдің өзара сүйіспеншілік және сыйлау сезіміне негізделіп отбасын құру мақсатымен келісілген ерікті, ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең құқылы одақ. ҚР Заңы бойынша некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеге тұрушы немесе некеде тұрған жұбайлардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты - нотариуспен расталған, жазбаша түрде некеге тұратын немесе некеде тұрған жұбайлардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.
Қазақстандық заңнамаларда жұбайлардың мүліктік қатынастарын құқықтық реттеу мақсатында неке шарты қолданылады. Бұл құжатты жұбайлар нотариуста куәландырады. Неке шартының негізгі қызметі- жұбайлар арасындағы мүліктік және қаржылық қатынастарды реттеу болып табылады. Сонымен қатар басқа мемлекеттерде неке шартында жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу де көрсетілген. Бірақ біздің мемлекетте неке шартын жасау көрсеткіші төмен. Себебі азаматтардың көбісі орта деңгейдегі адамдар болғандықтан, бөлісетін ештеңе жоқ деп ойлаймын.
Заңгерлер неке шартының белең алмауының бір себебі: Кеңес менталитетінің басылмағандығы, онда жоғары моральдік принциптері, мәңгі махаббат және әр түрлі меншіктікке күресті басшылыққа алған еді. Ал неке шарты болса, ажырасу кезінде өзекті болып отыр. Ресми түрдегі неке байланыстары кезінде ешкім оның соңы бұзылуға әкеп соғады деп ойламайды. Ресми ақпаратқа сәйкес некеге тұрушылардың орта жас 19-20 жас аралығы болып табылады. Неке жасын төмендету үшін некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қамқоршылары неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептермен қоса құжаттарды көрсету керек және неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі. Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе жұбайлардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтар мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады деп көрсетілген. 2, 38 бап
Неке шарты жұбайлардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады. Сонымен бірге неке шартын өзгерту немесе бұзу неке шартына сәйкес жасалады, яғни сәйкесінше ол жазбаша жасалады және нотариуспен куәландырылады. 2, 41 бап
Неке шартын орындаудан бір жақты бас тартуға жол берілмейді. Егер шарттың бұзылуы мен өзгертілуіне бір тарап себепші болса, келесі тарапқа кеткен шығын үшін орнын толтыруды талап етуге құқылы. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сай шарты өзгерту немесе бұзу екі тараптың бірінің келісімі бойынша мүмкін.
Егер екі тарап қандай да бір келісімге келмесе, онда ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 41 бабының 2 тармағына сәйкес бір тараптың талап етуімен контракт өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін:
келесі тарап шарты бұзған жағдайда, мысалы, жұбайының дұрыс өмір сүруі үшін қамтамасыз ету контрактісіне қатысты бұзушылықтар
заң актілері немесе шарт қарастырған басқа жағдайлар.
Неке шарты тараптарды келеңсіз жағдайдан қорғайды. Және отбасында жұбайлардың қатынасын реттейді. Егер отбасы бұзылған жағдайда бұрынғы жұбайларды соттың әртүрлі ұрысынан сақтайды. Неке шартын бұзу дегеніміз - ол отбасын құлатуды білдіреді. Егер жағымды әрекет деп айтуға болатын болса, ол адамның бостандығын көрсететін демонстрациясының белгісі болып табылады.
Неке шартын өзгерту немесе бұзу белгілі бір жағдайлардың өзгертуімен байланысты болуы мүмкін.
Егер неке шартында басқа жайттар көрсетілмесе неке шартын негізін бұзу немесе тек сот тәртібі арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан сот әрбір нақты істерде ерекше неке шартын реттейтін қатынастарды анықтап алып, шын мәнінде жұбайлардың біреуінің берген арызы неке шартын өзгерту мен бұзуға лайықты ма екендігін тексереді. Бұл жағдайда жұбайлардың материалды немесе отбасы қатынастарының өзгеруінде болуы мүмкін. Неке шартын бұзуда сот кез-келген тараптың талап арызы бойынша неке шартын бұзудағы салдарды анықтау керек. Өйткені жұбайлар арасында әділетті түрде осы шартты орындауға шығынды ерлі-зайыптыға тең түрде бөледі.
Неке шарты қолданысы неке тоқталғаннан кейін тоқтатылады, бірақ неке тоқтатылғаннан кейінгі кезеңдер көрсетілмесе (көбіне жұбайлардың бір-біріне және өздерінің балаларына деген қатынастарына әлеуметтік міндеттемелері). АХАЖ органдарында жасалған неке азаматтық хал актілерінің жазбасы кітабында неке тоқтатылуының мемлекеттік тіркеу күнінен бастап тоқтатылады, ал сот арқылы бұзылған неке сот шешімінің өз заңды күшіне енген күннен бастап жүзеге асырылады. Сондықтан осы жағдайларда әртүрлі міндеттіліктер тоқтатылмайды.
Неке шарты жұбайлардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады. Неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді. Жұбайлардың біреуінің талап етуі бойынша неке шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде шартын өзгерту және бұзу үшін белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша соттың шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
Неке шартында неке тоқтатылғаннан кейінгі кезеңге арналып көзделген міндеттерді қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.
Неке шарты мынандай жағдайда жарамсыз деп танылады:
Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде мәмілелердің жарамсыздығы үшін көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін.
Егер шарттың талаптары жұбайлардың бірін өте қолайсыз жағдайда қалдыратын болса, олардың бірінің талап етуі бойынша да, сот неке шартын толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін.
Неке шарты мына жағдайларда жарамсыз деп танылады:
кәмелет жасқа толмағандар арасындағы ата-анасының, асыраушысының, қамқоршысының келісімінсіз жасалған неке шарты; ата-анасының, асыраушысының, қамқоршысының сотқа арызы бойынша. Яғни ол тек соңғылардың талабы бойынша, жарамсыз деп танылады. Мұндай талапсыз ол өз заңдылығын сақтайды.
егер неке шарты психикалық ауру немесе ақыл-есінен айрылған адамдар арасында жасалса; ақыл-есінен айрылған тұлғалар арасында жасалған неке шарты, егер оның қамқоршысы сол уақытта психологиялық ауытқу жағдайында болды деп сотқа арызданса.
сот шешімі бойынша іс-әрекеті шектеулі тұлға арасында жалған неке шарты оның қамқоршысының арызы бойынша жарамсыз деп танылады. Бұл алкогольді заттарды пайдаланатын, есірткімен шұғылданатын тұлғалардың, қамқоршысының келісімінсіз неке шартының жасалуы. Мұндай жағдайда қамқоршысының сотқа берген талап, арызы бойынша жарамсыз деп танылады.
егер тұлға іс-әрекетке қабілетті болып, бірақ дәл келісімді жасау сәтінде өз іс-әрекетіне жауап бере алмайтын халде болса, бұл неке шарты сол тұлғаның тала-арызы бойынша жарамсыз деп танылады. Бірақ өмір бойына сотқа арыз беруге оның мүмкіндігі болмаған болса, бұны мүдделі болған адам жасай алады.
егер неке шарты жасалғанннан кейін жұбайлардың бірі іс-әрекетке қабілетсіз деп танылса, онда оның қамқоршысы неке шартының жарамсыздығы туралы сотқа арыздануға құқылы. Егер неке шартын жасау барысында қамқорлықтағы тұлғаның өз іс-әрекетін басқаруға және түсінуге қабілетсіз болғандығы дәлелденсе, қамқоршының талабы қанағаттандырылуы тиіс.
жаңылысу нәтижесінде құрылған неке шарты адасу негізінде іс-әрекет еткен тұлғаның, сотқа шағымы бойынша, жарамсыз деп танылады. Егер жаңылысу екі тараптың бірінің дөрекі қатесі негізінде жасалса, онда сот екі тараптың көзқарасын ескере отырып, неке шартын жарамсыз деп танитын арызға теріс жауап қайтаруы мүмкін. Жаңылысу түрінде жасалған деп келісім ымыра жасау сияқтыларды айтады. Егер екі тараптың еркін басқа келісім жасаушылар белгілі бір жағдайлардың әсері нәтижесінде неке шартын жасаса, ол жаңылысу жағдайы болып есептеледі.
өтірік, зорлық-зомбылық, үркіту негізінде, сонымен қатар ауыр жағдай нәтижесінде, өзіне қолайсыз жағдайда жасалған неке шарты жарамсыз болып табылады. Неке шартын жасау барысында өз еркін толық білдіре алмаған, сол үшін өз көзқарастарының мүддесі үшін іс-әрекет ете алмаған тараптың сотқа талап-арызы бойынша, неке шарты жарамсыз деп танылады. Ескере кететін жайт, зорлық-зомбылық, үркіту тек екі тараптың болуымен қатар, тағы да мүдделі тарапқа да жасалуы мүмкін. Жалған неке шартын жасауда белгілі бір мақсатпен басқа тарапты жаңылысқа әкеледі. Жалған айту - белсенді іс-әрекет ету (жалған ақпарат тарату) және әрекетсіздік (неке шартына әсер ететін маңызды фактілер туралы үндемеу) түрінде болады. Зорлық-зомбылық - шарт мүшесіне денелік немесе моральдік зорлық жасап, оған неке шартын жасауда күш көрсету, яғни бұл заңға қарама-қайшы іс-әрекет болып есептеледі. Қорқыту - шарт мүшесіне психологиялық әсер ету. Неке шартын жарамсыз деп тану үшін қорқыту болжамалы түрде емес, нақты түрде болуы керек. Жұбайлардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды. 3
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖҰБАЙЛАРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
2.1 Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жұбайлардың мүліктік құқықтары
Жұбайлар арасында пайда болатын қатынастар күрделі әрі көп қырлы болып келеді. Жұбайлар некеге тұрған кезде көптеген әр түрлі қатынастарға түседі, олардың көбісі құқықпен реттелуге жатпайды. Сонда да кейбір қатынастар құқықтық реттелуге жатқызылады. Солардың ішінде жұбайлардың мүліктік қатынастары да үлкен орынға ие болып отыр. Жұбайлардың мүліктік қатынастары жеке мүліктік емес қатынастардан гөрі жеңілірек реттеледі.
Ерлі - зайыптылар арасындағы жеке қатынастар, мүліктік қатынастармен салыстырғанда ерлі - зайыптылардың өмірінде,сөзсіз үлкен орын алады және маңызды роль атқарады. Ерлі - зайыптылардың күнделікті өмірінің негізін құрайтын қатынастардың көпшілігі құқықтан тысқары жатады. Сондықтан да құқықпен реттелетін ерлі - зайыптылар қатынастарының ішінде, жеке қатынастар мүліктік қатынастарға қарағанда елеулі түрде аз орын беріледі.
Ерлі - зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттеріне арналған Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 6 - тарауы бар болғаны үш баптан ғана тұрады, ал ерлі - зайыптылардың мүліктік қатынасы 14 баппен реттеледі. Алайда, мәселе баптардың санында ғана емес. Тіпті, жеке мүліктік емес құқықтар отбасы құқығы нормаларымен бекітілген жағдайларда да, көптеген жағдайларда, бұл бар болғаны норма - декларациялар ғана, нақты заңдық нормалар емес, өйткені осы құқықтарды бұзғаны үшін санкциялар қолдану мүмкін емес. Ең алдымен, сөз, отбасы өмірі мәселелерін шешу кезіндегі ерлі - зайыптылардың теңдігін бекітетін нормалар туралы болып отыр.
Алайда, норма - декларациялык-кұқықтық құндылықтарға ие емес деп санауға болмайды. Біріншіден, құқықтық нормалар қатарына моральдық нормаларды жатқызады, олар мемлекеттің отбасылық - құқықтық саясатын жария етеді, екіншіден, олар сондай - ақ тәрбиелік маңызға ие, белгілі бір мінез - құлық эталонын жасайды.
Ерлі - зайыптылардың жеке қатынасын реттейтін нормаларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Ерлі - зайыптылардың айналысатын қызметін, мамандығын, тұрғылықты жерін таңдау құқығын бекітетін, құқықтық табиғаты бойынша конституциялық құқық нормалары болып саналатын нормалар бірінші топты құрайды. Санкциялар арқылы айырылған, жоғарыда айтылған норма - декларациялар екінші топқа кіреді. Және үшінші топ қана санкциялармен жабдықталған, кәдімгі отбасылық - құқықтық нормалардан тұрады. 4
Ерлі - зайыптылардың мүліктік қатынасы жеке мүліктік емес қатынасқа қарағанда құқықтық тұрғыдан неғұрлым жақсы реттеледі. Сондықтан да ерлі - зайыптылардың өмірінде онымен салыстырғанда елеулі түрде аз орын ала отырып, олар соған қарамастан құқықпен реттелетін ерлі - зайыптылар қатынасының басым көпшілігін құрайды.
Ерлі - зайыптылардың мүліктік қатынастары, біріншіден, мүліктік құқықтар әрқашанда дерлік мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екендігінен және мүліктік міндеттерді орындамағаны үшін санкциялар белгіленуі мүмкін екендігінен құқықтық реттеуді қажетсінеді. Мұнан өзге, мүліктік қатынастарда айқындық болуы қажет. Ерлі - зайыптылардың өздері, сол сияқты үшінші тұлғалар: мұрагерлер, кредиторлар, контрагенттер осыған мүдделі болып саналады.
Алайда ерлі - зайыптылардың мүліктік қатынасының барлығы құқықпен реттелмейді. Олардың кейбір бөлігі құқықтың сыртында қалады, мысалы, пәтерақыны кім төлейді, жазғы демалысты кім төлейді, осылар туралы күнделікті өмірде жасалатын ерлі - зайыптылардың келісімі, негізінен таза тұрмыстық сипатқа ие және мәжбүрлеу арқылы жүзеге асыруға жатпайды.
Ерлі - зайыптылардың меншігі туралы жалпы ереже қазіргі уақытта ҚР Азаматтық Кодексте (223-бабы) енгізілген. Демек, ерлі - зайыптылардың бір (бірлескен) меншігі бір мезгілде азаматтық және отбасы заңдарымен реттеледі. Тұтастай түрде меншік туралы және жиі түрде бірлескен меншік туралы Азаматтық кодекстің жалпыға бірдей нормалары оған қолдануға қолайлы. Ерлі - зайыптылардың меншігі туралы отбасы заңнамасы Азаматтық кодекске қайшы келеді.
Ол, біріншіден, АК ережесін егжей - тегжейлі баяндап, оны толықтырады, екіншіден, отбасы қатынастарының ерекшелігімен байланысты, азаматтық заңнамада көзделген жалпы ережелерден белгілі бір ерекшелікті айқындайды.
Ерлі - зайыптылардың меншік құқығы туралы азаматтық және отбасы нормаларының ара қатынасын, отбасы және азаматтық заңдарын жалпы және арнайы нормалар ретінде қарастыруға болатын неғұрлым айқын да анық иллюстрация деп есептеуге болады. Ерлі - зайыптылардың мүліктік қатынасын реттейтін нормалар Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексте аса елеулі өзгерістерге ұшырады деп, сөзді көбейтпей-ақ айтуға болады. Мүліктік қатынастарды реттеудің принциптерінің өзі өзгереді. Ерлі - зайыптылардың келісімдерінің көмегімен оны өзгертуге рұқсат етпейтін императивтік нормалармен белігіленген ерлі - зайыптылар мүлкінің заңды тәртібінің орнына, жаңа заңнамада, диспозитивтік нормалармен белгіленген ерлі - зайыптылар мүлкінің заңды тәртібі көрсетілген. Бұл тәртіп, егер ерлі - зайыптылар неке шартының көмегімен оны өзгерткісі келмесе немесе неке шарты бұзылса, сондай - ақ заңсыз деп танылса, осындай жағдайларда ғана ерлі - зайыптылардың мүліктік қатынастарына қолданылады. 5
Ерлі зайыптылардың мүліктік қатынасын келесі екі топқа: ерлі- зайыптылардың меншік қатынасы және жұбайлардың алименттік құқықтық қатынасына бөлуге болады. Меншік бойынша ерлі зайыптылардың қатынасын реттейтін нормалар, жұбайлар мүлкінің заңдық тәртібін белгілейтін нормаларды, үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелер бойынша жұбайлардың жауапкершілігін реттейтін нормаларды енгізеді.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 33- бабының 2-тармағында ортақ меншіктің негізі түрлері келтірілген. Бұл ең алдымен, ерлі - зайыптылардың әр бірінің еңбек және кәсіпкерлік қызметтен алған кірістері, интеллектуалдық қызмет нәтижелері, зейнетақы, жәрдемақы және арнайы мақсатта тағайындалуға ие емес өзге ақша төлемдері. Сондай - ақ жалпы табыс есебінен сатып алған заттар, бағалы қағаздар, пайлар, салымдар, банкіге, өзге несие мекемелеріне салынған капиталдағы үлестер, сондай - ақ өзге кәсіпорындар мен ұйымдардағы салған үлестері, өзге мүліктер. 6
Қай кезден бастап ерлі - зайыптылардың мүлкі ортақ болып саналатынын анықтаудың зор маңызы бар. Осыған байланысты шаруашылықты, мүлікті жүргізуден табыстарды бөлу кезінде ерлі - зайыптылар алған тұрмыстық заттар, ақша қаражаттары айтылған болатын, осы қаражаттарға сатып алған мүліктер, жалпы негіздегі ерлі - зайыптылардың бірлескен меншігі туралы АК нормаларымен және Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексімен реттеледі.
Жұбайлар некеде тұрған кезінде де азаматтық құқық қабілеттілігін және әрекет қабілеттілігін сақтайды, сондықтан олар кез келген азаматтық құқықтар мен міндеттерді иелене алады. Соның бірі Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-шы бабында белгіленген меншік құқығы: "Қазақстан Республикасы азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі". Осы кепілдікке қосымша кепілдікті бекітетін заңдардың бірі болып Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі, жеке кәсіпкерлік туралы заң танылады. Осы заңдардың бірі болып Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, неке және отбасы туралы заңы, жеке кәсіпкерлік туралы заң танылады. Осы заңдар жұбайлардың мүліктік қатынастарын реттейді. Мүліктік қатынастар болып мүлікке байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар табылады. Мүлік құрамына заттар, мүліктік құқықтар, мүліктің активін және пассивін құрайтын міндеттемелік талап ету. Активке жұбайлардың некеде тұру кезінде бірлесіп жинаған мүлкін жатқызуға болады. Ал пассивке жұбайлардың ортақ міндеттемелерін жатқызуға болады. Мысалы: банктен алынған несие. Осы несиені банкке қайтару жұбайлардың ортақ міндеті болып табылады. 7
Жалпы азаматтық құқық нормаларында мүлікті екі топқа бөлінеді 2 сурет.
2- сурет - Мүліктің жіктелуі
Ескерту: автормен құрастырылған
Қозғалмайтын мүлікке азаматтық кодекстің 117-ші бабына сәйкес жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, орнын ауыстыру олардың мақсатына сыйыспайтын шығын жұмсалмайынша мүмкін болмайтын мүлік жатады. Сондай-ақ, мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, өзен-теңіз жүзу кемесі, ғарыштық объектілер де қозғалмайтын мүлікке теңестіріледі. Ал қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар және басқа мүліктер қозғалатын мүлік деп танылады. Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік реестрде тіркелуі керек. Ал қозғалатын мүлікке құқықты тіркеу талап етілмейді (заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде).
Бағалы қағаздар қозғалатын мүлік қатарына жатады. Белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бағалы қағаздардың түрлері: акция, облигация, коносамент және т.б. Сондай-ақ, бағалы қағаздар ұсынбалы ордерлік, атаулы болып бөлінеді. 8
Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылатын құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады. Ал ордерлік бағалы қағазбен куәландырылатын құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылатын құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады. Бағалы қағаздарды шығару мемлекеттік тіркеуден өтпесе бұл бағалы қағаз жарамсыз деп танылады. Мысалы, белгілі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz