Сауалнама жауабы

Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Ақтау қаласы
химия-биологиялык бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстан тарихы (ҚӘҚ)
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМЫ
Тақырып: Бұқаралық ақпарат құралдар мен әлеуметтік желілердің қоғамға тигізер әсері қандай?

(2587 сөз)

Орындаған: Бөрібай Аружан Саматқызы ____________
(қолы)
Жетекші: Жалғасбаева Салтанат Турарбековна __________
(қолы)

Ақтау, 2022ж

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
А) Жинақталған дереккөздерді талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 4
В) Тәжірибелік зерттеу әдістерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..6
C) Зерттеу жұмыстың SWOT - талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
D) Зерттеу жұмыстың SWOT - шешімдерді талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .9
2.ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

3.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
4.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...11

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

КІРІСПЕ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеудің өзектілігі:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бұқаралық ақпарат құралдары - арнайы техниканың көмегімен қоғамға кез-келген ақпаратты жариялайтын әлеуметтік мекемелер. Ал әлеуметтік желілер деп қызығушылығы ұқсас адамдар бірігетін, танысу және қандай да бір қарым-қатынас орнату мақсатында қолданылатын онлайн платформаны айтамыз. Қазіргі таңда осы екі сала қоғам ойының қалыптасуына, өзгеруіне және жеке сенімдерінің нығаюына әсер ететін басты құралдар болып табылады. Алайда, тыңдаушы аудиторияның ұлғаюына байланысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің де қоғамға әсер ету күші де ұлғаяды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БАҚ ақпарат жеткізуде бірнеше қызмет атқарады. Ең негізгі қызметінің бірі, ол билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. Ал әлеуметтік желілерге келсек, бұл қосымша функциялары көп, қолданушылар арасында қарым-қатынас орнату болып табылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сол себепті де, БАҚ және әлеуметтік желілердің Қазақстан Республикасы қоғамына әсер етеуі өзектілігі жоғары мәселелердің бірі болып табылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеу жұмысымның мақсаты:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БАҚ және әлеуметтік желілердің қазіргі таңда Қазақстан Республикасы қоғамына тигізіп жатқан жағымды және жағымсыз әсерлерін қарастыру.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеу жұмысының міндеттері:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БАҚ және әлеуметтік желілердің қоғамдағы маңыздылығын қарастыру;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БАҚ және әлеуметтік желілердің қоғамға тигізер жағымды және жағымсыз әсерлерін көрсету;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан Республикасындағы БАҚ және әлеуметтік желілер туралы ақпатар жинау;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан қоғамында БАҚ және әлеуметтік желілерге қатысты кездесетін мәселелерді талқылау;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеу жұмысының негізгі сұрақтары:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БАҚ және әлеуметтік желілердің Қазақстан Республикасы қоғамындағы негізгі рөлі қандай?
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БАҚ және әлеуметтік желілердің қоғамға тигізер жағымды және жағымсыз әсерлері қандай?
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БАҚ және әлеуметтік желілерге байланысты қандай мәселелер кездеседі?
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеу әдістері:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ғаламтор көмегі арқылы тақырыпқа байланысты кездесетін дерек көздері. Мысалы: мақалалар, жаңалықтар, энцеклопедиялар, және т.б. Сонымен қатар "google formes" арқылы жүргізілген сауалнама.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осы зерттеу жұмысы арқылы қазірде өзекті болып табылатын БАҚ және әлеуметтік желілердің қолданылуы, қызыметтері мен қоғамға тигізер әсері туралы мәселелер қарастырылатын болады. Осы арқылы қарапайы халықтың, әсіресе жастардың осы мәселеге назарын аударып, пайдалы ақпараттармен қамтамасыз етеді. Бұл тақырып болашақта да талқыланады, сол себепті де БАҚ және әлеуметік желіліердің қоғамдағы орны және маңызын көрсетеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БАҚ және әлеуметтік желілердің қоғамға тигізер әсерін көрсету және көтерілген мәселелерді шешу жолдарын ұсыну.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Болжам:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Болашақта бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік құралдарының қоғамға тигізер кері әсерінің көлемі азаюы. БАҚ және әлеуметтік желілерінің пайдасының және қолданылуының ұлғаюы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеу жұмысының құрылымы:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімнің өзі теориялық, тәжірибелік және SWOT-кестесінен тұрады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жинақталған дереккөздерді талдау
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БАҚ және әлеуметтік желілердің Қазақстан Республикасы қоғамындағы негізгі рөлі қандай?
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазіргі жиырма бірінші ғасырда бұқаралық ақпарат құралдары қоғам мен жоғары билік өкілдерін байланыстырушы және әлемде болып жатқан ауқымды, маңызды, нақты жаңалықтарды жедел түрде халыққа жеткізуші болып табылады. Қазіргі заман техника мен ғылымның нағыз дамушы уақыты болғандықтан, көпшіліктің үйлерінде бір де болсын бұқаралық ақпарат құралдары қолданылады. Бұған көп таралған теледидар керемет мысал бола алады. Жаңалықтар мен қоршаған орта туралы ақпарат адам тіршілігінде, оның айналадағы ортаны тануда және қарым-қатынас жасауда ауқымды рөл атқарады. Жаңалықтар мен керекті ақпараттар арқылы қоғам ең алдымен өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Ал осы жаңалықтарды жеткізудің ең тиімді әрі тез жеткізу тәсілі БАҚ.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ал әлеуметтік желілердің бастапқы рөлі адамдар арасында байланыс орнату болып табылатын еді. Дегенмен, атап өткендей ғылымның қарқынды дамуына байланысты, бұл құралдардың жағымды, қосыша пайдалы функциялары көбейді. Сол себепті де желілерден алынатын ақпарат көлеме бірнеше ұлғайды. Қазір әлеуеттік желілер арқылы кез келген тұлға кез келген ақпарат пен мәлімет туралы еркін бөлісе алады. Сонымен қатар әлеуеттік желілер коммуникация жасауда, ақпараттармен бөлісуде, қоршаған орта туралы керекті ақпарат жинауда маңызды рөл атқарады десекте болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазіргі әлем ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуымен сипатталады. Сондықтан жаппай коммуникативті процестердің проблемаларына көбірек көңіл бөлінеді. Соңғы жылдары ақпараттық ағындар деректер базасының, дербес компьютерлердің, коммуникативтік қызмет пен бұқаралық коммуникация технологиялары саласына тартылған адам ресурстарының үздіксіз көбеюі арқасында даму үшін қуатты серпін алды. Кейбір зерттеушілер "медиакратияның" келе жатқан дәуірі туралы - БАҚ билігі туралы айта бастады, олар енді шындықты көрсетіп, түсіндіріп қана қоймай, оны өз ережелеріне сәйкес құрастырады.[1]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БАҚ және әлеуметтік желілердің қоғамға тигізер жағымды және жағымсыз әсерлері қандай?
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жиырма бірінші ғасыр-ақпараттық технологиялардың, жүйелердің даму уақыты, ақпарат пен мүмкіндіктер ғасыры. Психологияның дамуымен адам санасына әсер етудің әртүрлі әдістері мен тәсілдері ашылды, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып, қоғамға толықтай әсер етті.[2] БАҚ бүкіл қоғам ойына әсер ететіндіктен, қоғамды қолдану үшін күшті құралдардың бірі болып табылады. Сол себепті де оның қолданылуына байланысты халыққа тигізер жағымды және жағымсыз әсерлері болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бұқаралық ақпарат құралдарының ең алғашқы және маңызды жағымды жағы қоғамға ақпарат жеткізу. БАҚ нақты ақпарат жеткізуші мекемелер болғандықтан, ақпарат не мәлімет ресми түрде жеткізіледі. Бұл берілген ақпараттың шындығын және нақтылығын көрсетеді. Сол себепті де қоғам көрсетіліп жатқан ақпарттарды күмәнсіз, тез қабылдайды. Осы арқылы әрбір тұлға әлемде болып жатқан хабарлар мен жаңалықтарды шыққан бойда біліп отырады. Сонымен қатар БАҚ арқылы берілетін ақпараттарды адамдар күнделікті өмірде қолданып, іске жаратады. Онымен қатар, БАҚ пайдасына пайдалы мәлімет жинай отыра, жаңа затқа үйренуді жатқызуға болады. Мысалы теледидарда көрсетілетін сан түрлі бағдарламалардың ішінде сізді қызықтырған зат туралы ақпарат жинап, жаңа қызығушылық таба аласыз. Осы арқылы сіз өзіңіздің жеке дамытып, ұнайтын хоббиіңізді үйрене аласыз. Үшіншіден, бүгінде интернет-БАҚ барлығына қолжетімді. Сіз үйден жүздеген шақырым жерде, мысалы, шетелдік іссапарда немесе демалыста болған кезде де жаңалықтарды оқи аласыз.[3]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БАҚ қоғамға жағымсыз әсерлерін қарастырайық. Біріншіден, ең негізгі кемшілігі - ұсынылатын ақпараттардың жалғандығы және дәлелдердің болмауы. Қоғамға тигізетін үлкен әсерін біле отыра, жеке пайдасын табу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын бұрыс жолда қолданатын ашкөз адамдар жалған ақпарат таратады. Осы арқылы бұл ақпаратты алған қоғам ойы да өзге жолға өзгереді. Сіз ешқашан жарияланған жаңалықтардың сенімділігіне 100% сенімді бола алмайсыз.[3] Сондықтанда, бұқаралық ақпарат құралдары адам ойын бір сәтте өзгерте алады. Екіншіден, ақпарат жеткізуде бұқаралық ақпарат құралдары бұрыс құндылықтарды насихаттауы мүмкін. Ал жақсыны жаманнан айыру қиынға түсетін жасөспірімдер бұрыс құндылықтарды ұстанып, жеке ойы өзгеруі айқын. Онымен қатар, ақпарат тарататын мекемелер көп жағдайда адамдардың жеке құқықтарын бұзады. Әсіресе танымал әртістер, қоғам қайраткерлері туралы көп қарастырылады. Интернет-БАҚ танымал адамдардың беделіне нұқсан келтіретін құпия жаңалықтар немесе қауесеттер жариялай алады. Сол себепті де қоғам, осы мәліметтерге байланысты тұлғаның іс-әрекетін бағалайтын бағалаушы атанады. Ал қоғамның негативті ойлары бір сәтте танымал тұлғалардың карьерасы мен өміріне балта шабады. [3]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әлеуметтік желілер бұқаралық ақпарттар құралына қарағанда еркін онлайн интернет платформа болып табылады. Сол себепті де кез келген адам аккаунт, яғни жеке парақша ашу арқылы тіркеліп, өз ойымен еркін бөлісе алады. Қоғамға тигізер жағымды әсерлерінің бірін, әр тұлғаның еркін қолданып және жеке ойларымен бөлісе алу қасиеттерін айта аламыз. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерді өзін-өзі дамыту құралы ретінде пайдалануға болады. Мұнда сіз танымдық фильмдерді көре аласыз, жақсы музыка тыңдай аласыз, қызықты кітаптар оқи аласыз, шет тілдерін оқи аласыз. Әлеуметтік желілерде қызығушылық топтары құрылды, онда сіз өзіңізді қызықтыратын ақпаратты таба аласыз, мысалы, фитнес немесе гитара сабақтары бар бейнелер. Бұл қоғамның жан-жақты дамуына әсер етеді. [4] Үшіншіден, әлеуметтік желілер әріптестермен, әртүрлі қалалар мен елдерде тұратын туыстар және достармен сөйлесуге, сондай-ақ жаңа таныстар жасауға мүмкіндік береді.[4] Әлеуметтік желілердің тағы бір қоғамға жағымды әсері кез-келген адам жеке бизнесін дамыта алады. Мұнда әрбір тұлға өзінің жеке бизнесін, проектін жарнамалай алады. Жарнама мақсатты аудиторияға бағытталуы мүмкін және сіз ұсынатын өнімдер мен қызметтерге қызығушылық танытатын адамдар Сіздің бизнесіңіз туралы біледі. Сіз мұнда жаңа клиенттерді таба аласыз, тұрақты клиенттердің адалдығын арттыра аласыз.[4]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дегенмен, әлеуметтік желілердің жағымсыз жақтары да бар. Ойын-сауық және жиі қажет емес қалаусыз ақпараттың көптігіне байланысты әлеуметтік желілерді қолдану уақыты едәуір артады. Мұндай ойын-сауық біздің денсаулығымызға теріс әсер етуі мүмкін, өйткені ақпараттың үлкен көлемі көбінесе жүйке жүйесін шаршатады және жүктейді. Тағы бір кемшілігі - адам нақты қарым-қатынас дағдысын жоғалтады, өйткені ол онлайн режимінде сөйлесуге ыңғайланады. Әлеуметтік желілерде хат алмасып, адамдар көбінесе грамматика мен тыныс белгілерін сақтамайды, сөздік қорын пайдаланады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің мақсаты
Денсаулыққа әсер ететін факторлар
Сұрау әдісінің түрлері
Педагогикалық зерттеу әдістері жайлы
Жаһандану үрдісінің дамуы және таралуы жайлы сандық ақпарат түрін табу
Айналамыздағы комбинаторика
Математика және күнтізбе
Мүмкіншілігі шектеулі балалардың отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
ЖОО-да ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттерді қашықтан оқытудың шетелдік тәжірибесін талдау
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне тигізер әсері қандай?
Пәндер