Араб Шығысы жалпы әлем құрылымы мен халықаралық қатынастар жүйесінің ажырамас бөлігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ

БОӨЖ-6
Тақырыбы: Араб елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстарды жеке-жеке қарастыру

Орындаған: Қарқабат М.
Қабылдаған: Саркыткан Қ.
Тобы: ГНК-3, 2-курс
Алматы 2022жыл
Мазмұны

І. КІРІСПЕ
Қазақстанның сыртқы саясаты.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мұсылман елдерімен ынтымақтастық;
Қазақстан мен Мысыр - экономикалық ынтымақтастығы;
Қазақстан-Біріккен Араб Әмірліктері: Ынтымақтастық негізі - өзара сенім;
Қазақстан - Катар арасындағы әріптестік.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

КІРІСПЕ
Қазақстанның сыртқы саясаты
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Мұсылман елдерімен ынтымақтастық
Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алғашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскіде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскідегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы Батыс -- мұсылман әлемі диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат құруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. [1]

Қазақстан мен Мысыр - экономикалық ынтымақтастығы
Египет тарапының шақыруы бойынша, 2021 жылғы 5-7 ақпанда Египетте жауапты Қазақстан-Мысыр сауда-инвестициялық бизнес-форумы өтті.
ҚР-ның Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шарифтің айтуынша, екі тарап екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың деңгейін одан әрі арттыру үшін өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты арттыруға ниетті.
Қазақстан Египетті Африканың қақпасы ретінде қарастыра отырып, Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесі мен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның көмегімен экспортты ілгерілетуге дайын.. ЕАЭО-ға мүше елдер мен Мысыр арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қою қазақстандық өнім экспортын ұлғайтуға қосымша серпін береді, бұл халқы 100 млн адамнан асатын Мысыр нарығына жол ашады, деп атап өтті Қайрат Лама Шариф.
Спикерлердің айтуынша, өнімнің қымбаттауы және екі ел арасындағы сауда қарқынының баяулауы мемлекеттердің географиялық алыстығына байланысты. Алайда, ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев атап өткендей, осыған қарамастан, Қазақстан тауар айналымын 4 есеге жуық ұлғайтуға мүмкіндігін көріп отыр.
Іс-шара қорытындысы бойынша бірқатар экономикалық құжаттарға қол қойылды. Осылайша, қазақстандық компаниялар Мысыр нарығына 3 млн-ға дейін ұлғайту перспективасымен 1 млн дана көлемінде бөтелкедегі суды жеткізу, қазақстандық кәсіпорын нгегізінде фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді шығару, сондай-ақ Қазақстан аумағында мыс кен орнын сатып алу туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хатшылық және Халықаралық ислам
Монархияның тарихы
Халықаралық Еңбектiк миграцияның мәнi
Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу перспективалары
Әлеуметтік экономика
ШЫҒЫС АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Ислам экономикасының негізін және ерекшеліктерін зерттеу
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Халықаралық миграция
Таяу Шығыс және АҚШ - тың әлемде алатын орны
Пәндер