Қашықтан оқытуда видеосабақ арқылы тыңдалым дағдысын қалыптастыру


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология және көптілді білім беру ИНСТИТУТЫ
ӘОЖ (ҒТАМР)
АКИШЕВА АКСУЛУ
Қашықтан оқытуда видеосабақ арқылы тыңдалым дағдыларын қалыптастыру Маман даярлау бағыты: Шет тілі педагогтарын даярлау
Білім беру бағдарламасының коды және атауы 7М0119 - Шетел тілі: екі шетел тілі
магистрі дәрежесін алу үшін орындалған диссертация
Қорғауға жіберілді: Институт директоры
«» 20 ж.
Кафедра меңгерушісі / ББ жетекшісі Аты-жөні, ғылыми атағы
(қолы)
Ғылыми семинар төрағасы Аты-жөні, ғылыми атағы
(қолы)
Алматы, 2022 ж
АҢДАТПА
Диссертанттың аты- жөні: Акишева Аксулу Нурлановна
Диссертация тақырыбы; Қашықтан оқытуда видеосабақ арқылы тыңдалым дағдысын қалыптастыру.
Зерттеу өзектілігі ; Бастапқы деңгейдегі ағылшын үйренушілері үшін тыңдалым дағдысы ең негізгілерінің бірі болып табылады. Шет тілін үйренуші елде тұрмай және сол тілде сөйлейтін ортада өмір сүрмей түсіну, үйрену қиынға соғады. Осы кезде біз видеосабақтың көмегіне жүгінеміз.
Диссертациялық жұмыстың нысаны: Мектеп оқушыларын қашықтан оқытуда тыңдалым дағдысын жетілдіру үдерісі.
Диссертациялық жұмыстың пәні; видеосабақты тыңдалым дағдысын құралы ретінде ағылшын сабағында қашықтан қолдану.
Зерттеу мақсаты; теориялық негіздеулерге сүйене отырып арнайы жаттығулар кешенін қолдана отырып видеосабақтың тиімділігі арқылы А2 деңгейіндегі оқушыларда тыңдалым дағдысын қашықтан дамыту.
Зерттеу әдістері; теориялық базаны сипаттау, ғылыми әдебиеттерге теориялық анализ, әртүрлі жаттығулар арқылы оқушылардың білім деңгейін тексеру.
Зерттеу нәтижесі және жаңалығы: Ағылшын тілі А2 деңгейін меңгеруші білім алушылар үшін видеосабақтар үлгісі дайындалды.
Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы: зерттеу жұмысы - шет тілін үйренуде видеосабақтарды қолдану және тыңдалым дағдысын дамыту туралы жазылған ғылыми еңбектер қатарына өз үлесін қосады.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы; Зерттеу жұмысы қосымшасыз 85 бетті құрайды. Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, пайдаланылған әдебиеттер мен қорытындыдан тұрады.
Көрнекіліктер; кестелер, диаграммалар, тапсырмалар, видеосабақтар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің саны; зерттеуде 84 жұмыс пен сайт материалдары қолданылды.
Тірек сөздер ; тыңдалым, қашықтан оқыту, видеосабақ, жаттығулар, дағдылар, видеолар.
Жарияланымдар : Диссертация тақырыбы бойынша 2 жарияланым бар, біріншісі халықаралық электрондық ғылыми журнал «Наука и бизнес» сериясысында «Қашықтан оқытуда видеосабақ арқылы тыңдалым дағдыларын қалыптастыру»атты мақала жарияланды.
Екінші «XXV International scientific and practical conference “Implementation of modern science and practice”» Халықаралық ғылыми тәжірибе конференциясы жинағында «Fоrmation of listening skills in distance learning through video lessons» мақаласы жарияланды.
РЕФЕРАТ
Имя диссертанта: Акишева Аксулу Нурлановна
Тема диссертации: Формирование навыков аудирования в дистанционном обучении с помощью видеоуроков.
Объект диccертационной работы: формирование навыков аудирования с помощью видеоуроков при дистанционном обучении( А2)
Актуальность работы: Навыки аудирования являются одними из самых важных для начинающих владеть английским языком. Трудно понять и выучить иностранный язык, не живя в стране и не живя в языковой среде. В связи с ориентацией процесса обучения на практическое владение иностранным языком проблема аудирования все больше привлекает внимание методистов. Ведется серьезный теоретический поиск в изучении этого сложного процесса. С помощью видеоуроков вы сможете развить у учащихся навыки аудирования.
Цель работы: разработать видеоуроки и комплекс упражнений с использованием видеоматериалов для эффективного формирования навыков аудирования при дистанционном обучении (А2)
Методы исследования : Теоретический анализ методической литературы, систематизация имеющегося опыта по использованию видеоматериалов на уроках английского языка, моделирование упражнений с использованием конкретных видеоуроков.
Результаты и новизна исследования: Для учащихся, владеющих английским языком А2, подготовлены образцы видеоуроков.
Научная и практическая значимость исследования: научно-исследовательская работа способствует написанию научных работ по использованию видеоуроков при изучении иностранных языков и развитию навыков аудирования.
Объем диccертационной работы: Объем исследования составляет 85 страниц. Работа состоит из введения, двух разделов, списка литературы и заключения.
Наглядности : система таблиц, задач, видеоуроков
Ключевые слова : навыки, аудирование, обучение, видеоуроки,
дистанционное обучение
Список использованной литературы: в исследовании использовано 84 работ и материалов сайта.
Публикации : По теме диссертации имеется 2 публикации, первая из которых - статья в международном электронном научном журнале серии «Наука и бизнес» под названием «Қашықтықтан оқытуда видеосабақ арқылы тыңдалым дағдыларын қалыптастыру».
Статья «Fоrmation of listening skills in distance learning through video lessons опубликована в материалах II Международной научно-практической конференции .
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ВИДЕОСАБАҚ АРҚЫЛЫ ТЫҢДАЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМІЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Шет тілі сабақтарында қашықтан оқыту барысында видеосабақ арқылы шет тілін оқытудың теориялық негіздері
1. 2 Шет тілі сабақтарында қашықтан оқыту барысында видеосабақ арқылы тыңдалым дағдысын қалыптастырудың негізгі әдіс-тәсілдеріне шолу
1. 3 Қашықтан оқыту видеосабақ арқылы тыңдалым дағдысын қалыптастырудың әдістерінің жүзеге асырылуы
Бірінші бөлім бойынша қорытынды
II ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ВИДЕОСАБАҚ АРҚЫЛЫ ТЫҢДАЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
2. 1 Қашықтан оқытуда -тыңдалым дағдысын дамытуға арналған видеосабақтар жүйесі
2. 2 Видеосабақтардың сипаттамасы және оны ағылшын тілі сабақтарында тыңдалымды дамытуда қолдануда ашатын мүмкіндіктері.
2. 3 Эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және нәтижелері.
Екінші бөлім бойынша қорытынды
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
АНЫҚТАМАЛАР, АТАУЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Bilimland - онлайн қашықтықтан оқыту платформалары мен курстарын біріктіретін жүйе.
Асинхронды оқыту - қашықтықтан оқыту әдісі, оның барысында
студенттер оқытушымен байланыс орнатпайды, бірақ электронды курстар, блогтар, CD және т. б. курстарын оқиды.
Видеосабақ - бұл мультимедиялық технологияларды қолданатын оқыту процесі.
Қашықтықтан оқыту (distance learning) - студент нақты уақытта
мұғаліммен байланыс жасамайтын, бірақ онымен қашықтықтан электрондық пошта, скайп және т. б. арқылы байланысатын әдіс.
Тыңдалым дағдысы - төрт тілдік дағдының ең алғашқысы, ақпаратты құлақпен есту арқылы қабылдау
LS-ТД - Listening skills, тыңдалым дағдылары
А2 деңгей - ағылшын тілін меңгеруде бастапқыдан кейінгі екінші деңгей(Elementary ) .
ҚОЖ - Қашықтықтан оқыту жүйесі
ОТ - Оқыту технологиялары
ЖАТ - Жаңа ақпараттық технологиялар
ҚО- Қашықтықтан оқыту
ОМ- Онлайн мектеп
CALL интеграциясы -Компьютер көмегімен тіл үйрену
СССР -Кеңес Одағы
ЖАТ -Жаңа ақпараттық технологиялар
ZOOM, Microsoft Teams -онлайн оқыту платформаларының атаулары.
ЭТ- Экстенсивті тыңдау
ИТ - Интенсивті тыңдау
EK-Еуропа кеңесі
ОТҚ -оқытудың технологиялық құралдары
GLE- «Gogo loves English»бейнефильмінің қысқартылған атауы
НЗМ-Назарбаев зияткерлік мектебі
TBL- Tasl based learning, тапсырмаға бағытталған оқыту
ҚР МЖМБС −Қазақстан міндетті білім беру стандарты;
ББ − білім базасы;
ДБ − деректер базасы;
ЖОО - жоғары оқу орны
БОПӘ - бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
ӘК - әдістемелік кешен
БС - бақылау сыныбы
ТС - тәжірибелік сынып
ПБ - пәнаралық байланыс
4К модель- сыни ойлау(сritical thinking), қарым-қатынас
(сommunication), креативтілік (сreativity), командалық жұмыс (сollaboration)
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Цифрлы технология заманында қашықтықтан білім беру білім беру әдісі ғана емес, заманның талабына айналды. Қазіргі таңда қашықтан білім беруде видеосабақ арқылы тыңдалым дағдысын дамыту эффективті әдіс болып табылады. Неге десеңіз, видеосабақ оқушының мотивациясын арттырады, оқытуды жеделдетеді, өз бетімен үйренуге бағыт береді, берілген материалдың меңгеру сапасын жақсартуға көмектеседі. Әсіресе, қызығушылығы артқан оқушы видеодағы іс -әрекетке қарап, тыңдау арқылы өзіндік түсіну дағдыларын да іске қосады. Бұл тәсіл арқылы түсінуден қиналатын барлық сөздер мен диалогтерді емін-еркін түсініп, аудара алатын болады. Сол себептен де видеосабақтың дұрыс құрастырылуы және жоспарлануы негізгі шарттардың бірі болып табылады.
Тыңдалым дағдысын дамыту радио және телебағдарламаларды көргенде түсіну үшін, шет тіліндегі әңгімені, тапсырманы, лекцияларды, телефондағы әңгімелесуді түсініп және жауап беру үшін өте маңызды боп табылады. Осы мақсатқа жету үшін видеоматериалдар үлкен рөл ойнайды. Оларды ағылшын сабағында қолдану оқушының мотивациясын арттырып қана қоймай, мәдениет, ғылым туралы да білімін арттыруға септігі орасан зор.
Сонымен бірге, видеосабақтардың оңай қолжетімділігі, видеоның техникалық мүмкіндіктері, бейнесабақтардың оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне әсер етуі оның қашықтан білім беруде таптырмас амал екенін көрсетеді. Осы методология арқылы тыңдау дағдысын жеңіл түрде дамытып, қалаған нәтижеге тез, мардымды түрде қол жеткізу ғылыми зерттеу жұмысымыздың негізгі өзектілігі болып табылады.
Зерттеу пәні: А2 деңгейіндегі студенттерге тыңдау дағдысы процесін үйрету арқылы оқу процесін ұйымдастыру методологиясы
Зерттеу нысаны : тыңдалымды дамытуға арналған видеосабақтар және оны ағылшын сабақтарында қолдану.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Қысқа уақытта А2 деңгейін меңгерген оқушылардың тыңдалым дағдысын үйренуге бағытталған видеосабақтар жүйесінің жобасы және жаттығулар кешенінің үлгісін жасау жұмысымыздың негізгі жаңалығы болып табылады. Кез келген оқытушы өз оқушыларының қарым-қатынас деңгейін бақылай отырып лайықты сәйкес келетін видеосабақтармен қашықтықтан оқытуды жүйелі түрде жоспарлап, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз ете алады.
Бұл жерде видеосабақтың сапасына баса мән беріледі, өйткені оның оқушыны қызықтыруы, көрнекілігі, қабылдауға жеңіл болуы, түсінікті болуы, сонымен қатар тыңдалым дағдысын дамытуға бағытталған болуы аса маңызды критерийлерді құрайды.
Зерттеудің мақсаты : Бұл методикалық әдісті зерттеу және жазудағы негізгі мақсатымыз - мектепте бастапқы және орташа деңгейді меңгеруші оқушыларға жүргізген қашықтықтан видеосабақ арқылы тыңдалым дағдысын жедел дамытуда жеке зерттеу тәжірибемізді таныстыру және бөлісу.
Осы мақсатқа жету үшін өзімізге келесі міндеттерді айқындап алдық;
- Видеоматериалдардың тыңдалым дағдысын дамытуда үлесін және негізгі рөлін анықтап алу
- Видеосабақтарды ағылшын тілі сабағында қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыру.
- Осы тақырыбымызға сәйкес теоретикалық және методологиялық ғылыми зерттеу материалдарын толық зерттеу ;
- Видеоматериалдармен жұмыс істеудің этаптарын игеру;
- А2 деңгейіндегі оқушыларды сол деңгейдегі видео ресурстармен таныстыру.
- Видеосабақтарды тыңдалым дағдысын дамытудың құралы ретінде зерттеу.
- Мектеп оқушыларына психологиялық және педагогикалық мінездеме беру.
- Бейне сабақтарды қолдана отырып сабақ жүргізудің үзінділерін көрсету және осы әдістің эффектілігін дәлелдеу, алынған нәтижелерді талдау.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі : Біріншіден, осы тақырып төңірегінде жазылған авторлардың ғылыми еңбектері және интернет ресуртары, екіншіден 2 жылдық білім беру тәжірибесінің көрсеткен нәтижесі. 2020 оқу жылынан бастап елімізде орын алған короновирустық жағдайларға байланысты оқу форматы онлайн форматқа көшті, ғылыми жұмыс тақырыбыма сәйкес қашықтықтан білім беріп, оқушылармен етене жұмыс жасауға мүмкіндік туғызды. Бұл бізге онлайн оқытуда видеосабақтың барлық жағынан тиімді екенін дәлелдеді . Осы зерттеулер мен тәжірибе барысында қолданған барлық әдіс - тәсілдеріміз, нәтиже мен өткізген сабақтарымыз осы жұмысымның негізгі әдістемелік негізі болып табылады.
Жұмысты жазу барысында В. Г. Асева, О. В. Барменкова, И. Л. Бим, Л. И. Божович, Н. Д. Гальсковой, М. В. Гамезо, И. А. Зимней, А. А. Леонтьева, Е. А. Маслыко, В. П. Сафоновой, А. А. Утробиной, М. Аллан, Д. Уиллис және отандық авторлардан Д. М. Жүсіпалиева, Г. К. Нургалиева, Ж. М. Тусубалиева, Д. К. Сулеев, тағы басқа көптеген авторлардың еңбектері кеңінен қолданылды.
Зерттеудің ғылыми болжамы : Видеосабақ арқылы білім беудің озық технологиясы өз тиімділігін нәтижелі жоспары арқылы дәлелдеп, қашықтықтан білім беруде шет тілі сабақтарын ұйымдастырудың үздік әдістемесіне айналады.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
- Қашықтықтан оқыту жүйесінің оңтайланған әдістемесі;
- Ағылшын тілін үйретуде қашықтықтан білім беру дәстүрліден де тиімділігі;
- Тыңдалым дағдысын дамытуда аудиомәтінмен жұмыстың орнын қызықты видеороликтер алмастыра алатындығы.
Теориялық маңызы : бұл ғылыми зерттеу жұмысының теориялық маңызы тақырыпқа сәйкес теоретикалық жағдайлардың, базаның, еңбектердің зерттелуін құрайды.
Ғылыми пракикалық маңызы:
- бұл жұмыс шет тілін үйренуде видеосабақтарды қолдану және тыңдалым дағдысын дамыту туралы жазылған теорияларға өз үлесін қосады.
- шет тілін оқытудың ішкі және сыртқы ресурстарына баға бере отырып, мағыналық мазмұнды, ақпараттық бағытталған методологиялық концепция жасалды.
-видеосабақтар жүйесі және оның негізінде жаттығулар комплексі құрылды.
-шет тілі мұғалімдеріне арналған дидактикалық қосымша құрал дайындалды.
- біріккен видеосабақтар жүйесінің үлгісі талданып, әзірленді .
-тыңдалым дағдысына баса мән беру ағылшын тілі үйретуде маңызды аспект екеніне назар аудартылды.
Жұмыстың құрылымы : Құрылым жұмысымның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңы пайдаланылған әдебиеттер және қосымшаларды қамтыған. Барлық толық көлемі - 85 бет. Қолданылған әдебиеттер тізімі 61 атауды құрайды.
Зерттеу апробациясы : Зерттеу өз нәтижесін құрылған видеосабақтар және оны сабақта қолданудың эффективтілігі турасында көрсетеді. Көрген қысқа видеосабақтан соң оқушылармен жасалған жұмыс пен жаттығулар, зерттеу басындағы және соңындағы салыстыру графигі тікелей нәтиженің болғанына кепіл болады .
Ал жасалған жұмыстың нәтижесі қысқа уақыт ішінде негізгі деңгейді игеруші оқушылар үшін дайындалған арнайы видеосабақтар болды. Сол арқылы жүргізілген эксперимент оқушылардың тыңдау дағдысының айтарлықтай дамытатынына көз жеткізді. Бұл мектеп оқушылары мен ата аналары арасында үлкен қолдау тапты. Сондықтан әлеуметтік желіде ашылған видеосабақ парақшасына барлық жасалған сабақтар жүктеліп, көпшілікке де қолжетімді ресурсқа айналды.
- ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ВИДЕОСАБАҚ АРҚЫЛЫ ТЫҢДАЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІШет тілі сабақтарында қашықтан оқыту барысында видеосабақ арқылы шет тілін оқытудың теориялық негіздері
Қазіргі таңда қашықтан оқыту сөзі әрбір адамға таңсық емес.
Заманауи қоғам үшін бұл қалыптасқан жаңа инновациялық көзқарас білім сапасын жақсартуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде және оқу процесінің жүйелендіруде жаңа перспективалар ашып жатыр.
Қашықтықтан оқыту әу бастан әлеуметтік құбылыс ретінде пайда болды, қазіргі күні барлық әлем қолтанатын білім беру форматына айналды және уақыт өткен сайын қарқынды дамып келеді. Қашықтықтан оқыту оқу жүйесі ЮНЕСКО-ның : «Баршаға арналған білім», «Үздіксіз білім», «Шекарасыз білім» атты бағдарламаларында негізгі және маңызды бағыттың бірі деп танылды.
Қашықтан оқыту - оқытудың әмбебап, гуманитарлық формасы. Бұл оқыту ақпараттық технологиялардың көмегі арқылы жүзеге асады. Қашықтан оқытып, білім беру жүйесін автоматтандырудың алғышарттары тұңғыш елбасымыз ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында бастап анық көрсетіле бастады. Ары қарай компьютерлік технологияны ұтымды пайдалана отырып, білім беру принциптерін үздіксіз іске асыру қажеттілікке айнала бастады.
ХХІ ғасырдың басында әлемнің көптеген жетекші мемлекеттерінде қалыптасқан дәстүрлі білім беру жүйесі толығымен реформалауды қажет ететіні анықталып отыр. Бұл, атап айтқанда, ол құбылмал және қарқынды даму процесіндегі ғаламшарға адамзаттың өмір сүруінің заманның жаңа шарттарына сәйкес келмейтіні және өркениетті одан әрі дамыту үшін тоқтам бола алатындығымен байланысты.
Тығырықтан шығудың принципті мүмкіндігі білім беру жүйесіне өзге мақсатпен және түбегейлі өзгерген контентпен сапалы тиімді тәсілдерді жасау болып саналады. Әрине, мұндай жүйе қашықтықтан білім беру мүмкіндігін де болжауға тиісті.
Бүгін біз төртінші өнеркәсіптік төңкерістің бастауында тұрмыз.
Ол шетелде жаңа мыңжылдықтың тоғысында басталды және цифрлық революцияға арқа сүйейді. Оның негізгі ерекшеліктері - бұл «барлық жерде мүмкіндігі» және мобильді Интернет, шағын өндірістік құрылғылар, жасанды интеллект жүйелері, оқыту машиналары және ақпараттық технологиялар[] .
Аппараттық және бағдарламалық технологияны қамтамасыз етуге, жергілікті және жаһандық желілерге негізделген білім беруді цифрландыру жаңалық болып табылмайды, бірақ ғылымның жаһандануы жағдайында қоғамның трансформациясын туындата отырып, неғұрлым дамытылған және интеграцияланған болып келеді. Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар бүкіл әлемдегі жоғары оқу орындары мен басқа да білім беру мекемелерін дамыту үшін жаңа құралдар мен бағдарламалар ұсынады. Бұл жоғары оқу орындарының жұмыс істеу шарттарының, олардың жұмысын ұйымдастыруға және пайдаланылатын білім беру технологияларына көптеген дәстүрлі тәсілдерді қайта қарау және дамыту қажеттілігін туындататын жаһандық өзгерістерге жетелейді.
Білім беру қызметтерінің жаһандық нарығында ұстанымдарды сақтау және күшейту мақсатын қойған оқу орындарының алдында халықаралық ғылыми - білім беру кеңістігіне кіру мақсаты тұр. Білім беру стратегиялары арасында - оқу орнын құру, оның айырмас бөлігі және қашықтықтан білім беруге арналған қызметтер мен тиісті контент болып табылады.
Бұл міндеттер «Білім туралы» заңында, жоғары білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттарында (ЖББ МЖМС) ерекше назар аударылады.
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында жүзеге асырылған құзыреттілік тәсіл цифрлық қоғамның әлеуметтік-кәсіптік ұтқырлығы, тұрақты кәсіби өсу жағдайында талап етілетін студенттердің білімін, іскерлігін, қабілеті мен құзыреттілігін қалыптастыру бойынша өсіп келе жатқан талаптарды көрсетті. [1]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz