Ағылшын тілін оқыту барысында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамыту жолдарын анықтап ұсыну


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Тулегенова Дильназ

Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық дағдысын дамыту ерекшеліктері.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5B011900 «Шетел тілі:екі шетел тілі»

Орал 2022

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Қорғауға жіберілді

Каф. меңгерушісі

(қолы) (ТАӘ)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық дағдысын дамыту ерекшеліктері»

5B011900 - «Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығы

Орындаған: Д. Э. Тулегенова

Ғылыми жетекшісі: Р. Г. Шамгонова

Орал 2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ .

  1. Аударма құзыреттілігі көп аспектілі ғылымның саласы ретінде ретінде . . . Аудармашылық құзыреттілік туралы жалпы теориялық-әдістемелік түсінік . . . Қазақстандағы аударма құзыреттілігінің және аударма құзыреттерін қалыптастырудың өзекті мәселелері. Аударма құзыреттілігі аударма қызметінде маңызды дағды ретінде

Бірінші бөлім бойынша қорытынды

  1. Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері . . . Қалыптастырудағы танымдық аспектілер . . . Заманауи технологиялар арқылы аударма құзіреттілігін қалыптастыру . . .

Екінші бөлім бойынша қорытынды

  1. Жаттығулар тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерудің нәтижелері . . .

Үшінші бөлім бойынша қорытынды

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

«Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы барысында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты. «Кез келген мемлекеттің өзегі - оның бірегей мемлекеттік тілі. Бүгін мен қазақ тілін меңгеріп, оқып жүргендерге шынайы алғысымды білдіргім келеді. Өз балаларын Отанының мемлекеттік тілінде оқытып, қазақ тілін білуі үшін балабақшаларға беріп жатқан ата-аналарға да алғысым шексіз. Бұл біздің бірегей азаматтығымызды білдіреді. Қазақ тілінің дамуы тарихта осындай ауқымды қарқынмен жүргізілген емес», - деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар Елбасы Қазақстанда барлық этникалық топтардың тілдерді дамытуына жағдай жасап отырғанын атап өтті. «Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш тілді меңгеру, білу - бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принципі. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Сондықтан да олар әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеп, күнін көре алатын болады. Яғни, бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз», - деді Н. Назарбаев [1] .

Тұңғыш елбасымыз білім беру ордасы мектептердің басты мақсаты мен міндеттерін де атап өткен болатын. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген [2] .

Жоғарыда атап өтілген міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектептер жаңа технологияны енгізіп, оны қолдана білуі керек. Сапалы білім алып, оқуға инвестиция жасайтын, өз бойын үздіксіз білімге толтыратын, бәсекеге төтеп бере алатын адам ғана болашақтың кілтін қолына ұстайды. Бұл кілттің есігі жаңа ғасыр, жаңа технологиялар мен бәсегеке толы заманды ашады. Бәсекеге төтеп бере алатын адам технология, ғылымнан бөлек, Әлем тілі - ағылшын тілін білетін адам. Қазір барлық технологиялар, компьютер тілдері ағылшын тіліне салынады. Осыдан ағылшын тілін оқып, үйренуден бөлек, оны аударып білу маңыздылығы байқалады.

Үштілтілділіктің маңыздылығы туралы еліміздің тұңғыш Президенті бұдан бұрын бірқатар ресми жиындарда және жолдамаларында сөйлеген болатын. Ең алғашқы рет үштілділіктің өзектілігі 2006 жылы жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІІ -ші сессиясында айтылған еді. Ал 2007 жылы өткен «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында осы жобаны әрі қарай дамытып, жүзеге асыру керектігін атап өткен болатын.

«Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі», [3] -деген еді Президент.

Осы жолдамадан «Үштілділік» жобасының ішкі саясаттың бір бағыты ретінде дамуымен қатар, сыртқы саясатқа да берер көмегі бар екенін түсіне аламыз.

Адамдар экономика, ғылым және мәдениет сияқты өмірдің бірнеше салаларында халықаралық байланыстары бар әлемде өмір сүреді. Көптеген халықаралық коммуникациялар ағылшын тілінде жүзеге асырылады. Соңғы бірнеше онжылдықта жоғары білікті аудармашыларға сұраныс айтарлықтай өсті. Аударма - жазбаша да, ауызша да адамның ең көне тәжірибесінің бірі. Әртүрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы қарым-қатынасты мүмкін ету үшін аударманың маңызды екені сөзсіз. Бұл тілді білу - әлемдік ғылыми әдебиеттерге қол жеткізудің, шетелдік серіктестермен бизнес жүргізудің және сыртқы нарыққа интеграцияланудың негізгі шарты.

Аударма - өмір шындығын бейнелеу құралы. Көптеген адамдар саяхаттау кезінде немесе интернетке жүгінген кезде екі немесе одан да көп тілді пайдаланады. Бір тілден екінші тілге аудару студенттерден мақсатты мағынаны дәл жеткізуді қарастыруды талап етеді. Студенттерге сөздік элементтерді, қолайлы тілдік құрылымдарды барабар меңгеру қажет. Оқушылар араб тілінен ағылшын тіліне немесе керісінше аударғанда, екі тілде де грамматикалық ережелерді дұрыс қолдануы керек. Түпнұсқаның барлық идеяларын, сондай-ақ оның құрылымдық және мәдени ерекшеліктерін қамтитын аударма жақсы.

Аударманың бірнеше артықшылығы бар. Аударма әрекеттері оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін жақсартады, сөздік қорын кеңейтеді және стилін, грамматикасын дамытады және аударма және бастапқы тілдердің мәдениеті туралы хабардарлығын арттырады. Түпнұсқаның барлық идеяларын, сондай-ақ оның құрылымдық және мәдени ерекшеліктерін қамтитын аударма жақсы.

Тарихта аударма халықтар арасындағы тіл аралық қатынасты мүмкін етті. Аударма шеберлігі, әсіресе, бүгінгі күні маңыздылыққа ие болуда. Бірнеше адам әлемнің әр түкпіріндегі аударма процесіне ғалымдар, әдебиетшілер және тіл үйренушілер қызығушылық танытады.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: жалпы білім беретін орта мектептердегі жоғарғы сынып оқушыларының аудармашылық қабілеттері мен құзыреттіліктерін дамытуда әдіс-тәсілдерді пайдалану және тиімділігін көрсету.

Ғылыми жұмыстың мақсаты - ағылшын тілі сабағында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамытуға арналған ең тиімді әдіс тәсілдерді қарастыру.

Ғылыми жұмыстың нысаны - орта мектепте ағылшын тілін оқыту үдерісі.

Ғылыми жұмыстың пәні - ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық дағдысын дамыту ерекшеліктері мен үдерісі.

Ғылыми жұмыстың гипотезасы: жалпы орта білім беретін мектептерде ағылшын тілін оқыту барысында аудармашылық дағдыны қалыптастыруға арналаған тиімді әдіс-тәсілдерді тауып, одан нәтиже көріп қана қоймай, сонымен қатар, оқушылардың шет тілін түсіну және жаңа ақпарат пен әдістердің қабылдай алуын қалыптастырады.

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

  • Шетел тілін меңгеру барысында оқушылардың аудармашылық құзыреттіліктерін дамытуға арналған теориялар мен әдістерді анықтау;
  • Шетел тілін меңгеру барысында оқушылардың аудармашылық құзыреттіліктерін дамытуға арналаған жаңа технологияларды айқындау;
  • Шетел тілін меңгеру барысында оқушылардың аудармашылық құзыреттіліктерін дамытуға арналаған арнайы жаттығулар дайындау;
  • Дайындалған жаттығулардың тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеу барысында келесі ғылыми әдістер қолданылалы: оқулық құжаттамасын зерттеу және педагогикалық құбыластар мен факторларды салыстырмалы түрде талдау; бақылау зерттеулер мен тексеру жасау; гепотезаны анықтау; мәлімет жинау; жинақталған міліметтерге анализ жасау; жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығару; соңғы қорытындыларды жинақтап, методистке көрсету; экспериментті тағы да жасау; оқушылармен әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, педагогикалық бақылаулар жасау.

Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздеріне: білім алу мазмұнының теориясы, тілдік және шетел тіліндегі білім теориясы мен әдіснамасы, таным теориясы, тұлғаға бағдарлы теория, лингвистика, тұлға және іс-әрекет теориясы, ғылым мен тәжірибені кіріктіру теориясы, шеттілдік білім беру тұжырымдамасы, технологиялық білімді оқыту және т. б.

Зерттеу қайнар көздері: «ҚР дамыған 30 елдің қатарына кіру жолдамасы», «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 ж. ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы», «ҚР 2015-2020 ж. ж. бағдарламалық құжат», Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2050 » стратегиясы, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы, «2007-2010 жж арналған мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» және т. б.

Зерттеу базасы: Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, №6 мектеп-лицейі, 9-шы сыныптарында өткізілді.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы және теориялық маңыздылығы:

  • Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың аудармашылық дағдысын дамытудың теориялық және әдістемелік негізін айқындау;
  • Ағылышын тілін оқыту барысында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамытуға жағдай жасаушы факторларды айқындау;
  • Ағылшын тілін оқыту барысында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамыту жолдарын анықтап ұсыну.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығын айқындау үшін ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамыту үшін арнайы жаттығу жұмыстары әзірленді.

Зерттеу нәтижелерін енгізу Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушыларына өткізілген ағылшын тілінен сынақ сабақтарына негізделген.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланаған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, оның мақсаты, тапсырмалары зерттеу жұмысының пәні, нысаны, басты идеясы, зерттеу жұмысының маңыздылығы мен ғылыми жаңашылдығы, негізгі қағидалар, зерттеу жұмысының әдістері және кезеңдері сипатталады.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында аудармашылық дағдының шетел тілін оқытудағы мәні мен мазмұны, аудармашылық құзыреттілік жөнінде жалпы түсінік және оның өзектілігіне тоқталады.

Дипломдық жұмыстың екінші тарауында ағылшын тілі сабағында оқушылардың аудармашылық қабілетін дамыту шарттары мен жолдары, оны оқытудың ерекшеліктеріне шолу жасалады.

Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында аудармашылық дағдыны дамытуға бағытталған жаттығулар түрлері оқушылардың аудармашылық дағдыны дамытуда аталған жаттығуларды қолдану амалдары қарастырылды. Дайындалған жаттығулар жүйесінің тиімділігін тексерудегі эксперименттік жұмыс сипатталады.

Қорытынды бөлімінде білім берудегі мұғалімнің рөлі, әңгімелесу іскерліктері мен аудармашылық құзыреттілікті дамытудың маңыздылығы туралы айтылады.

Пайдаланылған әдебиет тізімінде зерттеу жұмысын жазу барысында қолданылған әдебиттер және ғылыми еңбектердің, сөздіктер мен жинақтардың тізімі берілді.

Қосымшада ағылшын тілі сабағында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамытуға мотивациялық сұрақтар және сауалнамалар, тақырыптық-күнтізбелік жоспар, эксперимент нәтижелерін анықтауға қажетті тапсырмалар берілді.

Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары ғылыми мақалада баяндалған.

  1. АУДАРМА ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ КӨП АСПЕКТІЛІ ҒЫЛЫМНЫҢ САЛАСЫ РЕТІНДЕ РЕТІНДЕАудармашылық құзыреттілік туралы жалпы теориялық-әдістемелік түсінік

Аудармашылық құзыреттілік теориялық концепция ретінде соңғы он жылда педагогика ғылымы мен аударматанудың басты назарында болды. Кәсіптік жоғары білім беру аясында оқу-тәрбие процесінің кешенді педагогикалық аспектілерін дамыту, болашақ аудармашыны дайындаудың теориялық және әдістемелік негіздері, оның сауатты маман және кәсіби маман ретінде қалыптасуы мәселелері көптеген И. А Зимняя, В. Н Коиссаров, Л. К Латышев сияқты жетекші педагогтардың және аудармашылардың еңбектерінде орын алады.

Ғылым мен техниканың дамыған заманында жоғары оқу орындарынан бөлек, мекептерде жоғарғы сынып оқушылары да аудармашылық дағдымен қоса, қажетті білімді өздігінен меңгере алатын, туындаған ситуациялық проблемалардан оңай жол таба алатын, критикалық ойлау қасиеті жоғары, меңгерген білімін өмірде қолдана алатындай оқушылар мен студенттер қажет.

Аударашылық құзыреттілік және екі тілді қатар алып отыру бұл стресске толы жұмыс. Өз ісінің маманы болу үшін жоғарғы сынып оқушылары қазірден-ақ ұтымды шешімдерді қабылдау жолдарын үйреніп, сыни тұрғысынан ойлап, стандартқа бағынбайтын жан-жақты, стресстік күйзелістен оңай шыға алатын, үздіксіз жеке және кәсіби жетілуге ұмтылатын бірнеше бағытта жұмыс істей алуы қажет. Яғни, аудармашылық құзыреттілік тек аудару ғана емес, ол жоғары мамандандырылған сала, аударма технологиялары аппаратының саласы, коммуникация процесін ұйымдастыру білім саласы болып есептеледі.

Аудармашылық дағды қазіргі уақытта өте өзекті мәселе. Дамыған заманда білімді адамдардан жоғары технологиялар күннен күнге пайда болуда, мысалы, әртүрлі аударма қолданбалары күннен күнге пайда болып жатыр. Ал алдағы уақытта синхронды аудармашылық гаджеттер шығады деген болжамдар да бар. Сондықтан та, аудармашылық құзыреттілік қазіргі таңда өте керекті және бәсекелестікке қарсы тұра алатындай дағды болғалы тұр. Осындай аудармашылық құзыреттіліктің маңыздылығы туралы жоғары оқу орындарында жұмыс жасайтын Е. Ф. Зеер, А. В. Краевский сияқты педагогика пен психологияның зерттеушілері құзыреттілік мәселесін зерттеуде.

Ғылыми зерттеулерде құзіреттілік ұғымының маңыздылығы мен дәрежесін көрсететін категория ретінде қарастырылады. Белгілі бір мамандандырылған қызмет түрін жоғары сапалы орындау мүмкіндігін білдіретін біліктілікпен құзыреттіліктің айырмашылығы, «құзыреттілік» категориясы кеңірек, интеграцияланған тақырып. Бұл түбегейлі айырмашылық өте маңызды, өйткені қазіргі үздіксіз өзгеріп отыратын әлемде интегративті нәтижемен білім беру мәселесін көтеру өзекті болып табылады. Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, құзыреттілік - нақты, әрекетте белсендірілетін және байытылатын өзара әрекеттесетін компоненттерді қамтитын процедуралық, құндылық-семантикалық және декларативті білімдердің ашық жүйесі деп қорытынды жасауға болады. .

«Құзырет» ұғымын біз былай бөліп қарастыра аламыз:

  1. «Білім, дағды, шеберлік» дәстүрлі триадасының құрамдас бөліктері арасындағы байланыстырушы буын.
  2. Білімді үнемі жаңартып отыру, берілген уақытта және берілген шарттарда, әрбір трансляцияға жақын жағдайда оның барлық алуан түрлілігінде есептерді шешу үшін жаңа ақпаратқа ие болу.
  3. Көпшілік арасынан ең оңтайлы шешімді таңдау, жалған шешімдерді негізді түрде теріске шығару, тиімді мәселелерді дұрыс қолдана білу, тиімді емес шешімдерге сұрақ қою арқылы - аудармаға қатысты сыни ойлауға ие болу.
  4. Мазмұндық (білім) және процедуралық (дағдылық) құрамдастарды қамтитын шешім әдісін меңгеру.

Аударма құзіреттілігінің теориялық тұжырымдамасының көп өлшемділігі оның құрамдас бөліктерінің екі өлшемділігінде жатыр. И. А. Зимняя, кәсіби (біздің жағдайда аудармашылық) құзыреттілікті қалыптастырудың үлгісін жасау үшін пәндік құзыреттермен қатар жалпы құзыреттіліктердің болуын ескеру қажет екендікін атап өтіп, зерттелетін теориялық концепцияның жалпы және пәндік құзыреттіліктерінің құрамдас бөліктерін қарастыруды ұсынған болатын.

И. А. Зимняя барлық жалпы құзіреттіліктерді үш топқа бөлуді ұсынады:

  1. Тұлға, субъект ретіндегі тұлғаның өзіне байланысты қарым-қатынас қызметінің құзыреттіліктері;
  2. Адам мен әлеуметтік саланың әлеуметтік өзара әрекеттестігіне байланысты құзыреттер;
  3. Адам әрекетімен байланысты құзыреттер.

«Аудармашылық құзіреттілік» ұғымы үлкен теориялық және практикалық қызығушылық тудырады. Cондықтан да, бұл тақырыпты әртүрлі аудармашы ғалымдар қарастырып жатыр.

Әрбір зерттеуші оның құраушы факторларын, қалыптасу және даму жолдарын нақтылауға ұмтылады.

Бұл ұғымды В. Н. Комиссаров пен Ж. И. К. Латышев зерттеген теориялық тұжырымдаманың пәндік құзыреттіліктерінің мазмұнын қарастырайық. В. Н. Комиссаров, пәндік құзіреттіліктердің құрылымдық мазмұны мынадай құзыреттерден құралады:

  • бірнеше тілдің грамматикалық, лексикалық құрылымын білуді ғана емес, сонымен қатар үнемі кеңейіп отыратын осы білімнің ауқымын білдіретін тілдік құзыреттілік;
  • белгілі бір тілдің ережелеріне сәйкес әртүрлі мәтіндер құра білуді ғана емес, сонымен қатар осы ережелерді екі (үш) тіл арасындағы корреляцияны қоса білуді қамтитын мәтін құраушы құзыреттілік;
  • «салыстырмалы динамикалық сипатпен» сипатталатын коммуникативтік құзыреттілік: аудармашы аударма процесінде оның мазмұнына қарамастан, мағынаны толық жеткізу үшін әлеуметтік-мәдени ақпаратты берудің жеткіліктілік дәрежесін анықтай алуы керек. түпнұсқа мәтін;
  • аударманың сәтті процесін қамтамасыз ететін жеке қасиеттердің болуымен анықталатын тұлғалық құзыреттілік: психикалық ұйымның пластикасы мен икемділігі, қызығушылықтардың кеңдігі, эрудицияның жоғары дәрежесі, толеранттылық, өз іс-әрекетінің мотивациясын білу;
  • аударма қызметінің сол немесе басқа түрін орындауға мүмкіндік беретін нақты білім, білік және дағдының болуымен сипатталатын техникалық құзырет.

Аудармашының таңдаған стратегиясы, ең алдымен, аударманың мақсаты мен оны жүзеге асыру шарттарына байланысты. Л. К. Латышев аударма құзіреттілігін « . . . аудармашыға өзінің кәсіби міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылардың жиынтығы . . . » [4] деп анықтай отырып, бұл білім жиынтығын аудармашылық құзіреттілік қағидасы бойынша екі бөлікке бөледі. Аударма процесіне қатысу дәрежесі. Зерттеуші аударма құзіреттілігінің негізгі және прагматикалық бөліктерін ажыратады, олар өз кезегінде жұптарға бөлінеді.

Жалпы алғанда, «құзыреттілік» ұғымы жайлы ғалым К. Құдайбергенова «Құзыреттілік ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан-жақты, хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді [5] .

Бұл жайлы Б. Тұрғынбаева « . . . өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса [6], Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы».

Кесте 1

«Құзыреттілік» ұғымына берілген анықтама

Берілген түсініктемелер
Түсініктеме авторлары
Берілген түсініктемелер: Аудармашыға өзінің кәсіби міндеттерін сәтті шешуге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылардың жиынтығы . . . ", бұл білім жиынтығын аударма процесіне қатысу дәрежесі қағидаты бойынша екі бөлікке бөледі.
Түсініктеме авторлары: Л. К. Латышев
Берілген түсініктемелер: Құзыреттілік - тұлғаның теориялық білімді және практикалық тәжірибені белгілі бір міндеттерді шеше білуге қолдануға қабілеттілігі және дайындығы
Түсініктеме авторлары: Қ. С. Құдайбергенова
Берілген түсініктемелер: Белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, қандай да болмасын мәселеден хабардар болу, беделділік
Түсініктеме авторлары: С. Ожегов
Берілген түсініктемелер: Құзырлылық - адамның өздік дамужолындағы ізгілік идеялар мен ұстанымдарға негізделген кіріктірілген сипаттамасы
Түсініктеме авторлары: М. В. Рыжков

«Құзыреттілік» және «аударма құзіреттілігі» ұғымдарын түсіндіру тәсілдеріне ұсынылған шолу аудармашы қызметінің үш саласына аударма құзіреттілігінің құрамдастарын бөлуге мүмкіндік береді: жоғары мамандандырылған білім саласы, аударма саласы, аударма стратегиялары мен технологиялары және коммуникация процесін ұйымдастыру саласы.

Сонымен, аударма құзіреттілігін тұтастай көп өлшемді теориялық концепция ретінде зерттеуді талдауымыз пәндік-мамандандырылған, біліктілік, пәндік-коммуникативтік компоненттер зерттелетін ұғымның құрылымын құрайды деген болжамды растайды. Сонымен бірге, тіл мамандарының аудармашылық құзіреттілігін қалыптастырудың ең күрделі мәселесін әзірлеуге бағытталған тәсілдердің бірі ғана екенін нақтылау орынды.

Жалпы Құзыреттілік ұғымының бірнеше түрі бар:

  • мәтін құрушылық құзыреттілік,
  • коммуникативті құзыреттілік,
  • техникалық құзыреттілік.

Аудармашы - түпнұсқа тіліндегі сөзді басқа тілде қалай айтуға болады, бұл сөздің мағынасы неде, немесе белгілі бір жағдаятта мұны қалай түсіндіруге болады деген сұрақтар төңірегінде өз-өзінен жауап күтетін, үнемі ізденіс үстінде жүретін тұлға[6] .

Бұдан біз аударашының жұмысында тілдік құзыреттілік ерекше рөл атқаратынын байқай аламыз.

Мәтін құрай білуші құзыреттілік дегеніміз аудармашының барлық лексика және грамматикалық нормаларды қолдана алуы арқылы, әр түрлі типтегі мәтіндерді құрауы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Оқушылардың шетел тілі сабағында аударма құзыреттілігін қалыптастыру ерекшелігі
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және ерекшеліктері
Мұғалімнің сөйлеу шеберлігі туралы
«Сүйіспеншілік» тақырыбындағы фразеологизмдерді сөйлеу дағдысын дамытуда қолдану жолдары
Ортаңғы сыныптарға тыңдап түсінуді үйрету
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Ағылшын тілін оқыту
Жобалау мен шығармашылық
Ағылшын тілін оқыту технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz