Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті түрде оқытудың негізгі формалары
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
инжиниринг университеті
Туризм және тілдер факультеті
Ағылшын филологиясы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Есту бұзылыстары бар балалар іс-әрекеттерінің ерекшеліктері
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы:
Орындаған: Лукманова Жансая, 3 курс студенті
оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А.Р., аға оқытушы
_____________________
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2021 ж.
Бағасы _____________
Ақтау, 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Туризм және тілдер факультеті
Ағылшын филологиясы кафедрасы
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы:
ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент: Лукманова Жансая

Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері.
Нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық- ерік сферасын дамыту.
Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті түрде оқытудың негізгі формалары.
Негізгі әдебиеттер:
1)Л.А.Головчиц. Мектепке дейінгі сурдопедагогика. Есту бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту. - М, 2001.
2)Б.Д.Корсунская. Отбасындағы саңырау мектепке дейінгі жастағы баланы тәрбиелеу. - М;
3) Байтұрсынова А.А. Арнайы педагогика: проблемалары мен болашық дамуы. Алматы. ;
Курстық жұмыстың көлемі: ___ бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2021 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі ________ Ерубаева А.Р.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЕСТУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ БОЙЫНША ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық- ерік сферасын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті түрде оқытудың негізгі формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..30
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Осы курстық жұмыста балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен жолдары қаралады. Есте сақтау қабілеті - бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға, сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі есте сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу бөліміне енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.
Бүгінгі күнде есте сақтау қабілетін зерттеумен түрлі: психология, биология, медицина, генетика және тағы басқа да ғылым өкілдері айналысады. Осы ғылымдардың әр қайсысында есте сақтау қабілетінің теориялары бар: психологиялық (Г. Эббингауз, К. Левин, П. Жане), биогенетикалық (И.П. Павлов, И.М. Сеченов), физиологиялық (Л.С. Выготский). А.А. Смирнов пен П.И. Зинчеконың зерттеулері есте сақтау қабілетін үрдіс ретінде қарастырып, есте сақтау қабілеті баланың мағыналы қызметі ретіндегі жаңа және маңызды заңдарды ашты. Есте сақтау қабілеті қандай да бір жеке функциямен емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, қызығушылықтары, ынтасымен тығыз байланысты. Сондықтан даму мен жетілу баланың дамуымен қатар жүреді.
Бүгінде есте сақтау қабілеті үрдістерін зерделеудің көптеген әдіс-тәсілдері бар, негізінен оларды түрлі деңгейлі деп есептеуге болады, өйткені психологиялық қызметтің осы күрделі жүйесін психологиялық, физиологиялық және нейрондық, сондай-ақ биохимиялық деңгейде зерттейтін есте сақтау қабілетінің теориялары бар. Көптеген теория бүгінде болжам түрінде қала береді.
Қазіргі уақытта көптеген елдер, оның ішінде АҚШ, Жапония, Англия,
Канада, Германия, Венесуэлла білім беру жүйесіне қомақты жаражат жұмсайды, тілдік теорияны үйрету үрдісінде есті дамыту деңгейін арттыруға арналған күрделі құрылғылар мен жүйелер ойлап табуда.
Есте сақтау қабілетін зерттеумен Г. Эббингауз, З. Фрейд, А. Бине, К. Бюлер, А.Н. Лентьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн, Б.В. Зейгарник, Л.С. Выготский және т.б. көптеген шетел және отандық ғалымдар айналысқан.
Бүгінгі күнде де есте сақтау қабілетін зерттеумен медицина, генетика, психологияы, кибернетика және басқа ғылымдар өкілдері айналысуда.
Жұмыстың өзектілігі. Біз зерттеу тақырыбын мәселенің актуалды болуына байланысты таңдадық. Психолого-педагогикалық әдебиетті зерттеуде біз мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту қажеттілігі және тілдік теорияны үйрету үрдісіндегі мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту бойынша әзірлемелер саны аз болуы арасында қарама-қайшылықты айқындадық.
Айқындалған қарама-қайшылық: тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау зерттеу мәселесін белгілеу мүмкіндігін берді.
Аталған жұмыстың басты мақсаты - оқыту үрдісінде балалардың есту қабілетінің дамуы деңгейін теориялық айқындау және тәжірибе-эксперимент арқылы тексеру.
Жұмыстың мақсатына сүйене отырып, келесідей міндеттерді шешуге бел будық:
- Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктерін;
- Есту қабілеті нашар дамыған балалардың ерекшелігін және балалар іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін;
- Есту бұзылыстары бар балаларға коррекциялық-педагогикалық көмек көрсетудің жолдарына тоқталу болып табылады.
Зерттеу пәні: оқыту үрдісінде балалардың есту қабілетін дамыту жағдайлары.
Зерттеу нысаны: Балалардың есту қабілетін дамыту үрдісі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Қолайсыз жағдайлар мен факторлардың кешенді нәтижесінде 60 пайыздан астам балалар әртүрлі патологиялық кемшіліктермен туылуда, есту қабілеті бұзылған және нашар еститін балалар да саны аз емес. Елімізде 10000 бала сыртқы және ортаңғы құлақтын кемістіктерімен туады. Құлақ қалқанын қалпына келтіруде пластикалық операциямен оториноларингологтар мен хируртер айналысады, қазіргі уақытта оториноларингологтарға осы топтағы адамдарға есту қабілетін жақсарту үшін операция жасауға тура келеді. Құлақ қалқанын қалпына келтіру, оның күрделі бедеріне байланысты, хирургияда пластикалық операцияның ішіндегі ең қиыны болып есептеледі. Құлақ қалқанының бірнеше дәрежедегі кемістіктерін ажыратады: микротия (құлақ үлпершегінің, бөлігі тері білігі түріндегі иірім бөлігі), анотия (құлақ қалқанының және сыртқы есту түтігінің толығымен болмауы).
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизиологиялық даму үдерісі қалыпты дамыған балаларға тән даму заңдылығымен өтеді, бірақ психикалық үдерістің өзіне тән ерекшелігі болады. Бұл ерекшелік бала дамуындағы кемшілік, ауытқушылық түрімен анықталады. Есту қабілеті бұзылған балалардың әр түрлі өзіндік ерекшеліктері болады.
Есту қабілеті бұзылған балалардың, естімейтіндердің және нашар еститіндердің балалық шақтағы психологиялық ерекшеліктеріне келіп тоқталатын болсақ, екі - үш жастан бастап ойын - мектеп жасына дейінгі баланың жетекші әрекетіне айнала бастайды. Бұл топтағы балалар ойынының негізгі мазмұны - ойыншықтармен және ойыншықты алмастыратын заттармен әрекет ету. Ойынды ойнау уақыты шектеулі. Олар бір - екі рөлді және қарапайым сюжетті ойындар ойнаумен шектеледі. Ережелі ойындар бұл жаста жаңадан қалыптасады.
Баланың бейнелеу іс-әрекетінің бұл жаста жаңадан қалыптаса зат туралы түсінігі тәуелді. Кейбір балалардың заттарды бейнелеуінде жекелеген бөліктер жетіспей, кейбір суретте бөліктерді біршама толық бейнелейді.
Сондай-ақ түстерді қолдануға қызығушылығы пайда болады. Нашар еститін баланың қол моторикасын дамыту да оның психологиялық, интеллектуалдық дамуына да үлкен зор үлес қосады. Ұсақ саусақ қимылдарын дамытуда мүсіндеудің маңызы зор.
Олар ересек адамның басшылығымен қарапайым заттарды мүсіндеп жасай алады. Жапсыру- бала қабылдауының дамуына оң ықпал етеді. Бұл топтағы балалар жапсырудың өте қарапайым түрлерінің бірі - желімсіз жапсыруды ғана орындай алады.
Есту бұзылыстары бар балалар құлақ түбіндегі қатты дыбысты сезіне алады, бірақ арнайы оқытусыз сөздер мен сөйлемдерді түсінбейді. Естімейтін балалар үшін есту аппараты немесе кохлеарлы имплантты қолдану қажет. Есту аппараты немесе кохлеарлы имплантты қолданғанның өзінде естімейтін балалар айналадағылардың сөйлеуін қабылдау мен түсінуде қиналады. Бұндай балалардың ауызша сөйлеу тілі өздігінен дамымайды, сондықтан оларды ұзақ жүйелі түзете-дамыту жұмысына қосукерек. Бұл жұмыстың басты бағыттары: сөйлеу тілін дамыту (лексикалық, грамматикалық, синтаксистік құрылымдар) есту арқылы қабылдауды, оның ішінде сөйлеу тілін естуді дамыту және дыбыс айтуды қалыптастыру. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастырумен қатар баланың танымдық әрекетін және тұлғасын жан жақты дамыту жүреді.
Есту бұзылысын түзету мақсатында естуді протездеу немесе кохлеарлы импланттау қолданылады.
Есту қабілеті бұзылған балалар айналадығылардың сөйлеуін үш әдіспен қабылдайды: есту-көру, есту арқылы, көру арқылы.
Нашар еститін балалар сөйлеушіні бірнеше себептерге байланысты әрдайым түсіне бермейді. Есту қабілеті бұзылған баланың айтқанды түсінуі сөйлеушінің артикуляциялық мүшесінің анатомиялық ерекшеліктері (жұқа еріндер, тістестіру ерекшеліктері және т.б.), ерінді бүркеу (мұрт, сақал, ашық түсті далап және басқа) және сөйлеу тілінің ерекшелігі (анық емес, жылдам сөйлеу және т.б.) қиындатады.
Нашар еститін балаға қатысты сөйлеушінің тұрған орны және әңгімеге қатысушылардың сангы да үлкен маңызға ие. Мысалы, сөйлеушінің жарық көзіне арқасымен тұруы, балаға қырымен немесе арқасымен тұруы, әңгімеге екі немесе одан да көп адамның қатысуы - сөйлеуді түсінуге кері әсерін тигізеді.
Есту мүмкіндіктерінің ерекшеліктері (есту аппаратының бұзылуы, толық емес есту) және баланың тұрмыстық және әлеуметтік тәжірибесінің шектеулігі (ортақ мәнмәтінтақырып бойынша ақпараттанудың жеткіліксіздігі және осының айтылғанды түсінуге әсер етуі) сөйлеуді қабылдау тұрақсыздығының факторлары болып табылады [11].
Сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері, есту қабілеті бұзылған баланың сөздік қоры да оның сөйлеуді қабылдаудағы мүмкіндіктеріне едәуір әсер етеді.
Нашар еститін оқушылардың сөйлеу тілінде келесідей ерекшеліктер болуы мүмкін: дыбыс айту бұзылысы; сөздерді айту мен жазудағы қателер арқылы байқалатын сөздің дыбыстық құрамын жеткіліксіз меңгеру. Лексикалық деңгейде есту қабілеті бұзылған балаларда шектелген сөздік қоры, мәтіндік мағынасын толық меңгермеуге байланысты сөздерді дұрыс түсінбеу және қате қолдану болады. грамматикалық құрылымның кемшіліктері, сөйлеудегі (грамматикалық) белгілі құрылымдарды меңгеру мен қолдану ерекшеліктері естімейтіннашар еститін балалардың сөздерсөз тіркестерінің орны дәстүрлі емесинвертті тәртіптегі сөйлемді қабылдаудағы қиындықтар және оқылған мәтінді түсіну шектеулігі ретінде байқалатын синтаксистік деңгейдегі қиындықтарды туғызуы мүмкін.
Есту арқылы қабылдаудың бұзылысы және осының салдарынан пайда болатын сөйлеу тілінің жетілмеуі бұндай баланың өзіндік дамуын қалыптастырады. Есту қабілеті бұзылған балаларда тек сөйлеу тілі дамуының ғана емес, танымдық және тұлғалық салаларының дамуында да ерекшеліктер байқалуы мүмкін.
Білім беру процесін ұйымдастыру үшін танымдық саланың келесідей басты ерекшеліктерін бөледі: зейіннің төмен көлемі және ауысу қарқынының төмендігі, яғни есту бұзылысы бар балаға бір оқу әрекетін аяқтау үшін және басқаға ауысу үшін белгілі бір уақыт керек болады. Сондай-ақ, бұл санаттағы балаларға ең төменгі зейін тұрақтылығы тән, соның салдарынан есту-көру негізінде ақпарат алатындықтан қатты шаршағыштық болады. Сабақ барысында оқу кезінде көру және материалды түсіндіруде есту талдағышына сүйенетін еститін оқушыға қарағанда есту қабілеті бұзылған білім алушы үнемі екі талдағышты да іске қосып отырады. Естімейтіннашар еститін оқушы зейінін бөлуде үлкен қиындықтарға соқтығады және ол бір уақытта естіп, жаза алмайды.
Есте сақтаудың ерекшеліктері естімейтіннашар еститін баланың лексикалық қорының даму деңгейіне байланысты сөздік жадына қарағанда бейнелік есте сақтаудың басымдығында байқалады. Бұл оқу материалын есте сақтауға көбірек уақытты қажет етеді, бұл орайда саналы есте сақтаудан гөрі, механикалық есте сақтау басым болады.
Есту қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері сөздік логикалық ойлау дамуының деңгейі мен сөйлеу тілі дамуына байланысты сөздік-логикалыққа қарағанда көрнекі-бейнелік ойлаудың басымдығымен байқалады [11].
Эмоционалды саланың даму ерекшеліктері белгілі бір жағдайда айналадағылардың эмоциялық сезімдерін, оның ішінде интонация арқылы берілетін сөйлеудің эмоциялық бояуын қабылдау шектеулігіне байланысты түсінбеу немесе ажыратуда қиналу арқылы байқалады.
Тұлға қалыптасуының ерекшеліктерінің арасында негативті жағдайлар кешенінің болуын атап өту қажет: өзіне сенімсіздік, қорқыныш, жақын ересек адамға аса тәуелділік, өзін өзі өте жоғары бағалау. Естімейтін және нашар еститін балалардың бір бөлігінде негізсіз өзін өзі жоғары бағалау ұзақ сақталады. Бұл олардың ерте жастан бастап ересектер тарапынан өзінің жетістіктерін жағымды бағалау ортасында болғандығымен түсіндіріледі.
Есту қабілеті бұзылған кейбір оқушылар мұғалімнің және сыныптастардың олардың мүмкіндіктерін жағымсыз бағалауына (көбінесе объективті) байланысты агрессия көрсетуі мүмкін.
Естімейтін және нашар еститін балалар қалыпты құрдастарына қарағанда әлеуметтік жетілуі нашар (қоғамда бейімделу) болады: тұйық, өздері сияқтылармен сөйлесуді қалайды, сәтсіздіктен қорыққандықтан еститін құрдастармен ойнаудан қашады.
Естімейтіннашар еститін оқушы үшін ұзақ уақыт бойы, тіпті жоғары сыныптарға дейін сыныптастарының және өзін өзі бағалауын қалыптастыруда жетекші болып табылатын педагогпен қарым-қатынас орнату ерекше маңызды. Көп уақыт мұғаліммен сөйлесуге басымдық беріп, сыныптастармен әрекеттесуді шектеу әлеуметтік қарым-қатынастың бұзылуына, жоғары ашушаңдыққа, невротикалық әсерлерге алып келуі мүмкін.
Естімейтін және нашар еститін балалар есту қабілеті бұзылысының салдарынан болған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар: білім беру, танымдық және коммуникативтік жағдайларда қалдық естуді қолдану және дамыту; сөйлеуші адамның айтқанын есту-көру, есту және көру арқылы қабылдауға және коммуникацияның әртүрлі формаларына үйрету; сөйлеу тілінің барлық жақтарын дамыту және мүмкіндіктердің шектелуіне байланысты қоршаған әлем туралы біліміндегі кемшіліктердің орнын толтыру; инклюзивті білім беру ортасында әлеуметтік құзыреттілікті және мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру; қажеттілік-уәждемелік және эмоционалды-еріктік саланы дамыту; қоғамда барынша тәуелсіз өмір сүруге қабілетті, оның ішінде кәсіби анықталу, әлеуметтік еңбекке бейімделу, белсенді және оптимисттік өмірлік ұстаным және тағы басқа арқылы қалыптастыру [11].
Арнайы білім беру жағдайларын жасау материалды-техникалық базаны құрудан басталады. Кедергісіз ортаны жасауда есту қабілеті бұзылған балалар үшін ақпарат алу үлкен қиындық туғызатынын ескерген жөн. Сондықтан, ең алдымен, ұйымда осы балаларға көп ақпаратты визуалды көздер арқылы қабылдауға мүмкіндік беретін қолжетімді орта жасалады: тәртіп ережелері, қауіпсіздік ережелері, ұйымның қызмет ету тәртібі және т.б. туралы көрнекі көрсетілген, ыңғайлы орналастырылған және қолжетімді стендтер
Архитектуралық білім беру ортасын құруда бөлмелерді акустикалық дайындау, есту аппаратыкохлеарлы импланты бар бала оқитын сыныптың акустикасын дұрыстау болып табылады. Кабинеттерді арнайы дыбыс жұтатын панельдермен және қалың матадан жасалған педелерді құру бұл мәселені шешеді.
Түзету-дамыту сабақтарына арналған арнайы кабинеттер жасау есту қабілеті бұзылған балалардың денсаулығын сақтау шарты болып табылады. арнайы кабинеттер дыбыс өткізбейтін, түзете-дамыту сабақтарына арналған құрал-жабдықтармен жарақтандырылған болуы қажет.
Арнайы құрал-жабдықтар
Естімейтін және нашар еститін білім алушыларды ерекше қажеттіліктеріне бағдарланған оқытудың техникалық: ұжымдық және жеке қолдануға арналған дыбысты күшейткіш стационарлы желілік аппаратура (қосымша вибротактильді құрылғылары бар), сымсыз аппаратура, мысалы, FM - жүйе; сөйлеудің дыбыс айту жағын дамытуға ықпал ететін арнайы визуалды құралдар; арнайы компьютерлік оқыту бағдарламалары.
Есту арқылы қабылдау мен сөйлеудің дыбыс айту жағын дамыту бойынша топтық және жеке сабақтарға арналаған, музыкалық ырғақтық сабақтарға арналған кабинеттер дыбыс күшейткіш аппаратурамен жабдықталады. Сөйлеушінің бетін және оның артындағы фонды жарықтандыру, заманауи электроакустикалық, оның ішінде дыбыс күшейткіш аппаратура, сондай-ақ қашықтықтан іс-әрекетті үлкен экранда көрсетуге мүмкіндік беретін аппаратураны қолдану қажет [11].
Қосымша дидактикалық материалдар
Есту арқылы қабылдау деңгейін анықтау үшін диагностикалық жинақ.
Кестелер, мәтіндер, тақырып бойынша иллюстрациялық материал
Ойыншықтар мен үстел ойындары.
Музыкалды аспаптар жинағы.
Сурдопедагогика бойынша арнайы әдебиеттер.
Естімейтін балаларға білім беру процесін ұйымдастыру бойынша
әдістемелік ұсынымдар
есту қабілеті бұзылған балалардың жұмыс қарқыны баяу болғандықтан тапсырмаларды орындауға көбірек уақыт беру қажет;
кез келген жағдайда тапсырманы өздігінен орындауға басымдық беру ұсынылады;
балаларды үнемі диалогқа, олардың нәтижеге жету процесі туралы талқылауға қосып отыру керек;
әрекет түрін немесе тапсырманы ауыстыруда бала мұғалімді түсінгеніне көз жеткізу керек (мысалы, не жасайтыныңды қайтала, не жасау керектігін балаларға айтып бер);
сыныпта шудың қатты деңгейде болмауын қадағалау, оқу процесіне барлық балаларға пайдалы және есту қабілеті үшін тынығу болатын үнсіздік минутасын қосу ұсынылады;
ұсынылған материалдың негізгілерін бірнеше рет қайталап, есту қабілеті бұзылғанбарлық балаларды қайталату жөн;
сұрақтарды балалар түсінетіндей, мәнін ұғынатындай анық, қысқа қойып, жауап беруге асықтырмай, ойлануға уақыт берген тиімді;
оқу процесінде иллюстративті материалды кеңінен қолданыңыз;
есту қабілетінің бұзылысы бар баланың сөйлеушіге бұрылуға мүмкіндігі болу керек (дыбыстық ақпаратты көру арқылы қабылдау). Бұл тәртіп бұзу емес, қажеттілік.
сабақта диалогполилог түрінде әңгіме барысында естімейтін баланың назарын сөйлеушіге аударту (оларға бұрылып қарау ережесі) - бұл сөйлеу тілін қабылдаудың (есту және есту-көру арқылы қабылдау) тиімді жағдайы [11].
Естімейтін білім алушылар үшін жиынтық жұмыстарын жүргізу тәртібін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар
− естімейтін білім алушылар үшін жиынтық жұмыстары арнайы сараланып әзірленген тапсырмаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Жиынтық жұмыстарының тапсырмалары, бағалау критерийлері және дескрипторларды мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау маманымен бірге әзірлейді;
− есту қабілеті бұзылған білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып жиынтық жұмыстарының тапсыру уақытын ұзартуға болады;
− жиынтық жұмысты жүргізу барысында білім алушыға тынығу үшін немесе басқа қажетті шаралар үшін қысқа уақытты үзіліс беруге болады;
− естімейтін оқушыларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек −, оқу тапсырмасын қабылдау мен орындау кезеңінде эмоционалды жайлы жағдайды жасау және сақтау мақсатында қажеттілігіне байланысты психологиялық-педагогикалық қолдау маманының қатысуына рұқсат етіледі;
− тілдік пәндер бойынша тыңдалымға арналған тапсырмаларды білім алушының сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктерін есепке ала отырып басқа тапсырмалармен алмастыруға болады;
− айтылымға арналған тапсырмалардың көлемі мен мазмұнын білім алушының психикалық және тілдік дамуына байланысты өзгертуге болады;
− қажет болған жағдайда (ата-ананың немесе білім алушының қалауы бойынша) арнайы құрылғыларды (ұжымдық қолдануға арналған дыбыс күшейткіш аппаратурасы, жеке есту аппараттары және басқа) қолдану ұсынылады;
− естімейтін білім алушылардың жиынтық жұмыстарын бағалау жалпы қабылданған критерийлерді, сонымен қатар олардың психофизиологиялық жағдайы мен сөйлеу тілі әрекетінің даму ерекшеліктерін ескеретін критерийлерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Нашар еститін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Нашар еститін балаларға жоғарылығы бойынша дыбыстарды ажырату аумағы кеңдеу (орташа 1000-4000 Гц) болатын күші 20 - 50 дБ және одан қатты (бірінші дәрежедегі саңыраулық), сондай-ақ 50 - 70 дБ, одан қатты (екінші дәрежедегі саңыраулық) дыбыстарды еститін есту қабілеті бұзылған балалар жатады.
Бұл балалардың естімейтіндерден ең басты айырмашылығы олар жеткіліксіз деңгейде болса да өздігінен ауызша сөйлеу тілін меңгереді.
Есту қабілетінің бұзылысын арнайы диагностикасыз қалыпты жағдайда анықтау күрделі жұмыс.
Қалдық есту негізінде дамитын есту арқылы қабылдау кемістіктің күрделілігіне, оның пайда болуы мен оңалтуды бастау уақытына байланысты. Бұндай балалардың ерекшелігі қатты дыбыстарға мазасыздану, есту қабілетінің бұзылысы ауыр болған сайын дыбыс қаттылығының жылдам арту феномені анық көріне бастайды. Егер тілдік емес - музыкалық және шуға қатысты есту туралы айтатын болсақ, бұл балаларда жақсы музыкалық қабілеттерді байқауға болады. ол аудиограммамен анықталмайды, туа пайда болған жеке нышандар болып табылады. бұл санаттағы балаларда вибрациялық сезімталдық басқа балаларға қарағанда жақсы дамыған. Сондықтан, олар ырғақтық көріністі ажыратуға, музыкалық аспаптарда ойнауға, тіпті билей алуға қабілетті. Сырттан есту қабілетінің бұзылысын балалардың жиі қайта сұрауынан, бала сөйлеушінің түрін көрмесе оған айтылған сөзге жауаптың болмауынан, теледидар бағдарламаларын қатты дыбыспен көру, сөйлеушінің айтқанын жақсырақ еститін құлағымен бұрылып тыңдауынан, дыбыстың бағытын анықтай алмауынан байқауға болады.
Естуінде қиындықтары бар балалардың эмоционалды-еріктік саласы эмоциялардың жұтаңдығымен, ерік қасиеттерінің әлсіздігімен, бастаған ісін аяғына апарғысы келмейтіндігімен сипатталады. Дегенмен, олар еститін балаларға қарағанда белсенді болады. Олар іс-әрекеттер арқылы өзін қоршаған заттарды барлық сақталған қабылдау түрлерін қолдана отырып танып білетінін түсіну маңызды
Нашар еститін балаларда қоршаған әлемді қабылдаудың бірқатар ерекшеліктері бар. Көру арқылы қабылдауда жетілмегендік, нақтырақ қабылдау және заттарды тану жылдамдығының төмендігі байқалады.
Нашар еститіндердің сөйлеу тіліне сандық жағынан жеткіліксіздік және сапалық жағынан өзгешелік тән. Балалардағы есту қабілетінің жеңіл түрде төмендеуі сөйлеу тілі дамуының тежелуіне, бала тілдің ақырын айтылған дыбыстары мен сөздің бөлігін қабылдап ажырата алмағандықтан фонематикалық талдаудың қалыптаспауына алып келеді. Бала сөздің бір бөлігін ғана естиді, сондықтан оның мағынасын дұрыс түсінбейді. Жалпы алғанда, нашар еститін балалардың дыбыс айту бұзылған, сөйлеу тілі анық емес, дыбыс шығару қаттылығы бірде өте қатты, бірде өте төмен біркелкі емес, ым-ишарамен қатар жүреді.
Сөйлеу тілінің болмауы немесе оның төмен деңгейде дамуы баланың танымдық әрекетінің тежелуіне, әсіресе, тілдік ойлау деп аталатын көрнекі-бейнелік және тілдік-логикалық ойлаудың шектелуіне алып келеді.
Есту қабілеті бұзылған балалардың әлеуетті мүмкіндіктері өте жоғары.
Егер баланың дамуында басқа қосымша күрделі ауытқулары болмаса, тиімді және мақсатты түзету жұмысы мектепке дейінгі кезеңде жүргізілген болса, онда саңыраулықтың ауыр түріне қарамастан бастауыш мектепте жалпы және тілдік дамуды қалыпты жағдайға дейін жеткізуге болады. Бұндай балалар сөйлеу тілін толық меңгерген, балалармен де, ересектермен де еркін сөйлесе алады, көргенін айтып бере алады, оларға айтылған сөзді жақсы қабылдайды, естіп көру арқылы қабылдайды, тақпақ оқып, өлең де айтып бере алады.
Олардың сөйлеу тілінің дыбысталуы, әдетте, еститін балалардың тілінен аз айырмашылыға болады, олар есту аппараттарымен еш қиындықсыз қолданады. Оларға жалпы мектепте оқу тиімді болып табылады.
Нашар еститін балалармен түзету жұмысын ұйымдастыру үшін сурдопедагог кабинеті қажет. Ол дыбыстау индикаторы, арнайы компьютерлік бағдарламалар, сурдологопедиялық тренажер, компьютер колонкалары, магнитті тақта, аудиодисктер, айна және басқа құралдармен жабдықталады [11].
Нашар еститін балаларға білім беру процесін ұйымдастыру бойынша
әдістемелік ұсынымдар
1) Есту қабілеті бұзылған баланың білім беру ұйымының тәртібіне, оның білім беру ортасына бейімделу процесінде жеке және жас ерекшеліктерін міндетті түрде ескере отырып сабақтастық, бірізділік, біртіндеп беру принциптерін сақтау қажет.
2) Педагогтерге бұндай баламен қарым-қатынаста барлық мүмкін және қолжетімді құралдарды қолдану қажет: ауызша сөйлеу тілі, табиғи ым-ишара мен мимка.
3) Педагогтер мен мамандарға бұндай баланы айналадағылар қабылдау үшін, қарым-қатынасқа және әр түрлі әрекет түрлеріне қосу үшін арнайы жұмыс жүргізу қажет.
Нашар еститін білім алушылар үшін жиынтық жұмыстарын жүргізу тәртібін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар
− нашар еститін білім алушылар үшін жиынтық жұмыстары арнайы сараланып әзірленген тапсырмаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Жиынтық жұмыстарының тапсырмалары, бағалау критерийлері және дескрипторларды мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау маманымен бірге әзірлейді;

− нашар еститін оқушыларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, оқу тапсырмасын қабылдау мен орындау кезеңінде эмоционалды жайлы жағдайды жасау және сақтау мақсатында қажеттілігіне байланысты психологиялық-педагогикалық қолдау маманының қатысуына рұқсат етіледі;

− нашар еститін білім алушылардың жиынтық жұмыстарын бағалау оценивание жалпы қабылданған критерийлерді, сонымен қатар олардың психофизиологиялық жағдайы мен сөйлеу тілі әрекетінің даму ерекшеліктерін ескеретін критерийлерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.
1.2 Нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық- ерік сферасын дамыту
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамытудың негізгі мәселесі болып қарастырылған. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелеуіне орай, бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе.
Есту қабілеті бұзылған балалардың мінез-құлық ерекшеліктері мен психологиясы алғаш рет ХІХ ғасырдың орта шенінде зерттеле бастады. 20 жылдары Л.С.Выготскийдің басшылығымен арнайы психологиялық мәселелер жүйелі түрде қарастырылды. Сурдопсихология саласындағы зерттеулер И.М.Соловьевтың жетекшілігімен жүзеге асырылды. Сурдопсихологияның қалыптасуының кезеңдерінде А.П.Гозова, Г.Л.Выгодская, Н.Г.Морозова, М.М.Нудельман, В.Г.Петрова, Т.В.Розановна, Л.И.Тигранова және т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты [1].
Естуін жоғалту баланың дамуына алғашқы күндерден бастап- ақ әсер етеді. Ол қоршаған ортаны көлемді кеңістікті қабылдай алмайды, тек көру аумағындағы және тактильді, вибрациялық сезінулерге ғана жауап береді.
Э.И. Леонгардтың айтуынша, есту қабілеті төмендеген балаларда толыққанды полисенсорлы қабылдаудың қалыптасуы қиындайды, яғни қалыпты дамудың бір шарты зақымдалады.
Кез-келген балалардың жағымды психикалық дамуын қажетті жағдай, сыртқы әсердің санының ерекшелігінің және күрделілігінің жүйелі және маңыздылығы және олардың сөйлеу арқылы жүзеге асатыны болып табылады. Бірақ, сыртқы әсердің көлемі, есту қабілеті зақымдалған балалар үшін өте тар, сөйлеу арқылы әсер ету өте шектелген, қоршаған ортамен әсері кедейленген, қоршаған адамдармен қатынасы қиындаған болады. Осыған байланысты бұл балалардың психикалық іс-әрекеті қарапайым болып келеді.
Есту қабілеті зақымдалған балаларда психиканың құрам бөліктері еститін балалармен салыстырғанда басқаша дамиды. Нашар еститін балалардың ойлауының даму ерекшелігі сөйлеудің өте баяу және өзіндік ерекшелігі бар дамуымен байланысты. Нашар еститін балаларды сөйлеуге үйрету жағдайында олардың сөйлеуі еститін балалармен салыстырғанда өте баяу және өзіндік ерекшелігі болады. Естімейтін балалардың сөйлеу ерекшелігінің көрініс беру деңгейі тек естудің зақымдалуына емес, сондай-ақ, естудің зақымдалған уақытымен де анықталады.
Нашар еститін балалардың сөйлеуінің дамуының өзіндік ерекшелігі бар, ал ауызша сөйлеуді түсіну қиындығы және дыбыстап айту кемшілігімен қоса, сөздікті меңгеру және сөйлеудің грамматикалық қатарын меңгеру, байланыстырып өз бетімен сөйлеуін дамытуда көрінеді.
Н.В. Яшкованың зерттеулердің қорытындылары бойынша естімейтін және нашар еститін балалар өздерінің даму деңгейлері бойынша еститін балалардан сәби және ерте жаста қалып қояды екен. Бұл артта қалушылық мектепке дейінгі жаста одан бетер күшейеді, егер ерте оқытуды бастамаса және сөйлеу мен ойлаудың дамуына қолайлы жағдай жасалмаса, ол артта қалушылық одан бетер күшейеді және керісінше тәрбиелеу мен сөйлеуге ерте үйретудің арнайы алдымен отбасында кейін бала-бақшада болса, нашар еститін балада еститін балалармен арадағы айырмашылықты азайту мүмкіндігі күшейеді [2].
Баланың жеке тұлғасы оның ересек адамдармен және құрдастарымен қарым-қатынас процесінде, әлеуметтік тәжірибелерді игеру барысында қалыптасады. Нашар еститін бала тап болған орта оның белгілі бір жеке тұлғалық белгілерінің пайда болуы мен қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Ерте сәбилік кезінде есту қабілетін жоғалтқан бала қалыпты балалармен салыстырғанда қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасының түрі өзгеше түрде қалана бастайды. Нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық дамуы мен эмоционалды саласына әсер ететін бірнеше факторларды атап көрсетуге болады.
Нашар еститін баланың сөйлеу арқылы жасалатын қарым-қатынасының бұзылуы оны айналасындағы сөйлейтін адамдардан бөлектейді, әлеуметтік тәжірибелерді игеруде қиындықтар туғызады. Нашар еститін балаларда ауызша сөйлеудің мәнерлі жақтары мен музыканы қабылдауда кедергілер болады. Сөйлеудегі тежелу олардың өздерінің және өзгелердің эмоцияларын сезінуге кедергі жасайды, тұлғааралық қарым-қатынастарды қысқартады.
Көркем әдебиет әлеміне кеш ену, олардың эмоционалды күйлерінің жұпыны, жадағай болып қалуына әкеп соғады, басқа адамдар мен көркем шығарма кейіпкерлері үшін қайғыру мен қуану сезімдерінен ада болады.
Нашар еститін балалардың жеке тұлғасы мен эмоционалды саласына мимика, ымдау, айқын қимыл-қозғалыстар сияқты эмоцияны жеткізе алатын тәсілдер жақсы әсер етеді.
Мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың эмоционалды-ерік саласының қалыптасуында отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Мұндағы тұлға дамуына ықпал ететін маңызды фактор - ол ата-ананың өздерінің есту қабілеттерінің бұзылуы немесе бұзылмауы. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалардың ата-анасы саңырау болса, олар өздерінің интеллектуалды эмоционалды күйлерін жеткізуде сау балалардан кем емес, ал ата-анасы еститін есту қабілеті бұзылған балалардың мінез-құлқындағы эмоционалды көріністер өте жұпыны болып келеді
Есту қабілеті бұзылған балалар басқа адамдардың эмоцияларын, эмоционалды реңктерін, жоғары әлеуметтік сезімдерді ұғыну қиындығы кездеседі. Сондай-ақ, эмоционалды күйлердің себеп-салдарын нашар түсінеді, моральдық-этикалық мағыналар мен ұғымдар кешігіп қалыптасады.
Әрине, бұл аталған кемшіліктердің барлығы тиісті коррекциялық оқыту-тәрбиелеу үдерісінде түзетіледі немесе анағұрлым жеңілдетіледі. Өзіндік бағалау деңгейі жоғарылайды, сыни көзқарас пайда болады, өз мүмкіндігіне сәйкес талап қалыптасады. Басқа адамдардың эмоционалды күйлерін дұрыс әрі нәзік түрде сезіну қабілеттері қалыптасады[3].
Ерте сәбилік шақтағы секілді мектепке дейінгі шақта да сезім балалар өмірінің барлық жағында үстем болады, оған реңк және мәнерлілік береді. Кішкене бала өзінің толғаныстарын меңгеруді әлі білмейді, ол үнемі дерлік өзін тартып әкеткен сезімдердің шырмауында қалып отырады.
Үлкен адаммен салыстырғанда бала сезімінің сыртқы бейнесі неғұрлым қызу, тікелей әрі еріксіз сипатта. Баланың сезімі жылдам әрі айқын тұтанады да сонша тез сөнеді, қызу шаттық артынша - ақ жылаумен алмасады. Бала толғаныстарының ең күшті және басты көзі - баланың басқа адамдармен үлкендермен, балалармен өзара қарым-қатынастары. Төңірегіндегі адамдар балаға еркелете қараса, оның праволарын танып, оған назар аударса, бала эмоциялық рақаттылықты, сенімділікті, қамқорлықты сезінеді, әдетте
мұндай жағдайларда балада сергек, шат көңіл, көңіл күй басым болады.
Эмоциялық рақаттылық баланың жеке басының әдетегінше дамуына, жағымды қасиеттерінің, басқа адамдарға тілектестік қарым-қатынастарының төселуіне себепші болады [4].
Мектепке дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың ойыны біркелкілікпен және бір-біріне қатты еліктеумен сипатталады. Оларды сюжетті шығармашылық ойындарға, ойында қиялдағы заттарды қолдануға, ойынға қатысушылар арасында рөлдерді бөлуге үйрету керек. Нашар еститін балалардың ойыны, еститін балалардың ойынымен салыстырғанда мазмұны жағынан кедей болып келеді. Нашар еститін балалар шындықты толық емес бейнелейді, аз талдау жасайды, қоршаған орта туралы білімдері аз болады. Нашар еститін балаларда арнайы оқытусыз сюжетті рөлдік ойыны мектепке дейінгі жастың аяғында пайда болады [5].
Қорыта келе, нашар еститін мектеп жасына дейінгі балада жағымды эмоцияларын дамыту тек кәсіби мамандыққа ғана байланысты емес, ол тәрбиешінің жеке дербес қасиеттеріне де байланысты. Мектепке дейінгі ерте жас шамасындағы балаларға ерекше қарым-қатынастар талап етіледі. Соның ішінде, нашар еститін балаларға үлкен назар аудару керек. Олар өте мейiрiмдi, нәзік, өте сенгiш келеді. Сондықтан бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу , жараламай тәрбиелеу өте маңызды.
Топта балаларға жақсы және өздерін жайлы сезінуі қажет.
Ерте жас шамасындағы баланы тәрбиелеуде ешкім де анасын алмастыра алмайтыны туралы ұмытпау керек. Сондықтан, ұстаз-психолог, дефектолог олармен ананың тұлғасындай жұмыс iстей білу керек.. Мысалы, шығармашылық жұмыстарды сәбимен бірге анасына көрсету үшiн iстеу. Ата-ананың сенімділігі арта түсіп балаға деген анасынан басқа да сүйіспеншіліктер оятады.
Нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалар үшін оқу-іс әрекетін ұйымдаруда баланың эмоционалды көңілінің ықпалы зор.

2.1 Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Есту бұзылыстары бар балалардың, еститін балаларға қарағанда, заттармен арнайы емес әрекет жасаудан арнайыға ауысуы нақты заттық әрекеттерді орындауы баяу. Керең балаларда бұл процесс арнайы үйретусіз баяу және бірқалыпты емес өтеді, кейбір әрекеттер түрлері оларда 2 - 2,5 жаста, тіпті мектепалды кезеңде ғана пайда болады. Балалар тек кейбір әрекеттерді орындайды, жиі жақсы таныс заттармен ғана.
Заттық іс-әрекет негізінде керең баланың барлық қабылдау түрлері дамиды, бірінші қатарда - көру заттық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz