Жетімнің құрсағы жеті қабат



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Сан компанентті фразеологизмдер

Орындаған: Қарабекова Н.А.
Тобы: КИ-31
Тексерген: Саменова С.Н.

Қарағанды 2021ж.
Жоспар

Кіріспе
1. Санға қатысты фразеологизмдердің зерттелуі
1. 1Үш, жеті, тоғыз, қырық сан есімді фразеологизмдер
1. 2 Сан компонентті фразеологизмдер құрамындағы дәстүрлі сандар
2. Сан есімдер арқылы жасалған лексикалық варианттар
2. 1 Халықтық өлшем ұғымдарына сәйкес сандарды білдіретін фразеологизмдер
2. 2 Мезгілдік ұғымды білдіретін фразеологизмдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тақырыптың сипаттамасы. Тіліміздегі тұрақты тіркестер халықтың ерте заманнан бергі бүкіл өмірінен мәлімет береді. Халықтың күн көріс, тұрмыс-тіршілігі негізінде өрбіген түсінік-пайымдаулары, соған байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көрініс табады. Әр ұлт тіліндегі фразеологизмдер сол ұлт өміріне тән бүкіл заттық, рухани, мәдени өмірінен хабардар етеді.
Тақырыптың өзектілігі. Ойымызды бейнелі, мәнерлі етіп, айқын жеткізу үшін қазақ тілінің фразеологиялық қорындағы даяр қалпында қолданылатын тұрақты тіркестердің қалыптасу уәждерін, шығу тарихын зерттеу -- тіл ғылымындағы ең бір өзекті мәселелердің бірінен саналады. Зерттеу нысаны етіп отырған сан компанентті фразеологизмдер -- халқымыздың әр кезеңдегі өмір тарихынан хабар беретін құнды тілдік дерек көздері болып табылады.
Мақсаты - қазақ тіліндегі сандарға негізделген фразеологизмдерде жинақталған білім құрылымын зерделей отырып, сан компонентті фразеологизмдердің тілдік этномәдени жүйенің сандық коды қызметінде жұмсалу ерекшелігін танытып, ұлттық- мәдени негізін айқындау.
Міндеті:
-фразеологизмдердің қалыптасуына негіз болған ұлттық-мәдени деректерді этнолингвистикалық талдаулар арқылы айқындау;
-фразеологизмдердің зерттелу тарихына шолу жасай отырып, сан компонентті фразеологизмдердің құрылымдық-мағыналық ерекшелігін айқындау;
- фразеологизмдер құрамындағы киелі сандар мен дәстүрлі сандардың
этномәдени жүйесінің сандық коды қызметінде жұмсалуын зерделеу;

Жұмыстың дереккөзі: Зерттеуге негіз болған материалдар С.Кеңесбаевтың редакциясымен жарық көрген Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен, Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздіктерінен алынды.Сондай-ақ, қазақ фразеологиясына қатысты ғылыми еңбектер, этнолингвистикалық зерттеулер негізге алынды.
Тіліміздегі фразеологизмдер - ұлттық тарих пен мәдениеттің сипатын танытатын тілдік деректер.
Тарихи салт-дәстүрлер мен наным-сенімдерге негіздеген фразеологизмдер халықтың рухани өмірінің айнасы іспетті.
Тарихи фразеологизмдер - ұлт тарихына қатысты дерек көздері, ақпараттық мәні зор тілдік құбылыстар.

1. Санға қатысты фразеологизмдердің зерттелуі
Тіліміздегі тұрақты тіркестер халықтың ерте заманнан бергі бүкіл өмірінен мәлімет береді. Халықтың күн көріс, тұрмыс-тіршілігі негізінде өрбіген түсінік-пайымдаулары, соған байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көрініс табады. Әр ұлт тіліндегі фразеологизмдер сол ұлт өміріне тән бүкіл заттық, рухани, мәдени өмірінен хабардар етеді.
Ойымызды бейнелі, мәнерлі етіп, айқын жеткізу үшін қазақ тілінің фразеологиялық қорындағы даяр қалпында қолданылатын тұрақты тіркестердің қалыптасу уәждерін, шығу тарихын зерттеу -- тіл ғылымындағы ең бір өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қазіргі заманғы зерттеулерде кез -келген халықтың ұлттық тілі қарым-қатынас құралы ретінде адамның коммуникативтік әрекетінің компоненті және қоғамдық-әлеуметтік жүйенің басты көрсеткіші, қоғамды жаңаша құрудың, ақпараттық байланыс пен тұлға аралық келісімді оңтайластырудың құралы, әлеуметтік қатынастарды бекітудің амалы тұрғысынан сарапталуда. Сондай-ақ лингвомәдени қауымдастықтың ұжымдық тәжірибесін жинақтаушы, сақтаушы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы құрал ретінде тіл - мәдениеттің құрамдас бөлігі, ал мәдениет - қоғам дамуына қажет ақпараттарды өңдейтін және таңбалайтын жүйе ретінде тілдің құрамдас бөлігі тұрғысынан зерттелуде.
ХХ ғасырдың соңғы жылдарынан қазақ ұлтының этникалық төлтума болмысын танытушы тілдік дереккөз қызметінде жұмсалатын тілдік бірліктерді (сөздер ,сөз-бейнелер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер) лингвомәдениеттанымдық, когнитивтік лингвистикалық, этнолингвистикалық, паралингвистикалық, лингвогносеологиялық бағыттарда зерттеу ісі қазақ тіл білімінде жан-жақты қолға алына бастады. В.Гумбольдт, Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорф, Ф.Соссюр, В.Штейнталь, Л.Вайсбергер т.б. шетелдік және Ф.И.Буслаев, А.Н.Афанасьев, А.А.Потебня, Р.Якобсон, Н.И.Толстой, Н.Топоров, В.В.Иванов, В.А.Аврорин, В.Н.Телия, В.В.Воробьев, А.Вежбицкая, Е.М.Верещагин, В.Г.Костоморов, Ю.С.Степанов, А.Д.Арутюнова, В.Маслова т.б. орыс ғалымдарының іргелі еңбектері, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов т.б. қазақ тіл білімі көшбасшыларының, Ғ.Мұсабаев, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ә. Болғанбаев, Т.Жанұзақов, Э.Сүлейменова, Б.Хасанов, К.Хұсайынов т.б. қазақ лингвистерінің тіл мен ойлау, тіл мен таным, тіл мен қоғам, тіл мен мәдениет сабақтастығы туралы тұжырымдарын теориялық-методологиялық тұғырнама еткен зерттеулер негізінде ХХІ ғасыр қазақ тіл білімінде ғылыми зерттеудің антропоцентристік моделі қалыптасуда.
Фразеологизмдер - зердемізді ашып, ұлттық санамызды саралау, ментальдық қасиетіміз бен ғасырлық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды терең біліп, дүниетанымымызды кеңейте түсудегі маңызы айрықша халық даналығының қоры, көненің көзіндей ескі дүниелер мен замана талабына сай жаңа ұғым-түсініктермен толығып, толысып отыратын, екі жақты тілдік процестердің ұйтқысы, өмірлік тәжірибе мен қордаланған білім жиынтығының нәтижесі.
Әдетте, тілдік жүйедегі тұрақты бейнелі оралымдарды (фразеологизмдер, мақал-мәтелдер) заттық-тақырыптық тұрғыдан топтастыруда негізінен мынадай екі түрлі ұстаным басшылыққа алынады: 1) ұйтқы немесе өзек сөздердің, яғни компонент-доминанттардың лексикалық мағынасын ескеру; 2) тұрақты оралымның белгілі бір ұғымдар мен құбылыстарды білдіретін жалпы мағынасын ескеру. Бірінші ұстаным бойынша тұрақты бейнелі оралымдарды топтастыру барысында олардың материалдық негізі, өзара ассоциацияға түсетін түсініктердің және образдардың қайнар көздері анықталатын болса, екінші ұстаным негізінде осы түсініктердің ауыспалы мағынада басқа ұғым-түсініктерге телінуінің нақты қырлары, яғни мазмұн меже айқындалады [ 5, 210-б.]. Қазақ тіліндегі көптеген тұрақты тілдік орамдардың жасалуына арқау етілетін ұйтқы сөз - өзек компонент ретінде сандар т.б. белгілі бір сөздер тобы алынады.
Кез- келген тілдің байырғы сөздік қорына енетін сан атаулары - ақиқат болмыстың өзінен, өмір шындығынан алынған, адамзаттың нақты заттардың өлшем-мөлшерін айыру қажеттігінен туындаған, тарихи тамырын тым көнеден алатын сөздер. Адам баласының он саусақ арқылы алғашқы арифметикалық операцияларды жүзеге асыруы еркін шығармашылық ақыл-ойдың жемісі емес. Санай білу үшін, санауға болатын заттардан тыс, адамда осы заттардың басқа да қасиет белгілерін олардың санынан ажырата білу қабілеті болу керек, ал бұл қабілет ұзақ мерзімдік іс-тәжірибеге негізделетін тарихи дамудың нәтижесі [6,38-б.] . Сан тірек компонентті тұрақты тілдік орамдарды зерттеу тілдік жүйенің морфологиялық құрылымындағы сан есім категориясының зерттелу тарихынан бастау алады десек, түркология саласындағы сан есім категориясы туралы алғашқы ғылыми мәліметтер ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінің грамматикасына байланысты Н.И.Ильминский, П.М.Мелиоранский, урянхай (тува) тіліне қатысты Н.Ф.Катанов, якут тіліне байланысты Ястремский еңбектерінде кездеседі. ХХ ғасырдың бірінші жартысынан тілтанымдық құрылымдық-жүйелілік парадигма аясында жекелеген түркі тілдерінің лексика-грамматикалық құрылым-құрылысын зерттеу ісінің өрістеуіне байланысты А.К.Боровков, В.М.Насилов, В.М.Наджип, Н.К.Дмитриев, А.Юлдашев, А.Н.Кононов т.б. белгілі түркітанушы лингвистердің ұйғыр, ойрат, хакас, құмық, башқұрт, түрік, өзбек тілдерінің грамматикасына арналған іргелі еңбектерінде сан есім туралы толығырақ мәліметтер беріледі.
Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы лингвист-ғалым А.Байтұрсынұлы: Неше кісі? дегенге үш кісі деген жауап, қанша кісі? дегенге екі жүздей деген жауап дұрыс. Басқаша айтқанда неше? дегенге үш, қанша? дегенге екі жүздей деген сөздер жауап болып тұр. Міне, осы сияқты неше? қанша? деген сұрауларға жауап болатын жаңа нәрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз ,-деп қазақ тіліндегі сан атауына алғаш рет ғылыми анықтама берді [ 23, 192-б.].
ХХ ғасырдың 50-90 жылдары аралығында жарық көрген С.Кеңесбаев, К.Аханов, А.Ысқақов, М. Балақаев тәрізді көрнекті ғалымдардың қазақ тілінің грамматикасына қатысты оқулықтары мен оқу құралдарында, Т.Сайрамбаев, Н.Оралбаева, Ә.Хасенов зерттеулерінде сан есімнің басқа сөз таптарына айналуы, сөйлемдегі атқаратын синтаксистік қызметтері, морфологиялық құрылым-құрылысы, сөзжасам жүйесі сияқты мәселелер сөз болды. Сондай-ақ осы кезеңде өлшем атаулары құрамындағы кейбір сандардың өзіндік ерекшеліктері (Ж.Ахметова), сан есімді фразеологиялық бірліктер құрылымдық-мағыналық тұрғыдан (А.Елешова) зерттеу нысанына алынды.
Екі ғасыр тоғысындағы қазақ лингвистикасында көрініс берген тілдің таныммен, мәдениетпен, этнос болмысымен сабақтастығын дәйектеу үрдісіне сай Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Н.Уәли зерттеулерінде сандар арқалаған киелілік, қасиеттілік ұғымдары ұлттық құндылықтар мен тіл әлемі сабақтастығы тұрғысынан таразыланып, сандық жүйеге қатысты архаикалық таным мен этникалық мәдениет элементтерінің тілдік көріністері Қ.Тәжиев, Г.Шаһарман, Қ.С.Дүсіпбаева зерттеулерінде фрагментарлы түрде қарастырылды.
Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер сияқты тұрақты сөз тізбектерінің жасалуына жеті, үш, тоғыз, қырық т.б. бірқыдыру сан есімдер ұйытқы, түп қазық бола алады. Оның негізгі себебі халықтың ежелгі ұғым-түсінігімен, салт-санасымен ұштасып жатыр. Бұл сөздердің тіркес ішінде нақты сандық мағынада қолданылуы шарт емес-дей келе, осындай ұйтқы сөздердің табиғатын, қолданылу аясын, себеп-салдарын, тематикалық топтарын өз алдына дара тексерудің мәні зор екенін көрсеткен І.Кеңесбаевтың қазақ тілінің фразеологизмдері туралы ғылыми еңбегі жарық көргеннен бері отыз жыл өткенімен [8,589-621-б.], сан есімдер ұйтқы болған мақал-мәтелдер,фразеологизмдер құрылымдық-мағыналық тұрғыдан да, тіл - таным - мәдениет контексінде де арнайы зерттеу нысанына алынбай келеді. Сондықтан мақал-мәтелдер, фразеологизмдер арқылы сандық кодқа түсірілген қазақ этносының қоғамдық-әлеуметтік және этномәдени жүйесінің тарихи қалыптасуындағы ұғым-түсініктері дүниенің тілдік бейнесі. Академик І.Кеңесбаев жеті, қырық, үш, тоғыз тәрізді сөздердің тіліміздің қазіргі сатысындағы қолданылу тәртібін осы күнгі семантикасын, стилистикалық функциясын тексерудің өзі ол сөздердің этимологиясын білуге жол ашатынын, осы күнгі лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы ол сөздердің өткен тарихына айғақ бола алатынын, ал осы сан есімдердің беріліп жүрген этимологиясының дұрыс-бұрыстығын анықтау болашақтың мәселесі екендігін баса көрсетеді. [ 6, 33-б.].
Сан тірек компонентті тұрақты тілдік орамдарды зерттеу тілдік жүйенің морфологиялық құрылымындағы сан есім категориясының зерттелу тарихынан бастау алады десек, түркология саласындағы сан есім категориясы туралы алғашқы ғылыми мәліметтер ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінің грамматикасына байланысты Н.И.Ильминский, П.М.Мелиоранский, урянхай (тува) тіліне қатысты Н.Ф.Катанов, якут тіліне байланысты Ястремский еңбектерінде кездеседі. ХХ ғасырдың бірінші жартысынан тілтанымдық құрылымдық-жүйелілік парадигма аясында жекелеген түркі тілдерінің лексика-грамматикалық құрылым-құрылысын зерттеу ісінің өрістеуіне байланысты А.К.Боровков, В.М.Насилов, В.М.Наджип, Н.К.Дмитриев, А.Юлдашев, А.Н.Кононов т.б. белгілі түркітанушы лингвистердің ұйғыр, ойрат, хакас, құмық, башқұрт, түрік, өзбек тілдерінің грамматикасына арналған іргелі еңбектерінде сан есім туралы толығырақ мәліметтер беріледі.
Сандардың мақал-мәтелдер, фразеологизмдер құрамындағы мағынасы мен мақал-мәтелдің, фразеологизмдердің жиынтық мағынасына үстемеленетін мазмұндық реңкілерін сипаттау үшін, ең алдымен сан есімнің дербес тұрып, заттың санын, өлшем, мөлшерін атайтын басты атауыштық мағынасына зер салу қажеттігі туындады. Сондықтан да сан есім категориясын жеке сөз табы ретінде қарастырып, олардың жасалу жолдарын, сөзжасамдық жүйесін, семантикалық топтарын танытуға бағытталған С.Е.Малов, Н.А.Баскаков, И.Г.Добродомов, А.Н.Кононов, А.А.Юлдашев, Ғ.Айдаров, І.Кеңесбаев, Н.Оралбаева, Ә.Хасенов т.б. лингвист-ғалымдардың ой-пікірлеріне талдау жасалынды. [ 14, 240-б.].
Қазақ тілінде сандарға негізделген мақал-мәтелдер,фразеология құрамында сан есімнің барлық семантикалық топтары орын алғанымен, реттік, есептік, жинақтық сан есімдер ұйтқы компоненттік қызметте жиі қолданылатыны байқалады. Сан есім сөз табының негізін құрап, сан есімнің басқа семантикалық топтарының жасалуына да арқау болатын есептік сандар нақтылы сандық ұғымды білдіреді және атайды. Негізінен заттардың сандық мөлшер-көлемінің өлшеміне алынып, нақты санын есептеп шығару мақсатында қолданылатын есептік сан есімдер мақал-мәтелдердің жасалуына ұйытқы болған кезде, мақал-мәтел, фразеологизмдер арқалаған образға негіз етілген салыстырылушы заттардың (құбылыстардың, әрекеттердің) арасындағы өзара қатыстылықтың сапалық деңгейін көрсетіп, жиынтық мағынаға көптік және нақтылық мағыналық ренктерді дарытатыны байқалады. Мәселен, Мың қайғы бір борышты өтемейді. Жақсы кісі қырқында толады, жаман кісі қырқында солады. Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі. Жүз дімкеске бір лепес т.б. мақал-мәтелдер құрамында мың, жүз сөздері сандық жүйедегі тура мағынасында емес, көп деген мағынаны, ал бір саны сол көптің бәрі емес, нақты бірі деген мағынаны білдірсе, қырық саны адамның жас жасауына қатысты өлшем жүйесіндегі орталық нүктені адамның ақыл-ойының кемеліне келіп, әбден толысатын кезеңі ретінде нақты атап көрсетеді. Мұнда сандардың тура атауыштық мәннен көптік пен нақтылық мәндердің бірлігі мен біртұтастығына қарай ойысуы өзара салыстырылушы және салғастырылушы қайғы мен борыш, жақсы кісі мен жаман кісі, ер мен ез, дімкес пен лепес сияқты түсініктердің ассоциативтік байланыстарына эмоционалдық-экспрессвтік реңкі үстемелеп, мән-мазмұнның этникалық мәдениеттің элементтерін бейнелейтіндей сапалық деңгейге көтерілуін қамтамасыз етеді. [ 14, 320-б.].
Заттың нақтылы сандық мөлшерін емес, оның белгілі бір құрылымдағы орналасу тәртібін, шегін білдіретін реттік сан есімдер мақал-мәтел құрамында шексіздік ұғымын таңбалап, мақал-мәтел білдіретін жалпы мағынаға рет-ретімен ары қарай үздіксіз жалғаса беру немесе шектен шығу, ретсіздік, реттің, шектің бұзылуы сияқты мағыналық реңкілер үстемелейді. Соның нәтижесінде мақал-мәтелдердің негізіне алынатын өмірлік жағдаяттар туралы қорытынды пайымның өрісі реттіліктен шексіздікке қарай тартып, бірінші, екінші, үшінші болып санамалана таңбаланатын ұғым-түсініктердің логикалық - семантикалық жалғасу мүмкіндігі арта түседі. Мысалы: Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - он саулық. Бірінші әйел - шекер, екінші әйел - бекер. Бірінші әйелді құдай қосады, екіншісін адам қосады, үшіншісін сайтан қосады. Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра. т.б. [ 5, 210-б.]. Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан баталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілер назарына ілігіп, зерттеу обьектісіне айналып, әлі толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болды:
- ХХ ғасырдың ортасы мен 60 жылдар арасы - қазақ фразеологиясын теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
- 60 - 70 жылдар - қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
-ХХ ғасырдың соңғы он жылы - фразеологизмдерді, этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу және салыстырмалы фразеология.Жалпы тіл білімінде фразеологизмдердің зерттеу тарихы жүз жылдыққа кетеді. Француз фразеологиясының теориясын құрған Ш. Балли (1905), орыс лингвисі Е.Р. Поливанов (1931) фразеологизмдерді жеке пән ретінде қарастыруды ұсынды. Орыс тілі фразеоллгизмдерін классификациялауда Ш. Баллидің жасаған схема-топтастыруларын негізге ала отырып, тұжырым айтқан академик В.В. Виноградов болды.
Қазақ тіл білімінде фразеология мәселелері 40-жылдардан зерттеушілер назарына ілігіп, тілдік тұрғыдан зерттеу объектісіне айналды. С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектігін атап өтіп, бағыт-бағдар көрсетеді. (Халық мұғалімі 1940, № 4, 53-59 беттер) "Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы" атты еңбегінің 1940-1950 жылғы басылымдарында тіліміздегі фразеологиялық тіркестер сөйлем мүшелеріне қатысты қарастырылады 4. 59-60-72.
Түрік тілдес халықтар тіл білімінде фразеология мәселелерінің зерттелуіне І. Кеңесбаев, еңбектері игі әсерін тигізсе, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев, Ғ. Мұсабаев, Х. Қожахметова, А. Байталиев, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері бойынша алғышқы тұжырым жасаушы - зерттеушілер болды. Зерттеушілердің кейінгі буын өкілдері С. Төлекова, Р. Жайсоқова, А. Елешова 1989, Г. Смағұлова 1993, С. Сәтенова 1990, 1997 т.б. фразеологизмдерді әр қырынан зертеді. Зерттеушілердің бағыты сан салалы болып келеді. Оны шамамен былай топтастыруға болады:
oo фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері;
oo фразеологизмдердің салыстырма-типологиялық мәселелері;
oo фразеологизмдердің жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысы;
oo фразеологизмдердің стильдік қызметі;
oo фразеологизмдерді семантикалық тұрғыдан топтастыру т.б.
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылды. Екіншісі - бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды. Соңғы жылдар көлемінде түркі тілдерінде фразеология проблемалары әжептеуір зерттеліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Әсіресе, академик І. Кеңесбаевтің "Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі" атты еңбегін тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркітанудағы қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. 1. 59-60.
Автор аталған сөздіктің "Қазақ тілінің фразеологизмдері" туралы бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін жан-жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан. Қазақ тілінің фразеологиясын зерттеушілердің қай-қайсысы да бұл еңбекке соқпай өте алмайды. Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1) Даяр қалпында жұмсалу белгісі; 2) Мағына тұтастығы; 3) Тіркес тиянақтылығы 3. 186-187.
Фразеологизмдердің бір бүтін единица ретінде қолданылуы жағынан лексикалық единица - сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде сөйлемнің құрамына енеді. Фразеологизмдерді де дәл сол сияқты құбылыс деп тану керек. Бұлар бірнеше сөздің тіркесінен құралғанымен, тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан дербес мағыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде тұтас күйінде қаз-қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы, жерге қаратты, жерден алып, жерге салды, жер-жебіріне жетті, жерден жеті қоян тапқандай, жер-көкті басына көшірді т.б. Бұндай етістікті фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағынан қаншалықты күрделілігіне қарамастан, сөйлем ішінде әрқайсысы жеке сөздермен бірдей болып теңесіп тұрады. Бұл фразеологизмдердің бірінші белгісі. Ал фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі - мағына тұтастығы.
Қазақ тілі фразеологизмін танудағы пікірлерді саралай келе, фразеологизмдерді "тар" және "кең" көлемде қарастыру бар. Біраз түркі тілін зерттеушілер І. Кеңесбаев, Ш. Рахматуллаев, Г. Байрамов, З. Ураксин фразеологизмді ""тар көлемде қарастыруды ұсынады. Башқұрт тілін зерттеуші А.А. Юлдашев сөзімен айтқанда "Мақал мәтелдер, нақыл сөздер тұрақты сөз тіркестеріне жатпайды" 8. 27. К. Аханов мәтелдер мен шектеулі тіркестерді фразеологизм деп қарастырып, Р. Сәрсенбаев "мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің фразеологияға қатысы бұлардың тұрақтылығы мен эфониялық құбылыста қолданылу сипатына байланысты. Осы сипаттар арқылы бұларды фразеологиялық единицалар тобына қосып қараймыз" деген пікір айтып, фразеологизмді "кең" көлемде қарайтынын білдіреді 9. 29.
, Мақал-мәтелдердің фразеологизмдерге жуықтайтын жері тек тілдегі ғана емес, мақал-мәтелдердің көпшілігінде кейде тұжырымды оймен қатар бейнелі ишарат жатады. Сонымен қатар сыртқы тұр-тұрпаты жағынан, яғни өздерінің семантикасы мен құрылым-құрылысы жағынан мақал-мәтелдердің фразеологизмдерден елеулі өзгешеліктері болады.
Сөз саны жағынан мақал-мәтелдерге қарағанда фразеологизмдердер өте шектеулі болады. Көпшілігінде екі, я үш, төрт сыңарлы болады. Мысалы, қол бала, қол артты, қолы алдына сыймады, қолы жіпсіз байланды, қолдан-қолға түсірмеді, екі қолын төбесіне қойды, екі өкпесін қолына алып жүгірді т.б. Өзінің құрамы жағынан фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын келеді. Фразеологизмдер мақал-мәтелдер тәрізді күнбе күн көбейіп, тез дамып отырмайды. Тұрақты тіркес болу үшін, белгілі бір жағдай қажет. Әсіресе идиоманың шеңберіне енген сөз идиомалану, лексикалану, грамматикалану заңымен даму өзгеру процестерін басынан өткізу үшін талай уақытты қажет етеді. Сол себептен болса керек, фразеологизмдер әсіресе, идиомалар бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді.
Біздің ойымызша, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, сөйлеу дағдысындағы штамптар, фразеологиялық тіркестер - тұрақты сөз тіркестерінің түрлері. Олар бір-бірінен ортақ және өзіндік белгісі арқылы ерекшеленеді. Сондықтан да "барлық фразеологизмдер - тұрақты тіркестер, ал кез- келген тұрақты тіркес фразеологизм бола алмайды" 10. 115 демекпіз, яғни фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік пен тізбекті фразеологизм деп білеміз.
Осы орайда Г.Смағұлованың "тіл мамандары, қай тілде болмасын, фразеологияны мейлі тар ұғымда, мейлі кең ұғымда түсінуде фразеологиялық тұлғаларды айқындау үшін фразеологиялық тұлғалардың қалыптасқан, дайын сөз тіркесі екендігін, оның мағына тұтастығын, құрамындағы компонеттердің тұрақтылығын, семантикалық бірлігін, жалпы беретін мағынадағы образдылық пен аусыпалық, басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейтіндігін айтады" деген тұжырымымен келіспеуге болмайды 11. 19-13.
Фразеологизмдерді сөз таптарына қарай жүйелеу тіл-тілді зерттеушілер тәжірибесінде бар. Бұл мәселен, І. Кеңесбаев 1977, А. Қайдаров, Р. Жайқасова 1979, Ә. Болғанбаев 1988, Х. Қожахметов 1972, Г. Смағұлова 1933 сынды зерттеушілер фразеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатысын тілге тиек етеді. І. Кеңесбаев "Фразеологизмдерді сөз таптарының орнына жүреді деп шартты түрде ғана айтуға болғандығын" 12.27, Ә. Болғанбаев "Фразеологизмдердің қай сөз табына қатыстығын анықтау үшін негізгі сөз бен жалпы тіркестен туатын фразеологиялық мағынаны салыстыра отырып шешу керектігін" 13. 111, фразеологизмдердің сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түсіп, өз мәнін нақтыландыратындығын, сөйлемнің бір мүшесі болатындығын, ал сөйлем мүшесі белгілі табына қатысты екенін Х. Қожахметова атап көрсетеді 14. 110. Фразеологизмдерді белгілі бір сөз табына жатқызуда шарттылық басым, оларды жіктеуде бұрын-соңды айтылған пікірлерді ескере отырып, төмендегідей топтастырамыз: 1. Етістіктегі фразеологизмдер. 2. Есімді фразеологизмдер. 3. Үстеу мәнді фразеологизмдер. 4. Әр түрлі таптарынан жасалған фразеологизмдер 3. 7.
Қырықыншы жылдардан бері қазақ тілінің фразеологизмдері әр қырынан зерттеліп, мақалалар көлемінен шығып, диссертциялық зерттеулер обьектісіне айналды. Қазақ фразеологиясын тілдік тұрғыдан зеттеуге алғашқы кезеңде ұлттық тіл білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдар дені түгел назар аударды. Фразеологизмдердің теориялық - практикалық мәселелерін І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев және кейінгі буын зерттеушілер А. Байтелиев, Қ. Қалыбаева, Н. Қашанова, С. Сәтенова т.б. фразеологизмдердің тақырыптық - мағыналық топтарын, синтаксистік қызметін арнайы зерттеп, тұжырымдар жасады.
Фразеологияны дербес пән ретінде қарастыру туралы ой тастап, түркі тілдес халықтар тіл білімінде осы мәселеге байланысты зерттеудің тууына игі әсер еткен, қазақ фразеологиясының мәселесімен шұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген, сол жайында еңбек жазған І.Кеңесбаев болды. Академик І. Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білуде мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығы сияқты үш белгіге немесе үш критерийге сүйене, яғни табан тірей отырып, бүкіл қазақ тілі құрамындағы құбылыстарды ең негізгі үлен арнаға бөлеміз. Оның біріншісі - фразеологиялық түйдектер, екіншісі - фразеологиялық тіркестер деп аталады. Фразеологиялық тіркестер өз ішінен екіге бөлінеді: а) түйін тіркес; ә) түйіс тіркес деп тұжырымдады.(1.59)
С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектілігін атап өтті, бағыт - бағдарын көрсетеді және фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы айтып өтеді. (2.53-59)
Н. Сауранбаев фразеологияға не жатады дегенге көңіл аударады. Қазіргі қазақ тілі оқулығына (1954 ж) фразеология бөлімін енгізген Ғ. Мұсабаев та фразеологиялық ерекшеліктерге көп көңіл бөлген. К. Аханов мәтелдер мен шектеулі тіркестерді фразеологиялық тіркестер құрамында қарастырып, өзінің Тіл біліміне кіріспе атты (3.22) жоғары оқу орындарына арналған оқу құралының лексикология тарауында қазақ тілі фразеологиясына В. В. Виноградовтың классификациясы бойынша жіктеу берсе, Р. Сәрсенбаев Мақал - мәтелдер мен нақыл сөздердің фразеологияға қатысы, бұлардың тұрақтылығы мен эвфониялық құбылыста қолдану сипатына байланысты, осы сипаттар арқылы бұларды фразеологиялық единицалар тобына қосып қараймыз деп атап өтеді. Сонымен қатар тіркестердің бір түріне жататын мақал - мәтелдердің тілік ерекшеліктеріне тоқталады. (4.29)
Қазақ фразеологизмдерін зерттеудің екінші кезеңінде 60 - жылдары ғалымдар фразеологизмдер мен тұрақты тіркестер бір ме, оларға не жатады дегенге көңіл бөлді. Р.Сәрсенбаевтың қазақ мақал - мәтелдерінің лексика - стилистикалық ерекшеліктері атты кандидаттық диссертциясында, С.Исаевтың қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестерінің бір типі жөнінде мақаласында осы ерекшеліктерге назар аударған. Осы жылдарда жеке авторлар шығармаларындағы фразеологизмдердің қолдануына да көңіл аударып, сөз таптарын жүйеледі, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай топтады.
Ә. Болғанбаевтың қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәнді тұрақты сөз тіркестері, М. Белбаеваның Сұлтанмахмұт шығармаларындағы фразалық тіркестер мақалалары мен осы жылдары қорғалған Х.Қожахметовтың Ғ.Мустафин шығармаларындағы фразеологиялық орамдар, Е.Бектұрғановтың М.Әуезовтың Абай жолы роман - эпопеясындағы тұрақты сөз тіркестері кандидаттық диссертациялары сол кезеңнің ізденіс нәтижелері еді.
Жетпісінші жылдарда фразеологизмдерді өзге құбылыстардан айыру жөнінде А.Байтелиев кандидаттық диссертация қорғап , Ә.Қайдаров пен Р.Жайсақова, А.Елешова қазақ фразеологизмдерін классификациялау мәселесіне көңіл аударды. Осы кезеңде қазақ фразеологизмдерінің өзге тілдерде берілуі және өзге тілдердегі шығармаларды қазақ тіліне аударғандағы фразеологизмнің берілуі жайлы тілші ғалымдар назарын аударды. Ө.Айтбаев пен К.Дүйсетаеваның еңбектерін атауға болады.
Академик І.Кеңесбаевтың көп жылдық еңбегінің нәтижесі он мыңнан аса фразаны қамтыған қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі шықты.
І.Кеңесбаев қазақ фразеологиясының теориялық мәселелерін қазақ тіл білімінде алғаш қалыптастырды, жеке пән ретінде негізін салды.ХХ ғасырдың екінші жартысынан басталған қазақ фразеологиясының зерттеу арналары ғылыми сараланып, тілдік деректерге қарай тармақталып, күні бүгін фразеология ғылымының зерттелу аясы кеңейді.
Қазақ фразеологиясының ғылыми пән ретінде қалыптасуы мен дамуы алдымен ұлт тілінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Қазақ халқының дәстүрлі шешендік сөз өнерінің алтын тұғыры болған мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер, тұрақты метафоралар қай кезде болмасын кез келген тілдің алдында тұрады.
Фразеологизмдер сөйлеу және жазба тілде бағалауыштық қызметімен ерекшеленіп, өзіндік бейнелі, эмоционалды-экспрессивті жағынан айтушы мен тыңдаушы арасында жай хабарласу, ойды көркем жеткізу ғана құралы емес, түрлі сезімдік жақтарына әсер ету мүмкіндігіне ие болатын бірліктер ретінде танылады.
Фразеологизмдердің мұндай ерекше қасиетіне қазақ тіл білімінде І.Кеңесбаев ертерек назар аударған. Фразеологизмдерден қорғаған докторлық диссертациясынан басталған, кейін Қазақ тілінің идиомдары мен фразалары (Халық мұғалімі, 1946.№1-2,39-42-бб.,) және орыс тілінде жарық көрген О некоторых фразеологизмах в казахском языке (Изв. АН КазССР. №135. Сер.филолог.и искусствовед., Вып. 1-2, Алматы, 1954, С.6-27) деген мақалаларында жалғасын тапқан ғылыми зерттеулер қазақ фразеологиясының бастапқы теориялық діңгегі деуге болады.
Қазіргі қазақ тілінің фразеология саласының негізін қалаған І.Кеңесбаевтың қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің өзі тек қазақ тіл білімі үшін емес, түркітану ғылымы үшін үлкен табыс [1.440]. Осы еңбекте фразеологиялық бірліктің қыр-сыры жете зерттелмегенімен, фразеологиялық бірліктердің грамматикасы арнайы сөз болады. Қазақ тілінің тұрақты тіркестерінің құрамын, құрылысын сөз ете отырып, сол тұрақты тіркестердің қалыптасуына сан есімдердің, оның ішінде үш, жеті, тоғыз, қырық сандарының рөлі ерекше екенін баса көрсетеді.
Сан тірек компонентті тұрақты тілдік орамдарды зерттеу тілдік жүйенің морфологиялық құрылымындағы сан есім категориясының зерттелу тарихынан бастау алады десек, түркология саласындағы сан есім категориясы туралы алғашқы ғылыми мәліметтер ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінің грамматикасына байланысты Н.И.Ильминский, П.М.Мелиоранский, урянхай (тува) тіліне қатысты Н.Ф.Катанов, якут тіліне байланысты Ястремский еңбектерінде кездеседі. ХХ ғасырдың бірінші жартысынан тілтанымдық құрылымдық-жүйелілік парадигма аясында жекелеген түркі тілдерінің лексика-грамматикалық құрылым-құрылысын зерттеу ісінің өрістеуіне байланысты А.К.Боровков, В.М.Насилов, В.М.Наджип, Н.К.Дмитриев, А.Юлдашев, А.Н.Кононов т.б. белгілі түркітанушы лингвистердің ұйғыр, ойрат, хакас, құмық, башқұрт, түрік, өзбек тілдерінің грамматикасына арналған іргелі еңбектерінде сан есім туралы толығырақ мәліметтер беріледі. 4. 59-60-72.
Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы лингвист-ғалым А.Байтұрсынұлы: Неше кісі? дегенге үш кісі деген жауап, қанша кісі? дегенге екі жүздей деген жауап дұрыс. Басқаша айтқанда неше? дегенге үш, қанша? дегенге екі жүздей деген сөздер жауап болып тұр. Міне, осы сияқты неше? қанша? деген сұрауларға жауап болатын жаңа нәрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз ,-деп қазақ тіліндегі сан атауына алғаш рет ғылыми анықтама берді [ 7, 192-б.]. ХХ ғасырдың 50-90 жылдары аралығында жарық көрген С.Кеңесбаев, К.Аханов, А.Ысқақов, М. Балақаев тәрізді көрнекті ғалымдардың қазақ тілінің грамматикасына қатысты оқулықтары мен оқу құралдарында, Т.Сайрамбаев, Н.Оралбаева, Ә.Хасенов зерттеулерінде сан есімнің басқа сөз таптарына айналуы, сөйлемдегі атқаратын синтаксистік қызметтері, морфологиялық құрылым-құрылысы, сөзжасам жүйесі сияқты мәселелер сөз болды. Сондай-ақ осы кезеңде өлшем атаулары құрамындағы кейбір сандардың өзіндік ерекшеліктері (Ж.Ахметова), сан есімді фразеологиялық бірліктер құрылымдық-мағыналық тұрғыдан (А.Елешова) зерттеу нысанына алынды.
Екі ғасыр тоғысындағы қазақ лингвистикасында көрініс берген тілдің таныммен, мәдениетпен, этнос болмысымен сабақтастығын дәйектеу үрдісіне сай Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Н.Уәли зерттеулерінде сандар арқалаған киелілік, қасиеттілік ұғымдары ұлттық құндылықтар мен тіл әлемі сабақтастығы тұрғысынан таразыланып, сандық жүйеге қатысты архаикалық таным мен этникалық мәдениет элементтерінің тілдік көріністері Қ.Тәжиев, Г.Шаһарман, Қ.С.Дүсіпбаева зерттеулерінде фрагментарлы түрде қарастырылды.
Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер сияқты тұрақты сөз тізбектерінің жасалуына жеті, үш, тоғыз, қырық т.б. бірқыдыру сан есімдер ұйытқы, түп қазық бола алады. Оның негізгі себебі халықтың ежелгі ұғым-түсінігімен, салт-санасымен ұштасып жатыр. Бұл сөздердің тіркес ішінде нақты сандық мағынада қолданылуы шарт емес-дей келе, осындай ұйтқы сөздердің табиғатын, қолданылу аясын, себеп-салдарын, тематикалық топтарын өз алдына дара тексерудің мәні зор екенін көрсеткен І.Кеңесбаевтың қазақ тілінің фразеологизмдері туралы ғылыми еңбегі жарық көргеннен бері отыз жыл өткенімен [1,589-621-б.], сан есімдер ұйтқы болған мақал-мәтелдер құрылымдық-мағыналық тұрғыдан да, тіл - таным - мәдениет контексінде де арнайы зерттеу нысанына алынбай келеді. Сондықтан мақал-мәтелдер арқылы сандық кодқа түсірілген қазақ этносының қоғамдық-әлеуметтік және этномәдени жүйесінің тарихи қалыптасуындағы архаикалық кезеңдерді қамтитын ұғым-түсініктерді дүниенің тілдік бейнесінің паремиологиялық фрагментінде бекіген білім құрылымы тұрғысынан сараптау диссертациялық жұмыстың өзегі етілді.
Үшінші кезең - қазақ фразеологиясын жан - жақты зерттеу кезеңі. 80 - жылдар алдыңғы кезеңдегі жұмыстардың заңды жалғасы болды. Қазақ фразеологизмдерін өзге тілдердегі тұрақты тіркестермен салыстыра зерттеу, аударма мәселесі жайында кандидаттық диссертациялар қорғалды.
Ж.Қонақбаева антоним фразеологизмдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде салыстыра зерттесе, Д.Алтайбаева фразеологизмдердің аудармадағы біргу жолдарына (калькалау жолымен, дәл баламасының берілуіне) назар аударды.
Осы жылдарда қазақ фразеологиясын зерттеуде М.М.Копаленко мен З.Д.Попованың жаңа әдісін (семейный анализ) қолдану тәжрибелері жүзеге асты. Р.М.Таев пен Ф.Р.Ахметжанованың ғылыми еңбектерінде фразеологизмдердің семантикалық табиғатына талдау жасағанда, сол әдіс - компоненттердің денотатив және конотатив мағынасын айқындау әдісі қолданылған.
Осы кезеңде қазақ және орыс фразеологизмдерін салыстыра зерттеу нәтижесінде Қазақша - Орысша фразеологиялық сөздік жасалды.
Бұл кезеңдегі тағы бір ерекшелік - тұрақты тіркестің тарихи қалпын зерттеуге көңіл бөлінді. Р.Сыздықованың Қадырғали Жалайридің Жами-ат-тауарих атты шығармасындағы тұрақты тіркестер 5. 60-72.еңбегі - диахронды фразеологиялық зерттеу.
Қазақ фразеологиясын зерттеудің төртінші кезеңі 90 - жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл кезеңде тіл білімінің осы саласында жан - жақты әрі өте көп ізденістер болып жатыр. Фразеологизмдердің этимологиясына көңіл аударылып, олардың шығу төркініне талдау жасалды. Фразеологизмдердің этимологиясы мен жасалу көздерімен тығыз байланыста жатқан этнопсихологиялық және мәдени - танымдық аспектідегі кейінгі он жылдықта академик Ә.Қайдаров пен оның шәкірттерінің еңбектерінде көрініс табады.
С.Сәтенова қазақ тілінде мал шаруашылығана байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің табиғатын зерттесе, Ш.Сейітова өсімдікке байланысты тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық сипаттама берді, ал Қ.Ғабитханұлы наным - сенімге байланысты тұрақты тіркестерге талдау жасайды. Б.Қызбаева соматикалық етістік фразеологизмдерді зерттейді.
Фразеологизмдердің тұлғалық сипаты мен мағыналық сырына үңіле - зерттеу - қазақ фразеологизмдерін ұлттық тіл табиғатын ашуға қосылған үлкен үлес. Осындай еңбектердің қатарына С.Сәтенованың Қос тағанды фразеологизмдердің тілдік поэтикалық табиғаты, Г.Смағұлованың Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық - мәдени аспектілері докторлық диссертацияларын атауға болады.
Қазіргі қазақ фразеологизмдерін зерттеу І.Кеңесбаев көрсеткен барлық бағытта жүріп жатыр. Олар мынандай бағыттар: фразеологизмдердің басқа құбылыстардан айырмашылығы, фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, олардың ішкі құрлымы, фразеологизм және синонимия, фразеологизмнің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдерді жеке автродың қолдануы т.б.
Кез- келген үлттың мәдениетін танып-білуде ең басты сүйенетініміз -- тіл. Тілдік деректер арқылы ұлт туралы, оның мәдениеті мен тарихы, ұлттық ерекшеліктері туралы мол дерек аламыз. Бұл орайда тіліміздегі фразеологизмдердің алар орны ерекше. Онда халықтың ғасырлар бойы сақталып келген салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы, тарихы көрініс тапқан. Тұрақты тіркестер мазмұнына үңілу арқылы ұлттық маңызы бар деректерді айқындауға мүмкіндік туады. Демек, ұлт болмысын танып білуде фразеологизмдердің қосар үлесі зор.

1.1Үш, жеті, тоғыз, қырық сан есімді фразеологизмдер

Халқымыздың сонау есте жоқ ескі заманнан бастап күні бүгінге дейінгі өмір жолында белгілі бір жүйеге түскен көптеген қымбат қазыналары бар. Өзін қоршаған ортамен қатынас жасаудың негізінде туындаған қымбат қазыналар елмен қатар жасасып, халықтың өзіндік түсінігін тудырған.
Сан ғасырлық уақытқа созылған сол түсініктер бірте-бірте дами келіп, нәтижелі ізденістердің негізінде халықтық салт-сана мен педагогиканы қалыптастырған. Халқың қандай десең - салтымнан сынап біл дейтін атамыз қазақтың зейін-зердесі мен ақыл-ойы, даналығы мен даралығы, шешендігі мен тапқырлығы өзін қоршаған ортаның құпия - сырын танып - білу көзқарастарымен ұштасып жатады. Сондықтан дүниетанымдық көзқарастарын ауыл мен аймаққа, ру мен арысқа, ұлыс пен жүзге жүйелей жіктеген бабаларымыздың ұрпағына мирас еткен мемелекетті басқару жүйесіне, салт-дәстүрге, ырым-рәсімге, наным-сенімге, ұрпақ тәлім-тәрбиесіне, адамды танып білудің психологиялық негізіне, сөз саптау әдібіне т.б. байланысты концептуальдық ұғым-түсініктері желісін үзбей жалғасып келеді. Сондай желілердің бірі - киелі сандар төңірегіне жинақтап, дүниенің тілдік бейнесінің паремиологиялық фрагменті арқылы бекіткен этникалық танымы мен қордалаған білімі.
Акад. І.Кеңесбаев жеті, қырық, үш, тоғыз тәрізді сөздердің тіліміздің қазіргі сатысындағы қолданылу тәртібін осы күнгі семантикасын, стилистикалық функциясын тексерудің өзі ол сөздердің этимологиясын білуге жол ашатынын, осы күнгі лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы ол сөздердің өткен тарихына айғақ бола алатынын, ал осы сан есімдердің беріліп жүрген этимологиясының дұрыс-бұрыстығын анықтау болашақтың мәселесі екендігін баса көрсетеді. 1. 59-60.
Жалпы қазақ ұғымында 3, 7, 9 және 40 сандары қасиетті саналады. Киелі ұғымдардың дені осы сандар төңірегінен туындап жатады. Бұны халқымыздың даналық қазынасын да байқаймыз.
Қазақ халқы ерте заманнан - ақ сан түрлі заттар мен құбылыстарға баға беріп, олардың өзді-өздеріне ғана тән қасиеттеріне, сондай-ақ келесі бір заттармен, құбылыстармен ұқсас тұстарына, ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөліп, бақылау жасап баға беріп, ойға тоқып, көңілге түйгендерін тілі арқылы сипаттап, суреттеп, сақтады десек, киелі сандарға қатысты этникалық білім қорындағы бейнелі пайымдар мақал-мәтелдерде былайша көрініс береді: Үшеудің бірі шарана, төртеудің бірі қаймана, Үш тағанның бірі қисайса, қалғандары құлайды, Үш нәрсе тұрақтамайды: Бірі - саудаға түспеген мал (дүние), екіншісі - таласқа түспеген ғалым, үшіншісі - саясаты жоқ патша, Үш болмайтын екілік жоқ, Түйе мінген адам үш бүктетіле алмайды, Жаман мерген теке атқан жеріне үш барады, Жыланды үш кессе де кесірткелік әлі бар т.б. үш санына қатысты мақал-мәтелдер арқауына басы бір нүктеде тоғысатын үш тірек бағандық және үш қаттық дүние моделі алынып, үш саны кез келген құбылыстың тұрақтылығы мен орнықтылығын бейнелейтін сан қилы үштік одақтар мен өзара тығыз байланыстағы үштік құрылымдардың (триада) символикасы ретінде жұмсалатыны байқалады. 7. 57-61.
Қазақ халқының дүниетанымында да жеті санының киелі сипат алуы ертеде Жеті қарақшы жұлдызына оны киелі санауына тікелей қатысты деуге болады. Сонымен қатар адам болмысының тігімен үш қат, көлденеңнен төрт құбыла, ал екеуінің қосындысы жеті, сондықтан жеті бүкіл әлемнің символы. Бүкіл дін саласында жеті ерекше роль атқарады, тіпті христианның дініндегі крес те осыған байланысты. Қазақ тіліндегі сан компанентті фразеологизмдердің бір тобын жеті саны фразеологизмдері құрайды. Жеті санын білдіретін сан компанентті фразеологизмдер құрамына "жеті," санына қатысты фразеологизмдерді жатқызамыз: Мысалы:
Жеті ата ,
Жеті түптен бері қарай,
Жеті атасына бітпеген,
Жеті атасынан түк көрмеген,
Жеті атасын білмеген мирт(құл),
Жеті атасын(мал.) өлтірген,
Жеті басты дәу,
Жеті бүзірік, (мүдірік) әулие,
Жеті ғалам, жеті ғылым(ықылым ел)
Жеті дария,
Жеті дуан ел,
Жеті дұспан
Жеті жарт,
Жеті жұртқа әйгілі,
Жеті кентті құртты,жеті қабат тау үсті,
Жеті қазына,
Жеті қараңғы түн,( жеті түн),
Жетім қыздың құнын сұрады
Жетім қыздың тойындай,
Жеті нан құдайы,(жеті тин садақа,жеті тин нәзір),
Жеті асырым жерге кіріп, бетімнің су ыбес төгіліп,
Жеті тылсым,
Жеті шәріп, т.б..
Жеті ата, ата-баба. Арғы ата баба (Қазақтың ескі рулық жігінде ата,аталастық негізгі орынға ие. Бір кісіден тараған аталас қауым жеті атаға жеткенде ақ түйе, боз қасқа сойып, үлкен жиын жасап, бұдан былайғы ерде қыз алып, қыз берісуге болады деп, баталасып отырған. Аталастық, туыстық жік осы жерден тоқтап, енді қыз алысуға көшкен қауым, жеке- жеке ру боп есептелген). Қазақ тіліндегі сандарға негізделген мақал-мәтелдердің ішінде ең жиі кездесетіндері де жеті санына негізделген мақал-мәтелдер. Мәселен, Туғанда алтау едік, өле-өле жетеуміз, Қарғыс жеті атаға жетеді, Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас, Кедейдің жеті қаңтары бар, Жетім бала жеті күлшеге тоймас, Жетімге жеті бидай да тамақ, Жетімнің қарны жетеу деген мақал-мәтелдер пәле, дау, жетімдік, жоқшылыққа байланысты болса, Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас, Айла алтау, ақыл жетеу, Жеті атасы би болған, жеті жұрттың қамын жер, Би болмаған би болса, құлақ-миын шағып жер, Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс, қырағылық, жолсапар, тектілік, заман уақыт мағынасын береді, Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын, Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас, Алты жастан жинасам, асырам, жеті жастан жинасам, жеткізем, Жетелі мен іскерге, жеті күннің бәрі сәтті.
Жеті санының символикалық мәні. Қазақ фразеология ғылымының көш басшысы академик С. Кеңесбаев жеті санының жұмсалу өрісі өзге сандардан гөрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неміс және қазақ тілдердегі сан есімге (3;7) қатысты фразеологиялық сөз тіркестері
Сан компонентті мақал-мәтелдердің ұлттық мәдени ерекшелігі
Сандар тарихынан
Сан компанентті фразеологизмдер
Діни қызметтегі шешендік сөздер
Өрмекшітәрізділер класы
Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің құрылымы
Жетімдер бейнесі
Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні
Сан есімді тіркестер
Пәндер