ХІХ ғасыр оқиғалары жөніндегі тарихи жырлар


К І Р І С П Е
«Мен өзімнің батырлығымнан ешқашан қайтпаймын
және керемет ерлік жасап өлемін».
/Кенесары ел аузында сақталған сөзінен/
Тақырыптың өзектілігі. Екі ғасырға жуықтаған әділ баға, шынайы зерттеулер ел тәуелсіздігі арқылы жүзеге асты. Кенесары -аса көрнекті ұлттық қаһарман, қазақ халқының намысы үшін басын бәйгеге тіккен жан. Қазақ елінің ұлт-азаттық қозғалысы, ар-намыс туын көтерген ірі тұлға екені бүгін баршаға мәлім. Ол еліміздің тәуелсіздігі жолында отанымызды орыс империясының темір шеңгелінен құтқаруда табанды күреспен аты тарихта қалған соңғы ханымыз екендігі айтылып келеді. Қазақ елін өзінің меншікті бір отары есебінде толық отарлап алған, қызыл империяның өткен 70 жылда қатты өшіккені де Кенесары көтерген ұлт-азаттық қозғалысының тарихи шындығы болды. Оны керісінше түсіндіріп, өз халқына жек көрінішті етуде де Кеңес дәуірінің саясаты болатын.
Тарих дөңгелегі шындыққа бет алған заманда елі мен жері үшін ажалға қарсы шыққан Кенесары Қасымұлының есімі туған халқының туына айналды. Елінің азаттығы мен ұрпағының тірлігін ойлап қол бастап, отаршылдыққа қарсы өз ғұмырын халық тағдырына арнаған күрескердің ерлігі аңыздан ақиқатқа қарай қадам басты. Осы уақытқа дейін Кенесары есімі ауызға алынбай келсе де, оның қаһарман бейнесі халық жүрегінде берік сақталды. Әйгілі қаһарман туралы тақырыпты таңдап алып, оған қатысты зерттеу ісі жауапты екендігін сезінемін. Осы тақырыпты алғаныма қуана, қобалжып алғанымды жасырмаймын. Тақырыптың өзектілігі осыдан мәлім деген ойдамын.
Дипломдық жұмыстың дерек көздері сонау ХІХ ғасырдың басында Кенесары бабамыздың: «Қазақ өз жеріне өзі ие болмай, жеке мемлекет құрмай ел болып жарытпайды» -деген көрегендік сөзін тарих, өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Қазақ елінің тарихында бостандық үшін болған көтерілістердің ішінде ең маңыздысы-Кенесары басқарған ұлт-азаттық қозғалыс. Ол бүкіл өмірін халқының бостандығына арнап, өмір мен өлімнің ортасында он жылд бойы Ресей империясына, Қоқан, Хиуа хандықтарының басқыншылық шабуылдарына тойтарыс беріп отырды. Ерлігімен, даналығымен, әділеттілігімен абырой алып, хан сайланды.
XVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстарына талабы мен талантын, шабыты мен табысын бағыштаған тарихшы -ғалым, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиясының мүшесі, профессор Ермұқан Бекмұханұлы екені баршаға аян. Жеке басқа табыну кезінде, советтік тоталитарлық дәуірде ұлт-азаттық қозғалыстың зерттелуі мүмкін болмады, шындық бұрмаланды, шындықты айтпақ болған Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, Сібірге айдалды. «Қап түбінде алмас кездік жатпайды, теседі де шығады» деген халық даналығының заңдылығы бойынша намысы бар отаншыл тарихшыларымыздың Кенесары туралы жазған көрнекті еңбектерін коммунистер әр кез «құбыжық» етіп көрсетуден тайынған жоқ. Уақыт озып, заман өзгерді. Еліміз егемендікке жетіп, тәуелсіздік алған сәтте шындықты ашып айтар, батыл айтар күн туды.
Талантты тарихшы Е. Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» деген монографиялық еңбегі кейінгі буын тарихшылардың пайдалануына тыйым салынып, көзден таса болғанды. Бұл еңбек араға 40 жыл өткен соң, өз тарихымызға қайта оралды. Бүгінде Кенесары сынды ел бастаған көсемді, өз халқына таныстыру үшін бір ғана шағын зерттеу жұмысы түгіл, бірнеше томдық кітап керек. Елін, жерін қорғаған бабаларымызды құрметтеу жас ұрпақтарымызды патриоттық сана-сезімін қалыптастыруға қызмет ету керек. Осы орайда күні бүгінге дейін ел аузында сақталып келген, кезінде жинақталып, архивтермен қолжазба қорларынан аса алмай қалған Кенесары жайындағы аңыз-әңгімелерді, өлеңдерді, жырларды қайтадан қараудың сәті туғандығы баршаға аян. Сондықтан фольклорлық негізде туған осындай мұраларды жан-жақты өткен-кеткен тарихпен салыстырып, Кенесарының қозғалысына лайықты баға беріп, оның азаматтық, халық үшін туған перзенттік істерін әр қырынан танытып, батырлық бейнесіне әділ баға беру қажет. Міне, біздің дипломдық жұмыс тақырыбы сондай маңызды міндеттерді негізге алғандықтан жазылмақ.
Дипломдық жұмыстың мақсат-міндеттері:Мақсат халқымыздың біртуар қаһарманы Кенесары кезінде халқымыз қалай түсініп бағалаған, оның қыруар игі істерін өз туындыларында қалайша көрсете алған дейтін күрмеуі қиын жайларды айқындап көрсету. Негізгі мақсат фольклорлық мұралар арқылы әйгілі хан бейнесін ашу болмақ.
Батыр жайындағы туындылардың көркемдік деңгейі қандай, жырдағы, өлеңдегі, толғаудағы аңыздағы Кенесарының бейнелері бірін-бірі толықтыра түседі ме, әлде жоқ па? Міне бұл дипломдық жұмыстың негізгі желісі, арқауы үзілмес темір қазық жұлдызы.
Нақтылай келгенде біз ең алдымен тарихи жырлар дегеніміздің ауыз әдебиетінің бір саласы екендігіне қысқаша тоқталып, оның тарихқа қарым-қатынасын, зерттеудің жанрлық сипатын әңгімелеп алмақшымыз. Олай етпесек дипломның негізгі мәселесіне жете алмауымыз мүмкін.
Негізгі пікір екінші тараудағы «Кенесары бейнесінің эпикалық дәстүрмен жасалу ерекшеліктері» деген ат қойып, айдар таққан тараудың үлесіне тиеді. Онда Кенесары жайындағы өлең, жыр, аңыздардың хатқа түсу кезеңдері, аталған дүниелердегі дәуір көрінісі туралы дәлелді пікірлерімізді түйіндеу батырға қатысты тарихи жырлардың құрылысы, көркемдік келбеті талдауға алынады. Жұмыстың осылайша құрылуы, бізді белгілі бір мақсат-мүддеден туған нысанаға жеткізе алатындығына сенім мол.
Дипломдық жұмыс жаңалығы. Қазақ халқының өмірінде сандаған сұрапыл оқиғалар, дүрбелең кезеңдер өтті. Біз сөз етіп отырған Кенесары хан дәуірі де сондай дүрбелеңі көп, сұрапыл кезең болатын. Ұлы даладағы болып жатқан озбырлықты, сатқындық пен ата-бабалар аманатын аяққа басқандар ісіне бас көтерген Кенесары Қасымұлы шын мәніндегі әділетті қарсылық көрсетті. Ол өзінің әрекетін сөзі мен ісі арқылы өмірінің соңына дейін дәлелдеп берді. Бүгінгі біздер сол кезең шындығын көзбен көрмедік . Әйтседе, дәл сол дәуір шындығын көңілмен сездіретін аңыз, өлең, жыр, терме, әпсаналар қалды. Содан туған халқының адал ұлы, дарынды перзенті, үш жүздің басын қосқан ханы болған Кенесары ханның бейнесін тану баршаға жаңалық бола алады деген түйінге тоқтадық.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
Дипломдық жұмыс нәтижесі бойынша төмендегі тұжырымдар қорғауға ұсынылады:
-Алдымен ауыз әдебиетіндегі Кенехан туралы дерек пен дәлелдер талдану арқылы Кенесары бейнесі дәлелденеді.
-Хан Кене тұлғасы тарихи аңыз, әпсана, тарихи өлеңдер мен тарихи жырларда жасалғанына көз жеткізіледі.
-Эпикалық жырларда Кенесары шын мәніндегі көреген көсем, сөзге шешен екендігі нақтылы бағасын алады.
-Нәтижесінде айтулы аңыз адам, тарихи тұлға Кенесары хан бейнесі алдымен фольклорда жасалған деген тұжырым нақтыланады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы
Дипломдық жұмыстың ғылыми теориялық және әдіснамалық негізі
Дипломдық жұмыстың ғылыми әдістері.
Дипломдық жұмыстың сыннан өтуі.
- ТАРИХИ ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫТарихи тұлға Кенесары хан туралы халық аңыз, өлең-жырлары.
Табиғат пен адамзат даму заңдылықтарының әлі толық ашылып болмаған құпиялары көп. Сондай құбылыстың бірі-қазақ халқының ауызша айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген ғажайып сөз өнері екендігі рас. Қазақ ауыз әдебиетінің қыр-сыры анықтала айқындалып, қазіргі кезеңде бай мұрамыздың бәріде хатқа түсіп үлгерген деген тұжырымдарға қосылу қиын. Тарихтың үзік-үзік сырлары, көсем сөздердің жұртшылық назарынан тысқары қалып келе жатқан құпиялары әлі де жеткілікті. Осы орацда анықтай айтатын мәселелердің бірі -Кенесары жайындағы өлең, жыр, аңыздардың хатқа түсуі дер едік. Қазақ фольклорының болмыс-бітіміне қатысты дерек берерлік дүниелердің барлығын көпшілік жақсы біледі. Алайда. Соншалықты дүниелер ішінен, заманында алаштың тарихында аты қалған батыр қолбасшы, сөзге шешен, елге көсем болған - Хан Кене турасындағы өлең, жыр, аңыздардың табиғаты турасындағы ой-пікірлер желісін, хатқа түсу заңдылығына қатысты мардымды деректер таба алмайсың. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегеннің сыңайына еріп, ұлтымызға біткен ұлы перзенттеріміздің атын атауды да ұмытқандықтың бір көрінісі дәл осы.
Рухани мұрамыздың арғысымен бергісін саралауда, әдебиеттегі тұрпайы социализм және басқада толып жатқан өз кезеңіндегі принциптер өктемдігі өткенді ұмыттыруға тырысты. Отарлаудың оңды жолын тапқандар саясатының салқыны Кенесары және оның сарбаздары турасындағы ел айтып келген өлең, жыр, аңыздарды ұмыттырып, қазақ халқына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қарақшы Ермак /Жармақ/ сияқтыларды дәріптеттірді. Кезінде Кенесары қозғалысына мән беріп, ол турасында егжей-тегжейлі мәліметтер жинақтағы асыл ағаларымыздың соңына шырақ алып түсіп, халық жауы ретінде атқызып, еңбектерін ел көзінен тасалағандығын бүгін жақсы танып отырмыз. Мәселен күні бүгінге дейінгі оқулық ретінде қолданып жүрген «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші том, бірінші кітабында «Ауыз әдебиетін зерттеуде 1920 жылдар мен 1930 жылдардың басында кездесетіндей М. Әуезов пен С. Сейфуллин еңбектерінің тағы бір кемшілігі фольклордың халықтығы жөніндегі мәселені түсінуде болды. Халық арасында айтылып жүрген ауыз әдебиеті шығармаларының бәрін олар фольклорға жатқызып, халық поэзиясының әлеуметтік-таптық мазмұны жайындағы мәселелерді әлі жете игермеген еді. Жанрларды сипаттау үшін пайдаланған мәтіндердің ішінде қалай болса солай кеткендері кездеседі. Тіпті Потанин, Диваев сияқты фольклористердің еңбектеріндегідей М. Әуезов пен С. Сейфуллин де қазақ ауыз әдебиетінің тәуір үлгілерінің қатарына «Кенесары-Наурызбай» поэмасын, Зар-заман жайындағы өлеңдерді т. б. қосқан» [1, 21] - деген пікірден-ақ, Кенесарыға және басқа да айтулы тұлғалардың басына саясаттың салмақты бұлттарының төніп тұрғандығын білуге болады.
Қазақ фольклордың хал-қадірін Сәкен мен Мұхтар түсінбеді дегеннің өзі шындыққа сәйкес келер ме? Міне, осындай сындардан кейін қазақ фольклористерінің көпшілігі Абылай, Кенесары т. б. қазақ батырлары туралы айтылған жырларды зерттеуден ат-тондарын ала қашты. Көптеген дүниелер «жабулы қазан» қалпында қалды.
Кенесары турасында айтылып жүрген, ел арасындағы аңыз, өлең жырлардың ертеден-ақ қазақ ауыз әдебиетін жинастырып, зерттеушілердің назар аударғаны белгілі.
Осы ғасырдың 20-жылдарынан кейінгі А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы, С. Сейфуллин, М. Әуезовтердің еңбектерінде аталуы тегін емес. Айталық Х. Досмұхамедұлы 1923 жылы Ташкентте Әбубәкір Диваев жинаған «Кенесары-Наурызбай» [2, 100] жырына түсінік жазып, және кітап қылып шығарған. Алғы түсінігінде, автор Кенесарыға байланысты Нысанбай жырының бірнеше нұсқа да айтылып жүргендігін ескертеді. Ал мұның алдында 1915 жылы Қазан қаласында, Кенесарының сүйікті інісі Наурызбайға байланысты қиссаны ел аузынан жинап, өңдеп бастырған Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы (1854-1936) еді. Ел аузынан алынған осы дастан негізінен Наурызбай мен Ханшайым оқиғасын сипаттайды [3, 61-146] . Жырда Наурызбай, Ағыбай батырлардың ерліктерін шамалы көрсетілгені болмаса, бұл жырды ерлік дастаны деуге болмайды. Жырдың құрылымы лиро-эпос үлгісіне сәйкестенген. Сонымен қатар, «Кенесары-Наурызбай» жыры турасында 1926 жылы жарық көрген еңбегінде А. Байтұрсыновта айтқан [4, 219-240] . Жырда үзінділер келтірген. Бұған қарағанда А. Байтұрсыновта аталған жырды жинақтап, пікір білдірген деген пікірге келуге болады. Сонымен қатар «Кенесары қоныстан ауғанда айтқан» деп аталатын Досқожаның ұзақ толғауында бар екендігін атауымыз керек [3, 56] . Бұл толғау негізінен ҚарМУ-дің филология факультетінің 2-курс студенттерінің фольклорлық практикасы кезінде жинақталған (1988-89жж) .
Кенесарыға қатысты ел арасындағы аңыз, өлеңдерді Жамбыл Жабаевтың айтуынан жазып алып, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының қолжазба қорына тапсырушылардың бірі- Кенжехан Матыжанов [5] . Кенесарының түрлі бекіністерге шабуылы, Ұлы жүздің батырларымен кездесуі турасындағы аңыздар және Жетісуға келгеніне байланысты шыққан өлеңдер осында айтылады. Кенесары Қасымұлы хақында толымды дүниелерді 1941 жылдары көрнекті фольклор зерттеушілері Е. Ысмайловпен ақын Қалижан Бекқожиндер де жинастырған. Жалпы көлемі 30 баспа табаққа жететін аталған жинақта Кенесары және оның батырлары турасындағы, жыр-дастандар және аңыз әңгімелер кездеседі [5] . Бүгінде топ бастаған Кенесарының батырлары Ағыбай, Атығай, Бұқарбай, Байтабан, Жеке батыр, Жанайдар, Иман Дулатов, Жәуке, Сұраншы, Байсейіт турасындағы аңыз, жыр, өлеңдер ел аузында көптеп кездеседі. Көне көз қариялардың өзіндік мақаммен айтатындары да кездеседі. Демек, Кенесары ісінің қаншалықты бағалы болғандығын, осыған қарапта бағалауға болатын секілді. Бір ғасырдан астам уақыт ішінде, Кенесарыны түрлу насихаттармен ұмыттырғысы келгенімен, халық ұмыта алмағандығын біз толық түрде айта аламыз.
Жұртшылықтың есіндегі енді бір көлемді жыр үлгісі көрнекті әнші-композитор, жыршы, әңгімеші, ақын Доскей Әлімбаев \1850-1946\ шығарған «Кенесары» туралы жыр екендігін атауға тиістіміз. Нысанбай секілді Доскей де Кенесарыны халық батыры, елдің еркіндігін, тәуелсіздігін аңсаған азаматтығын басымырақ жырлайды. Оқиға желісі жағынан Нысанбай жырынан, ақын Доскей шығармасы тым алыс кетпеген [5] . Кенесарының өзін көріп, жорық жыршысы атанған Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» дастанының ел арасына тарауы, баспа жүзіне әр кезеңде шығу жолдары әрі қызық әрі тым ұзақ уақыттың бел-белестерін көрсетеді. Жыр алғаш 1912 жылы Қазан қаласында Ж. Шайхисламұлы құрастыруымен жарық көрсе, одан кейінгі 1923 жылы Тәшкентте Х. Досмұхамедұлының алғы сөзімен шыққандығын жоғарыда келтірдік. Бұдан кейін араға ұзақ уақыт салып, еліміздегі еркіндіктің, тәуелсіздіктің бір көрінісі сияқтанып Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» дастаны 1993 жылы жарыққа шығып отыр [3, 16-55] . Бұл жөнінде көрнекті ақын Ә. Тәжібаев «Нысанбай жырлаған Кене хан біздің дәуіріміздегі ең ірі тарихи дастандардың бірі және соңы деуге болады. Кене мен Наурызбайдың қаза болған күндеріне дейін барлық трагедиялық қайшылықтарын түгел жеткізе суреттеген қазақ елінің дастаны. Бұл дастан кейін Кене ханмен бірге жабылды, оны ауызға алу қылмыс саналды. Сол ғажайып дастанның босанар күні бүгін туды . . . » деп жазған еді. Біздіңше Нысанбай дастаны әлі де толымды түрде жарық көрмей отырған секілді. Ол талай уақыт шеңберінде айналып, әркімнің қолынан түзетулер арқылы жетті. Ендіше Нысанбай жыраудың алғашқы нұсқасын табуға деген әрекет күн тәртібінен түспеу керек. Кезінде шығысқа құмартушы, қазақтың өнері мен мәдениетіне қатысты құнды деректер жинаған, академик В. Радловтыңда бұған назар аударуы тегін емес [6, 139-143] . Сонымен қазіргі қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып, Кенесарыға қатысты қағазға түскен аңыз, өлең, жырларды қарастыруда тың мәселелердің бірі екендігі аян. Айтулы тұлға жайында Мағжан, Мұхтар Әуезовтің шығармаларыда алуан-алуан сыр шертетіндігі рас. Дегенмен, біздің сөз ететініміз Кенесарыға қатысты фольклорлық негізде жасалған тарихи туындылар екендігін ескеріп, ондағы дүниелердің кезең жайындағы деректерді бере алатындығының сырын ашу болмақ.
1. 2 Тарихи жырлардағы тұлғалар бейнесі.
Қазақ ауыз әдебиетінің әр кезеңдердегі өзіндік асу бел-белестеріне үңілгенде рухани мұрамыздың өзіндік ерекшеліктерін көрсететін негізгі бір сала - эпикалық шығармалар болып табылады. Эпостық дүниелердің өмірге келуінің өзіндік заңдылықтары бар.
ХVІІІ ғасырда туған тарихи шығармалар да қазақ елінің басынан өткен үлкенді-кішілі оқиғалар мен халықтың ұғым нанымы, арман-тілегі айқын ашық суреттеледі.
Мұнда жеке белгілі батырлардан гөрі көптің қимылы көбірек әңгімеленеді. Ал, қолына қару алып, хан ордасына қарсы аттанған батырдың өздері, көбінде қарадан шыққан адамдар болып көрсетіледі.
Тарихи өлең, жыр аңыз әңгімелердегі тарихи фактілер мен жағдайлар нақтылы дәл суреттеледі. Сондықтан ХVІІІ ғасырда туған шығармалар алдыменен тарихи фактінің ұзын-ырғасына құрылып, әлеуметтік өмірдің шынайы бейнесін елестетеді. Дәуір кезеңіне байланысты әңгіменің дамуы мен композициялық құрылысына тарихи-шығармалардың белгісі нақты сақталған. Қаһарманның тууы, өсуі, әке-шешесі, үй-іші, жеке басы туралы жайларға назар аударылмай, әрекеті ғана әңгіме болған. Ұзын-ырғасы қаһарманның туған елін, жерін қорғай білгендегі, батырлығы сыртқы және ішкі қысымшылықтарға қарсы күресі болып шығады.
ХVІІІ ғасырда болған қоғамдық мәні бар оқиғалар мен оларға белсене қатысып, батырлығымен халқына танымал болған қайраткер тұлғалар жайында тарихи жырларға арналған еңбектер де жан-жақты қарастырылып, олардың шындық негіздері және көркемдігі мен жанрлық ерекшеліктері дәлелді пікірлермен өмірге келген. Бұл тұрғыдан қазақтың ауыз әдебиетін нұсқаларын жинап, зерттеген халқымыздың даңқты перзенті Ш. Уәлихановтың еңбегі орасан.
«Ұлы ғалым өзгеше, өзіндік ерекшеліктері бар жанр деп қараған. Шоқан ауыз әдебиетінде батырлық жырлармен қатар басқа да жыр бар екендігін, оған «тарихи жыр» деген атаудың негізі бар екендігін ескертуші ғалым болып табылады [7, 201] .
Ғалым тарихи жырлардың ерекшеліктерінің бастысы -өмірде болған оқиғалар негізінде шығатындығы, яғни батырлар жырына қарағанда тарихқа жақындығын жақсы аңғарған.
Қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған Ахмет Байтұрсынов, «Әдебиет танытқышта» қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап жіктеп бөлді. Бұл еңбекте тарихи жыр жанрына да анықтама береді. «Тарихи жыр деп тарихта бар, уақиғалар тұрғысында өлеңмен шығарған сөздер айтылады. Қазақта өз тілінде жазылған тарих болмағанмен, қазақта болған уақиғалар қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың тарихында жазылған мағлұматтар бар, халықтың өзінің есінен көптеген қазақ басынан кешірген уақиғалары толып шығарылған сөздер болса, солар тарихи жыр болады. Мәселен, «Орақ-Мамай», «Абылай», «Кенесары-Наурызбай», «Ерназар», «Бекет» өлеңдері тарихи жырлар болады [4, 417] .
Классик жазушымыз, көрнекті ғалым М. Әуезов «Қазақ эпосында батырлар жыры мен ғашықтық жырларға қоса тарихи жырлар да мол. Бұл жырлар ХVІІІ және ХІХ ғасырларда әсіресе кең өрістеп дамыған» - дей келіп, оның әдеби-эстетикалық, танытқыштық және тәрбиелік мәнін ерекше бағалаған.
Сонымен бірге тарихи жырдың өз алдына жеке жанр екенін атап көрсетеді.
Эпостың тарихи мәнін саралауда С. Сейфуллин де пікір айтқан. Сәкен өзінің еңбегінде батырлар жырынан өзгеше шығармалар бар екендігін аңғарған, бірақ оларды эпостан дара жанр деп есептемеген. Ол батырлар жырын шығу уақытына қарай қарастыру арқылы олардың тарихи негіздерін ашуға тырысқан. Осы мақсатпен ертеде туған эпосты «ұлы батыр», ал кейін пайда болғандарды «кіші батыр» жыры деп зерттеп жүргендерге қарсы шыққан [8, 168-169] .
Бұл екеуінің арасындағы айырмашылық туралы: «Қазақтың ескі ел әдебиетіндегі батырлар әңгімелерінің ескілеріндегі «қиял» қоспасының «ертек» түрлерінің молдығын көре тұрып, заманның ертегісінен елдің ішкі, надан кезінен көз жеткізесің.
Ал бергі заманда шыққанына көз салсақ, әңгіменің «кереметтері» азая беріп, керісінше шындыққа жақын бола береді» - деп көрсетіледі [8, 169] . Бұдан біз оның тарихи жыр жанрының кейбір ерекшелігін байқағандығын көреміз.
Зерттеуші, академик С. Мұқановтың жалпы ауыз әдебиеті, соның ішінде эпос турасында пайымдаулары кезінде жанр табиғатын түсіну мен насихаттауға қажет қызмет атқарады.
Ол өзінің «Халық мұрасы» деген зерттеулерінде эпостың жанрлық табиғатын кең түсінгендігін көрсетіп, көптеген ойлар қозғалады. С. Мұқанов қаһармандық эпос «негізінде ел қорғау, Отан қорғау тілегінен туған, халықтың жүрегіне жағатын, сүйетін жырлары» [9, 221] - деп қорытынды жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz