Қазақ тілі оқулығындағы жаттығу жұмыстары


М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: 5-6 сынып қазақ тілі оқулықтарындағы тапсырмаларды талдаудың, оқытудың тиімді жолдары
Мамандығы: 0111000 - «Негізгі орта білім беру»
Біліктілігі: 0111013 - «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»
Тобы: ҚТ-Ж-18
Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Орындаған: Берік Аяжан Орынбасарқызы
Қызылорда қаласы, 2021 жыл
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша "Қазақ тілі" оқулықтарындағы тапсырмалардың ерекшеліктері
2. 2. 6-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" оқулығындағы жаттығу жұмыстары
2. 3. Оқушыларға берілетін деңгейлік тапсырмалардың түрлері
ІІІ. Тәжірбиелік бөлім
3. 1. Қазақ тілі пәнінен үлгілік сабақ жоспарлары
3. 2. Тапсырмаларды оқытуға, талдауға арналған тиімді әдіс-тәсілдер
IV. Қорытынды
V. Қосымшалар
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында:«Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен тұлғаны қалыптастыруға және кәсіби дамытуға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлар жасау, желілерге қол жеткізу »- білім беру жүйесін одан әрі дамыту. Осы мәселелерді шешу үшін әр мұғалім күнделікті ізденістен өтіп, барлық жаңалықтардан хабардар болуы, жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа, жаңа батылдыққа көшуі керек. «Қазақстан 2030» жолдауында: «Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек», - деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар салауатты тәрбие беру.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Әлеуметтік және ғылыми техникалық өрлеудi дамытудағы басты мәселенің бірі - адамдардың дара тұлға ретiнде белсенділігі мен мұраттық сенімдідігін қалыптастырып, қазiргi мектептің алдына қойылған оқушылардың өз бетінше іздемпаздығы мен жасампаздық және шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін амал-тәсілдер табу.
Мектеп оқушылырының тиянақты білім алып, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруды мақсат етіп қоя отырып, оларды ойлауға үйрету, өз бетінше білімдерін толықтырып, жаңа білімдерді игеру тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігінде дамыту. Бұл бағыттағы негізгі мәселе - оқушыларды сөйлеуге, қарым-қатынас жасауға үйрету. «Сөйлеу - адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыдан қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны». Сондықтан Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастың дағдыларын жетілдіруге яғни сөйлесім әрекетінің түрлеріне қатысты машықтарын шыңдауға септігін тигізеді. Сол себепті «Қазақ тілінің» жаңа білім мазмұнын меңгерудің функциональдық-семантикалық және коммуникативтік-әрекеттік аспектілерін күшейтудің қажеттігі арта түседі», - деп көрсетсе, оқу бағдарламасында сөйлеудің түрін ауызша және жазбаша деп қарастыра келіп, «тіл мәдениетін қалыптастыру ауызекі сөйлеу, жазу, тыңдау мәдениетінің қалыптарына сай дағдыларды жетілдіру» міндетін қояды Жазбаша сөйлеу әрекеті - таңбалардың белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болуы арқылы адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазбаша сөйлеу әрекетінде оқушы сөйлемнің мәніне, мағынасына қалыбына (формасына) көңіл аударып, оны ойлау әрекетімен пайымдауы арқылы өз санасынан өткізіп, қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуы нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.
Қазір тілді оқыту саласында әдіскерлердің айрықша назар аударатын мәселесі - тілді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесі. Бұл міндет әсіресе, мектеп жасындағы балаларға қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан оқытудың мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл ретте оқушылырдың тек сөйлемді дұрыс құрастыру жайы ғана емес, алған білімдерін, меңгерген сөздік қорларын қарым-қатынас негізінде әр түрлі жағдайларда пайдалана білу мүмкіндігі ескерілуі тиіс. Қазіргі кезде мектеп оқушылары да қарым-қатынаста өз ойын түсінікті айтып жеткізумен бірге сау
атты, дұрыс жаза білуге ерекше мән беріле бастады. Мұның өзі сөйлеу әрекетінің ішінде жазбаша сөйлеу үдерісін (процесс) тез де сапалы игеруге қажет әдістемелік жүйені талап етіп отыр. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытудың басты мәселесі - жазбаша сөйлеу әрекеті арқылы сауаттылықты, тіл мәдениетін меңгерту және сол арқылы тілдік қатысымға жаттықтыру. Бұл қазақ мектептеріндегі белгілі міндеттерді жүктейді: танымын арттыру арқылы жастардың ұлттық сана-сезімін ояту; әдеби тілдің ауызша, жазбаша нормасын игерту; оның мол байлығын меңгертіп, сол арқылы тілге деген сүйіспеншілігін сезімін және қарым-қатынас жасау икемділік пен дағдылырын қалыптастыру. Қоғамның дамуына сай өмірдің әр саласында қолданылатын тілдің мәдениеті де жетіліп, сөйлейтін немесе жазатын адам ойы айқын да жатық әрі мәнерлі болуы тиіс. Сондықтан оқушыларға тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын дұрыс, еркін айта, жаза алатын етіп меңгерту - бүгінгі заман талабы. Қазақстан Республикасының «Орта білімді дамыту тұжырымдамасы» бойынша: «Білім мазмұнында білім, білік, дағдыларды игеру бірте-бірте оқушылырдың талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қарай өтуге бағыт алуы қажет», - деп көрсетілген.
Оқушылардың тілінің жұтаңдығы мен тіл мәдениетінің төмендігінің өзіндік себептері бар. Олардың ең негізгілері: 1) жалпы білім беретін мектептердегі жазбаша сөйлеуге жаттықтыру, тіл дамыту жұмыстарынын жүйесінің жасалынбауы; 2) жазбаша сөйлеу жұмыстарының мазмұны, мақсаты мен міндеттерінің нақтыланбауы; 3) мектептердегі бағдарлама, оқулық оқу құралындағы жазбаша тілін дамытуға байланысты материалдар көлемінің теориялық жағынан да тәжірибелік жағынан да анықталмауы; 4) жазбаша тіл дамытуда басшылыққа алатын оқушылардың сөйлеу икемділік
әдістерін дамыта оқыту зерттеу мен тәжiрибелердiң қазіргі күн талаптарына сай болмауы. Қазақ тілі пәні бойынша 5-10-сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамытудың теориялық негіздері мен тәжірибелік жолдарын анықтап, 5-10-сынып оқушы-лырының жазба тілін дамытудың тиімді әдістемелік жүйесін жасау.
Курстық жұмыстың міндеті
: тілдік қарым-қатынасты қалыптастырудағы жазбаша сөйлеу әрекетінің орны және оның функциональдық ерекшеліктерін анықтау; жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдылары туралы лингвистикалық, педагогика-психологиялық әдістемелік әдебиеттерді талдау арқылы 5-10- сынып оқушылырының жазба тілін дамытудың теориялық және әдістемелік негіздерін белгілеу;
5-10-сынып оқушыларының жазба тілін дамытудың психологиялық, педагогикалық негіздерін тану арқылы жазбаша сөйлеуге жаттықтырудың нәтижелі жұмыс түрлері мен тиімді әдіс, тәсілдер жүйесін жасау;
Жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту негізінде оқушылардың қатысымдық білік, дағды, икемділіктерін қалыптастыру әдістемесін жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Кіріспеден, негізгі бөлімнен, тәжірбиелік бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
II. Негізгі бөлім
2. 1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша "Қазақ тілі" оқулықтарындағы тапсырмалардың ерекшеліктері
«Қазақ тілі» оқу пәнінің ортақ тақырыптарының мазмұны оқушының ойын әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз етеді, яғни оның өз іс - әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады.
Қазақ тілін үйретудің екі жолы бар: жазбаша және ауызекі. Шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойларын, пікірлерін, әсерлерін мәтін түрінде жазбаша жеткізеді. Айтатынын дайындап, сұрыптап алады. Ал өз ойын ауызекі монолог немесе диалог түрінде жеткізу үшін тек қана тіл емес, мимика, ым, көзқарас қолданылады. Сабақта жетістіктерге бағыттайтын жұмыс түрлері көптеп қолданылады: жаттығу жұмыстары, грамматикалық, лексикалық тестер, өздік, ұжымдық, жұптық, топтық бақылау, сөздік жұмыстары, диалог түріндегі түрлі ситуациялық жұмыстар, мәтінмен жұмыстың көптеген түрлері.
Қазақ тілін меңгеру арқылы қоғамдық өмірге араласуға қажетті жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын жағдаяттар жүйесі негізінде дамытады; олар қазақ тілінде түрлі өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-қатынас жасайды, өзара пікір алмасады, көзқарастарын білдіреді, өз ойын жүйелі де нақты жеткізеалады; қазақтілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады; түрлі мәтіндерді өздігінен түсініп оқиды; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары арқылы тың идеяларын өзгелермен еркін бөліседі
«Тыңдалым және айтылым» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- болжау;
- әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
- мәтіннен ақпаратты анықтау;
- негізгі ойды анықтау;
- тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;
- сөйлеу мәдениетін дамыту.
«Оқылым» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- ақпаратты түсіну;
- мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;
- мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
- мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;
- мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;
- оқылым стратегияларын қолдану;
- әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
«Жазылым» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- жоспар құру;
- әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;
- жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
- эссе жазу;
- оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
- мәтіндерді түзету және редакциялау.
2. 2. 6-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" оқулығындағы жаттығу жұмыстары
Қазақ тілі пәнінің оқулығы егемен еліміздің мектептеріндегі жаңартылған білім мазмұнына сай түзілді.
Оқулықтың басылымында лексикалық тақырыптарға көбірек көңіл бөлінген.
Тілдік бағдар материалдары сол тақырыптардың аясында қарастырылды.
Оқулықта оқушылардың дүниетанымын қалыптастыратын, шығармашылық қабілетін ұштайтын оқу мәтіндері мен тапсырмалар берілді.
Оқулықтағы тапсырмалар сөйлесім әрекетінің тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым компоненттері бойынша жүйеленген. Тақырыптың ерекшелігіне қарай әрбір тақырыпты меңгертуде сөйлесім әрекетінің түрлерін кешенді түрде қолдану міндеттеледі. Жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілін оқытудың басты мақсаты - оқушылардың сөйлесім әрекетін жетілдіру, өз ойын, пікірін, тұжырымдарын сауатты, қазақ тілінің әдеби нормаларына сай жеткізе білуге төселдіру, сөз әдебін қалыптастыру.
Тілді жетік білу үшін оқушының сөз қолданым дағдыларын қалыптастыруға басымдылық беріледі. Тіл арқылы оқушы өз болмысын қалыптастырып қана қоймайды, ол ой-пікірін, көзқарасын білдіру арқылы өзгелердің де дамуына ықпал ете алады.
Сондықтан оқулықта оқушылар дербес орындайтын тапсырмалармен қатар жұптық, топтық түрде жүзеге асырылатын тапсырмалар мол қамтылды. Бұл өзгерістер оқулықты мазмұндық құрылымдық жағынан жетілдіретіні сөзсіз.
Оқулық құрылымы да жаңаша жасалған. Оқу материалдарының түзілісі нақты жүйеге бағындырылып, бірізді болуына назар аударылған. Әрбір лексикалық тақырып іштей тағы да тақырыпшаларға бөлінген. Сабақ жүйесінде оқудың әрекет түрі екендігі ескерілді. Сондықтан әрбір сабақтың мотивациялық, әрекеттік және бағалау кезеңдерінде оқушының белсенділігін арттыру, оқуға деген ынта-ықыласын үздіксіз дамыту мақсатында оқулық құрылымы төмендегіше түзілді:
6 сынып бойынша «Қазақ тілі» пəнінің оқу бағдарламасына сəйкес оқулық оқу материалдарының негізіне тілдік білім жəне сөйлеу алынды. Қазақ тілін оқытуда сөйлеу аспектісіне ерекше мəн беріліп, тіл жəне сөйлеу бірліктері (сөз, сөйлем, мəтін), кез келген грамматикалық категория (сөз құрамы, сөз таптары, сөйлем мүшелері) оқушылардың сөйлеу əрекеттерін дамытуға бағытталып сұрыпталды. Тілдік материалдар бұрынғыдай грамматиканы қатаң түрде меңгерту үшін емес, баланы оқу-жазуға үйрету мен тəрбиелеуге, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуына, жалпы дамуының қалыптасуына жəне өз ойларын еркін жеткізулеріне мүмкіндік жасау мақсатында ұсынылды. Бұл ретте бағдарламада көрсетілген 10 лексикалық тақырыптың («Қазақстандағы көрікті жерлер», «Ұлттық және отбасылық құндылықтар», «Әлемнің жеті кереметі», «Астана-мәдениет пен өнер ордасы», «Тарихи тұлғалар», «Су - тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер», «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары», «Наурыз. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері», «Әлемдегі ірі кітапханалар», «Ғылым мен технология жетістіктері») аясында оқушыларды мұқият тыңдауға, өз ойларын анық айтуға, сауатты жазуға жəне түсінікті де мəнерлі оқуға үйрету мақсатын көздейтін оқу материалдары мен тапсырмалардың ұтымды шыққанын атап өткен жөн. Əсіресе, лексикалық тақырыпқа сəйкес берілген мəтінмен жұмыс арқылы оқушылардың қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы теориялық түсініктерін жəне дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру өз шешімін тапқан.
Бұл жаттығулар негізінде сөздермен жұмыс жүргізу болып есептеледі. Лексикалық жаттығу жұмыстарын мұғалім, ең алдымен, оқушының тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, сөздік қоры мен оны молайтудағы ерекшеліктерді үйретуге ерекше назар аудара отырып жүргізіледі. Лексикалық жаттығулар сондай-ақ оқушылардың лексикадан білімін бекіту мен лексикалық икемін қалыптастыру үшін де жүргізіледі. Бұл жаттығуларды жүргізуде ең негізгі мәселенің бірі - ол сөздің мағынасы және сөздердің стильдік қолданылуын анықтап, тани білуге үйрету болып табылады. Мұндағы негізгі мақсат сөздердің жалпы беретін мағынасы мен контекстегі қолданудағы мағынасын ажыратып, түсінуге жаттықтыру. Лексикалық жаттығулар сонымен бірге сөздік жұмыстарын жұргізуді қамтып, оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатын да көздейді. Ал оқушыларға стилистикадан мәлімет беріп, олардың тіліміздегі сөздерді қолданудағы мағыналық және стилистикалық реңдерін үйретуде стильдік-лексикалық жаттығулар да жүргізіледі.
Сөздің мағынасына байланысты жаттығу жұмыстарында, әсіресе сөздің тура және ауыспалы мағынасы, омомним, синоним, антоним және фразеологиялық тіркестер, терминдер, диалектизмдер мен кәсіби лексика жөнінде мәліметтер берілумен бірге олардың тілдегі қолданылуы, тіл стильдеріне қатысты қызметтері мен стильдік реңдерін анықтау байланыстыра жүргізіледі. Сондай-ақ сөздерді орынды, дұрыс қолдануға, яғни тіл нормасын ажыратуға дағдыландырады. Мұндай жаттығулардың негізгі мақсаты сөздердің негізгі және ауыспалы мағынасына байланысты қолдану ерекшеліктерін, көркемдігін, бейнелілігін танытуды мақсат етеді.
Сондай-ақ мұндай типтегі, стильдік-лексикалық жаттығулар беру мен орындаттыруда мынадай мақсаттар көзделеді:
- Сөздің мағынасын ажырату;
- Сөздің тура және ауыспалы мағынасы болатындығы және оның қолданудағы стильдік реңдері;
- Сөздің образ жасауға қатысы;
- Сөздердің экспрессиялылығы мен эмоциональдылығы;
- Сөздердің синонимдері, олардың мағыналық және стильдік реңдері;
- Сөздердің тіл стильдеріне қатысы.
Жазбаша морфологиялық жаттығулар негізінде 6-сыныптарда морфологияның стильдік ерекшеліктерін анықтауға байланысты жүргізіледі. Мысалы, зат есімді оқыту кезінде зат есім сөздер мен формалардың мағыналық реңдерімен бірге стильдік қолданылуы туралы білім мен дағды беру көзделді. Ол жаттығу жұмыстарын орындаттыру арқылы игертіледі. Мәселен, зат есім сөздер мен формалардың функциональдық стильдердің тілдік құралдарындағы қолдану ерекшелігін білдіру мақсат етіледі. Ол үшін мынадай морфологиялық жаттығу жұмыстарын орындаттыруға болады:
1-жаттығу.
Берілген мәтіндегі зат есімді анықта. Оны келесі зат есім сөздермен салыстыр. Бұл зат есім сөздердің қай стильдерде қолданылғандығын анықта: шағын көл - көлшік; кішкентай үй - үйшік; кішкентай нан - күлше.
Жауаптың үлгісі былай болуы тиіс. Зат есімдер көл, үй, нан. Ол қосымша жалғанған зат есім сөздерге қарағанда нақтылау мағынаға ие. Ал көлшік, үйшік, күлше заттардың өзін анықтап, көрсетіп қана қоймайды, кейбір ерекшеліктерін де анықтайды. (Бұл жерде көлеміне байланысты ерекшеліктері) . Ал бұл кітаби жазба стильдерде сирек қолданады. Ол зат есім сөздер көбінесе ауызекі сөйлеу тілі мен көркем әдебиет стилінде жиі қолданылады.
Сондай-ақ оқушыларға сын есімді өтуде сын есім сөздердің стильдік қолданылуы мен тіл стильдеріне қатысын оқушыларға игерту үшін жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Мысалы:
2-жаттығу.
Мына берілген сын есім сөздердің мағынасын салыстыр. Қай сын есім тіл стильдерінің түрінде қолданылатындығын сөйлем құрап дәлелдеңдер.
1. Сары - сарылау - сарғыш - сарырақ - сап-сары.
2. Ашулы - ашушаң - ашуланғыш.
Оқушыларға тіл стильдерінен білім мен дағды беру мақсатын да морфологияға байланысты, соның ішінде қосымшалардың қолданылуы, ондағы стильдік реңдері туралы мәлімет бере отырып, олардың тіл стильдеріне қатысы анықталады. Мысалы, сын есім жұрнақтарын өту барысында -дай, -дей жұрнақтарының қызметін, мағынасын, мәнін үйретумен қатар, ол жұрнақтардың тіліміздегі суреткерлік, бейнелілік жасау мақсатында жұмсалатындығы туралы мәлімет беру қажет. (үйдей, таудай, арыстандай) . Ал ол жұрнақ жалғанған сөздер, суреттеме құралдар (теңеу сөз) көбінесе ауызекі сөйлеу мен көркем әдеби стильдерінде жиі қолданылатындығы айтылып, жаттығулар жүргізіледі.
Мектепте қазақ тілінің морфологиясын оқыту барысында стильді-морфологиялық жаттығулар жүргізуде мына сияқты тапсырмалар мен жұмыстарды орындатуға болады:
- морфологияға байланысты грамматикалық материалдардың (сөз таптары, қосымшалардың) стильдік қолданылуы туралы мәлімет беру, оны анықтай білуге жаттықтыру;
- тіл стильдеріне байланысты қолданылатын морфологиялық категориялар мен формалардың ерекшелігін тани білуге жаттықтыру;
- қазақ әдеби тіл стильдерінің тілдік құрамындағы морфологиялық ерекше-ліктерін тауып, ажырата білуге дағдыландыру. Оны тәжірибелерінде пайдалана білу.
Жазбаша синтаксистік жаттығу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz