Ислам философиясы мен грек философиясының арақатынасы тақырыбына арқау болатын негіз



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: біздің дәуірімізге дейінгі 6 ғ. Ежелгі Грекиядан бастау алған грек философиясы мен ортағасырлық мұсылман философиясының арақатынасын талдау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Философия деген кезде есімізге алғаш түсетіні - Сократ, Платон, Аристотель. Бұл жайдан жай емес. Себебі, бүгінгі күні философияның отаны Ежелгі Греция саналады. Ал, сол Грецияда философияны жүйелеген осы үш тұлға, соның ішінде әсіресе Аристотель төрден орын алады.
Әсілінде, ең алғаш ғылымның дамып, ортаға шыға бастауы б.з.б 3500-3000 ж. Ежелгі Мысыр мен Месопатамия өркениеттеріне тән. Ғылымның бастапқы үлгі көрінісі математика, астрономия, медицина сияқты салалардан көрінді. Бұл кейінгі антикалық-грекиялық философияның қалыптасуына үлесін қосты [1, 6 б.]
Жалпы, философия тарихы туралы кітаптарға назар аударар болсақ, оның басталуы батыстан бұрын, шығыстан екенін көрсетеді. Ал, біздің бүгінгі философияның отаны Греция деуіміздің себептері: біріншіден Пифагордың философия сөзін алғаш термин ретінде қолдануы.
Екіншіден, Аристотельдің көптеген ғылымдарды жүйелеп, еңбек жазғанынан деуімізге болады.
Үшіншіден, философия арнайы пән ретінде Платонның Академиясы мен Аристотельдің Ликейінде оқытылған еді. [3, 3 б. ]
Ал, оған дейін Шығыс елдерінде философиялық қозғалыстар орын алған. Бұл Үндістанда б.з.б 1 мыңжылдықта пайда болды. Мұндағы философияның пайда болуына Ираннан келген арийлердің үнді халқына шапқыншылық жүргізуі себеп екені белгілі. Яғни, арий тайпаларының ықпалымен үнділіктерде Веда жүйесі туындады. [2, 18 б]
Міне, ежелгі ірі өркениеттер құрылған шығыс елдерінде (Вавилония, Мысыр) философияның дәл өзі пайда болды демесекте, оның іргетасы қаланған еді. Философиялық әдістің жандануы жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты (мысалы, математика, астрономия, медицина, алғашқы күнтізбе, құмсағат Мысырда пайда болғаны секілді т.б.)
А. Машани Әл Фараби және Абай атты кітабында: Гректердің Мысырды жаулап алуы олардың көп замананан бергі арманы болатын. Өйткені, грек ғылымының атасы саналатын Фалестен бастап Пифагор, Платон, Аристотель тағы басқалары Мысыр мен Вавилон елдерінен тағылым алғандар дейді. [4, 123 б.] Бұған қоса, автор тағы бір тарихи оқиғаны баяндайды: Ежелгі грек философы Пифагор Мысырда білім алып жүрген уақытта (б.з.б. 525 жылы) ол жер парсылар тарапынан жаулап алынған. Осының әсерінен философ Вавилонияға жер аударылып, сол елде әрі қарай білімін жетілдірген және осы білімін гректерге (Испанияға) таратқан [4, 124 б.]
Грек философиясының қайнаркөздері 2-ге бөлініп қарастырылады:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ежелгі грек мифологиясы (Гомердің Теогониясы, Гесиодтың Иллиада мен Одиссей шығармалары);
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Грекияның 7 данасы (Фалес, Клеобул, Питтак, Биант, Солон, Хилон, Анахарсис). [3, 62-63 б.] Яғни, үнді философиясының да негізі - мифологиядан тұратыны сөзсіз. Сол секілді, үнді мифологиялық жүйесінің де грек мифологиялық-философиясына әсер етті деп түсінуге болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Философия деген шақта оның тарихын тек Ежелгі Грекиямен немесе Шығыс елдерімен шектей алмаймыз. Себебі, адамзат ойлау жүйесі тек бұл кезеңде ғана тарих бетіне атып шыға келген жоқ. Ақылға салып ойлану адамзат жаратылған күннен бері бар. Мұны сонау пайғамбарлар тарихынан, яғни Адам ата заманынан бастаймыз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Неге пайғамбарлар деп нық айтамыз? Себебі, алғашқы тайпалық қауымнан бері адамзат діннен жырақ өмір сүрген жоқ. Бұл туралы ағылшындық ғалым Анри Бергсон да: Өткен адамзат тарихында және қазір ғылым мен философияны білмейтін адамзат немесе адамзат қоғамын кездестіруге болады. Бірақ, дінсіз ғибадатханасыз ешбір қоғам кездеспейді деген. [26, 28 б.] Қандайда бір дәуір болсын, сол кезеңдегі қоғамды басшылыққа алатын бір көсем қажеттілік тудырды. Міне, сол қоғамның көсемдерін пайғамбарлар дейміз. Дін де, философия да пайғамбарлардан алыс тұра алмайды. Қайсы бір философты алып қарасаңыз да, онда пайғамбарлық даналықтың іздері байқалады. Бірақ, көп жылдар бойы ол даналық ойлар адамдар тарапынан түрлі өзгеріске ұшыраған. [7, 70 б.] Зерттеу тақырыбымызда тек бергі тарихпен ғана емес, тарихқа дейінгі тарих кезеңінен де үзінділер келтіре отырып, ой-тұжырымдарымызды дәйектейміз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Зерттеу жұмысының талабына сай, грекиялық философияға қысқаша тоқталып кету - кіріспені ашу үшін қажет болып табылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ежелгі Грекиядағы философияның шарықтап дамып тұрған дәуірі Антикалық кезең деп аталады. Бұл дәуір өз дамуында 2-ге бөлінеді: Сократқа дейінгі және Сократтан кейінгі. [26, 6 б.] Аталмыш екі кезеңнің, кейінгі мұрагері ретінде "эллиндік философияға" барып жалғасады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осы кезеңнің философтарына қысқаша тоқталып кетсек, Сократқа дейінгі философтардың көзқарасы натурфилософиялық тұрғыда болды. Яғни, космологияның пайда болуын материядан іздеді. [8]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сократтан кейінгілер философияның тақырыптарына: Құдай, адам, қоғам деген секілді мәселелерді қарастырды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Одан кейін, Аристотель шәкірті Александрдің Азия, Персия, Мысыр аумағын жаулап алуының ықпалымен, жергілікті мәдениеттердің грек философиясымен синкреттелуі нәтижесінде - эллинистік философия туды. Неоплатонизм, скептицизм, стоицизм, эпикуреизм секілді бағыттар - эллинизмнің ең негізгі мектептеріне айналды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Александрдың дүние салуымен, Грек империясы құлап, жаңа Рим мәдениеті құрылған кезеңде де, бұл философиялық мектептер IV-V ғасырға дейін оқытылған еді. [8, 156 б.]
Батыс Рим империясында христиандық ресми қабылданғаннан кейін философия, еркін ойлау, сыншылдық атаулыға мүлдем тыйым салынды. Тыйым салынды делінгенмен де, грекшіл сана ішінара христиан философиясында көрініс тапты. Мәселен, неоплатонизм өкілі Плотиннің философиясын христиандыққа сай тұжырымдаған Аврелий Августин болды. [8, 155-158 б.]
Философиялық жүйеге үлкен қарсылық танытқан Батыс Рим болды. Алайда, Шығыс Рим Византияда біршама философиялық ой жүгіртуге рұқсат етілгендігі сол кезеңде салынған Магнавра, Аудиториум университеттерінен көрінеді. [9, 16 б.]
IV ғасырда Батыстың христиандықты ресми қабылдауы, сол аймақты XI ғасырға дейін қараңғылықта қалдырды. Ол жерде Платон, Аристотель ілімдері оқытылмады, бұлар адасушылыққа, күпірлікке теңеліп, батыс философиясын ұйқыға кетірді десек те болады.
Дегенмен де, бүгінгі күндегідей жетістікке жеткен, модернизация, цивилизацияның өркені болған Батысты бұл ұйқыдан кім оятты? Оған жауап ретінде Шығыс өркениетінің өкілдері - мұсылмандар айтылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ислам философиясы мен грек философиясының арақатынасы тақырыбына арқау болатын негіз:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
мұсылмандар батыстық философиямен қалай танысты?
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Олар гректердің қандай тақырыптарын одан әрі өрбітті?
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Гректік философияны әрі қарай дамытуға не түрткі болды?
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мұсылмандық философия жүйесінде қандай мектептер пайда болды?
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ислам философиясының басты, маңызды өкілдері кім?
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ислам философиясы мен батыс философиясының арақатынасы болашақ жаңа заман философиясына қандай әсер берді? - деген секілді сұрақтар айналасын талдап, нақтылы, объективті-субъективті аргументтер келтіріп, жауап табу - осы дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеу жұмысының деңгейі:
Ислам діні келгенге дейін жер бетінде жаһилдік дәурен орын алды. Батыста христиандық, Иранда зороастризм, Арабстанда жаһилизм орнаған дәуір еді. Рим мен Сасанид секілді екі алыпқа тең келетін ешкім жоқ болатын.
VII ғасырда Хижаз аймағына Мұхаммед пайғамбарға ислам уахи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
. Әл-Фараби жайлы
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар жайында
Философидағы сана мәселесі
Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі
Орта ғасыр философиясының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
Көзқарас және философия
Философия тарихында болмыс категориясы
Әлем философиясы
Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы
Пәндер