Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдермен байланысы
Кіріспе
1.
Негізгі бөлім
1.1
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі және оның түрлері мен міндеттері
1.2
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері (Ақыл-ой кемістігі,бар баланың ерекшелігі)

1.3
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің құралдары мен міндеттері
1.4
Ақыл ой-тәрбиесі және жаңашыл педагогтар қызметінің
маңызы.
2.
Практикалық бөлім
2.1
Ақыл ой тәрбиесің ойын арқылы дамыту
2.2

Дидактикалық ойын:Сәбилер тобына
2.3
Естияр тобына арналған ойындар,Сюжеттік-рольдік ойыны: Ересек тобына арналған
2.4
Үстел үсті ойыны: Дайындық тобына арналған ойындар Puzzle,Домино, Конструктор
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие.
Қазіргі балаларға тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы - барлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни балалардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.
Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің де идеологиялық жұмысын осы міндетке сай ұйымдастыра жүргізудіңде қызметі ерекше . Тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді.
Ақыл - ой тәрбиесі - тәрбие жүйесінің маңызды құрамдас бір бөлігі. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды.
Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л.В.Занков, т.б. терең зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін білімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді.
Қазіргі кездегі ойлау зерттеулерін ақыл әрекеті ретінде қарастырып, (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.В.Брушлинский, А.М.Матюшкин, О.К.Тихомиров) оның ішінде ойлау процестерін (жоспарлау, проектілеу, алдын ала болжау, бағалау, түсіну, ой-қорытындылау) және ойлау операцияларын ( анализдеу, синтездеу, салыстыру, жалпылау) көрсетті.
Ақыл-ой тәрбиесі - адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы балалардың білім алуына іс-әрекетін бағыттау - сана-сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырып жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі.
Ойлау құрылымының механизмін түсіну үшін ақыл-ой қызметінің репродуктивті және продуктивті бөліктері қатынастарының қағидасы ерекше маңызды. Ойлау - шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі әдісі, бірақ оның диалектикалық, қарама-қайшылықтық бірлігінде продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен деп көрсетеді З.Калмыкова.
Н.Менчинская өз еңбегінде Жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл-ой дамуына елеулі әсер береді деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерін анықтайды.

Тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ болғандықтан, оның маңызына құрылымдық ерекшелігіне тоқталып, тәрбиешінің сабаққа дайындығы жан-жақты қарастырылады.

Бала айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағлұматтар мен дағдылар, білімді игереді.

К.Д.Ушинский айтқандай: Ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі екенін ескерсек, баланың өзі тәжірбиесі қаншалықты бай, сан алуан дегенімен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан балаға ересек адам тарапынан ұйымдастырылып, түсіндірілмеген, өзінің тікелей өмір тәжірбиесі арқылы меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты себептерін анықтауға кедергі жасап, жасалған түсініктердің тууына негіз болады.

Ақыл-ой тәрбиесі баланы қоршаған орта, құбылыс, адамдар, олардың өзара қарым-қатынасы жайлы дұрыс мәліметтермен қаруландыру арқылы тәжірбиесін ұлғайтып, айналасындағы құбылыстарға, ақиқатқа, оқиғаларға оның дұрыс қарым-қатынасымен көзқарасын қалыптастырады. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой тәрбиесі айналадағы құбылысты дұрыс танып-білудің, олардың арасындағы себепші байланыстарды дәл түсінудің алғашқы негізін қалайды. Ақыл-ой тәрбиесі ақыл-ойдың дамуы ғана емес, оның дамуы тек меңгерген білімнің санымен, сапасымен сипатталмай, ойлау процесінің құрылысымен де сипатталады.

Даму - баланың сандық және сапалық жағынан жетілуі, психиканың, ой-санасының өсуі. Ақыл-ойдың дамуы баланы өзін қоршаған дүние туралы алғашқы мәліметтерді игерудің нәтижесінде ғана іске асады.

I Негізгі бөлім
1. Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі және оның түрлері мен міндеттері

Ғалымдар ақыл-ой мен тәрбиені дамытудың көптеген мәселелерін зерттеуде мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой жағынан тәрбиелеудің негізі ретінде сенсорлық тәрбиенің мазмұны мен әдістерін талдауға қажетті түсінік пен қабылдаудың даму заңдылықтары реттеліп отыр, олардың көрнекі-қимылдық, бейнелі образды және ұғымдық логикалық ойлауының қалыптасуы зерттелуде. Ақыл-ой күштері балаларды білім қорын жасауға негізгі ойлау түрлерін жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады.

Мектепке дейінгі ақыл-ойдың түрлері: диалектикалық, логикалық, абстрактілік, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік жүйелілік болып табылады.

Диалектикалық ойлау - құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын пайда болу себептерін табу.

Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдермен байланысы. Талқылау, дәлелдеу, теріске шығару, қорытынды болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді.

Абстрактілік ойлау - адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы мәндіні бөлуге, абстрактілі ұғым қалыптастыруға көмектеседі.

Категориялық ойлау - айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.

Теориялық ойлау - білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мәнді байланыстарды түсіну іскерлігі.

Индуктивтік ойлау - ойдың жекеден - жалпыға, фактілерден қорытындыға қарай қозғалысы.

Дедуктивтік ойлау - ойдың жалпыдан - жекеге, қорытындыдан - фактілерге қарай қозғалысы.

Алгоритмдік ойлау - нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойларында айналадағы құбылыс жөнінде қарапайым білімнің жеткілікті үлкен қоры жиналады, олар негізгі ойлау тәсілдерін меңгереді және заттармен құбылыстардың елеулі және елеусіз белгілерін айыруға, кейбір себеп-салдар байланыстарын анықтауға қабілетті болады, оларда оқу іс-әрекетінің бастамасы қалыптасады. Ақыл-ой дамуының толысуы жақсы ұйымдастырылған іс-әрекет нәтижесінде ғана іске асады, сондықтан да тәрбиешілердің міндеті - бұл үшін жағдай тудырумен бірге балаға мақсатты тәрбиелік ықпал жасау болып табылады.Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой жағынан тәрбиелеудің мынандай міндеттері белгіленген:

Қоршаған өмірдің қарапайым құбылыстары жайлы дұрыс ұғымдар қалыптастыру: Танымдық техникалық процесстерді дамыту, білуге құштарлығы мен ақыл-ой қабілетін дамыту, интелектуалдық іскерлігі мен дағдыларын дамыту, ақыл-ой әрекетінің қарапайым тәсілдерін қалыптастыру.

Мектеп жасына дейінгі бала үшін қоршаған өмір жайлы ұғымдарды қалыптастыру арқылы күн сайын жаңа құбылыстармен, заттармен танысады, айналадағы өмірді бақылап, өздігінен түсініп қорытынды жасағысы келеді.

Л.Н.Толстой мектепке дейінгі шақ туралы: Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық қалған бүкіл өмірімде мен соның жүзден біріне де ие болмаған шығармын. Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жаңа туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық - деп жазды.

Алайда, тиісті басшылықсыз білім мен ұғымды жинақтау жүйесіз жүреді: олар үстіртін, көбінесе жаңсақ болуы мүмкін.

Бала бұлтты-мақта, жұлдыздарды-электр шамдары деп ойлайды. Айналадағы өмірді бақылай отырып, ол өзінше тұжырым жасауға тырысады. Балалардың білім қорын дәйекті түрде ұлғайту оларды ретке келтіру нақтылау, жүйелеу оқытушылық міндеті болып табылады.

Бала төңірегіндегі заттар, олардың қолданылуы, кейбір сапасы (түрі, көлемі, формасы) және қасиеттері (соғылу, сыну, үзілу, төгілу) жайлы, оның қандай материалдан жасалғаны туралы айқын түсінік алу керек. Сондай-ақ, ол табиғат құбылыстары туралы, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтары (жыл мезгіліне тән белгілері және осы белгілердің өзара байланысы кейбір хайуанаттардың өмір салтымен байланыстылығы) жайлы білім алады. Өлі табиғат құбылыстарын өсімдіктердің, жәндіктердің, хайуанаттардың дамуын бақылау процесінде тәрбиеші балалардың бойында дүние жайлы материалитсік ұғымдардың бастамасын қалыптастырады.

Қоғамдық құбылыстармен, оқиғалармен, адамдардың еңбегімен, мерекелермен, Елордамыз Астана қаласының көрікті де, әсем табиғатымен таныстыру арқылы балалардың дүниетанымын, табиғат, қоғам, Отан туралы сүйіспеншілік сезімінің және көпұлтты негіздерінің қалыптасуына жәрдемдеседі.

Баланың ойлануына түсінікті міндеттер аумағының кеңейе түсуі анық. Барған сайын жаңа білімдерді игерумен байланысты білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл білімнің бірсыпырасын бала тікелей үлкендерден, ал өзгелерін үлкендердің жетекшілігі және бағыттауы арқылы өз бақылаулары мен іс-әрекетінің тәжірбиесінен алады.

Білім қорының біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіндіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс. Игерілген жаңа білім ойлаудың одан әрмен дамуына енеді, баланың ойлау іс-әрекеттерінің жаңа міндеттерін шешуге пайдаланылады. Ойлау іс-әрекетінің қалыптасуы мен жетілуі ойлаудың негізін құрайды.

Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі бала ойлауының негізгі түрі. Ол қарапайым формалар, сәбилік шақта-ақ, көріне бастайды, баланың заттық іс-әрекетінде қарапайым құралдарды қолданумен байланысты шағын ауқымды мәселелерді тәжірибе барысында шешуде байқалады. Балалар ойлауының схемалығын екінші көрінісі олардың түрлі кейіптері схемашылық бейнелерді өте оңай да, тез түсініп, олардың табысты пайдалануы. Мектеп жасына дейінгі балалар бес жастан бастап бір рет түсіндірген соң бөлменің жоспары деген не екенін ұғына алады және жоспардағы белгіге қарай отырып бөлменің ішінде жасырылған затты тауып алады. Олар заттардың схемалық белгілерін таниды,жолдар жүйесінің тарамдарындағы қажетті бағытты таңдап алу үшін географиалық картаға ұқсас схемаларды т.б.пайдаланады.

Мектеп жасына дейінгі балалар өз көздерінше ермек саз жабыстырылған шар мен дөңгелекшенің қайсысында ермексаз көп екендігі жөніндегі сұраққа да осыған ұқсас сипатта жауап береді. Бала дөңгелекшеде ермексаз көбірек деп сендірмекші болады. Алайда, мектеп жасына дейінгі бала ыдыстағы сұйықтықтың өзі еріп тұрған деңгейін осы заттың жалпы санынан шар мен дөңгелекшенің көрініп тұрған ауданын ажырата білмейді, бұларды бір-бірінен байланыссыз қарастыра алмайды. Бейнелі ойлауда олар бірігіп кеткен секілді болады. Санды көзбен көруге қабылданғанда шамалап бөліп алып көрнекі түрде көзге елестетуге болмайды.

Осыған ұқсас, тапсырмаларды дұрыс шеше білу бейнелер негізінде пайымдаудан белгілерді пайдаланатын пайымдауға яғни, дерексіз логиканың ойлауға көшуді қажет етеді. Нақтылы заттар мен жағдайлардың орнына белгілер түріндегі сөздер, сандар арқылы игерудің алғы шарттары сәбилік шақтың соңында, бала санасының белгілі функциясы қалыптаса бастағанда қаланады. Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды қалыптастыру үшін түсініктерді пайдалануға болады. Ұйықтардың өзінде және олардың қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларында балалар да балалар ғылыми білімдер негіздерін игеру барысында меңгереді.

1.2Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері (Ақыл-ой кемістігі,бар баланың ерекшелігі)

Мектепке дейінгі баланың мынандай акыл-ойлауының ерекшеліктері болады. 1) 5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын ойланған сөздік формада беріледі. 2) Соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің мәні өзгереді. 3) Әр түрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үдерісініңмәні өзгереді. 4)Көрнекілік амалдық ойлау жоққа шығарылмайды,жоғалып та кетпейді. Ақыл-ой кемістігі бар балалар санатына бас ми қабығының диффузиялық органикалық зақымдануы салдарынан танымдық әрекеті мен эмоционалдық-ерік мүмкіндіктері тұрақты бұзылған балалар жатады. Бұзылудың байқалу дәрежесі зақымдану ауырлығына, оның басым орналасқан жеріне, сондай-ақ пайда болу уақытына байланысты болады. Ақыл-ой кемістігінің жеңіл формалары кезінде дене дамуының жай-күйінде көзге көрінетін өзгерістер байқалмауы мүмкін. Дене дамуының жай-күйіндегі өзгерістер туа біткен аурулар, әсіресе хромосомалық жиынтықтың бұзылуына байланысты (мысалы, Даун ауруы, сондай-ақ зат алмасудың бұзылуымен байланысты олигофренияның тұқым қуалайтын формалары кезінде) аурулар кезінде байқалады. Дене дамуының жетілмеу белгілері ми қабығы ауыр зақымданған кезде жиі кездеседі. Ішкі органдар жағынан да өзгерістер байқалады - жүрек ақауы, жүрек-қан тамыры жүйесінің немесе ішек-қарын жолының басқа да бұзылулары, дем алу органдарының даму ақаулары, бөлініп шығатын заттар жиі кездеседі. Ақыл-ой кемістігі бар балаларда қозғалыс аппаратының бұзылулары орын алады, олар онша байқалмайтын парез түрінде, әртүрлі сипаттағы буын ет тонусының өзгеруі түрінде байқалуы мүмкін. Анамнезінде қозғалыс функцияларының дамуында артта қалушылық байқалады. Қозғалыс бұзылулары жылдамдыққа, дәлдікке, ептілік пен қозғалыс мәнеріне қатысты болады. Балалар сөздік нұсқама бойынша орындайтын қозғалыстар синкинезияларға (негізгілерді сүйемелдейтін қосымша қозғалыстар) ұласады. Ақыл-ой кемістігі бар балалардың көпшілігінде сөйлеу тілінің бұзылулары байқалады.Ақыл-ой кемістігі бар балалардың негізгі даму ерекшелігі барлық танымдық әрекеттің, әсіресе ойлау қабілетінің жетілмегендігін сипаттайтын, психикалық әрекеттің бұзылуы болып табылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балалар қоршаған ортаны негізінен сайма-сай қабылдайды, алайда қабылдау процесінің өзінің белсенділігі төмен болады. Бұл балалардың түсініктері нақты емес және аз дифференцияланған. Қалыптасқан шартты байланыстары мықты емес және тез өшеді. Жадтың бұл ерекшеліктері оқу материалын зерделеген кезде едәуір қиындықтар тудырады. Оны бірнеше рет қайталау керек. Қабылдау мен түсінудегі бұзылулар зияткерлік әрекеттің негізін құрайтын жоғары психикалық функциялардың қалыптасуына теріс әсер етеді. Бұл барабар емес реакцияларға және жеткілікті ойланбай жасалған мінез-құлық формаларына себеп болуы мүмкін. Ақыл-ой кемістігі кезінде ерік-жігер дамуында бұзылулар байқалады. Сырттан қарағанда ол ретсіз жүріс-тұрыстан, еріксіз сипаттағы қозғалыстар мен әрекеттердің басымдығынан байқалады. Кейде мүлдем мойындамау (негативизм) көрінісі байқалады. Еркі-жігерінің әлсіздігі басқа адамның ықпалына бағынуынан, табандылық пен бастамашылдықтың болмауынан көрініп тұрады. Жүріс-тұрысы ырықсыздық сипатта болады. Ерікті зейіні тұрақсыздықпен сипатталады. Балалардың бір затқа, әрекетке көңіл бөлуі қиын болады, бұл оқытуды өте күрделендіреді. Алайда, оқыту мен тәрбиелеу процесінде зейін тұрақтырақ бола бастайды, оның көлемі кеңейеді. Бұған өз-өзіне қызмет көрсету және қиын тапсырмаларды орындау дағдыларын меңгеруі ықпал етеді

1.3Мектепке дейінгі ақыл-ой тәрбиесінің құралдары
Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы-айналадағы адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыстары. Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп,танымды дамиды. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі - ойын. Ол баланың ерекше әрекеті. Әр ойын баланың дамыуына әр қилы әсер етеді. Мазмұнды рөлді ойындар айналадағы дүние туралы түсінігін кеңейтіп , сөзін дамытады. Драмалық ойындар көркем әдебиет шығармаларын терең түсініуіне, тілінің дамуына әсер етеді. Ақыл-ойды дамытудың пәрменді құралдарының бірі- оқыту процесі. Оқытуда бала жоспарлы түрде қажетті білім дағдысын игереді. Оқыту баланың ойлауға күш сала білу қабілетін, еркін, табандылығын, төзімділігін, қиыншылықты жеңе білу қабілетін, жауапкершілігін, тәртібін тәрбиелейді. Ақыл-ой тәрбиесінің тағы бір бағалы құралы - еңбек. Еңбек арқылы әр бала түрлі құбылыстармен, олардың пішіндері, көлемдерімен, сан алуан материалдардың қасиетімен танысады.Балабақшада ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін балаларға жан-жақты дамытуды көздейді.Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерінің бәрі интелектуалды іскерлік пен дағдыны дамыту.Яғни, ақыл-ой қызметін заттарды тексеру, олардың нақты емес белгілерін ажырату,өзге заттармен салыстыру және т.б. сияқты қарапайым әдістерін қалыптастыру болып табылады. Бұл іскерлік пен дағдылар таным әрекетінің құрамды элементтері болып табылады, олар баланың білімді ойдағыдай игеруіне көмектеседі.

1.4Ақыл ой-тәрбиесі және жаңашыл педагогтар қызметінің
маңызы.
"Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене енбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет. Өйткені қоғамның дамуы еңбек пен ғылымның үштаса өрістеуімен тығыз байланысты. Қоғамдағы барлық байлық -- ой еңбегі мен дене енбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ жемісі.
Ақыл-ой тәрбиесі, көріп-білу, жүрекпен терең сезіну -- біртіндеп толыға, молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Қөрген-білгенді ой еаегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу ынта-жігерді, күшті қажыр-қайратпен талапты керек етеді. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез -- деп тектен-текке айтпаған, шешендік өнерді құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән беріп, өнерлі азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, ерекше қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пас қойған, шешендікті тапқыр ойдың тұтқасы деп санаған.
Орыс ғалымы И. П. Павлов: Фактілер -- ғылымның ауасы десе, ғұлама ғалымдардың осынау ой-пікірлеріндей тұжырымдарды өзі өмір-тәжірибесіне сүйеніп, ой топшылаған ата-бабаларымыз: Тәрбие негізі -- ғылым, даналық негізі -- білім деп қорытынды жасаған. Ал сол ғылымды меңгеру, даналық ойға ие бблу оқумен, оқығанды көңілге терең тоқумен байланысты деп" дұрыс түсінген қазақ халқы.
Жастарды ойланғыштыққа, тапқырлыкка тәрбиелеуде дидактикалық ұлт ойындарының да өзіндік орны бар. Мысалы, бас бармақтан бастап шынашаққа дейін саусактардың аттарын жаңылмай жылдам ататтыру секілді санамақ ойыны немесе ортаға шыққан адамның жаңылмай, шапшаң он ақынның, он өзеннің, он қыздың атын атауы сияқты күлдіргі ойындар да жасеспірімнің ақыл-ойын кеңейтуде тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ретінде қолданылған.
Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынаеынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділет-тік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойын жастайынан мінез-құлық ережесі етіп калыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа-, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған: Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап, сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендер,се жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Ж.астардың жадына сіз деген сыпайылық, сен деген анайылық, Адаэддықтың белгісі, иіліп сәлем бергені, Кішіпейілділіктен кішіреймейсің, Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді; Құдай деген құр қалмайды деген кағидаларды үнемі уағыздаған. Халқымыз Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер деп бала тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Отбасының, коғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, кыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-кұлқының сай болуын қадағалаған. Қыз қылығымен сүйкімді, Қызым үйде, кылығы түзде, Қысыла, қысыла қыз болдым деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді. Қыз өссе -- елдің көркі деу арқылы арлы, инабатты, сымбатты қызды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді мензейді.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі -- қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сынарындай қатар салыстыра суреттеген.
Еңбек пен өнер тәрбиесі.
Еңбек өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Осыны терең түйіп, ой топшылаған халық: Еңбек -- адамның екінші анасы, Еңбек түбі -- бере-ке, Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады, Еңбексіз өмір -- сөнген көмір, Еңбегі қаттының ембегі тәтті деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ еріншектік, жалқаулық -- кісінің соры жаман әдет, жат мінез екендігің жас буынға тәптіштеп түсіндірген.
Осы жәйтті терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара белісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мергендік құруға, қолөнер шеберлігіне, мал тауып, отбасын асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, тон пішу, өрмек тоқу, ою-өрнек сияқты отбасынын ішкі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz