Бизнес және математика



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Математика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы

ҒЫЛЫМИ ЖОБА: Бизнес және математика

Бағыты: жаратылыстану
Секция: Экономика
Жас ізденуші:

Ғылыми кеңесшісі: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің математика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Ахманова Д.М.

Ғылыми жетекшісі: МиИ-421 тобының студенті Симбекова М.Е.

Қарағанды 2021

ПІКІР

Жоба кіріспе бөлімнен, алты тараудан, қорытынды бөлімнен және зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын пайдаланылған әдебиеттен тұрады. Бұл ғылыми жобада студент тақырыптың өзектілігін, жұмысты жазу кезінде қойылған мақсаттар мен міндеттерді атап өтеді. Студент математикалық мәселелер бойынша ғылыми-теориялық әдебиеттермен танысты. Біріншіден, студент математиканы қолдана отырып, бизнесті жүргізудің маңыздылығын түсіне бастайды. Жұмыс тарауында әр тақырыптан кейін бизнеспен байланысты математикалық мәселелерге сілтеме жасалады.
Біріншісі-бизнес тұжырымдамасын талдау. Қаржылық математика, капитал, табыс, пайыздар, несие, депозит және математикалық есептерді дәлелдеу ұғымдары ұсынылған. Соңғы бөлімде адамды ойландыратын мақал - мәтелдер бар: "математика - бұл жер шары, ал бүкіл галактика-бұл нәрсе", "математика сабақтағы ине сияқты бәрін бірге жинауға және бәрін бірге жинауға көмектеседі. Болашақта адамдар түсінетін ең қысқа тіл математика болады", " Математика - бұл адам өмірі үшін қажетті ғылым. Қоғамда тіл қажет болғандықтан, математика тілі де қажет, бұл табиғаттың тікелей тілі".

МиИ-421 тобының студенті Симбекова М.Е.
Аннотация

Зерртеу жұмысының тақырыбы: Бизнес және математика
Жұмыстың құрылымы:
Ғылыми жоба - кіріспеден, негізгі бөлімінен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының көлемі: 23 бет
Пайдаланған әдебиеттер саны: 5
Ғылыми жобаның орындалу әдісі:
Ғылыми - әдеби оқулықтарды пайдалана отырып ізденіс жасау, зерттеулер жүргізу, мамандардан кеңес алу.
Зерттеу жұмысының мақсаты: тәжірибеде қаржылық математиканың негізгі ұғымдар мен әдістерін қолдануды енгізу және ғылыми тұрғысынан математика және бизнес қарым-қатынас қарастыру
Зерттеу міндеттері: бизнес және математика қарым-қатынасын терең зерттеу
Зерттеудің өзектілігі: бизнес пен математиканың қарым-қатынасы, бүгінгі таңдағы маңызы
Зерттеу мәселесі: математика бизнестік өмірде, экономикада алатын орны
Зерттеу болжамы: бизнес және математика қарым-қатынасын зерттеу, талдау жасау, деректер жинау
Зерттеу пәні: математика
Зерттеу кезеңдері: тану, іздестіру, кездесу, зерттеу, жазу



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-6
I тарау. Математика - бизнестің маңызды бөлігі
Қаржылық математика кімге қажет болып табылады? ... ... ... ... ... ... .. ... 7
Бизнес жүрегіндегі кілт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Зерттеу деңгейлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
II тарау. Капитал
2.1. Капитал туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2 Қайтарым деңгейі мен табыс ағынды бағалау есебі ... ... ... ... ... ... 9
III тарау. Пайыз
3.1. Пайыз дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3.2 Қарапайым пайыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-10
3.3 Күрделі пайыздар сипаты және пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... 10
IV тарау. Инфляция , номиналды және нақты пайыздық мөлшерлемелер
4.1 Инфляция дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
4.2 Номиналды және нақты пайыздық мөлшерлемелер ... ... ... ... ... .. ... 11
4.3 Кім инфляция кезінде кім жеңіледі және кім оны пайдаланады...11
V тарау. Кіріс
5.1 Кіріс түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
5.2 Тиімді пайыздық мөлшерлемелер тұжырымдамасы ... ... ... ... ... .. 12
VI тарау. Несие
6.1 Қандай несие таңдау керек? ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
6.2 Кіріс пен тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16



КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолдауында шағын және орта бизнес - XXI ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы, деп атап көрсетіп, ел экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түсетіндігіне және оған мол мүмкіндіктердің бар екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Ел Президенті шағын және орта бизнесті өркендету мақсатында Үкіметке біршама тапсырмалар берді. Атап айтқанда, бизнесті дамытуға кедергі келтіретін енжар құқықтық нормалардың күшін жою, осы сектор субъектілерінің күйреуінің нақты тетіктерін енгізу, шағын және орта бизнес индустриалды-инновацияны дамытуға негіз болуы қажет, сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жұмысын жаңа бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасау. Бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту объективті қажеттілік екендігіне көзіміз жетеді. Оны экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр, яғни ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 50-60 % құрайды. Оның негізгі себептеріне тоқталатын болсақ, біріншіден, ел экономикасының қарыштап дамуына негіз болады, екіншіден, халықтың жұмыспен қамтылуына жағдай жасайды, үшіншіден, жалпы ішкі өнімнің көлемін арттыруға оң әсерін тигізеді. Дегенмен, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын, соның ішінде, заңнамалық қамтамасыз ету; шағын және орта бизнесті индустриаландыруда әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін енгізу маңызды болып табылады. Шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамытудың өзіндік артықшылықтары мен кемшіл тұстары да бар. Шағын және орта бизнестің шетелдік және отандық даму тәжірибелерін талдай отырып, мынадай артықшылықтарын атап өтуге болады:
шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметінің тәуелсіздігі;
нақты шешімдерді қабылдауға және оны орындауға икемділігі, соның
ішінде шығындарды басқару барысында;
бизнесті жүргізуде жергілікті талаптарға тез бейімделуі;
бәсекелестік ортаның қалыптасуы;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында көп шығынның
жұмсалмауы;
кәсіпкерлер мен тұтынушылар ерікті түрдегі таңдауларға ие болады.
Сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдері жергілікті нарықтағы сұранысты жақсы біледі, жергілікті еңбек және материалды ресурстарды кең көлемде қолданады.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің кемшіліктері:
тәуекел деңгейінің жоғары болуы;
нарық талабына сай басшылардың шаруашылық субъектілерін
ұйымдастыру мен басқару қабілеттерінің төмендігі;
несие алудағы қиындықтар;
ірі компанияларға тәуелділігі.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде сәтсіздіктердің болуына ішкі себептермен қатар сыртқы факторлар да әсер етеді. Көп жағдайда басшылардың бизнесті басқара білу икемділігі мен кәсібилілігінің төмендігі әсер етеді. Шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамытудың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеуімді, осы арнада жұмыс жүргізуіме түрткі болып, ғылыми жобаның тақырыбын Бизнес және математика деп алынды.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I ТАРАУ. МАТЕМАТИКА - БИЗНЕСТЕ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ
1.1 Қаржылық математика кімге қажет болып табылады?
Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтін түрі. Бизнес сөзінің мағынасы Америка Құрама Штатынан шыққан сөз - іс деген мағынаны білдіреді. Ал ағылшын тілінен аударғандағы мағынасы - жұмыс.
Біріншіден қаржылық математика үғымына тоқталайық.
Қаржылық математика - бизнестің кішігірім бір бөлігі болып табылады , бірақ өте ауқымды және қолданысты.
Қаржылық математика - коммерциялық және қаржылық операциялардың параметрлерін зерттейді.
Қаржылық математика кімге қажет болып табылады? деген сұраққа: өздерінің бизнестерін өткені мен болашағын талдайтын менеджерларға, білікті жұмысшыларды жалдау мүмкіндігі жоқ, шағын және орта кәсіпкерлерге, бухгалтерлерге және экономистерге.
Кәсіпкерлерге және экономистерге қаржылық математика маңызды, бірақ қарапайым инвесторлар үшін негіздерің білгені жөн.
Мысалы: Жылына 1000 % қанша есе артық?. Шешімі: 100% +1000% = 1100%, 1100% 100% = 11. Сонда салынған капитал 11 есе өседі дегеніміз.
Инфляция 140% құраса, онда бағалар қанша есе өседі?. Жауабы - 2,4 есе өседі (140% +100%)100% = 2.4)
Түрлі қаржы құралдарының гүлденіп тұрған кезінде, заңды және заңсыз , қарапайым және күрделі , әрине, шындыққа жанаспайтын төлем жасауға уәде беретін де адамдар бар, сол үшін кәсіпкерлер мен экономистер ғана емес , сонымен қатар қарапайым азаматтарға коммерциялық және қаржылық операциялар пайдалары мен шығындарды салыстыру негіздерімен танысуға қабілетті болуы тиіс.

1.2 Бизнес жүрегіндегі кілт
Қаржылық математика - сондай-ақ бизнестегі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Себебі ол бизнестің мәнін түсіну кілті болып табылады. Сіз қаржылық математиканы меңгеру үшін - геометриялық прогрессияны шешу жолын, дәрежелік функцияны, пропорцияны, пайыздық және сирек жағдайларда логарифмдік есептеулерді, теңдеулер жүйесін шешу жолдарын білу керексіз.
Қаржылық математика төлем схемаларды және сыйақыны есептеу ережелерін зерттейді. Ол Қандай ықтимал қаржылық операцияларға неғұрлым тиімді? деген сұраққа объективті жауап береді.
Мысалы: Салымшы банктен бір жылдан кейін, өзінің жинақ пайыздық ақшасын 15000 тг алды. Соған 85000 тг қосып, ақшаларын тағы бір жылға қалдырды. Сонда екінші жылдың аяғында салымы 420000 болды. Бастапқыда теңгемен қанша сома негізделген және банктің сомасы неше пайызбен берілген?
(Шешімі: бастапқы сомасы - 300000 тг, банк пайызы - 5%)
Егер несие схемасы немесе басқа мәмілі қарапайым болып табылса, жақсы. Бірақ шығындар мен кірістер ағындары тұрақты емес кезде , неғұрлым күрделі жағдайларда, кірістілікті өлшеу қалай болады?
Менің міндетім табыстылығын есептеу жолын көрсету үшін ғана емес, сондай-ақ тәжірибелік ұсыныстар, экономикалық мағынасына талдау жасауға және алынған нәтижелерге нұсқаулар беру.

1.3 Зерттеу деңгейлері
Қаржылық математиканы зерттеудің бірнеше деңгейі бар.
Сипаттама деңгейі
Аналитикалық деңгей
Ғылыми-зерттеу деңгейі
Сипаттама деңгейі - осы деңгейде формулалар мен алгоритмдеріге
дәлелдеусіз беріледі. Есептеулер шамамен формула бойынша барынша жеңілдетіледі. Капиталдың басты ерекшелігі - пайыздық мөлшерлемелерді әкелуге қабілетті болып табылады.
Аналитикалық деңгей - осы деңгейде формулалар дәлелденеді.
Сипаттамасы дерексіз және жалпы түрде құрылады. Есептер тұжырымдамалап беріледі.
Ғылыми-зерттеу деңгейі - осы деңгейде жаңа қаржы құралдарын
талдайды және кеңес проблемаларын талқылайды. Бұл деңгей инфляция әсерін ғана талқыламай, сонымен қатар қорытындысын береді.

II ТАРАУ. КАПИТАЛ
2.1. Капитал туралы жалпы түсінік
Капитал - қанша ақша бизнеске салғаның емес, канша ақша пайда алғаның. Осының бәрін бағалау үшін математикалық сауаттылық және экономикалық ойлау қабілетің болу керек.

2.2 Қайтарым деңгейі мен табыс ағынды бағалау есебі
Пайда әкелетін зат капитал болса, онда құрылыс жабдықтармен ғимараттар, табиғат ресурстар, қаржы капиталдар да (құнды қағаздар, банктегі ақшалар т.б) капитал болып саналады.
Капиталдың басты ерекшелігі - пайыздық табыс әкелуге қабілетті болып табылады.
Мысал: Жылдың қорытындысы бойынша компания 16 млн $ пайда көрді. Компанияның басқармасы шешім қабылдады : акционерлерге дивидентер төлеу үшін көрген пайданың 25% бөліп беруге шешті. Әрбір акциялар 1000 $ - ға бағаланатын 8000 акция акционерлерге тиесілі екендігі белгілі. Компанияның акционерлеріне әрбір акциясына қанша сома дивидент түседі?.
Шешімі: 16 млн *25 : 100 = 4млн - әрбір акционер алады; әрбір акциясынан 4 млн : 8000 = 500$ түседі.

III ТАРАУ. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҒЫЛЫМИ ЖОБА. МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚАРАПАЙЫМ ЕСЕПТЕУЛЕРДІ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДА ҚОЛДАНУ
Үндістандағы мектептегі білім
Эконометрика ғылымының зерттеу облысы жайлы
5в050700 «Менеджмент» мамандығы 1-курс студенттері үшін іс-тәжірибеден өту туралы есебі
HTML негіздері
Ақпараттық оқу дайындықтарды пайдалану
Экономикалық тәрбие ұғымы
АҚШ-тың білім беру жүйесі
Физика сабақтарының нарықтық нақыштары
Группалар теориясын геометрия есептерін шешуде қолдану
Пәндер