Еліміздің ақпараттық саясатының қалыптасу кезеңдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: Философия және Саясаттану
Кафедрасы: Саясаттану және Саяси технологиялар

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанның ақпараттық саясаты: халықаралық ынтымақтастық мәселелері. Эссе жазу.

Орындаған: Философия және Саясаттану факультетінің 2-курс студенті Серік Әділ Бауыржанұлы.
Тексерген: Философия және Саясаттану факультетінің саясат ғылымдарының кандидаты, доцент Іңкәрбаев Есенай Тұрғанбайұлы.
Алматы,2022ж.

Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университетінің
Философия және Саясаттану
факультетінің 2-курс студенті
Серік Әділ Бауыржанұлы

Қазақстанның ақпараттық саясаты: халықаралық ынтымақтастық мәселелері
Эссе
Жоспар:
I. Кіріспе.
Қазақстан Республикасы үшін ақпараттық саясат неліктен ауадай қажет?
Ақпараттық саясат халықаралық ынтымақтастықты сақтаушы және бұзушы құрал ретінде.
II. Негізгі бөлім.
Еліміздің ақпараттық саясатының қалыптасу кезеңдері.
Қазақстанның ақпараттық саясатын қозғаушы мемлекеттік бағдарламалар және олардың нәтижелері.
Қазақ қоғамының ақпараттық кеңістігіндегі қазіргі ахуал.
III. Қорытынды.

Ақпараттық саясат тіркесіне түрлі зерттеушілер бірқатар анықтамалар береді. Осындай анықтамалардың біріне шолу жасайтын болсақ, ақпараттық саясат бұл - мемлекеттік органдардың тарапынан ақпараттық ағындарды басқару мен қадағалаудың әдістері мен технологияларының жиынтығы делінеді. Бұл анықтама ақпараттық саясатты тұжырымдайтын қысқа әрі нұсқа түрі болып табылады, дегенмен қазіргі жаһандық әлемде ақпараттық саясаттың субъектісі рөліне тек мемлекеттік құрылымдар ғана ие бола бермейді. Қазіргі уақытта жаһандық әлем, жаһандану үдерісі деген сөздерді жиі естиміз, бұл құбылысты көбінесе экономикалық, саяси, мәдени салалармен байланыстырады, бірақ жаһандану бұл ең әуелі ақпараттық кеңістіктің жалпылануынан басталады деп санаймын. Дүниежүзілік ақпараттық кеңістік мемлекеттердің арасында ажырамас байланысты қалыптастыра отырып, қоғамдық салалардың барлығын шарпып өтеді. Осы орайда, медиа кеңістікте ақпараттық саясатты жүргізуші акторлар айқындалады, әсіресе жаңа дәуірде аталмыш ақпараттық субъектілердің қатары айтарлықтай кеңейген болатын. Бүгінгі күні ақпараттық саясатты жүзеге асырушы құрылымдар тек мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ ірі бизнес иелері, трансұлттық корпорациялар, тәуелсіз БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық ұйымдар, әлеуметтік желілер, виртуалды ақпараттық қауымдастықтар және т.б. Ақпараттық плюрализм, сөз бостандығы, халықаралық ақпараттық кеңістік азаматтық қоғамды күшейтіп, демократиялық құндылықтардың таралуына, жалпы тұлғаның қалыптасуына зор ықпал етеді, дегенмен Қазақстан секілді социалистік лагерьден шыққан жас мемлекет үшін жаһандық әлем қауіпті жабайы орман секілді болады. Өйткені, 70 жылға жуық коммунистік идеологияны ұстанған, интеллигенциясыз қалған, тоталитарлық жүйенің құрбаны болған халық заманауи әлемге бірден, еш салдарсыз интеграцияланып кетуі мүмкін емес. Медиа кеңістіктегі ақпараттық ағындардың дұрысы да, бұрысы да бар дей келе, еліміз үшін ақпараттық саясаттың маңыздылығын анықтауға болады. Біздің мемлекет жас бала секілді бойына жаңа құндылықтар мен дәстүрлерді, ұстанымдарды сіңіру жолында, осы жолда қате бағытқа бұрылып кету ықтималдығы өте жоғары. Сондықтан, ақпараттық саясат еліміздің азаматтарына дұрыс бағытты көрсетіп, қоршаған ортаның қауіп-қатерлерінен сақтайтын, қараңғы орманда жол көрсететін шамның рөлін ойнайды. Оның үстіне еліміз моноұлтты емес, көпұлтты мемлекеттердің қатарына кіреді, бұл шындық еліміз үшін ақпараттық саясаттың маңызын еселейді. Себебі, қоғамымызда 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді, олар да Қазақстанның құрамдас бөлігі, олар да еліміздің азаматтары, олар да қоғамдық өмірде маңызды рөл алады, сондықтан осы ұлттардың құндылықтары мен дәстүрлеріне толеранттылық таныту елдегі ұлтаралық және этносаралық ықтымақтастықты дамытуға жол ашады. Бұл тек ішкі ортамызға байланысты мәселе, елімізге сырттан төніп тұрған қауіп туралы ұмытпағанымыз абзал. Ақпараттық саясат ішкі және сыртқы ортада еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін, қоғамның ақпараттық сауаттылығын қамтамасыз етуші шарт болып табылады, тиімді ақпратттық саясат қоғамның барлық салаларын қамтитын терроризм, ұлтаралық конфликтілер, мемлекетаралық конфликтілер, экстремизм, радикализм сияқты дағдарыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Ақпараттық саясат қандай сипатта болмасын, әрқашанда жеке индивидтердің, әлеуметтік таптардың санасына бағытталады, сол себептен қоғамды не біріктіре алу, не мүлдем құлдыратып жіберу қасиеттеріне ие.
Еліміздің басшылығы Қазақстанның ақпараттық саясатын қалыптастыру мақсатында тәуелсіздік алған жылдардан бастап көптеген бағдарламалар мен іс-шараларды жүзеге асыруда. Бірінші кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды, бұл аралықта еліміздің ақпараттық кеңістігі толықтай посткеңестік сипатта болған, дегенмен осы кезеңде еліміздің ақпараттық саясатын жүргізетін медиа құрылымдардың базасы қалыптаса бастаған болатын. Атап айтсақ, КТК, ТАҢ телебағдарламалары, Караван, Егемен Қазақстан сияқты газеттік басылымдар, Тотем, Шахар FM радиостанциялары және т.б. өз қызметін бастаған. Екінші кезең 1992-1996 жылдары Қазақстанның медиа кеңістігінде ақпараттық саясатты қалыптастырушы субъектілер ретінде мемлекеттік институттардың санының қысқартылуы мен үкіметтік емес ақпараттық бірлестіктердің пайда болуымен айқындалады. Мысалы, 1993 жылы іске қосылған 31 канал телеарнасын санай аламыз. Үшінші кезеңде Қазақстанның медиа кеңістігінде біршама қиындықтар туындаған болатын, мәселен 1996 жылы елімізде алғашқы ақпараттық министрлікті құрған Алтынбек Сәрсенбаев телерадиолық ақпараттық таратылым үшін арнайы тендер ұйымдастырған болатын, тендердің нәтижесінде еліміздегі 30-дан астам тәуелсіз медиа бірлестіктер өзінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды, оның ішіне атақты Тотем телерадио бағдарламасы кірген. Бірақ ақпараттық кеңістікті дамыту мақсатында қабылданатын іс-шаралар кеміген жоқ, атап айтқанда мемлекеттік ақпараттық құрылымдар жекеменшікке тапсырылуы, үкіметтік емес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
ҚР қаржы нарығының дамуы
Ақша саясаты
ҚР Салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері мен қызмет ету мәселелері
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері
Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері (1931 – 2004 жж.)
Салық төлеушілерді тіркеу есебі
Қазақстан Республикасы салық жүйесі
Пәндер