Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЖЕЗҚАЗҒАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Бірінші сынып оқушыларынa ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы
Қабылдаған: М. А.Алтаева
Орындаған:
Баға:_______________
Қорғалған күні: , .2022ж.
Жезқазған - 2022 ж .
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Бірінші сынып оқушыларынa ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы
1.1 Бірінші сыныптарда ағылышын тілінен үйретудің маңызы және алғашқы шарттары
1.2 Ағылшын тілі сабағында грамматиканы меңгертудегі тиімді әдіс-тәсілдер
1.3 Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдалану
2. Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін және жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігі
2.1 Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда жаңа технологияларды қолдану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.2 Ағылшын тілі сабағында грамматиканы меңгертудегі тиімді әдіс-тәсілдер ...
1.3 Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдалану ... ... ...
2. Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін және жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Бірінші сынып оқушыларына ағылын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Қазіргі балалардың физиологиясы, ой-өрісі, санасы жақсы дамыған. Заманына қарай адамы демекші, олардың зейіні жоғары. Сондықтан, менің ойымша, олардың 5-6 жастан үш тілді меңгеріп кетуге қабілеті жетеді. Әрине, қазіргі мектеп бағдарламасы ауыр. Егер оқыту методикасын дұрыс қолданса, балалар ол жүктемені алып жүре алады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазіргі таңда өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен қарым - қатынасымыз күннен - күнге нығайып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді қажет етеді. Ал, оқытуды жақсарту дегеніміз, біздіңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бүгінгі күннің талабы, шет тілі оқытушысының алдына қойған мақсаты тіл үйренушілерді шет тілінде еркін сөйлету болғандықтан, оқытушы шет тіліне үйретудің түрлі әдістерін сұрыптай келе, оның ішіндегі ең тиімдісін өз сабағында қолдануды керек деп біледі. Дегенмен, шетел тілін меңгертуде көптеген қиыншылықтар кездеседі. Солардың бірі - оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыта отырып мәтін мазмұнын баяндау немесе шет ел тілінде өз ойын айту. Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу. Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптасады.

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.

Зерттеу өзектілігі. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі және де дүние жүзіне кең таралған тіл болып танылады. Қазіргі кезде ағылшын тілі Америка Құрама штаттары, Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған мемлекеттердің ресми тілі, БҰҰ алты тілінің біреуі. Ағылшын тілін білген адамға болашақта мүмкіндігі зор, сондықтан оны көптеген елдерде үйретудің маңызы зор. Қазіргі таңда дамыған елу елдің ішіне кіру үшін бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мән беруде. Қазіргі кезде бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін үш тілді жетік меңгеру керек, сондықтан елімізде ағылшын тілін үйретуде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқытудың маңызы зор себебі, бала жастайында тез қабылдайтын болғандықтан оған тілді үйрену жеңіл болады.

Қазіргі кезде 1 сынытан бастап мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы түсінеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шет тілін оқуға деген қызығушылығын дамыту және еркін сөйлеуге дағдыландыру. Сондықтан бүгінде шетел тілін түрлі жаңа технологияларды қолдана отырып оқушы қызығушылығын арттыруға және шет тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Сондықтан мұғалім оқушыны ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты төмендегідей жолдармен өткізуіне болады:

- сабақта тақырыпқа байланысты схемаларды, кестелерді, суреттерді кең көлемде қолдану;

-интерактивті тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты слайд-шоу, бейнетаспаларды көрсету;

-сабақты ойын түрінде өткізу;

-сабақта техникалық құралдарды тиімді қолдану;

Пәнге деген қызығушылықты арттыруда ең көп қолданылатын тиімді тәсіл сабақты ойын түрінде өткізу болып табылады . Сабақты ойын түрінде өткізу оқушылардың грамматиканы, лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар ойынды сүйіспеншілікпен мұғалімдер де, оқушылар да ойнайды. Себебі ойын балалар үшін еліктіргіш сабақ болып табылады. Ойын кезінде жақсы оқитын оқушылар да, нашар оқитын оқушылар да тең. Сол себепті ойын кезіндегі теңдік сезімі, оқушының тапсырманың қолынан келетінін сезінуі, еркін атмосфера әрбір оқушыға өз бойындағы ұялшақтық сезімін жеңуге, өз ойын еркін білдіруге, топта бірлесе жұмыс істеуге көмектеседі. Ойындар келесідей маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:
1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
2. Балалардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтырады.
Сонымен қатар сабақта электронды кітаптарды пайдаланудың да маңызы өте зор. Қазіргі балалар жаңатехнологияға жақын. Себебі ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға, ізденісін ұлғайтуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға көмектеседі. Шыныменен жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолдану үлкен рөлге ие болып, барлық сфераларда қолданылуда. Интернет-технологиялар ақпаратты іздеуге, халықаралық ғылыми жобаларды әзірлеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен мүмкіндіктер туғызады. Ағылшын тілі сабағында оқушының оқу-танымдық көзқарастарын дамыту үшін, ең алдымен ағылшын тіліне деген қызығушылығын артырудың жолдарын іздестіруіміз керек. Сондықтан, тіл үйренушілердің тілге қызығушылығын арттыру ең біріншіден ұстаздарға байланысты.
Зерттеу мақсаты: 1 сынып оқушыларына ағылшын тілін оқыту әдіс тәсілдерімен таныстыру.
Зерттеу міндеттері:
1 сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытудың маңызы;
1 сынып оқушыларына ағылшын тілі сабағына грамматиканы оқыту тәсілдері туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,
ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дагдысы
А. Байтұрсынов
Еліміздің қарқынды даму саясатының негізінде қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіліп жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік негіздегі сапалы білім беру мақсатына орай ҚР-ның білім беру жүйесіне жаңаша көзқараспен қарау міндет болып табылады.
Бүгінгі таңдағы ұстаздардың міндеті - жас үрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру. Яғни, заман талабына сай білімді де, білікті маман иелерін даярлау.. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бүлынғыр болмайды - дегендей жас үрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім бүгінгі күннің талабы. Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретін тұлға аралық және мәдени аралық қарым-қатынастың аса маңызды қүралы болып табылады. Мемлекеттердің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық жэне зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілінің сүранысқа ие болуын қажет етіп отыр.
Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартының талабына сай ағылшын тілін оқыту қазіргі мектептерде төменгі сыныптан басталады. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты - оқушының ағылшын тілінде қарым-қатынас алу, негізін менгеру болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативтік даму біліктілігін, оқушының қызығушылығын үйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілде сөйлеуге мүмкіндік алады. Шетел тілін оқытуда, тәрбиелік мақсатқа да көңіл бөлген жөн. Текстерді оқыған кезде оқушыларда интернационализм сияқты түсінік қалыптасады. Шетел тілін оқығанда әр уақытта сөздік пен справочник қолдану керек. Сондықтан ағылшын тілі сабағы оқушылардың өздігінен ізденуіне көмектеседі. Қазіргі таңда жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көңіл аудара отырып, сапалы білім беру талаптары алға қойылып отыр. Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың негізін құрайтын басты тетіктердің бірі болып саналады. Шет ел тілін оқытуды жақсарту - заман талабы. Менің бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйрету барысындағы алдыма қойған мақсатым: Оқушыларға ағылшын тілінде ауызша сөйлеу іскерліктерін дамыту. Осы мақсатты алдыма қоя отырып, әр сабағымды қазіргі жаңа технологиялық әдістерді қолданып, түрлендіріп өткізуге тырысатын боламын.
Жаңа технологияларды игеру мүғалімнің танымдық, кәсіптік, берік қарым қатыныастарының, адамгершілік рухани азамматтық және басқа да көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді: өзін-өзі дамитын оқу-тәрбие үрдесін тиімді үйымдастыруына көмектеседі. Оқу процесін жеделдетумен байланысты шетел тілдерін оқытуда жаңа әдіс тәсілдерді қолдану қажеттілігі туып отыр. Бұдан бұрынғы әдіс тәсілдерді қолданбау керек деген пікір тумайды. Қайта бұл жаңа методиканың дамуына негіз салады. Атап айтқанда әртүрлі сөйлемдерді меңгеру, қайталату, текстті жаттату, бірнеше рет естеріне түсірту және тағы басқа жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып шаршататыны мәлім. Сондықтан ағылшын тілін оқытуда төменгі сыныптарда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру барысына ойын түрлерін пайдалану өте тиімді. Қазіргі кезде оқушыларға ойын түрлерін қазақ халқының үлттық ойындарымен байланыстыру, оқушыларды ұлттық тәрбиегеде үйретеді. Мысалы: Орамал тастау ойыны сөздік қорын кеңейту мақсатында қолдануға болады. Орамалды бір-біріне үйлестіріп беру арқылы, сөздерді аудармасымен айтады, білмей қалған оқушы ойыннан шығады.
Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды сөйлеуге үйрету, олардың шығармашылық қабілеттері мен пәнге деген қызығушылықтарын арта түсетіндігін сабақ кезінде байқауға болады. Мыс: "Әдемі доп" ойыны. Оқушылар сыныптың ортасына дөңгелене түрады. Бір оқушы допты екінші оқушыға лақтыра отырып сұрақ қояды:
- Have you a dog? - Yes, I have.
- Are you a teacher? - I 'm not a teacher. I'm a student.
Мұғалімдер бұл жастағы оқушыларға өз бетінше іздендіру мақсатындағы жұмыстарды беріп, ойын түрлерін творчестволық мәніңде ұйымдастыру пайдалы екендігін атап көрсетеді. Бүл жүмыс түрлері оқушылардың білім алуына үлкен әсері бар. Демек мұғалім әр оқушыға қамқорлықпен қарауға тиісті. Оқушыға қашан өздігінен білім алу жолдарына жаттығып төселгенше мүғалім оған көмек жасап оның жолдарын көрсету керек, яғни оқушының өздігінен орындайтын жүмыстарына сенімділікпен қарау дұрыс. Өйткені ол психологиялық ситуация туғызумен қатар білімді саналы меңгеруге жағдай жасайды. Мұндай икемділік дағдыларын ұлы педагог В.А.Сухомлинский дәлелдеп корсеткен болатын. Жалпы оқытудың білімділік мақсатын түсіну үшін, шетел тілі пэнінің ерекшелігін түсіну қажет. Ағылшын тілі пәнін үйретуде ауызша сөйлеу іскерліктерін дамыту барысында диалог пен монолог түрлерін қолданған дұрыс. Диалог - бүл екі не одан да көп адамдардың кезіндегі қарым - қатынасы. Біреуі тыңдаушы, біреуі сөйлеуші болып табылады. Монологтық сөйлеу логикалық қүрылған сөйлемдердің бір-бірімен байланысты болуы. Жалпы бүл әдісті қолданғанда оқушының өз өмірімен байланыстырып алған тиімді. Мыс: -Who is your friend? What is hisher name?
Ал, монологтық тәсілде өз досы жөнінде айту I have friend. His name is Mike. He is eleven. Осындай жүмыс түрі оқушыға тиімді, әрі қызықты өйткені оқушы тек кітаптан оқып қана қоймай өзі туралы айтуға үйренеді және ағылшын тілінде еркін сөйлеуге үйренеді.
Ағылшын тілін үйрету барысында ең басты мақсат көбірек грамматикаға көңіл бөлу керек. Оқушылар грамматиканы дүрыс білсе, ағылшын тілінде сөйлемдерді де дүрыс құра алады. Оқушыларға бірден барлық грамматикалық құбылыстарды меңгеру мүмкін емес. Соңғы кезде сөйлеуде грамматикалық қүбылыстардың еріктен тыс еске сақтау процесіне көп мән беріліп келеді. Негізінен 2 процеске көңіл бөлгеніміз жөн: Еске сақтау, Меңгеру.
Мектеп программасында грамматикалық материалдар лексикалық материалдармен тығыз байланысты. Грамматикалық тапсырмаларды беру мүғалімнің өз әдіс - тәсіліне байланысты. Мүғалім оқушыға қандай тапсырма арқылы тез үғындыра алады. Ол тест, ойын, карточка т.б болуы мүмкін. Жалпы грамматиканы төменгі сыныптан бастаған жөн. Мен көбіне тест тапсырмасына көп көңіл бөлемін. The ABC test Ағылшын әліпбиіндегі әріпті түгел жазып, дауысты дыбыстардың астын сыз.
Грамматиканы үйретуде топпен жүмыс жүргізуде тиімді. Грамматиканы түсіндіргеннен кейін оқушыларға сөйлем құратасыз немесе сөйлемді өзіңіз құрап карточка арқылы бересіз, оқушылар өздері топталып отырып құрайды, қанша сөйлем қүрағаның тексересіз.
Қазіргі елімізде оқыту мазмұны жаңартылуы, жаңа жүйеге көшуі әрбір мүғалімнің жаңаша жүмыс істеуін, батыл шығармашылықпен жүмыс, ізденіс оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын талап етеді. Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің әйгілі Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық атты еңбегінде: Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мүғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді - деген.
Шығармашылық қабілетті дамыту түлғалық дамытушылық оқытудың мақсаты. Шығармашылыққа үйрету түлғаның интелектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық мінез қүлық ерекшеліктерінде көздейді. Оған жігерлілік жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлылық пен табандылық, іздену, өзіне деген сенімділік жатады. Бірінші сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыруда сыныптан тыс шаралар, сурет салу, жеке тапсырмалар орын алады.
Үздіксіз іздену - бүгінгі таңда ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі. Мүғалімнің әрбір созі мен ісі, киімі, жүрісі, көзқарасы, психологиялық және ізгілік түрғысынан шәкірт жүрегінен орын алады. Егер мүғалім оқушыға білім бергенде ешқандай мақсатқа жетпесе, оқушылардың шетел тіліне деген ықыласын қызықтырмаса, онда оқыту процесі ешқандай нәтиже бермейді. Сонымен қорытып айтқанда шет тілін оқытудың, оқу процестерінің компоненттерінің дүрыс әрекет жасауының нәтижесі болып табылады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқутәрбие процесін үйымдастыру да мол біліктілікті, ақылдылықты, дүрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдану қажет етеді. Осындай тиімді әдістерді жиі қолданып, сабақ беру барысында дүрыс ізденіспен әзірленсе мектептерде ағылшын тілін оқытудың нәтижесі де көрінеді деп ойлаймын.

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Ағылшын тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды,оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым - қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым - қатынас жасауға мүмкіндік туады.[6.21-25]
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI - ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым - қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс Шетел тілінің қызметі - оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан - жақты дамыту. Шетел тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым - қатынас ситуациялары, мәтіндер, тілдік материалдар; лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады. [5.31]
Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады - деген К.Ушинскийдің даналығында.
Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні XXI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.[7.16]
Бірінші сынып оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауызекі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс - әрекеттерін әгімелеуге үйрету. Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін ұстаз ерінбей еңбек ету нәтижесінде жете алады.
Қандай тілде болмасын оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дұрыс іске асырғанда ғана мақсатқа жетуге болады емес пе? Мысалы, мәтін оқыған кезде ашық жауап, дұрыс - бұрыс жауап таңдау сұрақтары, кім? не? сұрақтары, тақырыпшаларды параграфтармен, суреттермен байланыстыру, мәтіннен қателер табу, бос жерлерді, таблицаларды толтыру, мәтіндегі сөздер мен тіркестердің мағынасына тоқталу, мазмұны туралы пікірін білдіру, байланыс тіркестерін табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы кез - келген дәрежедегі мәтіндерді қызығушылықпен меңгеріп, еске сақтауға жағдай жасалады. Cонда ғана оқу стратегиясы жүзеге асырылады.[13.29-33]
Бірінші сыныптан бастап оқушылардың ағылшын тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал бір қарағанда, бірінше сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді.
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде.

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерды, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда. Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын, ағылшын тілінде өз ойын ауызша жеткізе алатын, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалай қалыптастыруға болады? деген сұрақ туындайды. Менің тәжірибе кезінде байқап бақылағаным бойынша оқушылардың сөйлеу дағдысы алғаш сабақ басталғаннан бастап қалыптаса бастайды. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділіген арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады:
1. Ауызша әдіс - теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.
Көрнекі әдісті - бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.
3. Практикалық әдіс - практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады. Оқушылардың белсенді жұмыстануына жақсы септігін тигізеді.
4. Іздену әдісі - өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады.
5. Индуктивтік әдіс - қорытынды жасау қабілетін дамыту күрделендіре оқыту үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін пайдаланылады.
6. Өзіндік жұмыс әдісін - оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға, дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданылады
7. Ойын әдісі - оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу-білік дағдыларын қалыптастырады
Тапсырмалары:
1. Мәтінді тыңда және қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып қайтала;
2. Мазмұнын суреттерге қарап түсіну;
3. Мазмұнын түсінуі бойыншы сурет салып, суреттеу;
Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде - оқушылар сұрақ - жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс - әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр - түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет.
Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне Warming up жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты - сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым - қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарылата түседі.
Сурет арқылы шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді тусіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін немесе үй тапсырмасына беруге болады. Баланың іздену қабілеті дамиды. Тексеру кезінде баланың жіберген қателеріне көңіл бөлмей, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне, өз бетінше жұмыстанан мәтіннің құрылымына көбірек назар аударған жөн. Аталған әдістерді пайдалана отырып түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады.
Сонымен қатар оқушылырадың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Қорыта келе оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып, жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру - мұғалімнің ой ұшқырлығына, шеберлігіне,комуникативті құзіреттілігіне байланысты. 1-сыныпқа қабылданатын оқушылар да қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін сәйкесінше осы тілдерде оқиды. Мектеп табалдырығын енді аттаған балаға да, оның ата-анасына да бұл оңай іс емес. Балаға тіл үйретерде қандай қате жібермеу керек? Қандай онлайн сервистердің көмегіне жүгінген жөн?
1-сыныпқа енді баратын балаға, әрине, грамматиканы, жазуды үйрете алмайсыз. Бұл жаста олардың мына қабілеттерін дамытуға үлес қосу қажет:
тыңдау, түсіну;
сөйлеу;
оқу (ата-анасымен бірге және өзі иллюстрациялы кітаптарға қарап оқып, сипаттауы керек).
Егер өзге тілдегі мультфильмді бала түсінбейді деп ойласаңыз, қателесесіз. Балалардың тіл түйсігі ерекше болады. Олар сөзді ұғынбауы мүмкін, алайда кейіпкерлердің эмоциясы, қимылы, мультфильм әуені оқиғаны "айтып" береді. Мультфильмді тамашалағаннан кейін бала автоматты түрде сөздерді қайталай бастайды, әні ұнаса, бірге қосылып шырқайды.Мәселен, Bilimland.kz сайтындағы "Мектепке дайындық" курсында анимациялық видеолар бар. Сюжеті қызық сабақтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тамашалауға болады. Видеоны бірінші ана тілінде, одан кейін қалған екі тілде қайталатып көрсетсеңіз, балаңыздың тілді қабылдауына едәуір көмектесер едіңіз.

Ойын ойнау арқылы оқушылар өздерін көрсете алады, өзара қарым - қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жетуге болмайды. Ойын арқылы ағылшын тілін үйрету барысында кездесетін қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады. Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігі дамиды. Құзыреттілік - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана білу, проблеманы шешу, дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған. Тиімді қолданылған кез келген технология білім сапасын арттыратыны ақиқат.
ХVII-XX ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар, пайымдаулар орнығып, төмендегідей ғалымдар ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырды,олар: Г. Гегель, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюлер, В. Фриге, К.Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, Г.М. Мейес, В.М. Демин, М.А. Каган, т.б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің әлеуметтік жақтарын анықтап, оның баланың қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған.
Ойын - күрделі биологиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым. Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің психологиялық көзқарасы бойынша ойын негізінде адамның барлықпсихикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туады . Ойын - адам іс-әрекетінің негізгі түрінің бірі. Ол адам іс-әрекет жүйесінің негізгі құрамдық бөлігіне кіреді. Ойын іс-әрекетінсіз адамдардың, қоғамның, жеке адамның дамуы мүмкін емес.
Қоғамдағы ойын іс-әрекетінің обьективті маңыздылығын білімді, шеберлікті, дағдыны қалыптастыру бағытынан көрінеді. Бұл туралы орыс педагогы А. Макаренконың айтылған сөздері орынды: Оқушы өмірінде ойының маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Жеке адам ойында қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады.
Ойын оқушылар үшін - айналадағыны танып-білу тәсілі - деп тұжырымдайды . Бастапқы және кейінгі этаптарда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.
Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1) үстел үсті ойындары
2) дидактикалық ойындар
3) қозғалыс ойындары
4) іскерлік ойындар
5) интеллектуалдық ойындар
І. Үстел үсті ойындары. Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта үстел үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар. Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
ІІІ. Қозғалыс ойындары . Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар . Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
V.Интеллектуалдық ойындар. Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке бейімделген тапсырмалар - шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:
-мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылыққа дайын;
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;
-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы;
Бірінші сыныптан бастып оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.
Оқушының шаршауын сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады.Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді,іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.
Алфавитті дұрыс меңгерту
Орфографияны дұрыс оқыту
Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру
Лексиканы меңгерту
Оқушылардың ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту,дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.
Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға шет тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданылып, сабақты қызықты өтуге, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
Ойынның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz