Қарлұқ мемлекеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Түркі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы мемлекеттер: араб, парсы деректері бойынша

Орындаған: Садық Аида
Қабылдаған: Акынова Айгерим

Жоспар;
1.1 Түрікі халықтарының кезеңі
2.1 Түрік қағанаты
2.2 Батыс түркі қағанаты
2.3 Түргеш қағанаты
2.4 Қарлұқ мемлекеті
2.5 Қарахан мемлекеті
2.6 Оғыз мемлекеті
3.1 Қорытынды
3.2 Қолданылған әдебиеттер

Түркі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы мемлекеттер: араб, парсы деректері бойынша.
VІ-ХІІ ғғ. Түрікі халықтарының кезеңі аталады. VІ-ХІІ ғасырлар аралығында түркі мемлекеттері өмір сүрген. Ал енді мемлекеттер жайлы тоқтала кетейік.
Түрік қағанаты (552-603 жж.)
Түрік сөзі ежелгі қытай деректерінде VI ғасырдан бастап белгілі. Түрік сөзінің мағынасыдәл анық емес. Махмуд Қашқари: Тәңірі оларды түрік деп атады және оларды мемлекетке ие қылды.Заманымыздың хандарын түріктерден шығарып, халықтың ақыл еркін солардың қолына ұстатты, оларды адамдарға бас қылды, хақ істерде соларды қолдады деп жазады. Түріктер жайлы Рашид ад-Диннің Жылнамалар жинағы, Ибн Хордадбектің Жолдар мен мемлекеттер кітабы, Ибн-Халдунның еңбектері, Ата-Малик Жувейнидің Әлем жаулаушысының тарихы. Қытайдың Юаньши (Моңғол империясының тарихы), М.Қашғаридың Дивани лұғат ат-түрік, Ю.Баласағұнның Құтадғу білік, Әбілғазы Баһадүрдің Түрік шежіресі, Оғузнаме сияқты тарихи деректер де мол мәлімет береді.
Көне түріктердің шығуы. Түріктер жөніндегі ең алғашқы дерек Қытайда Батыс Вэй әулетінің заманында ресми жылнамаға енген. Вэй әулетінің тарихы деген жылнамасында былай дейді: Теле тайпасын бағындырып алған соң, өзінің күші мен санына сеніп, Бумын жужан патшасының қызын сұрады. Бұған Анхуан қатты ренжіп: Сен темір балқытушы құлым екеніңді ұмыттың ба? Батылың барып, мұндай өтінішті қалай айттың деп ашуланады. Және де Бумынның Анхуанды жеңгендігі де айтылады.
Түрік этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылдары аталады. Өздерін түрік деп атаған бірлестік түркі тектілердің жазба әдеби тілінің пайда болуына себепкер болған.Түркі жазуының құпиясын ашқан даниялық ғалым Вильгельм Томсон қытайша тукю деп аталған халық түріктер екендігін дәлелдеді.
Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Бастапқы кезде түрік деген сөз түркітілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Содан кейінгі кездерде түрік деген атау саяси мәнге ие болып, олардың қол астында болған өзге тайпалар да атала бастады. Дегенмен Түрік қағанаты құлағаннан кейінгі түрік ұлыстарын түріктер дегеннен гөрі түркі тілді, түркі нәсілді халықтар деп атау үрдісі қалыптасты.

Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.)
VII ғасырдың бас кезінде Батыс Түркі қағаны Ябғудың ордасында болған будда монахы Сюань Цзанның жазғандары қаған руының байлығы туралы біраз ұғым береді. Қағаннның аң аулап жүрген жерінде кездестірген саяхатшы аңшылар киімдерінің сәнділігіне таң-тамаша қалады. Қаған жасыл жібек желбегей киген, -- дейді ол. Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Басқа сарбаздары аң терісінен тігілген ішік киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сайгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді. Одан әрі қағанның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті көз қаратпайды дейді ол. Алғаш рет түріктердің жазуы туралы Менандр Протектордың еңбектерінде айтылады.

Түргеш қағанаты (704-756 жж.)
Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі -- қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, сары және қара деген тайпаларға бөлінгендігін білеміз.
Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдiн жазуы бойынша:
Шайкастың бесiншi күнi тылдан карлұқтар шабуылға шығып, нәтижесiнде кытайлыктар жеңіліске ұшырады. Бұл шайкаста 50 мың кытай лыктар өлтiрiлiп, 20 мыны тұткынға алынған. Талас өзені бойындағы шайкас ерте түркiлердiн тағдырында манызды орын алды, олардың этномәден болашағын анықтап бердi. Бұл 751 жылғы Атлах шайқасы жайлы.
Жаңа Тань тарихында былай делінген: Шығындар (ақсүйектердің) күн сайын өсіп жатты, ал қор дегенің болған жоқ. Соңғы жылдары қаған тапшылықты сезіне бастады, сондықтан талап алынған олжаларды бірте-бірте бөліске салмай, өз қолында ұстады. Міне, осы кезде бағыныштылар да одан бөлініп шыға бастады. Дау-жанжалдар қара түргештер мен сары түргештердің билеуші топтары арасындағы күреске ұласты. 738 жылы Сұлық-қаған өлген кезден бастап бұл күрес өте-мөте шиеленісе түсті. Шежіреде айтылғандай, Түргеш қағанатында Сөгенің (Сақалдың) ұрпақтарын сары рулар (сары түргеш) деп, ал Сұлу (Сулуқ) үлысын қара рулар (қара түргеш) деп атайды, (олар) бірімен-бірі жауласады, біріне- бірі сенбейді. Түргеш шонжары шумекен Бекан-Күлүг-шорасының (Фу- Янь-Цюэлю-чо) хатында да осы туралы айтылады: Біз далада, толқып тұратын елде тудық, біріне-бірі шабуыл жасап, кескілесіп жатады...
Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕРТЕДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР (VІ – Х ғғ. )
Ұйғыр қағанаты және Қарлұқ мемлекеті
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
Түрік тектес түргеш тайпалары
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық мемлекеттер
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Қазақстан түркілер дәуірінде vi-x ғ.ғ
Қарлұқ мемлекетінің мәдениеті
Ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер
Пәндер