Қазақ тілінің семантикасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«7M02304-Филология», «Қазақ филологиясы» кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Сөз мағыналарындағы семантикалық эволюция: принциптері мен факторлары
Орындаушы: А. Толыбай
Ғылыми жетекші: PhD., доцент Б. С. Карагулова
Қорғауға жіберілді
«Қазақ филологиясы»
Кафедра меңгерушісі: Г. К. Тәңірбергенова
«___» 2022 ж
Ақтөбе
2022
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Қазақ тіл білімі еліміз тәуелсіз ел болғалы, оның саяси-экономикалық әлқуаты артқан сайын бірге қарыштап дамып жатқаны байқалады. Әсіресе, соңғы кездегі қарқынды дамып жатқан лингвомәдениеттану, контрастивті лингвистика, коммуникативті лингвистика, когнитивті лингвистика, гендерлі лингвистика, генетикалық лингвистика т. б. ғылымдардың мәселелері қазақ тіл білімінде де жаппай зерттелуде. Осылардың тасасында қазақ тіл білімінің бұрыннан зерттелмей келе жатқан кейбір ғылым салалары зерттелмей қалып жатқаны жасырын емес. Сонымен қатар, жаһандану процесінің әсері, басқа тілдердің кейбір саладағы басымдықтары, тіліміздің лексикалық нормаларының бұзылуына өз әсерін тигізіп, тіліміздің лингвоэкологиясының нашарлауына әкелуде. Осының бәрі сөздердің мағынасын, лингвомәденитанымдық ерекшелігін түсінбей, мағыналық үйлесімділіксіз, әртүрлі стильдік қателермен қолданылуға алып келуде. Осы тектес мәселелерді зерттейтін қазақ тіл біліміндегі семантика ғылымы, оның түрлері, семантиканың философия, логика, семиотика, психолингвистика, когнитивті лингвистика, мәтін лингвистикасы, коммуникативті лингвистика, контрастивті лингвистика т. т. ғылымдармен байланысы, семантиканың тарихы т. т. әлі өз деңгейінде зерттелмей отыр. Белгілі түркітанушы К. М. Мусаев бұл мәселенің тек қазақ тіл білімі ғана емес, жалпы түркітануда әлі де толық зерттелмей жатқаны туралы айта келіп, енді кезек семантика мәселелеріне келгенін айтады: «Келесі кезекте түркі тілдері материалында зерттеу күтіп тұрған мәселелер мыналар: сөз және оның мағынасы, сөздің лексикалық мағынасы, сөздегі мағыналық өзгерістер, яғни тіл лексикасының мазмұндық жағы» [1, 3-4] . Жалпы семантиканың бір саласы лексикалық семантика аясындағы лексикалық жүйедегі қатынастар, лексикалық мағынаның құрылымдық жүйесі, тіл мен ойлау мәселесі, лексикалық жүйедегі мағыналардың өзара қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі т. т. көптеген мәселелер қазақ тіл білімінде соңғы кезде ғана қолға алынуда. Кезінде түркі сөзінің семантикасын зерттеген Е. Қажыбеков бұл мәселенің өткірлігі туралы: «Сөздің семантикалық құрылымының элементтерін сатылау, семантикалық кеңістіктің парадигматикалық (қиылысқан) және синтагматикалық (көлбеу түрдегі) бағдарын есепке алу өлшемі, тілдің этнолингвистикалық (экстралингвистикалық) аспектілері және тағы көптеген жалпы мәселелердің тұтас кешені - өзінің жалпытүркілік теориялық зерттеуін күтуде», - деп жазған болатын [2, 58]
Семантикалық неологизмдерге жаңа мағыналары бар ескі сөздер мен фразеологизмдер жатады. Семантикалық неологизмдердің өзіндік ерекшелігі-олар лексемалар ретінде тілде бұрыннан белгілі болған, бірақ олардың мағынасын ескере отырып, лексикалық үйлесімділікті, стильдік бекітуді, экспрессивті бояуды өзгерте отырып, алдыңғы тақырыптық топтардан өте жаңа топтарға ауысады. Қазіргі тіл білімінде әлі күнге дейін бірыңғай қалыптаспаған "семантикалық неологизм" терминін түсіну және оған көзқарас оның маңызды белгілері мен қасиеттері анықталмаған.
Семантика гректің Бёшапіікоз (белгілеуші) деген сөзінен алынған, қазір сөз мағынасы деген түсінікпен тең дәрежеде қолданылып жүр. Сондыктан да оқулықтарда семантикаға сөз мағынасын зерттейтін лексиканың бір саласы деген анықтама беріледі. Тіл білімінің басқа салаларына қарағанда семасиологияның пән ретінде зерттеле бастау тарихы онша ұзаққа бармайды, ал түркологияда ол өте кенже пән болып саналады. Сол үшін де семасиологиянын негізгі мәселелерінің көпшілігі зерттелмеген. Зерттелгендерінің өздері де әрі қарай талдай түсуді қажет етеді. Семасиологиялық зерттеулердің қиындық туғызатын екінші бір жағы да бар. Ол - түркі тілдерінде семантика терминдерінің әлі де анықтала қоймағандығында. Мысалы, семасиология сөз мағынасын зерттейді дедік. Бірақ сөз мағынасының да күрделі түсінік беретіні, оның лексикалық және грамматикалық мағыналарының бар екені анық. Шындығында да, лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның арақатынасын оқулықтарда салыстырып, айырмашылықтарын санап көрсетумен ғана шектеліп жүрміз. Негізінде олардың айырмашылықтары болғанымен, бастарын біріктіріп, тілдік категория ретінде қолданылуына себепші болатын белгілері де аз емес. Ең басты ортақ белгісі - олардын. екеуі де объектив дүниедегі заттар мен құбылыстарға қатысты, оларды өздерінде белгілі дәрежеде сәулелендіріп, адам ойын абстракциялау қызметімен байланысты болады. Сонымен бірге олардың айырмашылықтары да бар. Лексикалық мағына мен грамматикалык мағынаның ең басты айырмашылығы - олардың абстракциялану дәрежесі мен берілу формаларында. Сөз мағынасы объективті өмір сүреді деген пікір бар. Шындығында сөз мағынасының жеке адамға тәуелді болмайтыны анық. Бірақ бұл - сөз мағынасы адамзат қоғамына байланысы жок, айналамыздағы заттар (тау, тас, ағаш, өзен, т. б. ) сияқты адамдарға мүлде тәуелсіз болады деген сөз емес. Егер сөз мағынасы адамдарға мүлде тәуелсіз болады дейтін болсақ, онда оның адам ойымен (психологиялық қүбылыс ретінде), коллективтің әлеуметтік санасымен байланысын жоққа шығарған болар едік. Сондай-ақ, сөз мағынасы тек субъективтік, индивидуалдық сипатка ие дейтін болсақ, онда сөз мағынасы жеке адамға тәуелді деген кағиданы қолданған боламыз. Шындығында сөз мағынасының құрамында әрі объективтік, әрі субъективтік сипатқа ие болатын мағыналық элементтер бар. Сондықтан да сөз мағынасын көп қатпарлы категория деп атаймыз. Сонымен бірге, сөз мағынасында әрі жалпы универсалдық қасиеттермен бірге жеке адамдарға, индивидке байланысты болған мағыналық элементтердің де бар екенін мойындаған жөн. Соңғы тезисті былай түсінуге болады. Сөз мағынасындағы жалпы универсалды қасиет олардың объективтік сипатынан туады да, жеке тілге, адамға тәуелді болмайды. Нәтижесінде ол мағыналы элемент дыбыстық қабыққа ие болғанда, сол тілде сөйлеуші адамдардың бәріне түсінікті болады; түрлі тілдерде сөйлеуші адамдардың өзара түсінісуі, бір мағынаны аудару жолы арқылы екінші бір тілге жеткізу мүмкіндігі туады.
Зерттеу жұмысының нысаны.
Зерттеу пәні.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
«Тіл жүйесіндегі семантикалық неологизмдер (СН) . инновациялар» сөздердің мағыналық түрленуіне байланысты жалпы теориялық мәселелерді қарастыруға арналған. Бұл тараудың мақсаты - лексикалық жаңалық ретіндегі СН ұғымының мазмұнын анықтау және сипаттау. тілдік жүйенің деңгейі. Негізгі мақсат нақты міндеттерді анықтайды:
1) СН белгілерін анықтау;
2) неологизмдердің әртүрлі түрлерін анықтау критерийлерін қарастыру және әртүрлі классификациялардағы СН орнын көрсету;
3) бұрын белгілі лексемалардағы жаңа мағыналардың мазмұнын анықтау;
4) ЕҚ және оларға жақын лексикалық жаңалықтарды салыстыру, белгілеу ажырату принциптері;
5) Зерттеулердегі ЖЖ зерттеу нәтижелерін қорытындылау лексика, атап айтқанда неология, орыс тілі, сондай-ақ таңдалған тілге қатысты бірқатар даулы мәселелерді шешуге тырысу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері.
Зерттеу жұмысымның дереккөзі ретінде Р. Сыздықтың «Сөздер сөйлейді» еңбегін кеңінен пайдаландым. Сонымен қатар, А. Алдашева, Ғ. Әнесов, Ш. Сарыбаев, Р. Сыздықова, Н. Уәлиевтер құрастырған «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» атты сөздікпен жұмыс жасадым.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері:
Зерттеу жұмысының әдістері
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I. СӨЗ МАҒЫНАЛАРЫНДАҒЫ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯ: ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ
1. 1. Қазіргі қазақ тіліндегі семантикалық неологизмдердің зерттелу тарихы . . . 6
1. 2. 1950-1980 жж неологизмдердің зерттелуі . . .
II. САЛААРАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯДАҒЫ СЕМАНТИКАЛЫҚ НЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ КӨРІНІСІ
2. 1. Өнеркәсіп
2. 2. Спорт
2. 3. Медицина
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 65
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Семантикалық неологизмдерге жаңа мағыналары бар ескі сөздер мен фразеологизмдер жатады. Семантикалық неологизмдердің өзіндік ерекшелігі-олар лексемалар ретінде тілде бұрыннан белгілі болған, бірақ олардың мағынасын ескере отырып, лексикалық үйлесімділікті, стильдік бекітуді, экспрессивті бояуды өзгерте отырып, алдыңғы тақырыптық топтардан өте жаңа топтарға ауысады. Қазіргі тіл білімінде әлі күнге дейін бірыңғай қалыптаспаған "семантикалық неологизм" терминін түсіну және оған көзқарас оның маңызды белгілері мен қасиеттері анықталмаған.
Зерттеу жұмысының нысаны. Паремиялогиялық кеңістікті түзетін дескриптивті, прескриптивті және аксиологиялық айтылымдардан құралатын халық ырымдарының мазмұндық ұйымдасуын талдау.
Зерттеу пәні. Когнитивтік лингвистика, дискурс талдау теориясы.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
«Тіл жүйесіндегі семантикалық неологизмдер (СН) . инновациялар» сөздердің мағыналық түрленуіне байланысты жалпы теориялық мәселелерді қарастыруға арналған. Бұл тараудың мақсаты - лексикалық жаңалық ретіндегі СН ұғымының мазмұнын анықтау және сипаттау. тілдік жүйенің деңгейі. Негізгі мақсат нақты міндеттерді анықтайды:
1) СН белгілерін анықтау;
2) неологизмдердің әртүрлі түрлерін анықтау критерийлерін қарастыру және әртүрлі классификациялардағы СН орнын көрсету;
3) бұрын белгілі лексемалардағы жаңа мағыналардың мазмұнын анықтау;
4) ЕҚ және оларға жақын лексикалық жаңалықтарды салыстыру, белгілеу ажырату принциптері;
5) Зерттеулердегі ЖЖ зерттеу нәтижелерін қорытындылау лексика, атап айтқанда неология, орыс тілі, сондай-ақ таңдалған тілге қатысты бірқатар даулы мәселелерді шешуге тырысу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері:
Зерттеу жұмысының әдістері. Қазақ ырымдарының когнитивтік кеңістігін анықтау барысында когнитивтік талдау жасалды. Ырымдардың когнитивтік-мәндік кеңістігін анықтау барысында қазақ тілінің түсіндірмелі, фразеологиялық, тұрақты теңеулер сөздігі қолданылды. Ырымдардың коммуникативтік мәнін талдауда когнитивтік-дискурстық талдау әдіснамасы қолданылды. Ырымдардың когнитивтік кеңістігін анықтауда концептілік талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. СӨЗ МАҒЫНАЛАРЫНДАҒЫ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯ: ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ
1. 1. Қазіргі қазақ тіліндегі семантика. Семантикалық неологизмдердің зерттелу тарихы
Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер төңкерістен кейін қазақ өміріндегі ұлы өзгерістері мен байланысты қазақ тіліне біршама жаңа сөздер кіру арқылы көрінді. Қазақстанда ғылым мен техниканың дамуы, оқу орындарының көбеюі, т. б. жаңа сөздердің пайда болуына, қазақ тілі лексикасының толығуына қолайлы жағдай болып, неологизмдердің пайда болуына оң әсерін тигізді.
Неологизм деп бір тілде жаңадан пайда болған және әзірше көпшілік арасында толық қалыптаспаған жаңа сөздерді айтамыз. Жаңа сөз үнемі жаңа болып тұрмайды, көпшілік бұл сөздерді меңгерген кезде, олар жалпы халықтық характерге ие болғанша, неологизм деп аталып халық тәжірибесінде жүріп екшеленеді [1; 284-285] .
Тіл өзін дүниеге келтірген халықпен мəңгі-бақи бірге жасап, қатынас құралы қызметімен атқаратын қасиетке ие. Сондықтан да организм сияқты тіл де - ескіріп, көнеленіп, жаңғырып, жаңаланып, өсіп, дамып отыратын жанды құбылыс. Осыған орай тіл дамуының өзекті бір мəселесі - оның сөз қорындағы жеке лексикалық бірлік - лексемалардың көнеріп, мағына-мəні күңгірттеніп, оларды пайдаланушы қауымның күнделікті қолдануынан шығып қалып, сирек кездесетін көнерген сөздерге айналуы болса, енді бір ыңғайда тілімізге қажет болған сөздердің біреулері сырттан қабылданып, не өз тіліміздің негізінде жаңадан жасалып, толығып отыратын əдеті де бар. Демек, тіл дамуының барысында бір-біріне қарама-қарсы екі үдеріс жүреді: Тілдің дамуы, көнеруі, құрылыстық мүжілуі жəне жаңаруы. Бұл тілдің соншама бай сөздік қорын ғасырлар бойы төкпей-шашпай жадында жаттап, есінде сақтап келе жатқан əрдəйым белгілі бір деңгейде, мөлшерде ұстауға тырысатын ішкі заңдылығы. Тілдің сөз байлығының белгілі бір деңгейде тұруына, сөйтіп, оның қоғамдағы коммуникативтік қызмет атқару міндетін атқаруына екі түрлі себеп болады: бір жағынан, ол жаңа пайда болған, сырттан енген ауыс-түйіс сөздер арқылы байып, толығып жатса, екінші жағынан қажетті өтеп барып, көнерген-ескірген сөздердің есебінен азайып отырады. Тілдің табиғатына тəн осы бір толассыз қимыл-қозғалысты, өзгерісті адам ағзасындағы жасушаларында болып тұратын «өлу-тірілу», «жаңалану» үдерісімен салыстыруға болады. Айналып келгенде, бұл да тілдің функционалды-семантикалық мазмұндық-құрылымдық дамуының кепілі тəрізді үрдіс. Міне, дамудың осы түріне байланысты сөздік құрамындағы біраз сөздердің мағынасы солғындап, бұрынғы айқындығынан арыла бастайды. Осылайша жаңа пайда болған, сырттан қабылданған, не жаңадан жасалған сөздерді тіл білімінде «неологизмдер» деп, ал көнерген жəне мағынасын жоғалтқан сөздерді «архаизмдер» деп атау дəстүрі бар. [2; 21-22]
Қазіргі қазақ лебізінде сөз мағыналарының толығып, дамуы, сөз тіркестерінің лексикалануы - тіліміздің дамуын анықтайтын басты үдеріс деп анықтауға толық негіз бар. Сондықтан бұл үдерісті жүйелі жəне кешенді анықтап, ондағы терең семантикалық құрылымды ғылыми-теориялық тұрғыдан зерделеудің маңызы ерекше. Атаулық қызметте жұмсалып, бірақ атау ретінде танылмай жүрген сөздер саны мол. Күрделі сөз ретінде танылмағандықтан, олардың ешқайсысы қазіргі таңда сөздік- терге ене алмай жүргені де жаңалық емес. Ал мұндай сөздерді атау сөз ретінде тану үшін, олардың ішкі мағыналық құрылымын семантикалық, ономасиологиялық аспектіде саралап, талдап, олардың мағыналық болмысын анықтайтын теориялық тұғырна- масын жасау орынды болмақ. [3; 10]
Тіл білімінде семантиканы бірнеше ғылым саласы зерттей алады. Атақты француз ғалымы П. Гиро семантиканы былайша үшке бөліп қарастырады: лингвистикалық, психологиялық жəне логикалық. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұдан басқа тағы да жалпы семантика мен семантикалық философия бар екені белгілі. Лингвистикалық семантиканың пəні болып ойлау мазмұны, яғни сөзде, морфемада, грамматикалық формада, табиғи тілдің синтаксистік конструкцияларындағы мазмұн. Лингвистикалық семанти- каның пəні бұлай кең түрде тілдік барлық деңгейлерде - лексика, морфология, синтаксистің, семантиканың аспектісі ретінде тек С. Ульман зерттеулерінен бастап ұғыныла бастады. Ғалымдардың семантикаға берген сипаттамалары мен белгілерін саралай келгенде, семантика сөздің мəн-мағынасын, оның өзгеруін, өзгеру заңдылықтарын, түрлерін, өзгеру себептерін жүйелі құбылыс ретінде айқындайды. [3; 31]
М. Бреаль семантика деп сөз мағынасын, сөздің айтылу, қолдану барысында мағынаның өзгеруінің құрылымдық үдерістері мен себептерін таниды. Семантикаға мағынаның кеңеюі мен тарылуы, ауысуы, олардың мазмұнының жоғарылауы мен төмендеуі кіреді деген пікір айтады. А. Шафф «семантика тілдің мазмұндық жағын немесе оның мəндік жағын зерттеумен айналы- сатын пəн» деген түсінік береді. К. Эрдман сөзді психологиялық аспектіден қарастыра келіп, мағынаның эмоционалды жағының сөзде негізгі қызмет атқаратынына назар аударады. Сөзді үш құрамдас бөліктен тұрады деп есептей отырып, ол мағынаның басқа құрама бөлшектері барлығын мақұлдайды. [3; 32]
Сөздердің, туынды сөздердің семантикалық мағынасын зерттеудің қазақ тіл білімінде өзіндік тарихы бар. Сөз мағынасы, оның кеңею жəне тарылу сипаты қазақ ғалымдарын көптен ойландырған. Қ. Қ. Жұбанов 1930 жылы Алматы қаласында өткен Қазақстанның бірінші Өлкетану съезіне қатысып, баяндама жасайды. «Мағынасыз сөздердің мағынасы» деген баяндамасында мал шаруашылығына байланысты қолданылатын қазақ сөздерін өзге тілдердің дерегімен салыстыра отырып, олардың көпшілігінің құрамы күрделі екендігін, оларды құрайтын элементтердің əу баста дербес ұғымды білдірген сөздер болғандығын айқындап берді. Əсіресе автордың асыл тұқымды еркек малдың атын білдіретін сөздердің төркініне қатысты айтқан пікірлері көңіл аударарлық. «Мəселен, қошқар мен айғыр. Əуелде бұлар екі сөзден тұрған: қошқар - қош+қар, айғыр - ай+ғыр. Мұндағы қош қой малына байланысты одағай сөз ретінде қазір де айтылады. Ол қошақан деген сөздің құрамында да бар. Қойдың қозысын білдіретін қозы дегендегі қоз да осы сөздің варианты. Бұл жердегі а редукцияға ұшырап ы дыбысына айналған да, қатаң ш ұяң з дауыссызымен алмасқан. Бұл ыңғайда қош, қозы дегендерді түрікпен тіліндегі қой мағынасындағы қош сөзімен салыстыруға болады», - дейді Қ. Жұбанов 1 .
Ал айғыр сөзінің бірінші бөлігі ай дегенге келетін болсақ, мұны Қ. Жұбанов ат сөзінің бір нұсқасы деп біледі. Қазақтағы ат қыпшақ фонетикасының заңымен жасалған сөз, өзге түркі тілдерде ай бұдан басқашарақ фонетикалық үлгіде орныққан. Мəселен, Орхон, көне ұйғыр, тува тілінде оның ад, аз деген де нұсқалары бар, хакас тілінде ат. Ай тұлғасының көне формасы «ат» болатындығы кейінгі зерттеушілердің пікірінде толық зерттелген. Осы екі сөздің екеуінің соңғы бөлігіндегі - қар (қошқар), -ғыр (айғыр) дегендерді ғалым бір элементтің əр түрлі фонетикалық нұсқалары деп есептейді. Чуваш тілінде жуан айтылатын ар сөзі (еркек) - қазақ тіліндегі ер сөзімен бір. Сонымен, - дейді зерттеуші, - қазақша қошқар деген мен айғыр дегендегі соңғы элементті малдың еркегін білдіретін сөз деп білсек, қошқарыңыз «еркек қой» болады да, айғырыңыз «еркек жылқы (ат) » болады 2 . [3; 34-35]
Мағына - өте кең ұғым, сондықтан оны кешенді бағытта зерттеу қажет болады. Осы ретте семантиканы тереңдете зерттеп, олардың негізгі сипаты мен құрылымын айқындаған жұмыстар да бар. Жалпы тіл білімі мен орыс тіл білімінде жасалған семантика туралы теорияларға сүйене отырып, қазақ тілінің семантикасы туралы арнайы алғашқы зерттеу еңбек жазған ғалым М. Оразов. Зерттеуші сөз мағынасының құрылым- дық элементтерін анықтауды К. Огден мен И. Ричардстың семантикалық үшбұрыштарының мəнін түсіндіру арқылы көрсе- теді. «Сөздің құрамды элементтері қаншалықты көп болмасын, олардың барлығын анықтауға, олардың негізгі қызметі мен табиғатын, шығу жолын, даму үдерісін ғылыми негізде талдауға мүмкіндік бар» - деп жазады ғалым 2 .
Сөздердің лексикалық мағыналарын анықтауда семалаға сүйенуге болады, бірақ мағынаны қалыптастыруға қатысқан семалардың барлығы да сөйлемде қолданылғанда бой көрсете бермейтіндігін ескеру керек. М. Оразов зерттеу еңбегінде денотаттық мағына мен сигнификаттық мағынаға, эмоциялық мағынаға анықтама беріп, қазақ тілінің тілдік материалдары негізінде түсіндіреді. Сонымен бірге парадигмалық мағына мен синтагмалық мағынаны анықтап, лексикалық бірліктер арасын- дағы олардың қатынасын ашып көрсетеді. Ғалым сөйлеу кезін- дегі сөздердің семантикалық валенттілігін анықтау синтаксистік валенттілікпен байланысты ғана іске асады деп жазады. Сөздердің арасындағы мағыналық байланыстарды анықтауда тематикалық топтар мен лексико-семантикалық топтарға бөлу үлкен қызмет атқарады. Сөздерді тематикалық топқа бөлу мен лексико-семантикалық топқа бөлудің арасында айырмашылық бар екені белгілі. Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына екенін ескерте отырып, сөздің өзге де мағыналарының тууына негіз болатынын көр- сетеді. Ғалым «тілдік мағына деп тілдік жүйе негізінде қалып- тасқан мағына элементтерін түсінеміз» деп жазады. Тілдік мағына өздігінен өмір сүре алмады, олар парадигмалық жəне синтагмалық жолдар арқылы көрініс табады. Басқа да туынды сөздер сияқты қабыса байланысқан сөз тіркестерінің лексикалануы арқылы жасалған атаулар да осы синтагматикалық жəне парадигматикалық жолдар арқылы анықтала алады.
Атаулық тіркестердің лексикалануы туралы айту үшін, ең алдымен сөз семантикасын айқындайтын жағдайды айқындап алу керек. Зерттеушілердің еңбектерінде лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері туралы жақсы айтылған. Атаулық тіркестер арқылы денотаттық жəне сигнификаттық мағыналар таңбаланады. Айталық, тоқыма өнеркəсібі терминдерінің орысша-қазақша сөздігінен мынадай термин-атауларды кездестіруге болады. Денотаттық мағына беретін туынды сөздер: аспа бау, шала тотық, кендір мата, қара күйе, қума жіп, шаш кендір, аралық жүн, қарапайым талшық, сұр кенеп, тоқыма станок, сүзгі қағаз, іш киім, түйе жүн, шала тотық т. б. Байқап отырғанымыздай, бұл туынды сөздердің барлығы да белгілі бір заттың атын нұсқайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz