Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық - фонематикалық бұзылыстарының ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН

(ІІІ - ДЕҢГЕЙДЕГІ) БАЛАЛАРДЫҢ

ФОНЕТИКАЛЫҚ - ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЖАҚТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Алматы 2009ж

Мазмұны

Кіріспе . . .

І бөлім. Сөйлеу тілінің фонетикалық - фонематикалық

қалыптасуының ғылыми - теориялық

негіздері

  1. . Сөйлеу тілі қалыпты дамыған балалардың сөйлеу тілінде фонетикалық- фонематикалық құрылымдарының игеруі . . .
  2. . Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тіліндегі фонетика - фонематикалық бұзылыстарының ерекшелігі . . .

ІІ бөлім. Жалпы сөйлеу тілі дамыған мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінде фонетикасының - фонематикасының жағдайы

  1. Констатациялық зерттеу жүргізудің әдістемесінің сипаттамасы…… . . .

2. 2. Констатациялық зерттеудің қорытындысы. .

Қорытынды . . .

III бөлім. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп жасына дейінгі баладардың сөйлеу тілі фонетикалық - фонематикалық жағының кемшіліктерін түзету жұмысының негізгі бағыттары.

Әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі: Балалармен жұмыс жасауда өзекті мәселелердің бірі сөйлеу тілінің дұрыс дамыуы болып табылады. Өйткені баланың жеке дамуына сөйлеу тілінің тигізетін әсері мол. Сөйлеу тілі үш негізгі қызметті атқарады: комуникативті, танымдық және реттеушілік.

Л. С Выготскидің айтуынша, сөйлеу тілі ең алғаш адамдар арасындағы қарым - қатынас құралы, ол кейін ойлау құралы мен іс әрекетін реттеушісі.

Сөйлеу тілі баланың барлық психикалық үрдістеріне әсер тигізіп, жеке дамуына тікелей ықпал етеді. Сөйлеу тілі мен баланың барлық психикасының байланысын Л. С. Выготский, А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, Р. Е. Левина, А. Р. Лурия, А. А. Люблина және басқа көптеген ғалымдардың зерттеулерінде дәлелденген. Бала сөйлеу тілінің көмегімен тек мағлұматты алып қоймай оны кеңінен меңгереді. Ауызша сөйлеу тілі адамның жалпы мәдениеттілігінің көрсеткіші болып келеді. Бұл тек өз ойын дұрыс, нақты құрау емес, сонымен дұрыс жеткізе білу. Сол үшін біз балада қарым - қатынас тілінде сөздік қорын молайтып, грамматикалық жағын және дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру керекпіз. Ереже бойынша сөйлеу тілі туған тілінің нормасына сәйкес келеді. Бірақ, әртүрлі фактілердің әсерінен сөйлеу тілінде ақаулықтар пайда болады. Соның бірі, жалпы сөйлеу тілінің дамымауы. Бұл дыбыс айтуда, сөздік қорында, сөйлеу тілінің граматикалық жағын меңгеруде қиындықтармен сипатталады. Сөйлеу тілінің дамымауы баланың жалпы психикалық дамымауына, қоршаған ортамен қарым - қатынас жасауына, танымдық үрдістерінің қалыптасуына, білім алуына, жалпы толық қанды тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді.

Зерттеушілер жалпы сөйлеу тілінің дамымауының пайда болуын әртүрлі аспектілерде қарастырады: психология - педагогикалық ( Р. Е Левина, 1951, 1961; Э. Л. Фигередо, 1989) психологиялық - лингвистикалық

(В. К Урфинская, 1959, 1963) медика - педагогикалық (С. С Лепидевский 1969) физиологиялық (Н. Н Трауготт 1940) клиникалық (Ю. Я Флоренская 1949) және тағы басқалар.

Балалардың жалпы сөйлеу тілі дамымауының мәселесінің бір бөлігін зерттеген мағлұматтар бар. Сөйлеу тілі дамымаған баланың дыбыс айту жүйесін, сөздің буындық құрылымын меңгеруін Р. Е. Левина, Г. А. Каше, А. К. Маркова, У. Н. Усанова, Л. Р. Вескер өз еңбектерінде қарастырған. Мұнда дыбыс айтудың дамуы және сөздік қорының мөлшері, грамматикалық қатарды меңгеру ерекшеліктері туралы кеңінен ашылған. Р. Е. Левина «Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының қалыптасуы лексика - грамматикалық жағының дамуына байланысты» деп көрсетеді. (1959) Жазуды меңгеруінде көрсететін арнайы қиындықтар сөйлеу тіліндегі дыбыстық құбылыстармен байланысты.

Зерттуеулерде сөйлеу тілі бұзылған балалардың түзете оқытудың бағыттары көрсетілген (Л. В Чудинова 1961, Л. Ф. Спирова, 1962, 1968, 1975; Г. А. Каше, 1968, Н. А. Никашена, 1965 Н. Л. Евзекова, 1961)

Логопедияның негізгі міндеттерінің бірі жалпы сөйлеу тілінің дамымауын жоюға бағытталған әдістерді құрау.

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауын түзету жұмысының жүйесінде фонетика - фонематикалық жағының қалыптасуы маңызды орын алады, сонымен қатар дұрыс айтудың дамуы тілдік жүйенің меңгеруімен байланысты (Р. Е Левина) . Сөйлеу тілі ақауы бар баланың фонетикалық естуін дер кезінде қалыптастырудың маңыздылығы туралы көптеген авторлар қарастырған (Г. А Каше, В. А. Ковщиков, Р. Е. Левина, Р. И. Лалаева, Л. Ф. Спирова, Т. Б. Филичова, М. Ф. Фомичева, М. Е. Хватцев, Г. В. Чиркина)

Фонетикалық естудің дамымауы дыбыс айтудағы ақаулыққа әкеледі. Фонематикалық қызметтің дамуында кездесетін ақаулықтар келешекте жазу мен оқуды меңгеруде қиыншылықтар тудырады (дисграфия, дислексия) .

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың фонетика - фонематикалық жағы туралы ғылыми мәліметтер көп, бірақ, қазақ тілінде зерттеулер аздау.

Қазақ тілі орыс тілімен салыстырғанда фонетикалық, орфоэпиялық жағынан ерекшеленеді. Бұл мектеп жасына дейінгі қазақ балаларға орыс тіліндегі арнайы құралдарын фонетикалық - фонематикалық ақаулықтарын жоюда қолдануға келмейді. Тек негізгі принцптерін қолдануға болады. Бірақ, орыс тіліндегі оқыту әдістемені қазақ тілінде оқитын балаларға алып қолдануға болмайды. Өйткені қазақ тілінде сөйлейтін балалардың дыбыс айту ерекшелігіне және қазақ тілінің спецификалық тоғыз дыбыстарының ерекшелігіне байланысты.

Қазіргі таңда қазақ балаларының сөйлеу тіліндегі күрделі ақаулықтардың саны көбеюде. Бірақ бұл балаларға арналған арнайы балабақшалар өте аз. Республикамыздың әлеуметтік - экономикалық жағдайына байланысты сөйлеу тілінің ақаулықтарын жоюға бағытталған ғылыми дәлеледенген әдістерді қайта құруды талап етеді.

Сонымен бұл мәселенің әлеуметтік мағынасы бар екенін ескеріп, әлі толық біздің жүргізген зерттеулерімізді өзекті деп атауға болады.

Зерттеудің мақсаты: Оқу үрдісінде жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық - фонематикалық жағының ерекшеліктерін анықтау .

Қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • зерттеу әдістемесін құру
  • жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық - фонематикалық жақтарын ашып көрсету.

Зерттеу объектісі - жалпы сөйлеу тілі дамымаған қазақ балаларының сөйлеу тілінің фонетикалық - фонематикалық жағы.

Зерттеудің пәні: жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың фонетикалық - фонематикалық жақтарын қалыптастырудың методикалық шарттары.

Зерттеудің әдістері - қарастырып отырған мәселеге қатысты ғылыми - әдістеме көздерін теориялық талдау жасау, зерттеуді жобалау, зерттеу барысында қолданған протоколды талдау, мәліметтерді салыстырып, сапалық және сандық сараптау, қорытындылау.

Зерттеу жұмыстарының кезеңдері.

1 Зерттеу мәселелері бойынша лингвистика, психолгия, педагогикалық, оқулық теориясы, әдіснамалық әдебиеттерге талдау жасалды.

2. Зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталды.

3. Тәжірибеклік эксперимент жұмыстары жүргізілді.

4. Алынған мәліметтерге сандық және сапалық талдау жасалынды.

Зерттеу базасы. Түзету үлгісінде сөйлеу мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған №66 балабақшасы МДМ. Түзету үлгісінде сөйлеу мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған №54 арнайы балабақша.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

  • Қазіргі таңдағы жалпы сөйлеу тілі дамымаған қазақ тілінде сөйлейтін балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық - фонематикалық жағының ерекшеліктері зерттелініп анықталады.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  • зерттеу барысында алынған мағлұматтарды, нұсқауларды ескере отырып жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілі фонетика - фонематикалық жақтарын түзету жұмыс барысының сапасын арттыруға болады.
  • Ұсынылған жұмыс жүйесін фонетикалық - фонематикасы қалыптаспаған балаларға арналған оқу әдістемелерін, оқу құралдарын және бағдарламаларды құрастыруында қолдану.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және 5 - кестеден, қорытындыдан, сілтеме жасалған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І - бөлім. Сөйлеу тілінің фонетикалық - фонематикалық жағының қалыптасуының ғылыми - теориялық негіздері.

  1. Сөйлеу тілі қалыпты дамыған балалардың сөйлеу тілінде фонетикалық - фонематикалық құрылымдарының игеруі.

Баланың жеке дамуына сөйлеу тілінің тигізетін әсері мол. Ауызша сөйлеу тілі адамның жалпы мәдениеттілігінің көрсеткіші болып келеді. Бұл тек өз ойын дұрыс нақты құрау емес, сонымен қатар басқаларға дұрыс жеткізе білу.

Баланың ересектремен сөйлеу тілі арқылы қатынасының маңызды мәні, сөздік жүйені меңгеру. Балалардағы барлық негізгі психикалық үрдістерді қалыптастыратын, нақтылықтың бейнесін жасайтын және ес пен елестету, ойлау мен іс - әрекеттің жаңа формасын жасайтын күшті фактор болып табылады. Қарым - қатынастың негізгі құралы сөйлеу тілі болып табылады және мінез құлықтың жоғарғы жүйелеуші құралы болып шығады.

Л. С. Выготский алғашқылардың бірі болып сөйлеу тілі психикалық үрдістерінің қалыптасуында шешуші рөл атқаратыны туралы ой қозғап, талдаудың негізгі жолы жоғарғы психикалық фунциялардың дамуы, сөздің әсерімен жүзеге асатын, психикалық үрдістерін қайта құруын зерттеу болып табылатыны туралы ой айтады.

Баланың психикалық іс - әрекетінің қалыптасуындағы сөйлеу тілінің рөлі туралы( Л. С. Выготский, А. В. Запарожец, А. Н. Леонтьев, В. И. Лубовский, А. А. Люблинская) сонымен бірге олардың зертеулерімен тығыз байланысты

Д. Б. Эльконин, Н. Г. Морозова, Л. С. Славин жұмыстарын атап айтарлық.

Балалардың толық дыбыстарды дұрыс айтылуы негізінен 4 - 5 жасында қалыптасады. Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтуға тәрбиелеу мектеп жасына дейінгі кезеңінде аяқталуы тиіс.

Баланың сөйлеу тілі дұрыс қалыптасуы үшін, бас миының толық жетілуі және сезім мүшелері; есту, көру, иіс сезу, дәм сезу, кеңістікті бағдарлау, сипап сезу толық дамуы керек.

Күнделікті перспективті іс - әрекет балада бес жастан бастап қалыптасады (А. А Венгер)

Сөйлеу тілі психикалық функциялардың құрылуында маңызды орын алады. Сөйлеу тілі туылғаннан пайда болатын қабілет емес, ол баланың жалпы және психикалық дамуымен қатар қалыптасады. Бала ана тілінің меңгеруі сөйлеу тілінің дамуы заңдылығына сәйкес өтеді.

Бұл кезде отбасының алатын орны үлкен. « . . . Дұрыс сөйлеу тілінің дағдылары және басқа да дағдылар отбасында қалыптасады» (Е. И. Тихеева, 1967)

Зерттеушілердің көрсеткіштері бойынша баланың сөйлеу тілінде дыбыстар әртүрлі уақытта пайда болады: біреулерінде ерте немесе кеш пайда болады. Мысалы, В. И. Бельтюковтың және А. Н. Гвозьдевтің зерттеуі бойынша ер балалар қыз балаларға қарағанда сөйлеу тілінің дыбыс айтуы кеш қалыптасады. Ал Американдық У. Бердайнның мағлұматы бойынша ер балалар мен қыз балалардың дыбыс пайда болу уақытында ешқандай айырмашылығы жоқ.

Балаланың сөйлеу тілі үш айлықта гуілдеу кезеңінен басталады. Бұл дыбысты айтудағы тілдік құрлымының белсенді дайындық кезеңі. Осымен бір уақытты сөйлеу тілін түсіну процесі жүзеге асады, яғни дауыс ырғағы, заттар мен іс - әрекетті білдіретін сөзді айыра бастайды. Дауыс пен (, Э, Ы, У, Н) дауысын (И. М. Б) дыбыстарына ұқсас гуілдеу пайда болады. Бес алты айда үлкендердің дауысын тыңдап өзі айтатын буындарды былдырлап қайталайды. Дауыс шығару белсенділігі күшейеді.

9 - 10 айда бірдей қос буыннан тұратын (мама, папа, би - би) жеке сөздерді айтады. 11 - 12 айында бес - он жеңіл сөздерді атайды. Екі жасқа қарай баланың белсенді сөздік қоры 200 - 300 сөзге жетеді.

Үш жаста балада кейбір ерекшеліктерімен сөйлеу тілінің дыбыстық барлық жүйесін игереді. Қиын игеретін дыбыстар: сонорлы « Р», «Л» ысқырық « С», «З» және ызың « Ж», «Ш». Бұл сөйлеу тілінің артикуляциялық аппаратының әлсіздігі және қозғалыс координациясының жеткіліксіздігінен (Н. Х. Швачкин, В. И. Бельтюков, А. Н. Гвозьдев) Американдық ғалым Пуленнің зерттеуі бойынша баланың толық артикуляциялық аппараты 8 жаста қалыптасады.

М. А. Александрованың мәліметі бойынша мектеп жасына дейінгі балаларда жиі кездесетін дыбысты айту кемшіліктері:

1) « Р» дыбысын тастап кету

2) « Р» дыбысын « Л» дыбысына алмастыру

3) « С», «З» және « Ц» дыбыстарын тісаралық дыбыстарға алмастыру

4) « Ш» дыбысын « С» және басқа дыбыстарға алмастыру.

М. А. Александровская мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс айтуды түзетуге бағытталған жұмыстарды жүргізуді, соның нәтижесінде фонематикалық естуді дамытуға көп көңіл бөлу керектігіне ерекше тоқталды. Балалармен жұмыс жасауда ең алдымен есту қабілетінің қабылдауына сүйену керек.

Р. И. Левина өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып келесідей қорытындыға келеді. «Сөйлеу тілінде дұрыс дыбыс айтуының қалыптасуы тек сөйлеу тілінің маторикасына ғана байланысты емес, сонымен сөйлеу тілінің акустикалық жағымен тығыз байланысты» деп айтты.

Дыбыстарды игеруде қиынға соғатын аккустикалық жағынан ұқсас дыбыстар деп, Р. Е. Левина келесі қателерді атады:

  1. «Р»дыбысын «Л»дыбысына алмастыру немесе керісінше: «ара» - ала, «төрт» - төлт.
  2. Ызың дыбыстарды ысқырық дыбыстарға алмастыру немесе керісінше: шана - сана, жаз - заз.
  3. Ұяң дыбыстарды қатаң дыбыстармен алмастыру.
  4. «М»дыбысын «Н»дыбысына алмастыру немесе керісінше «мал» - нал, «мынау» - нынау.
  5. Дауыссыздардың жұмсақ айтылуы және жұмсақ дауыссыздардың қатты дауыссыздарға алмасуы: «қасық» - қасьиқ, «сәбіз» - табіз.
  6. «Й»дыбысын «Л»дыбысына алмастыру: чай - таль.
  7. «Р»және «Л»дыбысын «Й»дыбысына алмастыру: лақ - йақ.
  8. «С»дыбысын «Т»дыбысына алмастыру: сағат - тағат.
  9. «З»дыбысын «Д»дыбысына алмастыру: зымыран - дымылан, қаз - қад.
  10. Күрделі сөзді жеңіл сөзге алмастыру: қарлығаш - қағаш.

А. Н. Гвозьдев 2 - 3 жасар бала өзінің сөйлеу тіліне мән бере бастайды деп айтты. Балаларға дыбыстардың айырмашылығын айыра білу үшін сол дыбысты дұрыс айтуы міндетті емес (Е. И. Негневицкая, А. М. Шахнарович)

М. М. Алексееваның мәліметі бойынша 5 - 6 жасар бала өзінің және қоршаған ортаның сөйлеу тілін саналы түрде бағалайды.

Шетелдік (В. Штерн, Ж. Пиаже) психологтары мен педагогтары балалардың сөйлеу тілін зерттеулерінде көрсеткендей, сөйлеу тілінің спецификалық ана тілін игеруде және оларды оқуда қолдануында әсер етеді. Мысалы, орыс тілін меңгеруінде ызың және « Р» дыбысын айтуда қиындықтар болады. С. Абрамованың зерттеуінде болгар тілін меңгерген балалар сөз ішінде « Й» дыбысын айтуда қиналады. Қытай халқының адамдарында « Р» дыбысы болмайды.

Ал қазақ тілін меңгерген балаларда ауызша сөйлеу тілінде кемшіліктер байқалады:

  1. Дауысты дыбыстарды «И», «Ы», «О»тастап кету. Дауыссыз «Ш», «Л», «Р»ортасында немесе сөздің басында Л дыбысын. Мысалы, шие - «ше», жапырақ - «жапыақ», лақтырып - «ақтырып».
  2. Екі дауыссыз дыбыстардыКС, СТжеке «Ш»дыбысына алмастыру: такси - «таши», стол - «шол».
  3. «С»дыбысын сөздің басында «Ш»дыбысымен алмастыру, «Б»дыбысын сөздің ортасында «Г», «М»дыбысына, «К»дыбысын «Т»дыбысына, «З»дыбысын «Ж»дыбысына. Мысалы, сағат - «шағат», кітап - «тітап»

Орыс тілінен алынған сөздердің ішінен « В», «Ф», «Ч», «Щ» дыбыстары « Б», «П», «Ш» дыбыстарына алмастырады.

А. Б. Бакраденованың зерттеуінде мектеп жасына дейінгі орыс тілін меңгерген қазақ балаларында қазақ тіліне тән арнайы дыбыстарды айтуда қиындықтар кездеседі. Олар:

1) еріндік дауыстыларды алмастыру (көбелек - «кобелек», алмұрт - «алмут», күн - «кун»)

2) аралас еріндік дауыстылар (бұзау - «бызау», «бузау», қасық - «касык», ілгіш - «иілгіш») .

3) қиын айтылатын дыбыстар мүлдем айтылмайды. (құлын - «клун», түлкі - «тілкі») .

4) « Ә» дыбысын жуан « А» дыбысына алмастыру (әке - «аке», әже - «аже», сәбіз - «сабыз»)

5) Тіл арты « Қ», «Ғ » дыбыстары « К», «Г» дыбыстары болып айтылады. (қыс - «кыс», қаз - «каз», аға - «ага», қағаз - «кагаз») .

6) Дауыссыз дыбыстардың жұмсартылуы (балық - «бальик», түлкі - «тульки», қол - «коль»)

7) « Ң» дыбысы сөздің ортасында не соңында айтылмайды (аң - «ан», аңыз - «аныз», оң - «он»)

Сондықтан фонематикалық есту қабілетін арттыру керек деп автор айтты.

Фонематикалық қабылдау сөйлеу тілінің сематикалық жағының дамуымен қатар қалыптасады. Есту қабілеті мен артикуляцияның дамуы жеке фонемаларды қабылдауына әсер етеді.

М. И. Лисина әуезділікті есту қабілеті баланың өсу ортасына байланысты қалыптасады деп айтты. Бұл баланың алғашқы бірінші жылының өмірінде қалыптасады.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей мектеп жасына дейінгі балалар сөздің дыбыстық талдауында қиналады.

Мектеп жасына дейінгілерінің сөздің дыбыстық талдай алмауы туралы зерттеулер көрсетілген. (Н. С. Варенцова, А. Ф. Ткачева) . Н. С Варенцованың мағлұматы бойынша 5 жасар балалардың бестен бір бөлігі ғана сөз ішінде жеке дыбыстарды айыра алады, қалғандары дыбыстық талдау жасай алмайды. Ал 6 жасар балалар А. Ф. Ткачеваның зерттеуінің мәліметі бойынша 20 % ғана сөздің дыбыстық құрамын қатесіз атай алады. Алты жасар балалардың көбісі талдау кезінде әртүрлі қателер жібереді, оның 10 % мүлдем тапсырманы орындай алмайды.

Б. Фокстың және Д. К Руттың (1975) зерттеулері баланың сөйлемді кіші бірліктерге (сөз, буын, дыбыс) қаншалықты бөле алатындығын анықтауға жүргізді, төрт жасар балалар сөзді буынға бөле алады, бірақ буындарды арнайы оқытусыз (үйретусіз) дыбыстарға бөлу қиынға соқты.

Сөз ішіндегі дыбыстарды анықтауға арналған тәсілдер бар.

И. И. Либерманның зерттеулерінде мектеп жасына дейінгілердің сөйлеу тілінің элементтерін (сөз, дыбыс) оқытуда нәтижелі көрсеткіштер көрсетті.

С. Н. Карпованың және Э. И. Трувенның зерттеулерінде мектеп жасына дейінгі балалар сөз ішінде дауысты дыбыстарды анықтауында қиындықтарын анықтады.

Жүргізілген эксперименттің нәтижесінде, баланың дыбыстық талдауды қажет ететін сөйлеу тілінің фонематикалық жағын арнайы оқытуға дейінгі кезеңде бала игермейді.

С. Н. Карпов мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің элементтерін игеруде кездесетін қиындықтарды баланың танымдық белсенділігінің болмауынан деп айтты, балаға әртүрлі арнайы тапсырмаларды ұсынып және олардың басты іс - әрекетінің бірі сюжетті - рөлдік ойын арқылы белсенділігін арттыруға болады деді.

Д. Б Эльконин (1964) С. Н Карпов (1975, 1977), Ф. А Сохин (1979),

Л. Е. Журова (1978) және тағы басқалар мектеп жасына дейінгі кезеңде балаларда сөйлеу тілінің дыбыстық танымдық белсенділігін арттырып және бақылап тұру керек, бұл ана тіліне деген тұрақты қызығушылықтарын арттырады деп ойлады.

Сонымен, мектеп жасына дейінгі қалыпты дамыған балаларды дыбысты айту және фонематикалық есту қабілеті дамуының ерекшелігі туралы әдебиеттерді талдайтын болсақ, екі жаста балалар ана тілінің барлық және акустикалық жағынан ұқсас дыбыстарын ажыратады.

Үш жаста сөйлеу тілінің барлық дыбыстық жүйесін игереді, бірақ сөйлеу тілінің артикуляциялық аппаратының қозғалыс координациясның жеткіліксіздігінен сонорлы, бұзу, ысқырық дыбыстарды игеруде қиындықтар кездеседі. Осыған байланысты балалар бұл дыбыстарды бұзып айтады, алмастырады, тастап кетеді.

Қазақ балаларында осы дыбыстармен қатар ана тілінің спецификалық дыбыстарын « Ә», «Ө», «І», «Ү», «Ұ», «Ң», «Қ» айтуда қателер кездеседі. Ал сөздің дыбыстық құрамын талдауы мектеп жасына дейінгі балалар арнайы оқытып үйреткенге дейін қиналады.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілінде фонетикалық - фонематикалық жағының дамуы жалпы заңдылықтар бойынша баяу өтеді.

  1. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық - фонематикалық бұзылыстарының ерекшеліктері.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған (ЖСТД) деп - есту қабілеті мен ой

өрісі қалыпты дамыған балалардың дыбыстық және мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің жүйесінің қалыптаспауының бұзылуынан болатын тіл кемістігі.

Жалпы сөйлеу тілінің дефектология ғылыми зерттеу институтының

Р . Е. Левина бастаған ғылыми қызметкерлерімен (Н. А. Никашина, Р. А. Каше, Л. Ф. Спирова, Г. И. Жаренкова және тағы басқалар) ХХ - ғасырдың 50 - 60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіл кемістіктерін жан - жақты зерттеулердің қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшіліктер: сөйлеу тілінің кеш басталуы, дыбыстарды бұзып айтуы, фонематикалық есту қабілетінің дамымауы, граматикалық сөйлем құрылысы мен сөздік қоры артта қалуы болып табылады. Сөйлеу тілінің бұзылыстары эмоциональды - ерік сферасының тежелуіне әкеледі, бұл баланың қоршаған ортамен қарым - қатынасына мектептегі оқу үрдісіндегі сауат ашуына кедергісін тигізеді. (Л. С. Выготский, Н. И. Жинкин, Р. Е. Левина, М. А. Никашин)

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия, сияқты күрделі сөйлеу потологияларының түрлерінде байқалуы мүмкін.

Сөйлеу тілі дамымауы кезінде қабылдау процесі төмендетіледі, ойлау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ДЫБЫС БҰЗЫЛЫСЫН ТҮЗЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінде жүйелі кемістіктерді жоюдың әдіс – тәсілдерін талдау, логопедиялық сабақтарда тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін өңдеу
Сөйлеу тілдің жүйелі кемістігі бар мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзету жұмысы
Логопедия ғылымы
Балалар сөйлеуінің дыбыстық бұзылыстарының негізгі себептері
Балалардың церебральды сал ауруы кезіндегі сөйлеу тілінің ерекшеліктері
Мектепке дейінгі мекемеде логопед қызметінің бағыттары
Мектепке дейінгі ақыл ойы кем балалармен жүргізілетін ерте түзету жұмыстары
Жазбаша тілдің бұзылуы
Дислексия және кеңістік түсініктердің бұзылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz