Бірінші Қарағанды телеарнасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы

Қарағанды университеті

Тәжиева Халима Мақсатілләқызы

Өңірлік телеарналар: шығармашылық ізденіс, формалық өзгерістер

( «Saryarqa», «Бірінші Қарағанды», Сарыағаш аудандық «Сәт» телеарналары мысалында)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В0050400 - «Журналистика» мамандығы үшін

Қарағанды 2022

Мазмұны

Кіріспе

І Заманауи өңірлік теледидар жұмысын ұйымдастыру

1. 1. 1990-шы жылдар мен XXI ғасырдың басында өңірлік телехабар тарату саласындағы мемлекеттік саясат

1. 2. Қазіргі өңірлік теледидардың ерекшеліктері және оның функциялары

ІІ Өңірлік телеарналардағы шығармашылық ізденіс, формалық өзгерістер

2. 1. "Бірінші Қарағанды", "Saryarqa", «Сәт» телеарналарының қалыптасу және даму тарихы.

2. 2 Қазіргі кезеңдегі "Бірінші Қарағанды", "Saryarqa", «Сәт» телеарналары

2. 3. Облыстық және аудандық телеарналардың жұмысындағы айырмашылықтар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ұлан байтақ қазақ даласында көгілдір экран сәуле шашқанына жарты ғасырға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында тәй-тәй басқан қазақ телевизиясы техника жағынан талай рет толықтырылып, көз ілеспес жылдамдықта қарқынды дамып, шығармашылық топтары да жетілді. Жарты ғасыр дегеніміз аз-кем уақыт емес. Кеңес дәуірінің өзінде-ақ негізін қалаған қазақ телевизиясы бүгінде 19 миллион халыққа ақпарат таратып келеді. Бертін келе өңірлік телеарналарда құрылып ондағы төртінші билік өкілдері халық пен билік арасында алтын көпір болып жергілікті тұрғындарға қалтқысыз қызмет етіп келеді. Телеарналарды соңғы 10 жылдықпен салыстырғанда оның құрылымында, хабар таратуында, техникалық жағынанда алып қарасақ айтарлықтай өзгерістер баршылық. Уақыт өте келе телеарналар арасында да қандай да бір өзара бәсекелестік пайда болды. Бұл бәсекелестік жаңа, заманауи жағдайда хабар тарататын өңірлік телеарналар арасында болатын . . . Шынайтуына келгенде бәсекелестік болған жерде тындырымды, қызу жұмыстар көптеп атқарылады.

Тақырыптың өзектілігі

Өңірлік телеарналар жергілікті тұрғындардың өмірінде үлкен рөлге ие. Телеарнадан шыққан әрбір сюжеттер мен бағдарламалардың тиімділігі, оның көптің арасында сұранысқа ие болуы тек қана журналистің кәсіби шеберлігіне, тақырыпты аша алуына, көгілдір экраннның арғы жағындағы көңілі патша көрерменді өзіне тарта алуына тікелей байланысты. Айтып өткеніміздей соңғы 10-15 жылдықта өңірлік телераналар дамып, көптеген облыстық, қалалық, аудандық медиа-холдингтер жергілікті тұрғындарға туған жерінде және елде, шетелде болып жатқан ақпараттармен қамтамасыз етіп отырды. Халыққа тұрғылықты жерінде қандай елеулі оқиғалар немесе қандай да бір проблемалар болып жатқаны қызық. Міне, осының арқасында адамдардың жергілікті телеарналарға деген қызығушылығы арта түсуде. Мен таңдаған тақырыптың өзектілігі мынада: қазіргі өңірлік телеарналар қандай деңгейде жұмыс істеп жатыр, аудандық телеарналардың ахуалы қалай? Техника мен қоса көші ілгерілеп жатыр ма? Мінекей осыларды анықтау.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Жұмысымның мақсаты - еліміздегі өңірлік телеарналардың бір-бірімен байланысын анықтау. Сондай-ақ өңірлік телеарналарадың жанрлық және тақырыптық ерекшеліктерін анықтау.

Міндеттері

1. Өңірлік телеарналардың дамуы мен қалыптасуына талдау жасау.

2. Өңірлік телеарналарда хабар тарату әдіс-тәсілдерін анықтау.

3. Өңірлік телеарналарда жұмыс істейтін тілшіге қандай кәсіби дағдылар қажет екендігін анықтау.

4. Сондай-ақ басқа телеарналармен бәсекеге қабілетті болуы үшін қандай жұмыстар жасау керектігін зерттеу.

Мұнан бөлек, өңірлік телеарналардың имиджін қалай көтеруге болатынан жан-жақты саралап, талқылап, оң шешімді табу. Сарыарқа, Бірінші Қарағанды, Сарыағаш аудандық Сәт телеарналарының жұмысына жіті тоқталу.

1. 2 Қазіргі өңірлік теледидардың ерекшеліктері және оның функциялары

Газет, телевидение, радио - бүгінде әрбір үйдің күнделікті құтты қонағына айналып үлгерген. Шынайтуына келгенде, қазіргі өмірімізді теледидарсыз елестету мүмкін емес. Әр қаймана қазақтың төрінде теледидары таңнан кешке дейін сайрап тұрады. 1958 жылдың 8 наурызында Алматы қаласындағы 4000 ға жуық және облыстағы 100-ге тарта теледидар алдында жайғасқан халық қазақ телевизиясының дикторларымен келбеті келіскен көгілдір экран арқылы тұңғыш рет дидарласты. Бұл Қазақстан үшін тарихи сәт. Арна дикторлары көгілдір экран алдына жайғасқан көпшілікті телевизия хабарларының басталуымен, сонымен қатар шұғылалы көктемнің шуақыт күндерімен бірге келетін 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады. Ағымдағы жылды 15 сәуірінен бастап, Алматы телевизиясы жұмасына тұрақты түрде 5 рет хабарлар бере бастады. Ал жаңа студия ұжымында Мәскеу, Лениниград телестудияларының шығармашылық қызметкерлері көп көмек көрсеткен болатын. Она бөлек, 1958 жылы 16 наурызда Өскемен тұрғындары да тұңғыш телевизиялық хабарларды көру кереметіне ие болды. Расын айтқанда, олара көпке дейін тек кинофильмдер көруге тура келді. Кеншілер шаһары атанған Қарағандыда тұғңыш телевизия орталығының ашылуы кеншілер мейрамымен тұспа-тұс келді. Сол жылдың 31 тамызында студия ресми түрде эфирге шығып, кеншілердің ерен еңбегі мен адал қызметін суреттеді. Осыған орай, "Жарқыра, жана бер, жұлдызым!" атты фильм көрсетілді.

Белгілі анықтаушы-зерттеушілер ауыспалы заманда отандық телевизиялық жүйенің реформалануының екі кезеңін атап көрсетті. Олар: 1985-1991 жылдар аралығындағы және 1991 жылдан дәл қазіргі күнге дейін. Кей зерттеушілер кеңестік кезеңдегі теледидар жұмысынң жалпы тенденцияларын мынадай белгілер бойынша классификациялайды:

1. Хабар тарату бойынша:

- телефизиялық хабар таратуды жалпы мемлекеттік орталықтандыру;

- теледидардың көпұлттылығы;

2. Басқару ісі бойынша:

-теледидар қызметінің кақытын қатаң шектеу, жергілікті партиялық жетекшліктің диктатурасы;

3. Техникалық қамтамасыз етілуі бойынша:

- елдің барлық аймақтарына телевизиялық хабарларды арнайы техникалық жүйе арқылы тарату;

4. Қаржыландыру бойынша:

- республикалық бюджеттен қаржыландыру;

- жарнаманың болмауы;

1958 жылы қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік, өмірінде күрделі өзгешеліктер орын алды. Ал бұл жағдай отандық телевизияға әсер етпей қоймады. Ал мұның барлығы билік басына М. С. Гарбочевтің келуіне байланысты еді. Сол уақытта "Қайта құру" идеясы қолға алынып, ақыр соңында КСРО сынды ұлы державаның құлдырауына әкеліп тынды. Міне осының арқасында жетпіс жылдық тоталитралық жүйеден кейін бұқаралық ақппрат құралдарына жеті сандық астында жатқан ақпараттар жайында хбар беруге мүмкіндік жаратылды. 1985 және 1991 жылдар аралығындағы әлемдік өзгерістер ТМД елдерімен қатар, Қазақ еліндегі телевизияны да жаңа қырынан, жаңа стильде дамытты.

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жаңа елеулі өзгерістер болды. Мінекей соның нәтижесінде, бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде телеарналарға көп өзгерісті керек қылды. Осы тұста өңірлік телеаарналардың хабар таратуында жаңа мақсат-міндеттер тұрды: ақпарат нарығында өз тәуелсіздігін нығайту, жаңа қолжетімжді үлгіні жасау. Қазақстандағы жаңа кезеңдегі телеарналардың дамуы үш сатыдан тұрды.

Бірінші кезең: 1985-1986 жылдар;

- өткен жылдарға жаңа көзқарас;

- жаңа экономикалық, шаруашылық басқаруға көзқарас;

- қазіргі мен бүгінгіні талқылау;

- батыс экономика үрдістерін қолдану;

- Әлем бойынша ақпараттық нүктелердің көбеюі;

- жарнама ағымы, жат хабарлар, батысмтық бейнетаспа өнімдері

- публицистика жанрларының, түрлерінің сондай-ақ негізгі қажеттіліктердің кеңеюі.

Екінші кезең: 1989-1991 жылдар аралығы

- сувернизация кезеңдері, автономизация, бір мемлекет ретінде, телеарналарда солай ортақ хабар тарату үрдісі;

- жекеменшік телеарналармен қатар жерсеріктік, кабельді телеарналардың пайда болуы;

- телеарна мен баспасөздегі жаңадан бекітілген жанрлар мен пішіндер;

- Бірыңғай телекеңістіктің пайда болуы мен дамуы;

- дүниежүзілік ақпараттар легіне қосылу;

Үшінші кезең: 1991- 1995 жылдар аралығында

- Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының қаржылай құлдырауға ұшырауы;

- қаламы қарымды журналистер дайндау үшін жасалған алғашқы қадамдар;

- телекеңістікте өзара бәсеклестіктің пайда болуы;

- даму және мәдени басқарманың бекітуі;

- электронды бұқаралық ақпарат құралдарына тендерлер жариялау;

- медиа - холдингетрдің даму жоспарлары;

- жерсеріктік, кабельдік телеарналардың республика көлемінде хабар таратуы;

Жалпы қазақ даласында телевидениенің дамуы жолындағы кезеңдер экономикалық, саяси және мәдени кезеңдерге тікелей байланысты болды. Алғашқы кезеңде КСРО-ның телеарна үлгісі сақталды. Аталмыш кезеңнің құлдырауына себеп болған ол, батыстық талаптарға сай мемлекеттік телеарналарда ақпараттық-танымдық бағдарламалардың көптеп ашылуы. КСРО дан алған тәжірибе мен батыстық үлгіні жаңадан бой түзеп келе жатқан қазақ телевизиясын ерекше көркемдеп тұрды.

Ішкі саясат негіздері Қазақстан Республикасындағы жалпы телеарналардың құрылымына тікелей жанама әсер етпей қоймады.

Ол:

- Елдегі аумалы төкпелі кезең;

- Қазақстанмен шекралас жатқан елдердің тұрақсыз жағдайда болуы;

- Елдегі ұлыс құрамының өте күрделі болуы;

Осы тұста әр аймақ өз күшімен жеке ақпарат орталықтарын құру жолында аянбай еңбек етті. Бұл қатарда жекеменшік БІрінші Қарағанды және Сарыағаш аудандық Сәт телеарналары да бар болатын. Дәл осы аумалы төкпелі заманда жекеменшік телеарналар өз шығындарын жарнама арқылы табамыз деген сенім және үмітпен жүрді. Ал онан бөлек басты және қосалқы қаржылай көмекті мемлекет беріп отырды. лімізде сол кездің өзінде тәуелсіз жекеменшік телевидениелер саны екі жүзге тарта еді. Бұл мекемелер өз беттерімен жұмыстарын жасап жатты. Айтып айтпай не керек, 70 пайызға жуығы мемлекеттің қолдауымен бой көтерген.

Өңірлік телеарналарды келесідей жіктеуді жөн көріп отырмын:

- "Qazaqstan" РТРК облыстық филиал; (Saryarqa)

- аймақтық телеарналар ("ТРК" "Қарағанды" ЖШС бағыныңқы компаниясы, "Сәт" Медиа Холдинг" ЖШС "Сәт" телеарнасы

Аймақтық телеарналар облыс және аймақ көлемінде аналогтық жиілікте, сандық мультиплекс операторында және ұлттық кабель желілерінде таратылады. Өңірлік телеарналардың ерекшеліктеріне тоқталсақ, бұл телеарналарда ақпаратты бағдарламалардың маңызы республикалықтардан төмен де емес. Жалпы біз ең алдымен, жаңалықтар қызметіне шолу жасайық. Ақпараттық редакция кез келген телеарнаның негізін құрайды. Әрбір телеарнаны жаңалықтарсыз елестету қиын. Мұнан бөлек ең қызық жайт, аталмыш редакцияда телекомпания немесе медиа холдинг болсын ондағы ең көп қызметкерлер осы бөлімде қызмет атқарады. Ең алдымен олардың жұмыс істеу ерекшелігі - материалдардың жинақталуы мен өңделуіне тығыз байланысты, негізгі мақсаты- облыста, қалада, аудан мен ауылдарда қандай шара болып жатқанының бәрін жаңалықта қамтамасыз ету. Бұл бөлімде режиссер, редактор, 3-4 журналист, 2-3оператор аздық етеді. Эфирге шығарылатын 1 ғана сюжетті алып қарасақ, оның арқасында көптеген журналистика саласы мамандарының ерен еңбегі жатыр. Телеарнаға жаңалық көрерменге өтімді болып шығуы үшін міндеттерді өзара қатаң бөліп алу керек. Міндетті түрді эфирді жоспарлау, журналистер мен операторлаға керек қасиет оперативтілік. Журналист пен оператор бірігіп ауызбіршілік пен ұйымшылдық арқылы жұмыс істейтін болса, онда эфирге шығарылатын хабар да халыққа ұнамды әрі өтімді болады. Телевидениені зерттеуші ғалым Г. В. Кузнецов "Ақпарат - кез келген арнаның бетке ұстары" -, деп айтқан. Жаңалықтар эфирге шықпас бұрын тележурналистер мен редакция құрылымына сәйкес бірнеше өңдеу кезеңінен өтеді. Өңірлік телеарналардың дамуын тежейтін бірқатар себептер бар, оны кез келген телеарнаның визиткасы іспеттес - жаңалықтар топтамасынан көруге болады. Өңірлік телеарналардың ақпаратты бағдарламаларында жергіліті басшылардың үні естіледі, билікке баға беріледі және өңір тұрғндарының өмір жағдайы көрсетіледі. Өңірлік телеарналар жергілікті масштабта болып жатқан барлық оқиғалардың тұрақты қатысушысы, ол респбликалық телевидениелерде назардан тыс қалып қойған жайттардан құлақдар етеді. Онан бөлек сол өңірде, облыста, ауданда, қалада басқару мәселелріне аудиторияны жинайды. Көптеген зерттеушілер соңғы 10 жылдықта өңірлік телеарнаның қарқынды дамып келе жатқанын, әрмен қарай қалыптасып кележатқандығын айтады. Тәуелсіздік алған жылодары қазақ телевизиясының оның ішінде уақыт өте келе облыстар мен қалаларда одан қала берді аймақтарда көрермендерге хабар тарататын телеарналардың жоғары деңгейде дамуын елестету қиын болды. КСРО-ның таралуы Мемлекеттік телерадионың жойылуы мен ақпараттық телекеңістіктің жойылуына әкеліп соқты. Саяси цензураға тиым салынып, телевизияда түрлі сипаттағы жекешелік пайда болды, сондай-сқ қызметіне қарай телекоспанияның бөлінуі бағдарламалар нарығын және осы салада бәсекелстікті әкелді. Орын алған жайттың барлығы дерлік елдегі мемлекеттік және мемлекеттік емес өңірлік телеарналардың жұмысын жандандыра түсті.

Қазақ телевизиясын айшықтайтын дәстүрлі сипатымен қатар, телевизиялық индустрияда өзгерістерге сәйкес көптеген өзгерістер орын алды:

- өңірлік телехабар таратуды өзінің және орталық арнаның қоржынына қалыптастыру;

- жаңалықтар шығарылымының арнайы бекітелген кестесі болуы;

- ақпарат тарату стилі;

- жергілікті билік органдарымен байланыс ( әсіресе облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшыларымен) ;

- Өңірлік телеарналар қызметкерлернің көпшілігінде журналистік білімнің болмауы;

Өңірлік телевидениенің жалпы бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіндегі орны өзгергенімен, оның күнделікті қызметі өзгеріске ұшырағаны жоқ;

- ақпаратты өрістің шектеулігі (облыс, қала, аудандарда)

- белгілі бір өңір тұрғындарының өтніш, тілегіне жауап қайыру;

Өңірлік телеарналар қаншама тырысқанымен билік мемлекеттік орталық арнаның қолында немесе аудандық телеарналардың билігі ішкі саясаттың қолында. Қарапайым халық үшін кей уақыттар жете бермейді, мұндай әдейі қандай да бір бағдарлама туарсында айтылып жатқан жоқ. Жалпылама стиль жайында сөз қозғаймыз. Өңірлік тееларналардың басым көпшілігінде республикалық арналармен ұқсас бағдарламалар көптеп кездеседі. Бұл өте орынды. Кей зерттеушілер өңірлік телеарналар күннен-күнге дамып, бой алып келе жатқандығын айтады. Алдағы уақытта көгілдір экранның арғы жағындағы көрермендер үшін бәсекеге қабілетті болатындығын айтады. Жалпы жаңалықта диктордың алар орны ерек. Көрерменді арнаны тамашалауға тарту ол ең басты жұмыстардың бірі. Ең алдымен дауыс көркем, таза, тұнық болуы керек. Диктор оқу техникасын міндетті түрде сақтауы қажет. Сонымен қатар диктор арнаның айнасы іспеттес. Шынайтуына келгенде көрермендер республикалық арнадағы журналистерді ұнатып жатады. Дегенмен де, өңірлік телеарналардағы дикторлар халыққа ақпаратты жергілікті тілде, түсінікті етіп жеткізеді. Өңірлік теледидарлардың тағы бір ерекшелігі: респуликалық телеарналарға қарағанда, жергілікті теледидар халыққа етене жақын болады. Сондай-ақ, олар көбіне аудитоияға хабар таратқаннан гөрі, олармен көптеп жүздеседі.

Өңірлік телеарналарда көп талқыға салынатын мәселердің бірі журналистің шеберлігі. Жарты ғасыр бұрын қазақ телевизиясы көрерменге жол тартқан уақыттың өзінде білікті кадрлар жетіспеді. "Қазақ телевизиясы алғашқы жылдары техникалық әрі кадрлық құрам жағынан да көп қиындықтарға кезікті. Техника тапшы әрі кәсіби маманданған режиссер не оператор жоққа тән" [1, 178] Міне өңірлік телеарналар алғаш хабар таратқан сәттің өзінде осындай жайттарға душар болды. Мәселен, мамандығы мал дәрігері бола тұра қазіргі таңда аудандық телеарнада жұмыс істеп жүрген қыз жігіттер баршылық. Алайда кәсіби журналистік білімі жоқ. Бойындағы қарым қабілеті арқылы меңгеріп кеткендер. Осылайша журналистика саласына кездейсоқ клетіндердің қатары қазіргі таңда артқан. Дегенмен де қазақта мынадай сөз бар: "Тауықты кім сойса да қасапшы сойсын". Иә, расымен де университет қабырғасында арнайы кәсіби теория түрінде білім алмай, жәй ғана тәжірибеден өткенің, күндердің күнінде әйтеуір қандай да бір сынақ болып алдыңнан шығады. "Журналистік білім берудің стандартын жетілдірмесе, жеңілдетпеу керек. Оның базалық негізі тек униыерситеттік білім болуға тиіс. Дүние жүзінеде солай. Оның сыртында қайта маманданудан өтетін, білімін толықтыратын әр түрлі курстар, семинарлар мен оқулар қарастырылса, нұр үстіне нұр. Журналист үшін ең негізгі нәрсе, бәрібір, машық емес, өмірлік құбылстарды таразылай алатын, өзіндік ой түйетін білім, парасат керек. Есті журналсит елдің бағы болса, есер журналист елодің соры екенін өмір көрсетті" Журналистика шығармашылыққа негізделген мамандық: сен оны емес, ол сені таңдайды. Теорияны тәжірибемен ұштастыра алсаң ған еңбегің жемісті болары сөзсіз. Түйгенім, кәсіби мамандықты міндетті түрде оқып, білу қажет. Себебі теория мен тәжірибе ұштаспаса халықтың жадында "есер" журналист болып қалуымыз әбден мүмкін. Журналистика саласына кездейсоқ келгендердің сол салада еңбек өтілі 5 жыл, мейлі 10 жылға жуықтаса да журналистиканың жанрларын білмей жататын сәттері болады. Бұл есті журналист үшін өте ұят. Менің осы ретте ұсынайын деп отырған жобам мынадай: кез келген өңірлік телеарнада жаза алатын, сөзге шешен мамандар болады. Алайда, бұқаралық ақпарат құралдары заңдарынан хабарсыз, журналистика жанрлары, пішіндері, қазақ журналистикасының тарихынан хабарсыздары тіпті қазақ телевизиясының алғаш рет қашан сәуле тартқанынан бей хабар журналистер қауымы кездесіп жатады. Осы олқылықтарды жою үшін, кәсіби мамандандырылған журналист өз әріптестеріне жоғарыда айтып өткен мәселерді түсіндіріп арнайы семинар сабақтарын өткізсе. Сонда ғана өзге телеарналармен тереземіз тең болып, бәсекеге қабілетті, өзіне сенімді телеарна ұжымы болып әрмен қарай болашаққа нық сеніммен қадам баса бермек.

Өңірлік теледидарлардың тағы бір ерекшелігі:

- көбіне жергілікті өңірде болып жатқан оқиғаны баяндайсың;

- Өзге республикалық арналарға қарағанда, халықпен тығым қарым-қатынаста жұмыс істейсің;

Өңірлік телеарналардың кемшін тұстары да жетерлік. Сыни материалды ішкі саясат бөлімінің рұқсатынсыз эфирге шығара алмайсың. Осыған бір тоқтау қою керек сияқты. Себебі, осындай іс-әрекеттер арқылы ішкі саясат бөлімі журналистердің құқұғын ескермей отыр. Жалпы кез келген телеарнада сыни материалдар шығу арқылы, ең алдымен халықтың сеніміне ие боласың, рейтинг жағы да көтеріледі. Шынайтуына келгенде қазір халыққа әкімдердің жиналыс өткізгені, ауылдарды аралағаны ешкімге қызық емес. Қарапайым халық тарапынан түсетін арыз-шағымдарға барып, журналистік зерттеу жүргізіп, эфирге шығарса халықтың төртінші билік өкілдеріне деген ойы өзгермек. Өйтпеген жағдайда, үкіметтің шашбауын көтеріп жүр деген жаңсақ пікір қалыптасады. Осыған байланысты тұрғындардан ауалнама жасап көрген болатынмын. 100 адамның 53 пайызы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің халық үшін қызмет істеп жүргенін айтса, қалған 47 пайызы төртінші билік өкілдеріне жоғарыдағылар билік етіп отыр деген ойын жеткізді. Журналистің сөз еркіндігін шектеуге болмайды. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесін біз республикалық және өңірлік деп бөлеміз. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарында көрінудің жалғыз объектісі - бұл саяси, экономикалық, мәдени проблемалар мен қоғамдық қатынастардың алуан түрлілігі бар нақты шындықты айқындау. Бір және белігі бір обьектіге әсер ету бұл жиынтық аудитория. Егерде барлық бұқаралық ақпарат құралдары өз дүниесін бір көрерменге, тыңдаушыға немесе оқырманға бағыттайтын болса, онда өзге бұқаралық ақпрат құралдары белгілі бір жақтарды көрсетуі міндетті. Жергілікті баспасөз мен журналистиканың қажеттілігі мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық құрылымдарымен, сондай-ақ белгілі бір аймақтың, белгілі бір өңірдің ерекшеліктерімен байланысты және өзінің ақпараттық қажеттіліктері бар әртүрлі әлеуметтік, ұлттық, кәсіби, этникалық топтардың болуымен анықталады. Жалпы жергілікті журналистиканың, атап айтқанда теледидардың болуы кейбір әлеуметтік, ұйымдастырушылық және мәдени-рекреациялық функциялармен де анықталады. Жергілікті телебағдарламалар саралануы тиіс негізгі белгілерді көрсетуге болады. Бұл белгілер бір-бірімен өзара байланысты. Біз, біріншіден, аймақтың географиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері туралы, екіншіден, аудиторияның ерекшеліктері туралы айтып отырмыз. Құрылған студиялардың қызметін жоспарлау кезінде және бұрыннан барларын таратуды ретке келтіру кезінде сыртқы орта мен аудитория құрамының нақты ерекшеліктерін жеткілікті дәл білу қажет деп қорытынды жасауға болады. Алайда, аймақтардағы "сыртқы ортаның" көп факторлы ерекшеліктерін зерттеу, ол, тиімді жүргізілмейді. Бағдарламалардың рейтингісін және оның телеарналардың хабар тарату саясатына әсерін өлшеу объективті зерттеушіні қанағаттандыра алмайды. Жергілікті студиялардың іс-әрекетінде аймақтық теледидар аудиториясының әлеуметтанулық зерттеулері одан да аз сезіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні»
Отандық телеарнадағы шетел экспанциясы
1958 жылдан 1991 жылдар аралығында
«Әл - Жазира» телеарнасының хабар беру ерекшелігі
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
Қызылорда облысы және Жамбыл облыстық аймақтық арналары Qyzylorda телеарнасы, Zhambyl арнасы
Экрандағы бейне мен сөздің үйлесімі, телеарналар ерекшелігі
7 -арна: кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігі
Қазақ телевизиясының алғышшартары
Тіл халықтың жаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz