Қазақ фразеологиясын аудару қиындықтары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Туран-Астана Университеті

Қорғауға жіберілді
Әлеуметтік- гуманитарлық
және тілдік пәндер
кафедрасының меңгерушісі
______________ В.В. Шнайдер
_______ _______ 2022 ж.
Хаттама №

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Фразеологизмдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері (І. Есенберлиннің Көшпенділер романының негізінде)

Мамандығы : 5B020700- Аударма ісі

Орындаған:
Аударма ісі мамандығы бойынша
IV курс студенті
Балмағанбет Бейбарыс Рахметоллаұлы
___________________

Ғылыми жектекшісі:
Профессор, педагогикалық ғылымдарынын докторы

___________________

Нұр-Сұлтан, 2022
АҢДАТПА
Фразеологизмдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері І. Есенберлиннің Көшпенділер романының негізінде.
Фразеологизмдер, жалпы тілдегі тұрақты тіркес атаулының бәрі аударма практикасы үшін де, теориясы үшін де ең қиын, күрделі проблематикасы. Аударма барысында фразеологизмдерді екінші тілге жеткізудің қаншама қиындықтары кездесіп, теориялық тұжырым жасауға итермелейді.
Бұл зерттеулік жұмыс жүйесі І.Есенберлиннің Көшпенділер романын негізге ала отырып, осы фразеологизмдердің аудару жолдары, аудармашының қиял әлеміндегі қиын-қыстау саяхаттарын талдау және таныстыру мақсатында орындалды.
Зерттеу барысында, І. Есенберлиннің Көшпенділер атты романынын түпнұсқасы мен аудармасы арасындағы айырмашылықтар мен аудару ұсыныстарын көре аласыздар. Аудару тәсілдернің қолданған жолдары, олардың ерекшеліктері, екі тілдің менталитеттік айырмашылықтарын және олардың әсері жайында да, саралай отыра талданады.

АННОТАЦИЯ
Приемы перевода фразеологизмов с казахского на английский на основе романа І.Есенберлина Кочевники.
Перевод фразеологизмов является одной из самых трудных переводов как на практике, так и на теорий. При переводе фразеологизмов из ИЯ на ЯП достовляет множество сложностей и требует теоретические знания.
Данная научная работа на основе романа І.Есенберлина Кочевники будет представлять виды перевода фразеологизмов, основа перевода фразеологизмов и трудности с которыми столкнулся переводчик при переводе романа.
При ознакомлении с научной работой, будет предложено приемлемые способы и разницу оригинала с переводом. Так же, способы которые были использованы при переводе фразеологизмов, различие менталитетов обоих языков и их влияние на перевод.

SUMMARY
Methods for translating pgraseological units from Kazakh into English (based on the novel by I. Esenberlin The Nomads).
Phraseology is one of the hardest to translate, it demands you to know the theoretical parts of phraseology. On the process of translating you face the problems with it`s translation and theoretical conclutions.
The research will share with you the methods of translating phraseology used in the trilogy The Nomads by I. Esenberlin and the problems with the translation of phraseology which faced the translator.
On the process of reading you will notice the differences between the original and the translation. The research has the suggestions of the translation methods, differences between SL and TL, the methods used in the TL, differences in mentality, and it`s influence on the translation.

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 ФРАЗЕОЛОГИЗМ ЖӘНЕ ОНЫ АУДАРУ КЕЗІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН
ҚИЫНДЫҚТАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Қазақ фразеологизмдерінің зерттеу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .7
1.2 Аудармадағы идиомалар мен фразеологизмдердің
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 фразеологизмдерді аудару мен аудару барысындағы қиындықтар ... 10
2 РОМАНМЕН ТАНЫСУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДАРУ ЖОЛДАРЫН
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 І.Есенберлин Көшпенділер романымен танысу ... ... ... ... ... ... ... . ..14
2.2 Романдағы фразеолозмдерді фразеологизмнің түрлеріне қарай бөле
отырып анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3 Оларды аударғандағы ерекшеліктер мен ескеретін қағидалар ... ... ... 25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .30

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі таңда фразеологизм, тілдің байлығын, даму үрдісін және сол тілде сөйлейтін адамдардың менталитетін анық айқындатын тәсіл деуге болады. Фразеологизмде халықтың тарихы мен салт-дәстүрінің нышаны жатыр. Профессор А.В. Кунин ағылшын тілінің фразеологиясын былай сынайды: фразеологизмдер негізінде халықтын айқын дүниесіне байланысты келеді, бірақ ағылшын тілінде, ағылшын халқынын ғана емес, басқада өкілдердің фразеологизмдерін жинаған. Ағылшын фразеологизмдері өзіндік және өзгелік фразеологизмдерді жинақтағанымен, өзгелік яғни, кірме фразеологизмдер басым. Олардын кей біреуінде архаикалық элементтерде бар.
Фразеология бір немесе бірнеше сөзден құралған тұрақты тіркестерді зерттейтін лингвистиканың бір бөлігі. Образдық, семантикалық, қысқалығы мен тереңдігіне қарай тілдегі басты рөлді атқарады. Фразеологизмдер көбіне ауызша сөйлегенде, көркем әдебиеттерде және политикалық әдибиеттерде кеңінен қолданылады. Фразеологизмдерді зерттеу бағытына Н.Н. Амосов, С.Г. Гаврин, А.В. Кунин, А.И. Смирниц, Н.М. Шанский және т.б. өмірлерін арнаған.
Барлық халықтың тарихы мен менталитеттік ерекшеліктерін айрықша айқындайтын фразеология. Суретшінің сурет салар алдында дайындығы мен суретте қолданылған бояю, сиялары секілді, фразеология да тілдің бояюын қанықтырып тұратын ерекше құбылыс.
Тіл қалыптасқаннан бері осы фразеолозия тиіптес ілімдер болғаны анық. Бұл халықтың даналығын, тарихи бастан кешкендері мен дәстүр, наным-сенімдерін паш етеді.
Осы критерилерге байланысты фразеология ғылымының өзектілігі мен оның І. Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясына ықпалы жайлы барынша анық жеткізуге күш салып, осы жұмысты қорыта-таныстырдым.
Дипломдық жұмыстың басты нысаны; І.Есенберлиннің Көшпенділер романының 1 бөлімі Алмас қылышқа сүйене отырып фразеологизмге анықтама беру.
Дипломдық жұмыстың құралы; түпнұсқа мен аударма айрмашылықтары мен екі тіл менталитетінің аудармаға деген ықпалы.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен мінденттері:
Аударма түсінігіне анықтама беру;
Фразеологизмдерді аудару ерекшеліктері мен тәсілдері;
Фразеологизм мен жай сөздердін айырмашылықтары;
І. Есенберлиннің Көшпенділер романын талқылау;
Романдағы фразеологизмдердің қолдану аясын анықтау;
Романдағы фразеологизмдерді ағылшын тіліне аударғанда қолданылған тәсілдер;
Аударылған нұсқа мен түп нұсқаның семантикалық ұқсастығы;
Фразеологизмдер арқылы екі тіл арасындағы менталитеттік айырмашылықты табу;
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы; І. Есенберлиннің Көшпенділер романы мен оның ағылшын тіліне аударылған нұсқасы. Екі шығармашылық жұмыстардың ішіндегі фразеологизмдерді түрлері бойынша бөлу, оларды аударғандағы түп нұсқаның негізгі мақсатынын сақталуы.
Дипломдық жұмыстың ғылыми құндылығы; фразеологизмдерді белгіленген, зерттелген топтарға бөлу. Қазақ тіліндегі фразеологияны көрсету, оған арнайы ойлап табылған фразеологияның түрлері мен атауларын қолдану. Қазақ фразеологиясын аудару қиындықтары.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері .Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдына қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес анықталды.Бітіру жұмысында жүйелік-хронологиялық, әдеби-ғылыми аналитикалық талдау,ғылыми тұжырымдамаларды жинақтау, және одан шыққан нәтижелерді дәлелдеп, жарияланады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жалпы жұмыстың құрылымы екі тараудан тұрады; Бітіру жұмысының негізгі талабы бойынша : кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, және де міндетті түрде пайдаланылған негізгі әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Фразеологизм және оларды аудару кезінде кездесетін қиындықтар
1.1 Қазақ фразеологизмдерінің зерттеу тарихы

Фразеологизмдердің пайда болуы қандай да бір уақытпен белгіленбеген. Олар тіл қалыптасқалы бар және оның тарихына сіңіп кеткен. Фразеологизм жеке лексикалық бірлік ретінде XVIII ғ. таңылды. Олар тілдің мәдениеті, салт-дәтүрі, әдет-ғұрпы, психологиясына қарай дамыған. Сондықтан да әр халықтың ерекшелігіне қарай дамып, сол халықтың ғасырлар бойы жинаған құндылықтарының бірі болып табылады.
Фразеология - ауызекі және жазбаша әдебиетте ерекше орын алатын, әр халықтың ойлау ерекшелігіне қарай, даналығына куә болатын айрықша мәнерлі, бай саланың бірі. Халқымыздың тіл қазынасының бір бөлігі бола тұра, ұлттық тіл байлығымыздың нағыз қайнар көзі, байлығы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса отыра өз маңызын жоғалтқан емес.
Фразеология - phrasis - орам, logia - ұғым, ілім деген грек сөздерінен құралған. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден, тілдегі тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазігі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімінің бір саласы дегенді, екіншіден - белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Сондықтан болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұтымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады.
Қазақ тілінің фразеологизмдерін арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан басталып, осы күнге дейін толастамай зерттеліп келеді. Қазақ фразеологиясын зерттеуге, ұлттық тіл білімін қалыптастыруға аса көрнекті тілші ғалымдар көңіл бөлді.
Қазақ фразеологизмдерін зерттеу кезеңдерін төртке бөліп қарастыруға болады. Академик І. Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білуге мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығы сияқты үш белгіге немесе үш критерийге сүйене, яғни табан тірей отырып, бүкіл қазақ тілі құрамындағы құбылыстарды ең негізгі үлкен арнаға бөлеміз. Оның біріншісі - фразеологиялық түйдектер, екіншісі - фразеологиялық тіркестер деп аталады. Фразеологиялық тіркестер өз ішінен екіге бөлінеді: а) түйін тіркес; ә) түйіс тіркес деп тұжырымдады.[1] С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектілігін атап өтті, бағыт-бағдарын көрсетеді және фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы айтып өтеді. [2] Н. Сауранбаев фразеологияға не жатады деген сұраққа көңіл бөлді. [3]
Қазақ фразеологизмдерін зерттеудің екінші кезеніңде алпысыншы жылдары ғалымдар фразеологизмдер мен тұрақты тіркестер бір ме, оларға қайсысының қатысы бар деген сауал мазалайды. Р. Сәрсенбаевтың қазақ мақал -мәтелдерінің лексика- стилистикалық ерекшеліктері атты кандидаттық диссертациясында, С. Исаевтың қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестерінің бір типі жөнінде мақаласында осы ерекшеліктерге назар аударған. [4] Осы жылдарда жеке авторлар шығармаларындағы фразеологизмдердің қолдануына да көңіл бөліп, сөз таптарын жүйеледі, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай топтады. Ә. Болғанбаевтың қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәнді тұрақты сөз тіркестері, М. Белбаеваның Сұлтанмахмұт шығармаларындағы фразалық тіркесте мақалалары мен осы жылдары қорғалған. [5]
Жетпісінші жылдарда фразеологизмдерді өзге құбылыстардан айыру жөнінде А. Байтелиев кандидаттық диссертация қорғап, Ә. Қайдаров пен Р. Жайсақовқа, А. Елешова қазақ фразеологизмдерін классификациялау мәселесіне көңіл аударды.[6] Осы кезеңде қазақ фразеологизмдерінің өзге тілдерде берілуі және өзге тілдердегі шығармаларды қазақ тіліне аударғандағы фразеологизмнің берілуі тілші ғалымдар назарын аударды. Академик І. Кеңесбаевтың көп жылдық еңбегінің нәтижесі он мыңнан аса фразаны қатыған қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі шықты.
Үшінші кезең - қазақ фразеологиясын жан - жақты зерттеу кезеңі. 80-ші жылдар алдыңғы кезеңдегі жұмыстардың заңды жалғасы болды. Қазақ фразеологизмдерін өзге тілдердегі кандидаттық диссертациялар қорғалды. Ж. Қонақбаева антоним фразеологизмдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде салыстыра зертесе, Д. Алтайбаева фразеологизмдердің аудармадағы бірігу жолдарына (калькалау) көңіл бөлді.[7] Осы жылдарда қазақ фразеологиясын зерттеуде М.М. Копыленко мен З.Д. Попованың жаңа әдісін (семейный анализ) қолдану тәжірибелері жүзеге асты.[8]
Қазақ фразеологиясын зерттеудің төртінші кезеңі 90 - жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл кезеңде тіл білімінің осы саласында жан - жақты әрі өте көп ізденістер болып жатыр. Фразеологизмдердің этимологиясы мен жасалу көздерімен тығыз байланыста жатқан этнопсихологиялық және мәдени - танымдық аспектідегі кейінгі он жылдықта академик Ә. Қайдаров пен оның шәкірттерінің еңбектерінде көрініс табады.[9]
Фразеологизмдердің тұлғалық сипаты мен мағыналық сырына үңіле зерттеу - қазақ фразеологизмдерін ұлттық тіл табиғатын ашуға қосылған үлкен үлес. Осындай еңбектердің қатарына С. Сәтенованың Қос тағанды фразеологизмдердің тілдік поэтикалық табиғаты, Г. Смағұлованың Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық - мәдени аспектілері докторлық диссертацияларын атауға болады.[10] Қ. Ғабитханұлы наным - сенімге байланысты тұрақты тіркестерге талдау жасайды.[11]
Б. Қызбаева соматикалық етістік фразеологизмдерді зерттейді.[12] Фразеология жөнінде К. Ахановтың пікірлері көңіл аударарлық. К. Аханов өзінің кітабында фразеологияны біраз талдайды. Ол осы еңбегінде бұларды екі топқа бөліп: оның бірін - еркін тіркес, екіншісін - тұрақты фразеологиялқ тіркес деп алады. Мұның алдыңғысын синтаксистік сыбағасына беріп, кейінгісін лексиканың құрамында қарастырады. Соңғы жылдары халықаралық, тіларалық қатынастың дамуына байланысты құлымы жағынан да мүлдем алшақ тілдерді салыстыра зерттеу тіл ғылымында дәстүрге айналып келе жатыр. [13]

1.2 Аудармадағы идиомалар мен фразеологизмдердің айырмашылығы

Идиома деген - фразеологизмнің бір түрі десекте болады. Бірақ, фразеологизмнен айырмашылығы идиомалар ұлтқа тән, сол ұлтқа ғана түсінікті келетін фразеологизмдер. Ал, фразеологизмдер басқа тілге аударуға келетін, басқа ұлт өкілділеріне түсінікті болатын сөздік құралым. Мысалы, қазақша алқымынан алды фразеологизмін, орыс тіліндегі взять за шиворот деген эквиваленттілігімен қиыстыруға болады. Ал, астынан су шықты ма?, жылан тістеп алдыма? деген идиомаларды орыс тіліне на месте не сидится деп аударуға келгенімен, оларды басқа ұлт өкілдеріне түсіну қиынға соғады. Себебі, астынан шу шықты ма? идиомасын бір адам, не затты орынынан қозғаған кезде қолдансақ, жылан тістеп алды ма? идиомасын орынында отыра алмайтын, жыбырлақ адамға қолданамыз. Демек, орыстын на месте не сидится идиомасын жылан тістеп алды ма? деген идиомаға эквивалент деп айтуға болады.
Жалпы айтқанда, идиома бұл - ұлттық нышаны бар фразеологизм. Кей фразеологизмдерді аудару оңайға соқса, кей біреуін аудару қиынға соғады. Кейде тіпті аударылмайтындарыда бар. Міне осы аударуға келмейтін фразеологизм түрін - идиома дейміз. Мысалы, иманы кірді, атанның басы дегенді қалай аударуға келеді? Бұны аудару мүмкін емес, себебі, бұл қазақ ұлтына сай, салт-дәстүрімізге, дінімізге сай келетін идиомалар. Бұндай идиомаларды аударуға келмеседе олардың эквиваленттерін сол тілдің өзінен іздеп табуға болады.
Тұрақты сөз тіркестер тобын фразеологизм дейміз. Фразеологизм - жай сөздерден құралып бір мағына беретін сөздік құрам. Оларды, дәлме-дәл аударуға, сөздердің мағынасына қарай жалпы ұғымын пайымдауға келмейді.
Фразеологизмдер әр тілде өз орынын тапқан. Әр тіл үйренушіге ең қиын келетіні бұл фразеологизмдерді оқи және түсіне алу болып табылады.
Фразеологизмдерді 4 негізгі топқа бөліге болады:
* Идиомалар
* Фразеологизмдік бірліктер
* Фразеологизмдік құрылымдар
* Фразеологизмдік сөйлемдер немесе тіркестер
Фразеологизмдік бірліктер - жай сөздерден құралып бір мағына беретін, жеке-жеке басқа мағына беретін фразеологизмнің бір түрі.
Мысалы, кірерге тесік таппады фразеологизмінде әр сөзді жеке алатын болсақ, кәдімгі, күнделікті қолданып жүрген сөздер. Ал, барлығын жинап фразеологизм шығарсақ ұялу, ұятқа қалу деген мағынаға ауыса кетеді.
Фразеологизмдік бірліктерді тағы да, бірнеше топқа бөлуге болады. Олар:
Салыстырмалы (айдай сұлу), метафорлық элементі бар эпитеттер қаз дауысты, және гиперболалық (асыра сілтеу) - түймедейді, түйедей етті, литоталық (кемсіту) - биттің қабығындай.
Фразеологизмдік құрылымдар деген - фразеологизмді құрайтын сөздер қатарын, жай сөздерді өзгертуге, айырбастауға болатын тұрақты тіркестер. Мысалы, жанын қоярға жер таппады деген фразеологизмдегі сөздерді басқа сөзбен ауыстырсақ, қолын қоярға жер таппады десек басқа мағыналы фразеологизм шығара аламыз.
Фразеологизмдік сөйлемдер, семантикалық, өздік номинаттық мағынасы бар сөздер қатарынан құралады. Мысалы, фразеологизмдік сөйлемдерге қанатты сөздерді, мәтелдерді, афоризмдерді жатқызуға болады.
Фразеологизмдік сөйлемдердің, фразеологизмдік құрылымдардан айырмашылығы, фразеологизмдік сөйлемдерді құраған жай сөздерді ауыстыруға келмейді. Мысалы, махаббат жасқа қарамайды фразеологизмдік сөйлемінде еш сөзді ауыстыруға келмейтінін көріп отырмыз.

1.3 Фразеологизмдерді аудару жолдары мен аудару барысындағы қиындықтар

Фразеологизмдік бірліктер, талай ғалымдар зерттеп жүрген лексиканың спецификалақ құрамы болып табылады. Фразеологиялық теория зерттеулерінің басты тақырыптарының бірі фразеологизмнің параметрлері, фразеологизмнің типологиясы, фразеологизмнің семантикалық түрлерін зерттеу, нақты фразеологизм түрлеріне анықтама беру, түрлі идиомалардың қолдану аясын зерттеу. Бұл зерттеулер әлі фразеологизмге беретін толық сипаттар бере қойған жоқ.
Фразеологизмдерді зерттеудегі ең басты мәселе ол, олардың аудару мәселесі қиындық туғызады. Аударуға келмейтін не аударуы ең қиынға соғатындар қатарында фразеологизм көш иесі бастап тұр десек қателеспейміз. Тіл қисынына сай болу талабы, тілдің лексикалық және грамматикалық құрылысы, әр халықтың өмірге деген көз-қарастарынын әрқилы болуы, тарихи дамуыларынын өзгешелігі, салт-дәстүрлері мен өмірлік түсінімдерінін ұқсамайтындығы фразеологизмдерді аударуды оданда қиынға соқтырады.
Фразеологизмдерді бір тілден екінші тілге аудару орасан-зор күшті талап етеді. Себебі, олар өз бойларында талпыныс, қысқа, образдық, көп түйінді және сындық қасиеттерін жинаған. Аудару барысында фразеологизмдердің мағынасын ғана жеткізбей, образдық, стилистикалық функциясын, контестік маңыздылығын жеткізуде қажет.
Я.И.Рецкер өзінің фразеологизмдерді зерттеу жұмысында, аудармашы фразеологизмдердің мағынасына үңіле білуі, эмоциональды-экспрессивтік функцияларын білдіре алуы, сонымен қатар фразеологизмнің теориялық сұрақтарын пайымдай алуы тиіс - деп ескертіп кеткен.[14] В.Л.Архангельский фразеологизмдерді аудару барысына мыналарды жатқызады:
екі тіл ерекшелігі;
фразеологизмдердің полисемиялығы (көп мағыналығы);
екі тілдің стилистикалық, эмоциональды-экспрессивтік, грамматикалық, семантикалық әртүрлілігі;
идиомалық қасиеті;
тіл қатаңдығы;
фразеологизмдердің ауыспалы қолданысы;
фразеологизмдерге ықпал ететін нақты бір социальды-тарихи оқиғалар.[15]
Сол себепті, фразеологизмдерді аударғанда аудармашыға тек екі тілді біліп қана қоймай, түп нұсқа мәтініне анализ жасай білуі, стилистикалық, дәстүрі мен тарихи айырмашылықтарын ескере отырып, фразеологизмнің мәнін жеткізе білуі тиіс.
Фразеологизмдерді аударудың жолдары көп. Бірақ Л.Ф.Дмитриева, фразеологизмдерді аударудың негізгі 4 түрін көрсетеді:
фразеологизмдік эквиваленттілік;
фразеологизмдік аналог;
калькалау тәсілі;
сипаттама аудару.[16]
Фразеологизмдік эквиваленттілік бұл - басқа тілде дәлме-дәл, сол фразеологизмге мағынасы мен стилистикалық құрылымы сай келетін эквиваленттіліктің болуы. Фразеологизмдік эквиваленттілік аудармашыға фразеологизмді екінші тілге нақты жеткізуге көп көмек тигізеді.

Кесте 1. -- Фразеологизмдік эквиваленттіліктер.

Ағылшын тілінің фразеологизмдері
Қазақша эквиваленттіліктері
As cold as ice
Мұздай суық
The bitter truth
Ащы шындық
To play with fire
Отпен ойнау
To take oneself in hand
Өз-өзіңді қолға алу.
Сабырға кел
To make oneself live by ...
Бірдемемен күнін көру.
Нәпәқатын көру
Silence is acceptance
Үндемеген, дым демейді
Be struck in the past
Өткенмен өмір сүру
Фразеологизмдік аналогтер деп басқа тұрғыдағы, бірақ мағыналары ұқсас фразеологизмдерді атаймыз. Бұл амалды эквивалентін таба алмаған кезде қолданамыз.
Бұл амалды қолдана отырып эквиваленттіліктің шарық шыңына жетуімізге болады. Мысалы,

Кесте 2. -- Фразеологизмнің аналогтары.

To turn back the clock
Істелген іс, істелді
Болары болды, бояуы сіңді
To hit smb. where it hurts
Біреудің жанын ауырту
As like as two pears in the same pot
Ұқсамаса тумағыр.
Екі түстес
Екі аққудың сыңарындай
To work one`s fingers to the bone
Сілесі қатып жұмыс істеу
To give one`s shoulder to somebody
Көмек қолын созу
To get to the point
Сөздің тоқ етері айту
Аналогтарды қолданғанда олардын мағыналарына ғана емес, қолдану аясынада мұқият болған жөн. Мысалы, jack of the trades, master of none мен қазақша аналогы қолы алтын адам, қолынан бал тамған дегенді салыстырсақ. Ағылшыншасы негативті мағынада қолданса, қазақша аналогы позитивті мағынада қолданылады.
Калькалау тәсілі дәлме-дәл аудару болып табылады. Калькалау тәсілін эквивалент пен аналогты табу мүмкін емес кезде қолданамыз.
Калькалау тәсілін қолданғанда екі шартты сақтау керек:
Фразеологизм оқушыға түсінікті болуы;
Тілдік норманын барлық ережелеріне сай болуы.

Кесте 3. -- Фразеологизмді калькалау.

Get into the trouble
Бәлеге қалу
Golden age
Алтын уақыт.
Алтын ... шақ
Time is money
Уақыт - ақша
Сипаттама аудару фразеологизмнің өзін емес, онын мағынасын сипаттай отыра аудару болып табылады. Сипаттама аудару түсіндірмелі, салыстырмалы, сипаттама, суреттеме жолдарымен жасалынады.

Кесте 4. -- Фразеологизмдерді сипаттама аудару жолдары.

East or west, home is best
Өз үйім өлең төсегім
To give a wide berth
Тыныш болу үшін, бірдемеден алшақ болу. Қаша жөнелу
Lion`s share
Жомарттық
Lie like a rug
Беті бүлк етпей өтірік айту дегенге келеді
Cut your losses
Шығынға бата бергенше, бір іс қылу дегенді білдіреді
Бұл тәсілдерді анализдай отырып, фразеологизмдердің аудару түрін екіге бөлуге болады:
Фразеологизмдік аударма - фразеологизмдермен аудару ( аналог пен эквиваленттілік);
Фразеологизмдік емес аударма - басқа да жолдармен аудару (калькалау мен сипаттама аудару).
Фразеологизмдерді аудару жолдары мен ерекшеліктерін қарастыра отырып, фразеологизмдерді аударудың қандай да бір жолы бар деп айта алмайтындығымызға көзіміз жетті. Аудару жолы екі тілге, контекст, стилистика, эмоцианалдық тұрғы, ұлттық нышан, ұқсас фразеологизмдердің болу факторларына байланысты. Сонымен қатар, аудармашынын көз-қарасы, тәжірибесі, екі тілдің салт-дәстүрі мен ерекшеліктерінен естуі болуы мен аударуға деген қабілеті де маңызды.
Аударма мамандығынын иесі өз қоржынында фразеологизмдік бірліктердің көп деген эквиваленттіктері мен аналогтары болуы тиіс. Фразеологизмдерді аударудың қиындығы түп нұсқа тілінің түсінігінде бар зат, екінші тілге жат болу, не аудармашыға түсініксіз болуы. Аударманың сапасын көтергіңіз келсе, екі тілдік барьеді азайтқыңыз келсе, онда фразеологизмдерді аударғанда аса мұқияттық танытыңыз.

2 Романмен танысу және оның аудару жолдарын шолу
2.1 І.Есенберлин Көшпенділер романымен танысу

Қазақ әбедиетінің тарихи туындылары фольклорлардан, тарихи өлең жырлардан, аңыздар мен ертегілерден туындайды. Осыған мысал ретінде М.О. Әуезовтың Қилы заман - (1928), повесінен және басқада шығармаларынан көруге болады. Олар халық прозасы ғана емес, әлем прозасы қатарына жатады.
Өкінішке орай 20-шы жылдары бұндай шығармаларға тиым салынып, националисттер деп атап жазаға тартты. Осындай заңды, қайшылықты бұзғандар қатарынан І. Есенберлиннің Қаһар атты шығармасы еді. Бұл еңбекте ъалықтың ең жарқын және қайғылы оқиғаларын ашық жеткізеді. Халықтың бостандығын меңзеген Кенесары Қасымұлының көтерілісі жайлы да сөз қозғалады.
Ілияс Есенберлиннің кітаптары бүгінгі күнге дейін сұраныста. Оның басты себебі, оның болмайды заңына қарамастан оқырманға жеткізе алған халыөтын таптырмас тарихы мен оның растығы. І.Есенберлин Қазақстандағы алғашқы да, атаулы жазушы болып қала бермек. Оның мұны жермен жексен етілген қалалар болды. Өз өмірінде ол ұлы даланың талай сырын аша біліп, біршама ғасырлардың хронологиялық іздерін қалдырып үлгерді.
І. Есенберлиннің күнделігінде былай делінген екен: Қазақстанды адамзат тарихынан алып тастай алмассың, жәнеде осы адамзаттың тарихын қазақ даласында болған оқиғаларсыз жеткізе алмассың. Тарихды бұрмалай да, бұра да алмайсың. Менің шығармашылығым осы халқымның қиын-қыстау кезееңдері мен батырлығын жеткізу болды. Мәселенің басы қазақ еліне, жері баса көктеп кірерлердің көп болғандығы. Біздің халқымыз басқаларға қарағанда көп қиыншықты, ауыртпашылықтарды бастан кешті. Қаншама қанды-жосықты көрдік. Бірде арабтың тарихшысы XV ғасырда бір ханның сөзін былай деп кетіпті: ... ендігі әлемде қазақ атты ел болмас. Бұндай оқиғалардың талайын көрген халқым бар. Талайы жоймақ болған халқым енді бүгін Батыс пен Шығыстың арасында ауқымды жерді алып, емін еркін күн кешуде. Осы оқиғаларды баршыға жайғым келіп Көшпенділер атты романды, Алтын Орда трилогиясын жазу ойға келді. Мен осы тарихи оқиғаларға сүйене отырып ой түйесек дегенім. Көшпенділердің басты ойы қазақ халқының жаужүректікке толы өткенін шынайы көрсету еді. Және ең басты мақсаты шовинизмдік философияда айтылып кеткен көшпенді елдің тарихы жоқ сөзіне қарсы дәлел ретінде болуы. Көшпенділер трилогиясы осы сөздердің жалған екендігін дәлелдейді. Қазақ халқы өзінің елі мен ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан тарихы бар және әлем тарихының бұлтартпас, айғақ құрамы.
Көшпенділер романы оқырмандарды соншалықты қызықтырған, осы сонау Қытайдан Каспий теңізіне дейін жайғасқан қазақ халқының тарихы қандай болған? сұрағына жауап болмақ. Көшпенділер кітабы қазақ халқының маңғол шапқыншылығынан кейінгі өмірі мен өз елінің құрылуы жайлы жазылған тарихи-кезеңдік роман.
Бұл романның басқаларға қарағанда ең басты ерекшелігі бар. Ол, бұған дейін ежелде көшпелі халықтың жазу әліппесінің болмауы, және осы уақытқа дейін оларды ауыздан-ауызға таратуы.
Романның Алмас қылыш бөлімінде қатыгез, тасжүрек Шыңғыс хан ұрпағы Әбілқайырдың Орта Азияда төккен қаны жайлы айтып өтеді. Әбілқайырды жазушы қатал, қаһарлы жаналғыш ретінде көрсетеді. Айлалы қанішер әрі жаналғыш ретінде көрсетілген Әбілқайыр өз билігін үреймен жүргізуді жөн көрген.
Сонымен қатар, жазушы Керей мен Жәнібектің барша қазақ халқы мен руларын Әбілқайырдан аулақ алып Бұрындық пен Қасым ханға барып қосылуын дұрыс шешім деп пайымдайды. Қасымның қарамағына өткенменде қазақ елі басқа жаулар жерімізді тартып алмасын, іштен келген жау қол сұқпасын деп тағыда қанжылап қорлыққа төзгені жайлы сөз қылып тұжырым жасайды.

2.2 Романдағы фразеологизмдерді фразеологизмнің түрлеріне қарай бөле отырып анықтау.

Романды оқу барысында көптеген фразеологизмдер байқалды. Оларды тиянақ, орынды қолданылуы тіл байлығының дәлелі. Зерттеу жұмысы осы фразеологизмдерді топ-топтап бөліп, түрлеріне жіктеп, қолданылу аясын анықтау үшін жазылды.
Романда берілген фразеологизмдерді саралай отырып, ағылшын тілі аудармасы мен қазақ тіліндегі түпнұсқа арасындағы айырмашылықтарды көрсетем. Оларды аудару тәсілдерін анық байқай аласыздар.
Роман басталғалы ең алғаш кездесетін фразеология ол:
Иә, өлім себу - Шыңғыс бабаның ұлы саясаты - жолындағы өлім себу фразеологиялық бірлік. Бұны ағылшынша аудармасында Death is primarily a weapon деп аударған. Екі фразеологизмдерді салыстыратын болсақ, түпнұсқадағы өлім себу фразеологиялық бірліктің жеткізілуі фразеологизмнің аналог тәсілімен берілген. Неліктен? Себебі, түпнұсқа мен аударманың арасында жеткізу, қолдану аясы жағынан айырмашылығы бар, бірақ екеуі де бір мағына береді.
Өлім себу - саясат жайлы, яғни, кезкелген қиындықтын шешімін өлім арқылы шешіге болады. Өліммен адамдарды қолдануға болады. Өлім себе отырып жетістікке жетіге болады.
Ал, енді аудармасын талқылайық. Death is primarily a weapon - аудармасында өлім құрал ретінде пайымдалған. Яғни, өлтіре отырып адамдарды қорқытуға, қолдануға болатындығы, өлімнің өзі құрал делінген. Бұл жерде жалпылама қолданысқа келетін фразеологиялық құрылыммен берілген.
Келесі, Қанды - жосықты жол бар фразеологизмдік құрылым. Оның ағылшын тіліндегі Our forebears have left blood-stained traces on the earth деп аналогы берілген. Аудармасы - Біздің ата-бабаларымыз қанға толы жол қалдырған. Бұл жерде ескеретін жай ағылшынша blood way, pathway of blood секілді эквиваленттерінің болуы. Бірақ, аудармашының өз қағидалары мен шығармашылық ой-түйсігінің болуы себебінен осы аналог қолданылды. Ескертетін жайт, аударма мен түпнұсқа бір-біріне эквивалент болуы шарт. Бірақ аудармашы оқырманға сөз түйінін жеткізу мақсатында, эквиваленттілікті емес, семантикалық және қосу тәсілі жолдарымен жеткізуді жөн көрген.
Лексикалық бірліктерді қосу тәсілі - түп нұсқаның мәтініндегі имплициттік, не болмаса ашылмаған мағыналық элементтерін лексикалық бірліктермен жеткізу
Келесі бір кездесетін фразеологиялық сөйлемі Екі қошқардың басы бір қазанға сия ма? Айтылған фразеологиязмді ағылшынша It is impossible to boil two sheep`s head in one and the same pot деген эквивалентімен берілген. Екі фразеологизм семантикалық жағынан бір-біріне сай. to boil - қайнату етістігінің қосу тәсілімен жігінген. Және, түпнұсқаны трансформация тәсілімен сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдырған.
Трансформация тәсілі - аударма барысында түпнұсқа сөйлемінің өзгеріске ұшырауы. Яғни, сұраулы сөйлем - лепті сөйлемге, Лепті сөйлем - хабарлы сөйлемге, бұйрықты сөйлем - сұраулы сөйлем және т.б. секілді лексикалық құрамының өзгеруі. Оның үш түрі бар: лексикалық, грамматикалық, лексико-грамматикалық.
Келесі төртінші фразеологизмдік құрылым Бұл не, қорқақтығы ма, әлде кәріліктің алды боп, табанының бүрі кете бастағаны ма?. Ағылшынша аудармасында былай беріліпті, Maybe that is because of his old age and each decision step takes.... Аудармасы - бәлкім бұл оның кәрілігі және әр нық басқан қадамы қиынға соққандығынан болар.
Қазақ тілінде берілген табанының бүрі кету фразеологимі сенімсіздікті, бейғамдықты білдіреді. Ал, аудармада фразеологизмнің жоқ болуы, мағынаны кәрілікке соқтыруы, бірақ негізгі семантикалық ойдың сақталуы түпнұсқаның аналогы болып табылады, яғни, фразеологизмнің сипаттама тәсілі қолданылған. Бұл кезде де, біз сұраулы сөйлемнің - хабарлы сөйлемге айналуын, яғни, трансформация тәсілін байқаймыз.
...Сартақ жол жүріп кеткенде Берке мойнына бұршақ салып: Уә, алла, бар болсаң, Сартақты Қарақұрымға жеткізбей ал! деп, көзінен жасы сорғалап, нәртатпай, екі күн бойы құдайдан тілейді. - жолында кездесетін мойнына бұршақ салу, жасы сорғалау және нәртатпай фразеологизмдік бірліктерді кездестіреміз.
Аудармасында бұл жолды The moment Sartak left for Kara-Korum to get the highest permit for the throne Khan Berkeh fasted and only said prayers, аnd that for whole two days деп аударған. Аудармасы - Сартақ Қарақорымға таққа отыруға рұқсат алуға кеткен кезде Берке екі күн бойы ораза ұстаумен, тек құдайға жалбарынумен болды.
Мойнына бұршақ салу - ертеден келе жатқан қазақтың ғұрпы,ырымы. Бұл ғұрыпқа алладан перзент сұраған кезде жүгінген. Аудармада бұл сәтті түсіріп тастау тәсілімен алынып, оған еш компенсация әдісі қолданылмаған. Бұл сәттегі реалийді калькалау тәсілімен жеткізуге болар ма еді?!
Түсіріп тастау тәсілі - аударма кезінде мәтіндегі бір мағына беретін сөздердін қайталанған жағдайда, сол сөздерді бір сөзбен жазу, жеткізу немесе эквиваленттілігі болмаған жағдайда қолданылады.
Компенсация тәсілі - бұл тәсіл аударма барсысындағы аударылмайтын, аударуға келмейін, не аудару барысында өзінің мағынасын жоғалтқан сөздердің орнына басқада әдістермен түсіндірілетін тәсіл. Бұл тәсіл түпнұсқаның шарттарына тәуелді емес.
Реалий - материалдық мәдениеттің қасиеттерін, этнонациональдық ерекшеліктерді, дәстүрлердің және де тарихи фактілер мен прецесстерді білдіретін лексемалар. Олардың көбінесе басқа тілдерде лексикалық эквиваленттері болмайды. Басқа тілдердің реалиилері ксенонимдер деп аталады.
Айтылып кеткен сөйлемде қолданылған жасы сорғалау фразеологизмдік бірлігі аудармада түсіріп тастау тәсілімен алынып тасталынған. Бұл кейіпкердің сезімін толық суреттеу кезінде кемшілкке алып келіп соқтыруы мүмкін. Түпнұсқада кейіпкер Берке құдайдан жылап, жалбарынып жатқанын, шарасыздығын көрсетсе, аудармада кейіпкерге бір сезімдік күйі жетіспеушілігі байқалады.

Нәртатпай - түпнұсқада ауыз бекіту және тамақтан бастарту мағыналарында жеткізілсе, аудармада fasted, яғни ораза ұстау мағынасында жеткізілген. Бұл аудармадағы фразеологизмдік эквиваленттілік.
Осы әз Жәнібек ханды қараңғы түнде туған баласы Бердібек өз қолымен бауыздап, хан тағына жетті. Бірақ Бердібек құр әкесін өлтіріп қана қоймайды. Алтын Орда тағынан дәметер деп, бір жазда ат жалын тартып мінер аға-інісін тегіс өлтірді. - делінген.
Ағылшын тілінде берілген аудармасы - One of them, kind - hearted and easy-going Janibek, was stabbed by his own son Berdibek. And to secure a cloudless future Berdibek also murdered all his older and younger brothers who could claim the throne.
Аударма мен түпнұсқаны салыстыратын болсақ, түпнұсқада берілген әз Жәнібекті - kind - hearted and easy-going Janibek деп қосу тәсілі арқылы аударған. Бұл кезде конкретизация тәсіліде байқалады. Яғни, Жәнібек ханның жұмсақ-сүректі, мейірбан адам екендігін нақтылап кеткен. Әрі жалғастырсақ a cloudless future, яғни түпнұсқада жоқ, жарқын болашақ деген фразеологизмдік бірлікті қосқан.
Конкретизация - түпнұсқадағы сөз бен сөйлемнің мағынасын ашу үшін қолданылатын нақтылау әдіс-тәсілі. Көп қайталанылған, мағыналыры ұқсас сөздерді бір сөзбен жеткізу.
Қос қолы қызыл қанға боялғанына қарамай, он жеті жасар Әбілқайырды азулы тілектестері Дешті Қыпшаққа хан етіп, ақ кигізге көтерді. Аудармасында - At seventeen Abulkhair was lifted up on a white felt mat to be proclaimed Khan.
Түпнұсқада берілген қолы қызыл қанға боялған фразеологизмі түсіріптастау тәсілімен алынып, тек оны ақ кигізге көтергені жайлы айтылған. Жәнеде ақ кигізге көтеру - ежелден келе жатқан хан сайлаудың дәстүрін, яғни, реалийді lifted up on a white felt mat дей отыра калькалау тәсілімен аударған.
Бақ құсы басына қонып, ақ түйенің қарны жарылды - метафоралық түйіні бар фразеологизмдік құрылым. Аудармада - The bird of happiness descended on his head and a white camel was sacrificed on that occasion деп берілген. Алғашқы бақ құсы басына қонып бөлігі аудармада калькалау тәсілімен аударылып, фразеологизмдік эквиваленттілікті көрсетіп тұр. Ал, кейінгі ақ түйенің қарны жарылды жалғасын аудару барысында конкретизация тәсілімен нақтыланған. Жәнеде on that occasion, яғни сол оқиғада деген сөз қосу тәсілімен жалғанған.
Бірақ адамның бағы көтерілген сайын, жауы да көбейеді. Бұған Жошының өзге ұрпақтарының арасындағы көкіректерін ежелден жегідей жеп келе жатқан бақ-күндестік, ел билеушіліктен тіған талас кеселдерінен басқа бөтен де себептер қосылған - жолы аудармада, But the higher one climbs the steps of glory, the more enemies ine has.All around there are those thristing-greedily for his throne деп аударылған.
Түпнұсқа мен аударма бір-біріне семантикалық эквиваленттілік болып табылады. Аудармада берілген бақ-күндестік фразеологизмдік аналог әдісімен thristing-greedily деп аударылған. Түпнұсқадағы екінші сөйлемді аудару кезінде, түпнұсқада конкретизация тәсілімен берілген Бұған Жошының өзге ұрпақтарының арасындағы көкіректерін ежелден жегідей жеп келе жатқан... сөздерін аудармаға жалпылама (генерализация) тәсіліне ауыстыра аударған.
Генерализация - мағынасы таяз сөз бірліктерін мағынасы ашық, жалпылау арықылы орындалатын лексико-семантикалық трансформацияның түрі. Конкретизацияның антонимдік түрі. Генерализация тәсілін түпнұсқа тілінде берілген ұғымдары, ұқсас түсініктері аударма тілінде жоқ болған кезде қолданамыз.
Әбілқайырдың сескенетін жауы екеу: бірі - Орыс ханынан тіған Құйыршық ханның баласы, Барақ ұлы Жәнібек пен оның үш аталас туысы Керей. Екінші - өзінің аталасы Мақмүдек ханнан туған Хаджа Мұхамед ханның баласы Абақ. Бұлда құр сұлтан емес, алтын Орда мен Ақ Ордаға ие болған хан тұқымдары. Әсіресе, Орыс ханның ұрпақтары қауіпті. Жәнібек пен Керейдің құр өздері ғана емес, арттарында әрқайсысы бір түменге қолбасшы бола алар қасқырдың бөлтірігіндей сегізден ұлдары тұр. Әсіресе жас болса да Жәнібектің ұлы Қасымның, Керейдің баласы Бұрындықтың аяқ алыстары бөлек.
Аудармада бұл мезет былай деп берілген - No-one did he fear more than he did Janybek and Kerei. Each one of them had courageous and power-greedy sons who, like wolf-cubs, bared their teeth in his direction. And it looked like the most dangerous of them were the son of Janybek, Kasym, and Kerei`s son Burunduk. What kind of miracle was one supposed to work to get rid if only of these, next of kin?.
Түпнұсқа мен аударма бір-біріне семантикалық эквиваленттілік. Түпнұсқада берілген Әбілқайырдың сескенетін жауы екеу: бірі - Орыс ханынан тіған Құйыршық ханның баласы, Барақ ұлы Жәнібек пен оның үш аталас туысы Керей сөйлемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің аударма тіліндегі көріністері
Ағылшын тілінің фразеологизмдері
Қазақтың салт-дәстүрін суреттеп аудару арқылы баяндау
Ағылшын тіліндегі идиомалар
Ғылыми стильді мәтіндерді аудару
Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері. Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер
Экономикалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Фразеологизм және оның зерттелуі. Қазақтың би-шешендерінің тіліндегі фразеологизмнің қолданылуы
Ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі идиомаларды аударудың ерекшеліктері
Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Пәндер