Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды
Университеті
Әбен Жансая Қабдоллақызы
Қазақ дәстүріндегі бала тәрбиесінің қазіргі қоғаммен сабақтастығы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В020600-«Дінтану» мамандығы
Қарағанды 2022
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды
Университеті
«Қорғауға жіберілді»
Философия және мәдениет
теориясы кафедрасы меңгерушісі:
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақ дәстүріндегі бала тәрбиесінің қазіргі қоғаммен сабақтастығы»
5В020600-«Дінтану» мамандығы
Орындады: Ж. Қ. Әбен Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы: Д. Б. Байбосунов
Қарағанды 2022
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 7
1. Дәстүрлі бала тәрбиесiнiң қалыптасуы мен дамуының тарихи әлеуметтiк негiздерi . . . 14
- Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар. . 25
- Бала тәрбиесіндегі діннің рөлі . . . 34
2. Жаңа Қазақстан үшін тәрбиедегі ұлттық салт-дәстүр, рухани адамгершілік ұстанымдар сабақтастығы . . . 38
2. 1Ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру . . . 47
2. 2Ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мәселесі . . . 55
Қорытынды . . . 63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы, сырнай үнімен асқақтата салған әсем сазды әнімен де ата-бабаларымыз өзінің рухани жан дүниесінің мұң шерін, асқақ арманын келер ұрпақтың зердесіне жеткізіп көкірегіне ұялатқанын ұмытуға болмайды. Ұлттық тәрбиенің ұлттық құндылықтардан нәр алатын адамгершілік ұстанымдары мәдени құндылық ретінде ғасырлар қойнауынан нәр алып, мәдениет біткенмен тепе-тең, өзіне байыта, астаса түскен үндестігі, бірлігі, түптеп келгенде, адамдықтың руханилық пен имандылықтың негізі ретінде мәдениет кеңістігіне жетелеп отырады. Қазақ халқының тәрбиелік және тәлімдік ой-пікірлері мен жол -жораларының маңызы мынадай жайттарда айшықтала түседі:қазақ халқының өміріндегі үлкенді сыйлау мен қонақ күтудің елеулі маңызы; терме, айтыс, шешендік сөздер; қонақжайлылық, тектілік, т. б. Болашақ дамуы мәдениетке сүйенген құндылықтар жүйесімен тығыз байланысты. Себебі құндылықтық қатынас арқылы барлық нәрсенің маңыздылығын айқындауға болады. Ал адамда басты құндылық деп қабылдайтын ұлттық тәрбие әрдайым жоғары тұрады. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Салт-дәстүрсіз халық болмайды. Салт-дәстүр халықтың сапалық қасиетінің, моральдық өмір сүру нормасының басты өлшеуіші. Ата салты мен халықтың қасиетті ардақ тұтқан ұтады. Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты . В. И. Белинский салт-дәстүрдің өміршеңдігі жөнінде: "Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді . . . " - дейді. Әрине, әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы болады. Осы таңдағы қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы оның салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын зерттеушілердің алдыңғы қатарында жүрген белсенді жазушы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлының еңбектері бір төбе. Ел есінен шығып бара жатқан " бел көтерер", "немеурін", "құттық", "биеқыстырмақ" тағы басқа көптеген ұлт әдет-ғұрпының 350 түрін тауып, жүйелеп ашып көрсеткен. Соған орай ол "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" деген анықтамалы жинақ бастырды. Ол этнограф қазақтың салт-дәстүрлеріне өзара топтастыра білді. (1)
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақ халқы бала тәрбиесін тереңінен зерделеген. Олар салт-дәстүр мен дінді ұштастыра отырып баланы тәрбиелей білген. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты -балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты -тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дегенсөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні - өз ұрпағы. Шыретіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, кыр- сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Балатәрбиесінде алғашқы ұстаз - ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артықтәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер - жанұяда тәрбие балаға теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі
мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың колынан келген ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды.
Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте -бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата-ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез- құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Осы тақырыпты зерттеу барысында, біз қазақ халқының бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлгенін аңғарамыз. Тақырыпты зерттей отырып ұлы ойшыл, философ қазақ ақын-жазушылардың еңбектерін пайдаландым. Соның ішінде Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы сынды дана адамдардың еңбектерінен үзінділер алдым. Сонымен қатар оқулықтармен жұмыс жасадық. Соның ішінде М. Жұмабаевтың «Педагогика», Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» еңбектері. Бұл зерттеуде тек қазақ қайраткерлерінің ғана еңбектерін пайдаланбадым, сонымен қатар шығыс жазушыларының оқулықтарын қолдандым. Ибн Сина бала тәрбиесі мен ата-ана тәрбиесінің әдістері туралы құнды пікірлер айтты. Ибн Сина баланың адамгершілік тәрбиесіне деген көзқарастарында үй шаруашылығына қатысты мәселелерді де айтады. Бала тәрбиесі - ата-ананың басты мақсаты мен міндеті. Өз кемшіліктерін түзете алатын ата-ана тәрбиеші бола алады. Адамгершілік тәрбиесінің маңызды құралы - баланы сезім мен мақтаныш сезімдерін қозғамай, бір-бірімен әңгімелесуге шақыру. Ибн Сина Балада адамгершілік қасиеттерді еңбек, дене және ақыл-ой тәрбиесімен жеке бірлікте қалыптастыруды оның адам ретіндегі дамуының негізгі факторы ретінде қарастырады.
Зерттеу жұмысының нысаны: Қазақ қоғамындағы бала тәрбиесінің сонау сан ғасырдан бастап қазіргі кезеңге дейінгі мәселесін тадай отырып, айырмашылығын бақылау көзделген.
Бала тәрбиесінде салт-дәстүр мен діннің қаншалықты жоғары деңгейде маңызды екенін көрсету негізге алынған.
Зерттеу жұмысының пәні: Қазақ мәдениетіндегі бала-тәрбиесінің қоғамдық рөлі, салт-дәстүрдің маңыздылығы, бүгінгі таңда алатын орнын әлеуметтік тұрғыда қарастыру
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Бала тәрбиесінің ата-бабаларымыз ең маңызды жұмыс етіп көрсеткен. Ақын-жазушылардың, философтардың қалдырған еңбектері зор:
- Дәстүрлі бала тәрбиесiнiң қалыптасуы мен дамуының тарихи әлеуметтiк негiздерiн зерттеу
- Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды талдау
- Бала тәрбиесіндегі діннің рөлін анықтау
- Ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мәселесі
Зepттeу жұмыcының мiндeттepi:
- ІХ-ХІІ ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесі туралы ой пікірлердің дамуына ықпал еткен әлеуметтік-педагогикалық алғы шарттарын анықтау;
- Зерттеу проблемасы аясында қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен даму генезисін анықтау;
- Орта ғасырлардығ ұлы ғұламалар еңбектерін жүйелеу негізінде қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін, оған ықпал еткен факторларды, тұжырымдамалық идеялар мен принцптерді анықтау;
- Аталған кезеңдегі қазақ отбасы тәрбиесін тарихи дамуымен байланыстыра отырып «Кемел адам» тұлғасын қалыптастыру үлгісін ғылыми - педагогикалық тұрғыда негіздеу
- ІХ-ХІІ ғасырлардығ қазақ отбасы тәрбиесінің мазмұны мен әдіс тәсілдерін айқындау, оларға сипаттама беру
Зepттeудiң тәciлi мeн әдicтeмeлiк нeгiздeрі: Жұмысты зерттеу барысында ғылыми зерттеудің кең тараған әдісі қолданылды. Соның ішінде: логикалық әдіс (индукциялық, дедукциялық) , экстрополяциялық әдіс, ретроспекциялық әдіс, эксперттік бағалау әдістері қолданылды. Зepттeу мәceлeci бойыншa тeоpиялық әдicтepдi қолдaнa отыpып, әдістемелік жинaқтaу, қоpыту, жүйeлeу, тaлдaу жәнe capaптaумeн қaтap логикaлық ой қоpыту, жaлпы дiни caлыcтыpмaлы әдicтepi кeңiнeн пaйдaлaнылды . Сонымен қатар тарих ғылымыда кеңінен қолданылды.
Дипломдық жұмыcтың құpылымы: Дипломдық жұмыc кipicпeдeн, екі бөлімнен, төрт бөлімше, қоpытынды жәнe пaйдaлaнғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн тұpaды.
1. Дәстүрлі бала тәрбиесiнiң қалыптасуы мен дамуының тарихи әлеуметтiк негiздерi
Тұлғаның дамуы өзінің бастауын ең алдымен отбасынан алатыны белгілі. Сондықтан, отбасы одан әрі адамның жеке басының негізгі қасиеттерін қалыптастырудың барынша маңызды ортасы болып қала береді.
Мен сөз еткелі отырған қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуына қатысты тұжырымдар мен ой-пікірлер қазақ жерінде өте ертеден бастау алған. Осы орайда қазақ халқының ой-пікіріне сай қалыптасқан отбасылық тәрбие дәстүрін оның өткен өмірімен, салт-санасымен, тұрмыс-тіршілікте етене бірлікте, тығыз байланыста қарастырғанды жөн көрдім.
Сондықтан ең алдымен зерттеуіміздің философиялық-әдіснамалық негіздерінің бастау көздерін, яғни қазақ отбасы тәрбиесін зерттеу үдерісінде шешуші принцптердің рөлін атқарушы теориялық білімдер жүйесін айқындап алуды міндет еттім. Сөйтіп, зерттеуіміздің ғылыми-әдіснамалық негіздерін айқындауда және зерттеуге ғылыми, жүйелі талдау жасауда мәселені танып білудегі тарихылық, обьективтілік принцптеріне сүйендім. Осы тұрғыдан алғанда біз өткен ғасырлардағы отбасы тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесінің дамуын танып біле отырып, бүгінгі күннің және болашақтағы отбасы тәрбиесінің мәселелеріне байланыстылығын анықтауға тырыстық. Өйткені зерттеу барысында бұл әдіснамалық принциптер бізге бүгінгі өркениеттілік пен ондағы мәдениетті калыпттастыруда адамзат қоғамында жинақталған тәжірибеден бас тартпай, керісінше, бізге оның құнды идеяларын бүгінгі күннің қажетіне жаратуды міндеттейді. Сонымен қатар, зерттеуге алынып отырған кезең мұралардағы отбасы тәрбиесінде баланы әлеуметтендіру тұлғалылық тұрғысынан қарастырылып келгендігін айқын көреміз. Бұл бізге қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи сатыларда тұлғаның жеке басының толысып кемелдену үрдісінің заңдылықтары мен шарттарын бақылап отыруға мүмкіндік берді.
Зерттеу жұмысы IX-XII ғасырлардағы қоғамдық даму процесі барысында
қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасу дәстүрлерінің динамикасын айқын көруде оны тұтастыққта және жүйелілікте қарастыруды міндеттеді. Осы орайда жалпы ғылымдық әдіснамаға сүйену (жүйелілік, ұзақ мерзімділік, құндылық - бағдарлық, тулғалық, мәдениеттанушылық) мәселенің ғылыми негізділігін, өткен ғасырларда жинақталған тәжірибелердегі отбасы тәрбиесінің мазмұнының, формалары мен әдіс-тәсілдерінің тұжырымдамалык идеяларын келер ұрпақ тәжірибесінде қолдануға сыни тұрғыдан қарап, оны шығармашылықпен пайдалануды көздейді. Бұл бізге отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи фактілерді, құбылыстарды, үрдістерді IX-XII ғасырдағы қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін анықтап, саралап, жан-жақты жүйелі талдауға, оның теория мен тәжірибедегі орнын белгілеуге, зерттеу мәселесінің кешегісі мен бүгінгісін ескеріп, біртұтас үрдісі ретінде конструктивті түрде қарастыруға мүмкіндік туғызды. Сондықтан, біз IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесі мәселелерін ғұламалар Қорқыт ата, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. Иассауи, Кейкаус және т. б. бүгінгі өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық өзегі болып табылатын мұраларын тарихи тұрғысында айқындай отырып, жүйелі, біртұтас, кешенді негізде қарастырдық. Зерттеуіміздің аталмыш кезеңіне дейінгі құбылыстың мән жайын елестету үшін оның тарихи қалыптасу сатысын білу маңызды. Осы тұста дүние жүзі халықтары тәрізді, қазақ халқының да өзіне тән отбасы тарихына тоқталуды жөн деп таптық. Енбектер деректеріне жүгінсек, ғасырлар қойнауында жинақталған отбасы тәрбиесінің тәжірибесіндегі бала тәрбиесіне, оны өмірге даярлаудағы отбасының рөлі, жастарды еңбекке және нақтылы қоғамдық қатынастарға бейімдеу туралы көзқарастар стихиялы түрде қалыптасқандығын байқаймыз(1 ) .
Сондықтан адам баласы басынан өткізген сан-алуан қоғамдық-экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған. Тарихи деректерге жүгінсек, отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы алғашқы қоғамдық құрылыстан бастау алғандығын көреміз. Ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен - бірі туыстас ұрпақтар жігімен бөлінетін бола тұра некелес болды.
Отбасы тарихының бұдан кейінгі даму сатысы топтық некенің ішінде жұп
отбасының қалыптаса бастауымен, яғни қандас туысқандар арасындағы некелесу ғұрпына тыйым салынуына байланысты қалыптасты. Осының нәтижесінде алғашқы қауым ішінде туыстардың бірімен бірі некелеспейтін жұп отбасы дүниеге келді.
Алғашқы кауымдық қоғамда өндіруші күштердің дамып, еңбек бөлінісінің
шығуына байланысты қауымдық ортақ меншік орнына жеке меншіктің пайда
болуы моногамиялық отбасының шығуына әкеліп соқты. Моногамияның формасы болып табылатын патриархалдық отбасының негізгі функциясы ұрпақ жалғастыру болды. Ол бала тәрбиесін, ұрпақтан ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені беру, білімді хабарлай отырып, еңбек дағдыларын қалыптастыруды қамтыды. Моногамиялық отбасының мұндай функциялары
көптеген мыңдаған жылдар көлемінде өзгеріссіз қалып отырды.
Қоғамның өркениеттенуі отбасы сипатын түбегейлі өзгертті. Онда
қоғамдық тәрбие жүйесі отбасына қарағанда бала тәрбиесінде белсенді рөл атқара бастады, соның нәтижесінде ата-аналар тұлғаны әлеуметтендірудің
бірден бір факторы болудан қалды, ал отбасында бала ең басты құндылық
ретінде танылып, тұлғалық қалыптасуының маңызы артты. Соған қарамастан
қоғамның әртүрлі даму кезеңдерінде отбасы тәрбиесі мәселесі күн тәртібінен
түскен емес. Ол қоғамдық категория ретінде онымен бірге дамып, өзгеріп отырды. Сондықтан, адам тәрбиесі отбасы мәселесімен бірлікте қатар
қарастырылып келді. Осылайша отбасы тәрбиесінің тәжірибесі алғашқы
педагогикалық теориялардың бастау көзі болды. Әйтсе де, алғашқы жалпы тұжырымдар жасауда отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері бөліп қарастырылмады.
Мектептердің пайда болуымен байланысты өскелең ұрпақты тәрбиелеу
процесінде мектеп пен отбасының өзара ара қатынасын айқындау мәселелері
туындады. Ол үстемдік етуші қоғамдық құрылысқа, сол қоғамдағы ойшылдар
мен педагогтардың философиялық, әлеуметтік-саяси көзқарастарына байланысты әр түрлі шешілді.
Бүгінгі күні «Отбасы» ұғымының мәніне, мазмұны мен тарихына үңілсек,
философиялық, педагогикалық, психологиялық және т. б. ғылым салалары
тарапынан берілген анықтамалар оның қоғамның бір бөлігі ретінде дамуын
қамтамасыз ететін негізгі буын екендігін айғақтайды. Мысалы, «Отбасы»
ұғымына Р. Н. Нұрғалиев өзінің философиялық сөздігінде "отбасы - әлеуметтік қауымдастықтың түрі, яғни ерлі-зайыпты одаққа және ері мен әйелінің, ата - аналар мен апа - қарындас ардың, бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан-алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысты ұйымдастырулың маңызды формасы"- деп сипаттама береді, ал ғалымдар Ж. Б. Қоянбаев Р. М. Қоянбаевтар өздерінің педагогикалық еңбектерінде: "Отбасы", - ол бірге тұратын некеге негізделген қандас туыстар тобы деп анықтама берген.
Жоғарыда келтірілген анықтамалардан отбасы қоғамдық құбылыс ретінде
әртүрлі жастағы және әртүрлі құқылы адамдар тобылан тұратын қауымдастықтың іс-әрекеті барысында өздерінің ішкі және сыртқы саясатын
жүргізетін мемлекеттің кішкене құрамдас бөлігі қызметін атқаратындығын түсінеміз.
Мұндай көзқарасты француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо: «Барлық қоғамдардың ең көнесі және жалғызы - ол отбасы. Сонымен қатар, отбасы керек болса, саяси қоғамдардың болашақ үлгісі: әкім - әкеге ұқсайды, ал халық - балаларға уқсайды» - деп айтқан сөзі арқылы отбасы мен қоғамның әлеуметтік қызметінің егіз екендігін дәлелдейді.
Ал, ойшыл данышпан, ғалым әл-Фараби «Отбасы» ұғымына мынадай анықтама береді: "Үй белгілі бір бөлшектерден құралады, солардың арқасында гүлденеді. Бұлар саны жағынан төртеу: ері мен әйелі; қожайыны мен қызметшісі; әке-шешесі мен баласы мүлкі мен мүлік иесі. Кімде-кім бұл бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса ол адам үйдің билеушісі және әкімі болады. Оны «қожайын» деп атайды", - деп отбасын оның құрылымдық бөліктері тұрғысынан сипаттайды.
Осы пайымдаулары арқылы ғалым заманның ағымына қарай қазақ отбасының өзі де, оның құрылымы мен тәрбие мазмұны да сан қилы өзгеріске ұшырайтынын болжағандай.
Көпқызметті отбасының бірден бір міндеті ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, оны қоғам талабына сай қалыптастыру болса, отбасы тәрбиесі - қоғамға өскелең ұрпақты тәрбиелеу институтының бірі ретінде ата-аналардың күнделікті отбасылық-тұрмыстық обьективті ыкпалымен үйлесетін мақсатты бағытталған педагогикалық әрекеттері болып табылады.
Отбасы тәрбиесінің мұндай қызметі сонау қазақ халқының қалыптасуының
бастау кезеңінен келе жатқандығын жоғарыда көрсеттік. Алайда, біз зерттеуге алып отырған IX-XII ғасырлар аралығындағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуын сөз етуде алдымен «қазақ» сөзінің және қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасу генезисіне тоқталу қажет деп ұйғардық. Өйткені қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасу бастаулары сол кезеңдерге сәйкес келеді.
«Қазақ» сөзінің шығуы туралы деректерге сүйенсек, Қазақстан Республикасының ұлттық энциклопедаясында қазақтардың бастапқы қалыптасуы Шығыс Дешті Қыпшақта таралған деп көрсетілген, оны уақыты жағынан XI ғасырға жатқызады (А. Н. Самойлович) . Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб - қыпшақ сөздігінде «қазақ» сөзіне «еркін, кезбе» деген мән беріледі. Бұл өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік ететін адамдарды білдірген.
Ал, осы бағытта жарияланған тарихи деректерде XI-XII ғасырларда Қазақстанның далалы аймағын мекендеген түрік тайпаларының отырықшылық жағдайда егіншілігі дамыған аудандармен экономикалық мәдени қарым - қатынас жасауының жақсаруы Қазақ халқының қалыптасу процесінің елеулі кезеңі болғандығын мәлімдейді.
Сондай ақ, түркі халықтарының ішіндегі қазақ тайпаларының өмір сүру дәстүрлерінің өзіндік ерекшелігін араб миссионерлері де кезінде бірден
байқаған. Онда Орта Азияға арабтар ислам дінін енгізе бастағанда кең далада емін - еркін көшіп - қонған қазіргі Қазақстан территориясындағы түрік тайпалары арасында қазақ халқын құраған тайпалар ұстанған дін исламға көп жағынан кереғар еместей болып көрінді. Сол себепті де олар бұл тайпаларды
"һаза хақ" - "һазақ" (бұл арабша сөздің мағынасы - "бұл дұрыс, жолы дұрыс") деп атады. Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет ғұрыптарын ығыстыра алмады, қайта олармен санасуларына тура келді. Оның бір көрінісі ұзақ дәуірлер бойына қазақ тайпалары арасындағы әдет ғұрыптарцың қоғамның заң нормаларының бірден-бір реттегіші рөлін атқарып келгендігі. Бұның себебі, қазақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты басқа халықтарға қарағанда томаға - тұйық өмір сүрді. Сол себепті де тек қазақи, өзіндік идеологияны өз ішіне алды. Екіншіден, әдет - ғұрып заң нормалары жалпы қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие болды. Өйткені, туыс - туыстарымен ру - ру болып көшіп - қонған қазақтарда "ру намысы" күштірек болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz