Қазақ салт - дәстүрлерінің теориялық негіздері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім. Қазақ салт-дәстүрлерінің теориялық негіздері.
1. Салт-дәстүр туралы түсінік
2. Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты жіктеу
3. Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік негіздері

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі бүгіндері жылдан-жылға сандары асып, қазақтың елі мен жерінің және тілінің мерейін өсіріп, болашақ ұрпақтың ұлтжанды болуына бірден-бір себепкер, жол көрсетуші ана тіліміздің алтын қазығы болып табылатын қазақ мектептерінде бас көтерер басты тұлға - ұстаздар қауымы екендігі дау туғызбайды.
Түптеп келгенде ата-анадан кейінгі бала, яғни оқушы тағдырының арқауына айналатын да осы мұғалімдер.
Жалпы әр ұлттың өсіп, жетіліп келе жатқан жастардың, жауқазын ұл-қыздарының өз елінің тілін, дінін, әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын, мәдениетін жете меңгерулеріне де бірден-бір атсалысатындар да осы тәлімгерлер.
Жастар - қоғам дамуындағы зор күш. Бұл кезең адамның өмірінің албырт, әрі мөлдір, ізденгіш талапкер кезі. Жастар біздің білімімізді, ғылымымызды дамытушылар.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев: "21 ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру" - деген өзінің жолдауында еліміздің дамыуна, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып өтеді.
Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.
Халық тәрбиесі - сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени мұрасы.
Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайындаұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский "әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек" деген өзінің ұлағатты ойын "Родная речь" атты еңбегінде ерекше атап айтады. Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, "бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі" - деген ой түйген болатын.
Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.
Халқымыздың ғасырдан-ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлері өте көп. Оны бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге ұмтыла ма, "халқын сүйген салтын да сүйеді" демекші, олар ата-салтын мақтаныш тұта ма, деген сұрақтар төңірегінде ойланғанымыз жөн..
Қазақ салт-дәстүрлерінің теориялық негіздері .
1.Салт-дәстүр туралы түсінік.

Әрбір халықтың өз ерекшелігі бар. Сондай ерекшеліктердің бірі - салт-дәстүрі. Салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытқан халық тарихтан өз орынын таба алмайды.
Ендеше сол тарихқа көз жіберсек, біздің қазақ халқы екі ғасырдан астам уақыт отаршылдық саясаттың астында болыпты. Жүздеген жылдар отарлық езгіні көп ұлттар басынан кешкенімен, тап біз сияқты тіл мен әдет-ғұрпына, мәдениетіне орны толмас зиян келтірген ел жоқ шығар.
Халқымыз ежелден өз ұрпағын адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеуді ең басты мақсаты санаған. Сондықтан ата-бабамыз көшіп-қонып жүріп-ақ ұрпақ қамын жеп, оның болашағына жеткілікті мән берген. Сонау "Жеті жарғыдан" бастап ата-салт, әдет-ғұрпымыз бұған дейінгі талай ұрпақ үшін теңдесі жоқ, тәрбиелік маңызы зор адамгершілік кодексіміз болды. Оған айғақ шетел оқымыстылары, ойшылдары біздің салт-дәстүрімізге ерекше назар аударып, зерттеп тамсана жазғаны.
Әдет-ғұрып пен дәстүрді идеалды форма ретінде түсіндіру Маркстік философияға дейін үстемдік еткен көзқарас болды.
Капитализмнің дамуына байланысты археология, антропология, этнография, географиялық жорықтар мен жаңа ашылулар аймақтарында қарқынды зерттеулер жүргізіліп, дәстүр мен әдет-ғұрып этнографияның, этиканың, лингвистиканың, өнертану, әдебиеттанушы ғылымдарының зерттеу нысанына айналды.
А.Ампер өзінің "Философиялық ғылымдар тәжірибесі" еңбегінде адамзат білімін табиғи классификациялауды бере отырып, ұлттың заңы мен әдет-ғұрпын қарастыратын ғылымды этнодицей деп ұсынады.
1945 жылы Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология, этнографиялық институттың ашылуына байланысты қазақ ұлтының тарихын, мәдениетін, тынысын зерттеу дұрыс жолға қойыла бастады. Ол кездегі ғалымдар Х.Арғынбаев, И.Захаров, М.Мұқанов, Ө.Жәнібеов, С.Ақатаев т.б. қазақ ұлты туралы этнографиялық білімді кеңейтуге атсалысты. Ал бүгінгі таңда қазақ мәдениетінің этнографиялық, философиялық, мәдени аспектілері бойынша Н.Масанов, Н.Шаханов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Бұл жинақталған білім көздері, зерттеулер, саралаулар ұлт ұрпағын тәрбиелеуде қолдануды қажет етеді.
Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз салт-дәстүр болғандықтан, соның әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, мағынасын ашайық.
Салт ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында "Салт - халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп, өзгеріп қоғамдық болмыс принципіне бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайға ілгері дамиды" деп анықтама берілген.
Ал, дәстүр ұғымына келетін болсақ, бұл көп мағыналы ұғым. Оған әр түрлі сөздіктердегі анықтамалар дәлел. Сондай-ақ, ол - педагогикалық, психологиялық, философиялық, этнографиялық зерттеулердің де өзегі.

Дәстүр - адамзат есіндегілерді және әлеуметтік тарихи тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың мәдениеті мен мәдениеттілігінің көптүрлігі және бірлігі жинақталған. Дәстүр қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып қоғамның әр деңгейіндегі ақылды даналықты бейнелейді.
Дәстүр әр қырынан әр түрлі аспектіде қарастырылатындықтан және әр түрлі ғылымның зерделеу нысаны болғандықтан дәстүр классификациясы да әр алуан. Мәселен, Д.Зеленин дәстүрді аймақтық (территориялық), ұлттық, отбасылық деп жүйелесе, Е.Белоусова дәстүрді жалпы әлеуметтік - саяси, діни экономикалық, халықтық - ұлттық, отбасылық, ұжымдық, мемлекеттік - патриотизмдік, еңбектік, ерліктік деп жүйелейді.
Сонымен, дәстүр ұғым ретінде мәдениеттің маңызды категориясының бірі және ол дәстүр оқу-тәрбие үрдісінің құралы да.
Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам өмірінің күнделікті тіршілігінде жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы.
Ал дәстүрдердің өрісі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан біріңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Дәстүр идеологияға жақындау да, ал салт қоғамдық психологияға жақын.
Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрибесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес.
Енді, осы дәстүрлердің бөліктерін қарастырайық, оған жататындар:
А) дәстүрлердің мазмұндарында қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастардың белгілері болатындығында;
Ә) дәстүрлердің белгілі бір дәуірдің қоғамдық-экономикалық қарым-қатынасын бейнелейтін идеялардан тұратындығы;
Б) арнайы адамдар тобына ғана тән даралық қасиеттерді (темперамент, мінез-құлық т.б.) көрсететін дәстүрлердің айырмашылықтары.
Аталған дәстүрлердің элементтерінің мазмұны - салт пен ғұрыптар арқылы беріледі. Яғни салттар мен ғұрыптар дәстүрлердің нақты іс-әрекеті ретінде қабылданып, дәстүрлердің (структуралық) түрлерін анықтауға қол жеткізеді.
Дәстүрлердің құрылымдарына тоқталсақ, оларға:
1. Дәстүрлер бірлігін анықтайтын мазмұн;
2. Салттар мен ғұрыптар дәстүрлер элементтерінің түрлерін жалғастыратындығы;
3. Ішкі сенімнен тұратын мотивке негізделген салт пен ғұрыптардың қимыл, іс-әрекеті арқылы дәстүрлерден көрініс табуы.

2. Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты жіктеу

Қазіргі кезде республикамыздағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының арқауы халықтық педагогика.
Халықтық педагогика - халықтың өте ертедегі ата-бабаларымыздың өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұрасының бірі. Халықтық педагогиканың бірнеше түрлері мен бағыттары бар.
Халықтық педагогикаға берілген анықтамалардан, оның факторлары мен негізгі бағыттарын схема түрінде көрсетуге болады. Халықтық педагогиканың негізгі бағыттары мен факторлары 2-схемада берілген.
Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты мынандай топтарға жіктеп қарастыруға болады:
oo отбасындағы салт-дәстүрлер;
oo адамгершілік салт-дәстүрлері;
oo еңбек салт-дәстүрлері;
oo ойын-сауық салт-дәстүрлері;
oo әсемдік салт-дәстүрлері;
oo өнер салт-дәстүрлері;
oo ақыл-ой тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
oo дене тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
oo ерлік тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер.
Халықтық педагогикадағы тәрбиенің осы түрлеріне жеке-жеке тоқталайық. Себебі, оның әрқайсысының өзіндік атқаратын рөлі бар.
Отбасындағы салт-дүстүрлер болсын, адамгершілік салт-дәстүрлері болсын, еңбек салт-дәстүрлері болсын, өнер салт-дәстүрлері, дене тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер болсын барлығының да басты атқаратын қызметі жан-жақты жетілген, өз ойын ашық айта алатын, дені сау, еліміздің болашағын ойлайтын ойлы, іскер, еңбекқор, білімді азамат етіп тәрбиелеу.
Отбасындағы салт-дәстүрлерге келетін болсақ. Бірінші отбасы дегеніміз не соған тоқталайық.
Отбасы дегеніміз - туысқандық байланыста болатын немерелер, ата-ана, ата-әже, балалар. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана.
Отбасының қос шынары атасы және аналардың анасы - әже. Ата-береке, мейірім, даналықтың қайнар көзі, ата салтын алға апарушыларға үлгі беретін қадірлі қария. Сондықтан да отбасында әке мен ананы, ата менен әжені сыйлауға, құрметтеуге көп көңіл бөлінеді.
Ата-ананы құрметтеу біздің халқымыздың қанында барлығын дінімізде, салтымызда, ақынымызда, жырымызда қолдап бірін-бірі толықтырып дәлелдей түседі деп тілге тиек ете аламыз.
Ендігі жерде отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі - бала. Сондықтанда қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлері баланың дүниеге келуімен байланысты туған. Олар: сүйінші, балаға ат қою, бесікке бөлеу, бесік тойы, тұсау кесу, атқа мінгізу тойы, сүндет тойы, құда түсу, ұрын келу, ұзату, келін түсіру т.б.
Әрбір отбасы ұлы мен қызына жеті атасын білуге үйретіп, жұртын білуге баулыған.
"Әке көрген оқ жанар,
Шеше көрген тон пішер " - дегендей отбасында ұлын әкесі, қызын шешесі тәрбиелеген.
Тәрбиенің негізгі қағидаларының бірі ретінде "Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында" әке-ананың отбасындағы ролін қарастырған. Онда:
oo Біріншіден, баланы кішкене кезінен анасының сүт ақысын өтеуге баулу, бүкіл қоғамда әйелге, анаға ерекше ілтипат қалыптастыру.
oo Екіншіден, бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігін, тәрбиешілік мүмкіндіктерін арттыру. Отағасы шаңырақтың қорғаны, асыраушысы, ақылшысы. Сондықтан қазақ әулетінің ер-азаматты бағалау, пір тұту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Қазақ салт-дәстүрлері туралы
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Қазақ салт-дәстүрлері
Пәндер