Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі.
1. 2 Оқыту процесіндегі дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.
2. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары.
2. 1 Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы орны.
2. 2Сөз мәдениеті - мұғалім шығармашылық еңбегі.
3. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Біздің тәуелсіз елімізде білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер жас ұрпақ тәрбиесі үшін терең жауапкершілік сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбиенің тиімділігін арттыру бағытында мүмкіндіктерді пайдалану керек.
Бала- балғын тал, ересек адам- бағбан. Бул халқымыздың заманнан-заманға айтып келе жатқан қағидасы. Сондықтан ең алдымен біз баланың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруымыз керек.
Тіл - ақиқатты танытудың басты құралы. Психологиялық әдебиетте тіл болмаса ойдың тумайтыны нақты айтылған.
Тіл біздің басқа адамдармен танысу және сезіміміз бен көңіл күйімізді білдіру үшін үлкен рөл атқарады. Сол үшін кіші мектеп жасымыздан бастап ана тілін, оның өмірлік қызметін ғылыми негізінде танытудың қажеттілігі ең бірінші орынға қойылады.
Ана тіліміздің тәрбиелік мәні де өте күшті. Ана тілімізді жақсы меңгерсек ғана, көркем әдебиетімізді қызыға оқуға және көркем өнер үйірмелеріне қатысуға, адамдармен жақсы қарым қатынаста болуға бейімділігіміз қалыптасады. Егер біз ана тілімізді умытып, басқа улт тілінде сөйлесек, ең алдымен жақын адамдарымыз бен қарым қатынасымыз бузылады, көптеген түсінбеушіліктер пайда болады. . "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді қурметте"-, деген мақалымызды есте сақтағанымыз жөн.
Бастауыш мектептегі ана тілі сабағына келсек, мұғалім оқушылардың ең алдымен дүниетанымын дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтуы керек. Ана тілі сабағы, айнала қоршаған болмысты бақылау негізінде оқытылуы тиіс.
Ана тілін оқыту үшін, біздің ең бірінші мақсатымыз- оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша түрде сөйлеуін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, олардың рухани байлығын арттыру, өмірімізде ең қымбат ең асыл нарсе ол жақсылық пен ізгі ниеттердің ұрығын себу екенін түсіндіру. Балалар айналадағы зат пен құбылыстарды танып білуі керек. Соған байланысты балалардың тіл байлығы да арта түседі. Балалар неғұрлым өмірді көріп, көп нәрселерді таныса, соғұрлым ана тілі байи түседі. Балалардың тілі ауызша да жазбаша да қатар дамытылуы қажет.
Ана тілін жақсы білген баланың, ақыл ойы дурыс дамып, білімді оңай меңгеруіне көп жеңілдік келтіреді. Сол үшін мектеп жасынан бастап, ана тілін оқыту ісіне ерекше мән береді. Ал ана тілін дурыс меңгермеген бала, басқа пәндерді де дурыс уйрене алмайды. Білгенін айта алмай, не жазбаша түрде жеткізе алмай қиналады.
Ана тілі сабағының ең басты мақсаты, балалардың жеке басын қалыптастырып, олардың рухани байлығын арттырып, ақыл- ойын, сана- сезімін дамытуына ықпалын тигізіп, кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Осы мақсатты орындауға келгенде ана тілі сабағының алдына мынадай міндеттер жүктеледі:
-оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
-көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;
-шығарманың түпкі мазмұны - мәнін түсінуін, Эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т. б. ) қамтамасыз ету;
-мәтіндеге сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлеу мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту;
-шағырмадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
-ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу( дамыту;
-өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
-оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.
1. Тарау . Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі.
Қазақ мектептерінде оқытылатын ғылыми негіздер, ана тілінде жүргізіліп, балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, ауызша жане жазбаша сойлеуін дамытады. Сол себебті бастауыш мектепте, кіші жастан бастап, ана тілінің заңдылықтарын жақсы меңгеріп, әдеби тілде еркін сөйлеп, сауатты жазуды білу мақсаты қойылып отыр. Өйткені тіл дамыту нақтылап айтсақ ой дамыту болып келеді.
Ана тіліміздің аса жауапты жане күрделі түрінің бірі ол- тіл дамыту болып келеді. Себебі баланың тілін дамыту міндетін асыру үшін мектепте өтілетін қазақ тілі жане ана тіліне ғана байланысты болмай, оның сөйлеу әрекетіне де тәуелді болып келеді.
Тіл, ол біздің қоғамдық қатынасымыз, біздің басқа адамдармен сқйлесіп пікір алысу үшін үлкен рөл атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара байланысты, себебі тілсіз қоғам өмір сүре алмайды. Тілсіз ұлт құриды.
Тіл- адамзаттың өмір сүруіне зор ықпалын тигізеді. Тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Тілдің өмір сүруі үшін қоғам улкен рөл атқарады.
Ана тіліміз біз үшін тірі тарих. Тілімізде халқымыздың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесі бар. Мейлі санасы аз болсада, немесе көп болсада, әрбір халық өз тілін қурметтеп, өз тілінде аңсаған армандары мен, барша жақсылық атаулыға құрметін және басқа адамдардың бақытына кесірін тигізгендерге лағнетін айтып бейнелеген.
Ана тілі пәнінде оқушылар дұрыс жазуды, сауатты сөйлеуді меңгерту үшін ғана оқытылмайды, сонымен қатар логикалық ойлауды дамыту үшінде керекті қурал болып есептеледі.
Кәзіргі таңда ересек адамдарға үлкен жауапкершілік жүктелген, ол жауапкершілік ата- бабаларымыздың әрбір сөзін ғасырдан ғасырға сомдап жасаған, асыл қазына ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, оны келешек ұрпаққа аманаттау. Сол уғым арқылы жеткіншектерді туған халқының ақыл ойын, салт дәстүрлерін игерту.
Ана тілі ол біздің рухани байлығымыздың ең биік шыңы. Ана тілін жақсы меңгерген адам, сара жолын сараптап, игерген адам болып саналады.
Қазақ тілі - аса бай тіл. Қазақ тілінің тазалығы жайында француз ғалымы А. Жарри дн Манси « Қазақ тілі түркі тілдерініңішіндегі мейлінше таза тілдердің бірі» (Жарри де Манси « История древних и новых литератур, наук и язящных искуства Москва, 1832. 104-105 стр), - десе, В. В. Радлов « Зигро» журналының алтыншы томының 70 бетінде жарық көрген « Средняя зарафшинская долина» мақаласында: « Қазақтың тілі ұшқыр да шешен, ойнақы да, өткір, сұрақ-жауаптарға оңтайлы, кейде тіпті таңқаларлық түрде тапқыр және бәрі де, тіпті оқымаған сауатсыздарының өзі де тілін жетік меңгерген, мұндай жағдайды біз тек Европадағы француздар мен орыстардың бойынан ғана байқаймыз», - деп жазды.
Татар ғалымы А. Саиди 1926 Қазан қаласында басылған «Тіл, әдебиет, жазу әрі олардың өсулері» кітабының 86 бетінде «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол қазақ тілі мен қазақ әдебиеті біз мұны ашық айтуымыз керек», - дейді.
Көрнекті жазушымыз Ғабит Мүсірепов: «Ана тілі дегеніміз - ол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың өткенін де, болашағынан да қол үзеді», - деген.
Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміз үшін ең маңызды мәселе ол, тілдерді қолдану және дамыту болып келеді. Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев қазақ тілін өркендету үшін 11 жол бар екенін атап өтті.
1. Қазақ тілді балабақша санын тиісінше көбейту;
2. Қазақ мектептерінің санын өсіру және осы заманғы технологияның соңғы жетістіктерімен жабдықтау;
3. Қазақстанның барлық мектептерінде оқушылар қазақ тілін еркін меңгеріп шығуы үшін орыс мектептерінде қазақ тілі пәні аптасына екі - үш сағат емес, қазақ мектептеріндегі орыс тілі сияқты бес - алты сағаттық мөлшерде оқытылуы қажет;
4. Барлық орта мектеп оқушылары бірыңғай ұлттық тестілеуде қазақ тілі пәнінен міндетті түрде сынақ тапсыруы тиіс;
5. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерге оқуға жіберілетін жастар қазақ тілін білуі тиіс;
6. Білім, денсаулық, сауда және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласы мамандарының қазақ тілін жетік меңгеруіне ұмтылу;
7. Қазақ тілін жетік білетін мемлекеттік қызметкерлерге жан - жақты қолдау көрсету, әсіресе, мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша сөйлеуі қажет;
8. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне жетіктерін баспасөз, теледидардан жиі насихаттап, салт - дәстүр, әдепке байланысты түрлі конкурстар ұйымдастыруы қажет;
9. «Тілдер туралы» заңды қайта қарап, замана талабына сай өзгерістер енгізу;
10. Бұқаралық ақпарат құралдарына қазақ тілінің қолданысы 50 пайыздан кемімеуі;
11. 2010 жылға дейін жасалған « тілдерді дамыту» бағдарламасына тиісті толықтырулар енгізіп, әр облыстың мемлекеттік тілге көшу кестесін сақтау.
Ана тілін мектептерде оқыту үшін, белгілі әдіскер Ш. Сарыбайұлы оқыту әдістерін зерттеп оған нақты әдістемелік еңбектерін берген. Ғалымның бастауыш мектептерінде, бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту жумыстарына, орта мектеп балаларына грамматика ұғымын меңгерту әдістерін, балалардың тілін дамыту үшін айтылған көптеген жақсы ойлары бар.
Ғалымның еңбектерінде көбінесе тіл дамыту, жаңа сөздердің мән мағыналарын оқушыларға айтып түсіндіру, сөздік жумыстарын жүргізу мәселелеріне қатысты көптеген пікірлер айтылған. Мысалы, ғалым озінің "Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" деп аталатын еңбегінде балаларға емле ережелерін үйрету жолдарын талдау кезінде жаңа сөздерді жақсы меңгеру жолдарына да тоқталып өткен. Ол сөздердің жазылуын меңгерту үшін ғалым төмендегі әдістерді қолданған:
1. Күнделікті оқып жүрген газет, журналдарда кездестірген сөздерді жазғызып, оны күн сайын жаздырып отырамыз.
2. Сол жазып келген сөздерін алфавит ретіне келтіріп жазуды тапсырамыз.
3. Кейін алфавит ретіне енген сөздерді сөздік ретінде алуды тапсырамыз.
4. Сөздік ретінде алынғандардың мағыналарын сөздіктерден қарап, олардың нені білдіретінін біліп келуді тапсырамыз.
5. Ішіне сол сөздер енген сөйлемдерді толтырып жаздырамыз.
6. Оқытып жатқан грамматикалық тақырыпқа байланыстырып, мысалды оқушылардың сөздіктерінен аламыз. Оқып отырған кітаптардағы емлесі қиын терминдік сөздердің жазылуын байқата оқытамыз, азырақ байқата отырып, кейін кітапты жапқызып, жаңағы көрген терминдерін екінші бір оқушыға диктант ретінде айтқызып, дәптерлеріне жаздырамыз».
Ғалымның бұл пікіріне тек термин сөздерді меңгертуге ғана емес, жаңа сөздердің мағыналарын оқушылардың сөздік қорына берік орнықтыруға, сөйтіп олардың тілін дамытуға да қатысы бар.
Бастауыш мектеп оқушыларының сауаттылығын арттырып, тілдерін дамыту жұмыстары әңгімеленген құнды еңбек - профессор Қ. Жұбановтың редакциясымен шыққан «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі» деген кітап. Мұнда ана тілдің мақсаты дұрыс көрсетіле келіп, «тіл ширату» жұмысына мына сияқты талап қойылады: «Бастауыш мектепті бітіріп шыққан бала . . . оқығанын, есіткенін қысқаша түсінікті етіп жаза алатын болсын». Онан әрі тіл ширату жұмысының түрлері (сұрақтарға жауап беру, оқығанды айту, тақырып қою, суретті пайдалана отырып сөйлеу, т. б. ) қысқаша түрде аталып өтеді.
Ендігі бір көңіл аударатын еңбек - С. Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы» кітабы. 31 беттік бұл шағын еңбекте оқығанды балалардың қабылдауы оқу әдісіне байланысты екенін, әсіресе, мәнерлеп оқудың маңызын дұрыс көрсеткен. Оқығанды талдау (әңгімелесу, мазмұндама, қорытынды шығару) жұмыстарының түрлерін анықтай келіп, «Салалы сөйлеуді үйрететін жұмыс - мазмұндау жұмысы» екенін айтады. Кітапта мазмұндама мен шығарма жаздырудың орны былайша белгіленген: « . . . тіл дамыту жұмысы, оның ішінде жазба сөзге жаттықтыру жұмысы мектепте зор орын алады. Жазба сөзге жетілу үшін істелетін жұмыстың ең маңыздысы - мазмұндама, шығарма жаздыру». Кітапта оқулықтардағы бар суреттерді пайдалану, шығарманы талдау үлгілері, сөздік жүргізу сияқтылар да әңгімеленеді. Сондықтан бұл кітапты тіл дамыту жұмысын зерттегенде,
басшылыққа алынатын құралдардың бірі деп есептейміз. Әрине, кітаптың көлемі шағын, әрі әңгімелеп отырған объектісі кітап оқыту әдістемесі болғандықтан, тіл дамыту жұмысының оқуға байланысты түрлері ғана сөз етілген, оның өзі де толық қамтылмаған.
С. Жиенбаев - алғаш рет мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмысының ауызша, жазуша болып бөлінетін жігін ашып, оның әрқайсысына жататын жұмыс түрлерін, юұл жұмыстардағы ой жүйесі мен сөз қлоданудың мәнін көрсеткен әдісекер.
Ғ. Бегалиев «Бастауыш класта қазақ тілі методикасының мәселелері» еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының тілін ұстартуға, оларға сөз мағыналары туралы түсінік беруге қатысты ойлар «Ана тілі» пәнін оқыту әдістемесіне байланысты да айтылады. «Ана тілі» пәнін оқу барысында кездесетін оқушыларға түсініксіз сөздерді 5 түрге бөледі:
1. Затты, сынды, я амалды білдіретін кейбір сөздерді мүлде білмейді. Мысалы: маусым, сонар, бетегелі, маужырау.
2. Оқылатын текстіде кездесетін кейбір затты, сынды, я амалды көрсететін сөздерді оқушылар біледі, бірақ, сол затты, сынды, амалды әдеби тілімізде қолданатын, жалпыға ортақ атаумен атауды білмейді, тек төңірегіндегілер білетін атымен немесе жергілікті атымен атайды. Мәселен, текстіде шалбар, дуал, алжапқыш, ықтық деген сөздер бар, бірақ оқушы сымбелдемше, аптаап деген аттарын ғана біледі, өйткені оларды төңірегінделер солай атайды.
3. Оқушы кездескен сөздің негізгі мағынасын біледі, бірақ сол сөзге жұрнақ жалғанғанда немесе сөз тізбегінде айтылғанда, мағынасында қандай өзгешілік болатынын айыра алмайды: құладым - құлап кете жаздадым, көл - көлшік, жылы - жылылау, ат - атақ, оқылды - оқылған, оқимын - оқып отырмын деген сөздердің арасындағы айырманы дәлдеп білмейді.
4. Кездескен сөздердің тура мағынасын (бірме-бір мағынасын) біледі, бірақ сол сөздің бұрама мағынасын білмейді. Мысалы, құс ұшты - Сәрсен үкідей ұшты, қолымды сермедім - қолымды кеш сермедім.
5. Текстіде кездескен кейбір сөздердің екйбір мағыналарын білмеуі мүмкін. Мысалы, көз тоймаушылық, күншілдік, әуестік, құмарлық, ұрыншақ, сосаны, т. б.
Оқушылардың тілін ұстарту әдістемесінің негізін салып, оны өз алдына ғылым ретінде қалыптастыру қажеттігін анықтап берген - орыстың ұлы педагогі К. Д. Ушинский.
1. 2 Оқыту процесіндегі дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Балаларды дұрыс сөйлеуді үйрететін ең басты жол ол алфавит, егер бала алфавитті білмесе онда оқуды да үйрене алмайды. Баланың оқуға деген ынтасын ашу үшін бірнеше жолдарды қолдануға болады. Мысалы: әрбір алфавитке бір қызықты заттар қою, (А әріпіне алма, Б әріпіне бас, Г әріпіне гүл т. б. ) Сондай-ақ бала алфавитті қызыға жаттауы үшін көптеген видеороликтер көрсетуге болады. Әрбір әріпке бір қызықты сурет шығару т. б. Егер баланы біз алфавит тәртібіне жақсы үйретсек, онда оқуды да тез үйрете аламыз.
Оқуды үйренген соң, балаларды сауатты жазуға үйретеміз. Ол үшін арнайы дәптер қажет болады, кәзіргі заманда барлығы дайын, сонымен жұмыс жасауға болады. Дайын әріптерді үстінен жазып шығу. Жазуды үйрене алмай жүрген баламен арнайы жумыс жасалады, қолынан устап бірге жазып үйрету, әрбір әріпті бөлек бөлек жазып көрсету т. б.
Осы мақсатта Элькониннің пікірлері бар. .
Элькониннің пікірінше, оқушы қызметінің барлық жағы мазмұны, формасы бойынша қоғамға байланысты, сондықтан бала өз өмірінің алғашқы күндерінен бастап, қоғамдық дене болып табылады. Оның адамзат мәдениетіне жетуі белсенді әрекеттеріне байланысты болады. Баланың сөздік қоры сыртқы жағдайлармен, динамикалық түрде бейнеленеді. Баланың жеке іс - әрекеттерінің күшеюіне және басқа балалармен көбірек араласуы оның өз жасымен тең балалардан көргендері мен алған әсерін айту үшін монолог түрінде түсіндіру, айту қажеттілігін тудырады. Сонымен қатар әрекеттердің өзара байланысуы, бір затқа өз ойын айтып баға беру, бұйрық беру т. б. формасында да сөйлеуі үнемі даму үстінде болады. Осының барлығы балалардың сөздік қоры мен тілдің грамматикалық құрылысын интенсивті меңгеруіне әкеледі де, олардың сөзі бір-бірімен байланысты болып келеді. Ауызша тілді меңгерудің жүйесіз түрінен мектепте морфология мен лексиканы үйретудің жүйелі тәсілдеріне көшу үшін мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің сөздігіне мүмкіндігінше тілімізде жиі және сирек қолданылатын жаңа мәнге ие сөздерді сұрыптап ала білудің айрықша маңызы бар.
Тілдің синтаксисі мен семантикасына квантитативтік әдістер қолдануда көптеген қиындықтар бар: біріншіден, өте үлкен мөлшердегі сөз, сөз тіркестерінің жиыны қажет, екіншіден, мәтіндердегі сөз тіркестерін қарастыруда жекелеген қиындықтар туындамай қоймайды.
Балалар тілін квантитативтік әдіспен зерттеу - олардың лексика - грамматикалық ерекшеліктерін ашуда, сонымен қатар бастауыш білім беру кезінде оларға берілуге тиісті материалдың сандық және сапалық ерекшеліктерін анықтай отырып, алынған зерттеу нәтижелерін көркем әдебиет пен публицистикалық жанрдағы үлгілермен салыстыру арқылы тілді меңгертудің кейбір тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануда аса маңызды.
Құрастырылған стандарт негізінде бастауыш мектептегі көптеген білім бағдарламалары жарық көрді. Сауат ашу әліппе мен оқу кітабынан тұрады. Бастауыш сынып оқушыларын, бастауыш сынып пәндері бойынша оқу және жазу дағдыларын қалыптастырып, оларды байланыстырып сөйлеу, олардың сөздік қорын дамыту, оқушыларды грамматикалық тұлғада жақсы сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәдениетін үйрету, грамматикалық мағлұматтарды меңгерту, танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, құрметін білдіріп, мақтаныш сезімдерін қалыптастырып, оларды адамгершілікке, ізгілікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсаттарын көздейді.
Бастауыш сыныптарда балалар, сөйлем, сөз дыбысы және олардың шартты белгілерімен танысып өтеді. Дауысты және дауыссыз дыбысқа байланысты грамматикалық талдау әдістері беріледі. Тіл дамыту үшін төрт түрлі міндет іске асырылады.
-балалардың сөздік қорын дамыту;
-сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету;
-грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету;
- -оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сөз тілдің негізгі единицасы, дыбыстық таңбалар мен мағынаның көрінісі. Дыбыстық таңба сөздің материалдық жағынан қаласа мағына (мазмұн) оның идеялық жағын қарастырады. Бұлардың бірлігі т сөздің өмір сүруі мен қызмет атқаруының белгісі.
Сөз ол тіл білімінің барлық салаларының негізгі зерттеу әдістемелерінің бірі болып келеді. Бірақ тіл білімнің әр саласы сөздің бір қырын ғана өз объектісі етіп алады да, оны өз заңдылықтары негізінде сөз етеді. Бұл сөздің күрделі құбылыс екенін білдіреді. Тілдегі сөйлемдер бір бірімен дыбыстық және морфологиялық құрамы жағынан да қилы болып келеді. Мысалы, Асқар кеше Ақтаудан ұшақпен келді, деген сөйлемдердегі әрбір сөзді жеке алып қарасақ, дыбысталуы да морфологиялық тұлға жағынан да атқарылатын қызметі әртүрлі. Бұл сөйлемдегі сөздерсіз ешқандай ой пікірлерді құрауға болмайтын еді. Сондай-ақ тілдің грамматикалық заңдарысыз айтылған ойлар түсініксіз болатын еді. Сол үшін бұлардың әрқайсысында өздеріне тән ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері бар негізгі элементтер екенін білеміз.
Сөйлемдегі әрбір сөздерді фонетикалық және грамматикалық жағынан талдау мүмкін болғанымен, сөздердің барлық қасиеттерін грамматикалық белгілері арқылы ашылуы мүмкін емес екенін айтып өтейік.
Сөйлем құрастырылып, сөз болуы үшін дыбыстық, грамматикалық формалардың болуы жеткіліксіз. Аталып өткендей, аты аталған белгілері мен сөздердің элементтері деп аталуы үшін сол белгілері мен бірге лексикалық мағыналарының болуы шарт. Жалаң лексикалық мағынаның грамматикалық мағынамен байланысын, астасып жататындығын, олардың өмір сүру формалары тек дыбыстық тіл болатындығын ескеріп талдау жасасақ, онда сөз мәселесінің қандай қиын және күрделі екеніне көз жеткізуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz