МОҢҒОЛИЯДА ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
« МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ »
ОРЫНДАҒАНДАР:РАМАЗАНОВ РИЗАТ, ЕРКІНҰЛЫ НҰРХАН
МАМАНДЫҚ: 6В01601 - «ТАРИХ»
Алматы 2022
Мазмұны
- Кіріспе . . . 3
- Моңғолиядағы қазақ диаспорасының қалыптасуы . . . 5
- Қобданы менкен еткен қазақтар тарихы . . . 6
- Баян-Өлгийдегі қазақ диаспорасы . . . 8
- Моңғолиядағы қазақтардың ерекшеліктері . . . 9
- Моңғолия қазақтарының қазіргі кездегі ислам діні . . . 9
- Қорытынды:Моңғолия қазақтарының шаруашылығы . . . 21
- Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12
- Қосымшалар . . . 13
МОҢҒОЛИЯДА ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Моңғолияның батыс бөлігінде тұратын қазақтардың негізгі тобын абақ керейлер құрады. Абақтардың басым көпшілігі бұл елге XIX ғасырдың 60-70-жылдары Қытайдан келген. Оларды бастап келгендер Қожамжар, Самырхан сұлтандар мен Көбеш Айтбайұлы, Жылқышы, Ақтайұлы сияқты рубасылары еді. Қоныс аударып келудің негізгі себептері Қытайдағы 1850-1864 жылдары тайпиндердің (шаруалардың) және 1862-1878 жылдары дүнгендердің көтеріліс жасауы болды. Көтерілістің негізгі себебі жер тапшылығына байланысты еді. Қытай үкіметі бұл мәселені шешу үшін «жаңа жерлерді игеру» саясатына көшті, Шыңжанда жер иеленуші дүнгендер мен қытайлар қаптап кетті. Мұның өзі ондағы қазақтарға қиын тиді. Малдарына жайылым қалмаған қазақтар Моңғолияға қоныс аударуға мәжбүр болды. Олар жаңа қонысында да мал шаруашылығымен айналысты. Бірақ жалға алып пайдаланған жайылымдары үшін монғолдарға ақы төлеп тұрды.
Моңғолияны мекен еткен қазақтардың осы өлкеге келіп қоныстанғанына 150 жылдай уақыт болғаны туралы тарихшылар, зерттеуші-ғалымдар тарихи деректерге негізделген өз еңбектерінде жазды. Яғни алғаш Абақ керей руының қазақтары қазіргі Қытай Халық Республикасының Шынжаң өлкесіндегі байырғы жерлерінен Моңғолияның батысына 1860 ж. бастап қоныстана бастағаны туралы Батыс Моңғолияны аралап зерттеген орыс ғалымдары Г. Е. Грумм-Гржимайло, Г. Н. Потанин, А. М. Позднеев жəне Моңғолия қазақтары арасынан шыққан Ə. Мініс, А. Сарай, Қ. Ислам, Қ. Зардыхан секілді тарихшы-ғалымдар ғылыми еңбектерінде келтіреді. Аталған ғалымдар XIX ғ. екінші жартысында қазіргі Қытай Халық Республикасының Шынжаң өлкесін мекендеген керейлердің бір бөлігінің Алтайдың Қобда бетіне ауа көшуінің басты себептерін Шынжаң өлкесінде орын алған саяси-əлеуметтік оқиғалар салдарымен жəне малға жайылым жердің жетіспеушілігімен байланыстырады. Атап айқанда 1864 ж. Ресей мен Қытай үкіметтері арасындағы «Жунго-Ресей батыс солтүстік шекарасын тексеріп отыру шарты» аталатын келісімге сəйкес, керейлер мекен етіп отырған жер екі мемлекет билігіне, екі тарапқа бөлінген соң ру-тайпалар арасында іштей жылжу басталады. Керейдің кейбір рулары Тəңір тауының шығыс бөктері, Еренқабырға, Бурылтоғай, Көктоғай, Баркөл, Шіңгілге дейін қанат жайды. XIX ғ. екінші жартысында Абақ керейдің мал-жаны өсіп, бақ-дəулеті таси түсті. Деректерге қарағанда бұл тұста Абақ керейдің түтін саны 50 мыңға, егер бір отбасында төрт-бестен жан бар деп көрсек адам саны 200-225 мыңға жеткен. Алайда 1850-1864 жж. Қытайда етек алған шаруалар көтерілісі жəне Батыс Қытай өлкесін қамтыған дүнгендер көтерілісі салдарынан көптеген қазақ ауылдары шабуылдарға ұшырап, ер азаматтарынан, жайылым жерлерінен айырылуға душар болды. Сол кездегі Шынжаң өлкесін билеуші Маньчжур-Цин үкіметінің алым-салығына қоса жергілікті би, төрелердің қосалқы алым-салықтары жергілікті қазақтарға ауыр соқты. Осындай қыспақтардан, қыйыншылықтардан қашқақтаудың бір жолы Алтайдың теріскей бетіне асып, Моңғолияның батысы - Қобда бетін паналау болды.
Қобданы мекен еткен қазақтар тарихы. Алтайдың Қобда бетіне асқан, қазақ көшін қашан, кімдер бастады дегенге келер болсақ, ХХ ғ. басында Батыс Моңғолия, Урянхай өлкесін зерттеген орыстың əйгілі тарихшысы Г. Е. Грумм-Гржимайло: «Қазақтар өткен ғасырдың 60-жылдарының соңына ала Алтай тауын асып келіп мекендей бастапты» десе, 1876‒1877 жж. Моңғолияның батыс өлкесіне саяхат жасаған орыс саяхатшысы Г. Н. Потанин «Дайын көліне Қазақтың Көбеш, Самырхан, Қожамжар секілді ру басы, билері өздерінің рулас ағайындарымен бірге көшіп келіп өмір сүріп жатыр екен. Олар осыдан 6-7 жыл бұрын Алтай тауының күнгей бетінде еді» деп, жазып қалдырған . Ал тарихшы А. Сарай «Революциядан бұрынғы Моңғолия қазақтары» атты кітабында «Қазақтар алғашында мал отарлатып Алтайдың теріскей бетін асып барып жүрді. Кейін сол жақта қалып қойды», - деп жазды. 1924 ж. Моңғол астанасы Хүрээдегі мемлекеттік алғашқы құрылтайға қазақтардың өкілі ретінде қатысқан Дəуітбай Тауданбекұлы: «Қазақтардың Моңғол жерін мекендегеніне 60 жыл болды» деп айтқаны керейлердің 1860 ж. бастап Моңғол жеріне қоныс аудара бастағанын білдіреді жəне бұл Моңғолия қазақтарының алғашқы тарихын жазған тарихшылар Ə. Мініс, А. Сарайдың «Абақ керейдің ауылдары 1868‒1869 жж. бастап Моңғол жеріне біржолата қоныс теуіп қалды» деген қортындымен сабақтасады. Қобда бетіне алғашқы кезде Абақ керейдің Жантекей, Шеруші, Жəдік, Молқы, Шұбарайғыр, Қарақас руларын бастаған Жылқышы, Көбеш, Сүкірбай, Самырхан, Бітімші, Жуанған секілді ру билері жəне Қожамжар төре ауылдары мекендей бастапты. Бұлар өз заманында ел бастап Қобда бетіне асқан алғашқы көшті басқарған көш басшылары болмақ. Тарихшы А. Сарай өзінің еңбегінде, 1882-1883 жж. Маньчжур-қытай əкімшілігі Қобда бетіне өткен қазақтарды қайта Алтайға көшіруге қыспақтағанын, ақыры бұған көнбеген қазақтардан көп мал алып тынғанын жазады. Абақ керейдің Шеруші руы бес күннің ішінде 10 мың ұсақ, мың ірі қара жинап беріпті. Жантекей руы бұл талапты уақытында орындай алмағаны үшін қытайлар рудың үкірдайы Көбештің баласы Асылбектің басын алған. Бұл Қобда бетіндегі қазақтардың наразылығын туғызып, осы қайғылы жағдайға байланысты кезінде көптеген өлең-жырлар халық арасына тараған. Қазақтар келгенге дейін Қобда беті жергілікті уранхайларға қарасты болғандықтан алғашында олар қазақтардың бұл мекенге түбегейлі орналасуына көңілсіздік танытып, Маньчжур-Цин үкіметіне дейін арыз-тілек жазғаны бар. Бірақ қазақтар жергілікті урянхай нояндарына сый-сияпат, тарту-таралғы жасау арқылы ішкерлей берді. Жер ақысы үшін урянхай нояндары қазақтардан əр жүз мал басынан бір түйе, бір жылқы, бір сиыр, он қой алып отырған. Алғашқы кезде урянхайлар қазақтарға жер иелендірмеу үшін тіптен өлген адамдарын сол өлкеге жерлеуді рұқсаттамаған. Бірақта қазақтар алғашқы жерлерін одан əрі кеңейтіп, жергілікті урянхайларды шығысқа қарай ығыстыра бастады. Аз жылдың ішінде Қазақтар Алтайдың Қобда бетіндегі Дайын, Сырғалы көлдері мен Сақсай, Буянт, Дэлүүн өзендерінің бойын қыстап, жайлай бастады. Осыдан болып қазақтар мен уранхайлардың арасында жер үшінгі жанжалдар үнемі орын алып, екі жақтың бірбірінің үстінен жазған арыз-өтініштері Қобдадағы Маньчжур-Цин үкіметінің арнайы өкілі арқылы Бэйжинге дейін жетіп жатты. Соған қарамастан қазақтар отыз-ақ жылдың ішінде Бес Боғданың шығыс беті Ойғырдың басына дейін көшіп келіп, сондағы шөбі шүйгін, жайлымы мол жерлерді мекен ете бастады. Орыс тарихшысы «Қытай зерттеуіндегі жаңалықтар» атты кітабында «1905 жыл жағдайымен Қобда өлкесіндегі қазақтардың мал саны 473 мыңдай болған. Оның ішінде қой, ешкі 408, 2 мың, жылқы 38, 3, сиыр 13, 7 мың, түйе 12, 8 мың болды деп көрсетеді. Орта есеппен бір үйге 298 ұсақ мал, 28, 5 жылқы, 9, 5 түйе, 10 сиырдан келгенімен малдың көбі байлардың қолында болған еді. Қобда бетін мекендей бастаған қазақ рулары Маньчжур-Цин үкіметіне жыл сайын мың жылқыдан алым-салық төлеп тұрды», - деп жазады. Қазақтар бұл алым-салықты «Сары ноқта салығы» деп атап келген. Қазақтар бұдан басқа мал басына қарай «шөп бажы», меден қызметіне қатысты «меден бажы» секілді алым-салықтар төлеп тұрған. Бұл Алтай асып, Қобда өлкесіне жаңадан мекендей бастаған өз жанымен өзі əреңдеп жан сақтап отырған қарапайым қазақтарға ауыр соққаны белгілі. 1911 ж. Моңғолия өзінің тəуелсіздігін жариялағаннан кейін Боғдыхан үкіметі Қобда бетіне көшіп келген қазақтардың Моңғол жерінде қалу туралы өтініштерін білдірумен бірге, қазақтардың батыс өлкеде біржола қалып мекендеуін қолдайтын саясатын ұстанды. Мұрағат деректеріне қарағанда 1922 ж. Боғдыхан үкіметіне жазған қазақтардың арыз-тілектерінде шеруші руының 720 отбасы, жəнтекей руының 389 отбасы, молқы руының 61 отбасы Моңғолияда біржола қалуды сұрапты. Моңғолиялық ғалым-зерттеуші, қоғам қайраткері Цэвээн Жамцаранов Батыс Моңғолия жөніндегі өзінің зерттеу еңбегінде 1923 ж. 1870-тей қазақ отбасының болғандығын келтіреді . Егер əр отбасында 4-5 адам бар деп есептесек 7500-9500 аралығында қазақтар сол жылдары Моңғолияны мекендей бастаған. Тарихшы-ғалым Қ. Зардыхан «Моңғолиялық ғалым-зерттеуші, бұл жерде Моңғолияда қалуды сұрап Боғдыхан үкіметіне арыз-тілек жазған қазақтардың санын келтіріп отырғанын, əйтпегенде Алтай асып, Қобда бетінің сайсаласын мекендей бастаған сол жылдарғы қазақтардың саны бұдан сəл көбірек болуы керек» деген пікір айтады . Алайда, Алтайдың Қобда бетіне асқан қазақтар алдында да бұдан кейінгі жылдары талай қиындықтар болғаны тарихтан белгілі. Мұрағат деректеріне қарағанда 1936 ж. дейін Қытай мен Моңғолия арасында шекара сызығы нақты белгіленбегендіктен қазақтар Алтайдың арғы-бергі жағына малының жай-күйіне орай көшіп-қонып отырған жайлар көп болды. Тіптен кейбір ауылдар Моңғолия жерінде түбейгейлі қалып қоятын болды. Бұған Моңғолия үкіметі қарсы болмағаны мен Алтайдың арғы бетінде қалған кейбір рубасылары бұны рұқсаттамады. Осы қайшылықтың кесірінен Моңғолия қазақтары арасында «Кенжебек айдаған жыл» оқиғасы орын алды. Сондай-ақ қазақ билері мен үкірдайлары арасындағы биліке таласқан талас-тартыс əсері «Жалама» дүрбелеңіне апарып соқты. Шеруші биі Сүкірбай Жылқышыұлы бұрынғыдай қытай билігіне адал болуды ұстанса оның аталас туысы гүң Қылаң Моңғолияда қалуды, Боғдыханға мойынсұнуды жөн көрді. Ру басыларының өзара келіспеушіліктерінен болып «Жалама айдаған жылдар» оқиғасы орын алды. «Жалама» моңғолдың «Да лам» деген сөзінен шыққан. Жаламаның шын аты Дамбийжанцан. Орыс елінің Астрахань облысында 1860 ж. туған, ұлты қалмақ. Алаяқ, жауыз адам болған. 1912 ж. басында Дамбийжанцан Үшсеңкір, Сарыкөл деген жерге қазақтың ру басшыларын жинап, Шеруші руының басшысы Қылаңның бұдан былай Қобда бетіндегі барлық қазақты билейтіндігін жəне қазақтарды шекарадан алыс дөрбет Далайхан жеріне көшіретіндігін жариялайды. Осы шешімді естіген Молқы, Базарқұл, Қарақас, Шерушінің кейбір рулары қайтадан Алтайдың арғы бетіне жəне Ресейдің Қосағаш елді мекеніне үдере көшеді. Дамбийжанцан өзінің шешіміне қарсы шыққан Қарақас руының адамдарын аяусыз қырады. Бұл оқиға жөнінде тарихшы-ғалым Қ. Зардыхан: «Жалама айдаған» оқиғасы Моңғолиядағы азғантай қазақтар үшін дүйім қазақтың басына түскен 1723-1728 жылдарғы «Ақтабан шұбырындымен тепе-тең оқиға болды» дейді. Жалама өзіне қарсы шыққан Қайсан есімді бір қазақтың терісін тірідей сыпыртып, терінің ішіне шөп толтыртып, тұлып жасап сол арқылы басқаларды қорқытып, үрейлерін алғаны қазақтарға жасаған айуандық іс-əрекетінің ең шегі болды деуге болады. Қобда бетіндегі қазақтар үшінгі осы қайғылы да қасіретті оқиға жөнінде Қобда қаласындағы орыс консулы А. Бурдуков «Жаламаға қарсы Өрікті көл жағалауындағы көтеріліске 300 үй қатысты, Сүкірбайға еріп 300-дей үй Алтай асты, Қылаңның қол астында 50-шақты үй қалды» деп жазып қалдырыпты. Осы оқиғаны бастарынан кешкен қариялардың айтқанына қарағанда Қиюбайға еріп Ресейге өткен қазақтардың саны 250-300 дей үй көрінеді. Дамбийжанцан дүрбелеңінен қашып, Ресейдің Қосағаш елді мекеніне барып паналаған бұл қазақтарды Моңғолияға қайтаруды жəне көшіріп алуды кейін Боғдыхан үкіметі Орыс үкіметімен арада келіссөз жүргізу арқылы шешкен еді. Тарихшы, сарапшы мамандар бұны қазақтардың батыс өлкенің негізгі тұрғыны екенін дəлелдейтін тарихи факт деп таныды. Қобда қазақтары 1912-1913 жж. Дамбийжанцанның жасаған зұлымдығы жəне оның ауыр зардаптарын бастарынан кеше отырып біраз жыл еркін өмір кешті. Алайда 1917 ж. Ресейдегі қазан төңкерісінің дабылы да Қобда қазақтарына өзінің аз емес ауыртпалықтарын ала келді. Қазан төңкерісінен қашқан ақтың генералдары Бакич, Казанцев, Кайгарадовтардың əскерлері Моңғолияның батысында енді бейбіт өмір кеше бастаған қазақтарға тағы да ылаң сала бастайды. Тарихшы А. Сарай: «Ақтар əскерлерінің көлігін, азық-түлігін жергілікті халыққа зорлап дайындатқызды оны бермеген, қарсыласқандарды ашық тонауға көшті. Тіптен аяусыз жазалады», - деп жазады. Осы жағдайға байланысты Шеруші үкірдайы С. Дөрбетхан Қосағаштағы қызыл армия бөлімдеріне қазақтардан елші жіберіп, көмек сұрайды. Моңғол үкіметінің батыс өлкедегі өкілі Ц. Хасбаатар əскерлері қызыл армияның К. Байкалов басқарған төтенше отряды əскерлерімен бірлесе Улаанхус, Сақсайда өздерінен күші мол ақтардың əскерлерімен қатты шайқас жүргізеді. Шайқас барысында өздері Тұлба көлінің жағасында 42 күн бойы ақтардың қоршауында қалады. Осы қоршауды бұзып шығып, Қосағаштағы қызыл армия бөлімінен көмек сұраған Байкаловтың хатын М. Шалғынбай, Т. Дəуітбай, О. Махатбайлар жеткізеді. Ақыры Қосағаштан қызыл армияның 21-ші дивизиясының 185, 59-ші атты əскерлері полкі көмеке келіп, ақтар жеңіліс табумен тарихта «Тұлба көл шайқасы» деген соғыс оқиғасы аяқталады. Қобда өлкесінің қазақтары бұл оқиғаның бел ортасында жүрді. 1921 ж. шілде айында Кеңес елінің қолдауымен Моңғолияда халық төңкерісі орын алып, жаңа өкімет орнады. Моңғолияны ақтар мен гоминдан əскерлерінен тазарту іс-шаралары жүрілді. Қазақтың Шеруші руының билері Қылаң, Сүкірбай, Қиюбай жəне Ботақара руының биі Ақтышқан, Қошақ руының басшысы Ақмəдилер өздерінің Моңғол еліне адал қызмет ететіндіктерін білдіріп Боғдыханға хат жолдайды. 1923-1930 жж. дейін Қобда өңіріндегі барлық қазақ Шұбарайғыр жəне Шеруші деген екі хошуунға бөлініп басқарылып келді. 1924 жылы Моңғол Халық Республикасы құрылған мемлекеттік алғашқы құрылтайға Шеруші хошунынан Дəуітбай, Ботақара хошунынан Қанафия, Қошақ хошунынан Ақмəди қатарлы үш өкіл қатысады. Олар жаңадан құрылған мемлекеттің ірге тасын қаласуға Коминтерннің арнайы өкілі болып келген қазақтың біртуар азаматы Тұрар Рысқұловпен бірге астананың Уланбатор аталуына күш қайраттарын жұмсады жəне Қобда бетіндегі қазақ халқының атынан қазақтың мұң-мұқтаждығы мен талап-арызы бойынша бірнеше дүркін сөз сөйледі. Бірі Қазақстанда, бірі Моңғолияның батысында туып өсіп жастайынан күреске араласқан осы екі қазақ азаматы да 1937‒1938 жж. саяси репрессияның құрбандары болды. 1928 ж. мемлекеттің V құрылтайына өкіл ретінде қатысқан Шеруші хошунының əкімшілік төрағасы Дəлəлхан Сүгірбайұлы «бай-федолдарды тап ретінде жою» туралы құрылтай шешіміне наразы болып Алтай асып кетті. Ол Шынжаңға барғаннан кейін 1941- 1942 жж. Кеңес үкіметінің саяси тапсырмасымен Қазақстанда əскери дайындықтан өтеді. 1943 ж. осы сапарынан Моңғол арқылы Шынжаңға қайтқан жолында маршал Чойбалсанмен жолығады. Шынжаңға барысымен-ақ Шығыс Түркістан үкіметін құруға белсене қатысып, Шығыс Түркістан үкіметінің төрағасы, əскери қолбасшысы болған С. Дəлелхан генералдың өмірі үлкен арпалыс, күрес жағдайында өтеді. Ол 1949 ж. бір топ жолдастарымен бірге Үрімжіден Бэйжіңге ұшып бара жатып, жұмбақ жағдайда ұшақ апатынан қайтыс болады. 1937-1938 жж. Кеңес елінде жүрілген Сталиндік нəубет Моңғолияны да шарпыды. Бұл саяси нəубат кесірінен Моңғолияға көшіп келген қазақтардың атқамінер ел ағалары, дін жолын ұстаған молдалары түгелдей құрбан болды. Тарихшы Қ. Зардыхан «Моңғолиядағы қазақтар» атты екінші кітабында: «1937- 1938 жж. саяси жазамен 3270 қазақ атылған. 1937 ж. Моңғолияда 23229 қазақ болғанын еске алсақ, əрбір 7 қазақтың бірі саяси құрбандыққа шалынды» деп жазады. Қолда бар деректерге қарағанда сол жылдары 600 мыңдай халқы бар Моңғолияда репрессия салдарынан 37 мыңдай адам құрбан болып, 700 дей діни пұтханалар қираған. Баян-Өлгий аймағында бірде бір мешіт қалмай, қиратылған. Қазақтардан үш мыңнан астам адам репрессия құрбаны болды. 1999 ж. демократиялық жолмен сайланған Моңғолия үкіметі мен парламенті 1937- 1938 жж. елде жүрілген саяси нəубаттың қате болғанын ресми мойындап, құрбан болғандарды кінəсіз деп түгелдей ақтады. Көзі тірі ұрпақтарына Моңғолия үкіметі 1 млн төгрөг (шамамен 1000 АҚШ доллары) көлемінде өтемақы төледі. 1939 ж. милитарист Жапония Моңғолияның шығысындағы Халқа өзені (Халхингол) бойында, Моңғолияға қарсы соғыс ашты. Сол жылдары Моңғолия өкіметі қазақтарды əскер қатарына шақырмайтынына қарамастан бұл соғысқа өз еріктерімен қазақтар да қатысты. Осы соғыста ерекше ерлік көрсеткен взвод командирі Ікей Мəзімұлы Моңғолияның батыры атанды. Жапония милитаристерімен болған 1939, 1945 жж. шайқастарда Моңғолияның əуе күштерін басқарған қазақ генералы Мүдіріс Зайсанов əскери шеберлігімен ерекше көзге түсті. 1939 ж. Халхингол соғысына небəрі 18 қазақ азаматы қатысқан болса, 1945 ж. соғысқа неше жүздеген қазақ жігіттері қатысып, елін, отанын қорғауда өздерінің азаматтық, жауынгерлік парыздарын адал атқарды. Қайсыбірі отан қорғап жүріп, қиыр шығыста жер жастанды. Халқа өзені бойындағы соғыс қазақтардың жауға қарсы батыл соғыса алатын отаншыл рухшыл екендігінің айқын дəлелі болды. Осы жылдары (1940-1943) Алтайдың арғы бетінде Шығыс Түркістан қазақтарының тəуелсіздігі үшін күресіп жүрген Оспан батыр Исламұлы мен маршал Чойбалсан басқарған Моңғолия үкіметі арасындағы қарым-қатынас аса күрделі болды. Маршал Чойбалсан басқарған Моңғол үкіметі Қытайдың гоминдан билігіне қарсы Шығыс Түркістан қазақтарының азаттық жолындағы күресін қолдайтындықтарын білдіріп, Оспан батырға қару жарақпен көмек көрсетіп келді. Сол жылдары шекара аймағында қазақтардың шекара бұзу оқиғалары да тым көбейді. Осы жағдайларды талқылау мақсатында Оспан батыр мен маршал Чойбалсан екеуі Моңғолияның батысында Қобда аймағына қарасты Моңғолия үкіметінің арнайы қаулысымен 1940 жылы тамыз айында Баян-Өлгий аймағының құрылғандығы үлкен рөл атқарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz