Имидждің түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

қазақ технология және бизнес университеті

Реферат

Тақырыбы: Имидждің түрлері, олардың сипаттамасы

Орындаған: Копабаева Айдана Айтпайқызы

Тексерген:Жайлаубаев Ерболат Нурахметович

Нұр-Сұлтан, 2020 ж.

Мазмұндама:

Кіріспе … … … …. … … … … … … . . . … … … . . . … … …. … …. … 1

Имидждің түрлері, олардың сипаттамасы. . 4

Имидждің маркетингтік әдістері мен құралдары . . . 8

Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . 10

Кіріспе

Имидж (ағылш. image - бейне, бейнелеу) - өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету. [1]

1. іскер адамның бет-бейнесі‚ оның қоғамдағы беделі. Мұның өзі нарыктык катынас жағдайында кәсіпкер бизнесінің дамуына тікелей ықпал етеді;

2. фирманың‚ тауарлардың‚ көрсетілетін қызметтердің‚ сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе залал келтіретін бейнесі. Фирманы тұтас мүліктік кешен ретінде сату кезінде имидж субъектінің сату (сатып алу) бағасы мен баланстық құны арасындағы айырма ретінде бағалануы мүмкін. Оң айырма - “гудвилл”‚ теріс айырма - “бэдвилл” деп аталады. [2]

Oғaн жарнаманы да қосyға болады. Имидж қолданбалы өнердiң құрамдас бөлiгi және бедел мен абыройын, қажеттiлiгiн арттыру үшiн де қажет. Сондай-ақ, имидж әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар. [3]

Имидж - ұлғайтқыш әйнек сияқты, адамның дербес және іскери қасиеттерін қоғамға әлдеқайда жақсы көрсетуге мүмкіндік береді. Соның арқасында күнделікті қарым-қатынасқа ыңғайлылық әкеліп, жұмыс орнында жағымды жағдай жасауға болады. Менеджерлік қызмет ұйымдастыру мен клиенттермен жұмыс жасайтын адамның жағымды болмауына мүмкіншілік бермейді. Бүгінгі күнде, магнит сияқты тартымды менеджер болу өте қиын, бірақ сондай болуға тырыспайтын адамда одан да көп қиындықтар туындайды. Имиджеология - аса маңызды прагматикалық тәртіп. Блез Паскаль «көндіру тәсілі» мен «ұнау тәсілі» туралы жазған, және оның айтуы бойынша, соңғы тәсіл адамға ықпал етудің ең тиімдісі екен.

Тұлға имиджінің даралануы.

Жеке, даралық имидж деп - имиджелогияда осы ұғымның практикалық қолданылуына байланысты жеке, дербес субьектіні айтқанда, жеке, дара имидж - ол дербес тұлғаның имиджді, қарапайым адамның имиджді яғни топтың, ұйымның, заттың имиджіне салыстырмалы қарама - қарсылықта. Жеке, дара имидждің өзіндік аталуында оның маңызды қасиеттері тұжырымдалған. Егер жеке, дара имиджді символикалық құрылым ретінде қарастырсақ, ондағы орталық орынды жеке дербестікке жауап бере алатын символдар алады. Яғни субьектінің жеке сапалық көрсеткіштерін, образдық имиджін, тек сол тұлғаға ғана тиемелді, басқа адамдардан ерекше қасиеттерін ерекшелендіріп сипаттайтын сапалы көрсеткіштер.

«Жеке, даралық» (индивидуальность) термині (латынша indivibuum бөлінбейтін, ерекше) деген мағына береді. Психологиялық сөздікте теңдессіз қасиеттерін білдіреді. Психологияда жеке, дербес ұғымы жеке ерекшеліктерді зерттеу контексінде (сөйлемінде) немесе адамның психологиялық қасиеттерінде иерархиялық құрылымдарды құруда - тұлғалық ұғыммен бірегей ұғым ретінде қолданылады. Жеке айырмашылықтар проблемасымен байланысты жеке дербестік туралы сөз болғанда, ол ұғымды - (зерделікте) адам бойында пайда болатыны зерделілік, темперамент, тұлғалық секілді психологиялық қасиеттердің түрлері деп түсінеді. Жеке дербестік «орташа» адамға жеке адамның қасиеттерінен бөліп қарау үшін қарама - қарсы қойылады. (орташа топтық беталыстар, тенденциялар) . Бұл қарама - қарсы қоюшылық топтағы нақтылы адамға алынған заңдылықты ауыстырмау ережесінде өрнектеледі.

3. Имидждің түрлері.

Имиджді құрудың қазіргі заманғы ғылымы жекелей имидждің мына төмендегідей түрлерін бөліп қарастырады.

Мекендей ортасының имиджінің қалыптасу принциптері: егер қалта көтерсе өзгелерден жақсы өмір сүру. Күрделі жөндеуді қажет ететін ғимарат ішіндегі өте қымбат жиһаз негативті имиджді құруға мүмкіншілік жасайды.

Габитарлық (латын тілінен аударғанда habitus - сыртқы пішін, көрініс) имидж. Оның құрылу принциптері: адамның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртқы түрі, киімі, шашы, жүріс - тұрысы. Егер конституциямен басқару қиын болса, сыртқы пішіннің өзге жақтарын басқару жеңіл. Атап айтатын болсақ, дұрыс таңдап алынған макияж образдың мақсатты - тиімділігін арттырады, қоғамдағы әлеуметтік топтың ассоционациясы арқылы габитарлық имиджді ынталандырады. Имидждің осы аталған түрі қазіргі кезеңде теледидарда қалыптасуда. Имидж сыртқы киімді таза, тартымды киінумен айшықталады. Іскер әйелдің киім кию стилі - консервативті, қызмет бабында қолданылатын киімде түсті ғана қолданылуы тиісті.

Вербальды имидж (ауызша) - қарым-қатынастылыққа қалыптасатын ой - пікір (ауызша немесе жазбаша) . В. О. Ключевский: «анық, түсінікті жаза білу - ізеттіліктің алғашқы ережесі». Теоретиктер вербальды имидждің қалыптасу тәсілдерін ұсынады: «ортаның қалауы бойынша сөз ету», «күлімдеп сөйлеу». Позитивті вербальды имидждің қалыптасуына ауызша сөйлеудің нақтылай естілуі мен ырғақты әуені әсер етеді. Теледидардағы жүргізілген, тікелей эфирдің сауалнамалық көрсетулері бойынша, егер жас қыздың, келіншектің вербальды (ауызша) қарым - қатынастылығы өте нашар дамыған болса, ешқандай оның әсем сыртқы көрінісі, тіпті байлығы имиджін тартымды етіп көрсете алмайды.

Вербальды емес іс - әрекеті имиджі - ымдау, мимикалап көрсету технологиясы, дененің кеңістіктегі орынын есепке ала отырып зерттеу негізінде құрылады. Оңтайлы имиджді құруда мінез - құлықтың теріс, келеңсіз жақтарынан сақтану қажет. Тұлғамен жекелей қарым - қатынастылықта бет - әлпет күлімсіреп, дене пішіні тартымды, жұмсақ түсініктер орын алуы тиісті. Вербальды емес имидждің қалыптасуына жаттығулар, салауатты өмір салты, зиянды әдеттерден арылуға көмектеседі. Менеджер міндетті түрде, өзі үшін бірнеше элементтерден құралатын күнтізбегін бекітеді: дене шынықтыру, жеке гигиена, еңбек және әлеуметтік іс - әрекеттер, демалыс. Позитивті имидж, рухани байлықпен, құндылықтармен ерекшеленеді.

Заттық имидж - бір заттың немесе басқа жанданбаған обьектінің субъект - субъектіні өзара әрекеттесу процесінде пайда болған символды образын түсінеміз, айтамыз. Яғни сол затты немесе обьектіні субъект ретінде қабылдауды араңдатып көрсетеді. Заттық имиджді құрудың негізгі механизмі - персонификация болып табылады.

Корпоративті имидж (ұйым имиджі) деп - біз - субьекті - субьекті мен өзара байланысты процестердің арқасында пайда болған ұйымдардың, қауымдастықтардың символдық образын айтамыз. Корпоративті имидждің табиғатын түсіну үшін біз - ұйымның, қауымдастықтың табиғатын талдауымыз қажет.

Әрбір қонақүй, оның көлемі мен қызмет түріне қарамай, қатты бәсекелестік жағдайында тиімді қызмет ету мен нарық сұранысын қанағаттандыру үшін белгілі имиджді ұстап тұру мен қалыптастыру мақсатында маркетинг құралдарын пайдаланады.

Маркетингтік зерттеу басқару үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады, нақты айтқанда: стратегияны таңдағанда, маркетинг жоспарын жасағанда, осы жоспарды іске асырғанда және тиімділігін бағалағанда. Бұл зерттеулер ғылыми әдістерге негізделеді. Оның көмегімен нарықтың сипатын анықтайды, оның мүмкіндіктерін өлшейді, сату көлемі мен құраушы бөліктерін саралайды, сонымен бірге тренділерді зерттейді.

Нарықты сегменттеу - қонақүй персоналының қолайлы имиджін қалыптастыру үдерісінде маркетинг стратегиясын таңдағанда маңызды элемент болып табылады. Оның негізгі сипатына нарықты біртектілік құраушы бөліктерге бөлу болып табылады - топтар немесе сегменттер, олардың мүшелері салыстырмалы ұқсас, бірақ басқалар топтар мен сегменттерден ажыратылады. Бір сөзбен, нарықты сегменттеу әрбір клиентте жеке қажеттіліктері болады, ал олардың барлығы бірге гетерогенді нарықты құрайды. Сәйкесінше маркетингтік кешеннің элементтері (өнім, баға, өткізу мен бөлу) нарықтың әртүрлі сегменттеріне сәйкес анықталады және қонақүйдің қолайлы бейнесін жасайды.

Қонақүйде нарықты сегменттеудің келесі әдістері арнайы тараған: географиялық, оны туристерді қабылдайтын елдердің статикалық агенттіктері жиі қолданады (туристер тегінің ауданымен елін анықтап алады) ; туристердің тұлғалық сипатын суреттейтін социодемограциялық (жасы, жынысы, отбасылық жағдайы, білімі мен табысы) және туристердің өмір сүру тұрмысын, олардың қызметін, қызығушылықтары мен көзқарастарын анықтайтын психографиялық, сондай-ақ шамалайтын пайдаға негізделген әдіс, оны клиенттер өнімді сатып алғанда және оны пайдаланғанда алуы мүмкін (бұл әдісті кейбір психографиялық өзгерістерде жиі пайдаланады) .

Нарықты сегменттеудің психографиялық әдісінің ерекшеліктерін сенімділікпен айтуға болады, ол қонақүй нарықта туристік өнімді өткізу мен орналастыру, позициялау, жасау, жоспарлау үшін ақпаратпен қамтиды, сонымен қатар қонақүй персоналының имиджін қалыптастыру, турөнімнің жылжуы мен маркетингке бөлінетін қаражаттарды тиімді пайдалану үшін клиенттерді табуға көмектеседі. Қонақүй персоналының имиджі жарнама мен жылжуға қаражаттары шектеулі мемлекеттік туристік ұйымдар үшін өзекті болып табылады.

Қорытындысына туристік өнімді позициялауға тоқталсақ, ол қонақүйлерге бәсекелестікке қабілеттілікке жетуге және белгілі бір имиджді қалыптастыруға көмектеседі.

2. Әрекеттерді позициялау. Әрекеттерді позициялау - бұл маркетингтік зерттеулер үшін маңызды бағдар. Нарықта қонақүй қалай позицияланғанына қарай, оның нарықтық жетістігі мен имиджіне тәуелді. Позициялау стратегиялық маркетингтің теориясында қонақүйдің басты маркетингтік стратегиясы ретінде қарастырылады. Алайда, осы сұрақтың маңыздылығына қарамай, тәжірибеде қонақүйлер «апаттық» позициялау жиі кездеседі немесе оның турөнімдерін - «қалай шығады» қағида бойынша.

Позициялау - бұл тауар немесе қонақүй туралы көрініс (сәйкесінше қонақүй персоналының қолайлы имиджін қалыптастырудың құраушы бөлігінің бірі ретінде тауарды позициялау немесе қонақүйді позициялау туралы айтылып жатыр), оның бәсекелестердің тауар/қонақүй қатынасында оны сатып алушылардың ойы. Позициялау бойынша жүйелік жұмыс оның тиімділігін анағұрлым көтеретін еді. Менеджементтің шешімдерін жеңілдетуге арналған қонақүйді позициялаудың бірнеше әдістері төменде көрсетілген.

Позициялау әдістері:

  1. Қонаүйді позициялауда бейнелейтін әдіс.

Мүмкін позициялаудың ең жеңіл техникасы - бұл бейнелейтін әдіс. Қонақүй өзінің орынын нарықта оның жақын бәсекелестердің позициясына қарағанда (ауызша немесе жазбаша) қалыптастыруды талпынады. Бұл жағдайда бейнелеу жеткілікті қарапайым болуы мүмкін.

Кезкелген қонақүйдің әрекеті оның позициялау мен сәйкесінше имиджі суретінде «сылтау» болып табылады.

Ірі қонақүйлерді осындай позициялау қателіктері кейде кездеседі - жарнамаға негізсіз үнемдеу.

Туристік өнімді позициялау - осы өнімді белгілі бір нарыққа орналастыруды көздейді, мұны мақсатты туристік нарық деп атайды. Позициялау концепциясы нарық сегменті мен нарық мақсаттарын анықтаумен тығыз байланысты. Сараптама негізінде туристік компания позициялаудың кейбір стратегияларын қолдана алады, соның ішінде өнімді дифференциялау стратегиясы, нарықта стратегияның өзінің қуысын табу, аз шығындар стратегиясы және басқалар. Жағдайды жақсарту үшін қонақүй өнімді модификациялау, бағаның құрылуы стратегиясын өзгерту немесе жылжу әдісі мен тарату ағымдары көмегімен икемделеді, бір сөзбен, өнімнің бәсекелестік орны мен келесі толық маркетингтік кешенін қалыптастыру жолымен.

Кейбір жағдайларда қонақүйлер аудандық айырмашылықтарды қабылдау картасы сияқты маркетингтің стратегиялық құралдарында пайдалана алады, олар әртүрлі дәрежелі өнімдер үшін жасалады, және өз кезегінде, туристердің туристік өнімді немесе сауда белгісін олардың атрибуттарымен бірге толық бейнесін қамтамасыз етуі мүмкін.

Батыс мамандары туристік өнімді негізінен келесідец әдістермен позициялайды:

  1. Өнімнің ерекше атрибуттар негізінде;
  2. Клиенттер үшін туристік өнімнің пайдасы негізінде;
  3. Тұтынушылар дәрежесі көмегімен;
  4. Басқа туристік өнімді мойындамау жолымен;
  5. Туристік өнімі сыныптарын бөлу жолымен;
  6. Будандық стратегиясы көмегімен.

Егер бірінші әдіс жеткілікті қарапайым болса, онда соңғының алдындағы әдіс күрделі, жаңа өнімді жылжытуда тиімді.

Екінші әдісі өнімнің әртүрлі сипатымен байланыстыжәне өте тиімді. Үшінші әдісте өнім тұтынушының өмір стилімен байланысады. Төртінші әдісті өнімдерді салыстыруда және олардың пайдасын екі негізгі формаларда қолданылады.

Бірінші жағдайда ұсынылған өнім бәсекелестік өнімімен салыстырылады, ол нарықта жиі көсбасшы болып табылады, өзінің өніміне туристерді тарту мақсатымен; екінші жағдайда салыстыру ұсынылатын сипатта болады. Соңғы әдісі жоғарыда көрсетілген бірнеше әдістерді біріктіреді.

Туристік өнімді позициялаудың кейбір жағдайларында бәсекелестермен елемеген атрибуттар бойынша немесе бірнеше атрибуттарды бір уақыты бойынша іске асыру мүмкін.

Негізінен өзінің өнімін позициялағанда қонақүйлер сәйкесінше компьютерлік бағдарлама көмегімен «өнімді тану картасы» деп аталатын олардың атрибуттары мен тауарлық белгісі негізінде туристік өнімнің үйлесімін көрсетеді, олар нарықтағы тұтынушылар өз талғамын береді. Содан кейін бар тауарлық белгілерді бөледі және сәйкесінше тауарлық белгісі жоқ өнімдерді және сәйкес емес өнімнің тауарлық белгісін анықтайды. Содан соң өнім үшін жақсы мүмкіндіктерді тапқанда жаңа туристік өнімдер мен тауарлық белгілерді жасау мақсатында маркетингтік зерттеулерді өткізеді. Бүгінде қонақүйлер өзінің өнімін позициялауына аса көңіл бөліп, нарықта өнімді жылжытуда маңызды құралдарды пайдаланады - позициялауды шамалайтын өнімнің имиджін құруды қамтамасыз ететін жарнама. Тиімді жарнамалық кампанияны өткізу үшін қонақүй тұтынушыға не керектігін білуі тиіс, және белгілі өнімді сатып алуда қандай мотивтер ықпал етеді. Қонақжайлылық индустриясының маркетингі облысындағы мамандар осыған байланысты объективті және субъективті өнімді позициялауды өткізуді ұсынады.

1. Қызметтік байланыс жасау көзқарастары

2. Қызмет байланыс қатынасының түрлері

Адамдармен қарым-қатынаста өзін ұстай білу кәсіпкерлік қызметте табыстарға жетудің ең бір маңызды факторы деп айтсақ да болады. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары Дейл Карнегидің байқағаны бойынша, адамның қаржылық, техникалық немесе инженерлік салаларда жетістіктері 15 пайызға өзінің біліктілігіне, ал 85 пайызға - адамдармен қарым-қатынасына байланысты. Бұлай болса, көптеген зерттеушілердің қызметтік қарым-қатынас этика ұстанымдарын зерттеп шығару талаптары түсінікті болады.

Қызметтік қарым-қатынас - бұл қызметтік саладағы адамдардың өзара қатынасудың өте күрделі даму процесі. Бір-бірімен байланыста болу, араласу қызметтік қарым-қатынастың бір бөлігі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар имиджі
Ұйымдарда өзара қарым - қатынас арқылы жағымды имидж қалыптастыру
Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары
Туризм және қонақжайлық индустриясындағы технологиялық өзгерістер
Саяси партияның қызметтері
Имидж және ұйым имиджі
Фирманың имиджін қалыптастырудағы қоғаммен байланыстың рөлі
Іскерлік қарым-қатынас және басқарудағы қақтығыстар
Фирма имиджінің басқарудың тиімділігіне әсері
ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМ ИМИДЖІНЕ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz