Ұлыбритания мемлекетінің 1968 жылғы Қаруды бақылау туралы заңы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
Дипломатия институты
қолжазба құқығында
АБЫЛЛАЕВ АСЫЛБЕК МҰСАҰЛЫ
ЗАҢСЫЗ ҚАРУ АЙНАЛЫМЫН БАҚЫЛАУДАҒЫ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ
«Мaster of International Relations» оқыту бағдарламасы
«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша
Мaster of International Relations магистрі дәрежесін алуға арналған магистрлік жоба
Ғылыми жетекші: Б. Ж. Сомжүрек, т. ғ. к. доцент
Жоба қорғауға жіберілді «»2022 ж.
Институт директоры: с. ғ. к. М. А. Абишева
Нұр-Сұлтан,
2022 жыл
МАЗМҰНЫ
Нормативті құжаттарға сілтеме . . . 3
Белгілер мен қысқартылған сөздер . . . 4
Кіріспе . . . 5
Әдебиеттерді шолу . . . 7
Зерттеу әдіс-тәсілдері . . . 11
Талдау және зерттеу нәтижелері . . . 12
Қорытынды . . . 44
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 46
А қосымшасы . . . 50
Нормативті құжаттарға сілтеме
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» №339 Заңы.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі».
БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Атыс қаруын, оның құрамдас бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ оның оқ-дәрілерін заңсыз дайындауға және олардың айналымына қарсы хаттама. Бас Ассамблеяның 2001 жылғы 31 мамырдағы 55/255 қарары.
Кеңес Үкіметінің Халық Комиссарлары Кеңесінің 1918 жылғы 10 желтоқсандағы «Қаруды тапсыру туралы» Декреті.
КСРО Орталық Атқару комитетінің 1924 жылғы 12 желтоқсандағы «Қаруды, атыс құралдарын, жарылғыш снарядтар мен жарылғыш заттарды өндіру, сату, сақтау, пайдалану, есепке алу және тасымалдау тәртібі туралы» қаулысы.
Ресей Федерациясының 20 жылғы 1993 мамырдағы № 4992-I «Қару туралы» Заңы.
2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 398‑ФЗ «Ресей Федерациясының азаматтық қару айналымы саласындағы бақылауды күшейту туралы жекелеген заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» федералды Заңы.
Эстония Мемлекетінің 2001 жылғы 13 маусымдағы «Қару-жарақ туралы» Заңы.
Латвия Республикасында «Қару мен арнайы құралдардың айналымы туралы» 2002 жылғы 6 маусымдағы Заңы.
Литва Республикасының 2002 жылғы 15 қаңтардағы «Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді бақылау туралы» Заңы.
Америка Құрама Штаттарының 1934 жылғы «Атыс қаруы туралы» Ұлттық заңы.
Ұлыбритания мемлекетінің 1968 жылғы Қаруды бақылау туралы заңы.
Ұлыбритания мемлекетінің 1903 жылғы «Тапаншалар туралы» заңы.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі.
Белгілер мен қысқартылған сөздер
БҰҰ - біріккен ұлттар ұйымы
ІІМ - Ішкі істер министрлігі
ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті
КСРО - Кеңестік социалистік республикалар одағы
РКП - Ресей коммунистік партиясы
ҚР ҚК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
ҚР ӘҚБтК - Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі.
УПИ - Учаскелік полиция инспекторы.
АЕК - Айлык есептік көрсеткіш.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру жолындағы бастамалар соңғы үш жылдықта түрлі заңнамалық құжаттар негізінде айқын көріне бастады. Бұл осыған дейін мұндай бастамалар болған жоқ деген сөз емес. Айтайын дегеніміз, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттігі кезеңінде халыққа арналған Жолдауларда құқық қорғау саласына, қылмыстың алдын алу, сот жүйесі, прокурорлық қадағалау мәселелеріне жіті көңіл бөліне бастады. Бұл мемлекетті басқару ісінде менеджмент үлгілерін ендіру ізденістері үрдісті сипат алып отырғандығын көрсетеді. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Президенттік мерзімі ішінде мемлекетті басқару ісін жетілдіру, құрылымдық қайта құрулар, мемлекеттің жауапкершілігі сынды қоғам алдында мемлекеттің легетимділігін арттыратын саяси реформалар қабылдау шаралары туралы бірнеше рет мәлімдеме жасаған болатын. Осы күнге дейін ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың үш рет Жолдауы жарияланып, үшеуінде де мемлекетті басқару ісінде құқықтық реттеу позициялық тұрғыда күн тәртібіне шығып отыр. Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына Жолдауында заман талабына сай тиімді мемлекет құру жолында «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша қылмыспен күрес саласын жаңғыртқан жөн. Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек» деп атап өтті [1] . Осыған сәйкес еліміздегі қылмыстар саны бойынша алдыңғы қатарда табылатын қарудың заңсыз айналымы мәселесін зерделеуде шетелдік тәжірибелерге аса мән берген жөн. Бұл осы саладағы мемлекеттік бақылау мен алдын алу шараларындағы ілгерінді-кейінді қозғалыстарды талдауға, мәселені жаңаша пайымдауға жәрдемдеседі. Кейбір жағдайда мемлекеттік жаңа құрылымдарды іске қосу, кейбірін қайта құру, қызмет көрсету нысандарын оптимизациядан өткізу секілді іс-әрекеттерден көрініс табуы мүмкін.
Заңсыз қару айналымын қадағалау және жолын кесу қолданыстағы әдіс-тәсілдердің тиімділігін әрі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындағы ізденістер мен бастамалар уақыт сын-қатерлеріне жауап беретін және болашаққа бағытталған теориялық-тәжірибелік модельдерді қамтуы тиіс екендігі белгілі.
ҚР Заңсыз қару айналымы саласындағы заңнаманың қалыптасуы мен оның методикалық ерекшелігін үш институционалды тұжырымдардың жиынтық мәні деп атауға болатын шығар.
Біріншісі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін заңнамалық базаның негізін кеңестік нормативтік құжаттар құрады. Заңнаманың тақырыбы және жалпы иәтін құрылымы өзгергенмен мән-маңызы әліде сол кеңестік дәстүрмен сабақтасып жатты.
Екіншіден, заңнама қабылданған кейінгі кезең. Бұл уақыт аралығында елдегі заңсыз қару айналымының салдарынан болған үлкен қоғамдық резонанс тудырған оқиғалар қолданыстағы заңнама шарттарын қатаңдатуды, шектеу шараларын барынша қабылдаумен заңнамаға толықтырулар мен өзгертулер енгізуге әкелді. Бұндай эволюциялық өзгерістер нақты уақыт шеңберінде жүзеге асатындықтан барлық уақыттарда, қоғамдық қатынастардың дамуына жеткілікті жауап бермей де қалуы мүмкін. Дегенмен, қоғамдық қатынастарды дүрбелеңнен қорғаудың бірден-бір жолы десе болады. Сондай-ақ, бұл үздіксіз жүріп отыратын үрдіс.
Үшіншіден, заңсыз қару айналымының алдын алуға бағытталған шетелдік тәжірибелер мен технологиялық төңкеріс есебінен мемлекеттің соны шешімдерге өз бетімен көшуін айтуға болады. Шетелдік тәжірибелерді зерделеу осы бағытта тартымды әрі практикалық маңызы бар. Заңсыз қару айналымы жүйесіндегі бизнес процестерді автоматтандыру, цифрлық кеңістік аясындағы ашықтық, ақпаратқа қол жетімділік және т. б.
Алайда мұндай құрылымдық-функциялық өзгерістер енгізу әлеуметтік-саяси, қоғамдық формациялардың күрделенуіне байланысты заңсыз қару айналымы саласындағы мемлекеттік басқаруды үнемі қайта қарап, қажетті элементтермен толықтырып тұру керектігін көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасындағы заңсыз қару айналымы саласындағы құқықтық-әкімшілік реттеу біз келтірген екінші тұжырымдама қоғамда резонанс тудырған қылмыстық оқиғалардан кейін ғана заңнамада белгілі бір алгоритмдерді ендірумен шектеледі. Бұл заңсыз қару айналымының салдаымен ғана күресті еске салады. Ал оның себептерін іздеу, осы мәселелермен бұрын-соңды соқтығысқан өзге мемлекеттер тәжірибелеріне жеткілікті ден қойылмайтындығын атап өту керек. Осыған орай, осы еленбей қалған мәселелерді осы зерттеу жұмысының өзегін құрап отыр.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі бүгінгі таңда қару-жарақтың заңсыз айналымы қылмыс құрылымында маңызды орынды алып отыр және елдегі криминогендік жағдайды қиындататын факторлардың бірі болып табылады.
Елдегі барлық қылмыстың құрамдас бөлігі бола отырып, қару-жарақтың заңсыз айналымына байланысты қылмыстар ұйымдасқан қылмыстың, терроризмнің өсуіне ықпал етеді және еліміздің қоғамдық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.
Қарудың заңсыз айналымының алдын алу мәселелері мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздіктің алғышарты болғандықтан әркезде өзекті болып отыр.
Магистрлік жоба тақырыбын таңдауға негіздеме:
Елде атыс қаруын қолданумен жасалатын қылмыстың өсуі және көрші елдерде болып жатқан соңғы оқиғалар негіз болып отыр.
Жобаның мақсаты:
Бұл жұмыстың мақсаты қару-жарақтың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстар үшін біліктілік пен жауапкершілік проблемаларына кешенді талдау жүргізу болып табылады.
Жобаның міндеті:
- қарудың заңсыз айналымының криминологиялық түсінігін анықтау;
- қарудың заңсыз айналымға түсуінің негізгі көздерін анықтау;
- қарудың заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың сипаттамасы;
- қарудың заңсыз айналымын бақылаудың шетелдік тәжірибелерін зерделеу;
-қарудың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алудың әлеуметтік-құқықтық, ұйымдастырушылық және арнайы шараларын әзірлеу.
Зерттеу әдістері:
Магистрлік диссертацияны жазу кезінде халықаралық қатынастар теорияларының негізгі ережелері мен тұжырымдамалары контекстінде салыстырмалы талдау, мазмұнды талдау, контент-талдау әдістері қолданылды. Статистикалық мәліметтер салыстырылып, материалдар талданды, жалпылау әдістерімен бірге ұсыныстар берілді.
Күтілетін нәтижелер:
Диссертация қару-жарақтың заңсыз айналымы мәселелерін шешуге негіз болатын ұсыныстарға арналған.
Практикалық маңыздылығы ықтимал тәуекелдер мен қауіптер аясында қарудың заңсыз айналымын одан әрі бақылауды теориялық модельдеуден тұрады. Болашақта бұл жұмысты сарапшылар мен зерттеушілердің елдің қару-жарағының заңсыз айналымы саласындағы одан әрі ғылыми ізденістер үшін негіз ретінде пайдалану мүмкіндігі бар екендігіне тоқталғымыз келеді.
Әдебиеттерді шолу
Қазіргі жағдайда халықаралық қатынастардың дамуы қылмыстың, әсіресе оның әртүрлі қаруды қолданумен байланысты ұйымдасқан зорлық-зомбылық нысандарының өсуімен бірге күрделі, қарама-қайшылықты жағдайда жүруде. Ұрланған немесе жоғалған қарудың саны артып келеді. Зерттеу деректері бойынша, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде бүгінде осындай қарудың 50 мыңнан астам бірлігі іздестірілуде. Ресей бойынша 55% - дан астамы тіркелген, Грузияда - 6 %, Қазақстанда - 4 %, Украинада - 3 %, Әзірбайжан мен Тәжікстанда-2, 5% - дан. Бұл жағдайда ұрлық пен жоғалудың мәні көбінесе автоматты қару болып табылады.
Қару әрқашан әлеуметтік жанжалдың барлық нысандары мен ауқымында шешу құралдарының бірі болған. Кез-келген мемлекетте бұл жағдайдың өзіндік тарихи және әлеуметтік-саяси алғышарттары бар. Алайда, кез-келген мемлекет белгілі бір қару-жарақ арсеналына ие бола отырып, оның айналымын бақылауды қамтамасыз етуге тырысады. Қару-жарақтың заңды айналымының құқықтық режимін орната отырып, мемлекет белгілі бір дәрежеде өзін және қоғамды «ішкі» жойылудан қорғайды. Қарудың заңды айналымы және оның жүзеге асырылуын бақылау - криминалдық зорлық-зомбылықтың және жалпы қылмыстың алдын алудың кепілі. Бұл әсіресе Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуының қазіргі кезеңінде, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздығынан туындаған бірқатар әлеуметтік толқулар мен қақтығыстармен бірге жүреді .
Қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы алғашқы маңызды ғылыми зерттеулер ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдарында жүргізілді. (В. Д. Малкова, Л. Ф. Соколов, А. П. Романов, А. Н. Кардавы, Э. С. Тенчова, В. П. Тихого6, А. П. Романов және т. б. ) . Негізінен, аталған авторларда қылмыстардың алдын алудың қылмыстық-құқықтық мәселелері қаралды.
Қару-жарақтың заңсыз айналымын әлеуметтік-құқықтық бақылау мәселелерін зерттеуді Антонян Ю. М., Боровский Н. Ф., Бородин С. В., Бекмурзин М. С., Волченков В. В., Камыш В. Г., Корецкий Д. А., Курачков А. В., Малков В. Д., Невский С. А., Никитин А. М., Першуткин Н. И., Соленик Л. В., Серов В. Л., Слинько М. И., Филатова В. Г., Шелтникова Е. Д. және т. б. еңбектерінен көруге болады.
Жалпы, қазіргі Қазақстан үшін қару-жарақтың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық жауапкершілік мәселелері өте өзекті. Олардың барлығы ұсынылған магистрлік жобада шешімін тапқан жоқ және әрі қарай ғылыми ізденістерді қажет етеді.
Қару-жарақтың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық жауапкершілік мәселелерін, сондай-ақ осы жағымсыз құбылыстың криминологиялық аспектілерін зерттеуге Н. Н. Анисимов, В. В. Башилов, Ю. Н. Белозеров, и. И. Бикеев, В. В. Волоченков, В. И. Дементьев, B. JI, Зуев, B. C. Комиссаров, Д. А . Корецкий, А. П. Коренев, А. Н. Лебедев, А. П. Литвин, В. П. Малков, А. Я. Марков, А. Е. Меркушов, Е. А. Нагаев, А. В. Наумов, С. А. Невский, Д. В. Осинцев, А. Ю. Осипов, М. С. Пестун, Б. И. Разников, А. И. Рарог, В. М. Рыбкин, В. Л. Серов, Л. Ф. Соколов, Тенчов Э. С., Е. Н. Тихонов, Ю. М. Ткачевский, Т. Б. еңбектері арналды.
Қарулы қылмыс мәселелерін зерттеуді Антонян Ю. М., Бакаев А. А., Боровский Н. Ф., Бородин С. В., Бекмурзин м. с., Волченков В. В., Гришко А. Я., Дикаев С. У., Дубинина М. И., Землянухина Л. М., Казакова В. А., Корецкий Д. А. сияқты отандық зерттеушілер жүргізді.
Мәдени құндылықтардың кейбір құқықтық және тарихи аспектілерін В. Г . Беспалько, Р. Б. Булатов, Е. А. Воронцова, А. Н. Дьячко, М. Е. Каулен, Г. А. Кузина зерттеді. Я. Малыгином, Е. В. Медведев, И. Г. Рыбак, Е. В. Сазонниковой, А. А. Сундиевой, C. JI. Чистотин, JI. Jl Шпаков және басқа авторлар зерттеді.
Қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды құқықтық реттеудің мәселелері мен проблемалары мерзімді басылымдарда, ғылыми форумдар мен ғылыми еңбектер жинақтарында, сондай-ақ жекелеген монографиялық басылымдарда, көптеген жекелеген жарияланымдарда көтерілді.
Заңсыз қару айналымы тақырыбын зерттеудің жекелеген бағыттарының даму дәрежесі туралы баяндай отырып, қарудың заңсыз айналымына қарсы тұрудың тарихи аспектілері аз зерттелгендігін атап өткен жөн.
Қару-жарақтың заңсыз айналымы үшін жауапкершілік туралы отандық қылмыстық заңнаманы дамытуды ретроспективті талдаумен байланысты мәселелер блогы аз зерттелгендігінде айта кету керек. Қазақстандағы қару-жарақ айналымын реттейтін отандық заңнама ғылыми деңгейде іс жүзінде толық зерттелмеген. Сондай-ақ, қару айналымын бақылау бойынша шетелдік тәжірибені талдау да жеткілікті деңгейде зерттелмеген тақырып.
Зерттеу әдістері
Магистрлік жоба шетел ғалымдарының осы саладағы ғылыми жұмыстарына, оқулықтардың қару айналымы туралы мәтіндеріне негізделеді. Тақырып өз бетімізбен сырттай және физикалық бақылауға болатын тану, байқау, салыстыру арқылы анықталатын эмпирикалық эпистимология әдістеріне сүйеніп, қару айналымын отандық құндылықтық-климаттық ортаға бейімдей отырып мемлекеттік басқару жүйесіндегі қолданыс мүмкіндіктерін саралауға талпынады.
Ғылыми зерттеудің міндеті қару айналымын мемлекеттік басқаруды методологиялық тұрғыда зерделей отырып қару айналымының траекториясында ұшырасатын әлеуметтік-психологиялық, құндылықтық-бағыттық факторлардың ықпалын зерделеу, осы ерекшеліктерге назар аудару. Осылайша, қару айналымын басқаруда заңнаманы жетілдіре отырып оның болашаққа бағдарлануын, ұрымтал тұстарды анықтау, заңсыз қару айналымын күшейтіп отырған жанама және негізгі мәселелерді зерделеу, осы проблемалық сұрақтардың жауабын адамдардың ішкі құндылықтары, психологиялық-моральдық қасиеттерінен қарастыру, құқықтық-әлеуметтік призма арқылы бойлау көзделеді.
Магистрлік жобаны зерттеудің әдіснамалық негізі танымның философиялық, жалпы ғылыми және жеке ғылыми құралдарының (әдістерінің) кешені болып табылады. Құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған теориялық тұжырымдамалардың негізінде бастапқы құқықтық идеяны кез-келген құқықтың негізгі бастауы ретінде түсіну жатыр. Құқықтық идеяның мазмұнын зерттеу бірнеше негізгі тәсілдерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Олардың ішіндегі ең көп тарағандары-құқықтық идеяны әділеттілік категориясымен немесе мүдделер категориясымен байланыстыратындар немесе осы екі категорияны синтездейтіндер. Бұл санаттар оның мақсаты мен мазмұнын қалыптастыруды алдын-ала анықтайтын және бағыттайтын құқықтың қозғаушы, ішкі күштері ретінде қарастырылады.
Зерттеудің философиялық негізін диалектикалық әдіс те құрады. Бұл әдісті қолдану, атап айтқанда, қару айналымы саласындағы мүдделер тепе-теңдігін қамтамасыз етудің ғылыми тәсілдері мен заңды құралдарын анықтау үшін қажет.
Заңсыз қару айналымы туралы шетел мемлекеттерінің заңнамаларына талдау жасай отырып, оның негізгі бағыты мен тенденцияларына мән берілді. Мәселен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің заңсыз қару айналымын бақылау саласындағы заңнама мәтініне контент, салыстырмалы талдау нәтижесінде бұл елдердегі қылмысқа жаза тағайындау бағытында ұқсас тенденция байқалады. Бұл бір жағынан аталған мемлекеттерге трансшекаралық құқықтық-ізкесу істерінде жәрдемдессе, екінші қырынан заңсыз қару айналымы саласында ғылыми ізденістердің бірқалыптылығына, жаңа тәжірибелерді ендіру бөлігінде баяулығын көрсетеді. Яғни қай мемлекет заңсыз қару айналымына тосқауылдарды қоюда, қарсы іс-шаралар ұйымдастыруда алдыға кеткенін анықтау қийындау.
Сол себепті, бірқатар Батыс елдерінің заңсыз қару айналымы саласындағы заңнамасына талдау жасалды. Батыс Мемлекеттері мен Америка құрама штаттарының заңнамасы құқықтық саналылық жағынан едәуір ерекшеліктер тән екендігін атап өту керек. Бұл туралы магистрлік жобада шетел мемлекеттерінің заңнамаларының дамуын моделдеуде қарастырылды.
Сонымен бірге, жоба аясында заңсыз қару айналымы саласындағы жұмысты құрылымдау және ұйымдастыру, бақылау, шектеу сынды мәселелерде ұтымды шешімдер қабылданған шетелдік тәжірибелерге шолу жасалды. Бұл тақырыпты терең түсінуге және практикалық қырларына үңілуге көмектеседі.
Статистикалық деректер негізінде (2017-2021 жылдар кезеңі) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-291-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарға талдау жүргізіледі. Ұйымдастыру-басқару сипатындағы нақты шаралар ұсынылады, профилактикалық әсер ету және қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың тиімділігі мақсатында заңнаманы жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізіледі.
Магистрлік жоба аясында Қазақстан Республикасының заңсыз қару айналымы саласындағы соңғы бес жылда жасалған қылмыстар динамикасы саралана отырып, талданды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық порталы арқылы статистикалық көрсеткіштерге қол жеткізілді. Әр бір статистикалық көрсеткіштер динамикасы автормен талданып, проблемалық тұстарына баса мән берілді.
Мақала қару-жарақтың заңсыз айналымы үшін жауапкершілік туралы шетелдік заңнаманы талдауға арналған (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мысалында) . Қазақстан, Армения мен Беларусьтің қылмыстық заңдары осы саладағы қылмыстық заңнаманың жай-күйіне тән мысалдар ретінде қарастырылады. Заң шығару қызметі процесінде оң тәжірибе ретінде пайдаланылуы мүмкін заңнамалық тәсілдер ерекшеленеді. Тұтастай алғанда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің көпшілігінің заңнамасында қару-жарақтың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды сипаттаудың бірыңғай тәсілі басым, бұл осы қылмыстарды қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар, сол әрекеттердің салыстырмалы түрде аз саны үшін жауапкершілік ретінде қабылдауда көрінеді. Бұл көбінесе жалпы тарихи-құқықтық сипатқа және КСРО қылмыстық заңнамасынан туындайтын қылмыстық заңнаманың ұқсас дәстүрлеріне байланысты. Заң шығару қызметі процесінде ескерілуі мүмкін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шектес елдері заңнамасының ерекшеліктерінің ішінде мыналарды бөліп көрсету керек: атыс қаруын таңбалауды қолдан жасағаны немесе қасақана жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу; қоғамдық қауіптілігі төмен қару-жарақ айналымы саласындағы бірқатар іс-әрекеттер үшін әкімшілік преюдиция институтын пайдалану.
Заңсыз қару айналымын айқындайтын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің баптары спиральді динамика әдісін негізге ала отырып, қылмыстың ауырлығына және алатын көлеміне қарай сараланды.
Магистрлік жобада сандық және сапалық зерттеу әдіс-тәсілдері қолданылды. Оның ішінде, Қазақстан Республикасы тұрғындарының арасында сауалнама алынды. Сонымен қатар, сауалнама нәтижелері қосымша көптік зерттеу әдісі арқылы дәлелдермен күшейтіліп отырды. Бірнеше параметрлер арқылы алынған нәтижелер арасынан корреляция өткізіліп зерттеудің сенімділігін арттыру мақсаты қойылды және зерттеудің негізгі міндеті заңсыз қару айналымын басқару тетіктерін ұсынған шетелдік және Ресей ғалымдары өндірген білімдерді эмпирикалық әдістер арқылы тексеру және зерттеу нәтижелерін қайталап көруге талпыныстар жасалынды. Қазақстанда заңсыз қару айналымы ғылыми ортада көп талқыланбайтын тақырып болғаннан кейін оның мәні мен мазмұнын ашудың қажеттілігі туындады.
Зерттеу аясында, заңсыз қару айналымы тақырыбында жарияланған қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының мәтініне талдау жасалды. Анықталғандай, бұқаралық ақпарат құралдары заңсыз қару айналымы фактілерін көпшілігіне құзырлы органдардың тапсырысы бойынша немесе арнайы шақыртуымен баспа бетіне шығаратына айқындалды. Яғни, бұл саладағы журналисттік зерттеу, тақырыпты ашуға деген талпыныс тек құзырлы мекемелердің дайын ақпаратына сүйене отырып жасалады деп тұжырымдауға болады.
Осыған байланысты, заңсыз қару айналымы мемлекеттің ғана емес, қоғам болып күресетін, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекет пен қоғамның әлеуметтік әріптестігіне негізделе отырып шешілуі тиіс үздіксіз процесс дегіміз келеді.
ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz